ЖЫПЫҚ-ЖЫПЫҚ <біреуге қарағанда көздің қайта-қайта ашылып-
жабылып, жыпылықтауын бейнелейтін еліктеуіш> *Ол есікке тақалып
үңіле қарады да, жыпық-жыпық етіп тұрған титімдей көздің астындағы
хабар беретін түймешені саусағымен ақырын басты (Т.Сүлейменов. Жұлдыз
адамы, 37). *Баланың кірпіктері жыпық-жыпық етіп, жасқана қағылды
(Ж.Нәжімеденов. Ақ шағыл, 116).
ЖЫПЫР-ЖЫПЫР <жыпырлап бір нәрсеге жиналған, құжынаған
заттың қалпын бейнелеу> *Жаз ортасында ғой, қазанда бырқ-бырқ қайнаған
87
құрттай жыпыр-жыпыр сапырылысып жатар еді (М.Қабанбаев. Кермек дәм,
343). *Дәйекші жігіттер жаққан оттар жыпыр-жыпыр етеді (І.Есенберлин.
Қаһар, 44).
ЖЫРБЫҢ-ЖЫРБЫҢ <~ ет: бекерден-бекер ыржақтап, орынсыз
күліп, жеңіл мінез көрсетуін бейнелеу>
ЖЫРҚ-ЖЫРҚ <мәнсіз-мағынасыз, қайта-қайта жырқылдап күлуді
бейнелейтін еліктеуіш> *Доңғалағы жырқ-жырқ еткен жеңіл машиналар
қаңсыған асфальтты қақырата жыртып жөңкіліп жатыр (Қ.Ысқақов.
Қараорман, 74). * Қарауындағы төрт-бес сушымен бірге арық жағалап,
үйіне келіп, отының басында жырқ-жырқ күліп отырса жетпей ме?
(Т.Нұрмағамбетов. Тұнық су, 110).
ЖЫРТАҢ-ЖЫРТАҢ <мәнсіз-мағынасыз ыржаң-ыржаң етіп, қайта-
қайта жыртақтап күле беруді бейнелеу> *Енді келіп оның баласымен
қатар отырып жыртаң-жыртаң күлуге ұялсаң етті! (М.Дүйсенов. Гүлжан
сүйеді, 9).
ЖЫРТЫҢ-ЖЫРТЫҢ <қара.: жыртаң-жыртаң> *Үзілісте бір
қызбен сөйлесіп, оңашалау тұрып қалсаң саған саусағын шошайтып,
сыртыңнан жыртың-жыртың күледі (А.Жақсыбаев. Боз арал, 76). *Жалт
ете қалған от сәулесі жалт етпе қазақтың өміріндей, арман мақсұтының
жыртың-жыртың шырақшысындай (О.Бөкеев. Үркер, 84).
- З -
ЗАҢҚ-ЗАҢҚ <~ ет: иттің арс-арс, саңқ-саңқ үруін бейнелейтін
дыбыс еліктеуіш> *Жан екпінмен атып шығып, сонадай жерге барып
артыма бұрылсам, дәу қызыл төбет менің соңымнан заңқ-заңқ етіп үріп тұр
(М.Қаназов. Ақ тайлағым-ай, 114).
ЗАР-ЗАР <~ ет: зар илеп, еңіреп жылау> *Ағакем, кеше гөр!–десіп кеп
зар-зар етеді (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 56).
ЗЕҢ-ЗЕҢ <~ сал: түйенің жазғы өріске шығарда, не өрістен ауылға
қайтарда ойнақтауы, құйрығын қымырып, шаншып, тұмсығын көтеріп
тайрақтауы (ҚТТС, 272)>
ЗУ-ЗУ <атқан оқ, ұшқан ракета, т.б. тез, зымырап қозғалатын
заттардың ауаны жарып өткенде естілетін дыбысына еліктеу> *Сол-ақ
екен зу-зу, ыс-ыс етіскен қозы жауырын сұр жебелер жауып кетті (С.Сматаев.
Елім-ай, 261). *Айналамнан оқ зу-зу үшкіріп өтеді (Ә.Нұршайықов. Ақиқат
пен аңыз, 193).
ЗЫҢ-ЗЫҢ <металды ұрғанда, құлақ шыңылдағанда қайталап шығатын
жіңішке дыбыс> *Қылышымды жарқ еткізіп қынабынан суырып алып,
маңдайыма көтере ұстап, әскери адыммен дік-дік басып, шпорларым зың-зың
етіп трибунаның алдына келіп маршалға салют бердім (Ә.Нұршайықов. Ақиқат
пен аңыз, 167).
88
ЗЫП-ЗЫП <~ бер: өте тез жүріп өтудің, жүрісіне көзі ілеспеудің
сипаты> *Бірақ қарт немересінің жұмыс орнынан ешқандай қоқтық-соқтық
көре алған жоқ еді, станогы зып-зып етіп, резкасы әлде бір детальді жоңқадай
жапырақтап жатқан. «Қу неме, жинап үлгірген ғой, шамасы, - деп ойлады
ішінен (Ә.Омарбаев. Кәрлен кесе, 88).
ЗЫР-ЗЫР <қатты айналып, зырылдап тұрған заттың қайта-қайта
шыққан зырылдаған дабысы> *Қазір де осы жағын еске алып біразы қорқып,
рентген десе зыр-зыр етіп жолатпайтыны содан (З.Шашкин. Доктор Дарханов,
83). * Зыр-зыр қаққан доңғалақтар лайсаң біткенді қара жолдың қойнынан
суырып алып жатқандай (О.Құсиманов. Лен. жас, 1).
ЗЫРҚ-ЗЫРҚ <1. заттың оқыс қозғалуынан қайта-қайта шыққан
дыбысқа еліктеу; 2. ауыс.: қатты өзгерісті жүректің сезінуі> *Жаңағы
кішкентай түрегеп жүргенге басым сынардай боп зырқ-зырқ етіп, төсегіме әрең
жеттім (Ә.Нұршайықов. Ақиқат пен аңыз, 100).
ЗІК-ЗІК <~ ет: қатты-қатты, қайталап шаңқылдау> *Тұла бойындағы
толған безге балта жүзі шақылдап зік-зік етіп алақанына қайта тебе берген соң
бұл бір рет кіжініп сілтеп еді (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 550).
ЗІРК-ЗІРК <~ ет: біреуге зіркілдеп, зекіріп ұрысқанды білдіретін дыбыс
еліктеуіші > *Күні кеше ғана көкірегін зірк-зірк қайнатқан өшпенділік жоғалған
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 175).
- И -
ИЗЕҢ-ИЗЕҢ <бірыңғай ырғақпен, итеңдеп, баяу ілгері қозғалуды
бейнелеу> *Қалың тоғай іші айдаһар жорғалап өткендей изең-изең ете қалды
(А.Нұрманов. Құланның ажалы, 11).
ИҚУ-ҚИҚУ <адамдардың дуылдасқан ию-қию, айғай-шуы> * Иқу-қиқу
басылып, Тына қалды табиғат. Сұлу сырын жасырып, Сыбырласты рақат
(Ө.Тұрманжанов. Өлеңдер, 91).
ИМЕҢ-ИМЕҢ <~ ет: бүгіліп-жазылып, маймаң-маймаң етіп жүруді
бейнелеу> *Ақыры имең-имең етіп шығып кетті (А.Нұрманов. Құланның
ажалы, 51). *Шөккен түйедей имең-имең еткені несі (Д.Еркінбеков. Шығ., 189).
ИРЕК-ИРЕК <иреңдеген, қисық-қыңыр (жол, көше, жазу т.б.)> * Ирек-
ирек тар көше, шым дуалдарды жағалай ұзақ жүріп, аяңмен келеді (С.Сматаев.
Елім-ай, 81). *Дәл табан астында ирек-ирек жіптіктей көк ала жолақ Весновка
өзені ағып жатыр (М.Мағауин.Таңд. шығ. ІІ том, 63).
ИРЕҢ-ИРЕҢ <бойын түзу ұстап жүре алмайтын адамның ирең-ирең
етіп, маймаң-маймаң етіп жүруін бейнелеу> *Меркен жуан, қызыл белдеулі
біреуін алды да, ирең-ирең еткізіп, қармағына кигізе бастады (М.Мағауин. Көк
кептер, 123). *Ай жарығында ирең-ирең қозғалған ақ түйе елеңсіз жатқан елдің
желкесіндегі ең соңғы қыр басына да иек артты (Р.Райымқұлов. Түйелі адам,
55).
89
ИТЕҢ-ИТЕҢ <итпектеп, итеңдеп жүрудің, қозғалыс-әрекеттің
сипаты> *Итіс-тартыс, изең-изең, итең-итең билер бірінен соң бірі биленіп,
Сәбиттің тіксініп есі шықты (Ә.Нұршайықов. Ақиқат пен аңыз, 74).
ИІР-ИІР <ирек-ирек, ирелеңдеген (жол, т.б.)> *Вагонның терезесінен
иір-иір ақбас тау поезбен жырысып жөңкіліп жатты (Ш.Мұртазаев. Бір нәзік
сәуле, 12).
- К -
КӘДІҢ-КYДІҢ <анау-мынау, ұсақ-түйек (әңгіме)> *Мейманхана
бөлмесінде кәдің-күдің әңгіме боп жатты (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 239).
КЕКЕҢ-СЕКЕҢ <мінезі орнықпаған, жауапты нәрсеге үстірт,
жеңіл-желпі қарайтын адамның (әсіресе жас қыз-келіншектердің) жүріс-
тұрысына тән жеңілтектік>
КЕКІРЕ-КЕКІРЕ <асқа тойып ішкен адамның қайта-қайта кекіреп
(ас қайыруы)> * Кекіре-кекіре сіміріп, «жақсылар» босатқан кеселерді
сыпырып жылпос жігіт жүр (Ж.Аймауытов. Шығ., 81).
КЕКІРЕҢ-КЕКІРЕҢ <~ ет: шалқақтап, кеудесін көтеріп, кекірейіп,
кекжиіп қарау>
КЕМСЕҢ-КЕМСЕҢ <~ ет: бет-әлпеті бұзылып, иегі дірілдеп, жылап
жіберуге аз қалу>
*Шалды айнала жүгіріп,
Кемсең-кемсең жылайды.
Түнде тұрып, жығылып,
Дат қылады құдайды…(І.Жансүгіров. Шығ., 236). *Шынымды айтсам,
Ася маған ет жақын қарындасымдай көрініп кетті. Кемсең-кемсең етеді. «Сен
тірі екенсің ғой! – дейді (Ә.Нұршайықов. Махаббат жырлары, 144).
КЕҢК-КЕҢК <~ жыла: дауысын үзіп-үзіп шығарып бүкіл денесін
солқылдатып жылау, күлу> *...Шоң мұрын Әбіш қария кеңк-кеңк күледі
(Ш.Мұртазаев. Интернат наны, 230).
КЕРДЕҢ-КЕРДЕҢ <жүріс-тұрысы кербез, керіліп-созылып, кердеңдей
басатын адамның сипаты> *Байжанбайда екі әйел бар. Оның үстіне жесір
қалған әменгерін тағы алыпты. Үш үйдің арасында елуден асқан шал аяғын
кердең-кердең басып жүр екен (Ғ.Мұстафин. Дауылдан кейін, 343).
КИТІҢ-КИТІҢ <қадамын жиі басып, кібіртіктеп, қадамын
мардымсыз басып жүруді бейнелейтін еліктеуіш> *Тұсаулы аттың китің-
китің жүрісіндей құрылысшының кірпіш санаған күйкі қимыл-қыбыры тағы
да мезі қып барады (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 71).
КӨСТЕҢ-КӨСТЕҢ <~ ет: 1. аяғын адымдай басып, ебедейсіз қозғалу;
2. ауыс. аузы-басын сүйреңдетіп, елге сөз бермеу> *Күректей қолыңды
көстең-көстең еткізіп өліп өшіп жабыстың да қалдың ғой, тегі. Байқа, ол
қыз мына менің қайынсіңілім. Сумаңдатпай тарт қолыңды (З.Жәкенов. Қайта
90
айналып келгенше, 129). *Ол аузы-аузына жұқпай, көстең-көстең етеді (Қазақ
әдебиеті).
КYБІР-КYБІР <екі, не одан көп адамның өзара елден оңашаланып
баяу сыбырлап сөйлегенін білдіретін дыбыс еліктеуіші> *Сонсоң күбір-күбір
сөз басталды Сүгірбайдың анық естігені бір-ақ ауыз сөз: «Бүгін түнде!» деді
Cәлімгерей (З.Шашкин. Таңд. шығ., 278). *Қасында болатын кездерінде шалдың
күбір-күбірі бір үзілмейді (С.Сматаев. Елім-ай, 237).
КYЖ-КYЖ <1. қайталанып, күжілдеп шыққан жуан дауыс;
2. күйлеген бұқаға шабыт беру үшін айтылатын сөз; 3. ауыс. біреуді-біреуге
егестіріп, айдап салғанда айтылатын сөз> *Мәселен мұнымен бірге қошқар,
бұқа және айғырлардың күйлеген аналық малға қарауына әсер ету мақсатында
қойт-қойт (қошқарға)]; күж-күж (бұқаға); құрайт-құрайт (айғырға) сияқты
сөздер де айтылатын (Х.Арғынбаев. Этнографиялық очерктер, 31).
КYЙБЕҢ-КYЙБЕҢ <күйкі тірліктің бітпейтін, таусылмайтын ұсақ-
түйек іс-әрекеттерінің сипаты>
*Ортақ тілге одағайлау мінгестім
Күйін кештім күйбең-күйбең күндестің («Ана тілі», №5, 06.02.03, 11). *
Үйдің күйбең-күйбең шәруәсімен жүрген әйел күннің қашан шығып, қалай
батқанын байқамай да қалады (Н.Ғабдуллин. Сен қымбатсың маған, 297).
КYЙБЕҢ-СYЙБЕҢ <қара.: күйбең-күйбең>
КYЛДІР-КYЛДІР <1. жылқының қайта-қайта, ұзақ-ұзақ кісінеуіне, т.б.
сол сияқты дыбыстарға еліктеуіш; 2. қара.: гүлдір-гүлдір> *Ат тұяғымен тас
түскен әйнектей күлдір-күлдір сынды (К.Сегізбаев. Біз қалада тұрамыз, 318).
КYЛІМ-КYЛІМ <жайдарлана, күлімдеп тұрған бет-әлпеттің бейнесі
> *Көк мұнара басы қатқан падишаны әжуалағандай күлім-күлім етеді
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 181). *Қыр басынан атырапқа көз жіберіп, күлім-
күлім етеді (Ғ.Мұстафин. Қарағанды, 7).
КYЛІҢ-КYЛІҢ <күлгіндеу, солғын тартқан заттардың бейнесі>
*Сұлу жылқының тостағандай төңкерілген күлің-күлің сауырын ойда жоқта бір
қыдыртып алғысы келгендей... (Ә.Кекілбаев. Yркер, 131). *Терезе алдына келген
ханша күлің-күлің етіп құлпырып тұрған жаңа мұнараны көрді (Ә.Кекілбаев. Бір
уыс топырақ, 143).
КYМБІР-КYМБІР <іші бос, күмбезді ғимараттың ішіне кіріп
сөйлегенде, домбыра ішегін қағып-қағып жібергенде шығатын үнін, аттың
кісінеуін бейнелейтін дыбыс еліктеуіші> *Жігіт домбырасын күмбір-күмбір
қағып-қағып жіберді де, тез қайырып жұмбақтың шешуін айтты (С.Сматаев.
Елім-ай, 163).
КYҢГІР-КYҢГІР <күмбезді кең ғимарат, ішінде сөйлегенде, домбыра
тартқанда шығатын дыбысты білдіретін еліктеуіш> *Құлаққа күңгір-күңгір
дауыстары келеді (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 718).
91
КYҢК-КYҢК <ашық емес, міңгірлеп, мұрнының астымен сөйлеген
сөздің дыбысын білдіретін еліктеуіш; 2. ауыс. жасырын-жабық айтылатын
өсек-аяң> *Адамға қадалған жұрт көзі мен құлағына анық жетпейтін күңк-
күңк жұрт сөзінен өткен азап бар дейсіз бе? (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ,
98). *Журналистер ауыл адамынша оңашаланып, таяқ сілтем жерде күңк-
күңк сөйлесіп тұрды (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 88).
КYҢКІЛ-КYҢКІЛ <қара.: күңкіл-сүңкіл> *Анадай жерде
талдырмаш жас жігіт пен семсер мұрт орыс күңкіл-күңкіл сөйлесіп тұр
екен (З.Шашкин. Таңд. шығ., 56).
КYҢКІЛ-СYҢКІЛ <адамдар арасында, ел ішінде, ұжымдарда
болатын ұсақ-түйек, өсек-ғайбат т.б. осы сияқты әңгімелер; ашық
айтылмай, жасырын түрде, сыбырласып, күңкілдеп айтылатын майда
сөздер> *Көпшілік арасынан күңкіл-сүңкіл шыға бастады (О.Сәрсенбаев.
Таңд. шығ., 1, 60). *Баяғы іштарлық. Тек күңкіл-сүңкілден аса алмады
(М.Мағауин. Шығ., 147).
КYҢКІЛ-ШYҢКІЛ <қара.: күңкіл-сүңкіл>
*Әйелдер күңкіл-шүңкіл сөйлесіп, бет шымшысты (Т.Әлімқұлов.
Кертолғау, 90).
КYР-КYР <күрілдеген, күркіреген дыбыстың үзіліп-үзіліп, қайталанып
шығуын бейнелейтін еліктеуіш>
КYРК-КYРК <қайталанып, дүркін-дүркін шығатын (күрік тауықтың,
жөтелдің т.б.) дыбыс еліктеуіші> *Өңі қашып, екі ұрты суланып, өкпесі
қабынып күрк-күрк жөтеліп отыр (С.Сматаев. Елім-ай, 284). * Күрк-күрк жөтелген
Қазы есіктің ілгегін әрең ағытты (М.Мағауин. Таңд. шығ., ІІ том, 17).
КYРП-КYРП <малды сауғанда сүтінің шелектің, қауғаның түбіне,
ондағы сүтке соқтығысуынан күрп-күрп етіп қайталанып шығатын дыбысты
бейнелейтін еліктеуіш> *Бәлкім, асып-сасып үстінен, көне киімінен, күрп-күрп
еткен керзі етігінен қорланды ма? (Б.Сарбалаев. Қызыл алма, 11). *Экскаватордың
болат мойыны тез-тез айналады, ожау тісі сулы топыраққа күрп-күрп сіңіп кетіп,
батқан жерін ойсырата қопарып жатыр (Ш.Шалқаров. Серіккөл,145).
КYРС-КYРС <ауыр да биік заттың бірінен соң бірі жерге құлағанда
шығатын дыбысын бейнелейтін еліктеуіш> *Шошалаңдаған қағілез сеңдер
тұмсығын жұлдырып, күрс-күрс сынып, басы зеңіп шыр көбелек айналады
(Ж.Аймауытов. Шығ., 74).
КYРТ-КYРТ <күрт-күрт үзіп жеген шөпті малдың күртілдете
шайнаған дыбысын, не адамның арқасын уқалап, желін үзгенде шығатын
дыбысын бейнелейтін еліктеуіш> *Сүймені әр тиген сайын тақтай тас
күрт-күрт омырылады (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 255). *Сасырдың
сояу сабағын күрт-күрт кемірген екі есек, біреуі – өңгі, біреуі – мөш
(Ш.Мұртазаев. Ай мен Айша, 196).
92
КYТІР-КYТІР <қатты, құрғақ нәрсені қайта-қайта шайнағанда
шығаратын дыбыс бейнелеуіші> *Арпа берсең, атқа бер – күтір-күтір
шайнасын,Қызды берсең, жасқа бер – құшақтасып ойнасын.
КІЛК-КІЛК <~ ет: шылқылдаған майлы тамақтың (сары май, шыны май
т.б. майлардың) бойға сіңбей, ас қазанда кілк-кілк етіп қалқып, көңілді бейжай
ету әрекетін бейнелейтін еліктеуіш> *– Жоқ, шың үсті керім от, іріп тұр екен.
Несін айтасын, бой алып өскен сарбалаң бұйырғын кілк-кілк етеді, – деді Рай
(Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 178).
КІЛТ-КІЛТ <буын-буынды жел ұстап қалғанда қимыл-әрекеттің
тұрақсызданып, кілтілдеп қалуын бейнелейтін еліктеуіш> *Әсіресе кілт-кілт
етіп екі ұршығы бастырмайды (Т.Дәуренбеков. Таң атып келеді, 86).
КІРЖІҢ-КІРЖІҢ <~ ет: жақтырмай, жан дүниесі ұнатпай тұрғандағы
адамның іштей қарсылығын кіржіңдеп кіжінуі арқылы білдіруі> *Арқасы удай
ашып тұрған болу керек, кіржің-кіржің етеді (Т.Дәуренбеков. Таң атып келеді, 70).
КІРТ-КІРТ <қатты, құрғақ тамақ түрін тіспен тістеп, шайнағанда
шығатын еліктеуіш бейнесі> *Ауыр салмақпен астында қозғала алмай қалған
баланың екі жақ қабырғаларын кірт-кірт еткізіп тырналай бастады. –Білесің
бе? Бересің бе? (Ә.Әмеров. Алыстағы арманым, 103). *Кәрі диқанның құрысқан
денесі жазылып, адам сипатына қосылып қалды. Қазандай үлкен қара кетпенін
құлаштай сермеп, тарау-тарау тамыр жайып жатқан шеңгелдің түбіріне қиялай
соққанда, кірт-кірт кесіп түсе береді (О.Сәрсенбаев. Жақсының көзі, 33).
КІРТІҢ-КІРТІҢ <бір нәрсені ұнатпай, жақтырмай қайта-қайта
кіртие беруді бейнелеу>
КІШ-КІШТЕ <1. сәбиді тосқанда «кіш-кіш» делініп қайталанып
айтылатын айтылуға тиісті сөздің дыбысталуы; 2. малшы қауымның қой-
ешкі малын айдап бағуында қолданылатын сөз> *Сәбиін тосқан Бағиланың
кіш-кіштеген дыбысы естілді (ҚТС, 349).
КІШТ-КІШТ <қара.: кіш-кіш>
*– Мен бала емес, «кішт-кішт», деп, қолды шошайтса алданып мәз
болатын (З.Шашкин. Таңд. шығ., 292). * Кішт-кішт деп мал қайырған
кәрілерше қарайсың (Х.Есенжанов. ҚТС, 349).
- Қ -
ҚАБЫЛ-ҚҰБЫЛ <асығып-үсігіп, апыл-ғұпыл...> * Қабыл-құбыл
бірдемені жеді де, шинелін төсеп жатып қалды І.Есенберлин. Айқас, 49).
ҚАДАҢ-ҚАДАҢ <~ жүр: аяғын тез де ширақ басып, қадаңдап жүру>
* Қадаң-қадаң көзге түсетін жатаған бұталардың өзі ақ мамыққа оранып, ақ
қалаға ұқсайды (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 112).
ҚАДАҢ-ҚҰДАҢ <адамның, малдың аяғын ширақ басып, жеңіл
жүруінің сипаты>
93
ҚАЖАҚ-ҚҰЖАҚ <~ ет: ауызға түскенін қажақтап шайнап, талғажу
ету>*Ең қуаныштысы, аш малға қажақ-құжақ тауып берді (А.Нұрманов.
Құланның ажалы, 297).
ҚАЖАҢ-ҚҰЖАҢ <қажып жейтін етке...> *...жіліншігің жылан
қарағы үзілермен болып отырған аш-арықтың ауызын қызылдап, қажаң-
құжаңға қарық қылады ғой (Ә.Кекілбаев. Yркер, 241).
ҚАЗДАҢ-ҚАЗДАҢ <~ ет: аяғы аяғына жұқпай, тез-тез басып жүру>
*Екеуі қатар аяңдады. Бақтың қақпасына дейін Әли біреу итермелеп, не сүйрелеп
әкетіп бара жатқандай аяғын әр жерден бір басып, қаздаң-қаздаң етті де, қақпадан
шыға бере қайтадан сұлқ түсіп, Қабеннің иығына асылып қалды (З.Қабдолов.
Жалын, 150). *«Үлгілі колхозы сол көшенің бойында төмен жақта. Аяғым қаздаң-
қаздаң етіп Тынымжан үйіне келе жатырмын (Б.Соқпақбаев. Бастан кешкен, 164).
ҚАЗ-ҚАЗ <аяғын жаңа басып, жүре бастаған сәбиге айтылатын
ишарат сөз – «қаз-қаз, тәй-тәй!»> *Бұлардың шеруі аяғын қаз-қаз баса
бастаған тауықтың ақ үрпек шібиін қызық көріп ерген үйрек шоғырына
ұқсайды (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 35).
ҚАЙҚАҢ-ҚАЙҚАҢ <~ ет: басын көтеріп, кеудесін шалқайтып,
аяғын алшаңдата басып, менменсіп жүрудің сипаты> *Жыртқыштың бір
жақ езуінен салақтап түскен тілі жыланның басындай қайқаң-қайқаң етеді
(Т.Ахтанов. Боран, 179). *Емшектегі баласын кеудесіне қысып алған Ираида
Иванованы бірден таныдым. Етегі желпілдеп, қайқаң-қайқаң жүгіреді
(Т.Ахтанов. Шырағың сөнбесін, 66).
ҚАҚАҢ-ҚАҚАҢ <~ ет: аяғын өте ширақ, жұлынып-жұлынып басуды
білдіретін бейнелеуіш>
ҚАҚАҢ-СҰҚАҢ <қақаңдаған жүріс-тұрысы жоқ, жат мінез
танытпайтын адамға қатысты сипаттама> *Қақаң-сұқаңмен, сөзбен ісі
жоқ, шаруа баққан жан (І.Қожабаев. Ұя, 30). *Өзі момын, қақаң-сұқаңы жоқ,
жұмысы мен үй шаруасын ғана біліп, өз бетімен тек жүреді (А.Байтанаев.
Қансонар, 219).
ҚАҚҚЫ-СОҚҚЫ <~ көр: ылғи біреудің ұрып-соғып, зәбірлеуін, қорлық-
зорлығын көру> *Қашан болса да бай-бәйбіше, келін-кепшек, бала-шағадан
Жақсылық қаққы-соққы көретін (М.Әуезов. Әңгімелер мен пьесалар, VІ
том, 103). *Патшалық заманда қаққы-соққы көріп, қуылған әкелеріміз сонау
Молдавиядан жер ауып, қазақ даласына қоныстанған екен (Ә.Фәтихов. Соц.
Қазақстан, 16.04.1967).
ҚАҚ-СОҚ <~ ғы жоқ: арам ой, қулық-сұмдығы жоқ> *...Қақ-соқпен
жұмысы жоқ, өз ісіне мығым еді (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 19).
ҚАҚШАҢ-ҚАҚШАҢ <~ ет: басын қақшаңдатып, жұлынып-
жұлқынып, қақаңдаған әрекет көрсету> *Қолдар саушылықтағы қалпына
қайта түсіп, қақшаң-қақшаң етеді (А.Ханкелдин. Өткен күндер, 222).
94
ҚАЛБАЛАҢ-ҚҰЛБАЛАҢ <~ ет: қалбалақтап-құлбалақтап, құрақ
ұшып, бқйек болып, жаны қалмай қызмет көрсету>
ҚАЛБАҢ-ҚҰЛБАҢ <кейбір адамдардың аяғын жеңіл, елпеңдей
(басуы)> *Қартқожа қалбаң-құлбаң, қамыт, доға, «қорадан қара», шошақ үйде
үш солдат, ортасында, жабу үстінде жас қатын... зәресі ұшты (Ж.Аймауытов.
Шығ., 120). * Қасен қалбаң-құлбаң етіп қап:
ҚАЛДЫР-ҚҰЛДЫР <~ ет: далпылдап, жалпылдап, мазасы кету,
берекесіздену, әуре-сарсаң болу>
ҚАЛТАҚ-ҚАЛТАҚ <қара.: қалтаң-қалтаң>
ҚАЛТАҢ-ҚҰЛТАҢ <~ ет: бір орында аяғын нық басып тұра алмай,
ілгері-кейін теңселіп, қайта-қайта қалтаңдау> *-Аяғын әзер басып, қалтаң-
құлтаң жүрген көсемдерден халық мезі болды... (ХХІ век, №24, 18.1999).
ҚАЛТ-ҚАЛТ <~ ет: аяғын нық басып тұра алмай қалт-қалт етіп
(теңселу)> *Буындары қалт-қалт етеді (Т.Дәуренбеков. Таң атып келеді, 54).
ҚАЛТ-ҚҰЛТ <әсіресе қартайып, қатты ауырып, бойынан күш-қуаты
кеткен адамның аяғын тәлтіректеп әрең басып жүрудің бейнелі сипаты>
*Әнеки, өзге қызметшілердей елпең ете қалмай, қалт-құлт тізесін нығыз
ұстауға тырысып, керіле басып келеді (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 40).
ҚАЛТАҚ-ҚҰЛТАҚ < қара.: қалтаң-құлтаң > *...Екі көз зорға
жылтырайтын қалтақ-құлтақ мүскіндерді көргенде, қу баста топырақтан
жаратылсақ жаратылған шығармыз деп ойлайсың (Ә.Кекілбаев. Yркер, 264).
ҚАЛШ-ҚАЛШ <~ ет: суықтан қатты тоңып, тісі-тісіне тимей
қалшылдады; қатты қорқып, қалш-қалш етті> *Тапал сары қалш-қалш
етеді (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 290). *Жаны шошынғандай зор тұлғасы
қалш-қалш етті (Ш.Мұртазаев. Интернат наны, 214).
ҚАҢҚ-ҚАҢҚ <~ ет: қайта-қайта қаңқ-қаңқ етті, қаңқылдады>
ҚАПЫЛ-ҚҰПЫЛ <өте асығыс, қарбалас қимыл бейнесі> *Тымағын
қапыл-құпыл сыпырып алды басынан. (Ғ.Мұстафин. Дауылдан кейін, 240).
*Ауыздығына «бір тал шөп» тимеген бейшаралар қапыл-құпыл бір-екі асады
да ... қасықтарын табаққа сүйей салды... (Ғ.Мүсірепов. Жат қолында, 203).
Достарыңызбен бөлісу: |