Есеналиева жанар е с е н а



Pdf көрінісі
бет12/81
Дата19.09.2023
өлшемі10,61 Mb.
#108775
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

Қоңырова Ақбота 
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ – дің доценті,
филология ғылымдарының кандидаты,
Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі 
Сұлтанова Бибігүл 
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ – дің доценті,
филология ғылымдарының кандидаты
БОЛМЫСЫ ТЕКТІ ҒАЛЫМ
Ғылымның, білімнің қазіргі қоғамдағы беделі мен 
маңызы өлшеусіз артып отыр. Қазақ үшін Барлық уақытта 
білім ең басты құндылықтардың бірі болды. Сондықтан да 
«Білімдінің қолында алтын шырақ» деді халқымыз. Білімді 
аса жоғары бағалаған халқымыз сол білімді беруші ұстазға да 
құрметі мен ілтипаты ерекше еді ертеректе. Ұстаз болғанда 
да ол шынымен баланың үміті мен қиялын аялап, көңіліндегі 
тілегін, жүрегіндегі арманын асқақтата алса, дарынын дамытып, 
қабілетін аша алса ғана ол шын мәніндегі нағыз ұстаз. Мұндай 
ұстаздар санаулы-ақ. Сондықтан да Мағжан Жұмабаев «Алты 
Алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын – ұстаздікі» деді. 
Осы орайда ұстаздық қызмет және еліміздің ғылыми әлеуетін 


41
Лингвистиканың өзекті мәселелері
көтеру мен білім беру ісінде қатар еңбек етіп жүрген филология 
ғылымының докторы, профессор, Абылай хан атындағы Қазақ 
халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті 
профессоры - Есеналиева Жанар Жорабекқызының ғылыми 
шығармашылығы назар аударарлық. 
Елімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, 
отанымыздың ғылыми әлеуетін дамытуда негізгі күш Ғылыми-
зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарына түсіп отыр. 
Осы орайда іргелі ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген Абылай 
хан атындағы ҚХҚжӘТУ профессоры Ж.Ж.Есеналиева ең 
алдымен қазақ тіл білімі ғылымының дамуына өз үлесін қосқан,
ғылымда өз орны бар ғалым.
Филология 
ғылымының 
докторы, 
профессор 
Ж.Ж.Есеналиева 1961 жылы 16 сәуірде Жамбыл облысы 
Қаратау қаласында туылған. Мамандығы тіс дәрігері, сегіз 
қырлы бір сырлы өнерлі, өте мәдениетті, сыпайы, білімді, әнші, 
тыңдаушысы ұйып тыңдайтын аузы дуалы шешен Өтегенов 
Жорабек Ералыұлының отбасында дүниеге келеді. «Анам 
Есеналиева Тұрғын (1938-2010) өте биазы, артық сөзі жоқ, 
ақылды адам еді. Қолынан бал тамған шебер тігінші болатын» 
деп еске алады аяулы жан туралы біздің кейіпкеріміз. 
Жанар Жорабекқызы атасы жайында «Атам Ералы 
Өтегенов тоғызқұмалақтан чемпион болған. 1948 жылы 
Алматы қаласында тоғызқұмалақтан алғашқы республикалық 
чемпионат өткен екен. «Қазақтың ұлттық ойынына 
Қазақстанның әр аймағынан танымал өкілдер қатысты. Бірінші 
орынға жамбылдық Ералы Өтегенов ие болды» - деп жазады 
Үлкен Совет энциклопедиясы. Өкініштісі Атам туралы 
мәлемет көп емес. Сол чемпионатта ойын ережелерін жүйелеу 
мақсатында топ құрылып, оның құрамына жазушы Мұхтар 
Әуезов, Қалыбек Қуанышбаев және басқа мамандар кірген 
екен. Осы топтың жұмысының нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 
өзгермеген, республикалық және халықаралық чемпионаттарда 
қолданылатын ережелер жасалыпты. Мыңдаған жылдық тарихы 
бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
42
ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл 
мұраларымыздың бірі тоғызқұмалақтан атам Ералы қазақстанда 
тұңғыш чемпион болғанын біздің отбасы ерекше мақтанышпен 
айтады. Апам Өтегенова Дәметкен атамның жағдайын жасаған, 
бақытым - балаларым деп отбасына қараған ерекше мейірімді 
жан еді» - деп атасын, апасын ерекше сүйіспеншілікпен еске 
алады. 
Жанар Жорабекқызының нағашы атасы Есеналы да бүкіл 
ауданда, тіпті облысқа белгілі көкбаршылықпен аты шыққан. 
Сонымен қатар шебер ұйымдастырушы, аттың құлағында 
ойнаған шабандоз болған. Ал нағашы апасы туралы «апам 
Мінәйім Мырзабайқызы мені кішкентайымнан бауырына 
басты. Үлкен баланы ата-ана тәрбиесіне беретін қазақтың 
бұрыннан келе жатқан салты бойынша мен де нағашы апамның 
қолында тәрбиелендім, орта білім алдым. Мінәйім апам халық 
ауыз әдебиетін жақсы білетін, қисса-жырларды жатқа айтатын, 
халық әндерін нәшіне келтіріп орындайтын ерекше жан болатын.
Менің мамандық таңдауыма, тіл мен әдебиетті таңдауыма 
бірден-бір әсерін тигізген Мінәйім апам деп ойлаймын» -деп 
Жанар Жорабекқызы нағашы апасы туралы аса құрметпен, 
ыстық ықыласпен еске алады.
Біздің ұлтымызда бір жақсы әдет бар. Жас баланың 
«атамның баласымын», «апамның баласымын» дегені балаға 
қуаныш, атасы мен әжесіне мерей. Жанар Жорабекқызының 
балалық шағы Мінәйім әженің құшағында өтеді. Немере 
бауыры Бақытжан екеуі уайымсыз, қайғысыз еркін, ерке 
өседі. Немересіне деген мейірімі бүкіл дүниені еріткендей әже 
шуағына бөленіп бойжетеді. Бұл мейірім текке кетпейді. Сол 
мейірім, сүйікті бала болудың арқасында Тамды орта мектебін
1968-1978 жылдары оқып, мектепті үздік бітіреді. Мектепте 
жүріп-ақ оқуға алғыр, шығармашылыққа бейімділігін көрсетеді, 
түрлі үйірмелерге қатысады.
Үздік оқудың нәтижесінде 1980-1985 жылдары С.М.Киров 
атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі әл-Фараби 
атындағы Қазақтың ұлттық университетінде) филология 


43
Лингвистиканың өзекті мәселелері
факультетінің араб тілі бөлімін қызыл дипломға бітіреді. 
Киелі білім ордасында ғалымның ғалымы, білгірдің білгірі Ы. 
Маманов, Қ. Мырзалы, Т. Кәкішев, Р. Бердібай, М. Томанов, 
Т. Сайрамбаев, З. Қабдолов, Р. Нұрғали, А.Қыраубаева, Б. 
Сағындықұлы, Ж. Дәдебаев, Ж. Түймебаев т.б. тәрізді қазақ 
әдебиетінің, қазақ тіл білімінің белгілі ғалымдарынан дәріс 
алады, өнегесін көреді. Дүниедегі ең қиын тілдердің бірі араб 
тілін, әлипті таяқ деп алғаш үйреткен белгілі ғалым, қайраткер 
- Әбсаттар Қажы Дербісәлі. Білім мен ғылымның алтын 
ұясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жас қыздың ғылымға деген 
құштарлығын оята білді.
1986-1991 жылдары мен Қазақ ҚСР Ғылым академиясы 
Тіл білімі институтында аспирантурда оқиды. Еш уақытта 
өзектілігін жоғалтпайтын, маңызы бір мысқал кемімейтін, замана 
көлеңкесі түспейтін, тарих шаңына көмілмейтін тақырыпта 
зерттеу жүргізеді. Соның нәтижесінде аспирантураны бітіре 
салысымен филология ғылымдарының докторы, профессор 
Б.А.Әбілқасымов жетекшілігімен «Абай шығармаларындағы
араб және парсы сөздерінің қолдану ерекшеліктері» атты 
тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғайды. Ал
оппоненті - академик Р.С. Сыздықова. Жас ғалымның зерттеу 
жұмысын ғылыми орта жоғары бағалады. Олай болмауы 
мүмкін емес те еді. Орыс тілін ана тілінен де артық білетін, араб 
тілін жетік меңгерген жас маманның тақырыпты игеретін ішкі 
мүмкіндігі аса жоғары еді. 
Әдеби тілдің тарихында Ұлы Абай шығармашылығындағы 
араб, парсы сөздерінің мағынасын, қолданылу ерекшелігін 
асқан бiлiмдарлықпен, айрықша бiлiктiлiкпен лингвистикалық 
тұрғыдан талдап-тарқатып беретiн тілшi-ғалымдар, бiзде көп дей 
алмаймыз. Солардың бiрi біз айтып отырған - Ж.Ж.Есеналиева. 
Бұл зерттеу жұмысында ғалым Абайдың өлеңдерінің тіліне 
әр қырынан, атап айтқанда лингвистикалық, этимологиялық, 
типологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы тілдік талдау 
жасады.


Лингвистиканың өзекті мәселелері
44
1991-1995 Тіл білімі институтының тіл тарихы бөлімінде 
(меңгерушісі Бабаш Әбілқасымов) - кіші ғылыми қызметкер, 
аға ғылыми қызметкер қызметтерін атқарды. Осы институтта 
А. Ысқақов, Ә. Қайдаров, Ш. Сарыбаев, Р. Сыздықова тәрізді 
тіл біліміндегі ай маңдай марқасқалармен бірге жұмыстас 
кезіндегі түрлі жағдайларды, ғалымдардың өзара әзілдерін 
аңыз етіп айтқанда, ол өзі бір бөлек тақырып. Бұл ғалымдар 
өздерінің жүріс-тұрысымен, болмысымен жас ғалымды алға 
жетелеп, қандай жағдайда да рухы мен үмітін жанып, алыстан 
бағдар сілтеп жымыңдайтын да тұратын Темірқазық сынды 
жұлдызды тұлғалар болды.
Осы институтта ұлт көсемі А. Байтұрсыновтың «Тіл 
тағылымы» жинағының 1992 жылы жарық көруіне өз үлесін 
қосады. Нақтырақ айтқанда, 1914 жылы Орынборда шыққан 
Тіл – құрал (қазақ тілінің сарфы) 1-жылдық оқулығы және 
1925 жылы Қызылордада шыққан Тіл – құрал (дыбыс жүйесі 
мен түрлері) бірінші тіл танытқыш кітабын төте жазудан 
қазіргі кириллицаға аударып, баспаға дайындауының өзі ұлт 
руханиатына сіңірген еңбек деуге болады. 
2001 жылдан осы уақытқа дейін Абылай хан атындағы 
Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті, 
Қазақ филологиясы кафедрасында іргелі ғылыми зерттеулер 
жүргізумен бірге білім беру саласында да жемісті еңбек етіп 
келеді.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Зауреш 
Қанашқызы Ахметжанованың жетекшілігімен 2010 жылы 
«Құрылымы әртүрлі тілдерге тән типологиялық басымдылық» 
атты докторлық диссертация қорғалады. Докторлық диссертация 
ұзақ жылдарға созылған еңбектің, қажыр, қайраттың 
арқасында орындалады. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері 
бойынша қорғағанға дейін «Құрылымы әртүрлі тілдердің 
салғастырмалы типологиясы» атты монография (2009), жоғары 
оқу орындарының студенттері мен магистранттарына арналған 
«Лингвистикалық типология негіздері» атты оқулығын (2009) 
жариялайды. Ғалым Жанар Жорабекқызы салғастырмалы 


45
Лингвистиканың өзекті мәселелері
зерттеулер жүргізуде бірнеше жаңалықты негіздейді. Атап 
айтқанда монографияда алғаш рет құрылымы әртүрлі тілдердің 
салғастыруда көпөлшемді типологияның негізі салынды. 
Сонымен бірге араб тілі алғаш рет отандық тіл білімінде 
агглютинативті-флективті тіл екендігі дәлелденді. 
Есеналиева Жанар Жорабекқызының ғылыми зерттеу-
лерінің дені құрылымы әртүрлі тілдерді жүйелі салғастыру 
мәселелеріне, когнитивтік лингвистикаға және мәдениетаралық 
коммуникацияға арналған. Бұл бағыттар бойынша 100-ден аса 
ғылыми еңбектері жарық көрді. Ғылыми жарияланымдар тек 
отандық журналдарда ғана емес, Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны 
қамтамасыз ету комитеті ұсынаған ғылыми басылымдарда, 
сонымен қатар барлық ғылым салалары бойынша ең беделді 
Clarivate Analytics компаниясының Russian Science Citation 
Index және Emerging Sources Citation Index базаларында 
индекстелінетін шетелдік басылымдарда жарық көріп келеді. 
Ғалымның ғылыми еңбектерінің сілтеме индексі бар.
Мақалалардан бөлек Жанар Жорабекқызы бірнеше 
монографиялары, оқулықтары, оқу құралдары ғылыми 
қолданыста. «Когнитивтік лингвистика теориясының негіздері» 
оқулығы (2018), «Салғастырмалы тіл білімі» оқулығы (2020), 
«Абай және Шығыс тілдері» (2020) монографиясы ғалымның 
көп жылғы еңбегінің нәтижесі ретінде жарық көріп отыр. 
Бұл еңбектер жалпы тіл білімінің өзекті мәселелерін, соңғы 
жетістіктерін өскелең ұрпақтың зердесіне тиімді түрде 
жеткізетін құнды ғылыми зерттеулер болып табылады.
Жанар Жорабекқызының ғылыми шығармашылығының 
басты ерекшелігі тақырыптарының (бағыттардың) әржақтылығы, 
кеңдігі және тереңдігі. Ол тіл білімінің тарихынан бастап, 
жалпы тіл білімі, әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану, 
когнитивтік лингвистика, мәдениетаралық коммуникация 
салаларын қарастырып, олардың бәрін жан-жақты әрі сапалы 
зерттеген. 
Қазіргі күні білім беру жүйесінде ең даулы, ең өзекті 
мәселе оқулық жазу мәселесі болып отыр. Мектептен бастап, 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
46
ЖОО да оқулық, оқу құралдары туралы түрлі қайшылықты 
пікірлер бар. Осы орайда оқулықтар, оқу құралдарын жазуда 
Жанар Жорабекқызы отандық және шет елдік заманауи 
тәжірибелерге сүйене отырып табысты еңбектенуде.
Магистратураға арналған «Типологиялық және салыс-
тырмалы-салғастырмалы тіл білімі мәселелері» атты типтік 
бағдарламаның авторы. Ж.Ж.Есеналиева қазақ тілінен
электрондық оқулықтардың авторларының бірі.
Жанар Жорабекқызы – ғылыми кадрлар даярлау ісінде, 
ғылым мен білімге ұмтылған жас та рға қамқорлық жасап, 
бағыт-бағдар сілтеп жүрген еңбегі де арнайы тоқталуды 
қажет етеді. Ғалымның жетекшілігімен 15 тарта магистрлық 
жұмыс қорғалды. Ұстаз шәкіртін адалдыққа баулып, өмірлік 
азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін 
себе білсе ұстаз. Жақсы ұстаз Жақсы мен жаманды үйретіп, 
адамгершілік қасиеттерді сіңірсе, жанашыры әрі ақылшысы, 
досы әрі сырласы бола білсе студент арасында беделді болары 
сөзсіз. Сонда ғана ол бүгінгі қоғамды алға сүйрейтін озық 
ойлы адамның тәрбиешісі деуге болады. Осы орайда Жанар 
Жорабекқызы студенттерді патриоттыққа баулуға, ел тарихын 
білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу 
бағытында да еңбек етуде. Ұстаздың дайындаған студенттері 
республикалық, қалалық, университетішілік олимпиадаларда 
жүлделі орындарға ие болып жүр. Жанар Жорабекқызы кез 
келген уақытта қабілетті студенттерді түрлі жоғары оқу 
орындары арасынан болсын, іздеп, тауып жұмыс істеп жүргенін 
талай көрдік. Оларға өз сабағынан мүлдем басқа, тереңдетілген 
бағдарламамен тапсырма беріп, тақырыптар беріп, олардың 
дарынының жарқырап ашылуына сеп болып жүр. 
Ғалым еш уақытта болдым демейді. Ол жасқа, уақыт-
қа қарамай еңбек етеді. Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ 
профессоры, филология ғылымының докторы Ж.Ж.Есеналиева 
тынымсыз еңбектің арқасында Ресей Жаратылыстану академия-
сының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, Құрмет 


47
Лингвистиканың өзекті мәселелері
грамотасымен, Қазақстан кіші Ғылым академиясының Мақтау 
грамотасымен, Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі 
Республикалық кеңестің «Білім беру саласының үздігі» 
медалімен марапатталды.
Жанар Жорабекқызы ғылыми жұмыстары мен ұстаздық 
қызметімен қатар, екі бала тәрбиелеп отырған бақытты ана. 
Ол жолдасы – Садықов Жасболат Сарсенұлымен Алтын белгі 
иегері, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін қызыл 
дипломға бітірген, Қазір Шанхайда Фудань университетінің 
магистратурасында оқып жатқан қызы Құралай, Әділер тәрізді 
ұлды тәрбиелеп отырған тату отбасы.
Міне, Жанар Жорбекқызының осындай сан қырлы 
қасиеттері жүректе қуаныш пен үлкен құрмет сезімін тудырады.
Құрметті Жанар Жорабекқызы! Сізді мерейтойыңызбен 
шын жүректен құттықтаймыз! Сізге мықты денсаулық, 
соны ғылыми шығармашылық табыс, Сізге, отбасыңызға, 
жақындарыңызға амандық тілейміз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет