Себепова Раушан Мұхамеджанқызының
6D011800 – «Орыс тілі және
әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін
иеленуге арналған диссертациясының
АННОТАЦИЯСЫ
Орыс тілі сабақтарындағы бағалау семантикасын игерудің ғылыми
негіздері
Қолға алынып отырған диссертациялық зерттеудің актуалдығы орыс
тілінің лексикалық жүйесінің маңызды бөлігіне арналады, ал бағалау
компоненты маңызды бөлек жүйенің бөлігі болып табылады. Бағалау
маркерленген номинациялар Адам, қоғам, адам жұмысы, адам
рухтандыратын тірі емес табиғат компоненттерімен байланысты, ол үшін
практикалық және символдық мағынаға ие болады.
Бағалау компоненты бар лексиканы оқу қоршаған шындықтың
этникалық (менталды) ерекшеліктерін қабылдау туралы жаңа ақпарат береді.
Тілді қолданушылар үшін өмірдің қайбір бөлігі маңызды болған сайын,
солғұрлым тіл жүйесінде оны сипаттайтын бағалау коннотациясы бар
лексемалар жиынтығы көп, ол болашақ ұстазға өзінің жағымды немесе
жағымсыз сезімдерін білдіруге, өзінің көзқарасын дәлелді етуге мүмкіндік
береді. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін оған тіл құралдары керек, өз
кезегінде лингвистикалық компетенцияны игерудің жоғарғы деңгейін күтеді.
Бағалау атаулары жүйесінің ұлттық ерекшелігі қаншалықты дәрежеде
болса, ұлттық мәдени символика, діни әлемді сезіну, құндылықтардың
ұлттық жүйесі, қоғам және мемлекетті ұйымдастыру қағидалары
соншалықты дәрежеде. Лексикалық жүйені игере (белгілі нұсқаларда) және
тілді қолданушылар ортасында беделді сөз мағынасында бағалау компоненты
бар мәтіндермен таныса отырып, адам ұлттық жеке басын куәләндіріп
қалыптастыратын әлем туралы дәстүрлі түсінігін «мұраға алады».
Бағалау жұмысы қазақ студентінің оны қоршаған ортаның
шындықтарын және болашақ кәсіби жұмысының оқу үдерісіне өзінің қарым-
қатынасын білдіру тәсілдері ғылыми әдебиетте адамның коммуникавті іс-
әрекетінің
маңызды
аспекты
болып
қаралады.
Бағалау-маңызды
прагматикалық белгі, ол көбінесе сөйлеу актысының құрылымын
ұйымдастырады. Бағалау-когнитивті үдерістердің маңызды компоненты, көп
жағдайда бағалау біліктілігі өмірдің жаңа шындықтарын білуді және оны
адамның өмірлік қызығушылығын енгізуді аяқтайды.
Бағалау маркерленген тіл бірліктерінің әртүрлілігі, көп жағдайда
тілдегі бағалаудың «анық емес», имплицитті түрі осы тіл санатын оқудағы
қиындықтардың жағдайын анықтайды. Тіл жүйесіндегі бағалаудың әртүрлі
деңгейін білдіретін құрал максималды толық сипаттауды ғана емес, сонымен
қатар олардың әрекеттері, бірін-бірі толықтыруды және трансформацияларын
сипаттауды қажет етеді. Қиындық-бүгінгі күнге бағалауды білдірудің
маңызды тіл құралы толық зерттелмеген. Отандық лексикологияда әзірге
бағалау маркерленген лексиканың жүйелі сипаттамасы жоқ, түсіндірме
сөздіктерінде бағалау белгілері ретсіз, сөздегі бағалау коннотациясын
анықтайтын әдіс жасалмаған.
Осы диссертациялық зерттеу студенттік дискурста орыс тілінің ғылыми
әдебиеттегі бағалау лексикалық-семантикалық бірліктерін (ары қарай БЛСБ)
лингводидактикалық
аспект
тұрғысынан
зерттеуге
бағытталған.
Диссертацияда зерттеу объектісі бағалау лексикалық-семантикалық
бірліктерін игеру үшін оқу және өзін-өзі оқыту үдерісін игеру болып
табылады, ол болашақ ұстазға оқу үдерісін бағалау қарым-қатынасын білдіру
құралы ретінде қажет.
Зерттеу заты орыс тілі сабақтарында қазақ филологиясы студенттерінің
жасалған технология бойынша лексикалық – семантикалық бірліктерді
игерудегі коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру әдісі болып
табылады.
Зерттеу гипотезасы.
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімінің орыс тілі сабақтарында екі
тілді жан-жақты мәдениетті тұлға ретінде коммуникативті интегралды
технологиясының ғылыми - әдістік жасалуы табысты болады.
1)
егер орыс тілі пәнінің мазмұнын бағалау лексикалық – семантикалық
бірліктер мен сабақтарда оларды белсендіру үшін мәтіндік минимумды
жаңартса,
2)
егер екі тілді тұлға ретінде қазақ тілі мұғалімінің моделін жасауда
кәсіби бағдарланған сөздер тобына енетін және жиілік болып
табылатын орыс тіліндегі бағалау лексикалық – семантикалық
бірліктерді қолданса,
3)
тілді оқытудың әдісіне және технологиясына дискурсивті компетенция
технологиясын қалыптастыратын бағалау лексикалық – семантикалық
бірліктерді қолдануды күшейтетін тапсырмаларды кіріктірсе,
4)
бағалау лексикалық – семантикалық бірліктерді қолдануды қажет
ететін коммуникативтік білік пен дағдыны дамыту үшін сабақтағы
жасанды ситуацияда пайдаланатын –өзіндік жұмысқа арналған
тапсырмалар жүйесін жасаса, екі тілді тұлға моделін қалыптастыру
кәсіби – коммуникативті компетенциясы табысты болады, өйткені
тілдік қабілет, өзін-өзі оқыту және білімді, лингвистикалық,
лингвокультурологиялық,
әлеуметтік
–
мәдени
дискурсивті
субкомпетенцияны игеру екі тілді студенттің кәсіби – коммуникативтік
компетенттігін және функционалды сауаттылығын түзілуді қамтамасыз
етеді.
Осы зерттеудің мақсаты – орыс тілін үйретудегі бағалау лексикалық –
семантикалық бірліктерді белсендірудегі 1курс қазақ студенттерінің
коммуникативті компетенттігін қалыптастыру.
Аталған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
1)
лингвистикалық негіз сипаттамасы бойынша лингвистикадағы бағалау
санатын талдау бойынша сезімталдық пен экспрессивтікті бағалауын
баға және құндылық қарым-қатынасын белгілеу жолымен, БЛСБ
жұмыс жасауындағы аксиологиялық факторының рөлін анықтау
жолымен байланыстыру;
2)
прагматикалық,
семантикалық,
стилистикалық,
құрылымдық,
грамматикалық,
функционалдық
ерекшеліктерін
сипаттайтын
лексикалық бірліктеріне негізделіп жасалған БЛСБ классификациясы
бойынша, өз кезегінде әртүрлі сөз таптық керек жарақтарын БЛСБ
ерекшелікетерін анықтауға, оны студенттерді оқытуда енгізуге
мүмкіндік береді;
3)
методологиялық негізді жалпылау және модельдеу бойынша, яғни
жоғарғы оқу орнындағы оқу - әдістемелік қамтамасыз етудегі оқыту
принциптері орыс тілі сабақтарында студенттердің әртүрлі деңгейдегі
тіл құралдарын игеру бойынша;
4)
біз ұсынған коммуникативті – интегралдық технологияны (КИТО)
эксперименталдық тексеру бойынша, интербелсенді әдіс және қазіргі
ақпараттық- коммуникативтік оқу құралдар жүйесіне маңызды орын
беріледі.
Зерттеудің теориялық – методологиялық негізін тілдік санатты бағалау,
бағалау семантикасын білдіру жолдарына арналған ғалымдар әлемінде
белгілі классикалық және қазіргі Ш.Балли, Е.М.Вольф, Н.Д.Арутюнова,
Ю.Д.Апресян, В.И.Карасиктердің еңбектері құрайды. Қазақ лингвистикасы
мен лингводидактикасында З.К.Ахметжанованың жұмыстары сұранысқа ие.
Мектепте және жоғарғы оқу орындарында орыс тілін оқытудағы
қиындықтарға
Д.Т.Турсунова,
Г.А.Мейрамова,
Р.А.Абузярова,
М.Р.Кондубаевалардың зерттеулері арналған. Бірақ жоғарыда аталған
жұмыстарда БЛСБ мәселесі қаралмаған.
Зерттеу әдістері: 1) орыс тілі практикалық курсындағы сабақтардың
мазмұнын жаңартуда ұлттық корпусынан бағалау санатының сөздерін таңдау
жасауға көмектескен сипаттау әдісі;
2) ғылыми - әдістемелік әдебиеттің дидактикалық негізін:
принциптерін, әдістерін, тәсілдерін, құралдарын және орыс тілін оқытудағы
қазіргі технологияларын нақтылау және жалпылаудағы талдау әдісі;
3) модельдеу әдісі тілдік тұлғаның мақсатты моделін, интербелсенді
тапсырмалары бар сабақтардың жүйесін модельдеуге мүмкіндік береді;
4) орыс тілінің практикалық курсын оқытудағы педагогикалық
тәжірибе және дидактикалық экспериментті жалпылау әдісі;
5) үсынылған зерттеу гипотезасының дұрыстығын анықтау үшін
педагогикалық эксперимент әдісі.
Зерттеу материалының бастамасы болып қазіргі нормалық орыс тілі
лексикасы болып табылады ( 2 000 бірліктен көп), әртүрлі стилистік және
функционалдық мінездеме орыс тілі Ұлттық корпусында талданып кәсіби
мақсаттылығы және жиілік принциптерін оқыту мақсатында таңдалған
бағалау компоненті енеді.
Өткізген зерттеулердің ғылыми жаңалығы мынада :
-қажетті аз көлемдегі лексикалық минимум берілгенде қазақ студенттердің
БЛСБ-ны игеруде оның философиялық, лингвистикалық –психологиялық
негіздері айқындалады;
- өз бетінше жұмыс жасау мақсатындағы тапсырмалар жүйесінде өз білімін
жетілдірудің теория мен тәжірибесін қамтитын кәсіби комуникативті
мәртебесін дамытатын методикалық жүйе қарастырылған -болашакта екі
тілді игертетін орыс тілі курсының сабақтарында КНТО енгізілген :
электрондық құралдар, слайдттары,тесттері,модельдері бар компьютерлік
интернет- ресурстары пайдаланылады .
Зерттеулердің теориялық мағыналығы .
Зерттеулер барысындағы екінші тіл ретінде жүретін орыс тілін
оқытудағы түрлі әдіс-тәсілдер мен принциптерді ұсыну,тілді қолдануда оның
мағыналық компонентін бағалаудағы терең түсіністік пен сапалы маман
қалыптастыруға ықпалын тигізеді .
Ғылыми жұмыстың тәжірибелік мағынасы жоғарғы оқу орнында
оқытылатын «Орыс тілі пәнінің практикалық курсы» немеме «Орыс тілі»,
мемлекеттік тілде оқитын студенттерге «Орыс тілі мәдениеті» сабағында
зерттеулердің нәтижесін пайдалану болып табылады.
Ұсынылып отырған сөздіктің мағынасын түсіндіруде оның бағалау
компонентін нақтылаудағы әдіс- тәсілдерді қолдану принциптері түрлі
сөздіктерді жасауда үлкен көмек болып табылады.
Қорғау үшін үсынылатын кезеңдер;
1.Жоғарыда
айқындалған
теориялық
негіздер
лексикалық-
семантикалық бағалау бірліктері минимумын меңгеруде дидактикалык
материалдарының іріктелуінің нәтижесінде нақтыланған лингвистикалық
әдебиетінің талдауы қазақ студенттерін орыс тілге оқытудағы жаңашалану
базасы болып табылады,оларды өз мамандығы бойынша қажетті көлемде
тілді игеріп,қолдану нормасын сақтау қажеттілігін көрсету.
2.Мамандыққа бейімдеу теориясының және жоғарғы оқу орнында
орыс тілінің практикалық курсын оқыту технологиясының тиімді жағдайы
екінші тілді оқытуда бағалау сөздерді меңгеруде интерактивті тәсілдерді
қолдану болып табылады.
3. Екі тілді меңгерген қазақ тілі мұғалімінің жадыда сақтау,игеру және
қолдануға көмектесетін стилистика мен орыс тілі мәдениетінен
жаттығуларды ұсынуға көмектесетін әдістемелік жүйесінде лингвистикалық
білімін және бағалау санатының сөздерін презентациялауды қамтамасыз
етеді
4. Оқыту технологиясының тиімділігін арттыру оқыту процесінде
компьютерлік программаларды,ақпараттық ресурстарды интерактивті тәсіл
арқылы қолдану қазақ филология студенттеріне орыс тілін екінші тіл ретінде
уйретуде коммуникативтік даму тәсілі болып табылады.
Зерттеуді қолдану нәтижесі,оның мазмұны мен мағыналығы екі
монографияда,9 ғылыми басылымдарда,оның 3-үі ВАК ұсынған нөлдік емес
импакт фактор басылымында көрсетілген. Басылым көлемі жалпы -3,35п.л.
Диссертация мәтіні Абай атындағы Каз НПУ-нің тілдерді оқыту әдістемесі
кафедрасында талқыланған.
Зерттеудің кейбір бөлімі әртүрлі конференцияларда ғылыми баяндама
ретінде берілген:
1. Қазақстан Республикасындағы үш тілді оқу жүйесі расталған. Тілдер
және әдебиет күнделігі, №4 2015 профессорлар М.Р.Кондубаева, Б.У.Сманов,
Р.М.Себепова, Г.С.Каримовамен авторлықта.
Қорытындысында алынған нәтиже көрсетіледі. А Қосымшасы ретінде
ғылыми жұмысқа сұрақ парағы және анкета өткізгенде қолданатын бағалау
санатының фреймы бекітіледі. Б Қосымшасы – корпус мәтінінен алынған
бағалау терминдерінің сөздігі. С Қосымшасы- бағалау терминдерінің
пайдаланудың талдау кестесі. Д Қосымшасы- Ұлттық корпустың бағалау
терминдері бар мәтіндері .
Қорытындысында зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелері,
ұсынған гипотезалардың барлық аспектілерінің дәлелін көрсететін
нәтижелері, білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі тенденциялары,
тілдерді игерудегі негізгі проблемаларды зерттеу нәтижелері көрсетіледі.
Жүргізілген зерттеу келесі қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
Талдау барысында маман ретінде қажеттілігін толтыратын, мұғалімнің
сөйлеу барысында қолданысқа енетін қазақ студенттері игеріп үйренетін 450
бірлік іріктелген.
3. Коммуникативті интегралды технология дамуын жалғастырды. Осы
зерттеудің аясындағы қысқаша нәтижелерді көрсетеміз: БЛСБ – ның
лексикалық – семантикалық минимумы іріктелді.
Қазақ студенттеріне орыс тілін оқытуда алдыңғы жүргізуші болып
коммуникативті - когнетивті принцип болып табылатын практикалық
курсында қолданылатын негізгі оқытудың әдістері іріктелген. Тілді игерген
мақсаты айқын тұлға моделі жасалған. КИТО технологиясы ұсынылған.
Коммуникативтік және дискурсивтік компетенцияны қалыптастыру
мақсатында БЛСБ –ны игерудегі коммуникативті - интегралды
технологияларының дұрыстығын растайтын педагогикалық эксперимент
жүргізілді. DOI иемделген оқу әдістемелік құрал жасап шығарылған.
Достарыңызбен бөлісу: |