Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


үздіксіз педагогикалық білім беру



Pdf көрінісі
бет65/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

үздіксіз педагогикалық білім беру
үдерісі ерекше өзекті мәселеге айналып, 
Қазақстан Республикасының жаңа форматты педагогына үз-діксіз 
педагогикалық білім беру тұжырымдамасы әзірленген. Бұл тұ-
жырымдаманың негізгі мақсаты – өмір бойы өздігінен білім алуға және өзін-
өзі тәрбиелеуге бағытталған жаңа форматты мұғалім тұл-ғасын 
қалыптастыру жүйесін анқытау.
Үздіксіз педагогикалық білім беру
деп педагогтың жалпы және 
арнайы ісерліктері мен кәсіби-танымдық, рухани қажеттіліктерін өмір бойы 
үздіксіз дамыту үрдісін атайды. Ең алдымен педагог мамандардың
дайындық сапасын жетілдіру қажет, онсыз отандық білім беру жүйесінде 
жүргізілетін білім беру реформаларының тиімділігінің тө-мен болып шығуы 
ықтимал. 
ХХІ ғасыр ақпарат пен білім ғасыры болғандықтан Қазақстан-дық 
білім беру жүйесін халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізу мақсатында 


60 
білім сапасын жоғарылату, адами капиталға инвестициялар жасау 
мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізіне айналуда. Осы мақсатта 
Қазақстанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педа-гогикалық 
шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің Білім беру факультеті 
бірлесе отырып дайындаған Бағдарламаларда әлемдік білім беру 
саласындағы үздік тәжірибелер жинақталып, мектеп мұ-ғалімдері мен 
басшылары, сонымен қатар әдіскерлер біліктілікті арт-тыру курстарынан 
өткізіліп, мектеп өмірінде қарқынды өзгерістер орын алып келеді.
Болашақ мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның өзін іске асыра 
алу біліктілігіне, өзін жетілдіріп дамыта алу іскерлігіне байла-нысты болады. 
Қазіргі заманда педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаз ғана бәсекеге қабілетті 
ұстаз бола алады. Ал бәсеке қабілетті ұстаз - жаңа ғылыми білімдерді 
іздестіруге, меңгеруге дайын, тез және дұрыс шешім қабылдай алатын, өзінің 
кәсіби қабілеттеріне сенімді, шығармашыл, кәсіби құзіретті тұлға ретінде 
сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет