Zhanserik Alzhan & Dulatbek Anapiya
гиперфосфатемияға
гиперкальциемияға
***
Айқын гипомагниемия паратиреоидты гормонның бөлінуіне цАМФ-
тәуелді процестерді бұзады және нысана тіндер жасушаларында
гормональді сигналдың рецептордан кейінгі берілуін тежейді.
Салдарынан электролит алмасуының келесі түрі дамиды:
гипокалиемия
гиперкалемия
гипокальциемия
гиперкальциемия
гиперфосфатемия
***
Көп рет құсқаннан және диареядан кейін науқаста нервтік-бұлшықеттік
қозымдылықтың нашарлауы, артериялық қысымның төмендеуі,
таикардия, бұлшықеттік гипотония, тері серпімділігінің азаюы
байқалды. Қанда натрийдің мөлшері – 120 ммоль/л, калий – 4,0 ммоль/л,
кальций – 2,4 ммоль/л. Жоғарыда аталған көрсеткіштер осының
дамығаны туралы растайды:
гиперкалиемияның
гипонатриемияның
гипернатриемияның
гипокальциемияның
гиперкальциемияның
***
Науқас Б., 29 жаста, бүйрекүсті безі қыртысының шумақшалы
аумағынан аденома анықталған. Науқас шөлдеу сезімінің күшеюіне
басының ауырсынуына, бұлшықеттік әлсіздікке, ұйқышылдыққа,
апатияға, іш қатуға шағымданады. Артериялық қысым жоғарылаған,
ЭКГ: Р-Q және Q-Т тісшелерінің аралығы ұлғайған, Т тісшесінің
амплитудасы төмендеген және кеңейген. Науқаста әйгіленімдердің
дамуын келесі алмасудың бұзылыстарымен түсіндіруге болады:
натрия және хлордың
натрий және калийдің
калий және кальцийдің
кальций және магнийдің
кальций және фосфордың
***
Достарыңызбен бөлісу: