Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Дидактика – жеке әдістеменің негізі



Pdf көрінісі
бет193/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Дидактика – жеке әдістеменің негізі
.
Әдістеме 
– педагогика 
ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, 
оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. 


251 
Мектепте оқылатын әр пәннің әдістемесі-барлық пәнді оқытудың 
ортақ әдістемесі. 
Айталық, бастауыштағы бірнеше пәнді бір мұғалім оқытады, 
сондықтан ол барлық сабақтың әдістемесін, яғни бастауыш оқытудың 
дидакти-касын меңгеруі керек.
Оқыту үдерісінің мәні. Оқытудың мақсаты мен міндеттері. 
Оқытудың педагогикалық әдебиеттердегі анықтамаларына жа-салған 
талдау олардың педагогика ғылымның нысаны ретіндегі құ-былысты қамтуға 
жеткіліксіз екенін көрсетті. Оларда оқыту жеке субъектілер – оқушы мен 
мұғалімнің әрекеті ретінде көрсетілген: «Оқыту – оқушы мен мұғалім жүзеге 
асыратын екі жақты үдеріс»; «Оқыту үдерісі мұғалімнің, сол сияқты 
оқушының да әрекеті»; «Оқы-туда барлық уақытта екі жағы: оқыту мен оқу 
айқын көрінеді. Оқыту – мұғалімнің материалды балаға түсіндірудегі, пәнді 
оқыту барысын-дағы оқушының әрекетін бақылаудағы, оқушының 
материалды оқып–үйренуі мен алған білімдерін қолдана білуіне басшылық 
жасаудағы, олардың білімдері, біліктері мен дағдыларын тексерудегі іс- 
әрекеті. Оқу (үйрену) – оқушылардың белгілі бір пәнді және оқытушының 
түсіндіргендерін қабылдаудағы, өтіліп отырған фактілер мен құбылыс-тарды, 
олардың арасындағы байланыстарды ойға тоқудағы, білімді бе-кіту мен 
қолданудағы мұғалім басшылығымен жасайтын саналы әрекеті». Оқыту 
үдерісі мұғалімнің оқушылардың білім, білік және дағды жүйесін меңгеруге 
бағдарланған іс-әрекетіне басшылық бағытындағы жүйелі қызметінің 
жиынтығы.
Оқыту үдерісі– 
мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағыт-талған 
өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім, іскерлік пен дағдыны 
меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін 
тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.
Оқыту үдерісі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі 
құрылымы және компоненттерімен сипатталады.
Олар:
1) ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру 
мазмұны);
2) мұғалім оқушының өмірге, ғылымға көзқарасын және қарым-
қатынасын қалыптастыруы (сабақ беру) ;
3) оқушылар ұжымы (оқу);
4) оқыту әдістері;
5) оқыту құралдары: дидактикалық және техникалық құралдары; 6) 
оқыту нәтижелері. 
Білім 
– адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбы-лыстарды, 
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне 
айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, салыстыру, жіктеу, 
жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. 
Іскерлік
– алған білім негізінде 
оқушының практикалық әрекеті іске асырылатын. Білімсіз қандай болса да 


252 
іскерлік мүмкін емес (мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді 
білу керек , т.с.с.). 
Дағды 
– бұл қайта-қайта орындалатын практикалық 
әрекеттерге машықтандыру (мысалы, тез оқу дағдысы – жүйелі түрде 
жаттығу нәтижесі т.с.с.) нәтижесі. 
Оқыту үдерісінің нәтижелі болуы, оның ішкі қозғаушы күште-ріне 
байланысты. 
Қозғаушы күш
деп қойылатын талаптар мен оларды 
оқушылардыңорындаумүмкіншіліктері арасындағы қайшылықтарды айтады. 
Егер, қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне 
сай келсе, онда қайшылық даму үдерісінің көзіне ай-налады. Оқытудың 
педагогикалық, психологиялық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту – күрделі үдеріс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-
ойы мен шығармашылық қаблетін, біліктілігі мен дағдысын да-мыту 
негізінде жүзеге асырылады. Оқыту
 – екі жақты 
үдеріс. Оқыту оқушы мен 
мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. 
Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, ал оқу – 
баланың өзінің танымдық, практикалық іс-әрекеті. Оқыту – 
мақсатты 
үдеріс. Оқытудың басты мақсаты қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп 
отырады. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түпнұсқа– мақсаттың 
жүзеге асуы. Оқыту – 
жоспарлы
үдеріс. Мұғалім оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне сәйкес таным әрекетінің формасы мен әдістерін 
жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқыту
даму
негізі. Педагогикалық үдеріс өзіне тән екі белгіні: ағзаның
өзіндік дамуына 
жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың 
жан-жақты жетілуін
түйістіреді. 
Оқыту үдерісі мұғалімнің, таным жолындағы оқушылардың қи-
мылына байланысты. Оқыту – 
таным
үдерісі. Танымның ерекшелігі
оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып, жеке адамның таным қабілетін 
мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты мін-деттерінің бірі – 
шәкірттердің таным қабілетін дамыту. 
Дамыта отырып оқыту
– бұл оқушылардың таным іс-әрекет-терін 
барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді 
іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету, «ең жақын даму аймағын 
жасау». 
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі – өзара 
қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі – мұға-лімнің 
баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағ-дайда болуын 
қажет етеді. Оқыту үдерісінде оқушы тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы 
ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психи-калық үдерістерін басқаруы, 
ұйымдастыра білуі оқытудағы субъекті екенін айқындайды.
 
Оқытуда ғылым негіздерін оқып-үйренудің өзі, ғылым тарихы-мен, 
оның әдістемелерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қыз-меті жайлы 
ақпарат алу. Оқушы дүниетануда бұрын ғылымда бел-гілі болған, зерттеліп 


253 
дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдамаларды әрі қарай 
дамыта түседі.
Оқыту мазмұны
-мемлекет арнайы таңдап анықтаған белгілі са-лада 
жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол – оқытудың 
нәтижесі бола алатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиет-тер жиынтығы. 
Оқыту мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, 
қандай көлемде, қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Ұлт-тық 
және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұ-нында 
ерекшеліктер болады. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша оқу мазмұны 
адамиландандыру, компьютерлендіру, кіріктендіру, тұлғалық да-му 
ережелеріне негізделеді. Құбылыстар мен үдерістер арасындағы дамуды 
сипаттайтын мәнді байланыс философияда – 
заңдылық
деп аталады. 
Заңдылықтар ғылыми теориялардың негізгі бөлігі болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет