Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет78/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

11.
 
Деректі және көркем фильмдер, ұлы адамдар өмірбаяндары, түрлі 
кездесулер, шығармашылық кештер, спектакльдер, мәдени-та-нымдық 
бағдарламалар т.б. іс-шаралардың барлығы адамның өз тұлға-сын дұрыс 
қалыптастыруына бағыт-бағдар беру негізі.
12.
 
Тәлімгер таңдау. 
Білім беру саласында, жоғары оқу орын-дарында 
ресми бекітілген педагогикалық қызметтермен (лектор, кура-тор, эдвайзер,
тьютор) қатар тәлмгер қызметі де жақсы даму үстінде. Көптеген оқу 
орындарында ресми түрде бекітілген адамдар өз қызмет-терін жоспарлы 
түрде орындап отырады. Ал тәлімгерлік үдерісінде тәлімгерді жас маман 
өзіне өзі таңдайды. Кімді үлгі тұтады, кімді кәсіби іс-әрекеті үшін 
құрметтейді, сол адамммен пікір алмасып, не үйренгісі келетінін айтып, өз 
қажеттілігіне байланысты даму жоспар-ларын құруға болады. Барлық ұлы 
адамдардың тәлімгерлері болған. Мысалы Аристотель болмағанда, 
Македонский болар ма еді? 
Өздігінен білім алу негіздерін жақсы меңгерген маман кәсіби іс-
әрекетте үнемі әріптестерінің алды, ұжымның абыройлы тұлғасы, өзінің 
құзыреттілігімен, бәсекеге қабілеттілігімен гуманистік бағытты-лығы 
негізінде басқаларға үлгі-өнеге болып оларға қолдау көрсете алатын болады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 
1.
Үздіксіз білім берудің өзектілігін қандай факторлар айқындайды? 
2.
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуінің әдістері қандай? 
3.
Педагогикалық рефлексияның атқаратын қызметтері қалай жіктеледі? 
4.
Неліктен үздіксіз педагогикалық білім алу мұғалімнің кәсіби-тұлғалық 
дамуының негізі болып есептеледі? 
5.
Болашақ педагогтың өздігінен білім алуының қандай тетіктерін сипаттай 
аласыз?
 
 
 
 
2-бөлім. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСНАМАЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет