Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет220/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Өзгертілген дебаттар.
Бұл Дебат нысанының белгілі бір эле-
менттерін пайдалану немесе ережелеріне біраз өзгерістер енгізілген Дебат 
түрі. Сөйлеу регламентінің қысқаруы, командадағы ойыншылар санының 
көбеюі, аудиториядан сұрақ қоюға, тайм-аут ке-зінде аудиториямен 
сөйлесуге мүмкіндік болуы, ойынның соңында ымырашыл, дұрыс шешім 
қабылдайтын топтың құрылуы, ойынның жүргізушісі мұғалім болуымен 
сипатталады.
 
Эссе –шығарма жанрының бір түрі. 
Эссе дегеніміз (
фр. тіл. essai -
тәжірбие, лат.т. exagium – құрау 
) – философиялық, әдеби, та-рихи, 
публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми 
емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мә-тін. Эссе 
шығармашылық еркіндікті көздейді. Кез келген тақырыптың еркін стильде 
жазылуы оның негізгі көркемдігі болып табылады. Эссе - автордың жеке 
басының ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы. Бұл шығарманың басты 
мақсаты. 
 
Алайда, шығармашылықтың еркіндігіне қарамастан, эссе жан-рында 
жазу оңай емес, сондықтан қандайда бір проблеманың басты идеясын табуда 
ерекше көзқарастың болуы керектігін назарда ұстаған дұрыс.
Әдеби эссе
– эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Эссенің 
әде-би 
тақырыбы 
таңдалған жағдайда авторлық ұстанымға сүйенуге және өзіндік 
көзқарасты тұжырымдауға ұсынылады. Тезистерін әдеби туын-дыларға 
сүйене отырып, дәйектеу қажет. Әдеби эссенің мақсаты, өзін-дік жазылу 
ерекшеліктері бар. Мақсаты, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары 
арқылы айқындалады. Мысалы, 
«М.Әуезовтің «Көксе-рек» повесіндегі 
тосын және қатыгез эмоцияларды автордың оқыр-манына жеткізу 
тәсілдерін талдап жаз».
Әдеби эсседе автордың тосын және қатыгез 
эмоцияларды жеткізу үшін қолданған тәсілдерін тауып, талдап жазады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет