Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет181/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

6.2.Отбасындағы 
педагогикалық 
үдерістің 
негізгі 
компо-
ненттері.
Отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, балалар мен 
ересектердің өмірлік тіршілігін ұйымдастырудың құралдары, формалары, 
әдістері. Отбасы тәрбиесінің мақсаты-болашақ азамат-тарды ізгілікке, өмірде 
өз орнын таба білуге, алдында кездесетін ке-дергілерді жеңе білуге, белсенді, 
өз ой-пікірін дәлелдей алатын, жетістікке жетуге және келешекте мықты 
отбасын құруға бағдарлан-ған тұлға тәрбиелеу.
 
Мектептегі тәрбиеден отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері бар. 
Отбасындағы тәрбиеде баланың жеке басына тән қасиеттерді дамытудың 
маңызы ерекше. Отбасы тәрбиесіне ата-ана, отбасы мүшелері қатысады. 
Отбасы тәрбиесінің 
міндеттері: 
-
баланың өзін-өзі тануын дамыту, өсіп жетілуге, айналасымен,
өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас құруға үйрету, мәдени қарым-қа-тынас 
құру, мықты отбасын қалыптастыру туралы отбасы құндылық-тарын 
санасына сіңіру; 

отбасы мүшелерінің тіл табысып түсінісуін қалыптастыру, бірін – 
бірі тыңдап, ата – ананы, туған – туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап құрмет 
тұтуға үйрету; 
- балананы адамгершілік және эстетикалық, еңбексүйгіштік жағынан 
қалыптастыру, өзіне – өзі қызмет ету дағдыларына үйрету; 

баланың денсаулығын нығайту, ақыл-ой, шығармашылық 
қабілеттерін жетілдіру.
Отбасы тәрбиесінің 
мазмұны:
жас баланы қоғам талаптарына қарай 
тәрбиелеу, жеке басының мүмкіндіктерін жетілдіру, ақыл-ой, сана-сезімін 
қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы мәдениетке тәрбиелеу, 
әлеуметтік ортамен қарым-қатынас құру, түрлі жағдайларда дұрыс шешім 
қабылдай білу, белсенділікке, еңбекқорлыққа, мәдениет-тілікке тәрбиелеу. 
Отбасы құндылықтарын, мейірімділік, рахымды-лық, қамқорлық қасиеттерін 
бала бойына сіңіру, отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста 
қалай пайдаланылатынын түсініп, келешекте ата-анасына, отбасы 
мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу, отбасындағы ізгілік қатынастарын 
дамыту.
Отбасындағы тәрбие формасы екі түрлі болады: 
ұжымдық және 
жеке тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу.
Ұжымдық тәрбиеге отбасы 
мүшелерінің қатысуымен атқарылатын іс-шаралар, ал жеке тұлғалық 
қасиеттерін тәрбиелеуге балалардың жеке жауапкершілі-гімен орындалатын
істері жатады.
Отбасында қолданылатын 
тәрбие құралдары
орасан зор. Олар ата-
ананың, үлкен-кішілердің, тарихи тұлғалардың, айналасындағылардың
өнеге-үлгісі, көркем сөз туындылары, музыка, бейнелеу өнері, табиғат, 
қоғамдық өмірдегі, спорттағы шығармашылық жетістіктер, т.б. 


236 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет