Key words: vegetative cover, zone, family, genus, flora, dessert, steppe, forest-meadow zone, meadow zone, spruce
forest, subalpine, alpine zone
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж.
47
ЭКОЛОГИЯ
ӘОЖ 553.982.2 (574)
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОЛОГИЯҒА ӘСЕРІ
Сарқытқан Қастер – доцент, г.ғ.к.,
Н.Жұмабаева – магистр, Абай атындағы ҚазҰПУ
Мақалада Қазақстан Республикасының мұнай-газ ресрустарының барланған қоры бойынша дүние жүзіндегі
алатын орны, үлесі, басты 15 шөгінді алаптары мен өнеркәсіптік мұнай-газ кешендері анықталған аймақтары және
олардағы мұнай мен газдың барланған қорларының үлестерін диаграмма арқылы көрсетілген. Сондай-ақ Қазақстан-
ның маңызды бір аймағы - Қызылорда өңірінің мұнай және газ кен орындары бассейндерді саналатын Оңтүстік
Торғай, Арал маңы және Сырдария шөгінді алаптарынна жан-жақтылы талдау жасалған. Мысалы, олардың орналас-
қан жері, қаладан қаншалық қашықтықта екендігі, құрамдас бөлігі, ашылған кен орны, оның ішінде Қазақстанның
Республикасының тәуелсіздігінен бұрын және кейін ашылған кен орындары, ашылған жылдары мен кен аттары, ау-
мағы, мұнай-газдың мөлшері, кен қабатының қалыңдығы, және басқада мәліметтер берілген. Мақалада тағы да 1990
жылы Құмкөл кен орнының игеріле бастауына байланысты, Құмкөл – Қарақойын мұнай құбырының салынуы және
оның Құмкөл мұнайын Павлодар-Шымкент мұнай құбырына дейін тасымалдау мәселесі туралы да мәліметтер
жазылған. Әрі халықаралық бағыт бойынша «Қаз ТрансОйл» АҚ және Қытай мұнай және газды барлау, өңдеу
ұлттық корпорациясы мұнай құбырын салу мақсатында «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-ның құрылуымен, Атасу-
Алашанькоу мұнай құбыры жолының жағдайы да қарастырылған. Сонымен бірге, 2013 жылдың 8 ай қорытындысы
бойынша Қызылорда облысындағы мұнай операторларымен 6914,4 мың т мұнай өндірілгендігін оның 2012 жылдың
ұқсас кезеңімен салыстырғанда 95,2 % өскендігінде тілге тиек еткен. Мақаланың соңында Мұнай мен газ өнеркәсібі
облыс экономикасының дамуына ықпалын тигізгенімен, экологияға әкелген топырақ, ауа, суды химиялық ластануға
әкелген зиянын және басты кәсіпорындарды көрсеткен.
Түйін сөздер: шөгінді алап,мұнай, ілеспе газ, Қызылорда облысы, Оңтүстік Торғай алабы, Сырдария алабы, Арал
шөгінді алабы, «Қаз ТрансОйл», Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры, экономиканың дамуы, экологиялық зардап
Қазақстан Республикасы мұнайдың барланған қоры бойынша дүние жүзіндегі барлық мұнай қорының
3,5%-ын алады. Яғни бұл Қазақстан бүгінгі таңда мұнайдың расталған қоры бойынша әлемдегі 9-шы
орынға ие екендігін көрсетеді. Геологиялық зерттеу нәтижелеріне қарағанда, Қазақстан жерінің барлық
аймақтарында дерлік мұнай мен газ кендері бар екендігі анықталған (сурет 1).
Сурет 1. Қазақстанның шөгінді алаптарының орналасу картасы [1]
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г.
48
Бұл картадан көретініміз Қазақстанда 15 шөгінді алап дараланады, олар: Каспий маңы, Солтүстік
Үстірт Бозащы, Оңтүстік маңғыстау Үстірт, Арал, Солтүстік Торғай, Оңтүстік торғай, Теңіз, Солтүстік
Қазақстан, Сырдария, Шу Сарысу, Балқаш маңы, Зайсан, Алакөл, Батыс Іле, Шығыс Іле алаптары.
Аталған шөгінді алаптардың ішінде 5 алапта, атап айтқанда, Каспий маңы, Солтүстік Үстірт бозащы,
Оңтүстік Маңғыстау, Оңтүстік Торғай, Шу Сарысу алаптарында ғана өнеркәсіптік мұнай-газдылық
анықталған. Қалған алаптарда мұнай мен газға деген толық зерттеулер жүргізілмеген. Сондықтан да
қазіргі таңда тек Батыс Қазақстан, Қызылорда өңірлерінен (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда
және Маңғыстау облыстарынан) ғана мұнай мен газ өндірілуде.
Төмендегі диаграммадан мұнай мен газ кендері өндірілетін аймақтардағы мұнай мен газдың барланған
қорларының үлестерін көруімізге болады (сурет 2). Оңтүстік Қазақстан аймағынан әзірге Амангелді газ
кенорны ғана игеріле бастады.
Сурет 2. Облыстар бойынша мұнай қорының үлесі
Дүние жүзіндегі Қазақстанның мұнай қорының үлесі 3,5% болса, ал газ кенінің үлесі 1,3 %. Елдің
тәуелсіздігі жылдарында мұнайды өндіру 3 есеге, газды өндіру – 5 еседен астам артты. Газ кені де
жоғарыда аталған 5 облыста жақсы барланған (сурет 3).
Сурет 3. Облыстар бойынша газ қорының үлесі
Қызылорда өңірінің мұнай және газ кен орындары жоғарыда аталған шөгінді бассейндердің ішінде
Оңтүстік Торғай, Арал маңы және Сырдария шөгінді алаптарының құрамына енеді [2].
Оңтүстік Торғай алабы Тұран тақтасының құрамдас бөлігі болып табылады, ол Торғай ойысымының
оңтүстік-шығыс бөлігін құрайды. Бұл шөгінді облыстағы ең бірінші ашылған кен орны Құмкөл (1984 ж.).
Одан кейінгі ашылған кен орындары: Арысқұм(1985 ж.), Қызылқия (1986 ж.), Ақшабұлақ және Нұралы
(1987 ж.), Дошан (1987 ж.), Караваншы (1987 ж.), Майбұлақ (1988 ж.), Бектас (1988 ж.), Ақсай (1988 ж.),
Кеңлік (1989 ж.), Ащысай (1990 ж.), Қоныс (1990 ж.), Арыс (1993 ж.).
Қазіргі таңда алап аумағында мұнай мен газдың 17 кен орны ашылған, олардың ішінде Арыс және
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж.
49
Оңтүстік Қоныс кенорындары газды конденсатты, ал қалғандары мұнайлы және газды конденсатты
мұнайлы кендер болып табылады. Екі кенорын Құмкөл мен Ақшабұлақ қорларының мөлшері жағынан ірі
кенорындарға жатады.
Арал шөгінді алабы солтүстігінде және солтүстік шығысында Ырғыз ер тұрқылас құрылымымен және
Төменгі Сырдария дөңесімен, оңтүстігінде дислокациялардың Орталық Үстірт жүйесімен шектеледі,
алаптың батыстағы шеткі элементі рөлін Арал Қызылқұм көтерілімдер жүйесі атқарады.
Алаптың ауданы 80 км
2
шамасында, және де оның ауқымды бөлігі Арал теңізінің су айдыны астында.
Кристалдық іргетасы жоғарғы палеозойлық жаралымдар деп есептеледі.
Сырдария шөгінді алабы. Солтүстік шығысында және оңтүстік батысында Ортаңғы және Оңтүстік
Тянь Шань тауларымен шектелген өзімен аттас ойыспен байланысты. Алаптың ауданы 150 мың км
2
.
Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, кристалдық іргетас тақтатастардан, гнейстерден, граниттерден
құралған докембрийлік және палеозойлық кешендерден тұрады.
Құмкөл мұнай кен орны облыс орталығынан солтүстікке қарай 160 км қашықтықта орналасқан. 1984
жылы ақпанда ашылған, жалпы ауданы 23143 га құрайтын мұнай кен орны. Кен орынның географиялық
орналасқан жері Тұран жазығының оңтүстігі болғандықтан, Құмкөл кен орны ашылғаннан кейін елімізде-
гі үшінші «Тұран» мұнайгаз провинциясы болып аталды. Кен орындағы мұнайдың жалпы барланған
қоры 280 млн тонна болса, ал игеруге жарамдысы 130 млн тонна. Мұнай кені 0,9-1,4 км тереңдіктен
өндіріледі. Жалпы мұнаймен қоса Құмкөл кен орнынан газ да өндіріледі. Газдың жалпы қоры 15 млрд м
3
.
Құмкөл мұнайын екі мұнай компаниясы өндіреді. Солтүстігін «Торғай Петролеум» АҚ-ы («Лукойл»
50% акция және «PetroKazakhstan» 50% акция біріккен компаниялары), оңтүстігін «ПетроКазахстан
Кумколь Ресорсиз» («КазМунайгаз» 33% акция және «PetroKazakhstan» 67% акция) [3].
Арысқұм мұнай-газконденсат кені Қызылорда облысыЖосалы темір жол станциясынан солтүстікке
қарай 120 км жерде. 1985 ж ашылған. Газдық фактор 39,7 м3/т. Ұңғыманың тәуліктік өнімділігі: мұнай
бойынша – 60,9 м3, газ – 69,62 мың м3. Кеннің мұнайы жеңіл (0,854г/см3), құрамында күкірт (0,46:),
парафин (9,7-27,2)), шайыр (16,65)) бар. Газ негізінен метаннан 93,86) тұрады. Газдағы конденсат мөлшері
9,4-15,2 г/м3, оның тығыздығы 0,738-788 кг/м3. Кен орны “Тұранпетролеум” біріккен кәсіпорнына
игеруге берілген (1995).
Ақсай мұнай-газ кені Қызылорда облысы Жалағаш ауданында (Қызылорда қаласынан солтүстік-
батысқа қарай 130 км жерде) орналасқан. 1988 жылы ашылған. Ол бор кезеңінде түзілген Арысқұм
қабатының терригенді шөгінділеріндегі үш кен шоғырынан тұрады. Біреуі мұнайлы-газды болса, қалған
екеуі – мұнайлы. Олар тектоникалық жарылымдар және литол өткізбейтін жыныстар арқылы оқшаулан-
ған. Мұнайлы қабаттардың тиімді қалыңдығы 4-11 м, газды қабаттардың тиімді қалыңдығы 3-6 м. Мұнай-
ының тығыздығы 0,855-0,950г/см3; күкіртті аз (0,11%), парафин (16-20%) мен шайыры (10,6%) біршама
жоғары келеді. Газдың тәуліктік шығымы 137,6 м3. Оның құрамындағы метан 81,55%, этан 9,73%,
пропан 3,3%. Кен орны толық барланып бітпеген [4].
Ақшабұлақ - Оңтүстік Торғай шөгінді алабыныңАрысқұм ойысымында орналасқан мұнай-газ-конден-
сат кен орны. Қызылорда облысында, Жосалы станциясының солтүстік-шығысында 160 км жерде. Іздес-
тіру жұмыстары 1988 жылы басталды, 1989 жылы өнеркәсіптік мұнайдың алғашқы ағымы алынды.
Мұнаймен қанығу коэффициенттері 0,51, 0,61, 0,75, темпеатурасы 38-74°С. Мұнайдың алғашқы шығымы
58-197 м
3
/тәу. Газдық фактор 63,7-128,7 м
3
/м
3
. Мұнайдың тығыздыгы 835 кг/м
3
. көмірсутектердің үлесі
10%-дан астам, метанның үлесіне 87,66% келеді, күкіртсутек 0,08%, азот 0,88%, көмірқышқыл газ 0,02%.
Қоныс мұнай-газ конденсат кені, Қызылорда облысыСырдария ауданында, Тереңөзек кентінен солтүс-
тікке қарай 140 км, Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 150 км жерде. 1986-88 жылдары сейс-
микалық барлау әдісімен табылып, 1990 жылы ашылған. Мұнай қабатының жалпы биіктігі 30 метр, газ
қабатының биіктігі 45 метр Тиімді және мұнай қаныққан қабаттық қалыңдығы 32,2 метр, газ қаныққан қа-
баттың қалыңдығы 25 метр. Мұнай қаныққан коэффициенті 0,68, газ қаныққан коэффициенті 0,65. Мұна-
йы жеңіл, тығыздығы 0,83 г/сантиметр куб, күкірті аз 0,16-0,19%, парафині 12-15%, шайыры 9,3-10,72 [5].
Нұралы мұнай-газ кені, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жосалы темір жол станциясынан
солтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде. Іздестіру-бұрғылау жұмыстары 1987 жылы басталып, сол жылы
кен орны ашылды. Кен орнында жоғары юралық және неоком түзілімдерінің мұнайгаздылығы анықтал-
ған. Мұнайы жеңіл, тығыздығы 0,807-0,838 г/см3, күкірті аз, жоғары парафинді (12,1-19,8%), аз мөлшерде
шайыр және асфальтендер кездеседі. Мұнай шоғырларының ілеспе газдары ауыр, 49,4-63,83% метан,
30,2-45% ауыр көмірсутектер, 2-3,5%азот және аз мөлшерде гелий, көмір қышқыл газ бар.
1990 жылы Құмкөл кен орнының игеріле бастауына байланысты, Құмкөл – Қарақойын мұнай құбыры
салынды, ол Құмкөл мұнайын Павлодар-Шымкент мұнай құбырына дейін тасымалдау мақсатын көздеді.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г.
50
Бұл екі тарамды мұнай құбырының диаметрі 530 мм бірінші тармағы Сібір мұнайын Құмкөлге дейін
жеткізе отырып, осында оны Құмкөл мұнайымен араластыруға, ал диаметрі 720 мм екінші тармақ
алынған қоспаны Қарақойынға дейін жеткізуге арналған. Сібір мұнайы мен Құмкөл мұнайын бірбірімен
араластыру 30%-дың 70%-ға қатынасы түрінде жүзеге асырылады, бұл әрекет қоспаның қоюлану темпе-
ратурасын азайту мақсатында жүргізіледі. Диаметрі 720 мм-лік құбырдың өнімділігі жылына 8 млн т
мұнай болса, диаметрі 530 мм-лік құбырдың бұл көрсеткіші жылына 6 млн т.
«Қаз ТрансОйл» АҚ және Қытай мұнай және газды барлау, өңдеу ұлттық корпорациясы мұнай
құбырын салу мақсатында «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-ын құрды. Атасу-Алашанкоу мұнай
құбыры жол арнасының ұзындығы 962 км. Құбырдың диаметрі – 813 мм. Мұнай құбыры жол арнасы үш
облыстың аумағы арқылы өтеді: Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы. Сөйтіп, ҚХР аумағындағы
Алашаңқайдың соңғы пуктіне дейін барады. Жобаны қаржыландыру қытайлық тараптың кепілдігімен
қарыз беру жолымен іске асырылды. Бұйыртса, 2020 жылға таман бұл құбырмен жылына 20 млн. т мұнай
ағызу көзделіп отыр.
Өткізу қабілеті жылына 10 млн т Кенқияқ-Құмкөл мұнай құбыры құрылысының жобасы Қазақстан-
Қытай жобасының 2 кезеңі болып табылады және Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорацисы және
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасындағы 2006 жылғы 20 желтоқсандағы
келісімге сәйкес қытайлықтар тарапынан КҚК ЖШС күшімен іске асырылады.
Кенқияқ-Құмкөл мұнай құбыры жалпы ұзындығы 794 км, диаметрі 813 мм, Қазақстан Республикасы-
ның Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының аумағымен өтеді. Мұнай құбырының бірінші
кезектегі өткізу қабілеті жылына 10 млн. тоннаны құрайды, жылына 20 млн. тоннаға дейін ұлғайту қарас-
тырылған. Жобаны қаржыландыру қытайлық тараптың кепілдендіруімен қарыз беру жолымен жүзеге
асырылған болатын. 2009 жылғы қазанда іске қосу кешені пайдалануға берілді, 2010 жылғы желтоқсанда
Кенқияқ-Құмкөл мұнай құбырының бірінші кезектегі құрылыс жобасы толығымен аяқталды [6].
«Атасу-Алашанькоу» магистральды мұнай құбырының пайдалануға берілуімен - Қарағанды және
Алматы облыстарында 296, Қызылорда облысында «Кеңқияқ-Құмкөл» магистралды мұнай құбыры
пайдалануға берілуі және «Құмкөл» бас мұнай айдау станциясының салынып, модернизациядан өткізілуі-
нің арқасында екі жүзден астам жұмыс орны ашылды.
2013 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша Қызылорда облысындағы мұнай операторларымен 6914,4
мың т мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 95,2% құрайды. Ал
2012 жылы облысымыздағы мұнай операторларымен 10798,8 мың тоннадан астам мұнай өндірілген, бұл
көрсеткіш 2011жылмен салыстырғанда 98,7% құрайды. Мұнай өндіру көлемінің төмендеуі «Петро
Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, «ҚОР» Мұнай компаниясы» АҚ және «CNPC
Ай Дан-Мұнай» АҚ байқалады, себебі ұңғымалардың жоғарғы сулану деңгейінің артуына және
«Құмкөл» мен «Оңтүстік Құмкөл» кеніштерінің өндірудің аяқталу сатысына ауыстырылуына байланыс-
ты. Сонымен қатар, мұнай өндіру көлемінің төмендеуі кен орындарын сынамалы пайдалануға немесе кен
орындарын өнеркәсіптік игеру кезеңдеріне көшу кезінде құжаттардың ұзақ мерзімде рәсімделуіне, жоба
құжаттарына және газ өртеуге рұқсат алу тәртібінің ұзақ мерзімде рәсімделуінің салдарынан болып отыр.
2012 жылға Қызылорда облысының экономикасы мен әлеуметтік саласын арттыру мақсатында облыс-
тың 12 мұнай компанияларымен 1144 709,8 (бір миллиард бір жүз қырық төрт миллион жеті жүз тоғыз
мың сегіз жүз) теңге эквивалентте құрайтын ынтымақтастық меморандумдарға қол қойылды.
Облыстағы мұнай компанияларымен Оңтүстік Торғай ойпатындағы мұнайгаз кен орындарын игерген
күннен, яғни 1986 жылдан бастап, 133 млн. тонна шамасында мұнай және 12 млн. м
3
газ өндірілді [7].
«ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз»
АҚ
Құмкөл
кен
орнында
газтурбиналық
қондырғы,
«ТорғайПетролеум» Акционерлік қоғамының газ өңдеу зауыты, «Кеңлік» кен орнында ілеспе газды
пайдаланып, газды бензин шығаратын өндірістер жұмыс істей бастады.
Мұнай мен газ өнеркәсібі облыс экономикасының дамуына ықпалын тигізгенімен, экологияға орны
толмас зиян әкеледі. Нақтырақ айтсақ, топырақ, ауа, суды химиялық ластануға әкеліп соғады. Облыста
өнеркәсіптің мұнай мен ілеспе газды өндіру, азық түлік өнімдерін шығару, тігін және текстиль, қағаз және
құрылыс материалдары өндірісі дамыған. Облыс өнеркәсібінің дамуына ең бірінші минералды ресурстық
шикізат игеру болып табылады. Сондықтан да өнеркәсіптің басты салалары түсті металл, уран, мұнай мен
газ өндіру болып табылады. Бірақ қоршаған ортаны ластаушы көздердің бірі болып мұнай мен газ өндіру
және өңдеу болып қалып отыр (кесте 1).
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж.
51
Кесте 1. Қызылорда облысы аумағына ластағыш заттарды шығаратын басты кәсіпорындар, т.
Кәсіпорындар
Ластағыш заттарды тастау
ОАО «Петро Казахстан Кумколь Ресорсиз»
10196,271
ТОО СП «Казгермунай»
5226,62
ЗАО «Торгай Петролеум»
5542, 232
СП «Куат Амлон Мунай»
787,881
АО «Айдан Мунай»
1560, 0328
ТОО «Саутс Ойл»
381,34
Қорыта айтқанда, Қызылорда облысындағы мұнайгаз кен орындарының облыс экономикасында алар
орны ерекше. Бірақ бұл жанғыш шикізаттың таусылар күні алыс емес. Зерттеулер көрсеткендей облыста-
ғы мұнай мен газдың қоры алдағы 15 жылға ғана жеткілікті. Демек, біз экономиканы көтеретін басқа
көздерді қарастыруымыз қажет. Осыған байланысты үстіміздегі жылы елімізде жоспарланып отырған
бизнестің 10 бағытының 8-і Қызылорда өңіріне жұмылдырылып отыр.
1 www.oil.kz/ru/map.
2 Қазақстанның мұнай энциклопедиясы І том. - Алматы: «Мұнайшы» қоғамдық қоры, 2001. - 102-110 б.
3 Ахметжанова А. Ресурсы и резервы развития нефтегазового комплекса Республики // Транзитная экономика.
2001. - №1. - С-3-5
4 Надиров Н.К. Кызылорда – южный центр нефтегазового комплекса Казахстана. – Алматы: ТОО «Комплекс»,
1999. - 283 с.
5 www.petroleumjournal.kz.
6 Пірназар С. Жонмен жортқан Жосалы жобасы: Құмкөл мұнайы үшін өте тиімді тасымал жолы болғалы
тұр // Егемен Қазақстан. – 2003. 19 наурыз (№63). - 1 б.
7 Қазэнерджи: даму мен мүмкіндіктер // Мұнайшы. – 2011. қазан. - 56 б.
Резюме
Саркытқан Кастер – доцент, к.г.н., kaster0102@mail.ru
Жумабаева Назерке – магистрант, nazerke.saduakas@bk.ru
Казахский национальный университет имени Абая
В данной статье написано о запасы ресурса нефти и газа Республики Казахстан и его место, доля в мировом
нефтегазовом ресурсе. А также даны информации и диаграммы о главных 15 осадочных районов Казахстана и
районы занимающие ведущие места в стране по нефтегазовому промышленностью. Одним из важным регионом по
нефтегазовому делу являетсяКызылорда. Проанализированы информации об осадочные бассейны Кызылординской
области, а именно ЮжноТоргайский, Приаралье, Сырдария. Например, их географическое положение, растояние от
города и нефтегазоносные месторождений открывшиеся до и после независимости Республики Казахстан. Связи с
открытием месторождени Кумколь 1990 года и добытием нефти и попутного газа построился нефтепровод Кумколь
– Каракойын. А также предусмотрены положений нефтепровода Атасу – Алашанькоу, по строению нефтепровода и
разведочные, перерабатывающие национальные корпорации АО «Каз Транс Ойл», Китай нефть по международному
направлению для цели построения нефтепровода была основана ТОО «нефтепровод Казахстан-Китай». В конце
статьи написано, что по концу восьмого месяца 2013 года возрасло на 95% добыча нефти по сравнению 2012 года.
Конечно же есть положительные влияния нефтегазовой промышленности на экономику но нельзя не отметить что
добыча нефти и газа негативно влияет на экологию, на воду, воздух и почву. И в данной статье указаны предприятий
которые повлияли на повреждение местной экологи в виде таблицы.
Ключевые слова: осадочный бассейн, нефть, попутный газ, Кызылординская область, Южно-Тургайский
бассейн, осадочный бассейн Сырдарья, осадочный бассейн Приаралье, "Каз Транс Ойл", нефтепровод Атасу -
Алашанькоу, экономическое развитие, экологический ущерб.
Summary
Sarkytқan Kaster - associate professor, kaster0102@mail.ru
Zhumabaeva Nazerke - master, nazerke.saduakas@bk.ru
Kazakh National University named after Abay
This paper is written about reserves of oil and gas resources of the Republic of Kazakhstan and its place in the global share
of oil and gas resources. And given the information and diagrams of the major sedimentary 15 regions of Kazakhstan and
regions occupy a leading place in the country by oil and gas industry. One of the important region for oil and gas business is -
Kyzylorda. Analyzed information on the sedimentary basins of Kyzyl-Orda region, namely YuzhnoTorgaysky, the Aral Sea
region, the Syr Darya. For example, their geographical position, distance from the town and the oil fields were opened before
and after the independence of the Republic of Kazakhstan. The discovery of Kumkol 1990 and of oil and associated gas to
build the pipeline Kumkol - Karakoyyn. Also includes provisions Atasu - Alashankou pipeline in structure and exploration,
refining national corporations JSC "Kaz Trans Oil", China oil to international destinations for the purpose of constructing the
pipeline was established LLP "Kazakhstan-China pipeline." At the end of the article says that by the end of the eighth month
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г.
52
in 2013 risen to 95% of oil production over 2012. Of course there are positive effects on the economy of the oil and gas
industry but it should be noted that the oil and gas negatively affect the environment, water, air and soil. And in this article are
listed companies which have affected the damage to the local environment as a table.
Keywords: sedimentary basin, oil and accompanying gas, Kyzylorda region, South Turgai Basin, sedimentary basin Syr
Darya, the Aral Sea region sedimentary basin, "Kaz Trans Oil" Atasu - Alashankou, economic development, environmental
damage.
УДК 613.84:303(574:51)
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ – АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
З.С. Конофеева – аға оқытушы, х.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ
Достарыңызбен бөлісу: |