СөЖ (реферат) Пәні: Көне қазақ тілі Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108917
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Көне қазақ тілі( Ұлжан)

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ 
Қорыта айтқанда, сөз мағынасы өте күрделі, бірнеше қабаттардан 
құралатын тілдік категория. Ал, лексикалық мағына дегеніміз белгілі бір дыбыс 
не дыбыстар тізбегі мен шартты, тарихи және әлеуметтік байланысқа түскен 
объектив 
дүниедегізаттардың,амал-әрекеттердің, 
түрлі 
кұбылыстардың 
адамсанасындағы жалпыланған, дерексізденген бейнесі. 
Сөздің лексикалық мағыналары біркелкі емес. Мағыналардың арасындағы 
айырмашылық, ең алдымен, ақиқат өмірдегі заттар мен құбылыстарға қатысы 
жағынан айқын көрінеді. Сөздің кейбір мағыналары зат немесе құбылысқа 
нақтылы атау болып жеке өзі тұрып-ақ түсінікті болатын болса, кейбір 
мағыналары тек сөйлем ішінде, контексте ғана ашылып түсінікті болады. Сөздің 
жеке тұрып білдіретін мағынасы мен сөйлем құрамында келіп білдіретін 
мағыналары басқа-басқа болып келеді. Соған орай сөз мағынасын: негізгі және 


20 
туынды мағына, тура және ауыспалы мағына, конкретті және абстракты мағына, 
ортақ және қосалқы мағына деп қарастырамыз. 
Менің тұжырымдамам бойынша, 
лексикалық мағына
— зат, құбылыс, іс-
әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұны. Сөздің негізгі 
мағынасы — айтушы мен тыңдаушыға ортақ нақты заттық ұғымды білдіретін 
мағына. Сөздің тұрақты мағынасы- сөзді контекстен бөліп алып ешбір тіркессіз, 
өзіне арнулы негізгі мағынамен бірге тұрақты мағынасы айқындалып тұрады. 
Сөздің нақты және абстракты мағынасы — Бір сөзге берілген түпкі атауы – нақты 
мағына болса, сол сөздің жалпылама ұғымды білдіруі абстракт мағына болып 
табылады. Сөз мағынасы әуел баста көп болмаса да, бертін келе дамып, молайып 
отырған. Бір сөздің уақыт өте келе әр қолданыс сапасына қарай, әр түрлі 
себептермен әр заттың не құбылыстың атауы болып жұмсалуы заттың контекстік 
мағынасы болады. Сөздің әуел баста берілген және нақ сол зат атауын білдіретін 
мағынасы – тура мағына болып табылады. Ал сөздердің негізгі мағынасынан 
дамып,соған ұқсатыла айтылатын, сәл ауытқи қолданылатын сөз мағынасы ауыс 
мағына. 
IV.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет