Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқытудың тәрбиелік мүмкіндіктері



Pdf көрінісі
бет195/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Оқытудың тәрбиелік мүмкіндіктері. 
Оқыту үдерісі сонымен қатар, 
тәрбиелік сипатқа ие. Педагогика ғылымы, оқыту мен даму ара-сындағы 
сияқты тәрбие мен оқытудың байланысын объективті заң-дылық деп 
есептейді. Бірақ оқыту үдерісі барысындағы тәрбиелеу, кейбір сыртқы 
факторлар ықпалынан қиындатылады, сондықтан да тәрбиелеу күрделі 
үдеріске айналады. Оқытудың тәрбиелеу қызметінің маңыздылығы, бұл 
оқыту үдерісі барысында өнегелік және эстетика-лық түсініктер, әлемге 
деген қөзқарасжүйесі, белгілі бір ортада ар-найы нормалық ережеге сай 
заңдылықтарғабағыну түсінігі қалыпта-сады. Оқыту үдерісінде тұлғаның 
қажеттіліктері әлеуметтік мінез-құл-қы, құңдылықтары, құңдылық бағдары, 
дүниетанымы қалыптасады.
 
Оқытудың тәрбиелік қызметі тек оқушының білімді игеруінен ғана 
тұрмайды. Оның тұлға болып қалыптасуына жағдай жасап, бел-гілі бір 
адамгершілік сапасы мен мінез-құлқын қалыптастыруы керек. Оқытудың 
тәрбиелік қыры білім мазмұнында қарастырылады, оны дидактикалық 


255 
талдауда еске алу қажет. Сабақтың әр мину-тында оқушылар білім мазмұны 
құрайтын білімдер, іскерліктер, дағ-дылар, қарам-қатынастар игереді. 
7.5. Оқыту үдерісінің құрылымы, негізгі кезеңдері.
Оқытудың әрекет 
ретіндегі маңызды құрылымы, оның мазмұны мен формасы болып табылады. 
Оқу әрекетінің мазмұны, және бірінші кезекте мате-риалды практика мен 
сезімді заттың практикасы, оның заттылығы объективті-субъективті 
табиғатқа ие болады. Пән, ақиқат, оқытудағы сезімталдық – бұлар жәй ғана 
пайымдаудың объектісі мен формасы ғана емес, сондай-ақ, сезімді-
адамгершілікті, субъективті-танымдық практика болып табылады. 
 
Оқу әрекетінің құрылымы, оның құрамына қарағанда мазмұн-дық, 
мақсаттық және жүйелік бөліктерден тұруы керек. Оқу тапсыр-маларын 
шешуші әрекет ретіндегі үдерістің құрылымында әрекетті жүзеге асырудағы 
кезектілікті айқындайтын, бір-бірімен байланысты келесі құрылымдар 
бөлініп көрсетіледі: міндеттерді талдау, оқу мін-деттерін қабылдау; бар 
білімді өзекті ету; міндетті шешу, тапсырманы шешу жоспарын құру, сол 
жоспарды жүзеге асыру; міндеттерді шешудегі бақылау мен бағалау, оқы 
міндеттерін шешу үдерісінде орын табатын әрекет әдістерін түсіну. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет