ДӘуір" "жібек жолы" алматы 2014



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата24.03.2017
өлшемі1,2 Mb.
#10309
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Р. Қайшыбаева 

368
“Жеңеміз біз, жеңеміз”
Мақала 1941 жылы “Соцалистік Қазақстан” газетінің 20 
шілдедегі санында жарияланған. Газеттегі нұсқасы бойынша 
кейін М.  уезовтің 20 томдық шығармалар жинағының сегізінші 
томына (Алматы: Жазушы, 1981) енген. Мақалаға сол уақыттағы 
Отан ше бін жаудан азат ету, майдандағы жауынгерлердің ерлік 
рухын к  
теру сияқты  зекті мәселелер аркау болады. Осы 
кезеңдегі баспа с зде кеңес жауынгерлерінің Отан қорғаудағы 
ерлігі, тылдағы ең 
бек адамдарының ұйымшылдығы туралы 
мақалалар, атақты еңбек озаттарының,  нер қайраткерлерінің 
соғыстың басқыншылық сипатын айыптайтын с здері жиі басы-
лып тұрған. М.  уезовтің “Жеңеміз біз, жеңеміз” деген мақаласы 
да осы мақсатпен жазылып, соңына Мұхтар  уезовпен бірге 
Ғабит Мүсірепов, Ғали Орманов сияқты жазушылар қол қойған. 
Мақаланың жазылу стилі, мазмұны, тіл шеберлігінен М.  уезов 
қолтаңбасы айқын білінеді. Мақала жазушының 50 томдық 
академиялық басылымына 20 томдықтағы нұсқасы бойынша 
әзірленді.
1. 52-б. “...улы анчар ағаштың тамырын тартпай, түқылымен 
қопарып тастайтын күн туды” – Анчар – тұт тұқымдасына жататын 
ағаш. Анчар ағашының айдалада жеке-дара  сіп, маңайына у тара-
тып тұратын зияны орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкиннің “Анчар” 
деген  леңінде суреттелген.
К. Рахымжанов

369
“ р тынысың “Отан” дейтін күн бүгін”
Отан қорғау тақырыбына жазылған бұл очерк алғаш жазушы 
мұражайының архивінде сақталған қолжазба нұсқаның негізінде 
М.  уезовтің 12 томдық шығармалар жинағының 2-томында (176–
180-бб.) жарияланған. Кейін жазушының 20 томдық шығармалар 
жинағының 8-томында (68–73-бб.) берілген. Мұражайдың 
қолжазба қорындағы 59-бумада очерктің латын әріпті машинка-
мен басылған (6–12-бб.) және латын әліпбиінде, қызыл сиямен 
жазылған нұсқалары бар. Қолжазба – М.  уезовтің  з қолтаңбасы. 
Осы буманың 1–5-беттеріндегі латын әріпті машинкамен басылған 
“Конвейерде күй мығым” очеркі атауының алдына қара тушьпен 
рим үлгісінде I саны қойылған. “ р тынысың “Отан” дейтін күн 
бүгін” атауының алдында да қара тушьпен II номерін қойып, очерк 
тақырыбының үстіне к к қарындашпен “Отан ұран салғанда” деп 
М.  уезов  з қолымен жазып қойған. Бұл атау аталған екі очерктің 
ортақ атауы болуы керек. Машинкада басылған мақаланың үстінен 
қара тушьпен жасалған түзетулер бар. Түзетілген жерлердің астын 
қызыл қарындашпен айқындап сызып қойған. Мақаланың бұл 
нұсқасына  ңдеу барысында ешқандай жаңа с йлем, с здер 
қосылмаған. Мақаланың соңына таман “Ол күнде...” деп бастала-
тын с йлемнің ішінен “...к л бетінің толқындай ізсіз ескен желдері 
бар еді...” деген жер сызылған. Басқа түзетулер тек орфографиялық
пунктуациялық қателерді ж ндеу сипатында. Жазушы  з қолымен 
жазған очерк нүсқасында түзетілген, қосылған, алынған жерлер 
к п. Машинкада басылған нұсқа мен қолжазбаны салыстырғанда 
қолжазбаның түзетілген мәтіні дәлме-дәл алынғаны анықталды. 
Қолжазбаның соңғы бетінде “Халима, басып бер, 2 дана” деп жа-
зып, қолын қойған.
Мұражай архивінде Қазақстан Журналистер одағының 
мүшесі, архив қызметкері Ғабит Зұлхаров  ткізген бума бар. Бұл 
бумада Зұлхаровтың 1983–1989 жылдары баспас з беттерінде 
шыққан мақалалары тігілген. Ғ. Зұлхаров М.  уезовтің 1935 жылы 
“Правда” газетінің 23 қазандағы санында шыққан “Товарищ Жа-
най” атты мақаласын 1987 жылы 13 қазанда Жарма ауданының “За 

370
изобилие” газетінде берген. Бумада “ р тынысың “Отан” дейтін 
күн бүгін” очеркінің жазылу тарихын айқындайтын деректер де 
берілген. Очеркте аталатын он бір кейіпкердің бірі, 1941 жылы 
Балқаш мыс корыту комбинатын рудамен қамтамасыз етіп тұрған 
Қоңырат руднигінің участке бастығы  бдіхалық Мұстафинмен 
(жазушы Ғабиден Мұстафиннің туған бауыры) очерктердің авто-
ры кездескен. Мұстафиннің айтуынша, соғыс басталғаннан ша-
мамен бір аптадай уақыт  ткенде оны рудник директоры Бутенко 
шақырып алып, кабинетінде отырған екі адаммен таныстырады. 
Олар М.  уезов пен Т. Жароков екен. Мұстафин жазушылармен 
бір күн бірге болып, рудникті аралатады, сол күні Балқашта  ткен 
к пшілік митингіге қатысады. “ р тынысың “Отан” дейтін күн 
бүгін” очеркі осы уақыттағы Қоңырат пен Балқашта к ргендерінің 
әсерімен жазылған.
Очерктің мазмұнына бір күнгі тығыз уақыттың  зінде М.  уе-
зов  те к п мәлімет жинап алып, маман дерлік білгірлікпен Қоңы-
рат руднигі мен Балқаш мыс қорыту комбинатының  ндірістік 
процестерін жан-жақты да нақты суреттеп берген. Очерк ел ба-
сына қауіпті күн туып, бүкіл Батыс Европаны фашистік Германия 
жаулап алып, Кеңес Одағының батыстағы республикаларының 
қалаларын ойрандап жатқан кезде жазылғандықтан, автор 
шығармасын к теріңкі стильде жазған. Осы мақсат үшін с йлем 
синтаксисін шегіне жеткізе  ңдеп, с йлемдерін ырғақты, ұйқасты 
етіп құрған. Бұл очеркте соғыска дейінгі жазылған очерктерде 
кездесетін идеологиялық сипаттағы ойлар жоқ. Патриоттық, ерлік 
рухты к терген, к ркемдік қасиеті  те жоғары шығарма. Очерктің 
қолжазба нұсқаларын жазушының 12, 20 томдық шығармалар 
жинағында берілген нұсқаларымен салыстырғанда, тек 
қолжазбадағы “Сталин сұңқарлары...” деп басталатын с йлемдегі 
“Сталиннің” орнына шығармалар жинағында “Совет” деп 
берілгені анықталды. Басқа ешқандай  згешелік жоқ, М.  уезовтің  
50 томдық толық шығармалар жинағының бұл томына очерктің 
12, 20 томдық шығармалар жинағындағы басылымын еш  згеріссіз 
беріп отырмыз.
1. 55-б. “...Қоңыраттың кең қолатты кернеп алған к п горизонт-
тарына” – Жер қыртысындағы кенді жыныстардың қабаттары.
2. 55-б. Тар лава – кен жыныстарындағы пайдалы қазбаларды 
алу үшін қазылатын горизонтальды немесе к лбеу қуыстар. Үңгір, 
туннель сияқты болады.
3. 55-б. Взрыв – жарылыс. Мұнда кенді жыныстарды қопарып 
босатуды айтып отыр.
4. 55-б. Гандола – жазық табанды, аласа жақтаулы, жүкті 
здігінен түсіретін вагон. Негізінде к мір, руда, т.б. сусымалы, ке-
сек түйіршікті заттар тасуға пайдаланылады.

5. 55-б. Думпкар – жүкті  зі түсіретін вагон. Құрылыс матери-
алдары, руда тасуға арналған. Негізінде  ндірістің ішкі темір жол-
дарында пайдаланылады.
6. 56-б. Армстронг бұрғысы – тау жыныстарынан жарылғыш 
заттар салуға қажетті қуыс дайындайтын бұрғы.
7. 57-б. “...агрегатта” – Мұнда руда алуға қажетті жабдықтар 
мен машиналардың түрлерін айтып отыр.
Р.  бдіғұлов

372
“Окрыленное творчество”
М.  уезовтің бұл мақаласы 1944 жылы бүкілодақтық “Из-
вестия” газетінің 21 маусымдағы санында шыққан. Жазушы 
мұражайының архивінде мақаланың қолжазбасы сақталмаған.
Шағын мақаланың соңында “Алма-Ата (По телефону)” деген 
дерек бар. Бұған қарағанда мақала газет редакциясының шұғыл 
тапсырмасымен дайындалып берілген. Мақалада Қорқыт тура-
лы аңызды кіріспе ретінде ала отырып, соғыс жылдарындағы 
қазақ әдебиеті мен  нері, ғылымы жайында қысқаша деректер 
берілген. Мақаланың жазылу стилі, қамтылған ақын, жазушы-
лар,  нер қайраткерлері, ғылыми қызметкерлерге қатысты қысқа 
қайырып айтқан ойлары бұл мақаланы М.  уезовтің алдын ала 
арнайы дайындалып жазбағандығын к рсетеді. Мақалада “Абай” 
к ркемсуретті фильмінің түсірілуі жайында, КСРО Ғылым 
академиясының қазақ филиалының соғыс кезіндегі жұмысы жа-
йында құнды деректер бар. “Известия” газетінің бұл санында 
Кеңес Одағының әр республикаларынан келген қысқа хабарлар, 
шағын мақалалар берілген.
М.  уезовтің 50 томдық шығармалар жинағының бұл томына 
мақаланы “Известия” газетіндегі нұсқасы бойынша еш  згеріссіз 
толықтай беріп отырмыз.
1. 58-б. “...ведется деятельная подготовка к производству худо-
жественного фильма “Абай” – “Абай” к ркемсуретті фильмінің 
сценарийін М.   уезов жазған. “Песни Абая” деген атпен 1945 жы-
лы шыққан толық метражды к ркемсуретті фильмнің режиссер- 
 лері – Г. Рошаль мен Е. Арон, операторы – Г. Пышкова, бас сурет- 
 шісі – Қ. Ходжиков, композиторы – Л. Хамиди. Фильмнің сце-
нарийін жазуға Г. Рошаль қатысқан. М.  уезов мұражайының 
қолжазба қорында сценарийдің үш нұсқасы бар.
2. 58-б. “Чио-Чио-сан” – Италияның ұлы композиторы, опера 
жанрының негізін салушылардың бірі Дж. Пуччинидің (22.12.1858, 
Лукка – 29.11.1924, Брюссель) операсы. “Мадам Баттерфляй” деп 
аталады. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет теа-
трында 1944 жылы қойылған.

373
3. 58-б. “...оперы “Абай” – Операның либреттосын М.  уезов 
жазған. Опера т рт перде, бес суреттен тұрады. Композиторлары– 
А. Жұбанов пен Л. Хамиди. Операның музыкасын жазу кезінде, 
қоюға дайындау барысында М.  уезов  зі араласып, ақыл-кеңестер 
айтып отырған.
4. 59-б. “...писатель Муканов” – Сәбит Мұқановтың “Шоқан” 
пьесасын айтып отыр.
5. 59-б. “...Три великих человека в недавней истории казахского 
народа – Абай, Чокан и Амангельды...” – 1916 жылғы үлт-азаттық 
қозғалысы басшыларының бірі болған Амангелді Имановты қазақ 
халқының ұлы тұлғаларының қатарына қоюы мақала жазылған 
уақыттың идеологиялық талаптарынан. Сонымен қатар инфор-
мациялык сипаттағы материалдарды бүкілодақтық басылымға 
Қазақстан тарихымен етене таныс емес оқырмандарға арнап 
дайындағандықтан да болар.
6. 59-б. “Проведенный недавно в Алма-Ате республиканский “ай-
тыс” – М.  уезов 1943 жылы желтоқсан айының 4-нен 10-на дейін 
ткен бірінші республикалық ақындар айтысының әділқазылар 
құрамына кіріп, Абай атындағы Опера және балет театрында  ткен 
ақындар сайысының т рағасы болды.
7. 59-б. “Акына Байзакова часто можно встретить сейчас в ка-
захских колхозах” – Иса Байзақов (3.10.1900, Павлодар облысы, 
Ертіс ауданы – 3.9.1946, Алматы) – суырыпсалма ақын, әнші, 
домбырашы, сазгер. Импровизаторлық  нердің үздік  кілі.  мірі 
мен шығармашылығы жан-жақты зерттелген.
8. 60-б. “...образ казахской девушки Маншук Маметовой” – 
Мәншүк Мәметова (1922, Орал облысы, Орда ауданы –16.10.1943) 
Кеңес Одағының Батыры (1.3.1944).  мірі мен ерлігі жайында 
жан-жақты жазылған.
9. 60-б. Мещанинов – Мещанинов И.И. (6.12.1883, Уфа – 
16.1.1967, Ленинград) – филолог, археолог, КСРО ҒА-ның акаде-
мигі (1932), Социалистік Еңбек Ері (1945). Петербург универ-
ситетін (1907) және Археология институтын (1910) бітірген. 
КСРО ҒА гуманитарлық институттарының директоры, КСРО ҒА 
дебиет және тіл б лімшесінің академик хатшысы болған. Соғыс 
жылдарында Алматыда болып, Қазақстанда тіл білімі мамандарын 
даярлауға үлкен үлес қосқан. К птеген мемлекеттік сыйлықтармен 
марапатталған.
10. 60-б. Сауранбаев – Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы (5.5.1910, 
Жамбыл облысы, Қордай ауданы –17.11.1958, Алматы) – қазақ тіл 
білімі ғылымының негізін салушылардың бірі, түрколог. Филоло-
гия ғылымдарының докторы (1943), профессор (1943), Қазақ КСР 
ҒА-ның академигі (1946).  мірі мен ғылыми қызметі жан-жақты 
зерттелген.

11. 60-6. Кенесбаев – Кеңесбаев Ісмет Кеңесбайүлы (15.2.1907, 
Шымкент облысы, Созақ ауданы – 1995, Алматы) – тіл маманы, 
түрколог, филология ғылымдарының докторы (1945), профессор 
(1945), Қазақ КСР ҒА-ның академигі (1946).  мірі мен қызметі 
жайында энциклопедияларда, т.б. еңбектерде жазылған.
Р.  бдіғұлов

375
“Райхан”
(Литературный сценарий художественного фильма)
М.  уезовтің “Райхан” киносценарийі XX ғасырдың басын-
дағы қазақ ауылында болған т ңкерістен кейінгі әлеуметтік 
згерістерді суреттеуге арналған. Шығарма бірден орыс тілінде жа-
зылды ма, немесе қазақ тілінде жазылып, кейін жазушы оны кино 
түсірушілерге арнап аударып шықты ма, ол ж нінде дәл анықтап 
айту қиын.  йткені сценарийдің казақ тіліндегі қолжазбасы 
М.  уезовтің қолжазба қорында кездеспейді. Ал орыс тіліндегі 
қолжазбасы “ уезов үйі” ғылыми-мәдени орталығының қолжазба 
қорында (51-бума, 1–122-бб.) сақталған. Қарындашпен жазылған 
қолжазбаның сақталуы жақсы. Жазушы болашақ киноның атын 
“Райхан” деп қойса да, оны келешекте  згертпек болып, тұсына 
“шартты атау” деген белгі қойған. Бірақ к ркем фильмнің аты 
згертілмей, осы алғашқы күйінде жарыққа шыққаны белгілі.
“Райхан” фильмінің сценарийі алғаш рет 1983 жылы 
 
М.  уезовтің 20 томдық шығармалар жинағында (Алматы: Жазу-
шы, 1983. 264–323-бб.) жарық к рді.
1939 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен ре-
спублика Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақстанда “ дебиет және 
нерді ары қарай дамыту” атты қаулы қабылдады (Казахстанская 
правда. 1939. 9 сәуір).
Бұдан соң сценарийлер жазу мен кинематография маманда-
рын даярлауға арналған арнайы мемлекеттік бригада құрылды. 
Осы жылы замандастарымыз жайлы ең жақсы сценарийлерге кон-
курс жарияланды. Конкурсқа түскен 30-дай шығарманың ішінен 
М.  уезовтің “Райхан” киносценарийі жеңіп шықты.
Осы әдеби сценарий бойынша “Ленфильм” киностудиясын-
да 1940 жылы толық метражды к ркем фильм түсірілді. Фильм 
Қазақстанда қазақ және орыс тілдерінде бір мезгілде түсірілген. 
Кинода ойнаған әртістер р лдердің орыс тілінде дыбысталуына  з 
дауыстарымен қатысқан.
Кино түсіру кезінде әдеби сценарийді ленинградтық қоюшы-
режиссер М. Левин азырақ  ңдеп, жұмысқа қажетті қосымша 

376
нұсқасын жасаған. Моисей Зелигович Левин (16.02.1895–1946) 
театр суретшісі. Қазақстанның халық әртісі. Қызметінің к п б лігі 
Ленинград театрларында  ткен. 1927 жылы Ленинградтың Үлкен 
драма театрында (Большой драматический театр, БДТ) “Раз-
лом” спектаклін к ркемдік жағынан безендірген. Үлкен театр мен 
Кіші театрдың, МХАТ-тың к птеген спектакльдерін безендіруге 
қатысқан. 1930 жылдардың аяғынан бастап Левин суретші және 
кино түсіруші режиссер ретінде белгілі бола бастаған.
“Райхан” к ркем фильмі Қазақ автономиялық республика-
сының жиырма жылдығына орай  нер саласындағы сол кездегі 
жетістіктерді к рсету мақсатында түсірілгені белгілі. Бұл Қазақстан 
кино түсірушілерінің 1938 жылы шығарған “Амангелді” фильмінен 
кейінгі (сценарийі Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов және Вс. Ивановтікі. 
Режиссері – М.З. Левин) екінші туындысы еді.
Кино түсірудің бастапқы жұмыстары к птеген қиындықтарға 
қарамастан ұйымшылдыкпен жүргізілді. Ол туралы М. Левиннің 
1940 жылы 5 мамырда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесіне, 
Оңдасыновқа және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне, 
ж. Кулитовқа (ЦГА РК, ф. 1242, оп. 1, д. 643, л. 32–33) жазған баян-
дама жазбаларында кең мәліметтер беріледі. Сондай-ақ “ уезов  
үйі” ғылыми-мәдени орталығының қолжазба қорындағы 
 
М.  уезовке жазған  з хатында режиссер М. Левин фильм 
түсіру жұмысы тоқтап қалудың аз алдында тұрғанын мазасызда-
на жеткізеді. Онда былай деп жазған: “...20 жылдыққа фильмді 
тапсырудың қажеттігін және оған қалған уақыттың аздығын 
ескеріп, жағдайдың қиын екенін мойындауға мәжбүрлімін. 
Сценарий қызықты жазылған, оның негізінде к рерменді 
қызықтыратын, ерекше фильм түсіруге болады, осының бәрін 
ойлап келгенде, жұмыстың тоқтап қалуы  те ренішті. Тағы да мені 
мына мәселе ойландырады, егерде сценарий жоспардан алынып 
қалған жағдайда, фильм түсіруге арналған басқа сценарийлердің 
мүлде болмауы себепті, Қазақстан кино дамыту жұмысы ұзақ 
уақытқа тоқтап қалады...” (“М.  уезов үйі” ғылыми-мәдени 
орталығының қолжазба қоры. 592-бума. 20-б.).
Соғыс кезеңінің қиындықтарына қарамастан, кездескен 
кедергілерді жеңе отырып, “Райхан” фильмі түсіріліп біткен соң 
жарыққа шығып,  зінің тартымдылығымен к рермендерден 
лайықты бағасын алды. Фильмдегі басты р лде Хадиша Б кеева
1
 
ойнады.
1. 376-б. Хадиша Б кеева (21.02.1917) – КСРО халық әртісі, 
Қазақстанның халық әртісі. 1938 жылы Ленинградтағы театр 
институтын бітірген. Кейінірек Шымкенттегі облыстық театр-
да қызмет істеді. 1942 жылы Қазақ драма театрына ауысады. Ол 
сомдаған ең сәтті р лдердің ішінде М.  уезовтің “Қара Қыпшақ 

Қобыланды” драмасындағы Қарлыға, Н. Хикметтің “Махаб-
бат туралы аңызындағы” Мэхмене Бану, В. Шекспирдің “Асауға 
тұсауындағы” Катарина бейнелерін атап  туге болады.
Фильмдегі басты р лдерде сол кездің атақты әртістері – Сер-
ке Қожамқүлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов, Елубай 
мірзақовтар ойнап, киноның сәтті болып шығуына  з үлестерін 
қосты.
Д. Қонаев

378
“Қалқаман – Мамыр”
Қазақ халқының тұңғыш ұлттық балеті “Қалқаман – 
Мамырдың” либреттосы (балет сценарийін  нертануда әдетте 
либретто деп атайды) алғаш орыс тіліндегі нұсқасы бойынша  
М.  уезовтің 20 томдық шығармалар жинағының 12-томында 
(Алматы: Жазушы, 1983. 173–180-бб.) жарияланды. Жазу-
шы мұражайы архивіндегі 165-бумада балет либреттосының 
орыс тілінде үш нұсқасы және қазақ тіліндегі бір нұсқасы бар. 
Буманың 67–71-беттеріндегі қазақша нұсқа ақ жазу қағазына 
қара қарындашпен жазылған. Латын әліпбиімен жазылған 
қолжазба – М.  уезовтің  з қолтаңбасы. Либреттоның бұл 
нұсқасы М.  уезовтің 20 томдық шығармалар жинағының 
 
12-томындағы орысша нұсқаның түсініктемесінде беріліп, мәтіні 
толық емес деп к рсетілген. Қазақша мәтінді жазушының 20 
томдық шығармалар жинағының 12-томында шыққан және 
165-бумадағы орысша мәтіндермен салыстырған кезде тек 
соңғы бесінші актының аяқ жағы ғана жетпейтіні анықталды. 
Буманың 71-бетіндегі қазақша мәтін “Жастар Қалқаманды 
к ргенде егіліп тілек тілеп жалбарынады. Қалқаман шалдарға 
лағнет оқиды, жастарға қарайды. Бірақ олар” деп, бетінің соңғы 
жолында с йлем бітпей аяқталады. Либреттоның орыс тіліндегі 
нұсқасының мәтінінде жоғарыда берілген қазақша мәтіннің 
үзіндісіне мағыналық жағынан дәл келетін жері т мендегідей 
болып келеді: “Молодежь молится за Калкамана. А он шлет 
свое гневное проклятие старшим биям. Оборачивается к моло-
дежи, взывает к ней. Но джигиты...” Қазақша қолжазба нұсқа 
мен аталған бумадағы М.  уезовтің  з қолымен жазылған орыс-
ша нұсқаны (50–58-бб.) салыстырғанда, орысша нұсқа қазақша 
нұсқадан дәлме-дәл аударылғаны анықталды. Қазақша мәтіннің 
беттің ең соңғы жолында “Бірақ олар” деген с йлемнің басында 
келуге тиісті тіркеспен аяқталып тұрғанына және бұл тіркестен 
кейін к п нүкте қойылмағанына қарағанда, либретто мәтінінің 
соңғы бір бетінің жоқ екені к рініп тұр. Екі тілдегі қарындашпен 
жазылған мәтіндердің қазақша мәтіні үзілген жерге дейін 

379
мағыналық жағынан бірдей болып, дәл аударма сипатында бо-
лып келгендіктен, қазақша нұсқада жоқ мәтін б лігін орысша 
қолжазбадан аударып беріп отырмыз: “Бірақ олар... оның тағдыр-
талайына мойынсұнып жылауда. Қалқаман олардан бұрылып 
кетіп, қоштасып, Мамырды құшып сүйеді. Олар шыңның ұшар 
басына шықты. Онда оларға жасауылдар құздың қарсы бетіндегі 
жартасқа қарғыңдар деп бұйырады. Оларды осы кезде ату керек. 
Кім аман-есен қарғып кетсе, сол жазадан аман қалады. Бірінші 
болып Мамыр қарғыды. Садақтың оғы тиіп құлайды. Бұдан кейін 
қарғыған Қалқаманды К кенай атады. Қалқаман құламай, екінші 
бетке жетеді. Бірақ жараланған, үстінен қан ағып, тасқа сүйеніп, 
Мамырдың жанына келіп тізерлейді. Оларға жиіркенішпен 
қарап, үлкендер кетеді. Жастар қалады. Олар үмітпен батырдың 
жанына жақындайды. Бірақ ашулы Қалқаман оларды жакын-
датпайды. Бастары салбыраған, бүкшиген жастар алыстау ба-
рып тұрады. Қалқаман қару-жарағын, сауыт-сайманын шешіп, 
халыққа тастайды. Ол жалғыз  зі Мамырды к теріп алып, Ота-
нымен, халқымен кысқа қоштасып, түсі суық жабайы жартастың 
қиясымен жалғыз  рмелеп, Қанды құздан алыстап, ұзай береді. 
Алдында ағып барып, жұлдызы  шеді. Қайғыға батқан халық 
зінің сүйікті, батыр ұлын жоқтап жылайды. Кеудесінен итер-
ген ұлдарының беймәлім жалғыздыққа бастаған жолына батасын 
беріп қоштасады”.
М.  уезов либреттоның қазақша нұсқасын да толық жазып 
шыққаны анық. Жоғарыда келтірілген мысалдарға қарағанда 
толық біткен қазақша либреттоның бір беті жоғалған.
Либретто М.  уезов  мірінің ауыр кезеңінде, қуғын-сүргін 
жылдарында жазылған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1937 
жылғы 17 қаңтардағы бұйрығымен Қазақ мемлекеттік музыка те-
атры Мемлекеттік опера және балет театры боп қайта құрылады. 
Театр маман кадрлармен, оның ішінде балет бишілерімен 
толы 
ғып, толыққанды балет қойылымдарын шығара алатын 
дәреже ге жетеді. Театрдың қазақ балеті б ліміне жетекшілікке 
тәжірибелі балетмейстер Л.А. Жуков тағайындалып, оның ал-
дына таза ұлттық балет дайындау талабын қояды. Осы үшін Ле-
нинградтан композитор В. Великанов, Ташкенттен суретші Орал 
Таңсықбаев шақырылып, тұңғыш ұлттық балеттің либреттосын 
жазуға І. Жансүгіров пен М.  уезов тартылады. Мемлекеттік 
дәрежедегі маңызды мәдени оқиға ретінде күтілген болашақ 
балеттің сценарий-либреттосы ретінде М.  уезовтің “Қалқаман 
– Мамыры” қабылданады. Тұңғыш қазақ балетінің дайындал-
уына мемлекеттік бақылаудың қаншалықгы дәрежеде болғанын 
т мендегі құжаттардан байқауға болады: “Приказ №38 по Управ-

380
лению по делам искусств при СНК КазССР, г. Алма-Ата. Дворец 
культуры, 29 января 1938 года.
В связи с заявлением отдельных директоров и художествен-
ных руководителей (Объединенного театра оперы и балета и 
Уйгурского театра) о невозможности выпуска по плану тех или 
иных постановок и произвольного снятия постановок с плана те-
кущего сезона вообще и т. д. приказываю:
3. Обязать художественного руководителя Объединенного 
театра тов. Винер обеспечить современный выпуск постановки 
“Айман – Шолпан” 15 апреля и “Калкаман – Мамыр” не позже 
10–15 мая с.г.
Нач. Управления п/д искусств при СНК КазССР – Мусре-
пов”.
Осы мекеменің 7 сәуірдегі №136 бұйрығында: “3. Балет 
“Калкаман – Мамыр” выпустить 12–15/ VI. 38 г. Ответствен-
ность за выпуск постановки возложить на т.т. Винера, Велика-
нова, Жукова, Жандарбекова, Кузьмина и Ауэзова. Обязать ди-
рекцию Объединенного оперного театра привлечь к постановке 
балета “Калкаман – Мамыр” необходимое количество арти-
стов балета обоих театров”, – делінген. Үкіметтің осындай жіті 
қадағалауымен дайындалган балеттің алғашқы қойылымы 1938 
жылдың 24 маусымында  тті. 1938 жылдың театр маусымында 
10 рет қойылған балет 1939 жылғы үш қойылымынан кейін сах-
надан алынды.  нертанушы мамандар тарапынан жоғары баға 
алған балет к рермендерді тарта алмағандықтан қайта қойылған 
жоқ. Қойылымнан кейін баспас з бетінде балетке қазақ 
мәдениетінің үлкен табысы деген баға берілді. Левина “Социа-
листическая Алма-Ата” газетінің 4 шілдедегі санында шыққан 
“Первый казахский балет” атты мақаласында: “Қалқаман – 
Мамыр” – балеті ірі, маңызды жеңіс. Сазгер В. Великановтың, 
либреттошы М.  уезовтің жеңісі, РСФСР-дің еңбек сіңірген 
әртісі Л. Жуковтың, халық әртісі, қазақ балетінің бірінші бишісі 
Шара Жиенқұлованын жеңісі. Бұл осы спектакльде бидің күрделі 
техникасын игеру жолында  зінің ерік күшін аямай т ккен 
барлық ұжым мүшелерінің жеңісі”, – деп жазды. Балеттанушы 
мамандардың пікірінше, сәтсіздіктің негізгі себебі сазгер Ве-
ликанов пен балетмейстер Жуковтың қазақ халқының ұлттық 
ерекшелігін,  зіндік дүниетанымын, эстетикалық сұранымын 
білмеуінде болды. Таза классикалық балетті қабылдауға к рер-
мен әлі дайын емес болатын. (Қар.: Сарынова Л. Балетное искус-
ство Казахстана. Алма-Ата: Наука, 1976).
М.  уезов балет либреттосының сюжетін тарихта болған 
Қалқаман мен Мамыр оқиғасынан алған. Бұл оқиға жайындағы 

381
аңыз әңгімелер ел арасында, әсіресе М.  уезов  скен  ңірде к п 
тараған. “Қалқаман – Мамыр” дастаны алғаш 1892 жылы “Дала 
уәлаяты” газетінде жарияланды. Шәкәрім Қүдайбердиевтің 
“Қалқаман – Мамыр” поэмасы 1912 жылы Семей қаласындағы 
“Жәрдем” баспасынан шыққан. Қалқаман – Мамыр оқиғасына 
қатысты дастан, жырлардың тоғыз нұсқасы Қазақстан Ре-
спубликасы Ғылым академиясы кітапханасы мен М.  уезов 
атындағы  дебиет және  нер институтының қолжазба қорында 
бар. Шәкәрім поэмасын “Қазақ тілінде тарихи хикая” деп атап, 
“Бұл әңгіме 1722 жылы біздің Орта жүз қазағы Сырдария бо-
йында жүргенде болған анық іс. Біздің қазақ қалмақтан жеңіліп, 
“ақтабан шұбырынды” болғаннан бір-ақ жыл бұрын.
Қалқаман – Мамырдың ісіне ескі қазақтар теріс к зімен 
қараса да, осы күнгі к ңілінің к зі ашықтар жазасыз екенін біліп, 
дұға қылса керек”, – деп түсінік беріп кеткен. “Қалқаман мен 
Мамырдың” Шәкәрім шығарған нұсқасы да, басқа нұсқалары да 
негізінде  мірде болған оқиғаны тарихи шындықтан ауытқымай, 
реалистік сипатта берген. Барлық нұсқаларда негізгі конфликт 
қазақ халқының қыз бен жігіттің қосылуы үшін туыстық жағынан 
кемінде жеті атаға толуын талап ететін ата заңының негізінде 
рбиді. Қатал жаугершілік заманда ата заңдары соншалықты 
қатал сақталмаса, ел бірлігіне, халықтың рухани денсаулығына 
кері әсер етіп, денсаулығы нашар, әлсіз ұрпақтың дүниеге келуіне 
әкелетін еді. Осы сияқты халықтың ата заңына қайшы келетін 
адами, пенделік сезімдердің қайшылығына қүрылған к ркем 
шығармалар қазақ әдебиетінде аз емес. М.  уезовтің “Еңлік 
– Кебек”, “Қараг з” трагедияларының сюжеттері де осындай 
қайшылықтарға құрылған.
М.  уезов Қалқаман – Мамыр окиғасынан балет либрет-
тосын жасау барысында тартыс себебін  мірде болған тарихи 
желіден бұрып, әмеңгерлік салтты, левират тақырыбын сюжеттің 
негізгі қозғаушы күші етіп алған. Мұнда тартыс Қалқаман мен 
Мамырдың туыстық қатынасы жеті атаға толмағандығынан 
емес, айттырылған болашақ күйеуі қайтыс болған қаралы 
Мамырдың әмеңгерлік салты бойынша Ескенеге тұрмысқа 
шығудан бас тартып, Қалқаманмен қашып кетуінен  рбиді. 
Оқиғаны, фабуланы, сюжетті беруде әдеби шығарма мен балет 
қойылымының мүмкіндіктері бірдей емес.  деби шығарма, та-
рихи жыр, дастан, поэма жеткізе алатын күрделі оқиғалар желісі, 
сюжеттік байланыс сипаты, кейіпкер с здері, ішкі монологта-
ры, авторлық баяндаулар, портреттер к біне балет, операның 
ыңғайына келе бермейді. Балет либреттосы жалпы драма 
заңдылықтарына сүйеніп, эстетикалық мәні бар нақты оқиға 

382
желісімен жазылғанмен де, музыкалық композицияның шартта-
ры мен балет  нері табиғатынан, би қимылдарының эстетикалық 
әсер беру мүмкіндіктерінен туындайтын талаптарға орай ықшам, 
шымыр, шағын к лемді етіп жазылады. М.  уезовтің қаламынан 
шыққан “Қалқаман – Мамыр” балетінің либреттосы дәл осы 
талаптардың негізінде жазылған. Басқа классикалық балеттердің 
либреттоларымен салыстырғанда да  уезов либреттосы нағыз 
профессионалды жұмыс екені к рінеді. М.  уезовтің бірнеше 
киносценарий, опера либреттоларын жазғаны белгілі. “Театр, 
музыка кадры” (Социалистік Қазақстан. 1933. 2 маусым), “Қыз 
Жібек қандай?” (Социалистік Қазақстан. 1934. 24 қараша), 
“Қазақстанның халық музыкасы мен халық театры” (Қазақ 
әдебиеті. 1936. 5 мамыр), т.б. мақалаларында жалпы драма теория-
сына қатысты ойлар айтумен қатар, музыкалық қойылымдарды 
да талдап, ішінара бұл қойылымдардағы би элементтері жайында, 
“Шараның шығыстары” жайында да ойлар айтқан. М.  уезовтің 
музыкалық драмасы “Айман – Шолпанның” қойылымдарында 
қазақ билерімен қатар,  збек биі, бақсы биі пайдаланылған. 
1932 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік драма театрының әдеби 
б лімін басқарған М.  уезов үнемі театр жұмыстарының басы-
қасында болып, музыка театрының жұмыстарымен етене таныс 
болған. Би, балет элементтері к п қолданылған “Қыз Жібек”, 
“Жалбыр”, “Ер Тарғын” спектакльдерінің қойылуы барысында 
басы-қасында жүрген М.  уезов балеттік қойылымның  зіндік 
ерекшеліктері жайында тәжірибе жинақтаған. Сонымен қатар кез 
келген шығармашылық жұмысқа ұқыпты дайындықпен келетін 
М.  уезовтің “Қалқаман – Мамыр” балетінің либреттосын 
жазуға кірісерде балет жанрына қатысты теориялық еңбектермен 
танысып, классикалық балеттердің либреттоларын арнайы түрде 
окып шыққандығы анық. Осындай шығармашылық ізденістердің 
нәтижесінде ең алдымен либреттоның қазақша нұсқасын жазып 
шыққан. Жоғарыда аталған бумадағы қарындашпен жазылған 
қолжазбада либреттоның екі атауы бар: “Қалқаман – Ма-
мыр” және “Қанды қақпан”. Бес б лімді либреттоның бесінші 
б лімінің соңғы жағының (бір беттей к лемде) бумада жоқ екенін 
жоғарыда айттық. Либреттоның орыс тіліндегі қолжазбасының 
қазақ тіліндегі нұсқадан жасалған аударма екені де анық. Ау-
дармада либреттоның соңында құздан қарғыған кезде Мамырға 
оқ тиіп  леді. Либретто сюжеті қойылуға осылай қабылданған 
жағдайда “Қанды қақпан” атауын да қолдануға болар еді. Бірақ 
қойылуға қабылданған, ресми құжат түрінде бекітілген нұсқада 
(165-бума, 72–77-бб.) Мамыр да, Қалқаман да тірі қалады. Ли-
бретто сюжетінің бұл нұсқасына “Қанды қақпан” атауының 

мағынасы сәйкес келмейді. Сондықтан балет аты ресми түрде 
“Қалқаман – Мамыр” деп қабылданған.
М.  уезовтің 50 томдық шығармалар жинағының бұл томына 
либретто жазушы мұражайының қолжазба қорындағы нұсқасы 
бойынша толықтай, еш  згеріссіз беріліп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет