Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет115/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

бастапқы 
факт
(объектінің өзекті жайы) – 
негізі теориялық 
қағидалар
(тұжырымдамалық платформа) 
– идея – 
құралдар – ой – болжам (идеяны, ойдша жүзеге 
асыру) – жаңа қажет факт (объектінің қажет, 
ұнамды жай-күйі).
Әрине, бұл сатылар баламалы, 
басқаша да құрылуы мүмкін. Зерттеуші үнемі 
теориялық және эмпирикалық талдауға қайта-қайта 
оралып отырады. Осының ішінде ең бастысы – 
болжам. Егер ол зерттелетін байланыстарды, олардың 
ішкі байланыстарын қамтыса, онда болжам теориялық 
сипатқа ие болады. Айталық, дидактикада және 
педагогикалық 
психологияда 
соңғы 
жылдары 
ұстанымдық деңгейде оқытудағы теориялық талдап 
қорытудың жетекші рөлі (Д.Б. Эльконин, В.В. 


123 
Давыдов), мектепте адами мәдениеттің барлық 
элементтерін меңгеру қажеттігі (И.Я. Лернер) туралы 
болжамдар жасалды. 
Ал тәрбие теориясы мен әдістемесінде жаңа 
болжамдар жасау күрделірек. Бұл жерде бұрынғы 
болжамдардың жаңа негізде қайта жасалуы турасында 
айтуға болады. Мысалы, тәрбие жүйесі ретіндегі 
ұжым (Л.И. Новикова, В.А. Караковский және т.б.), 
жеке 
тұлға 
тәрбиесінің 
құралы 
ұжымдық 
шығармашылық әрекет (И.П. Иванов және т.б.), 
мектеп пен ортаның бірлігін талап ететін кең көлемді 
әлеуметтік тәрбие (Л.И. Новикова, В.Г. Бочарова және 
т.б.). 
Сонымен, 
зерттеудің 
теориялық 
платформасының 
құрамына 
ұғымдық-
терминологиялық жүйе, теориялар (зерттелетін 
мәселенің теориясы), тұжырымдамалар, ұстанымдар, 
тұғырлар және т.б. енеді. 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.
 
Ғылымдағы әдіснамалық негіздің түрлерін сипаттаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет