Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет211/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Оқу жоспарлары
Оқу бағдарламаларындағы пәндер бойынша оқу 
жоспарлары ұсыныс сипатында берілген. Оқу мақсаттарының жүйесі мен 
оқыту тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мер-зімді жоспарларда 
мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойын-ша сабақтарды өткізу, 
білім алушыларды сабақтарда ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілген, 
сондай-ақ оқыту ресурстары (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және 
аудиоматериалдары және т.б.) көрсетілген. 
Жаңа форматты сабақ балаларды оқыту процесіне белсенді тартуды, 
олардың талқылауларға қатысуын, өткен материалды талдау және қорытуын, 
зерттеу жүргізуін, бағалау пікірлерін айту, өзін-өзі бағалау және т. б. 
көздейді. 
Сабақтың міндетті элементі ретінде оқушыны қолдауға бағыт-талған 
мұғалімнің әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байла-ныс болуы 
тиіс.
Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім міндетті түрде мыналарды 
анықтап, әзірлеуі қажет: 
– тілдік оқу мақсаттары – терминдермен жұмыс және т.б.;
– саралау: білім алушыларға қолдау көрсету қалай жоспар-ланады? 
Қабілетті білім алушылардың алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда? 
Білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады? 
–метапәндік байланыстар; 

денсаулығы мен қауіпсіздігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идея-сының 
құндылықтарымен және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету. 
Мұғалім тек білім көзі ретінде ғана емес, білім алушылардың 
өздерінің оқу-танымдық әрекетінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде 
қызмет етуі тиіс. 
Пәндерді, бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәна-ралық 
байланыстарды жүзеге асыру құралы ретінде-ортақ тақырыптар жаңартылған 
бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табы-лады. Олар барлық 
пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау 
жүйесімен байланысқан. Сондықтан мұғалім қыс-қа мерзімді жоспар 
әзірлеуде ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру 
мен оқушылардың сабақтағы әрекетін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет