Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Педагогикалық ғылымдар жүйесі



Pdf көрінісі
бет84/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

1.4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. 
Педагогика немесе педа-
гогика ғылымы (екеуі де бір мағынада) туралы тұтас айтқанда өзара 
байланысты бөліктердің немесе салалардың қайсыбір жиынтығы ой-
ластырылады. «Педагогика - ғылым» терминімен сипатталатын маз-мұндық 
бірліктегі педагогикалық пәндер жүйесін қарастырады. Бұл пәндердің 
барлығына ортақ объектісі – білім беру болып табылады. Бұлардың 
әрқайсысы өз пәндерін бөліп алып, білім берудің түрлі жақтарын 
қарастырады. Бір жағынан, педагогика ғылым-дарын, басқа жағынан білім 
беру үдерісінің осы немесе басқа қырларына қызығушылық танытатын 
пәндерден ажырату керек. Мысалы, педагогикалық психология – бұл 


77 
психологияның бір бөлігі, ол педагогика емес, өйткені психолог оқыту мен 
тәрбиелеу жағдайын-да адамның психикасын зерттегенде өз пәнінің аясында 
қалып оты-рады. Педагогикалық пәндерді әр түрлі негізде жіктегендіктен 
белгілі бір қиындықтар туындайды. Негізгі білім беру әрекеттеріне – тәрбие 
мен оқытуға сәйкес оларды оқып үйренетін тәрбие теориясы, оқыту-дың 
педагогикалық теориясы – мазмұнын, әдістерін және ұйымдас-тыру 
формаларын ғылыми негіздейтін – дидактика бөлініп шықты. 
 
Педагогиканың философия, психология, әлеуметтану, физио-логия 
және басқа ғылымдармен байланысының түрлері. 
Белгілі бір мағынада педагогика жеке пән бола тұра, ол зерттеу 
жұмысының логикасына байланысты басқа ғылымдарға да, сондай-ақ 
ғылыми танымның жалпы күйіне бағынышты. Педагогиканың басқа ғылыми 
пәндермен байланысының тетігін тек дайын педагогикалық білімдерді 
іргелес ғылымдардағы сол сияқты білімдермен жай салыс-тыру арқылы ғана 
ашуға болмайды. Бұны тәрбие теориясынан, дидак-тикадан, әдістемеден, 
мектептанудан және т.б. зерттеу үдерісінің түр-лі типіндегі ғылымдар 
нәтижелерін алудың мақсаттары мен тәсілдерін талдау негізінде ғана жасауға 
болады. Бұндай байланыс төрт түрге бө-лінеді. Ең маңыздысы басқа 
ғылымдардың тұжырымдарын жинақ-тайтын негізгі идеяларды, теориялық 
қағидаларды пайдалану болып табылады. Екінші түрі – ғылымдарда 
қолданылатын зерттеу әдістерін қолдану. Үшінші түрі – кейбір 
ғылымдардың мәліметтерін, олардың зерттеулерінің нақты нәтижелерін 
пайдалану. Төртінші түрі – кешенді зерттеулер.
Тегінде, педагогикаға кез-келген ғылыми білімдер жарайды, ол кез-
келген ғылыми пәнмен әрекеттесе алады. Бірақ солардың ішінде екі ғылым 
саласымен қарым-қатынасы ерекше. Бұл философия мен психология. 
Философия – барлық ғылымның шығу тегі, ал психология дәстүрі және мәні 
бойынша педагогика ғылымының міндетті және тұрақты серігі. Бұл 
ғылымның екі саласының педагогикамен ара қатынасы арнайы қарастыруды 
талап етеді. Педагогиканың филосо-фиямен байланысы – педагогикалық 
ойлардың 
дамуының 
біртұтас 
шарты. 
Философиялық 
білімдер 
педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді. 
Олар теориялық зерттеу – тәжіри-бемен тікелей, педагогикалық болмыспен – 
жанама, 
ал 
философиямен 
тікелей 
байланыста 
болатындықтан, 
педагогикалық теорияны құру үшін керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет