3-топ: Екі буынды бастапқы түбірдің сол тұлғасында қайталануынан
жасалған күрделі еліктеуіш сөздер ағараң-ағараң, адыраң-адыраң, алаң-
алаң, алшаң-алшаң, арбаң-арбаң, арсалаң-арсалаң, арсаң-арсаң, әкірең-
әкірең, бағжаң-бағжаң, бадыраң-бадыраң, бажалаң-бажалаң, бажаң-бажаң,
бажыраң-бажыраң, балпаң-балпаң, бедірең-бедірең, бортаң-бортаң, бұлаң-
бұлаң, бұлғаң-бұлғаң бұлтың-бұлтың, бұлың-бұлың, бұралаң-бұралаң,
бұраң-бұраң, бұртаң-бұртаң, бүгжең-бүгжең, бүгежең-бүгежең, бүкшең-
бүкшең, бүкшің-бүкшің, бүрсең-бүрсең, быжың-быжың, быртың-быртың,
далаң-далаң, далбаң-далбаң,
далдаң-далдаң, делбең-делбең, домалаң-
домалаң, дікең-дікең, дікің-дікің, едірең-едірең, елбең-елбең, елбелең-
елбелең, елең-елең, елпең-елпең, емпең-емпең, ербелең-ербелең, ербең-
ербең, ерсең-керсең, жалаң-жалаң, жалбаң-жалбаң, жалмаң-жалмаң, жалпаң-
жалпаң, жалтаң-жалтаң, жарбаң-жарбаң, жаутаң-жаутаң, желбең-желбең,
желең-желең, жортаң-жортаң, жылмаң-жылмаң, жылмың-жылмың, жылтың-
жылтың, жымың-жымың, жыртаң-жыртаң, жыртың-жыртың, имең-имең,
ирелең-ирелең, кемсең-кемсең, кердең-кердең, китің-китің, көлбең-көлбең,
көлең-көлең, күбің-күбің, күйбең-күйбең, күлмең-күлмең, кілтің-кілтің,
кіржің-кіржің, қадаң-қадаң, қайқаң-қайқаң, қақаң-қақаң, қалбалаң-қалбалаң,
қалбаң-қалбаң, қалпаң-қалпаң, қалтаң-қалтаң, қараң-қараң, қаужаң-қаужаң,
қиқаң-қиқаң, қипаң-қипаң, қиралаң-қиралаң, қодаң-қодаң, қодыраң-қодыраң,
қожаң-қожаң, қожыраң-қожыраң, қойқаң-қойқаң, қоқаң-қоқаң, қоқшыраң-
қоқшыраң, қоқыраң-қоқыраң, қолбаң-қолбаң, қопаң-қопаң, қорбаң-қорбаң,
қортаң-қортаң, қутаң-қутаң, қутың-қутың, құйтың-құйың, құнжың-құнжың,
құржаң-құржаң, құржың-құржың, қыдың-қыдың, қызараң-қызараң қылаң-
қылаң қылжаң-қылжаң қылмаң-қылмаң қылмың-қылмың, қылтың-қылтың
маймаң-маймаң малжаң-малжаң, мәймаң-мәймаң, митың-митың, мұқың-
мұқың, одыраң-одыраң, өңкең-өңкең, салаң-салаң, салбаң-салбаң, салпаң-
салпаң, салтаң-салтаң, секең-секең, селтең-селтең, серең-серең, сипаң-
сипаң, сойдаң-сойдаң, сопаң-сопаң, сораң-сораң, сумаң-сумаң, сүмең-сүмең,
сүмелең-сүмелең, сыйдаң-сыйдаң, сылаң-сылаң, сыпсың-сыпсың, тайраң-
тайраң талтаң-талтаң, тарбаң-тарбаң, телмең-телмең, тепең-тепең, томпаң-
томпаң,тылтың-тылтың, тымпың-тымпың, тырбаң-тырбаң, тырбың-тырбың,
шоқаң-шоқаң, шошаң-шошаң, ырбаң-ырбаң, ырғаң-ырғаң, ыржалаң-
ыржалаң, ыржаң-ыржаң, ыржың-ыржың, шүпір-шүпір, шықыр-шықыр,
шылдыр-шылдыр, шылдыр-шөлдір, шіңгір-шіңгір.
40
4-топ: Екі буынды бастапқы түбірдің қайталанған екінші сыңарындағы
дауысты не дауыссыз бір дыбыстың өзгертіліп айтылуы арқылы немесе ол
екінші сыңарға бір-екі дауысты-дауыссыз дыбыстардың қосылып айтылуы
арқылы жасалынған күрделі еліктеуіш сөздер: алаң-бұлаң, алақ-жалақ, алаң-алаң,
алаң-бұлаң, алшаң-алшаң, апыл-тапыл, арбаң-арбаң, арбаң-ербең, арбаң-құрбан,
арпыл-тарпыл, арса-арса, арсаң-арсаң, асыр-тасыр, асыр-тұсыр, әңкі-тәңкі, әптар-
тәптар, бағжаң-бағжаң, бажаң-бұжаң, балдыр-балдыр, балдыр-бұлдыр, балпаң-
балпаң, бытыр-бытыр, батыр-бұтыр, батыр-пұтыр, бортаң,-бортаң, будақ-будақ,
бұлаң-бұлаң, бұлғаң-бұлғаң, бұлдыр-бұлдыр, бұлтың-бұлтың, бұлтаң-сылтаң,
бұлтың-сылтың, бұлың-бұлың, бұраң-бұраң, бұртаң-бұртаң, бұртаң-жыртаң,
бүгжең-бүгжең, бүкшең-бүкшең, бүкшің-бүкшің, бүрсең-бүрсең, быжың-быжың,
быжың-тыжың, бықыр-бықыр, былдыр-былдыр, быртың-быртың, дабыр-дұбыр,
далаң-далаң, далаң-дұлаң, далбаң-дұлбаң, далбаң-далбаң, далдаң-далдаң, далдаң-
дұлдан, дардаң-дұрдаң, делбең-делбең, дүрік-дүрік, дыңғыр-дыңғыр, дікең-дікең,
дірдек-дірдек, елбең-елбең, елбең-желбең, елең-алаң, елең-елең, елпең-елең,
елпең-селпең, ербең-ербең, жабыр-жұбыр, жалақ-жалақ, жалақ-жұлақ, жалба-
жұлба, жалбаң-жалбаң, жалбыр-жалбыр, жалбыр-жұлбыр, жалмаң-жалмаң,
жалпаң-жалпаң, жалтақ-жалтақ, жалтаң-жалтаң, жалтаң-жұлтаң, жапыр-жұпыр,
жарбаң-жарбаң, жаутаң-жаутаң, желбең-желбең, желең-желең, жортаң-жортаң,
жымың-жымың, жылтың-жылтың, жыпыр-жыпыр, жыртаң-жыраң, жыртың-
жыртың, имең-имең, кекең-секең, кемсең-кемсең, кердең-кердең, керсең-
керсең, китің-китің, көлең-көлең, көлбең-көлбең, күбің-күбің, китің-китің,
күйбең-күйбең, күлмең-күлмең, кілтің-кілтің, кіржің-кіржің, кілтің-кілтің,
кіржің-кіржің, қадаң-қадаң, қайқаң-қайқаң, қайқаң-құйқаң, қақаң-қақаң,
қақң-сұқаң, қалбаң-қалбаң, қалдыр-құлдыр, қалдыр-шұлдыр, қалтаң-қалтаң,
қалтаң-құлтаң, қаңғыр-даңғыр, қаңғыр-күңгір, қаңғыр-гүңгір, қапыл-құпыл,
қараң-қараң, қараң-құраң, қарбаң-құрбаң, қатырқатыр, қатыр-құтыр, қаудыр-
қаудыр, қаужаң-қаужаң, қашыр-қашыр, қашыр-құшыр, қиқаң-қиқаң, қиқаң-
сиқаң, қипақ-қипақ, қипаң-қипаң, қипаң-сипаң, қодаң-қодаң, қожаң-қожаң,
қойқаң-қойқаң, қойқаң-сойқаң, қолбаң-қолаң, қомпаң-қомпаң, қопаң-қопаң,
қорбаң-қорбаң, қортаң-қортаң, қутың-қутың, құйтың-құйтың, құлдыр-
шұлдыр, құржаң-құржаң, құнжың-құнжың, қыбыр-жыбыр, қыбыр-сыбыр,
қыдың-қыдың, қылаң-қылаң, қылаң-сылаң, қылжаң-қылжаң, қылмың-
қылмың, қылтың-сылтың, қтыр-қытыр, маймаң-маймаң, малжаң-малжаң,
мәймаң-мәймаң, митың-митың, мұқың-мұқың, міңгір-міңгір, олпаң-солпаң,
өңкең-өңкең, патыр-патыр, патыр-пұтыр, пытыр-пытыр, сақұр-сұқыр, салақ-
салақ, салаң-салаң, салаң-сұлаң, салбаң-салбаң, слдыр-гүлдір, салдыр-
күлдір, салдыр-сұлдыр, салпаң-салпаң, самбыр-самбыр, самбыр-күмбір,
сатыр-күтір, сатыр-сатыр, сатыр-сұтыр, саудыр-саудыр, секең-секең, селтең-
селтең, серең-серең, сипаң-сипаң, сойдаң-сойдаң, соқақ-соқақ, сопаң-сопаң,
41
сораң-сораң, сорап-сорап, судыр-судыр, сумаң-сумаң, сүмең-сүмең, сыбдыр-
сыбдыр,сыбыр-күбір, сыбыр-сыбыр, сыйдаң-сыйдаң, сықыр-сықыр, сылаң-
сылаң, сылдыр-сылдыр, сылдыр-күлдір, сыпсың-сыпсың, сытыр-сытыр,
тайраң-тайраң, талтаң-талтаң, тапыр-тұпыр, тарбаң-тарбаң, тасыр-тұсыр,
телмең-телмең, тепең-тепең, томпаң-томпаң, тықыр-тықыр, тымпың-
тымпың, тырбаң-тырбаң, шақұр-шұқыр, шаңғыр-шалдыр, шапыр-шапыр,
шатыр-шұтыр, шоқаң-шоқаң, шүпір-шүпір, шықыр-шықыр, шылдыр-
шылдыр, шымыр-шымыр, шіңгір-шіңгір, ызу-қию, ызың-ызың, ылпың-
жылпың, ырбаң-жырбаң, ырбаң-ырбаң, ырғаң-ырғаң, ыржың-тыржың.
5-топ: Үш буынды бастапқы түбірдің сол тұлғасында қайталануына
жасалған күрделі еліктеуіш сөздер бажалақ-бажалақ, бажалаң-бажалаң,
жыпылық-жыпылық.
6-топ: Үш буынды бастапқы түбірдің қайталаған екінші сыңарында
бір дауыссыз дыбыстың қосылып айтылуы арқылы жасалынған күрделі
еліктеуіш сөздер ағараң-ағараң, адыраң-адыраң, апырақ-тапырақ, арсалаң-
арсалаң, әкірең-әкірең, бадыраң-бадыраң, бажалақ-бажалақ, бажыраң-
бажыраң, бүгежең-бүгежең, домалаң-домалаң, едірең-еірең, жыпылық-
жыпылық, елбелең-елбелең, емпелең-емпелең, ербелең-ербелең, ирелең-
ирелең, қалбалақ-қалбалақ, қиралаң-қиралаң, қиралаң-сиралаң, қодыраң-
қодыраң, қожыраң-қожыраң, қоқыраң-қоқыраң, қоқшырақ-қоқшыра,
қызараң-қызараң, одыраң-одыраң, сүмелең-сүмелең, ырғалаң-жырғалаң,
ыржалаң-ыржалаң.
Еліктеуіш сөздердің лексика-грамматикалық көрінісі
Қазақ тіліндегі имитатив категориясы тек бір тілге ғана тән жалқы
категория емес, ол түркі тілдерінің баршасына тән, тіпті олардан басқа да
көптеген тілдерде кездесетін әмбебап құбылыс дедік. Осыған байланысты
жалпы осы құбылысқа бағышталған зерттеулердің қол жеткендеріне тоқталып
шолу жасауды, олардың ортақ заңдылықтар мен айырмашылықтарын ашуға
тырысамыз.
Әрбір тіл – өзі қызмет ететін қауымның мүддесін тиімді де толық атқару
үшін ылғи да сол қауымның өзімен бірге дамып, жаңғырып-жаңаланып,
толассыз толығып отыратын жанды құбылыс. Ал, сол тілдің тұрақты
дамып отыруының бір бұлағы – сөзжасам процесі. Тілдің жаңа сөздермен
толығып отыруы ғасырлар бойы қалыптасқан әр алуан сөзжасам тәсілдеріне
байланысты.
Кез келген тілде сөзжасам тәсілі, бір жағынан, негізгі сөздік қоры мен
грамматиканы байланыстырушы көпір іспетті қызмет атқарса, екінші жағынан,
жаңа сөз құраушы элементтердің өзара байланысы мен тұлғасын (формасын)
анықтаушы құрылымдық жүйесіне жатады. Демек, әрбір тілге тән сөзжасам
42
тәсілдерін айқындау – сол тілдің барша құрамдық (структуралық) болмысын,
тілдік табиғатын танып-білу деген сөз.
Әрбір тілдің өзіне ғана тән, не бір топ туыс тілдерге ортақ сөзжасам
тәсілдері болады. Демек, бұл – кез келген сөзжасам тәсілінің ортақ
ерекшеліктерімен қатар, өзіндік айырмашылықтарының да болуы мүмкін
деген сөз. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қос сөздердің жасалу тәсілдері кейбір
тілдерге тән өзіндік ерекшеліктері бола тұрса да, түркі тілдерінің баршасына
ортақ құбылыс.
Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздердің баршасы өзара мағынасына, өзі қатысты
болмыстағы тақырыбына қатысты жасалу жағынан, «бір қазанда қайнаған»
біртұтас құбылыс ретінде, ортақ сөзжасам модельдері арқылы жүзеге асады.
Енді бұл мәселеге кеңінен тоқталу жөн деп тауып, олардың синтетикалық,
аналитикалық сөзжасам үлгілерін төменде бөліп қарастырмақпыз.
Еліктеуіш сөздер категориясында қалыптасқан екі түрлі сөзжасам
моделінің көне түріне ғалымдар синтетикалық, яғни грамматикалық
көрсеткіштер арқылы жүзеге асатын сөзжасам моделін жатқызады. Бұл
тұжырымның дүрыстығын басқа сөз таптарына карағанда еліктеуіштер
арқылы айқын да нақтылы дәлелдеуге болады. Енді осы сөзжасам үлгілерінің
біз қарастырып отырған еліктеуіш сөздердің үлгілерін алып, бас-аяғын
жинақтап, бір жүйеге салып қарайтын болсақ, қазақ тіліндегі іс-әрекет, қимыл-
қозғалыстар мен қалып-күйді білдіретін еліктеуіш, елестеуіш және бейнелеуіш
етістіктердің 11 сөзжасам модельдері анықталды.
БІРІНШІ МОДЕЛЬ
-ақ+та-//-ек+те-; -ық+та-//-ік+те-:
А: абалақта-, айтақта-, алақта-, апақта-, апалақта-, апырақта-;
Ә: әкіректе-; Б: бажалақта-, безекте-, бұлғақта-, бұлтақта-, бүлкекте-,
былғақта-, былдырақта-; Д: далақта-, дедекте-, дірдекте-; Е: елбекте-,
ебелекте-, елпекте-; Ж: жайнақта-, жалақта-, жалбалақта-, жалпақта-,
жалтақта-, жапақта-, жапалақта-, жарбақта-, жарбалақта-, жортақта-,
жылмақта-, жыпылықта-, жырбақта-, жыртақта-; И: изекте-, итекте-;
К: кекшекте-, көкекте-, көлбекте-, көлбелекте-, күбжекте-, күйбекте-,
күйгелекте-, кібіртікте-; Қ: қайқақта-, қақшақта-, қалбақта-, қалбалақта-,
қалжақта-, қалтақта-, қалтырақта-, қалықта-, қаңғалақта-, қапалақта-,
қибыжықта-, қипақта-, қойқақта-, қоқақта-, қопалақта-, қыбыжықта-,
қызақта-, қылжақта-, қылтақта-, қыпылықта-, қыпықта-; М: мылжалақта-,
Ө: өкпекте-, өкіректе-; П: пыштақта-; С: салақта-, cалпақта-, салпаңда-,
салтақта-, сандырақта-, сапақта-, сатқақта-, сатпақта-, секекте-,
селтекте-, сөлпекте-, сұқақта-, сүмелекте-, сыздықта-, сыйпақта-,
сықылықта-, сылтықта-; Т: тайсақта-, тақақта-, талтақта-, тапырақта-,
тарбақта-, тәлтекте-, тәлтіректе-, текекте-, текіректе-, титақта-,
43
тоқпақта-, тоқырақта-, тұштақта-, тызақта-, тықақта-, тырбақта-,
тыржақта-, тыртақта-, тышырақта-, тікекте-; Y: үлпекте-, үлпелекте-;
Ш: шайқақта-, шайқалақта-, шалғалақта-, шалқақта-, шалықта-,
шапалақта-, шарықта-, шойтақта-, шоқақта-, шоқалақта-, шоқшаңда-
,шолталақта-, шыбжақта-, шыбжықта-, шыжбақта-, шыжбалақта-,
шыжалақта-, шыжбықта-, шықылықта-, шікіректе-; Ы: ырғақта-,
ырғалақта-, ыржақта-;
ЕКІНШІ МОДЕЛЬ
-аң+да- // -ең+де-; -ың+да- // -ің+де-:
А: абалаңда-, адыраңда-, ажыраңда-, ақсаңда-, ақшаңда-, ақыраңда-,
алаңда-, албалаңда-, албаңда-, алпаңда-, алшаңда-, аңқалаңда-, аңқаңда-,
аңыраңда-, апалаңда-, апаңда-, апыраңда-, арбаңда-, арсаңда-, арсалаңда-;
Ә: әкіреңде-; Б: бағжаңда-, бадыраңда-, бажаңда-, бажыраңда-, байпаңда-,
бақыраңда-, балпаңда-, барбаңда-, барпаңда-, бедіреңде-, безеңде-, бипыңда-,
бодыраңда-, болпаңда-, борпаңда-, борсаңда-, бортаңда-, бұлаңда-,
бұлғалаңда-, бұлғаңда-, бұлдыраңда-, бұлталаңда-, бұлтаңда-, бұлтыңда-,
бұлыңда-, бұралаңда-, бұраңда-, бұртаңда-, бұртыңда-, бүгжеңде-, бүкеңде-,
бүкшеңде-, бүкіреңде-, бүрселеңде-, бүрсеңде-, быжыңда-, быйпыңда-,
былғаңда-, былпыңда-, быртыңда-; Д: далаңда-, далбалаңда-, далбаңда-,
дарбаңда-, дәлдіңде-, делбеңде-, делдеңде-, делеңде-, долбаңда-, домалаңда-,
дызыңда-, дікеңде-; Е: ебелеңде-, едіреңде-, ежіреңде-, елбелеңде-, елбеңде-,
елеңде-, елпелеңде-, елпеңде-, елпелеңде-, елтеңде-, емпелеңде-, емпеңде-,
еңкеңде-, епелеңде-, ербелеңде-, ербеңде-; Ж: жайқаңда-, жайнаңда-,
жайраңда-, жайтаңда-, жалаңда-, жалбалаңда-, жалбаңда-, жалмаңда-,
жалпаңда-, жалтаңда-, жантаңда-, жарбалаңда-, жарбаңда-, жаутаңда-,
жәутеңде-, желбеңде-, желпеңде-, жылмаңда-, жылпаңда-, жылпыңда-,
жылтыңда-, жымпыңда-, жымыңда-, жырбаңда-, жырбыңда-, жыртаңда-,
жыртыңда-; З: зықаңда-, зыпыңда-, зікеңде-; И: изеңде-, имеңде-, ирелеңде-,
иреңде-, итеңде-, итіңде-; К: кегжеңде-, кездеңде-, кейкеңде-, кекеңде-,
кекшеңде-, кекіреңде-, кемсеңде-, кербеңде-, кердеңде-, көлбеңде-, көлеңде-,
көстеңде-, күбжеңде-, күжіреңде-, күжіріңде-, күйбеңде-, күлмеңде-,
күржеңде-, күржіңде-, кідіңде-, кіжіңде-, кірбеңде-, кірбіңде-, кіржіңде-; Қ:
қадаңда-, қаздаңда-, қайқаңда-, қақаңда-, қақшаңда-, қалбалаңда-, қалбаңда-,
қалжаңда-, қалжыңда-, қалтаңда-, қарбалаңда-, қарбаңда-, қаужаңда-,
қиқалаңда-, қиқаңда-, қипаңда-, қиралаңда-, қираңда-, қисалаңда-, қисаңда-,
қодаңда-, қодыраңда-, қожаңда-, қойқаңда-, қоқаңда-, қоқыраңда-, қолпаңда-,
қомпалаңда-, қомпаңда-, қонжыңда-, қопаңда-, қорбалаңда-, қорбаңда-,
қортаңда-, қутыңда-, құйтыңда-, құнжыңда-, құнтаңда-, құнтыңда-,
құржаңда-, құржыңда-, қыбжыңда-, қыдыңда-, қыжыңда-, қылаңда-,
қылжалаңда-, қылжаңда-, қылжыңда-, қылқыңда-, қылмаңда-, қылмыңда-,
44
қылпыңда-, қылтыңда-, қыңқылда-, қыпыңда-, қыраңда-, қыржыңда-,
қыртыңда-; Л: лекеңде-, лелеңде-, лықылда-, лыпылда-, лыпыңда-; М:
маймаңда-, майпаңда-, малжаңда-, меймеңде-, митыңда-, мөлтеңде-,
мүкшеңде-, мыжыңда-, мыжыраңда-, мықшаңда-, мықшыңда-, мылжыңда-,
мыржыңда-; Н: нықаңда-; О: одыраңда-, ожыраңда-, ойпаңда-, оқшаңда-,
оқыраңда-, опыраңда-; Ө: өкіреңде-, өңмеңде-, өңкеңде-; С: сайраңда-,
салаңда-, салпаңда-, секеңде-, селпеңде-, селтеңде-, сепелеңде-, сербеңде-,
сербелеңде-, сереңде-, сойдаңда-, солаңда-, сопаңда-, сораңда-, сөлеңде-,
сөлпеңде-, сумаңда-, сусылда-, сүйреңде-, сүйрелеңде-, сүмелеңде-, сүмеңде-,
сүмсеңде-, сүмпеңде-, сүміреңде-, сығыраңда-, сыйдаңда-, сыйпаңда-,
сықсыңда-, сылаңда-, сылпыңда-, сылтыңда-, сымпыңда-, сыпсаңда-,
сыпсыңда-, сыпыңда-; Т: тайқаңда-, тайсаңда-, тайпаңда-, тайраңда-,
тайтаңда-, талпаңда-, талтаңда-, тампаңда-, тапыраңда-, тасыраңда-,
тарбаңда-, тарпаңда-, тәмпеңде-, текеңде-, текіреңде-, телмеңде-,
теңкеңде-, тепеңде-, тереңде-, тесіреңде-, титыңда-, тойпаңда-,
тойтаңда-, тоқыраңда-, томпаңда-, томсаңда-, тоңқаңда-, торсаңда-,
тұқшыңда-, тұқыраңда-, тұшталаңда-, тұштаңда-, тыжыраңда-,
тықаңда-, тықыраңда-, тылтыңда-, тымпыңда-, тымыраңда-, тыраңда-,
тырбаңда-, тырбыңда-, тыржаңда-, тыржыңда-, тыртаңда-, тыртыңда-,
тыштақта-, тыштаңда-, тышыраңда-, тікеңде-, тікіреңде-; Ш: шалаңда-,
шайқалаңда-, шақшаңда-, шақыраңда-, шалқаңда-, шартаңда-, шәутеңде-,
шелтеңде-, шермеңде-, шертеңде-, шойтаңда-, шойқаңда-, шойраңда-,
шоқалаңда-, шоқаңда-, шоқшаңда-, шоқыраңда-, шолжаңда-, шолтаңда-,
шолталаңда-, шоңқаңда-, шошаңда-, шөмпеңде-, шұбалаңда-, шұқшыңда-,
шұқыңда-, шұнаңда-, шүңіреңде-, шыжбалаңда-, шыжалаңда шолтаңда-,-,
шыбжаңда-, шыбжыңда-, шыжбаңда-, шікіреңде-, шілтеңде-; Ы: ызыңда-,
ылпыңда-, ырбаңда-, ырбыңда-, ырғалаңда-, ырғаңда-, ыржалаңда-, ыржаңда-,
ыржыңда-, ырсыңда-;
YШІНШІ МОДЕЛЬ
-ай- // -ей-:
А: адырай-, ажырай-, ақырай-, аңқай-, аңырай-, арбай-; Ә: әкірей-; Б:
бадырай-, бажырай-, бақырай-, бедірей-, безірей-, бүкірей-; Д: дүкірей-; Е:
едірей-, ежірей-, еңкей-; Ж: жалпай-, жарбай-; К: кекірей-, күдірей-, күжірей-;
Қ: қайқай-, қақырай-,қалқай-, қаңқай-, қасқай-, қауқай-, қобырай-, қоқырай-,
қоңқай-, қыйсай-, қыңырай-; М: меңірей-, мыжырай-, мықырай-; О: одырай-,
ожырай-, оқшырай-, оқырай-; Ө: өкірей-; C: секей-, серей-, солбырай-, сопай-,
сорай-, сөлбірей-, сөлпи-, сүмірей-, сығырай-, сілей-; Т: тасырай-, талтай-,
тесірей-, томпай-, томсырай-, тоңқай-, тосырай-, тұқшырай-, тыжырай-,
тымырай-, тырай-, тысырай-, тікірей-; Y: үдірей-, үңірей-; Ш: шадырай-,
шақырай-, шалқай-, шодырай-, шоңқай-, шошай-, шүңірей-, шідірей-, шікірей-;
45
ТӨРТІНШІ МОДЕЛЬ
-ар- // -ер-, -ыр- // -ір-
А: ақыр-; Б: бақыр-, безер-, бұлтар-; Ж: жалтар-, жекір-; К: кекір-; Қ:
қақыр-, қышқыр-; Л: лепір-; М: маңыр-; О: осқыр-, осыр-; Ө: өкір-; П: пысқыр-;
С: секір-; Ы: ысқыр-;
БЕСІНШІ МОДЕЛЬ
- и(ый)- // -и(ій)-
А: ақи-, ақси-, ақши-, аңқи-, арби-; Ә: әңки-; Б: бағжи-, бажби-, балпи-,
балши-, барби-, батти-, борси-, бұлти-, бұрти-, бүгжи-, бүкси-, бүкши-, бүрси,
былши-, быржи-, бырти-, бырши-, бытти-; Д: далби-, далди-, дали-, дарби-,
дәлди-, делди-, дели-, деңки-, дорби-, дөңки-, дүңки-, дүрди-; Е: елпи-, еңки-,
ерби-; Ж: жайпи-, жарби-, жылми-, жылти-, жырби-, жырти-; З: зеңки-;
К: кегжи-, кейки-, кеки-, кекши-, кеңки-, көки-, күржи-, кілби-, кілми-, кірби-,
кірти-; Қ: қазди-, қайқи-, қақи-, қақши-, қалби-, қампи-, қасқи-, қауқи-, қаупи-,
қоқи-, қомпи-, қонжи-, қоңқи-, қорби-, қоржи-, құнжи-, құржи-, қыди-, қыйқи-,
қылжи-, қылқи-, қылми-, қылти-, қыржи-, қырти-; М: майми-, маңқи-, мәңки-,
мелши-, монти-, мөли-, мөлти-, мүкши-, мықши-, мыңқи-, мыржи-; О: оқши-
, олпи-, омпи-; Ө: өңки-; С: салқи-, саңқи-, сапси-, сәңки-, секи-, секси-, селти-,
сойди-, солпи-, сомпи-, сопси-, сости-, сөлби-, сөлпи-, сұсти-, сүмпи-, сүмси-,
сүңи-, сыйди-, сықи-, сықси-, сылқи-, сылти-, сымпи-, сыпи-, сыпси-; Т: тайқи-,
тайпи-, тақи-, талпи-, тампи-, тарби-, тәлти-, тәмпи-, тәшти-, теңки-,
томпи-, торси-, тұқши-, тұшти-, түки-, түкси-, тызди-, тылти-, тымпи-,
тыңқи-, тырби-, тыржи-, тыри-, тырси-, тырти-, тышти-, тікси-; Y: үрпи-;
Ш: шақи-, шалжи-, шалқи-, шарти-, шәйни-, шәнди-, шәни-, шәнти-, шәути-,
шәуши-, шедірей-, шелти-, шерми-, шерти-, шолжи-, шоқи-, шоқши-, шоңқи-,
шөки-, шөмпи-, шұқши-, шұнти-, шүмпи-, шүңки-, шүрти-, шырти-, шікірей-,
шілби-, шілти-; Ы: ызди-, ыңқи-, ырби-, ыржи-, ырси-; І: ілби-, ілми-;
АЛТЫНШЫ МОДЕЛЬ
-ла-//-ле-; -да-//-де-; -та-//-те-:
А: абала-, айқайла-, алаула-, аһала-; Б: бебеуле-, бозда-; Г: гөй-гөйле-, гуле-
; Д: дула-; Ж: жыла-; З: зарла-, заула-, зула-, зырла-; Ө: өзеуле-; К: кеуле-; Қ:
қаула-, қиқула-, қозда-, құр-құрла-, қыңсыла-; Л: лаула-; М: мазда-; П: парла-;
С: саула-, сула-; Т: тула-, тыраула-; Ш: шалқала-, шапқыла-, шула-; Ы: ымда-;
ЖЕТІНШІ МОДЕЛЬ
-на- //- не-:
А: азына-; Б: быжына-; Ж: жайна-; К: керне-; Қ: қайна-, құжына-, қырна-;
О: ойна-; П: пысына-; С: сарна-; Т: тырна-;
СЕГІЗІНШІ МОДЕЛЬ
-ыл+да- // - іл+де-:
А: абдырла-, ажылда-, алқылда-, аңқылда-, арпылда-, арсылда-,
46
арылда-; Ә: әңкілде-, әупілде-; Б: бажылда-, бақылда-, балпылда-, балшылда-,
бапылда-, барқылда-, барпылда-, бартылда-, барылда-, баупылда-, безілде-,
бипылда-, божылда-, борпылда-, лда-борсылда-, бортылда-, борылда-,
бұжылда-, бұлтылда-, бұрқы, бүлкілде-, быжылда-, бызылда-, бықылда-,
былқылда-, былпылда-, былшылда-, бырқылда-, бырсылда-, быртылда-,
бырылда-, бытпылда-; Г: гуілде-, гүжілде-, гүмпілде-, гүрсілде-, гүрілде-;
Д: дабылда-, далпылда-, даңылда-, дарқылда-, дарылда-, дөңкілде-, дуылда-,
дүмпілде-, дүңкілде-, дүңілде-, дүркілде-, дүрсілде-, дүрілде-, дызылда-,
дыңылда-, дырылда-, дікілде-, діңкілде-, діңілде-, дірілде-; Е: еңкілде-,
елпілде-; Ж: жалпылда-, жалтылда-, жарқылда-, желкілде-, желпілде-,
желтілде-, жөңкілде-, жылпылда-, жылтылда-, жыпылда-, жырқылда-;
З: зарылда-, зуылда-, зыңқылда-, зыңылда-, зыпылда-, зырқылда-, зырылда-,
зіркілде-; К: кәукілде-, кеңкілде-, көлкілде-, күжілде-, күлпілде-, күлтілде-,
күмпілде-, күңкілде-, күпілде-, күркілде-, күрпілде-, күрсілде-, күртілде-,
күрілде-, кіжілде-, кілкілде-, кілтілде-, кіркілде-, кіртілде-, кіршілде-,
кітірле-; Қ: қақылда-, қалтылда-, қалшылда-, қаңқылда-, қарқылда-,
қаршылда-, қауқылда-, қиқылда-, қолпылда-, қолтылда-, қомпылда-,
қоңқылда-, қорқылда-, қорсылда-, қортылда-, қорылда-, құжылда-,
құрқылда-, құрылда-, қыжылда-, қылқылда-, қылпылда-, қылшылда-,
қыңқылда-, қыпылда-, қырылда-, қытылда-; Л: лақылда-, лапылда-,
лауылда-, лекілде-, лепілде-, лоқылда-, лүпілде-, лықылда-, лыпылда-; М:
малшылда-, маңқылда-, мортылда-, мөлтілде-, мыңқылда-, мырқылда-,
мырсылда-; Ө: өңкілде-; П: парылда-, порылда-, пырылда-, пысылда-,
пышылда-; С: сақылда-, салқылда-, салпылда-, сампылда-, санқылда-,
саңқылда-, сапылда-, сарқылда-, сартылда-, сарылда-, саусылда-, селкілде-,
солқылда-, сусылда-, суылда-, сұңқылда-, сылқылда-, сылпылда-, сымпылда-,
сыңқылда-, сыпылда-, сырпылда-, сыртылда-, сырылда-; Т: тақылда-,
таңқылда-, тарқылда-, тарпылда-, тарсылда-, тарылда-, тоқылда-,
томпылда-, тоңқылда-, топылда-, торсылда-, тызылда-, тықылда-,
тымпылда-, тыңқылда-, тыпылда-, тырпылда-; Y: үлпілде-, үпілде-, үрілде-;
Ш: шажылда-, шақылда-, шалпылда-, шаңқылда-, шаңылда-, шапылда-,
шартылда-, шарылда-, шәкілде-, шәңкілде-, шәуілде-, шиқылда-, шолпылда-,
шорылда-, шуылда-, шұрқылда-, шұрылда-, шүңкілде-, шүпілде-, шыжылда-,
шықылда-, шылқылда-, шылпылда-, шыңылда-, шыпылда-, шыртылда-,
шырылда-, шікілде-, шіңкілде-, шіпілде-; Ы: ызылда-, ылпылда-, ыңқылда-,
ыңылда-, ыпылда-, ырқылда-, ырсылда-, ырылда-, ысылда-; І: ілпілде-,
іркілде-;
Достарыңызбен бөлісу: |