Орта ғасырларда Батыс елдері мен Шығыс елдерінің арасында едәуір
айырмашылықтар болды. Орта Азия мен Иран жерлерінде Х
-
ХІІ ғасырларда
мұсылмандық ренессанс құбылысы өтті. ІХ
-
Х ғасырларды мұсылман мәдениетінің
“алтын дәуірі” деп атайды. “Мұсылман ренессансы” деген ұғымды шығыс тілі мен
мәдениетін зерттеу ғылымына енгізген швейцарлық ғалым Адам Мец бұл
құбылыстың тек антика мәдениетінің қайта өрлеуі ғана емес, сондай
-
ақ араб,
парсы, түркі, сирия мәдениетін жаңғырту екенін тілге тиек етеді. Осы өрлеуге
ықпалын тигізген жағдайлардың қатарына сауаттылықтың біршама өріс алғанын,
қолжазба жинау, аударма ісінің жолға қойылғанын, жеке меншік
және қоғамдық
кітапханалардың құрылғанын атап өтуге болады (1). Орта Азия ортағасырлық
өркениеттің бір ошағы болған. Бұл жерді атақты Жібек жолы басып өткен. ІХ
ғасырда атақты ғалымдардың бірі Әл
-
Хорезми өмір сүрді. Ислам діні ғылымның
дамуына тосқауыл қойған жоқ. Құран кітапта білім мен ғылымның маңызы жоғарғы
орынға қойылған. Ғылымның дамуына Әл
-
Фараби (870
-
950жж), Әл
-
Бируни (973
-
1037), Ибн
-
Сина (980
-
1037) сияқты ғұламалар әсерін тигізді. Көрнекті математик,
астроном, ақын әрі ойшыл Омар Хайям (1040
-
1123) мұсылмандық теологияның
схоластикалық қағидаларын сынға алған. Орта ғасырларда мұсылман елдерінде
еңбектерін араб тілінде жазған ойшылдар тобы көбейе түсті. Олардың білімдерін
арабтілдік философия деп атап кеттік. Бұл кезең философия тарихында көрнекті
орын алған. Арабтілдік философияның шығуына алғышарт болған жағдайлар
мыналар:
1.
Ислам дінінің қалыптасуы (622 жылдан бастап ислам дәуірі басталды). Ислам
дінін таратушы басты күш Араб халифатының өмірге келуі. (Аравияда VІІ
ғасырдың жиырмасыншы жылдары). Халифат дүниеге жеті жүз жылға жуық
өз өктемдігін жүргізді.
2.
Эллинизмнің, оның ішінде неоплатонизмнің Шығысқа әсері.
3.
Аудармашылық қозғалыстың дамуы. Арабтілдік философия ұмыт болып бара
жатқан антикалық философияны тірілтіп, оған түсініктемелер
(комментарийлер) жазып, аударып, онымен Еуропа жұртшылығын
таныстырып, грек философиясындағы дәстүрді жалғастырушы болды. Бұл
жайында Бертран Расселдің “История западной философии” атты еңбегінде
танысуға болады. Кітап 1998 жылы Дондағы Ростовта шыққан (328
-329
беттер). А.А.Игнатенко “В поисках счастья” атты кітабында арабтілдік
философия жай ғана
аудармашы қызметін атқармағанын, оның өзіндік ойлау
мәдениетінің жоғары болғанын атап көрсетеді.
4.
Платон мен Аристотель философиясының Араб халифаты елдеріне енуі,
таралуы. Платон ілімі Әл
-
Фарабидің саяси философиясының негіздеріне
әсерін тигізген. Аристотелизм шығыс перипатетизміне негіз болды.
Арабтілдік философияға тән ерекшеліктер мыналар:
1.
Жазба тілі –
араб тілі. Әр түрлі елдерді ортақ тіл біріктірді, мәдени, рухани
сұхбатқа негіз болды.
2.
Бұл философияның мақсаты: ислам қағидаларын рационалды негіздеу.
3.
Бұл философия жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста дамыды.
Арабтілдік философия –
мұсылман мәдениетінің туындысы. Бұл философияның қай
өкілі болмасын, мұсылмандыққа қарсы шықпаған, керісінше, әлемдік
мәдениет
үлгілерін мұсылмандық дүниетаным тұрғысынан қарастырған. Осы тәсіл мүмкін
ұтымды болған болар, дүниеге озық философиялық концепциялар келді. Оған
мысалдар ретінде мұсылмандық схоластиканы, ибн
-
Маймунның идеяларын, Әл
-
Фараби, Ибн Синаның жүйелерін, Ибн Рушдтің “ақиқаттың екі сипаты”
концепциясын, Әл
-
Ашари
мен Әл
-
Матурудилердің ілімдерін, суфизм мазхабын атап
айтуға болады. Саяси
-
географиялық өлшемді қолданып, араб тіліндегі
философияның (фалсафа) типологиясын жасаған профессор Ғарифолла Есім, оның
үш тарихи кезеңін белгілейді. Бірінші кезең. Бағдат халифатына қатысты, Әл
-
Кинди,
“Таза ағайындар” еңбектеріне байланысты қарастырылатын тарихи
-
мәдени кеңістік.
Екінші кезең. Халифаттан өзге мұсылман мемлекеттерінің пайда болуына
байланысты ислам мәдениеті Аравиядан тыс аймақтарда гүлдене бастады, соның
бір көрінісі Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы ерекше дамыған –
философия (фалсафа), оның өкілдері: Әл
-
Фараби, Ибн Сина, Омар Хайям, Аттар, Әл
-
Газали т.б. Бұлар парсы
-
түркі жұртының ойшылдары. Үшінші кезең. Мұсылман
Испаниясындағы Еуропалық философияның тарихи
-
мәдени
кеңістігі, оның өкілдері:
ибн
-
Бадж, ибн
-
Туфейль, ибн
-
Араби, ибн
-
Рушд. [10]. Философия оқулықтарында
Таяу Шығыстағы араб елдерінде философия 4 бағытта болды деп көрсетеді. Ол
бағыттар мыналар: