дәрістер. Мәдениет ұғымы және құрылымы


Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызметі



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата19.09.2023
өлшемі2,54 Mb.
#108504
1   2   3
Байланысты:
2 дәріс Мәдениет тілі

Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызметі.

Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы,
мәдениеттер сұхбаттасуы — әлеуметгік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір
өрісте — қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық
тербелісі адамды нөзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана
емес, ең алдымен идея л ар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен
ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның
өлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре
бастайды.


Танымдық қызметі
Мәдениеттің қоғамдағы бүл қызметміндетінің
сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды
өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің
ара қатынасы.
Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген
техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан
келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті
бар
өркениет
ғылым
мен
техниканың
дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра
алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ,
өнер
арқылы
әсемдікке
ұмтыламыз,
ал
моральдық таным арқылы — жақсылық пен
жамандықты айырамыз.


Реттеу қызметі
Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда «мәдениетті 
ғылыми жолмен басқару» атты сөз тіркесі кең етек 
алғанды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде 
түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, 
әйтпегенде адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған 
тоталитарлық айлашарғы үлгілерін көреміз.
Мәдениет — «жабулы қазан емес». Мәдениеттегі 
реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. 
Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалдыға, 
үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени үғымдарда 
нормативтік, ережелік талаптар басымырақ. Мысалы, 
«мәдениетті адам» дегенде оның адамдық жан-жақты 
белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын 
көрсетеді. Ол — білімі ғылым деңгейіне, киімі сол кезде 
көп тараған сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның 
адамгершілік талаптарына сай адам.


Қазіргі уақытты мәдениеттің аудио-визуалды кеңістік кезеңі деп атайды.
Жаңа қарым-қатынас құралдарын — телеграфты, радионы, те¬лефонды,
теледидарды, компьютерді және тағы басқа жетістіктерін ғылыми-
техникалық прогресс ала келді. Соның нәтижесінде баспа өнімдері және
соған негізделген басқа да мәдениет институттары (әдебиет, театр, кітапхана,
тағы сол сияқтылар) дағдарысқа ұшырап отыр. Кітапханадан оқушының,
театрдан
көрерменнің,
әдебиеттен
ақын-жазушылардың,
өмірден
эпистолярлық жанрдың — күнделік, хат, өмірбаян жазу ісінің қайтқан кезеңі
келді. Көп ойланып, көп толғануды, өзіндік сананың рефлексиясын қажет
ететін процестер бірте-бірте ұмыт қалуға айналды. Адамдар менталитеті
өзгеріске ұшырады. Электрондық коммуникацияның шапшандылығының
арқасында тек көз арқылы дүниені танып-білу мүмкін емес болып отыр.
Бүгінгі күнге ештеңені қалт жібермей еститін «саққұлақ» пен ештеңені мүлт
кетірмей аңғаратын «көреген» қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет