Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет63/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

“Біз бір 
шешеден сегіз туыс едік. Інім Білəл (Bilal Hakim) 1989 жылы 
Германияда қайтыс болып, Түркияда қойылды. Ең кенжеміз 
Гүлжауһар 1946 жылы атақоныста шетінеді. Қалғандарының 
трагедиялық өлімі жөнінде кезегімен алда айтылады” немесе 
“1935 жылы атамыз Райымбектің ауылы, яғни арғы атамыз 
Қожалақтың алты ұлының бесіншісі Райымбектің үш ұлы 
Əділбек пен Қалибек, Ілиястар Тарбағатайдан Еренқабырғаға 
көшеді. Қазір Манас – Сауан аталатын ол кедегі Манас 
ауданындағы, Манас өзенінің батыс жағыдағы Қызыл өзен-
ге, кейін “Қалибектің дөңжайлауы” немесе “Қалибектің дөң-
жұрты” деп аталатын жерге барып қоныстанған” дей отырып, 
“1984 жылы арада 37 жыл өткеннен кейін, Германиядан сол 
атақонысқа тұңғыш рет айтып барғанымда, Дөңжайлау немесе 


153
Дөңжұрттың Қалибектің атымен аталмайтынын, коммунистік 
зұлым-зомбылықтың қысым-зардабынан халықтың Қалибектің 
атын атаудан қорқатынын көрдім”,-
деп түйіндейді. 
Сюжетті құрайтын оқиғалардың өзара қатынасы түрліше 
болады. Көлемді шығармаларда оқиғалары бір мезгілде 
қатар, бірнеше желімен дамитын, көптеген кейіпкерлердің 
араласуымен жүретін көпсалалы сюжет болады. “Елім-айлап 
өткен өмір” шығармасы хроникалы, көпсалалы сюжетті қамтиды. 
Жартығасырлық ғұмырдың есте қалған елеулі тұстарын тараулар 
мен тақырыптарға жіктей отырып, автор баяндайтын оқиғаға 
салмақ үстеп, ой қосатын жерлерін уақыт жағынан оза түсінік 
беріп кетіп отырады. 
Əдеби шығарманың құрылымында сюжеттің мəні ерекше. 
Біріншіден, ол оқиғалар тізбегін жүйелеп, бір арнада шашау 
шығармай бейнеленуін жүзеге асырса, екіншіден, көркем шы-
ғармадағы кейіпкерлердің жасалуына, мінез-сипатының анық-
талуына əсерін тигізеді. Яғни, “мəтіндегі сөйлеу, оларға қатысты 
əлеуметтік, мəдени нормаларды, қоғамдық ортадағы мəтіннің 
түсінілу деңгейін нысана ететін” дискурстің үдерістігі байқалып 
отырады. Бұл оқиғаның белгілі бір дəрежеде кейіпкерлер үшін 
“əрекет өрісі” болып, оқырмандар алдында барша қырынан 
ашылуына мүмкіндік береді. “Елім-айлап өткен өмір” рома нын-
дағы оқиғалар да, кейіпкерлер де белгілі бір ретпен баяндалады. 
Автор көрген, естіген жəне басынан кешкен оқиғаларды баяндап, 
тиісті кейіпкерлерді түстеп, сипаттап отырады. Мінездеу 
сипатының тəсілдері түрліше. Кейде кейіпкердің сырт кескіні, 
кейде мінез-құлқы көрінеді. Бұл тəсілдер шығарманың көлеміне 
қарай кеңіп, дамып отырады.
Романда кейіпкердің портреті, оның сырт бейнесі суреттеледі. 
Оған кейіпкердің жасы, дене бітімі, бет пішіні, киім киісі, дене 
қозғалысы кіреді. Мəселен, “олардың ішінде бір жуан, көк көзді 
сары бар-ды”, “шошқаның еті емес, балықтың еті, же”, - деп 
ымдады.... Апам алдымен: “Неге кеш қалдың? Қайда жүрдің?” - 
деп ұрысқысы келіп адырая бетіме қарады да: “Өзіңе не болған, 
ауырып тұрсың ба? Бетің неге аппақ?” - деді. Мұнда кейіпкердің 
бет пішіні, көңіл-күйі байқалады. 
Əдеби портрет тікелей адамға бағыттала отырып, сөз арқылы 
11–1036


154
автордың идеясын, ұстанымын ашады. Көркем шығармада 
портрет кейіпкер бейнесін жете тануға жол салады, сондықтан 
ол біржақты тəсіл болудан аулақтап, кейіпкерді əлеуметтік-
өмірбаяндық жəне психологиялық жағынан толықтырады. Бас-
қаша айтқанда, портрет-мінездеме портрет-өмірбаянға, одан 
портрет-тағдырға айналады. Мəселен, Қалибектің портретіне 
назар аударайық: “Қырын тұрған Қалибек сұңғақ бойлы, ат жақты, 
қыр мұрын, қара сақал, қара мұрт, ақсұр, орта жастағы адам, көз 
алдынан лек-лек салтанатты маршпен өтіп жатқан əскерден оттай 
жанған екі көзін алмай, қабағын түйе қарап тұр. Қалибек бір ауыр 
ойда сияқты. Сұр құлынның терісінен тысталған құлақшыны 
оның үстіндегі қаптал шапаны мен аяғындағы саптама етігіне 
қоныңқырама да, алып денесі, қақпақтай кең жауырыны оның 
батыр тұлғасы бар салмақты адам екенін елестетті”. Мұндағы 
портрет кейіпкерді түгелдей - сырт пішінін, киім киісін, мінез-
сипатын толық ашып тұр. 
Ұлтын сүю мен ұлтшыл болу – ара жігі ажырамайтын ұғымдар. 
Өз қоғамының даму өресін басқадан бұрын байқап-танып, ту ған 
халқына қызмет жасап, жоғын түгендеп, ұлттық қадір-қасиетін 
тереңдету – ұлтжанды елшіл азамттарға тəн. Халқына адал 
қызметін арнаған Х. Оралтайдың ғұмырнамалық сипатағы “Елім-
айлап өткен өмір” кітабы - азаматтық пен қайраткерлікті, əрекет 
пен күрес-жігерді, ең бастысы, ұлттық рух пен танымды көркемдік-
деректілік сипатта танытатын тағылымы терең туынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет