СөЖ (реферат) Пәні: Көне қазақ тілі Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108917
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Көне қазақ тілі( Ұлжан)

Табыс септік. 
«Диуани лұғат-ат түркте» табыс септік 
-ы, -и,-н, -ны, -ні, -ғ, 
-г, -уг, -үг, -ығ, -іг 
қосымшаларымен беріледі. Бұл тұлғалардың ішіндегі қазіргі 
кезде тілдік қолданыстан шығып қалған 
-ғ, -г 
жалғауы «Диуан» тілінде сирек 
қолданылады: 
савым+ы
– тәгүр мәниң 
савымы 
(сөзімді) (МҚ ІІІ, 158), 
сөз+үг 
аңлады (сөзді) (МҚ І, 312), 
йигитләр+иг 
ишләтү (жігіттерді) (МҚ І, 293) , әр қушуғ әмәчләді (құсты) (МҚ І, 
319). [1, 185 б.]. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағындағы сөздерге 

, жалғауы 
қосылған. Мысалы, 
қыз+ы+н 
– ол қызын әгәтләді (МК І, 319). 
Оғл+ы+н 
– оғлын 
ышқа тығратты (МҚ ІІ, 317) [1, 187 б.]. 
«Тәварих-и мусиқиун» тілінде табыс септігінің 
-ни 
жалғауы жиі 
қолданылады. Мысалы: Бу 
ғәзәлни 
қәйәрдин өргүнүп ирдиңиз. Ескерткіште 
кейде табыс септік ІІІ жақ тәуелдік жалғауынан кейін 
-н 
қосымшасын 
қабылдайды. Табыс септігінің бұл формасы 
-ни 
қосымшасы сияқты поэзия тіліне 
де, проза тіліне де тән болып келеді. Мысалы: ... бағрим қара 
қанин 
сия қилип 
әзгаймән. «Тәварих-имусиқиун» тілінде орта ғасыр ескерткіштер тілінде өнімді 
жұмсалған табыс септігінің 
-и 
қосымшасы мүлдем кездеспейді [5]. 
Шағатай дәуіріндегі ескерткіштер тілінде табыс септігі жинақталып
бірізділікке түскені байқалады, оларда табыстың 
-ны,-ні, -ни 
жалғауынан 
басқа көрсеткіштері кездеспейді. 


11 
Барыс септік. 
«Диуани лұғат-ат түркте» барыс септігінің негізгі 
көрсеткіштерінің бірі 
-ға, -гә, -қа, -кә 
жалғауы. Мысалы: 
йалавачқа 
алқыш 
бәргил (МҚ І, 161). Қуруқ қашуқ 
ағызқа 
йарамас (МҚ І, 348). Қуруғ сөз 
қулаққа 
йақышмас (МҚ І, 348). -а, -ә жалғауы тәуелдік жалғаулардан кейін 
жалғанады. Мысалы, көзүмә нәң иләрди (МҚ І, 229). Ол мәни атама охшатди 
(МҚ І, 292) [1, 179–180 бб.]. Күрделі аф- фикс болып есептелінетін 
-ғару, -гәру, -
қару, -кәру 
нұсқасы тек кейбір үстеу сөздердің құрамында сақталынып қалған. 
Бұл жалғау 
-ру, -рү 
қосымшасымен барыс септігінің қосымшасы 
-қа, -гә 
тұлғаларының бірігуінен жасалған. Мысалы, кыш 
йай+ғару 
сөвләнүр (МҚ ІІІ, 
254).
Йағы+қару 
кириш қылдым (МҚ ІІ, 217) ) [1, 183–184 бб.] 
«Тәварих-и мусиқиун» ескерткіші тілінде барыс септік 
-ға,-гә, -ғә, -қа, 
-кә, -қә 
жалғаулары арқылы беріледі. Барыс септігінің жалғауы «Тәварих-и 
мусиқиунда» сөздің жуан және жіңішкелігі ескерілместен, буынды талғап та, 
талғамай да жалғанады. Мәселен: 
-ға 
варианты дауысты немесе ұяң дауыссыз 
дыбысқа аяқталған жуан сөздерге жалғанады (Мысалы, 
йолға, абадиға, 
дунияға
), -
қа 
вариан- ты қатаң дауыссызбен аяқталған жуан сөздерге 
жалғанады (Мыса- лы, яшқа) яғни негізінен фонетикалық заңдылықтарды 
сақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет