«
Сейфуллин оқулары–12:Ғылым жолындағы жастар - болашақтың инновациялық
әлеуеті" атты Республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары =
Материалы Республиканской научно-теоретической конференции «Сейфуллинские
чтения–12: Молодежь в науке-инновационный потенциал будущего». – 2016. – Т.І, ч.1. –
Б. 409-410
ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІН ӨНДІРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
ЖОЛДАРЫ
Сейтжан Г., Титанов Ж., Сабырова М.
Қазіргі уақытта құс өсіру шаруашылығы өнеркәсібінде жұмыртқа
шығару бағытындағы 38 кәсіпорын және бройлерлік ет өндірісі бойынша 14
кәсіпорын жұмыс істейді, оның 15-де ет және жұмыртқа өндірісінің
тұқымдық базасы шоғырланған. Мемлекеттік асыл тұқымды мал басынң
Тізілімі бойынша республикадағы құстың тұқымдық басының үлестік
салмағы оның жалпы санының 15% шамасында құрады. Саланы дамыту
шараларының
нәтижесінде
онжылдықта
барлық
санаттардағы
шаруашылықтардағы құс басының саны 19,3-ден. 30,1 млн. басқа, оның
ішінде құс фабрикаларындағы бастары 9,6-дан 15,5 млн-ға өсіп, жұмыртқа
өндірісі – 1,7-ден 3,1 млрд данаға дейін құс еті өндірісі – 33,3-тен 127,3 мың
т-ға көтерілген.
Өткен жылдары елімізге жылына 200 мың т құс еті импортталады.
Оның көлемін азайтып, отандық құс шаруашылығ өнімдерінің өндірісін өсіру
үшін Қазақстан құс өсірушілер одағының "2008-2015 жылдардағы құс
шаруашылығын дамыту концепциясы" бойынша 2015-ші жылға 250 мың т
құс еті мен мен 4,0 млрд. дана жұмыртқа өндірілуі көзделген еді. Бұл межеге
жету арқылы сала өнімінің мөлшерін медициналық нормаға, яғни адам
басына шаққандағы қүс етін 17 кг, тағамдық жұмыртқаны 220 данаға
жеткізуге мүмкіндік тудыратын еді.
Отандық өнімнің нарықтық бәсекелестікке қабілетсіздігі, бір жағынан,
фабрикалардағы технологиялық жабдықтардың тозуы, инновациялық
жаңғыртудың әлсіздігі, энергия тарифінің жиі алмасып көтерілуіне тірелсе,
екінші жағынан, асыл тұқымдық қамтамасыз ету мен селекциялық
жұмысының жүргізілмеуі және де көптеген азықтандыру сапасыздығы болып
табылады. Өйткені құс өнімділігіне ықпал етуші жағдайлардан бағып-күтуі –
15-20%, тұқымдық қасиеттері – 20-30% ықпал етсе, азықтандыру
құнарлылығы – 50-60% ықпал етеді.
Бұдан құс басын құнарлы, яғни организмінің тіршілігі мен өнімділік
мұқтаждығына сәйкес азықтандырудың, аса маңыздылығы айғақталады.
Соны дұрыс жолға қойған жағдайда ғана, бір жағынан, жоғары өнімді құс
кросстарының тұқымдық өнімдік потенциалы толық жүзеге асырылып,
екінші жағынан, үнемді азық шығынымен өзіндік құны арзан өнім өндіруге
қол жеткізуге болады. Бұл мәселені оң шешімін таба алмай келе жатқан
себептерінің бірі – құс құрамажемінің құрамына кіретін ингредиенттердің
отандық өндірісте тапшылығы болса, оларды импорттаудың бағасын
қымбаттауында болып отыр..
Жинақтап зерделегенде құс етін өндірудегі шығындар үлесі келесідей:
құрамажем және азықтандыру шығындары - 82,2%, жалпы шаруашылық
шығындары - 1,3%, электроэнергия шығындары - 3,3%, газ шығындары -
0,4%, су шығындары - 1,8%, жалақы шығындары - 1,2%, ветеринарлық дәрі-
дәрмек шығындары - 1,2%, амортизация шығындары - 0,6%. Демек, құс
өнімінің өзіндік құнын құрайтын тікелей шығындарда азық пен
азықтандыруға жұмсалатын шығындардың үлесі басым түсетіндіктен, дұрыс
азықтандыруға сала рентабельдігін арттырудың шешуші экономикалық
факторы ретінде қарауымыз керек.
Бүгінгі күнде өсіріліп отырған негізгі құс кросстарының өнімділігі
биологиялық платосына жақындағандықтан, олардың өнімділігін одан ары
арттырудың бірден-бір жолы – азық қоректік заттарының құс өніміне
конверсиялану деңгейін жоғарылату болып табылады. Біздің осы бағытта
жүргізілген зерттеулер мекиендер жұмыртқалағыштығын 8-10%, бройлер-
балапанының тәуліктік салмақ қосымын 5-7 граммға арттырып, әр 1 кг құс
еті өндіруге жұмсалатын құрамжем шығынын 0,1-0,2 кг-ға кемітіп, өзіндік
құнын 10-15% арзандатуға болатынын көрсетті.
Толықрационды құрамаж ингредиенттерінің басым бөлігі қымбат
имопртты шикізат болғандықтан және оның дұрыс жұмсалмауы бұл мәселені
ұшқындырып, құс етін өндіруге жұмсалатын азық шығынын одан әрі
ұлғайтуда [1]. Олай болдырмау үшін саланың фураждық қорын нығайтып,
мейлінше тиімді пайдалану жолдарын қарастыру қажет. Оны арнайы
құрамажем зауыттары немесе цехтарында тиісті технологиялық өңдеуден
өткізу керек. Тек сондай өңдеуден өтіп, толық рационды құрамажем түрінде
пайдаланғанда ғана оның өқұрамына кірген ингредиеттерінің энергиялық,
қоректік, минералдық және дәрумендік қосындылары жоғары қорытылып,
пайдаланылады [2].
Құс құрамажемін арзандатудың бірден-бір жолы – оның құрамындағы
қымбат ингредиенттерді олардың жергілікті арзан көздерімен алмастыру.
Мұның оң нәтижесі біздің ШҚО Өскемен құс фабрикасында «Гибро ПГ»
және ОҚО «Ордабасы құс» фабрикасында Канадалық Кең кеуделі
күркетауық бройлер
балапандармен
жүргізген
ғылыми-шаруашылық
тәжірибелер нәтижелері көрсетті. Бройлерлер құрамажемінің құрамындағы
соя шроты, бидай мен жүгері дәнін энергетикалық қуаттылығы бойынша
эквивалентті мөлшерде олардан құны арзан күнбағыс күнжарасы және арпа
дәнімен алмастырылуға болатындығы айқындалды [3].
Бройлер-балапандардың сөрелік құрамажемі құрамындағы жүгері
дәнінің мөлшері 20%-дан 19%-ға кемітіліп, 22% соя шротының орнына 23%
күнбағыс күнжарасы енгізілгенде сөрелік өсіру кезеңінің 31-42-ші күндері
балапандардың сақталуы: бақылау тобында – 95,1% болса, тәжірибе тобында
– 94,5%; ал абсолютті тірілей салмақ қосымы, тиісінше, 1722±18,6 г және
1723±16,8 г; 1 кг қосымша салмақ қосымына, ретімен, 2,00 кг және 2,03 кг
құрамажем жұмсалды.
Бұдан бройлер-балапандар құрамажем құрамындағы соя шротын
күнбағыс күнжарасымен алмасытырудың балапан басының сақталуы мен
салмақ қосуына оншалықты әсер етпегенімен, құрамажем құнын 50,0 тн/кг-
нан 48,3 тн/кг-ға арзандатуының арқасында 1 ц бройлер етінің өндірісіне
жұмсалған құрамажем шығынын 241,7 мың теңгеден 205,4 мың теңге, яғни
36,3 мың теңгеге кемітті.
Етке өсірілетін күркетауық балапандарының құрамажеміндегі 20-30%
(қоректілігінің бойынша) бағасы 20 тн/кг бидай дәнінінің жартысын 17 тн/кг
арпа дәнінімен алмастырғанда толық рационды құрамажем өндіру құны 134
тң/т арзандап, 1 ц күркетауық етінің өзіндік құнын 500-600 теңгеге
төмендетті. Соның нәтижесінде бройлер-балапандар етін өніру тиімділігі
аортып, сала рентабельдігі өсті.
Әдебиеттер тізімі
1 ФАО инвестициялық зерттеулері: Етті құс шаруашылығы // 2012.
URL: http:/www. fao.org
2 Омарқожаұлы Н. Құс құрамажемінің протеиінін толықтыру / Н.
Омарқожаұлы, С. Аспанбетова // «Құс Феникс». – 2013. – №12. – 16-17 б.
3 Biotechnology in Animal Husbandry, 2009.- Publisher: Institute for
Animal Husbandry, Belgrade-Zemu http://www. istocar.bg.ac.rs/radovi