Тазалықты, пәктікті сүйетін



Pdf көрінісі
Дата24.03.2017
өлшемі2,4 Mb.
#10199

3

саған арнадым

Аян Мейраш

Алғы сөз

Поэзия 


–  тазалықты,  пәктікті  сүйетін 

ақсүйек  өнер.  Оған  бар  жан  дүниеңді 

арнамасаң,  шамшыл  келеді.  Ақынның 

кітабы  түптің  түбінде  бәрібір  шығатыны 

белгілі. Егер ол расымен ақын болса! 

Мәселе 


–  өзекті  жарып  өлеңнің 

шығуы.  Жүйткіп,  аламанға  ат  қосқан  жас 

ақындардың қарасы тым көп. Қуантарлық 

жайт. Сол Қарағандыдағы елу ақыннан екі 

ақын  әлем  әдебиетіне  қазақ  деген  есімді 

таныта алса, ол 

– үлкен олжа! 

Жастар  поэзиясының  бірін  қалдырмай 

оқып  отыруға  тырысамын.  Нағыз  өлеңді 

іздемеймін, ол өлең өзін оқытпай қоймайды. 

Сені  оқуға  мәжбүр  етеді.  Додаға  түсіп 

тұрғанның  ешқандай  сөкеттігі  жоқ.  Өнер 

адамында арқа болады. Сол арқа дегбіріңді 

алып,  осындай  жыр  додаларында  делебе 

қозады. Қазақша айтсақ 

– құйрық тістесу, 

үзеңгі қағыстыру. 

«Қасым.kz» 

сайт-порталының 

жаңа 


жобасына  ризашылығымды  білдіремін. 

Жас  ақын  кітабын  шығартпақ  түгілі, 

облыстық  газет  бетінен  жылт  ете  алмай 

жатқан заманда адам сенгісіз жайт екен.

«Қасым.kz»  сериясы  бойынша  жарық 

көрген тұңғыш кітапқа дарынды өрен Аян 

Мейраштың  тырнақалды  туындылары 

енгізіліп отыр. 

Аян Мейраш 

– өзінің нәзік лирикасымен 

танылып  жүрген  таланттардың  бірі. 

Ақынның жан дүниесіне еніп, сырласқыңыз 

келсе, жырларына үңіліңіз.


4

5

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Ақынның ақынын, алтынның ағын таңдау 

керек.  Жылтыраған  бес-алты  өлеңімен 

тарих сөресінен ешкім орын алмаған. Ертең 

жиырма екінші ғасырға қажеті бар ақынды 

таңдау керек. 

Бас  жібіне  оратылып,  аласұрып  тұратын 

Қасымның  асау  құлындары  көп.  Соның 

ішінде Аян Мейраш дара дер ем. Аянның 

өзін  танымаймын,  өлеңдерін  білгендіктен 

өз  пікірімді  айтқым  келеді.  Өлеңінде 

қазаққа  ғана  тән  бояу  бар.  Ол 

–  лирика. 

Тақырып аясы кең, тілі шұрайлы, ойы қою. 

Кейіпкерімен  бірге  өзі  жүр.  Өлеңінің  іші-

сырты  бірдей.  Өз  қатарластарынан  Аян 

бір басқа жоғары тұр. Жүлде Аяндікі. Тек 

талантты өлтіріп алмауды ойлауымыз керек. 

Поэзияға келу бар, кету жоқ. Ендеше қош 

келдің,  Қасымның  құлдыраңдаған  қоңыр 

құлыны!


«Қасым.kz» арнайы сериясының ғұмыры 

ұзақ болсын деп тілеймін!



ғалым ЖАЙлыБАЙ,

Қазақстан Жазушылар одағы 

төрағасының бірінші орынбасары, 

Халықаралық «Алаш» сыйлығының 

лауреаты

Трамвайлар қайтып келмейді

Алты ма, жеті жасым ба?

Қызықты сәттер ғой расында.

Езуімді жимай отыр ем,

Ала сөмкенің қасында.

Алыстан салып аттан күз,

Ағарып атқан ақ таң сыз.

Әкем бар, анам әдемі,

Қалаға бара жатқанбыз.

Тым ерке көңіл елеңдеп,

Қиялым тіптен тереңдеп.

Көрші дос ішін күйдіріп,

Қаладан мен де келем деп.

Арманға бұғып отырғам,

Көзімде жалын от ұрған.

«Аянжан, қалаң міне», 

– деп


Бір хабар келді шопырдан.

Ұзақ күттірген әлегі,

Құдай-ау, неткен әдемі...

Далалықтарың ұқпаған

Қалалықтардың әлемі?


6

7

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Келмейтін қайтіп сағаттар,

Менде де қай бір тағат бар.

Төбемнен төніп қарады

Зәулімі биік қабаттар.

Биігін санап алыптың,

Келмейді мүлде жалыққым.

Жетектеп анам әкетті,

Аңырып тұрып қалыппын.

Күлімдетеді әз арман,

Естелік кетпей назардан.

Жұқалау кіріп едік біз,

Домалап шықтық базардан.

«Шаршаған шығар күндізден,

Қайтпаймыз, 

– деді бір ізбен.

– Ұлымыз қаланы көрсін», – деп

Трамвайға әкем мінгізген.

Талай жыл өтті арада,

Ұқсамай жүрміз балаға.

Арманның жүзі өткірлеп,

Мен қайта келдім қалаға.

Еске алу сол бір жас шақты,

Арманым еді бастапқы.

Алайда біздің қаладан,

Трамвайды алып тастапты.

Қимастық кейде кернейді,

Қимастық маза бермейді.

Балалық мініп кеткен сол,

Трамвайлар қайтып келмейді.


8

9

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Қанаты қара періште

Қап-қара мына күнделік,

Өзіңе ғана жарасым.

Отырмын тағы түнге еліп,

Қара түн 

– сенің қарасың.

Қылықтым, неге мұңайдың,

Мұң неге бізге құнықты?

Еріндеріммен бұзайын,

Ерніңдегі құлыпты.

Жанарыңдағы қарашық,

Жанарымдағы мөлдір де,

Сезіммен жатыр таласып,

Жеңіліп жатыр, көрдің бе?

Киесін тапқан шумақтан,

Қараша түні ерек тым.

Әлеміңді ессіз шулатқам,

Мен саған әлі керекпін.

Қара түс 

– сенің сыңарың,

Көңілің ғана аппақ деп.

Қара түн 

– менің сыңарым,

Қара өлеңдерімді жаттап кет.

Ақ уыз менің періштем,

Қанатың ғана қара ғой.

Әлемдерімнен бол үстем,

Жүректі билеп ала ғой.

Өртеніп кетем мен іште,

Аңдатпай кел де сүйіп кет.

Қанаты қара періште,

Ақ періштелерден биіктеп.



10

11

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Көк трактор

Анық бейне түсіргендей жанға айна,

Осы естелік ескірмейді, қалмайды, ә!

Үлкен үйді жазда ғана көруші ем,

Біздің ауыл ол ауылдан шалғайда.

Керемет кез демалысқа ауысым,

(Оқу деген 

– балалықтың жауы, шын).

«Айболат кеп ап кетеді» дегенде,

Аңдушы едік көк трактордың даусын.

Шаршатпайтын, 

талдырмайтын сол үміт,

Сағынышпен тұрған соң ғой өріліп.

Пай-пай, шіркін! 

Көк тракторым келетін,

Төбе артынан көк түтіні көрініп.

Өңін көрсем, кеудем тұстың әні ерек,

Шыныменен, 

сол трактор ма, қане, тек...

«Е-хе-хей! 

– деп 

айқайлайтын сияқты ол, 



Аян, сені көріп тұрмын, әне», 

– деп.

Сол көк трактор 



– хабаршысы ауылдың,

Үлкен үйде өскен туған бауырдың.

Сол көк трактор сағыныштың лебі емес,

Өзіндей боп көрінетін дауылдың.

Көк аспанға жеткен кезде қиялым,

Көк тракторға әрең-әрең сиямын...

Сол сезімді суреттер ем көркемдеп,

Құдіреті жетпейді, әттең, сияның...

Көк шалғында көк трактормен зулатып,

Үлкен үйге жетем солай шулатып.

Еркеліктен ес ауысып жүруші ек,

Қазір қайда кетіп қалдың, қу бақыт. 

Содан бері күндер өтті көп-ақ тым,

Балғын кездер, мол естелік бораттың.

Ауыл жаққа шауып кеткім келіп жүр,

Қос өкпесін қабындырып көк «аттың».

Мендік өмір далалықтан әрірек,

Бір-біріне кереғардай бәрі тек.

Сезем, бір күн көк тракторым келеді:

«Аян, сені көріп тұрымын, әне!» 

– деп.


12

13

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Тентек

Тентексің деуші едің ғой, есіңде ме,



Ақынның аңғалдығы кесір неге?

Сабырлы боп суретке түскен едім,

Сабырлы боп отырмын көшірмеде.

Несіне соған бола ерегестің?

Ақынға шамалы ғой керегі естің.

Суретке түскен адам мен шығармын,

Суретте отырғаны мен емеспін.

Түсіне қоймадың да, тырыспадың,

Ұйымай қойды содан ырыс бағым.

Жасыңды сүртемін деп жұбатпаққа,

Соңғы рет жанарыңнан жыр ұстадым.

Біз солай ажырастық сеп демесін,

Сен менің болмысымды шектегесін.

Жолайрықта тағдырлар тоғыспаса,

Несіне соған бола кектенесің?

Есіл заңын өмірдің елей кештім,

Сұсымен жұлдызы жоқ кедей кештің.

Сен ғана байқапсың ғой болмысымды,

Қазір маған «тентексің» демейді ешкім.

Арандатты санамды нешеме ой кеп,

Ақ самалды шақырдым есе ғой деп.

Дүниені келемін дүрліктіріп,

Біреу маған «тентексің» десе ғой деп.


15

саған арнадым

Аян Мейраш

Абайдың көз жасы

Қуат бар ма дәл қазір түсінерлік,

Үлкендер ғой, үлкендік үшін ердік.

Аза жырым арқама қамшы салып,

Маза бермей келеді түсіме еніп.

Есімде ол, әлі де ұмытпадым,

Құрығаным болушы ед ұмытқаным.

Ақпан айы, ақ қардың жазығы не?

Әлі есімде төртінші сыныптамын.

Байызым-ай, бұлқынып, тынушы еді,

Бар назарын ойынға бұрушы еді.

Біз оқыған мектептің дәл алдында

Ұлы Абайдың бейнесі тұрушы еді.

Шалалық қой, біз нені ойлайтынбыз?

«Ауырасың, қой» десе, қоймайтынбыз.

Ақпан айы ұлпаны домалатып,

Бірімізге қар атып ойнайтынбыз.

«Сәкен атты, Аян, қаш, қар келеді»,

Сонда жүрек сезіп ед әлденені.

Елең ете қалғанбыз қар атқанда,

Ескерткішке дөп тиді дәлдегені.



16

17

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Балалық қой, алайда, бірақ, бірақ,

Көз алдымда ол әлі тұрад жылап.

Қар тиген кез Абайдың бейнесіне,

Ерігенін байқады бір ақымақ.

«Қар алыңдар, Абайға жүр, атамыз,

Кімде қандай есең бар, сұратамыз.

Көзін көздеп атыңдар, еріп тұрсын», 

Біз Абайды солайша жылатамыз.



Қай ақымақ осыны сұраттырды,

Бәрі бар ғой, кім өзі жырақ тұрды?

Қаумалаған қараңғы ұрпағына,

Қарап Абай үндемей жылап тұрды.

Кешір, Ақын, кесірдің қылықтарын,

Қанша уақыт өтсе де ұмытпадым.

Ақымақ боп Абайды жылатқан кез 

Ақпан айы. Төртінші сыныптамын.



Қар жауып тұр

Қар жауып тұр...

Түн.

Дала.


Тыныштық.

Жалғыздықпен үнсіз ғана ұғыстық.

Осындайда мазалайды екен ғой,

Естеліктер тым ыстық.

Қар жауып тұр...

Түн.


Қала.

Шам жарық.

Осы күйді біз өзіміз таңдадық.

Бір сағыныш кеудем тұсын кернейді,

Несін тұрмын таң қалып.

Қар жауып тұр...

Түн.

Тыныш, тіл қатпа,



Үйренбей-ақ қойдым осы ырғаққа.

Таң рауандап атқан кезде оянып,

От жақпайды бұл жақта.


18

19

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Қар жауып тұр...

Түн.


Есіңде ме қара түн?

Отын әкеп, пеш жағатын бала күн.

Отырғанда бұрышында жылынып,

Қидың иісі танауыңды жаратын.

Сол күндерім ұсынбаған наласын,

Сағынтпайды десем, қалай нанасың?

Сүт бетінен қаймақтарын іркіп ап,

Нанға жағып, шай беретін анашым.

Әкем айтып тұрса-дағы ерте деп,

Таңмен бірге оянамын еркелеп.

Балалықта сол таңғы шай секілді

Ойлап па едім келте деп.

Қар жауып тұр...

Түн.


Қала.

Тыныштық.

Білем, біздер балалықтан ығыстық.

Көз жасым ба, сүрте салам, түк етпес,

Мазаласын естеліктер тым ыстық...

...Тиіспе.

Қарашоқы-Қарағанды

Қоңыр әуен көңілімнен күй ақты,

Кеудем тұстың күмбірлеуін қарашы. 

Балалықтан есейген жол сияқты

Қарашоқы-Қарағанды арасы.

Айтарым бар, қайтарыңдар есесін,

Тамырымнан қалып барам жырақта.

Бұл өмірді сен де мендей кешесің,

Мен сияқты түсінбейсің бірақ та.

Шалғын көде, сабағында 

– күміс шық,

Сондай сұлу көрінеді, елесең.

Шын айтамын, ауыл бізге тым ыстық,

Қарамызды көрсетпейді демесең.

Жанарыма сөнбей-тұғын шоқ тұнып,

Күрсінбей-ақ, күйінбей-ақ от кешкем.

Ауылдың ұлы, дауылдың ұлы боп туып,

Қаланың ұлы, қараның құлы боп кеткем.



20

саған арнадым

Қоңыр әуен көңілімнен күй ақты,

Кеудем тұстың күмбірлеуін қарашы.

Балалықтан есейген жол сияқты

Қарашоқы-Қарағанды арасы.



22

23

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Перизатқа

Еркелеші, келіп тұр еркелеткім,

Көңіл күйін сабырлы шертеді екпін.

Адасуға құмар ем, солай жүріп,

Мен өмірден өлеңге ерте кеттім.

Перизатым, есейіп үлгермеген,

Қиялыңа таң қалам күнге өрлеген.

Өзіңді ойлап жатам да көзімді іліп,

Түстерімде нәп-нәзік гүлдер көрем.

Түстерімде тағы да сен жүресің,

Себепсіз мұңаясың, бір күлесің.

Жимиып қап әлемді жап-жарық қып,

Жылайсың да, барлығын бүлдіресің.

Мен тағы да шошынып оянамын,

Онсыз да осал ойран боп ой алаңым.

Белгісіз сезімдердің қысымына,

Белгілі, нүкте ғана қоя аламын.

Еркімнен тыс осындай жол таңдадым,

Сенің-дағы келе ме сор таңдағың?

Күз өмірім көктемдей кезіңді ұрлап,

Сарғайып кете ме деп қорқам, жаным.

Әй, қырсықсың, қырсығып көнем дейсің,

Не көрсем де, сезім деп көрем дейсің.

Мені солай бақытқа бөлейсің де,

Сезем, өзің бақытқа бөленбейсің.

Еркелеші, келіп тұр еркелеткім,

Көңіл күйін сабырлы шертеді екпін.

Көз жасыңды сүртуге кешігіп қап,

Мен өмірден өлеңге ерте кеттім.


24

25

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Қарағай

Тырнағына татымаған неше бел,



Біздің жақтың табиғаты 

– бал арай.

Қызыл-жасыл ғұмыр кешкен деседі ел,

Қысы-жазы жап-жасыл ғой қарағай.

Маңдайына әжім түспей даланың,

Маңайына шатыр тіккен перілер.

Түйсігіне жетпей өгей баланың,

Жер-жаһанның жетпей қалды шері дер.

Әттең, дәйім солай болса дүние,

Өткенімде өксік қалған, қозғашы.

Қарқарам-ау, қасіретіңе кім ие,

Неге тұрад бір Мәдидің көз жасы?

Көңіліңнен шықпай қалдым нешінші,

Кіндігімнің қаны қалған құным ең.

Кеңдігіңе күмәндансам, кешірші,

Жалғыз Қасым сыя алмаған жырымен.

Асқарым-ай, қалғансың ба қартайып?

Көкке қарап ұлып тұрмын бөріңдей.

Асқарыңа күмәндансам, бар ма айып,

Балқантаудан Тұрсын жүрсе көрінбей?

Құлын кезім топырағына аунап мың,

Тамырымды аңдап өткен ғасырдан.

Тартпай кеткір, болмысыңнан аумаппын

Жап-жасыл боп мұңын көптен жасырған.

Қарқарам-ау, сынып түстім асылдан...


26

27

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Тұтқын

Қарлаг естеліктерінен туған ой



Қиялымда қанат қағып құс үміт,

Құсни өлең қалықтайды санада.

Құрсағында қаламымның қысылып,

Шырылдайды шарана.

Барлығы да өткен күндер сыңайлы,

Ұлыған жел ұмытпайды қаһарын.

Күнәсіз һәм күнәлілер жылайды,

Айыбың не, шаһарым?

Сырың бар ма айта алмаған басқаға,

Мөлдіріңнен көрмеп едім іркіп жыр.

Сұс көрсетсең, міз бақпайтын тас қала,

Әлденеден үркіп жүр.

Елес болып мазалайды таңғы леп,

Қаралы үйдің қабырғасы ызыңдап.

«Нәрестем-ай, неге үнсіз қалды?» деп,

Көрсетеді күз ымдап.

Қайтем енді, естеліктер, елестер...

Мұңымды ішіп отырамын жай ғана.

Көнеміз ғой, көптен көмбіс емес пе ел,

Қазақ содан қаймана.

Тәу етерлік бізде қандай тағдыр бар,

Төбеңе күн орнатпаса ғасыр кеп?

Тұғыры мен тағзымы жоқ тағдырлар 

Қарлаг емес, қасірет.



Қарағанды. Қаралы қыз. Нәресте,

Көз жасы емес жанардағы тамшылар.

Тарихында таңба жатыр, бәрі есте,

Түкіргені бар шығар.

Қаралы кеш, қара таңба қалаға,

Өтінемін, қиялымды күрмеме,

Қарлаг 

– біздің санамыз ғой, жан аға,



Сана әлі түрмеде.

29

саған арнадым

Аян Мейраш

Күлкі


Құралай Мағиқызына

Қаумалап мұңдар іштегі,

Батырып тұрып тістеді.

Бұлқынып кетер едім мен,

Шешеді дейсіз күш нені?!

Мұңсыз ұл едім кеше мен,

Бақыты басым, есе кем.

Ыстығын сезбей ғұмырдың,

Ернім күйді кеседен.

Еліртіп кеткен есіл із,

Батылдық болса, кесіп үз.

Өзгеден көру оңай ғой,

Өзгерді күлкім, кешіңіз.

Үрейлен, мейлі үркі де,

Нендей құн қалды күлкіде?

Сәбидің бәрі 

– періште,

Пенденің бәрі түлкі ме?!

Шаршатты мені қала сыз,

Есесін кімнен аласыз?

Қағынып кеткен қырттарға,

Бағынып кеткем шарасыз.



30

31

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Әлсіз де шығар мендігім,

Ұмытқан дала кеңдігін.

Тар құрсақтан ғой тар ғұмыр,

Тарланбай жүрер енді кім?

Тексіз ғой, сірә, ғалам да,

Бүйрегін бұрған арамға.

Өмір ғой, «Өмір кешемін»,

Өтірік күле салам да.

Биіктік

Кімге жұмбақ өмір сүре білуім,



Қандай ғажап жымың қағып күлуің.

Сәуір мені масайтып тұр дәл бүгін,

Оған қоса пойызға алғаш мінуім.

О, Туған жер! 

Тұла бойың кеңдігін,

Бүгін білдім десем егер, сенді кім?!

Плацкарттағы терезеге үңілген,

Қанша ойын оқып қойдым шерлінің.

Сондай жұмбақ көрінеді жанары,

Қоштасып ап, кездесуге барады.

Сағыныштар, сабылыстар, мен білсем,

Вокзалда емес, плацкарттарда қалады.

Вагондардың бөлек мүлде күйі, шын,

Вокзалдарың күтіп солай кейісін. 

Ернінің табы болып қап қойған,

Жыр қылса ғой қоштасудың сүйісін.



32

саған арнадым

Дала жатыр...

Бара жатыр жүйіткіп,

Көңіл бар ма өртенбеген күйіп түк.

Терезеден көрінеді, о, ғажап...

Пешенеден көрінбеген биіктік.

Жусан 


әуендері

(Цикл)


34

35

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

1 Сағыныш

Шертілмеген бір күйдің нотасында,

Сағыныш бар, сезінсең, от, расында.

Төбесіне өрмелеп бара жатқан

Біздің ауыл «Маяның» жотасында.

Кіре берсең, толқын көш жылқылары,

Дегбіріңді әкетер жұлқып әрі.

Топырақта туғанбыз, тұлпар көрсем,

Қағиданы қиялым сындырады.

Ауыл деген 

– Абыз жыр, ескеріп кел,

Осында ғой сан түрлі естеліктер.

Сайынынан сағыныш ескен кезде,

Мықты болсаң көз жасқа дес беріп көр.

Дала жүрек, беу, айдай дала көңіл,

«Қарағым» деп қиылып қарады өңір.

Қолым созып, жете алмай қиналамын,

Қайда мені әкетіп барады өмір?

Топырақтың түйіршік құнын үндеп,

Жусан аңқып желпиді тұлымым кеп.

Ауыл жақта ақ жауын жылап жатыр:

«Тасқа айналып барады құлыным», 

– деп.

2 Ақ үй


(Жеті атаның төртеуіне пана болған ақ үйді 

ағамның сатқысы келді). 

Үлкейіп, кішірейіп көлемдер,

Биіктеп біресе төмендер.

Өткеннің бүгіні ақ үйдің,

Өтемі бар болса, төлеңдер!

Кеудемде дүбірлеп күйді аттан,

Іргесін кім келіп қиратқан?

Төбенің үстінде томпиған,

Бір ащы үн келед зираттан.

Бір ащы үн келед құлаққа,

Жетеміз қанша бір мұратқа.

Ақ үйді ақ отау тігілген,

Ақылың бар болса, құлатпа!

Таянып келеміз тақырға,

Осы үй 


– естелік ақырғы, ә!

Не деген кереңсің, жарықтық,

Тек маған естіліп жатыр ма?!


36

37

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Қайтемін, өтпейді-ау әмірім,

Жетпейді-ау жетесіз сабырың.

Қалада бүр жару қиындау,

Ауылда жатса егер тамырың.

Құламай сан дүлей дауылда,

Жылу боп тұрған үй бауырға.

Есігін құлыпсыз тастап кет,

Бір күні мен барам ауылға

Соңғы рет ұйықтап қалуға.

3 Бала қыран

Қулығы өтпей мыстанның,

Табаны тимей дұшпанның.

Керілген байтақ даладан,

Бала қыран боп ұшқанмын.

Бала қыран боп биіктеп,

Биіктік жақтан тиіпті еп.

Сағыныш самал жел болып,

Самайдан үнсіз сүйіп кет.

Көп болды кері келмедім,

Өзгерді талай ермегім.

Қарт ауыл, Абыз даласыз,

Білмедім қалай ерледім.

Тасжүрек шаһар жұмақ па,

Тас болу, сірә, сұрақ па?

Біз әсте көніп алғанбыз,

Ұнатшы, мейлі ұнатпа.

Кеңдігің қайда, кеңістік?

Аңсарым едің ең ыстық.

Таңырқайсың-ау, тәйірі,

Тарлыққа оңай келістік.



38

39

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Бес намаз уақыт бес күнде,

Топырақ, мені кештің бе?!

Табаным тимей жүр саған,

Дұшпаның болып кеттім бе?

4 Байыр

Үрейі қысып тоқтады-ау,



Өте алмаушы еді күйлі атың.

Байырдың суы сотқарлау,

Толқыны дүлей, бұйра-тын.

Байырғы күндер деуші еді,

Бұлқыныстары шарт тастар.

Демалып үлгермеуші еді,

Тұншығып жатқан жартастар.

Байырдың суы мол еді,

Көсілген шешен сөзіндей.

Жағаласқанның соры еді,

Баһадүрлердің өзіндей.

Жолым түссе бір жағаға,

Өлермен болып қалам мен.

Жалғыздық 

– жанға садаға,

Адамның күні Адаммен,

Ақынның күні Ғаламмен.

Құса көңілден тарықтық,

Тұрпатын көрсең, түңілме.

Жасыпты дейді, жарықтық,

Байырдың суы бүгінде.


40

41

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

5

 

Аңғаруға сағынысқан көз керек,



Біздің ауыл бұрынғыдан өзгерек.

Мені бүгін қонақ қылып қарсы алды,

Өзге мінез, өзге дауыл, өзге леп.

Аласарып, еңкейіпті тау басы,

Үлкен үйдің қаңырап тұр ауласы.

Құттың көзін құбыр тартып құртқан ба,

Құдықтың да тесіліпті қауғасы.

Қиын қазір қыр бейнесін тануың,

Молаларың көбейіпті, ауылым.

«Тақымыңыз бос қой қазір, 

мінбе», 

– деп


Асау атты бермей қойды бауырым.

Кісілік қой, құлақ астым сөзіне,

Өкпе-назды сезген болар өзі де.

Жаяу Мұса топтан қалып қойған жоқ,

Жайсаң Мұса елестеді көзіме.

Қуарыпты көк майсасы мәуелі,

Қусаң-дағы, жел жетеді әуелі.

Бүгін мені әлдиімен уатты

Қырдан келген жусандардың әуені.

Қарқаралы

Топырағына жыр қанық,

Даланың ғана ұлымын.

Жусанмен бірге ырғалып,

Желбіреп жатыр тұлымым.

Кіндіктің қаны сүрінген, 

Тірліктің басы сайында.

Байлаулы қалдым бүгін мен,

Қарқарадағы қайыңға.

Баурына келіп жығылдым,

Байырдан маған құт ұя.

Менің құпия ғұмырым 

– 

Шайтанкөлдегі құпия.



Қыратындағы елікпен,

Желдің бейнесін тең етіп.

Жарысамын деп еріккем,

Жарысамын деп ер жетіп.

Бұлдырай берді көзімнен,

Өлеңім болып қайда да.

Бүлдірген терген өзіңнен,

Бүлдіршін қызы қаймана. 



42

43

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Аңызым қалды Арқада,

Жаңғырған таудан үн келіп.

Қарағайдағы аршада,

Балалығым жүр күрмеліп.

Арынды тілім, айт енді,

Айтты деп талай өрені.

Бір өлең жазсам қайтеді,

Қарқаралыдай көлемі.

Жасанды таста жүремін,

Жасандылыққа ұрындым.

Далада қалды жүрегім,

Жусанда қалды тұлымым.

Көшімнен алыс кеткелі,

Шөл қалды мына таңдайда.

Сайында жатқан төкпелі,

Бұлақтың суын аңсай ма?!

Шоқтығың болсам, жете ме

Қамшыдай қысқа ғұмырым?

Тектілігіңе еркеле,

«Қайдасың, Қасқа Құлыным?!»

Ұлылық жатыр дәмемде,

Батаңды берші, Тәңірім.

Өлеңім қалсын әлемде,

Қарқаралыда 

– қабірім.


44

45

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

***

Алақаны әрдәйым сұп-суық болып 



жүреді...

Асықты неге қара түн,

Тартылып ала таңына.

Өзім-ақ жылу саламын

Сұп-суып алақаныңа.

Өзім-ақ мойныма аламын,

Кінәдан қалма жасқанып.

Тозаққа мен-ақ барамын,

Іңкәрлығыма мастанып.

Құрбаны болып күлкіңнің,

Күнәһар болам, тиіспе.

Пәктігін берші бір түннің,

Дірілдеп ернің сүйісте.

Мен ғана сені сүйе алам,

Көзіңді жұмсаң жетеді.

Періштелердің күйі алаң,

Кектеніп маған кетеді.

Махаббат күйлеп бір үнін,

Біздерді сезім тербесін.

Кірпіктеріңнің дірілін

Мендегі кірпік сезгесін.

Жастаншы иық жағымды,

Ұмытып барын наланың.

Сұп-суық алақаныңды

Мен ғана жылыта аламын.

Есіңде сақта...



47

саған арнадым

Аян Мейраш

***


Тәңірден түскен тағылық,

Қызғана берем өзгеден.

Жүремін сені сағынып,

Жүрегімменен сөз берем.

Күдікті күндер келе ме,

Үмітті менен үзбеді.

Қашықтық деген немене,

Ғашықтық барда біздегі?

Секундтарымды санадым,

Кездеспей қалған кезімнен.

«Мұң құшқан сенің жанарың,

Тұншыққан, 

– деме, – сезімнен».

Айға да жетем, кел десең,

Сейілтші, күнім, тұманды.

Кездесер күнге сенбесең,

Сезімің де онда күмәнді.

Сенімің қалса, сене біл,

Тербейді бізді күй ертең.

Ақбоз ат мініп келемін,

Ақ көйлегіңді ки, еркем.


48

49

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Үміт

Сендік самалдан жыр ұқтым,



Бағзы бір заман, байырғы.

Байланып қалып тыныппын,

Жүзжылдық бізді айырды.

Жүректі бір сәт жылытып,

Теңселіп келем көшемен.

Нала күндерін ұмытып,

Лалагүлдерін төсеген.

Жоламақ болып жоладым,

Киіз үй, қайда қанатың?

Кешігіп келген қонағын

Кейімей күтіп алатын?

Момындығында бар ма айып,

Ғибрат алшы ғажаптан.

Айтамын тағы марқайып,

Кеңдік, ол қалған қазақтан.

Жарасар неге теңесем,

Аңқыған аппақ пейілді.

Көк бөрі қайда демесең,

Көк тұман бүгін сейілді.

Заманмен заман жарысып,

Дәрменсіз қылды дүрбіні.

Көжекпен көжек алысып,

Өжеттік туар бір күні.

Белдігін буа жалғайды,

Сескенбей алып ғаламнан.

Құл, сірә, туа алмайды,

Құрсағы алтын анамнан.

Азабым бар ма көрмеген,

Ентігіп жүріп келдік пе?

Үмітім қалды сөнбеген,

Осы елімдегі кеңдікте,

Осы елімдегі елдікте.



50

саған арнадым

Мона Лиза

Леонардо да Винчи Мона Лизаның ернін 

салуға 17 жыл уақытын жұмсаған екен.

Леонардоның қиялы дедік,

Шеңбер бұзылып, күй алды ерік.

Жылаған әйел. Жымиған әйел,

Айыра алмай ұялып едік.

Бозала таңды тербеліп атыр,

Соған сүйіндік сенделіп, ақыр.

Джоконданың жалғыз ернінде

Он жеті жыл еңбегі жатыр.

Он жеті жыл нәзіктігіне,

Ойына алып наз ұқты кімдер? 

Ұлы суретші ұлығандығын

Ұғынбай жатса, жазықты кімдер?

...Табиғат тұрса ұйып көктемге,

Ақтармаушы едім күйікті өткенге.

Перизатымның ерні, шіркін,

Он жеті өлеңге сыйып кеткенде.


52

53

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Сарыарқа

Қаймағы бұзылмаған тымық таңым,

Жоқ әлі ештеңені ұмытпадым.

Әлдебір махаббат қой кеудемдегі,

Әйтпесе емес шығар құныққаным.

Күрсінсем, бұлт боп ұйып көкте демім,

Өлеңнің өлкесіне көп келемін.

Арқаның адырынан асып туған,

Құшағы жұмақ деп пе ең Көктөбенің.

Танысаң тозаңы өзге, шаңы дара,

Тектілікті іздесең таны, қара.

Тәттімбеттің күйі бұл 

– Сары дала,

Әлиханның үйі бұл 

– Сары дала.

Емес-ау еміренген биік талғам,

Сарыарқа 

– сағынышым, сүйікті арман.

Абзекең 

– Көктөбеден көне мүсін,

Ақсұңқар Алатаудан биік маған.

Ерекше Әлемінен ән самала,

Құшағынан күн көрген қаншама адам

Сарыарқаға дәл мендей ғашық болып,

Сарыарқаны дәл мендей аңсамаған.

Шынайылық мөлдір мұң тамыз маған,

Ақиқатын айтар ма аңыз ғалам.

Қасіретіңнен қадірің кішірмеген,

Қасиетіңнен айналдым, абыз далам.


54

55

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Ақиқат

Кіршіксіз өлеңге керіліп



Қунаған шығармын,

Тынысы тарылған түндерде 

Тулаған шығармын?

Жаңғырыққа елтіп тауларда 

Шулаған шығармын,

Құрсақтан әлі жыр болып 

Тумаған шығармын?

Тірлік дегенді түйреуге 

Беттеген шығармын,

Тіршілік деген күйбеңге 

Жетпеген шығармын?

Сырттағы дүниеден жатырқап, 

Алыстап жүріп,

Іштегі дүниеден қашықтап 

Кетпеген шығармын?

Жалғанды жарым ырыс деп 

Жайланған шығармын,

Жалғанды жаным дұрыс деп 

Байланған шығармын?

Бүлінген бұрыш табам деп 

Бос әуременен,

Домалақ ойда жүз рет 

Айналған шығармын?

Ұға алмай сырын санамның 

Күрсінген шығармын,

Ұғынып, мүмкін, баяғыда-ақ 

Түсінген шығармын?

Адамның бәрін «кісі» деп 

Тырнақшаға ап,

Адамдығын ұмытқан 

«Кісі» мен шығармын?

Кім білді мұның шындығын, 

Бұлыңғыр бәрі,

Құбылған күндер өмірдің 

Құнын ұрлады.

Қыратта әлі мойнына 

Құрық түспеген,

Ақиқат дейтін далада 

Құлын жүр әлі.


56

саған арнадым

Тұсаулы еркіндік

Әуреге салып әуелгі күндер,

Сәуегей-сымақ бал ашып.

Еркіндігімді тәуелдігім дер,

Еркін білгеннің бағы асып.

Сана шебіне нұр қылды тіреу,

Үндемей жамап жыртықты.

Торда қамалған бұлбұлды біреу:

«Ән салмайды», 

– деп қыртыпты.

Өмірді мына балап құлдыққа,

Бір күні қурап жағамыз.

Ұрынбасын деп азап, сұмдыққа,

Әкетеді іліп ақ аңыз.

Тәңірі бізді жаратқан күннен

Тәуелді болып барамыз...



58

59

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Алақан

Әр адамның тағдыры өз қолында



Автор

І

Алақан тағдыр сызбасы дей ме,



Жазылған күллі ғұмыры?

Үңіліп қарап, ұқпаймын кейде,

Қай жерде соңғы сызығы?

Ызғардан суық жаураса тәнім,

Бір ғазал жазып үлгердім.

Бойымда тұнған жылудың бәрін

Алақаныма үрледім.

Кенеттен келген дертіме,

Алақан болған шипалым.

Батаны алған, бетіме 

– 

Алақаныммен сипадым.



Ойласам мұны көңілім толқып,

Құдірет неткен Жаратқан?

Мұсылман тұр намазын оқып,

Құбыла жақта 

– АЛАҚАН.

Сенбесең әлі дәлелден үн күт,

Алақан 

– ғұмыр айнасы.



Көрейік онда тарихқа сүңгіп,

Болар ма, бәлкім, пайдасы.

ІІ

...Соңғы рет тыныш ұйықтапты,



Қара түн қара тағында.

Алақанына қан ұйып қапты,

Шыңғыс хан туған шағында.

Бақсы да сонда қайғы алып,

Баланы жынға санайды:

«Бөріге бір күн айналып,

Әлемді қанға бояйды».

Сенбеген сонда бақсыға ешкім,

«Алжасқан мынау» десті де.

...Бөріге айналған шағында кеш күн,

Алжасу әлемнің есінде.

P.S. Алақанымда жазулы, демек,

Қас-қағым менің ғұмырым.

Алладан келген құпия дерек,

Алақаныма тығылдың.


60

61

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Пейіштен келген періште-заңгер,

Тағдырым жайлы құрап жыр.

«Болашағыңды білем», 

– деп балгер

Алақанымды сұрап жүр. 

Аулақ!!!


Перизат

Қажет емес кей кездері тіл қатып,

Жеткілікті үнсіз ғана күлгенің.

Сен қасымда жүрсең, ол да 

– 

бір бақыт,



Сен қасымда жүрсең, өмір сүргенім.

Жылу алып пәктігіңнен сендегі,

Көздеріңе сүңгіп кетем тұңғиық.

Ессіз қылық кешірімсіз мендегі

Жүрегіңе қалай ғана жүр сыйып?

Перизатым, ертегіден келгенсің,

Қиялымда жасап алғам мен сені.

Сүйкімдісің, қылықтысың, еркемсің,

Енді ешқашан кетпестей боп келші енді.

Мәңгі өлмейтін жауқазын гүл өсірем,

Сенің әрбір адым басқан ізіңе.

Қауызына есіміңді көшірем,

Солай шаттық ұялатам жүзіңе.

Сені көріп қызғанады хор қызы,

Ол да мұндай мәртебені көрмеген.

Ағадырдың бойында өскен қырмызы,

Қарқараның самалы боп тербетем.


62

63

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Ақ өлең

Ақ парақ жатыр, жыр парақ,



Күткендей менен оңды өлең.

Қауырсын қаламнан үн тарап,

Жасырған сырды өңгерем.

Өкпесіз көңіл ақкөңіл, 

Өкпем жоқ бүгін ешкімге.

Жалғасын тапты сәтті өмір, 

Ұмыттым, бәрін кештім де.

Жүректе тулап ақ сезім,

Аруды сүйгем, сүйем де,

Не деген, өмір, тәтті едің,

Тәттілігіңе күйем бе?

Қанатын қағып ақ арман,

«Қуып жет» деп үндей ме?

Бөгеттер қайда жоғалған,

Себепші сол ғой үрейге.

Қауызын аппақ раушанның, 

Ақ мамық етіп тағам да,

Ақ арманменен қауышамын,

Адаспай жолын табам да. 

Аппақ жол кетті, шүкірлік, 

Жолымды Тәңір ашқан ба? 

Қауызын жарды бір үміт,

Аязы қатты ақпанда...


65

саған арнадым

Аян Мейраш

Сүйікті болуым ең алғаш

Тұмарын тағып сезімнің,

Тұғырда биік тұр көңіл.

Балауса балғын кезімнің,

Бағдары сендік болды, өмір.

Беймаза сәтте кезіккен,

Тіл қатпай үнсіз ұқтырып.

Көңілдің күйін  сезіп пе ең,

Көзіңнен ойнап шықты үміт.

Келгенде көктем мезгілсіз,

Бүр жарып гүлдер ал қызыл.

Айтқанда адам сенгісіз,

Алжасқан екен жалғыз ұл.

«Сүймеймін сені» демеші,

Кербездігіңмен келіспе.

Сендік сезімнің елесі 

Демеуші мені періште.



Сезімге асық күйбелең,

Қиял қанаты бір талмас.

Сүюді сенсіз-ақ үйренгем,

Сүйікті болуым ең алғаш...



66

67

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

32-5-08

Керімсің, білем, назданба,



Сырымды түсін сен менің.

Ақынмын өлең жазғанда,

Әйтпесе мен де пендемін.

Ажарың кейде елестеп,

Шағылып күнмен нұр болған.

Сағынсам, айып емес тек,

Сағынбай қалсам, кім болғам?

Кімдерге айтам баяндап,

Айтса да, адам сенгісіз.

Ақын боп содан Аян қап,

Музаның аты белгісіз.

Арқаға қарап күле бір,

Көрінер ме едім өрен боп.

Қалқатай жайлы біле жүр,

Қарқара жақта өлең көп.

Бауырыңа кеттім көп келмей,

Жүрегім сонда пәк тулар.

Біздерді мазақ еткендей,

Шайтанкөлдегі аққулар.

Біздерді жырға қосқандай,

Арқаның ерке самалы.

Қосылмай кеткен қос маңдай,

Бақыты сондай шамалы.

Қанатсыз қалған армандар,

(Сөнбеген үміт жыр басқа...)

Өлеңде бізді жалғаңдар,

Серт бергем ұмыт қылмасқа,

Себеп бар ұмыттырмасқа.



68

69

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Балауса

Сәлемдесті нұрымен құба таңым,



Байқадың ба ғажапты, текті өренім?

Мен өмірді осы үшін ұнатамын,

Мен өлімді осы үшін жеккөремін.

Кеуде тұста соғады нәзіктігім,

Тірімін ғой, тірімін, сәлем, сәлем!

Тәңір жазған дастанның тармақтарын,

Маңдайымнан оқимын әрең-әрең!

Қолын бұлғап тағы да шақырды арман,

(Әммесі зор, кеуденің көлемі тар).

Маған бар ғой осындай ақындардан,

Өлеңшілер ұнайды өлеңі бар.

Қанша жерге ұшады сынық жебем,

Жаутаңдаумен келемін әр елеске.

Тілазар боп, ұрланып тығып жеген

Жуылмаған алманың дәмі ерекше.

Жуасыған секілді соқыр шындық,

Төрелері болады төренің де.

Ой мен ұйқас жатыр ғой бүкіл сұмдық,

Жуылмаған ақынның өлеңінде...

Күрсінгенді жалған деп жұбатамын,

Тірі болсаң, тіріге көп берерің.

Мен өмірді осы үшін ұнатамын,

Мен өлімді осы үшін жеккөремін. 


70

саған арнадым

Ұйықташы

Түні келді. Тыныштығы фәнидің,

Ұйықташы ұйқысымен сәбидің.

Қызыма емес, қызығыңа бұйырды

Өлеңдегі ең алғашқы әлдиім.

Ұйықташы түстеріңе сәлем деп,

Пейіліңе ұқсап кетсін әлем бек.

Менің күллі махаббатым оянсын,

Сенің оттай ерніңе әрең кеп.

Ұйықташы, перизатым, текті есім,

Күн ұяға әрең қиып кеткесін.

Сенің мөлдір жанарыңды көруге,

Ұлы түннің құдіреті жетпесін.

Келбетіңе түн екеуіміз ұрландық,

Тыныштықты бұза алмаған ұжданды ұқ.

Күзетуге сенің тәтті түсіңді

Бүгін түнгі менің ұйқым 

– құрбандық.

Ұйықташы...


72

73

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Александр

Жұлдыздан жасап тәж киген,

Кұдаймен таққа таласып.

Ібіліс оған бас иген,

Уәзірі болып жарасып.

Кәрі құрлыққа болды үрей,

Салдырып әлек сан қырға.

Көк аспан бұлт боп күркірей,

Табынды АЛЕКСАНДРҒА...

Ал мен...

Басқа Александрға «табынам»

Қылышсыз майданда от кешкен.

Ешкім жоқ оны таныған,

Ешкім жоқ онымен тілдескен.

Ал ол...

Қылқаламына сүйеніп,

Отыра-тұғын алдымда.

Өліара тыныш күйге еніп,

Құпия қиял жағында.

Ал мен...

Қиялына барып үндескем,

Бояумен талай боялып.

Ұйқысыз сан рет түн кешкем,

Ұйықтамай-ақ оянып.

Ал ол...

Әжімді жүзбен күрсініп,

Қиялын қымтап қортуда.

Өлеңдерімді түсініп,

Дәрменсіз, тіпті, оқуға.

Кенеттен біреу тоқталып,

...«Батырды сал», 

– деп тапсырды.

Тапсырыс...

Сыза бастады

Александр «Александрды...»

2011 жыл, қыркүйек



74

75

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Айым

Тым ерте есейіп кеткенің үшін,



Кінәлі менмін, сеземін.

Сен бірақ маған кектенбе, түсін,

Менің де келер кезегім.

Түлкі-тағдырым жымиып күліп,

Кеудеме үлгерді жетіп мұң.

Өзіңді еркелетем деп жүріп,

Өзіңе еркелеп кетіппін.

Есейіп әлі үлгерем, күнім,

Әкемнің киіп пәлтесін.

Дәл қазір көктем көктеген гүлін,

Тамырдан үзіп қайтесің.

Жастықтың осы көркем бе елесі,

Барлығы болар, шыда, Айым!

Дәл қазір күнді көлеңкелемеші,

Сәл ғана еркелей тұрайын.

Бір демде бәрін өзгерту деген,

Оңай дейсің бе, асылым?

Жөніне бәрін жөнелтем дегем,

Өлеңді ап қалдым жасырын.

Бұл 


– менің сенсіз бірінші күнім,

Есіңе сақтап жүр дәйім.

Асыға бермей кідірші, Күнім,

Кірпігіңді жырлайын.

Сен барда ғана, жаным, жай табам,

Тербейді мені тәтті арман.

Бұл көктем енді келмейді қайтадан,

Ақ орамалыңды ап қалған.



76

77

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Жауап

Азат Мақсұтбекұлына



«Жас ақындар сезімді жырлаудан аса 

алмай жүр, ақынға рух пен көрегенділік 

керек», 

– деді ағам.

Кейпі өзгерген келімсектердің,

Достарың қара, жауың ақ.

Темір іздеген терімсектерің

Мақтамен жатыр бауыздап.

Қолымнан нендей келеді шара?

Бауырым басқа әлемде.

Арқама бата береді жара,

Кім болып жеттік мәреге?!

Түлкінің мана түрінен аумай,

«Менімді» кеттім ғаріп қып.

Бабаларым да тыншымай аунай,

Шаршаған шығар, жарықтық.

Көзіңнен елге от шығар дедім,

Көз жасқа толды етегі.

Көрегендігім жоқ шығар менің,

Осы көргенім жетеді.

Тарих дейтұғын бір пешенеде,

Ғасырлар құнын сұрап тұр.

Топырақ рухын бүркесе неге,

Қысылып қаным жылап тұр?

Бұл елге бар ма жұқпаған азап,

Сынбаған тұғыр сына ма?

Мағжанның тілін ұқпаған қазақ

Менің тілімді ұға ма?..

Көрмеген ешкім рухымды құртып,

Түбінде бағым шабады.

Мың жылда үнсіз жататын мылтық,

Бір күнде ата салады.

Солай, Ағай...


79

саған арнадым

Аян Мейраш

Жазбай-ақ қоюым керек ед...

Күнтізбе бетіне сызып қой,

Кеуденің күйігін шыжытты ой.

Ешкімге оқуға болмайтын,

Өлеңің болғаны қызық қой.

Жаныңды кетпесе тастап ар,

Өсек бар, күпір бар, басқа бар...

Ашылып айтар ем, көсіліп,

Түсіне қоймайды басқалар.

Ұғына қояр кім наз қамын,

Тәйірі, біздегі аз ба мұң.

Жазбай-ақ қоюым керек ед

Қайталап маңдайға жазғанын.

Сүю мен сүйсіну кесір ме?

Дәл солай болса егер, кешірме.

Ал қызыл бояуды сағынтад

Бірінен-бірі өткен көшірме.

Жаңа жыл, туған күн, қай күн бар,

Қыттықтап отырар қайғыңды әр?

Қоңырау шалар ем, мен емес,

Ол ма деп келесің...

Әй, құмар...


80

81

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Ысырып балауса сезімді,

Елемей мендегі «менімді».

Табиғи болмыс қой бұлқынған,

Кімге айтам көлеңке кегімді?

Айымға

Ең алғаш аңғарғанмын күйбең жоғын,



Сезгенде періштенің тиген оғын.

Бір ақын ажарына таң қалсын деп,

Құдайым маңдайынан сүйген оның.

Өмірі өміріме қонды бүгін,

Байқашы, тағдырымның оңды нұрын.

Мен кеткенде, жыласа қимай қалып,

Кірпігінде қалады соңғы жырым.

Басымды иіп тұрамын гүл есімге,

Жеңімпаз жоқ махаббат күресінде.

Көмейінен шыққан сөз күле еркелеп,

Өмірімнің әуені, білесің бе?!


82

83

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Анаға хат

Егер мені көзге ілмесе құбыла,

Онда мен де құбылаға түкірдім.

Жұматай Жақыпбаев

Анашым-ау, аппағым, ақ анашым,

Өмір тағы теңселтті бағанасын.

Кешегімнен өзгеріп кеттім, білем,

Кешіріммен анық ед қарамасың.

Анашым-ау, үкілі үмітім-ай, 

Шытқа орап жүріп ед кімді шырай?

Ақсаңдаған түлкіні аулау үшін,

Тектілігі жібермей, күлді құмай.

Аппағым-ау, аңсарым айда менің,

Мамыр жайып күтпеді майда кенін.

Құшағыңнан алыстап кеткен күнде-ақ,

Құша алмаған ыстығым қайда дедім.

Ақ анашым, арманым, алып төбе,

Зұлымдарға қарадым барып төне.

Сайқалдықтың белгісі 

– сайтан ғұмыр,

Сотқар жел де өтірік қалыпты өбе.

Тайғанақтап барады тұғыр, ана!

Тұздығы жоқ жазылған ғұмырнама.

Мен де барып түкірдім қаным тасып,

Жұматайлар түкірген құбылаға.


85

саған арнадым

Аян Мейраш

«Айта бергім келеді...»

Жалғыздық!

Сырым бар жауһар, кімге ашам,

Таңды сағындым, таусылар мынау 

түн қашан?

Ұлығы ғажап, ұжданы берік ғасырлар

Ұлиды неге тыңдасам?

Менменшіл,

Мені жоқ бірақ пақырлар,

Кие жоқ, демек, 

киесі кеткен жатыр бар.

Ақсұңқарұлы қалып айтпаған екен ғой,

Арманда кеткен, арқанда кеткен ақырғы 

ар.

Іздеңдер енді,



Ізінен қалып адасып,

«Құдай» қалмады, бақсыға барып 

бал ашып.

Жанарымдағы тамшы секілді сүрінді

Гүл қауызындағы бала шық.


86

87

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Ақын бар,

Пенде жоқ, кілең кісілер,

Есектің өзі тұлпарға ұқсап кісінер.

Опасыздардың асығы омпы түсіп жүр,

Жан бар ма бірақ түсінер?..

Күз көңіл,

Күрсіндім тағы несіне,

Қазақта сана оянады әлі кешіге.

Ханның арманы азаттық еді, орнаттық,

Ханның басындай қашан келеді несібе...

«Айта бергің келеді, айта бергің...»

Анама


Ғұмырын өлшеп білген кім?

Жазмыштың құпия жазбасы.

Жолымды тауып үлгердім,

Арымның анық азбасы.

Қажетсіз мансап, мандат та,

Жанға жұбаныш 

– түн керім.

Сен айтқан кейде алдап та,

Ертегі болды білгенім!

Балама мұны ермекке,

Өлеңім 

– менің ғұмырым.



Тентіреп жүрсем мен текке,

Күнікейді іздеп құрыдым.

Ұқпасаң өзің сырымды,

Таңдаған жолдан күтпей бақ.

Күрессіз ұлың жығылды,

Әбілһаятың жетпей қап.

Қаламын ұстап жүр балаң,

Бағынбас ешбір көлемге.

Ертегі өмір, жырғалаң,

Босатшы мені өлеңге.

2011 жыл, ақпан


88

саған арнадым

Ақын мен Өлең

«Мені бұлар сыншы дейді. Мен ақынмын 

ғой», 

– дейді екен марқұм Әмірхан ағам 



Балқыбек.

О, махаббат, не деген алау едің,

Заңғарларға тігілген жалау едің.

Сүйе алмаған жандарға мазақ болып, 

Сүйсінгеннің мәңгілік қалауы едің.

Дақ жұқпаған арымның көйлегі екен,

Даңқың құрсын, тағдырың бөлек екен.

Сыңарынан айырылған аппақ қулар

Зәу биіктен зулап кеп өледі екен. 

Не базына айтасың Тәңір-Ханға,

(Құдай болып көр-дағы, әмір таңда).

Сыңарсыз ғой өлеңсіз ақын деген,

Не жетпеді әйтпесе Әмірханға...


90

91

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Ауылға хат

Кешір мені, ауылым, кешір мені,

Бір тайлағың кетті ғой көш ілгері.

Сор маңдайға тар көше таңылды бек,

Содан бері көңілім көсілмеді.

Кешір мені, сайыным, кешір мені,

Маңдайымнан сүйеді есіл демің.

Үлкен үйдің төрінде махаббат бар,

Сол сезімнің бәрібір есіндемін.

Кешір мені, қыратым, ұлан далам,

Түлкі ала алмай қор болды қыран балаң.

Бір ауыз дұғам дейді көтеріп ап,

Ақын болып тудық қой...

Құран 


– Ғалам...

Кешір мені, ауылым, ділім бүтін,

Қазақы деп қабылдар түріңді кім?

Алтыбақан астында қалып қойған

Алып ғасыр бүлінді,

Бүлінді күн.

Кешір мені, ауылым құрсағы алтын,

Тұғыр тайып барады жұмсап антын.

Домалатып жүруші ек, тұңғыш рет

Үрей көрдік дәуірдің құмсағатын.

Кешір мені, ауылым, кешір мені,

Бір тайлағың кетті ғой көш ілгері.

Ақын ғой деп аңғал жұрт елеңдейді,

Ақын емес деп қалса кесірлері.



92

93

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Сағыныш

Ерболат, досым менің!



Жетіспей-ақ жүргені осы ненің?

Күз жанары қиылып қарағанда,

Қара өлеңнен мен нені тосып едім.

Қараағаштың сырғасын шешіп алып,

Табанымен таптады кесір анық.

Көз жасы емес, тәйірі, күрең күздің,

Сағынышын айтқан кез есіне алып.

Кенсай жақта киелі текті мекен,

Бір тұлпарың сыя алмай кетті, не етем? 

Хабарласып қояйық Еламанға,

Алматыға сағыныш жетті ме екен?

Бір оятшы меңіреу кес қаланы,

Ол да бізді сол кезде еске алады.

Арқа жақ қой күз келсе күлгінденер,

Алматыға сағыныш кеш барады. 

«Досым менің, дүние қандай қымбат», 

Деген сайын барады таңдай құрғап.



Өмір солай, бір күні бақыттысың,

Бір-ақ күнде содан соң қалмайды бақ.

Күнді айналып барамыз, кімге айналып?

Шытынап кеп тоқтадық сынбай қалып.

Сын байланса түк емес самайыңа,

Сөзден дуа кетпесін, тіл байланып.



94

саған арнадым

Белгі

Әуелгі ойдың жыр болып жазылары,



Бір өлеңге сыяр ма назы, зары?

Сілкілетіп жатыр ғой сезімімді

Сұқ саусағын сермеген қазылары. 

Үш дегенің 

– кезегі ер баланың,

Өмір нұсқап көрсетті шерлі алаңын. 

Өжеттігім құрыды, өр дегенім

Еншісінде кеткендей ен даланың.

Ізінен кілт көрінді табанының,

Іздеп оның көңілін табады кім?

Тәңірінің белгісі сезеді өзі,

Үш меңі бар астында қабағының. 

Бесінші үйдің бесінші қабаты 

– бұл,


Бес күндікте таусылған тағатым құр. 

Қоштасудың уақытын межелеген

Қабырғама қабырға сағатын іл.


96

97

саған арнадым



саған арнадым

Аян Мейраш

Мен оны сағындым...

Сәулесі айдың да тентек тым,

Терезе алдында шағылды.

Бейнесін көрдім де селт еттім,

Сеземін...

Ол мені сағынды.

Таң ата ғана тек көз ілді,

Сағыныш жауратып жүрегін.

Мен, бәлкім, сол үшін өзімді,

Кінәлі сезініп жүремін.

Ол мені түсіну тиіс тек,

Түсінбей қалса егер, құрыдым.

Үлгермей қалғанмын иіскеп 

Көктемім аңқыған бұрымын.

Шағылған бейненің түсі аппақ,

Мұңдылау көрінді жанары.

Тек оны басқа жан құшақтап,

Сағымды бетке алып барады.

Жауапсыз хат

Мен саған хат жаздым неліктен,

Кеудемнен кетіп пе ед кеміп дем?

Сағынбай жүрмін тек деп едім,

Сен маған сеніп пе ең?

Мен саған хат жаздым кешкісін,

Жаңғыртып жалғанның ескісін.

Жарты әлем түнеді күнді ойлап,

Жүрегім өртеніп кетті шын. 

Мен саған хат жаздым дерексіз,

Ертерек келген ғой, демек, күз.

Жауабы келмеді, біле жүр,

Маған ол керексіз.


98

саған арнадым

Қабырға

(Эксперимент)



Қабырғаға сыя алмадым неше күн,

Қабырғама сыя алмады бөлшегім.

Сәйгүліктен тұлпар таныр алдында,

Қабырғасын санап тұрып өлшедім.

Жалғыздықтан мен ғана ма жеріккен, 

Бұл қабырға қайысады неліктен?

Қабырғаның ар жағынан гуілдеп

Еркелейді тентек жел де еріккен.

Құр шыраймен бал қылығы үйлесіп,

Бір жымиса, беймаза бір күй кешіп.

Алжастырып жүрген осы сұлуым

Қабырғадан жаралғаны 

– сый, несіп. 

Біз де, білем, бұған, сірә, сенеміз,

Сенім барда өмір сүріп келеміз.

Түбіріне айналғанда бір күні,

Құшағына қабырғаның енеміз.


100

101


саған арнадым

саған арнадым

Аян Мейраш

Сен маған кезігесің...

Бәйшешек бүр жарған көктемде,

Көк жауын себелеп өткенде,

Мен жүрсем дертімнен айығып,

Мұңды елес ғана қап өкпемде.

Сен маған кезігесің...

Білемін шектеу көп бұл арға,

Айналып сен кетсең мұнарға.

Мен жүрсем жағасын кезумен,

Айдынға аққуым қонарда.

Сен маған кезігесің...

Жанымның айнасы көзімнен,

Бешпеті шер-мұңның сөгілген,

Шақтарда мен жүрсем көшеде,

Мен жүрсем сырласып өзіммен.

Сен маған кезігесің...

Үміт боп сөнбей қап сол бір шам,

Ертегі бейнені шын қылсам,

Саялап ақ қайың етегін,

Оңаша жыр жазып отырсам.

Сен маған кезігесің...

Ұмытып мұң шақтың кешесін,

Сан қыздан қайтарып есесін,

Аралап жүргенде сандалып,

Арайлы «Гүлдердің» көшесін.

Сен маған кезігесің...

P.S Бөтен боп өтеміз бірақ біз...



102

103


саған арнадым

саған арнадым

Аян Мейраш

Кенді қалам

Кенді қалам!

Күрсінесің сен неге?

Түнді құшып жүріп келем сенделе.

Селт еткенде өлең жазды демесең,

Мен ақыннан көп ұқсаймын пендеге.

Кенді қалам!

Ақордамнан кембісің?

Мөрін басып мазалайды реңді сын.

Бірер аят жатқа білем демесем,

Күнәһардан айырмам жоқ енді, шын.

Кенді қалам!

Кімді ойлап мұңайдың,

Тағы аққусыз қалды ма әлде бір айдын?

Мәжнүндерге ұқсамайды демесең,

Мен де өмірді қиялымнан құраймын. 

Кенді қалам!

Кімді бүгін сағындың,

Кім көрінді арасынан сағымның?

Сағынатын ешкімі жоқ дейсің ғой,

Мына мен де әлдекімді сағындым.

Кенді қалам!

Кімді бүгін еміздің?

Тұтылу ма тағдырымыз не біздің?

Қу әлемді өзгертесің демесең,

Құрсағында-ақ анашымның дем үздім.


104

саған арнадым

Құралай көз

Бүгін сені көрдім ғой мен түсімде,

Қызық екен, ұмытқаным үшін бе?

Жымидың да, құшағыма ендің сен,

Дегендейін түсін, мейлі түсінбе.

Тәнің қандай ыстық еді, сезіндім,

Ұмытады ұлық болған кезін кім?

Ұлпа еріген кірпігіңнің үстінде,

Ұстамасаң уақытыңның тезін біл. 

Өкініш пе, өксік пе екен тербеген,

Жыршы болып кетті дейсің жел неден?

Өр кеудемде өркөкірек бар шығар,

Басын иіп алдыңа бір келмеген. 

Кім түсінер, ұғар дейсің біздерді,

Көктеуі жоқ кеудемізге күз келді.

Адасқанбыз адасқымыз келген соң,

Жапырақтар жасырған соң іздерді. 

Опа жеген бақытсыздық үшін кім,

Мен де, бәлкім, махаббаттан ұшындым. 

Ұлпа еріпті кірпігімде менің де,

Оянғым-ақ келмегенін түсіндім.


106

107


саған арнадым

саған арнадым

Аян Мейраш

Досыма хат

Ерболат Қуатбекке

Сен ұғасың, сен ұқпасаң басқа кім?

Осы жылдар өте шықты, ә, қас-қағым...

Көздерімнен түсінуші ең, сезсеңші,

Бүгін мені мазалап тұр басқа мұң.

(Еркек болсаң, көз жасыңды көрсетпе),

Жүрегімді жүзге бөліп бөлшектер.

Күз келгендей көңілімді қуратқан,

Өтінемін, ардың құнын өлшеп бер.

Көрінісі күндегі бір қалыптың,

Таң атады, ұясына ауып түн.

Жасанды бір күлген тұсы болмаса,

Жалығады екенсің ғой, жалықтым.

Дейсің ғой сен «тұғырыңда берік тұр»,

Кеудемді тек кербездігім керіп тұр.

Бас ауғанға оңай көне салушы ем,

Басқа жаққа кетіп қалғым келіп тұр...

***


Сен, жаным, кінәлі емессің,

Менің де кінәм жоқ бірақ.

Бұйыра қалған емес-тін,

Тағдырдан неге бақ жырақ?

Өкпелі шығар күз бізге,

Нұрынан қалдық жасқанып.

Мені емес, енді жырды ізде,

Айтылған сырға мастанып. 

Айтылмай қалған сыр 

– жұмбақ,

Айтатын енді сөз де жоқ.

Келесің әлі түнді ұрлап,

Мен сүйген емес, өзге боп.

Әуені неткен зарлы еді,

Көңілім қалды күйленбей.

Өзіңде жүрек қалды енді,

Өкпелей қалуды үйренбей.

Қанатсыз қалған армандар,

Жанарымда жүр қансырап.

Қойыңдар, енді шалмаңдар,

Сүріну маған таңсық-ақ.


108

109


саған арнадым

саған арнадым

Аян Мейраш

Қалғым-ақ келген қасыңда,

Бақытымменен жайланып.

Бір жылдың ғана басында,

Бір ғұмыр қалды байланып.

Кешірші, кінәм жоқ менің,

Сәл қалды жүрек тоқтауға.

Әлемді өртейді от демім,

Дайындал, күнім, жоқтауға.

Бұйырған қашпас маңдайдан...

Бұйырмай қалды 

– әттеңі.

Жаңғырған үні шалғайдан,

Қоштасу неткен тәтті еді.

Тағдырдың осы біте ме,

Таласып жатқан сыны жүз.

Абайсыз қойған нүктеге,

Сүрінген көштің біріміз.

***

Мен сенен алыс кете алман ұзап,



Алдап та ұзақ жүрмеспін.

Өзіңсіз қалған көңілім 

– тұзақ,

Өзіңсіз жылап, күлмеспін.

Көгімнен кенет жарқ етсе жасын,

Селт етпес жүрек, дір етпес.

Себебі сендік сезімдер басым,

Себебі діріл сен тектес.

Шашыңнан жиі иіскеп жүрем,

Байқадың, білем, өзің де.

Мен оны жұмақ иісі деп білем,

Шашбаудан кеткен сөгіле.

Әрдайым сені Перизат деймін,

Пенделік сұлба жоқ сенде.

Алыстап кетсең күнұзақ кейін,

Өртеніп кетер өрт кеуде. 

Пендесің деуге жоқ менің хақым,

Сезімге тарлау кең дала.

Сұлуды сүйген қаншама ақын,

Перизатты сүйген 

– мен ғана.


110

саған арнадым

Барасың ұзап менсіз мұң шаққа,

Қосылу үшін аңсап кеп.

Кететін кезде ертегі жаққа,

Сезімді маған тастап кет.



112

113


саған арнадым

саған арнадым

Аян Мейраш

Жасанды болып оралма

Айым-ау, айтшы, оңам ба,

Айырбастап алсам басқаға?

Жасанды мынау қоғамға

Жасанды біздің Астана.

Сен кетіп барасың сол жаққа,

Сағыныш орны толар ма?

Алтыным, бірақ өтінем,

Жасанды болып оралма!

Сыя алмай келем, күйі алдай,

Даланың қайда кеңдігі?

Қиялдай берем, қиялдай,

Қиялдай берем ендігі.

Сергиді жаным, сен күлсең,

Сейіліп көзден көк құйын.

Бұларға бар ғой, мен білсем,

Құбыла құны 

– көк тиын.

Асыға береді төрге осың,

Алданып жүрміз, арбалып.

Өзімдей менің өр досым

Қор болып жүр ғой арба алып.

Алжасты екен деп қалдың ба,

Өзгеден ерек өріліп?

Жасандылардың алдында

Жасанды болып көрініп?

Кім ұғар дейсің дәмемді,

Шикілігім бар піспеген.

Өзгерту үшін әлемді

Жетпей ме жалғыз мысты өлең.

Өксітті мені өкініш,

Өрлігім мәңгі болар ма?

Сүйіктім, соңғы өтініш 

Жасанды болып оралма!



114

115


саған арнадым

саған арнадым

Аян Мейраш

Мәңгілік сағыныш

Мы 

– эхо, мы долгое эхо друг друга.



Р.Рождественский

Ол жайлы соңғы өлең,

Мен енді сағынғым келмейді. 

Қоштасып алдында қол берем, 

Ол бірақ бермейді.

Мен бұрын көрмеп ем жоғалып,

Адасып көрмегем 

– сұмдығы.

Таулардан келеді оралып,

Төре қыз, содан соң Ғұн ұлы.

Қатпарлы әжімі даланың,

Қаншама ғасырлар тілдесіп.

Қиылып қарайды қарағым,

Қаймана күйді жүр кешіп.

Жалған-ау, жар қылдым сырымды,

Түн ғажап көрініп, таң құрып.

Қайталап оқиды жырымды,

Құдайдың үнімен жаңғырық.

Сағындыр, сағым жел кешегі,

Ескіріп, ескіге ауыспа.

Үнінде мұңы бар бес елі,

Айналып кетемін дауысқа.



Мазмұны

Алғы сөз   

 

 

3



Трамвайлар қайтып келмейді 

5

Қанаты қара періште 



 

8

Көк трактор  



 

 

10



Тентек 

 

 



 

12

Абайдың көз жасы   



 

15

Қар жауып тұр 



 

 

17



Қарашоқы-Қарағанды 

 

19



Перизатқа   

 

 



22

Қарағай 


 

 

 



24

Тұтқын 


 

 

 



26

Күлкі 


 

 

 



29

Биіктік 


 

 

 



31

Жусан әуендері (цикл)

1 Сағыныш   

 

 



34

2 Ақ үй 


 

 

 



35

3 Бала қыран 

 

 

37



4 Байыр 

 

 



 

39

5 Аңғаруға сағынысқан көз керек  40



Қарқаралы   

 

 



41

Асықты неге қара түн 

 

44

Тәңірден түскен тағылық   



47

Үміт  


 

 

 



48

Мона Лиза   

 

 

50



Сарыарқа   

 

 



52

Ақиқат 


 

 

 



54

Тұсаулы еркіндік   

 

56

Алақан 



 

 

 



58

Перизат 


 

 

 



61

Ақ өлең 


 

 

 



62

Сүйікті болуым ең алғаш 

 

65

32-5-08 



 

 

 



66

Балауса 


 

 

 



68

Ұйықташы   

 

 

70



Александр   

 

 



72

Айым 


 

 

 



74

Жауап 


 

 

 



76

Жазбай-ақ қоюым керек ед... 

79

Айымға 


 

 

 



81

Анаға хат   

 

 

82



«Айта бергім келеді...» 

 

85



Анама 

 

 



 

87

Ақын мен Өлең 



 

 

88



Ауылға хат   

 

 



90

Сағыныш   

 

 

92



Белгі 

 

 



 

94

Мен оны сағындым... 



 

96

Жауапсыз хат 



 

 

97



Қабырға 

 

 



 

98

Сен маған кезігесің... 



 

100


Кенді қалам  

 

 



102

Құралай көз  

 

 

104



Досыма хат  

 

 



106

Сен, жаным, кінәлі емессің   

107

Мен сенен алыс кете алман ұзап   109



Жасанды болып оралма 

 

112



Мәңгілік сағыныш   

 

114



Аян Мейраш

Саған арнадым

жыр кітабы

Редакторы: Жанболат Баймұрынов

Беттеген: Ерғанат Кеңесбекұлы

Жазба қалдырыңыз



Document Outline

  • Трамвайлар қайтып келмейді
    • Қанаты қара періште
    • Көк трактор
    • Тентек
    • Абайдың көз жасы
    • Қар жауып тұр
    • Қарашоқы-Қарағанды
    • Перизатқа
    • Қарағай
    • Тұтқын
    • Күлкі
    • Биіктік
    • 1 Сағыныш
    • 2 Ақ үй
    • 3 Бала қыран
    • 4 Байыр
    • 5
    • Қарқаралы
    • ***
    • ***
    • Үміт
    • Мона Лиза
    • Сарыарқа
    • Ақиқат
    • Тұсаулы еркіндік
    • Алақан
    • Перизат
    • Ақ өлең
    • Сүйікті болуым ең алғаш
    • 32-5-08
    • Балауса
    • Ұйықташы
    • Александр
    • Айым
    • Жауап
    • Жазбай-ақ қоюым керек ед...
    • Айымға
    • Анаға хат
    • «Айта бергім келеді...»
    • Анама
    • Ақын мен Өлең
    • Ауылға хат
    • Сағыныш
    • Белгі
    • Мен оны сағындым...
    • Жауапсыз хат
    • Қабырға
    • Сен маған кезігесің...
    • Кенді қалам
    • Құралай көз
    • Досыма хат
    • Жасанды болып оралма
    • Мәңгілік сағыныш


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет