Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет109/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

 
3 тақырып.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘНІ МЕН 
МАЗМҰНЫ
 
 
3.1.
Педагогикадағы 
ғылыми 
зерттеудің 
белгілері мен түрлері. 
Әдіснамалық арнайы талдау 
нәтижелерінде негізделіп педагогика саласындағы 
үдерістер 
мен 
нәтижелерді 
ғылым 
саласына 
жатқызатын белгілері бөлініп қарастырылады. Ондай 
белгілер төртеу.Олардың
біріншісі – біз қоятын 


114 
мақсаттар сипаты. 
Мақсат практикалық немесе 
танымдық болуы мүмкін. 
 
Ғылымның екінші белгісі – зерттеудің арнайы 
объектісін бөліп қарастыру. 
Педагогика ғылымының 
объектісі – білім беру, яғни педагогикалық әрекеттің 
өзі нақты анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу 
объектісі сол салаға жатады. Әр сәтте сол әрекеттің 
қайсыбір бөлігі зерттеледі. 
Үшінші белгі – танымның 
арнайы құралдарын қолдану.
Мұғалім педагогикалық 
жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, 
ұйымдастыру түрлерін, компьютерлерді, кестелерді, 
кинофильмдерді және тағы басқаларды қолданады. 
Зерттеуші ғылымның эксперимент, модельдеу, болжам 
жасау және т. б. әдістерін қолданады. 
Тағы бір, соңғы белгі – терминологияның бір 
мәнділігі. 
Бұл ғылыми қағидаға қойылатын міндетті 
талап. Оның дамуы барысында түсініктер үнемі байып 
отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үдеріс. 
Бір 
ғылыми еңбектің
– дипломдық жұмыс, диссертация, 
монография, мақала сияқты еңбектерінде – автор 
басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және зерттеудің 
аяқталғанына дейін соны басшылыққа алуға тиіс.
Сонымен, 
қайсыбір 
шығарманың 
немесе 
жазылымның ғылымға жататындығы, мақсаттың 
сипаты, зерттеудің арнайы нысанының бөлініп 


115 
зерделенуі, 
ғылымның 
арнайы 
құралдарының 
пайдаланылуы, терминологиялық бір мәнділік сияқты 
белгілері бойынша анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет