«Сейфуллин оқулары – 12: Ғылым жолындағы жастар-болашақтың инновациялық әлеуеті» атты
Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары = Материалы Республиканской
научно-теоретической конференции «Сейфуллинские чтения-12: Молодежь в науке -
инновационный потенциал будущего" . – 2016. – Т.1, ч.3 – Б.15
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ
Оспанова А., Айыпов А.
Жерді табиғат ресурсы ретінде ұтымды және мақсатына орай дұрыс
пайдалану адамзаттың даму болашағының кепілі.
Ақмола облысының жер қорының жалпы ауданы 14 621,9 мың га
құрайды.Облыс жер қорының жалпы құрылымында ауылшаруашылығы
мақсатында пайдаланылатын жерлер 10538,0 мың га, өнеркәсіп, көлік және
байланыс, қорғаныс және өзге ауылшаруашылық емес мақсатында
пайдаланылатынжерлер - 140 мың га (1%), ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың жерлері - 472,2 мың га (3,2%), орман қоры жерлері - 554,9 мың
га (3,8%), су қоры жерлері – 199,4 мың га, босалқы жерлер – 1 388 мың га
(9,5%) құрайды[1].
Жоғарыда берілген мәліметтерге сәйкес ауылшаруашылығы мақсатында
пайдаланатын жерлер облыс жер қорының 72,1 % құрайды. Осыған орай
ауылшаруашылық алаптарының пайдаланылуы мен қорғалуы, топырақ
құнарлылығының арттырылуы және қауіпті экологиялық ықпалдан сақтап
қалынуы әр түрлі табиғи жағдайларда ауылшаруашылық өндірістің
мамандандырылғанына қарай жүзеге асырылуға тиісті,ауыл шаруашылығы
өнімдерін орнықты өндіруге жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерде топырақ құнарлылығының тұрақты мониторингін
жүргізу қажет[3].
Ақмола облысының жер ресурстарын пайдалану кезінде біршама
қағидаларды ұстанымға алып отыру керек:
1) өндірістің жерге жағымсыз ықпалын экологиялық қауіпсіз деңгейге дейін
барынша азайту;
2) жерді пайдалану барысында сапасының өзгеруін қадағалау негізінде,оның
әр түрлі қолайсыз табиғи құбылыстар мен антропогендік кері әсерден
қорғалуын үнемі қамтамасыз етіп отыру;
3) жер пайдаланушылар мен жер иеленушілер ауыл шаруашылығы
мақсатында пайдалынатын жерлерде топырақтың құнарлылығын сақтау және
жел мен су эрозиясының алдын алу жөніндегі тиімді іс-шаралар жүргізіуін
қадағалау[2].
Әдебиеттер тізімі
1.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі
туралы» №827 Жарлығы «2016-2020 жылдарға арналған Ақмола
облысының аумағын дамыту бағдарламасы». 2009 ж 18 маусым.
http://akmo.gov.kz
2.
Жерге орналастырудың теориялық негіздері. Қырықбаев
Ж.Қ.,Озеранская Н.Л.,Жаманқұлова Б.Г. Оқу құралы. Астана -2014ж.
3.
Gill, MA «Need for establishment of South Asian Conservation Agriculture
Network».
1st World Congress on Conservation Agriculture. -2003у.Madrid,Spain.
р123-132