Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет3/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

14
І т а р а у
 ТƏУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ТАРИХИ РОМАНДАР 
Тарихи роман. Тақырыптық-идеялық, стильдік-құры лым-
дық ерекшеліктері. Тарихи шығармадағы кейіпкерлер жүйесі. 
Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Тарихи романдардағы 
ұлттық мұрат. 
Тарих адамзат санасында екі жағдайда есте қалады. Ал ғаш-
қысы тарихшылар міндетіндегі басты мəселе болып табылатын 
шежіретізбек (хронология) болса, екіншісі тарихи оқиғаларға 
байланысты ой топшылау, пікір орнықтыру. Осыдан келіп тарих 
пен уақытқа қатысты кезеңдеу (периодизация) пайда болады. 
Кезеңдеу дегеніміз – тұтас құбылыстың үзіктілігін, бөліктерін 
беру əрі олардың арасындағы сабақтастықты айқындау. Осы 
тарихи кезеңдерді сұрыптаған кезде олардың ең маңыздысы 
алғаш еске оралады. 
Тарихилық – қандай да бір тарихи дəуір келбетін жанды 
суреттер, нақты адам тағдырлары мен мінез-сипаттары ар қылы 
танытатын көркем əдебиеттің басты белгілерінің бірі. Тарихилық 
кең мағынасында өз заманын немесе ерте дəуірді суреттеген 
барша көркем шығармаларға тəн. Мұны шығармада бейнеленген 
кезеңнің түрлі ерекшеліктерінің сақталуы əрі бұл əр дəуірдің 
көркем туындыларына ортақ деп түсінеміз. Қазіргі əдебиетте 
тарихи тұлғаны таныту, оның өмір кезеңдерін, қоршаған ортасын, 
жеке мінез-болмысын суреттеуге деген қы зығушылық өсті. Оның 
басты себебі тəуелсіздік алғаннан кейін еңсемізді тіктеп, тарихқа 
қайта үңіліп, бар-жоғымызды түгендедік. Ақтаңдақтар ақиқаты 
ашылып, көмескі мəселелер айқындалды. Əдебиеттің түрлі жанр-
ларында шынайы адам болмысын жасау өрістеп, бұл əсіресе, 
тарихи романдарда, мемуарлық-өмірбаяндық, публицистикалық 
салада белең алды. 
Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары тарихи тақырыпқа арналған 
романдар жарық көрді. Кеңес дəуірі кезінде шынайы айтылмай, 
бұра тартылған тақырып арнасы бұл кезеңде тереңдей ашыла 
түсті. Сондай туындылардың қатарында Рамазан Тоқтаровтың 


15
“Абайдың жұмбағы”, Қалмұқан Исабаевтың “Серт”, “Шоң би”, 
Кəдірбек Сегізбаевтың “Беласқан”, Қабдеш Жұмаділовтың “Да-
рабоз”, Софы Сматаевтың “Жарылғап батыр” (өлеңмен жазыл-
ған роман), Ұзақпай Доспанбетовтың “Қызыл жолбарыс”, Хасен 
Əдібаевтың “Отырар ойраны”, Əнес Сарайдың “Еділ-Жайық”, 
Тұрсынхан Зəкенұлының “Көк бөрілердің көз жасы”, Жанат 
Ахмадидің “Шырғалаң” тағы басқа романдарын атауға болады.
Жазушы Рамазан Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы” ро-
маны 1999 жылы жарық көрді. Ұлы Абайдың өмірі мен шығар-
машылығына арналған «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасында 
жазушы ақын өмірінің барлығын қамтып, туғаннан бастап 
дүниеден өткен шағына дейін уақыт кеңістігінде, тұтас бір дəуір 
панорамасын толық көрсетуді мақсат еткен. Қазақ елінің екіталай 
тағдырын, сол кездегі толғақты мəселелердің өмірге Абай сияқты 
данышпанды əкелуі заңды құбылыс деген түйін жасаған жазушы 
ақын өлеңдерінің өн бойында қазақ өмірінің шындығы мен мұңы 
жатқандығын көрсетеді. Бұл мəселелер төңірегінде тек Абай ғана 
емес оның тұстастары да болғанын қазақтың тұңғыш ғалымы 
Шоқан Уəлиханов, оның орыс досы Федор Достоевскийдің Се-
мей қаласында бас қосып, заманының келелі мəселелері туралы 
кеңескендігін көркем тілмен бейнелейді.
Романда жасалған əр түрлі характерлер, олардың əрқайсының 
өзіне ғана тəн көзқарастары, айналаға қарым-қатынасы, дүние-
танымы автордың негізгі идеясына қызмет жасап қана қоймаған, сол 
заманнның шынайы суретін, бейнесін жасауға септігін тигізген.
Р. Тоқтаровтың роман-хамсасындағы кейіпкерлер ұдайы қоз-
ғалыста, іс-əрекет үстінде, ішкі-сыртқы қайшылықта, қақ тығыс 
үстінде көрсетіледі жəне əр қаһарманның ішкі əлемі психо-
логиялық тұрғыда бейнеленеді. Бұл орайда шығармадағы Абай, 
Шоқан, Достоевский т.б. өнер, шығармашылық адамдарының 
болмыс-бітімі, рухани жағынан ширатылып, драмалық тұрғыда 
суреттеліп, талайлы тағдырлары талқыға түскен замандағы бол-
мыс-бітіміне көбірек назар аударылады. 
Жазушының М. Əуезовтен кейін бұл тақырыпқа бару себеп-
тері де жоқ емес. Біріншіден, романның прологіндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет