Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұнының



Pdf көрінісі
бет205/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұнының 
тәрбиелік аспектісі.Білім берудің мазмұны
– дидактиканың негізгі 
нысаны; ғылыми білім мен білік, оқу дағдыларының қалыптасу жүйе-сі; 
өзіндік шығармашылық, ізденушілік әрекет тәжірибесі; жеке тұлға-ның жан-
жақты дамуының сапалық мазмұны мен сипаты. 
 
Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты 
міндеттерінің бірі – еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және 
жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа 
идеологиялық тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық 
идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру болып табылады. 
«Мәңгілік Ел» – ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың да-муының 
жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек 
ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, 
елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғам-ның әлеуметтік 
белсенді мүшелерін тәрбиелеу. «Мәңгілік Ел» жал-пыұлттық патриоттық 
идеясы құндылықтарының қоғамдық санада, білім беру және тәрбие 
жүйесінде бекуін қамтамасыз ету керек. 
Осы мақсатта мектеп басшылары мен тәрбие жұмысын ұйым-
дастырушыларға көмек ретінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге 
асыруды әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қолдау бойын-ша жұмыстар 
жүргізілуде.
8.4. Білім мазмұнын ізгілендіру, гуманитарландыру, этнопе-
дагогикаландыру. 
Білім беру мазмұнынізгілендіру, гуманитарланды-ру, 
этнопедагогикаландыру Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан 
басталды. Бұл үрдістер педагогика ғылымы аясында алдымен теориялық-
әдіснамалық деңгейде зерделеніп, тұжырымдамалар дайын-далып, білім беру 
мазмұнын жаңа ұстанымдарға негіздеп жасауды та-лап етті. Сондықтан 
ғалымдар осы кезге дейінгі жасалған педагогика-ның әдіснамалық қорын 
қайта қарастырып, әлемдік педагогикадағы жетістіктерді саралады. Білім 
беру мазмұнын ізгілендіру және гумани-тарландыру мақсатында барлық 
педагогикалық мәселелерді шешу әлеуметтік, этикалық нұсқауларға 
байланысты екендігі ескерілді. Демек, білім мазмұнын зерттеушілер мен 
құрастырушылар гуманитар-лық әдіснаманы басшылыққа алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет