Анықтамалық-жол көрсеткіш


«Астана медицина университеті» АҚ



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата18.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#10030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

9

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 



 

3.1.  Астана  медицина  университетінің  студенттеріне  арналған  анықтамалық-жол 

көрсеткіш. 

3.2. Анықтамалық-жол көрсеткіште Астана медицина  университеті, университеттегі  оқу 

процесін  ұйымдастыру,  ішкі  тәртіп  ережелері,  білім  алушылардың  құқықтары  мен 

міндеттері,  пәндер  бойынша  тіркеу  тәртібі,  білім  алушыларды  ағымдық,  аралық  және 

қорытынды бақылауды ұйымдастыру тәртібі, ауыстыру тәртібі, студенттерді қайта қабылдау 

және  оқудан  шығару,  студенттердің  өздік  жұмысы,  материалдық  және  ақпараттық 

құралдарды пайдалану тәртібі туралы жалпы мағлұматтар берілген.    

3.3 Анықтамалық-жол көрсеткіш 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының 

«Білім  туралы»  Заңы;  ҚР  МЖМБС  5.04.019-2011  «Жоғары  білім  беру.  Бакалавриат»;    ҚР 

МЖМБС  3.08.388-2006;  ҚР  МЖМБС  3.07.485-2006  «051301  –  Жалпы  медицина»;  ҚР 

МЖМБС  3.07.476-2006  «051302  –  Стоматология»;  ҚР  МЖМБС  3.08.389-2006  «051102  – 

Қоғамдық денсаулық сақтау»; ҚР МЖМБС 3.08.390-2006 «051103 – Фармация»; ҚР МЖМБС 

3.08.388-2006  «051101  –  Мейірбике  ісі»;  «Білім  беру  ұйымдарындағы  білім  алушылардың 

үлгерімін  ағымдық  бақылау,  аралық  және  қорытынды  мемлекеттік  аттестациядан  өткізу 

ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ 18.03.2008ж. №125 бұйрығы (2016 жылғы 13 мамырдағы 

өзгерістер  және  толықтырулармен)  «Білім  беру  ұйымдарының  типі  бойынша  білім 

алушыларды  ауыстыру  және  қайта  қабылдау  ережелері  туралы»  19.12.2008ж.  №638 

бұйрығы,  «Білім  беру  ұйымдарындағы  білім  алушыларға  академиялық  демалыс  беру 

ережелерін  бекіту  туралы»  18.03.2008ж.  №124  бұйрығы,  «Білім  беру  ұйымдарында  білім 

алушылардың  жекелеген  категорияларына  мемлекеттік  шәкіртақы  төлеу  ережелерін  бекіту 

туралы»  ҚР  Үкіметінің  №116  қаулысы  (2016  жылғы  03  маусымдағы  өзгерістерімен);    ҚР 

Білім  және  ғылым  министрлігінің  2011  жылғы  20  сәуірдегі  «Оқытудың  кредиттік 

технологиясы  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастыру  қағидаларын  бекіту  туралы»  №152  

бұйрығы негізінде әзірленді. 

3.4  Қоғамдық  денсаулық  сақтау,  стоматология,  фармация,  мейірбике  ісі,  медициналық-

профилактикалық  іс  факультетінің  деканы  «Қоғамдық  денсаулық  сақтау»  мамандығының 

студенттеріне  алдағы  оқу  жылының  Анықтамалық-жол  көрсеткішін  әзірлеуге  және 

қамтамасыз етуге жауапты. 



 

 

 

 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

10

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.1 «Астана медицина университеті» АҚ-тың жетістіктері 



 

«Астана  медицина  университеті»  АҚ  тарихы  –  50  жыл  бойы  қалыптасу  және  даму 

жолы. 

 Қазақстан  КП  Орталық  комитетінің  және  Қазақ  КСР  Министрлер  кеңесінің  1964 



жылғы  26  қазандағы  №729  қаулысына  сәйкес  Целиноград  мемлекеттік  медицина 

институтының  негізі  қаланды.  ЦММИ-дың  алғашқы  педагогтар  құрамы  Алматы  медицина 

институтының  түлектері  мен  оқытушыларынан  құралды.  ЦММИ  «Емдік  іс»  мамандығы 

бойынша  мамандар  дайындады.  Бірінші  курсқа  300  студент,  екінші  курсқа  100  студент 

қабылданды. 

1973 жылы кафедрааралық ғылыми-зерттеу 

зертханасы  ұйымдастырылды.  ЦММИ-дың  10 

жылдық мерейтойында институт қызметкерлерінің 

15-сі  докторлық,  72-сі  кандидаттық  диссертация 

қорғады. 39 кафедрада 226 оқытушы қызмет істеді 

және 2400 студент оқып жатты. 

1984  жылы  педиатрия  факультеті  ашылды 

және балалар аурулары кафедрасы құрылды. 

1989 


жылы 

орта 


буын 

медицина 

қызметкерлерін  дайындау  факультеті  ашылды.  Осы  кезде  3  факультеттің  34  кафедрасында 

2759  студент  білім  алып  жатты.  250  оқытушының  19-ы  доктор  және  131-і  медицина 

ғылымдарының кандидаты болды. 

1990  жылы  кафедрааралық  зертхана  негізінде  орталық  ғылыми-зерттеу  зертханасы 

ашылды,  8  қабаттық  жаңа  оқу  корпусы  қолдануға  берілді.  1989  оқу  жылы  қазақ  бөлімшесі 

ашылды.  1992  жылдан  бастап  «Патологиялық  физиология»  мамандығы  бойынша 

кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс істеп келеді.   

Медицина институтының негізі қаланғаннан бері басқару жүйесін уақыт талабына сай 

реформалау  және    ұйымдастыру  формасы  бірнеше  өзгерістерге  ұшырады.  1997  жылы 

институт  Қазақ  мемлекеттік  медицина  академиясы  болып  өзгертілді.  Осы  уақыт  ішінде 

академияда  3  диссертациялық  кеңес  ашылды.  Академия  негізінде  10  ғылыми  орталық  пен 

ғылыми-зерттеу  институттары  филиалдарының  негізі  қаланды.  1997  жылы  «Медициналық-

биологиялық  іс»  факультеті  ашылды.  Академия  республикалық  маңызды  «Астана 

медициналық журналы» және «Валеология» атты ғылыми-практикалық журналдарын алғаш 

шығара бастады. 

1993 жылдың наурыз айында қала атының өзгертілуіне байланысты институт Ақмола 

мемлекеттік медицина институты деп аталды. ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы №263 

қаулысына  сәйкес  ЖОО  академия  болып  өзгертілді.  ҚР  Үкіметінің  2003  жылғы  14 

наурыздағы  №249  қаулысына  және  ҚР  ДСМ  2003  жылғы  20  наурыздағы  №232  бұйрығына 

сәйкес Ақмола мемлекеттік медицина академиясы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы 

деп аталды.  

1999  жылы  ҚР  Үкіметінің  1999  жылғы  28  қыркүйектегі  №1469  қаулысы  негізінде 

емдеу  және  педиатрия  факультетінің  түлектеріне  интернатура  ұйымдастырылды. 

Стоматология  факультетіне  интернатура  2007  жылы  ұйымдастырылды.  2001  жылы 

дәрігерлерді  жетілдіру  факультеті  ашылды.  2002  жылы  «Фармация»,  «Стоматология»  және 

«Шығыс  медицинасы»  факультеттерінің  негізі  қаланды.  «Хирургия»,  «Травмотология», 

«ЛОР-аурулары»  мамандықтары  бойынша  докторлық  диссертация,  «Микробиология»,  «Сот 

медицинасы»  мамандықтары  бойынша  кандидаттық  диссертацияларды  қорғау  жөніндегі 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

11

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

Кеңестер  ашылды.  2003  жылы  «Медициналық-



профилактикалық  іс»  факультеті  өз  қызметін 

бастады.  

2004 жылы астаналық академияда 56 доктор 

және  150-ден  астам  ғылым  кандидаттары  қызмет 

істеді. Академия жанында ҚР медициналық жоғары 

оқу  орындарының  Оқу-әдістемелік  бірлестігі 

(ОӘБ)  ашылды.  «Оториноларингология»  атты 

республикалық  маңызды  ғылыми-практикалық 

журналы  тоқсан  сайын  шыға  бастады,  «Жас 

педагог» мектебі ашылды. 

2006 жылы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы Мәскеуде Халықаралық Саммит 

шеңберіндегі  халықаралық  сыйлықтың  «Ұлттық 

Экономика Лидері – 2006» Құрмет белгісін алды. 

 Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2008 

жылғы  13  мамырдағы  №451  қаулысы  бойынша  ҚР 

ДСМ-нің 


«Қазақ 

мемлекеттік 

медицина 

академиясы» РМҚК «Қазақ медицина академиясы» 

акционерлік  қоғамы  болып  қайта  құрылды.  Оның 

жарғылық  капиталына    мемлекет  жүз  пайыз 

қатысады.  2009  жылғы  6  қаңтардан  «Қазақ 

медицина  академиясы»  АҚ  «Астана  медицина 

университеті»  АҚ  болып  өзгертілді  (бұдан  әрі  – 

Университет) және  «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (бұдан әрі  – ҰМХ) құрамына енді. 

Университеттің клиникалық базалары: мемлекеттік және республикалық ірі орталықтар мен 

ғылыми-зерттеу институттары, ҰМХ-ның еншілес ұйымдары. 2010 жылғы 1 шілдеден бастап 

Университет  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму 

министрлігінің  (бұдан әрі – ҚР ДСӘДМ) ведомстволық бағыныстағы бақылауында. 

Университет  еліміздің  солтүстік  аймағының  үздік  оқу,  ғылыми,  әдістемелік  және 

мәдени орталығы. Университет білім беру қызметінің жоғары сапасы мен кең ауқымдылығын 

қамтамасыз етеді. Ол оқытудың жаңа технологияларын енгізу және ғылыми зерттеу базасын 

арттыру  арқылы  жүзеге  асырылады.  Университет  түлектері  жұмыспен  қамту  нарығында 

бәсекеге қабілетті, Қазақстан мен шетелдің әртүрлі салаларында табысты қызмет етуде. 

Университет  қазақстандық  білім  берудің  іргелі  дәстүрін  сақтап,  Болон  процесінің 

жүйесіне, еуропалық, дүнижеүзілік білім беру және ғылыми кеңістігіне белсене кіріп келеді. 

Университетте үздіксіз білім берудің кеңейтілген жүйесі, оның ішінде ЖОО-ға дейінгі 

білім беру жүйесі жұмыс істейді, атап өтсек: 

6 пән бойынша дайындық курсы; 



бакалавриат аясында 6 мамандық бойынша дипломға дейінгі білім беру; 

резидентураның  26  білім  беру  бағдарламасы,  магистратураның  5  білім  беру 



бағдарламасы  және  Рhd  докторантураның  3  білім  беру  бағдарламасы    аясында  ЖОО-дан 

кейінгі  білім беру; 

51  білім  беру  бағдарламасы  аясында  қосымша  кәсіби  білім  беру  (біліктілікті 



арттыру және кадрларды қайта даярлау). 

2011  жылдан  бастап  ҚР  медицина  университеттері  мен  Новосибирск  мемлекеттік 

медицина  университеттері  арасында  «Қоғамдық  денсаулық  сақтау»  мамандығы  бойынша 

білім берудің бірлескен жобалары жүзеге асырылуда. Олар: 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

12

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 



бірлескен  білім  беру  бағдарламасы,  екі  дипломдық  білім  беру,  академиялық 

курстарды  өзара  мойындау,  білім  берудің  салыстырылымдылығы,  студенттердің,  оқытушы-

профессорлар құрамының, әкімшілік-басқару персоналының академиялық ұтқырлығы;   

2015  жылы  бірлескен  білім  беру  бағдарламасының  түлектері  бағдарламаға 



қатысушы  университеттердің  дипломын  алды,  бұл  дипломдар  мамандардың  сол  елдерде 

жұмыспен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. 

Университет  Қазақстанның  медициналық  университеттерінің  ішінен  бірінші  болып 

медициналық  және  ғылыми-педагогикалық  кадрларды  көпдеңгейлі  дайындауды  қолға  алды 

(үздіксіз жоғары білім беру жүйесін): бакалавриат – интернатура – резидентура; бакалавриат 

–  магистратура  –  Рhd  докторантура.  031  «Ауруханалық  басқару  саласында  халықаралық 

стандартты енгізу»  бағдарламасы бойынша  мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру  аясында 

университет аурухананы басқару саласында «Іскерлік әкімшілік магистрлерін» дайындаудағы 

білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бірінші болып кірісті. 

2010  жылы  алғашқы  іскерлік  әкімшілік  магистрлері  оқу  бітірді.  Сол  жылы  тағы  15 

адам  қабылданды.  Іскерлік  әкімшілік  магистрлерін  дайындаудың  эксперименттік 

бағдарламасы  әзірленді,  ол  бойынша  Университетте  және  «Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия 

ұлттық университеті» ШЖҚ РММ-да негізгі және бейіндік пәндерді оқу керек, шетел ЖОО-

ларында  (АҚШ,  Австрия,  Сингапур,  Түркия  және  т.б.)  міндетті  түрде  тағылымдамадан  өту 

қажет,  сондай-ақ  аурухана  менеджменті  саласының  алдыңғы  қатарлы  шетел  мамандары 

шақырылады.  

Университет  еліміздің  медициналық  басқа  ЖОО-ларымен  қатар  медициналық  және 

фармацевтикалық  білім  беруді  реформалау  концепциясының  мақсаттары  мен  міндеттерін 

белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, Университет басқару және ұйымдық-

құқықтық формаларға өзгерістер енгізді.  

2009  жылдан  бері  Университет  еліміздің  медициналық  ЖОО-лары  ішінде  жалғыз 

акционерлік ЖОО және оның жаңа мәртебені жүзеге асыру бойынша баға жетпес тәжірибесі 

бар.  Жарғылық  капиталдан  Университет  акцияларының  мемлекеттік  пакетінің  100%-ын 

иелену  мен  пайдалану  құқығын  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  және 

әлеуметтік даму министрлігі жүзеге асырады. 

Реформалау  барысында  нормативтік-құқықтық  базаны  қалыптастыру,  корпоративтік 

басқарудың  принциптері  мен  механизмдерін  енгізу  (Директорлар  Кеңесі,  Басқарма,  Ішкі 

аудит  қызметі,  Корпоративтік  басқару  кодексін,  Корпоративтік  мәдениет  пен  этика  кодексін 

енгізу,  стратегиялық  менеджментті  енгізу,  корпоративтік  марапаттарды  енгізу,  оқу  процесін 

басқаруды жетілдіру (институт, кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды психологиялық 

бейімдеу  бөлімін,  офис-тіркеуші  және  эдвайзерлер  бөлімін,  инновациялық  технологиялар 

және қашықтықтан оқыту орталығын құру)  бойынша үлкен жұмыс атқарылды.  

Сонымен қатар, Университетте халықаралық қашықтықтан оқыту жүйесі (MOODLE) 

бар, мұнда осы саланың соңғы жетістіктері қолданылады. 

Университетте  қоғамның  қазіргі  талаптарына  сәйкес  келетін  білікті  мамандарды 

дайындауды  қамтамасыз  ететін  база  бар.  Университеттің  жалпы  ауданы  63484,16  шаршы 

метр,  іргелес  аймақ  ауданы  23999  шаршы  метр,  оның  ішінде  аудиториялық  қор  35504,2 

шаршы  метр.  Университетке  дәріс  залдары  және  мультимедиямен  жабдықталған 

аудиториялары,  оқу-әдістемелік  орталығы,  интернетке  қосылған,  күшті  заманауи 

компьютерлермен  жабдықталған  компьютерлік  сыныптары,  кітапханасы,  оқу  залдары, 

заманауи  зертханалары  бар  5  оқу  корпусы  тиесілі.  Сондай-ақ,  барлық  құрылымдық 

бөлімшелер  компьютермен  жабдықталған,  «АстМУ  медициналық  орталығы»  ЖШС 

әлеуметтік  нысандар,  студенттердің  екі  жатақханасы  (жалпы  аумағы  11  439  шаршы  метр), 

спортзал,  конференц-зал,  оқу  корпустарында  2  асхана  және  буфет  бар.  Университет 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

13

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

балансында    жалпы  аумағы  8104,7  шаршы  метр  120  пәтерлік  тұрғын  үй  бар.  Онда  Ұлттық 



медициналық  холдингтің  еншілес  ұйымдарының  қызметкерлері  тұрады.  Сондай-ақ, 

Университеттің  35  қызметкері  «Отандастар»,  «Қаһарман»,  «Тамыз»,  «Айкен»,  «Сәтті» 

тұрғын үй кешендерінің 34 пәтерімен қамтамасыз етілген. 

2016  жылғы  1  қыркүйектен  оқу  процесін  барлығы  1808  қызметкер  жүргізеді,  оның 

ішінде 1417 штаттағы қызметкер, әкімшілік-басқару персоналы – 251, қосалқы қызметкерлер 

құрамы  –  290,  қызмет  көрсету  персоналы  –  137  адам.  Кафедраларда  барлығы  1130  білікті 

педагогтар қызмет істейді (оның ішінде 739 штаттағы қызметкер), 105 ғылым докторы, оның 

89-ы  (85%)  штаттағы  қызметкер  (орта  жасы  –  48);  257  ғылым  кандидаттары,  оның  223-і 

(87%) штаттағы қызметкер (орта жасы – 43); 10 PhD докторлары; 59/52 (62,0%) – профессор 

ғылыми  атағы  бар  оқытушы,  92/89  (33,5%)  –  доцент  ғылыми  атағы  бар  оқытушы.  Ғылыми 

дәрежесі мен атағы бар оқытушылар үлесі – 62,7%. 

Университет  факультеттерінде  4551  студент,  1489  интерн,  285  резидент,  77 

магистрант  және  58  докторант,  оның  ішінде  10  елден  (Ресей,  Украина,  Әзірбайжан, 

Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Белоруссия, Қытай, Моңғолия) келген 127 

шетел студенті оқиды. ҮКД ҚБФ кафедраларында 3000 тыңдаушы білім алады. 

Университетте тиісті мамандықтың пән мұғалімдерін біріктіретін Ғылыми кеңес, оқу-

әдістемелік  кеңес,  ғылыми-клиникалық кеңес,  мамандықтардың  білім  беру  бағдарламалары 

жөніндегі комитеттер жұмыс атқарады. Олардың құрамына жұмыс берушілер кіреді.  

Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңының 23-бабына сәйкес, 2014 жылғы 

тамыз айында ҚР Білім және ғылым министрлігі Университеттің ғылыми қызметін ғылыми 

және  ғылыми-техникалық  қызмет  субъектісі  ретінде  аккредитациялады    (МК  сериясы 

004092). Университет  Басқармасының 2009 жылғы 14 ақпандағы шешімімен (№11 хаттама) 

ғылыми-клиникалық  кеңес  (ҒКК)  құрылды.  Ғылыми  және  клиникалық  қызмет  жөніндегі 

проректор  Ф.А.  Галицкий  ҒКК  төрағасы  болып  сайланды.  ҒКК  үнемі  қызмет  етіп  тұратын 

кеңес беруші орган, ол ғылыми-білім беру саясатының қалыптасуы мен жүзеге асуы, зерттеу 

жүргізу,  университеттегі  ғылыми  және  ғылыми-педагогика  кадрларын  даярлауды  жетілдіру 

сияқты өзекті мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге арналған. 

Университетте мамандандырылған 3 мерзімді басылым бар: 

1) 

«Астана  медициналық  журналы»  1989  жылдан  бастап  ғылыми  қызметтің 



негізгі  нәтижелерін  жариялау  үшін  ҚР  БҒМ  Білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау 

комитеті  ұсынатын Ғылыми басылымдар тізбесіне енді. 2013 жылғы шілде айында «Астана 

медициналық  журналы»  Ғылым  туралы  заңның  жаңа  ережелеріне  сәйкес  қайта 

аттестаттаудан  өтті,  ҚР  БҒМ  Білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау  комитеті  ұсынған 

журналдар тізбесіне енді;      

2) 


«Оториноларингология  –  бас,  мойын  хирургиясы»  2006  жылдан  бастап  ЛОР-

аурулары кафедрасының негізінде әзірленеді. 

3) 

«Валеология,  здоровье,  болезнь,  выздоровление»  2010  жылдан  бастап 



профилактикалық медицина және тағамтану кафедрасы негізінде әзірленеді.  

Университеттің  клиниклық  кафедраларының  қызметкерлері  емдік-профилактикалық 

мекемелерден  (ЕПМ)  тыс  және  ҚР-дың  жетекшілік  ететін  облыстарында  көшпелі 

консультативтік-әдістемелік жұмыс атқарады. 

2014  жылы  ЖОО  қызметін  кешенді  бағалау  нәтижесінің  негізінде  Университет  ҚР 

МЖМБС  талаптарына,  білім  беру  қызметін  лицензиялау  кезінде  ұсынылатын  біліктілік 

талаптарына  және  білім  беру  саласының  нормативтік  құқықтық  актілерінің  талаптарына 

сәйкестігі бойынша мемлекеттік аттестатаудан өтті деп танылды, аттестаттау мерзімі – 5 жыл 

(ҚР БҒМ және ДСӘДМ, 2014 жылғы сәуір). 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

14

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

Университеттің әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі оның алдына халықаралық қызметті 



дамыту  бойынша  жаңа  міндеттер  қойды.  Бұл  міндеттер  еліміздің  халықаралық 

белсенділігінің дамуымен, оның ішінде денсаулық сақтаумен байланысты. 

Университетте  халықаралық  қатынастың  аясын  кеңейту  бойынша  үздіксіз  жұмыстар 

жүргізіледі, шетелдің көптеген ғылыми орталықтары және ЖОО-ларымен тікелей байланыс 

орнатылды.  Шетелдің 42  ЖОО-ларымен  және  АҚШ,  Еуропа,  Азия  елдерінің  ұйымдарымен 

білім және ғылым салаларында ынтымақтастық туралы шарттар жасалды. 

«Қазақстан Республикасындағы медициналық білім беруді модернизациялау 2016-2019 

жылдарына  арналған»  жобасына,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау 

және  әлеуметтік  даму  министрлігінің  медициналық  білім  беруді  басқару  саласына 

халықаралық  стандарттарды  енгізу  бойынша  Техникалық  тапсырмасына  сәйкес,  Астана 

медицина  университеті  мен  Римнің  Ла  Сапиенца  Университетінің  Медициналық  Мектебі 

арасында  стратегиялық  серіктестік  жүзеге  асуда,  ол  халықаралық  ынтымақтастықтың 

ықтимал 

формаларының 

кең 

ауқымын 


қарастырады: 

зерттеу 



салалары 

мен 


оқу 

бағдарламалары 

бойынша 

сапаның 


халықаралық стандарттарына қолжеткізу; 

 



 «АстМУ» АҚ оқу жоспарларын сәйкес 

білім  беру  бағдарламалары  бойынша  әлемнің 

алдыңғы  қатарлы  университеттерінің  оқу 

жоспарымен үйлестіру; 

 

білім 



алушылардың 

ұтқырлығын, 

Болон процесінің ережелері мен принциптерін 

ескере отырып қызметкерлердің халықаралық 

білім  беру  процесіне  араласуын  және 

ұтқырлығын қамтамасыз ету; 

 

білім 



беру 

қызметі 


нарығында 

«АстМУ»  АҚ-тың  бәсекелестігін  арттырудың 

маңызды  құралы  ретінде  бірлескен  диплом 

бағдарламаларын енгізу және жүзеге асыру; 

 

университеттің  халықаралық  ғылыми 



қызметінің  дамуы,  ЖОО-ның  халықаралық 

ғылыми, 


ғылыми-практикалық 

және 


инновациялық  бағдарламалар  мен  жобаларға 

қатысу ауқымын және сапасын арттыру; 

 

«АстМУ» 



АҚ-тың 

халықаралық 

беделін  көтеру,  ол  үздік  халықаралық 

агенттіктерде  білім  беру  бағдарламаларының  аккредитациясына 

және рейтінгісіне қатысу арқылы жүзеге асырылады. 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

15

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

 Менеджмент жүйесі.  



Қызметін  үздіксіз  жетілдіру 

және 


қанағаттанушылық 

деңгейін 

арттыру,  өзінің    стейкхолдерлерінің  

үмітін  ақтау  үшін  жағдай  жасау 

мақсатында  Университет  2007  жылдан 

бастап  2000  және  2008  нұсқадағы 

халықаралық 

ИСО 


9000 

стандарттарына  сәйкестігіне  үш  рет 

сертификатталды, 

төмендегі 

менеджмент  құралдарын  қолданады: 

стратегиялық  менеджмент,  SWOT-

анализ, 

аутсорсинг, 

клининг, 

бенчмаркинг, 

үйлестірілген 

көрсеткіштер 

жүйесі, 

жобалық 


менеджмент,  HR-менеджмент,  ЖОО-

ның 


институционалдық 

аккредитациясының  стандарттары,  ҚР 

СТ 

ИСО/МЭК 


17025-2007 

зертханасынының 

аккредитация 

стандарты. 

2006 

жылдан 


бастап 

Университетке 

ИСО 

9000:2001 



халықаралық стандарты енгізілді. Сапа 

менеджментінің жүйесі. Талаптар. 

С  2006  года  в  Университете 

внедрен  Международный  стандарт 

ИСО 9000:2001. Система менеджмента 

качества. Требования. 

2007  жылы  Ұлыбританиядағы 

«Moody  international»,  ISO  9001:2000 

халықаралық 

стандарттарының 

талаптарына 

сәйкестігіне 

сертификациялық  аудиттен  өтті.  2007 

жылғы  11  шілдеде  Университетке 

халықаралық 

сертификаттау 

компаниясынан  сертификат  берілді, 

оның мерзімі 3 жыл, жыл сайын бақылау аудитін жүргізуі тиіс. 

2010  жылы  ЖОО  AFNOR  (Франция)  халықаралық  компаниясы  өткізген  жоғары 

медициналық  және  пара-медициналық  білім  беру  бойынша  ИСО  9001:2008  халықаралық 

сапа стандартына сәйкестілігіне сертификация аудиті өтті. 

2011  жылы  Сапа  бойынша  Еуропалық  ұйымының  (EFQM)  Кемелдік  моделінің 

концепциялары мен критерийлері енгізілді. 2011 жылдың қараша айында Университет EFQM 

Кемелдік моделінің «Кемелденуге талпыну» деңгейіндегі критерийлері мен концепциясының 

талаптарына  сәйкестігі  бойынша  валидация  өтті,  2012  жылдың  қараша  айында  –  EFQM 

Кемелдік моделінің 4 жұлдызы – «Танылған жетілдіру» деңгейінде өтіп, ал 2013 жылдың 23-

24  желтоқсанда  Университетің  басқару  жүйесі  EFQM-2013  Кемелдік  моделінің 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет