Рметті əріптестер! М ғалімні м ддесін



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата21.03.2017
өлшемі2,2 Mb.
#10107
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 

 

 

 

                                 Биік белестерден көріне беріңіздер… 

 

Павлодар  қаласындағы  «Жас  дарын»  мектебі  бүгінгі  таңда  облысымыздағы 

қабілетті,  дарынды,  шығармашылық  бағыттағы  оқушылар  оқитын  білім  ошақтарының 

бірі. 


     

 Б.  Ахметов  атындағы  Павлодар  педагогик алық  колледжінің  студенттері  болашақ  

өмірлеріне тəжірибе алу мақсатында аталған мектепте  іс - тəжірибешіліктен  өтіп келеді. 

Іс - тəжірибешіліктен өту барысында  студенттер мектепке қуана, құлшына барып тұрады. 

Себебі «Жас дарын» оқушыларының əрқайсысымен  жұмыс жасау өте қызықты.  М ұндағы 

əр  бала  өзінше,  ерекше  əлем,  олардың  əрқайсысының  бойында  шығармашылыққа 

бейімділік сынды қабілет ерекше дамыған. 

     


Жалпы,  бұл  мектепте  мен  2001  –  2002  оқу  жылдары  музыка  мұғалімі  ретінде 

жұмыс істеген болатынмын. Сондықтан да мектеп ұжымымен жəне оқушыларымен етене 

таныспын.  Еліміздің  болашағы  -  шығармашылық  дарыны  бар  түлға  десек,  бұл  мектеп 

оқушылары, сөзсіз, болашақта ел тірегі,қоғам белсенділері болады деп ойлаймын.  

 

Дарынды  оқушыларыңыздың  арқасында  биік  белестерден  көріне  беріңіздер  деп 



тілеймін.    

 

Музыка оқытушысы: Жакина А. М. 



 

 

 

                               ҰСТАЗ   ЕҢБЕГІ  -  ӨШПЕС   ҰЛЫ   МҰРА  

 

            Адам  баласының  бойына  оңайлықпен  дари  бермейтін  ұстаздық  ұлы    қасиетті 

бойына  жинап,  егемен  елдің  өркендеуіне  өз  үлестерін  қосып  жүрген,  құрметті  де  аса 

қадірмеді «Жас дарын» мектебінің Сəуле Төлегенқызы бастаған ұстаздар қауымы!  

            Кешегі  тарих бүгінг е жəне  болашаққа керек тарих. Сол «керек тарихтың» кейінг е 

қалдырар  мұрасы,  ұрпаққа  ұсынатын  үлгісі  –  ХХІ  ғасырда  еңбегімен  елін  марқайтар 

ұлағатты ұстаздардың жарқын өмірі мен қызметі. Ұстаз еңбегі - өшпес ұлы мұра.  

           Ұстаз  жайында  ұлы  данышпан  Əл-Фараби  «Ұстаз...  жаратылысынан  өзіне 

айтылғанның  бəрін  жете  түсінген,  көреген,  естіген  жəне  аңғарған  нəрселерінің  бəрін 

жадында  жақсы  сақтайтын,  ұмытпайтын...  алғыр  да  аңғарымпаз  ақыл  иесі..,  мейлінше 

шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны  асқақ жəне ар-намысын ардақтайтын, 

жақындары  мен  жат  адамдарына  да  əділ..,  жұрттың  бəріне...  жақсылық  пен  ізгілік 

көрсететін...  қорқыныш  пен  жасқану  дегенді  білмейтін  батыл,  ер  жүрек  болуы  керек.            

Сонымен қатар ұстаз тым қатал да болмай, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені 

тым  қаталдық  шəкіртті  өзіне  қарсы  қояды,  ал  тым  ырыққа  көне  беру  ұстаздың  қадірін 

кетіреді, оның берген біліміне шəкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша 

ынталылық  пен  табандылық  қажет.  Өйткені  бұлар,  жұрт  айтқандай,  тамшысымен  тас 

тесетін  бейнебір  су  тəрізді»  -  деп  ІХ  ғасырда-ақ    дөп  басып  айтып  кеткен  екен.  Əрине 

ұстаз  бола  білудің  өзі  де  үлкен  өнер.  Ол  асқан  жауапкершілікті  қажет  етеді.  «Ұстазы 

жақсының ұстамы жақсы» - деген дана халқымыздың сөзі де босқа айтылмаса керек-ті. 



            «М аған жақсы мұғ алім бəрінен де қымбат, өйткені  мұғалім –  мектептің жүрегі», -  

дейді  ағартушы  ғалым  Ы.  Алтынсарин.  Сол  айтқандай    мектебіміздің  іргетасы  қаланған 

күннен бастап, дарынды балаларды қабілеттеріне қарай іріктеп, оларға жүйелі түрде білім 

беру ережесін бірінші жолға қойған майталман ұстаздар бүгінгі күнге дейін еңбек етуде. 

Ұжымның  нəтижелі  еңбектерінің  негізгі  көзі  –  дарынды  балаларды  анықтап,  оның 

қабілетін  арттырып,  шынайы  өмірге  қалыптастыру.  Жылдан  жылға  оқушылардың  білім 

деңгейі  жоғары  дəрежеге  көтеріліп,  Республикалық  жəне  Халықаралық  дəрежедегі 

байқауларда жеңімпаз атанып, ҰБТ қорытындысы бойынша мектебіміздің үздік мектептер 

қатарына  қосылуы  тəлімгер  ұстаздарымыздың  еңбегігің  жемісі.  Өйткені  ұстаз  еңбегі 

шəкірттерінің қол жеткізген жетістіктерімен өлшенеді. 

             М ектебіміз 2003-2004 оқу жылында орта мектепке айналып, содан бері мектепті 88 

түлек  аяқтаса,  олардың  барлығы  дерлік  байқау  жеңімпаздары  мен  еліміздегі  жəне  алыс-

жақын шет елдердегі жоғары оқу орындарының грант иегерлері.   

             Бір  сөзбен  айтқанда,  заман  көшімен  ілесіп,  қиын  к езеңдерге  қарамастан,  «Жас 

дарын»  мектебі  еліміздің  білім  беру  жүйесіне  өз  үлесін  қосып  келе  жатқан  бірден-бір 

білім  ордасы.  Одан  əрі  қарай  да  егемен  еліміздің  өркендеуіне,  қоғамымыздың  саналы 

азаматтарын қалыптастыру мақсатында қажырлы еңбек етіп, зияткерлік қоғамның дұрыс 

қалыптасуына,  мектебіміздің  даңқы  мен  мерейін  арттыруға  өзіндік  үлестеріңізді  аянбай 

қосатындарыңызға сенімдімін.  

             Отбасыларыңызға  рухани  байлық,  жұмыстарыңызға  шығ армашылық  өркендеу, 

кəсіби  деңгейлеріңіздің  өсуіне,  ғылыми  ізденістер  жолында  ірі  табыстарға  жете 

берулеріңізге тілектеспін.  М ерей тойларыңыз құтты болсын қадірлі ұстаздар! 

 

                                              Ізгі тілекпен: Абдуллаева  Қалдыкүл Манашқызы (ата-ана)                                        



 

                                                                                                                         

                                      

 

         МҰҒАЛІМ – МАДАҚҚА  ДА,  СЫЙҒА  ДА   ЛАЙЫҚ   ТҰЛҒА  

 

    


 Ғасырлар  тоғысында,  қ азақ  халқы  жаңа  з аманға  бет  бұрған  тағдырлы  кезеңде 

Павлодар қаласында дарынды балаларды мемлекеттік тілде оқытатын мамандандырылған 

мектеп  ашылды.  Ең  алғашында  бастауыш  сыныптармен  ғана  ашылған  мектеп  бүгінде 

элитарлық білім ордасына  айналды. Дарынды балаларды тəрбиелеп отырған  мемлекеттік 

тілдегі мектептер – ұлтымыздың тал бесігі. Оған басқа теңеу жоқ. Сол ұрпақтың білімді де 

білікті,  парасат  пайымы  мол,  мəдениеті  жоғары,  саналы  азамат  болып  қалыптасуы 

мектептегі  мұғалімге  тікелей  байланысты.  Сондықтан  да  мұғалім  –  мектептегі  басты 

тұлға.  М ұғалімге  артылар  сенім  жүгі  ауыр  əрі  ұлағатты  ұлы  жол.  Баланы  азамат  етіп 

қалыптастыру  үлкен  жауапкершілікті  талап  етеді.  Ондай  адамды  қалыптастыру  үшін 

мұғалім  адам  жанының  шебері  болу  керек.  Нағыз  ұстаз  жауапкершілігі  мол  жұмысты 

мінсіз атқарып, өз отанын сүйетін, тіл мен дінін құрметтей білетін, мəдениеті жан-жақты 

дамыған ұрпақ даярлай біледі. Өйткені ұрпақ тағдыры – ертеңгі ел тағдыры.  

   

 Осындай ұлы жолда еңбек етіп, небір қиын кезеңде шыдас беріп, үлкен асулардан 



асып, өзінің бойына жинаған бар білімін ұрпақ бойына сіңіруге аянбай еңбек етіп жүрген 

осы  мектептің  ұстаздарына  алғысымыз  шексіз.  Себебі  келешек  ұрпақ  тағдырына 

алаңдаушылықпен қарап, біліммен қатар қазақ  халқының ұлылығын ұлықтайтын рухани 

ұлттық  тəлім-тəрбиемен  қаруландырып,  ұлттық  сана  сезімін  оятып,  патриоттық  сезімді 

бала  жүрегіне  ұялату  мақсатында  еңбек  етіп  жүрген  ұстаздар  баршылық.  М ектептегі 

атқарылып жатқан игі істер балалардың ғылымның алғашқы баспалдағына қадам басуына 

ықпал  етуде.  Ұлтымыздың  ұлылығын  дəріптеу  мақсатында  əдет-ғұрып,  салт-дəстүрге 

байланысты шаралар да жиі өткізіледі. Ондағы балалардың бойындағы ұлы қасиеттерінен 

саналы  азаматтарымыздың өсіп келе жатқанын байқауға болады. Болашақта ұлтымыздың 

рухын асқақтатып,  жүрекпен  сөйлеп,  елін қорғайтын, кеудесі ашық, көкірегі ояу, жүрегі 

тек  ұлт  деп  соғатын  ұрпақтың  боларына  сеніміміз  мол.  М ұндай  бала  бойындағы  ұлы 


қасиетті қозғап, оята білген  нағыз ұстаздың ісі. Осындай ізгі шараларға мұғалім ретінде 

əрі  осы  ұжымның  басшысы  ретіне  басшылық  жасап  жүрген  Сəуле  Төлегенқызының 

еңбегін айта кеткен жөн.Өйткені мектептегі мұндай іс-шаралар басшының қарамағындағы 

қызметкерлеріне мамандығына қарай,  талап қоя білетінін жəне оның  дұрыс орындалуын 

қатаң  қадағалай  алатынын,  білмегендеріне  өз  тəжірибесінен  үйрете  білетін  нағыз 

басшының  іскерлік  еңбегін  көрсетеді.  Сіздердей  ұлағатты  ұстаздар  барда,  ұлт  беделін 

асқақтататын жас ұрпақтың өсіп, ұлтпен бірге жасай беретіндігіне кəміл сенеміз.  

Сондықтан  да  құрметті  Сəуле  Төлегенқызы!    Құрметті  ұстаздар,  ұлы  жолдағы 

жауапты да абыройлы  жұмыстарыңызға  жаңашылдық  пен тың ізденістер тілейміз. Əлем 

таныған Қазақстанның дарынды азаматтарын даярлаудан жалықпаңыздар!  

 

М ектептің ата - аналары 



 

 

 



 

Мың шұғылалы мұзарттар 

 

                                                                                 Тереңдігіне табынатындар көп бүгін, 

                                                                                   Ұста мен ұстаз түбірі бірге текті ұғым. 

                                                                                      Қасиетті ұя – қарлығаштарымен əлемге, 

                                                                                      Таныта білген қазақтың биік шоқтығын!  

Күлəш Ахметова 

 

   Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 



                                                                                              Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, 

                                                                                                 Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 

             Азбайтұғын адамның алтындығы. 

 Ғафу Қайырбеков 

 

            Егеменді  еліміздің  тірегі  –  білімді  ұрпақ.  XXI  ғасыр  білімділер  ғасыры  болмақ. 



Осындай білімділер ғасырында зерек те зейінді, талапты да талантты, тапқыр да ойшыл, 

ұшқыр да қанатты, ұлы  мақсаттар иегерлері, «Жүзден жүйрік, мыңнан  тұлпар» шығатын 

дүлдүл  шабыс  шəкірттерді  біліммен  сусындатып  жүрген  «Жас  дарын»  мектебін  ерекше 

атағым  келеді.  «Ұстазы  жақсының  ұстамы  жақсы»  демекші,  білімге  құштар,  алдарына 

мұзарт мақсат қойып,  сол жолда  аянбай еңбек ететін шəкірт бойындағы ұстамдылық пен 

тəрбиелілік,  шыдамдылық  пен  қайраттылық,  қайсарлық  пен  өжеттік    ұстазға  келіп 

тіреледі.  Ескендір  Зұлқарнайын:  «Даңқ  пен  абыройға  кенелуімде  мен  бір  адамға 

қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель», – десе, Абылайхан Төле биді, Шəкəрім ұлы ақын 

Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтесе, біз мектебіміздің көшбасшысы – Хасанова Сəуле 

Төлегенқызын ешкіммен салыстыруға болмайтын ұлы, дана да, дара тұлға деп санаймыз.       

Өйткені ол – өз кəсібінің  майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын 

салып,  болашаққа  адастырмас  ақ  жол  сілтейтін  асыл  жан.  Бұл  –  əркімнің  қолынан  келе 

бермейтін,  ерекше  талантты  қажет  ететін,  қаламы  қуатты,  қиялы  қанатты,  қажымас 

талапты адамға тəн қасиет.  

Сіз бізге – көшбасшысыз дара туған, 

Көрінер балаларға дана тұлғаң. 

Біз үшін аман жүрші, аяулы ұстаз, 

Жүрегі күн нұрынан жаратылған.  

           Бақыттың  үлкені  –  өзіңді-өзің  тану.  Ұстаз  өзін-өзі  қ ай  уақытта  таниды?  Ол 

алдындағы  шəкіртінің  қияға  қанат  қағып,  елінің  азаматы  болған  сəтінен  таниды. 

Француздың  ұлы  ойшыл-философы  Ж.Руссо  «Ұстаздық  ету  –  өзінің  уақытын  аямау, 

өзгенің  бақытын  аялау»  деген  екен.  Ендеше,  бүгінгі  білім  мен  білік  бəсекелес  заманда 

ұландарымыздың  биіктен көрінуіне ұстаздарымыздың сіңірген еңбегі зор. Осындай асыл 


ұстаздарымыз  мектебімізде  қырыққа  жуық.  Олардың  əрқайсысының  еңбегі  зор,  мектеп 

тарихында алатын орны да ерекше жəне олар есімдерін алтынмен қашап жазуға лайық деп 

ойлаймын. Атап айтсақ, Хасанова Сəуле Төлегенқызы, Белгібаева Гүлшекер М анатқызы, 

Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы, Бегалина Жұпар Беғалиқызы, Рахимжанова Армангүл 

Сартайқызы,  Əбдіжүсіпова  Бəтима  Халыққызы.  Ұстаздың  бойындағы  білім  мен  ақыл-

ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тəртіпке баулып, 

есейтіп,  ержеткізеді.  Сондықтан  əрбір  шəкірт  өзіне  үлгі-өнеге  болған  сүйікті  мұғалімін 

ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: 

Ақырын жүріп, анық бас, 

Еңбегің кетпес далаға. 

Ұстаздық еткен жалықпас, 

           Үйретуден  балағ а,  –  дег ен  өлең  жолдары  еріксіз  ойға  оралады.  Егер  əр  шəкірт 

өмірде  бір  кірпіш  болып  қаланып,  ұстаздан  шəкірт  озып  жатса,  төккен  тер  мен  адал 

еңбектің ақталғаны емес пе ?! 

Тыңдаған көңілдегі толғамымды, 

Шыңдаған тəрбие мен талғамымды. 

Өмірдің маған сыйы деп білемін, 

Өзіңдей жанға шəкірт болғанымды.  

            Қазіргі  жас  буын  –  еліміздің  келер  кейінгі  келбеті.  Бұл  жөнінде  Елбасымыз  

Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаев:  «Ғасырлар  мақсаты  –  саяси-экономикалық  жəне  рухани 

дағдарыстарды  жеңіп  шыға  алатын,  ізгіленген  ХХІ  ғасырды  құрушы  іскер,  өмірге 

икемделген,  жан-жақты  жеке  тұлғаны  тəрбиелеп  қалыптастыру»,  –  деген  тұжырым 

жасады. М іне, бұл біздің мектебіміздің  шəкірттерінің  айқын мақсаты. Жəне осының бəрі 

асыл ұстаздарымыздың арқасы. Сіздерге алғысымыз шексіз!  

Игіліктен теріп маржан-жақұтты, 

Ізгілікке арнаған бар уақытты.  

Қиындықтан қаймықпаған ешқашан, 

Барлық ұстаз бола берсін бақытты! 

Талпынған балапан ем ұядағы, 

Қырандай жетілдірдің қиядағы. 

Ұстаздарға арналар лебіздерім, 

Бір жырға қалай ғана сыя алады?! 

 

 

М арат Ахбөпе 



11-сынып оқушысы 

 «Жас дарын» мектебі  

 

 

 

«Жас дарын» мектебі туралы жақсы ой...

 

 



Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандырылған мектебі туралы тек жақсы тілектер, 

ойлар  айтуға  болады.  Ж.Аймауытов  атындағы  облыстық  қазақ  музыкалы  драма  театры 

мектептермен тығыз байланыс жасайды. Əрбір кездесу үлкен ой салады. М ектептің ішіне 

кіргеннен  бастап,  əдептілік,  мейірімділік,  мəдениеттілік  байқалады.  Балалардың  жүріс-

тұрысы,  білімге  деген  құштарлығы,  ізеттілігі  көрініп  тұрады.  М ен  өзім  осы  мектепке 

əртүрлі  артистермен  кездесулерге  барғанда,  балалардың  білімділігін  көргенде,  кеудеме 

қуаныш    толады.  Егеменді  еліміздің  болашағын  нығыз  ұстайтын,  еліміздің  елдігін 

сақтайтын  ,  еліміздің  болашағын  көркейтетін    нағыз  азаматтардың  өсіп  келе  жатқанына 

қуана қараймын. 

«Жас  дарын»  мамандандырылған  мектеп  ашылғ алы  театрмен  тығыз  байланысты. 

Əрбір  қойылымды  көргеннен  кейін  сол  қойылым  туралы  үлкен  ойлар  айтылады, 

талқыланады. Нағыз мəдениетті болу өмірдің талабы, өркениетті  мектептердің қатарында 

болу  үшін  мəдениетті,  білімді  болу  керек.  Осы  ұстанымды  мектеп  директоры  Хасанова 


Сəуле Төлегенқызы жауапты міндет деп алдына үлкен мақсат қойған. Əрбір бастамасында 

сондай ұқыптылық, ақыл мен білімділік, сыпайлық байқалады. 

Сондықтан  да  театрмен  мектеп  оқушыларының,  ата-аналарының  тығыз 

байланысты, болашаққа, өмірге деген көзқарасының нық анық екенін көрсетеді. 

Театрымыздың  өсу  жолы  көрермендермен  байланысты.  Қазақстанның  түпкір-

түпкірінен  Павлодар  қаласына  келген  театрлар  Павлодар  қаласындағы  көрермендердің 

талғамының  биіктігін  айтады.    Ж.Аймауытов  атындағы  театрдың  шетелдерде,  өзімізде 

өтіп  жатқан  фестивальдерде  жүлделі  орын  алып  жүргені  «Жас  дарын»  мектебінің 

ұстаздары  мен  оқушыларының  зор  үлесі  бар  екенін  мақтаныш,  қуаныш  сезіммен  айта 

аламын. 


Сіздерге алғысымыз шексіз. Əрқашанда табысты болыңыздар! 

 

Ж.Аймауытов атындағы театр  



директорының орынбасары, ҚР 

мəдениет қайраткері  

С.Н. Бекболатов 

 

 



 

Болашақ түлектердің лебізі 

 

           «М ектеп  –  кеме,  білім  –  теңіз»  демекші,  «Жас  дарын»  жалпы  орта  білім  беру 



ошағының еліміздің жас азаматтарын оқытуда атқарған еңбегі орасан зор. Он жылдан аса 

уақыт  бойы,  алғаш  іргесі  қаланған  сəттен  бері  мектеп  талай-талай  дарынды  балаларды 

үлкен жолға, келешек өмірге даярлаумен айналысуда. 

 

Əрине,  білім  нəріне  сусындаған  шəкірттерді  дайындауда  мектеп  ұжымының, 



əсіресе  мұғалімдер қауымының рөлі аса  маңызды. Ең бастысы,  метеп  абыройын жоғары 

ұстатуға бар күшін салып жатқан директорымыз Хасанова Сəуле Төлегенқызының еңбегін 

атап өткен абзал. Сəуле Төлегенқызы мектеп оқушыларын түрлі-түрлі олимпиадалар мен 

интеллектуалдық сайыстарға қатыстырмақ үшін көптеген шара жасауда, мұның арқасында 

балалардың  білімге  деген  құштарлығы  мен  əуестілігін  күннен-күнге  артуда  Сонымен 

қатар, аяулы ұстаздарымыз жаңа ғана қалыптаса бастаған тұлғалардың, яғни шəкіртердің 

түпкілікті  адам  болып  жетілуі  үшін  тəлім-тəрбие,  баға  жетпес  терең  білім  беріп  отыр. 

М ұндай асыл адамдардың еңбегі нəтижесінде оқушылар білім аренасында биік белестерге 

жетіп, мектебіміздің жетістіктер қоржынын үзіліссіз толтыруда.  

 

Бүгінде мен «Жас дарын» оқу ұясынан ұшқалы тұрған болашақ түлекпін. Осындай 



қасиетті  мектеп  табалдырығын  аттап,  терең  білім  алғаным  үшін  үлкен  алғысымды 

білдіремін. М ектебіме одан əрі гүлденіп, республика ауқымында өз орнын сақтап қалуға 

тілектеспін. 

 

 



11 «Ə»-сынып оқушысы 

 Сұлтанғазинова Қ. 

 

 

М ектебімнің  іргесінің  қаланғанына  13  жыл  болып  та  қалды.  М ұндай  ұзақ  емес, 



бірақ  қуанышты  сезімдерге,  толғанысты  сəттерге  толы  уақыт  ішінде  осы  оқу  ордасы 

көптеген  елеулі  оқиғалар  кешіп,  облыс,  Республика  деңгейлерінде  ауқымды  дəрежедегі 

мəртебеге ие болып, жалпыға ардақты мектепке айналды.  

М ектебіміз  кішкентай,  бірақ  бұл  жайт  оның  толыққанды  өмір  сүруіне  еш  əсерін 

тигізбейді. Керісінше, мұнда келген əр адам, білім алатын əр оқушы өзін жайлы сезінеді 

деп  ойлаймын.  Табалдырығын  аттаған  сəттен  бастап  сені  жайдары  жүздер  қарсы  алып, 

бірден  жылы  достық  қарым-қатынасты  елейсің.    Жалпы  бұл  əрдайым  мектебіміздің 

ерекше  өзгешілігі  болып  еді.  «Жас  дарында»  балалық  шағының  балдай  тəтті  кездерін 



көрген  бірнеше  дарынды  аға  буындар  бұған  дəлел.  М ектеп  қабырғасынан  əлдеқашан 

алыстап  кеткен  түлектері  əліп  үйретіп,  білім  теңізіне  жетелеген  ұстаздары  мен  балалық 

кездерінің  талай  қызықты  күндеріне  куə  болған  алтын  ұя  –  мектебін  əрдайым  үлкен 

сағынышпен,  мақтанышпен  еске  алып,  жиі-жиі  мектептің  құрметті  қонақтары  болып 

тұрады.  

М іне, бүгін мен де мектебімен қимастықпен қоштасатын түлекпін. Уақыт өте келе 

мектеп  өсті,  мен  өстім.  М ен  қанша  жыл  өмір  сүрсем  де,  қандай  іспен  айналыссам  да, 

өмірдегі  ең  ұмытылмас  сəттер  болып  «Жас  дарында»  өткізген  уақыт  қалатыны  сөзсіз. 

М ектепте өткен уақыт өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дəл осы кездер есімде ең жарқын 

естелік  боп  қалады.  М ектебім  маған  үлкен  өмірге  жолдама  береді,  үлкен  өмірге 

дайындайды.  

Он  бір  жыл  бойы  сүйенішім,  əрбір  бастауымда  қолдаушым  болған,  жылулық  пен 

бақыт  сыйлайған  осы  үлкен  жанұянын  кішкентай  бір  бөлшегі  –  мен,  ал  алтын  ұям-

мектебім - жүрегімнің төрінде айырықша үлкен орын алатын тірегім. 

 

Н.Темірова, 11-сынып оқушысы 

 

 



 

 

 



 

Ұстазыма 

 

Ұстаз деген – ардақты екінші ана, 

Білім алған ұстаздан ғұлама да. 

Əрқашан білім нəрін сеуіп өткен, 

Қасиетіңнен айналдым ұлы дана. 

 

Жүріп өткен ізіңнен ғибрат алған, 



Тек өзіңнен ұрпаққа мұра қалған. 

Қадірлі де, аяулы ұстазымсың, 

Бас иеміз əрқашан тек бір саған. 

 

Жас ұланы қанат қағар қияға, 



Жетер ме екен аңсаған ұлы арманға. 

Сусындап түпсіз терең тұңғиықтан, 

Көп алғысын айтар сонда ұстазға. 

 

Марат Ахбөпе, 11-сынып оқушысы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет