Хроникасы



Pdf көрінісі
бет12/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44

ұстайды,  Франция,  Жапония,  Грецияда  —  20%-ға 

дейін.  Бұл  ретте,  ауыл  шаруашылығы  өнімдеріне 

бағалар 50-ден 90%-ға дейін қадағаланады», — деді 

Мемлекет басшысы. 

Алдағы  егін  орағы  науқанына  қатысты  Мем-

лекет  басшысы  ағымдағы  жылы  бюджеттен  ауыл 

шаруашылығына 177 млрд. теңге қаражат бөлінгенін, 

оның  ішінде,  55  млрд.  субсидиялар  және  17  млрд. 

өңірлердегі азық-түліктің тұрақтандыру қорын құруға 

берілгенін атап көрсетті. Егін орағына 400 мың тонна-

дан астам жанар май жеңілдетілген бағамен берілді. 



126

тамыз


Бір  сөзбен  айтқанда,  астық  жинау  науқанын  сәтті 

өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Ауыл 

шаруашылығы  министрлігінің  болжамдары  бойынша 

дәнді-дақылдар  өнімі  —  17–17,5  млн.  тонна,  оның 

ішінде, бидай өнімі 15 млн. тонна деңгейінде болмақ. 

н.Ә.  назарбаев  әрбір  облыста  заманауи  техноло-

гиялардың  тамшылы  суару  жүйесін  енгізу  бойынша 

жобаларды  бастау  және  жылыжайлардың,  көкөніс 

сақтау  қоймаларының,  өңдеу  кәсіпорындарының 

құрылысын жылдамдату қажеттігін атап айтты.

Жылыту маусымына дайындық мәселелері бойын-

ша Мемлекет басшысы бүгінгі таңда 66% қазандықтар, 

64% жылыту трассалары, 57% сумен қамту жүйелері 

жөнделгенін айтты. Қысқы мерзімде жұмыс істеу үшін 

65%  денсаулық  сақтау,  білім  беру  нысандары  және 

әлеуметтік саланың басқа да мекемелері дайындалды. 

Коммуналдық  қызметтерді  тұтынушылардың  қарызы 

(10  млрд.  теңгеге  жуық)  жоғары  көрсеткіште  қалып 

отыр.  Бұл  ретте,  ең  үлкен  қарыз  Алматы,  Астана 

қалаларына,  Алматы  және  Қызылорда  облыстарына 

тиесілі. 

Әкімдерге  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық 

нысандарын  алдағы  жылыту  маусымына  дайындау 

бойынша  жұмыстарды  түбегейлі  жүргізу,  олардың 

тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылды. 

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 

соттарының  төрағаларын,  сот  алқалары  төрағалары 

мен судьяларын қызметке тағайындау мен қызметтен 

босату және судьяның орнынан түсуін тоқтату туралы» 

№133  Жарлығына қол қойды. 

8 тамыз

Мемлекет басшысы Ақмола облысында жұмыс са-



парымен болды. 

Президент Зеренді ауданының Пухальское селосы-

на барып, «Щучье қалалық сүт зауыты» ЖШС-ның ірі 

қара  мал  өсірумен  айналысатын  асыл  тұқымды  мал 

шаруашылығында болды. «Зеренді астық» ЖШС-ның 

жем азығы, майлы және дәнді-дақылдар алқаптарын 

қарап шықты, содан соң ауданның ауыл шаруашылығы 

құрылымдарының  жетекшілерімен  және  мамандары-

мен кездесті. 

түстен  кейін  н.Ә.  назарбаев  Еңбекшілдер  ауда-

нына  барып,  ауданның  әкімшілік  орталығы  Степняк 


127

тамыз


қаласындағы «Қаз Гер Құс» ЖШС құс фабрикасының, 

сондай-ақ Мамай селосындағы ірі қара мал өсіретін 

«Kaz Beef Ltd» ЖШС-ның қызметімен танысты. 

9 тамыз


Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  көмекшісі  —  Қауіпсіздік  кеңесінің 

хатшысы  М.М.  тәжинді  қабылдады.  Ол  2011  жылғы 

12  тамызда  Астана  қаласында  өтетін  ҰҚШҰ-ға  мүше 

мемлекеттер  басшыларының  бейресми  кездесуіне 

дайындық барысын баяндады. 

10 тамыз

Мемлекет  басшысы  Украинаның  Президенті 

В.Ф. Януковичпен телефон арқылы сөйлесті.  

Әңгімелесу 

барысында 

тараптар 

сауда-

экономикалық 



ынтымақтастықты 

белсендіру, 

сондай-ақ  Қазақстан  Президентінің  2011  жылғы 

сәуір  айында  Украинаға  барған  сапары  кезінде  қол 

жеткізілген уағдаластықтардың іске асу барысы тура-

лы мәселелерді талқылады.

Мемлекет басшысы «Каспий теңізінің теңіз ортасын 

қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған 

ортаға  трансшекаралық  контексте  әсер  етуді  бағалау 

жөніндегі хаттамаға қол қою туралы» №134, «Каспий 

теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік 

конвенцияға  Мұнаймен  ластануға  әкелетін  тосын 

оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және 

ынтымақтастық  туралы  хаттамаға  қол  қою  туралы» 

№135,  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 

басқару  жүйесін  одан  әрі  жетілдіру  жөніндегі  шара-

лар  туралы»  №136,  «Қазақстан  Республикасы  мен 

Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы 

Қарыз  туралы  келісімге  (ҚАЗСтАт:  Ұлттық  статисти-

ка жүйесін нығайту жөніндегі жоба) қол қою туралы» 

№137 жарлықтарына қол қойды. 

11 тамыз


Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-

сы  Парламенті  Сенатының  төрағасы  Қ.Ә.  Мәмиді 

қабылдады. Ол жоғарғы палатаның заңшығарушылық 

қызметі,  Сенат  сайлауына  дайындық  барысы  және 

алдағы кезеңге жұмыс жоспарлары туралы хабардар 

етті. 


128

тамыз


Сол  күні  Мемлекет  басшысы  ҰҚШҰ  бас  хатшысы 

н.н. Бордюжаны қабылдады. Ол 2011 жылғы 12 та-

мызда Астана қаласында өтетін ҰҚШҰ-ға мүше мемле-

кеттер басшыларының бейресми кездесуіне дайындық 

барысы туралы хабардар етті. 

12 тамыз


Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  өткен 

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми 

кездесуіне қатысты. 

Саммитке  сондай-ақ  Ресей  Федерациясының 

Президенті Д.А. Медведев, Беларусь Республикасының 

Президенті А.Г. Лукашенко, Қырғыз Республикасының 

Президенті  Р.И.  Отынбаева,  Армения  Республика-

сының  Президенті  С.А.  Саргсян  және  тәжікстан 

Республикасының Президенті Э.Ш. Рахмон қатысты. 

Кездесуді  аша  отырып,  Қазақстан  Президенті 

алдағы уақытта американдық әскерлерді Ауғанстаннан 

шығару,  ҰҚШҰ  жауапкершілігі  аумағындағы  табиғи-

техногендік  апаттарға  шаралар  қолдану  және 

халықаралық  лаңкестік  қатерлерінің  едәуір  өсуі, 

есірткі  мен  қару-жарақты  заңсыз  сату  секілді 

шешуді  талап  ететін  бірқатар  мәселелерді  жария 

етті.  Ұйымның  барлық  серіктестері  үшін  ақпараттық 

қауіпсіздік  саласында  көптеген  мәселелер  шешімін 

таппай отыр. 

н.Ә. назарбаев бүгін ғаламда орын алып отырған 

қатерлер  ҰҚШҰ  шеңберінде  өзара  әрекет  ету 

мәселелерін талқылауды талап ететінін атап көрсетті.  

Осы кездесу барысында көшбасшылар қауіпсіздік 

пен  тұрақтылық  үшін  ғаламдық  және  өңірлік 

тәуекелдіктерді,  ҰҚШҰ  жауапкершілігі  аумағындағы 

өңірлік  қауіпсіздіктің,  сондай-ақ  халықаралық  күн 

тәртібіндегі  өзекті  мәселелерді  талқылады,  соның 

ішінде,  Солтүстік  Африка  мен  таяу  Шығыстағы 

жағдайдың  дамуы  да  бар.  Сондай-ақ  Орталық 

Азиядағы  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  саласындағы 

ҰҚШҰ тетіктері талқыланды және Беларусьтің ұйымды 

дамыту бойынша ұсынған бастамаларының орындалу 

барысы қаралды. 

 

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) — 



1992  жылғы  15  мамырдағы  Ұжымдық  қауіпсіздік 

туралы шарт негізінде ТМД-ның бірқатар елдерімен 

2002 жылы құрылған әскери-саяси одақ. Шарт әрбір 5 жыл 

сайын ұзартылып отырады. 



129

тамыз


2006  жылғы  31  желтоқсандағы  жағдай  бойынша  ҰҚШҰ 

мүшелігін Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ре-

сей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері иеленді. 

ҰҚШҰ  органдарына  Ұжымдық  қауіпсіздік  кеңесі  (мемлекет 

басшыларының  деңгейінде),  Сыртқы  істер  министрлерінің 

кеңесі,  Қорғаныс  министрлерінің  кеңесі,  Қауіпсіздік  кеңес 

хатшыларының  комитеті,  Хатшылық,  ҰҚШҰ-ның  біріккен 

штабы. 


2004  жылдың  желтоқсан  айында  ҰҚШҰ  БҰҰ-ның  Бас 

Ассамблеясының жанында байқаушы мәртебесін алды. 

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республика-

сы  мен  Азия  даму  банкі  арасындағы  Қарыз  тура-

лы  келісімге  (Жай  операциялар)  (ОАӨЭЫ  2  көлік 

дәлізі  үшін  Инвестициялық  бағдарлама  (Маңғыстау 

облысындағы  учаскелер)  —  1-жоба)  қол  қою  тура-

лы» №138, «Қазақстан Республикасы Президентінің 

кейбір  жарлықтарына  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізу туралы» №139 жарлықтарына қол қойды. 

15 тамыз

Мемлекет басшысы «Ақорда» астаналық резиден-

циясында  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігінің 

20  жылдығын  мерекелеуге  дайындық  мәселелері 

жөнінде кеңес өткізді. 

Кеңес  жұмысына  Қазақстан  Республикасының 

Премьер-министрі 

К.Қ. 


Мәсімов, 

Президенті 

Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусин, Мемлекеттік хат-

шысы  Қ.Б.  Саудабаев,  Президентінің  көмекшісі  — 

Қауіпсіздік  кеңесінің  хатшысы  М.М.  тәжин, 

Президентінің көмекшісі н.Б. Ермекбаев, «нұр Отан» 

Халықтық-демократиялық  партиясы  төрағасының 

бірінші орынбасары н.З. нығматулин қатысты. 

Премьер-министр  К.Қ.  Мәсімов  пен  Прези-

дент  Әкімшілігінің  Басшысы  А.Е.  Мусин  Президентті 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын 

өткізу жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 

іске асу барысы туралы хабардар етті. 

Кеңес 


барысында 

сондай-ақ 

Конституция 

күнін  өткізуге  дайындық  барысы,  Әзірбайжан 

Республикасының  Душанбе  қаласында  өтетін  тМД 

мемлекеттері  басшылары  кеңесінің  отырысы-

на,  Астраханда  болатын  Қазақстан  мен  Ресейдің 

өңіраралық ынтымақтастығының VIII форумына, БҰҰ 

Бас  Ассамблеясының  сессиясына  және  АҚШ-тың 

нью-Йорк қаласындағы ядролық қауіпсіздік бойынша 



130

тамыз


жоғары  дәрежелі  отырысына  қатысу  мәселелері 

талқыланды. 

Мемлекет басшысы «Көп балалы аналарды «Алтын 

алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау ту-

ралы» №140 Жарлығына қол қойды. 

24 тамыз


Мемлекет  басшысы  «Республикалық  бюджеттің 

атқарылуын  бақылау  жөніндегі  есеп  комитеті  ту-

ралы  ережені  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республи-

касы  Президентінің  2002  жылғы  5  тамыздағы 

№917  Жарлығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  №141, 

«Қазақстан  Республикасы  тұңғыш  Президентінің 

Мемлекеттік  бейбітшілік  және  прогресс  сыйлығының 

мәселелері»  туралы  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  2001  жылғы  28  қыркүйектегі  №691 

Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура-

лы» №142, «Қызылорда облысының көп балалы ана-

ларын «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен 

наградтау туралы» №143 жарлықтарына қол қойды. 

25 тамыз


Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  ресми  сапармен 

келген  Корея  Республикасының  Президенті  Ли  Мен 

Бакпен кездесті. 

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер ба-

рысында тараптар экономикалық ынтымақтастықтың 

мәселелерін  талқылады  және  біздің  елмен  басқа 

саладағы өзара әрекеттестіктің басымды бағыттарын, 

соның  ішінде  мемлекет  басшыларының  алдыңғы 

кездесулерінде  қол  жеткізілген  уағдаластықтардың 

жүзеге 


асырылуын 

қарастырды. 

Екі 

елдің 


көзқарастары  сәйкес  келетін  ғаламдық  және  өңірлік 

мәселелер  қаралды.  Бұл  Корея  түбегіндегі,  Орталық 

Азиядағы  жағдай,  ядролық  қаруды  таратпау  және 

қарусыздандыру,  ғаламдық  қаржы-экономикалық 

дағдарыс  салдарына  төтеп  беру  мәселелері  еді. 

Келіссөздердің  іс  жүзіндегі  қорытындысы  бірқатар 

екіжақты  құжаттарға  қол  қойылуы  болды,  олардың 

қатарында  елдеріміздің  үкіметінің  арасында  Балқаш 

жылу  электр  стансасын  дамыту,  қаржыландыру,  жо-

балау,  құрылысын  салу,  пайдалану  және  техникалық 

қызмет  көрсету  саласындағы  келісім,  Атырау 

облысындағы  газ-химиялық  кешені  құрылысы 

жобасының екінші фазасын қаржыландыру жөніндегі 


131

тамыз


меморандум,  Атырау  облысындағы  газ-химиялық 

кешені  құрылысы  жобасының  екінші  фазасын  іске 

асыру  үшін  бірлескен  кәсіпорын  құру  жөніндегі 

келісім,  сондай-ақ  технологиялық  ынтымақтастық 

бойынша кореялық-қазақстандық орталық құру тура-

лы келісім бар.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан 

Республикасы  Үкіметі  мен  Корея  Республикасы 

Үкіметі  арасында  Балқаш  ЖЭС-ін  дамыту,  қаржы-

ландыру, жобалау, құрылысын салу, пайдалану және 

техникалық  қызмет  көрсету  саласындағы  келісімге; 

Атырау облысындағы газ-химиялық кешені құрылысы 

жобасының екінші фазасын қаржыландыру жөніндегі 

меморандумға;  Атырау  облысындағы  газ-химиялық 

кешені құрылысы жобасының екінші фазасын іске асы-

ру үшін бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі келісімге; 

технологиялық  ынтымақтастық  бойынша  кореялық-

қазақстандық  орталық  құру  туралы  келісімге  қол 

қойылды.

Мемлекет  басшысы  Корея  Республикасының 

Президенті  Ли  Мен  Бакке  «Астана  қаласының 

құрметті азаматы» құрметті атағын табыстау салтана-

тына қатысты.  

Құрметті 

атақ 

Корея 


Республикасының 

Президентіне Астана қаласы мәслихатының шешімімен 

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының 

арасындағы достық қатынасты нығайтуға қосқан зор 

үлесі үшін берілді.

Мемлекет басшысы  «Қазақстан Республикасының 

Қарулы  Күштері,  басқа  да  әскерлері  мен  әскери 

құрылымдары  әскери  қызметшілерінің  әскери  киім 

нысаны  және  айырым  белгілері  туралы»  №144, 

«Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі тура-

лы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының 

В  қосымшасына  түзетуді  қабылдау  туралы»  2011 

жылғы  25  тамыздағы  №145  жарлықтарына  қол 

қойды.


26 тамыз

Мемлекет  басшысы    Қазақстандағы  Орыс  право-

славиелік шіркеуінің Митрополиттік округінің басшы-

сы  Астана  және  Қазақстан  Митрополиті  Александрді 

қабылдады.


132

тамыз


Мемлекет  басшысы  Астана  қаласының  әкімі 

И.н.  тасмағанбетовті  қабылдады.  Ол  қаланың  даму 

динамикасы мен елорданың Қазақстан Республикасы 

тәуелсіздігінің  20  жылдығын  мерекелеуге  дайындық 

барысы жайлы хабардар етті. 

Мемлекет  басшысы  «табиғат»  экологиялық 

одағының төрағасы М.Х. Елеусізовті қабылдады. 

Кездесу  барысында  Қазақстандағы  экологиялық 

жағдайға байланысты мәселелер талқыланды. 

27 тамыз


Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 

Ішкі  істер  министрі  Қ.н.  Қасымовты  қабылдады.  Ол 

полицияны  реформалау  және  ішкі  істер  органдары 

туралы заңнаманы жетілдіру жұмыстарының барысы 

жайлы хабардар етті. 

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 

Бас прокуроры А.Қ. Дауылбаевты қабылдады. 

Кездесу  барысында  Бас  прокурор  еліміздегі 

заңдылық  пен  құқықтық  тәртіптің  жай-күйі,  Прези-

дент тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ 

құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері 

бойынша  қолданыстағы  заңнамаларға  түбегейлі 

өзгерістер енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар 

туралы  хабардар  етті.  Одан  басқа,  А.Қ.  Дауылбаев 

Қазақстанда 2001 жылдың күз мезгілінде алғаш рет 

өтетін  Халықаралық  прокурорлар  қауымдастығының 

VI  өңірлік  конференциясына    әзірлік  барысы  туралы 

баяндады.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет бас-

шысы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету 

жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ азаматтардың, 

шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын, мем-

лекет  пен  қоғамның  мүдделерін  қорғауды  күшейтуін 

тапсырды. 

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «Керуен» 

сауда,  ойын-сауық  орталығында  өткен  қазақстандық 

жаңа  «А»-ға  қайта  оралу»  көркем  фильмінің 

тұсаукесеріне қатысты.



133

тамыз


30 тамыз

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 

Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы ретінде 

Конституция  күніне  орай  «Қазақ  елі»  монументі 

алаңында өткен әскери шеруді қабылдады.

Мерекелік  шараға  қатысушылардың  алдын-

да  сөйлеген  сөзінде,  Президент,  Конституция  мен 

тәуелсіздік қазақстандық әскердің сенімді қорғауында 

екенін,  Қазақстан  Конституция  күніне  орай  әскери 

шеру өткізуді дәстүрге айналдырған әлемдегі жалғыз 

ел екенін ерекше атап өтті.

Әскери  шеруді  жас  барабаншылар  ротасының 

құрамындағы  Кеңес  Одағының  Батыры,  «Халық 

қаһарманы»,  армия  генералы  С.К.  нұрмағамбетов 

атындағы  «Жас  ұлан»  республикалық  мектебінің 

тәрбиеленушілері ашты.

Жаяу  сапта  және  әскери  техникада  Құрлық 

әскерінің,  Әуе  қорғаныс  күштерінің,  Әскери  теңіз 

күштерінің,  Ішкі  әскердің,  Шекара  қызметінің, 

Республикалық  ұланның  және  төтенше  жағдайлар 

министрлігінің  әскери  қызметкерлері  жүріп  өтті. 

Алғаш  рет  салтанатты  шеруде  Құрлық  әскерінің 

мергендері  мен  таулы-атқыш  бригадасының  әскери 

қызметкерлері жүріп өтті. 

Жалпы  алғанда  шеруге  барлық  әскер  түрінің 

жауынгерлік  есептері,  130-дан  астам  қару-жарақ 

пен әскери техника және 60-тан астам әуе техникасы 

қатысты.


Мемлекет басшысы Астана қаласындағы тәуелсіз-

дік сарайында Қазақстан Республикасының Конститу-

циясы  күніне  орай  өткен  салтанатты  концертті  тама-

шалады.


Концертке  КСРО  халық  әртісі  Ә.М.  Дінішев, 

тәттімбет атындағы Қазақ академиялық ұлт аспаптары 

ансамблінің музыканттары, К. Байсейітова атындағы 

Ұлттық  опера  және  балет  театрының  симфониялық 

оркестрі, 

республикалық 

және 

халықаралық 



байқаулардың лауреаттары қатысты.

31 тамыз


Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  жаңадан 

ашылған «Haileybury Astana» халықаралық пансионат-

мектебінде  болып,  онда  оқу  бағдарламасымен  таны-

сты, сыныптарды және қауызы, гимнастикалық залы, 



134

тамыз


футбол  алаңы  мен  теннис  корты  бар  спорт  кешенін 

аралады.


Мектеп  басшылығымен  және  оқытушылармен 

әңгіме  барысында  Президент  балаларға  мемлекеттік 

тілді үйретудің жоғарғы дәрежелі маңыздылығын атап 

өтті. 


 

Британиялық «Haileybury» мектебінің 200 жылдық 

тарихы бар және Еуропаның үздік оқу орындарының 

қатарына кіреді. Мектептің барлығы 7 халықаралық 

филиалы бар, оның 2-еуі Қазақстанда — Астана және Алма-

ты  қалаларында.  Мектептің  оқыту  жоспары  британдық 

бағдарламаға  негізделген,  бірақ  қазақстандық  білім  беру 

стандарттары мен патриоттық тәрбие шарттары ескерілген. 

Мектепте қазақ тілі, әдебиет, Қазақстан тарихы мен геогра-

фиясы оқытылады.  

Мемлекет «Қазақстан Республикасы Бас прокура-

турасының  мемлекеттік  қызметтер  стандарттарын 

бекіту туралы» №146 Жарлығына қол қойды.


қыркүйек

Дс

5



12

19

26



Сс

6

13



20

27

Ср



7

14

21



28

Бс

1



8

15

22



29

Жм

2



9

16

23



30

Сн

3



10

17

24



Жк

4

11



18

25


137

Қыркүйек


1 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-

сы  Парламенті  палаталарының  бірлескен  отырысы-

на қатысып, төртінші шақырылымының V сессиясын 

ашты.

Депутаттар  алдында  сөйлеген  сөзінде  Прези-



дент  Парламенттің  V  сессиясы  Қазақстан  Респу-

бликасы  тәуелсіздігінің  20  жылдығы  қарсаңында 

жұмысына  кіріскелі  отырғанын  атап  өтті.  Біздің 

барлық  жетістіктеріміз  еңбектенуді  көп  қажет  ететін 

заң  шығарушылық  жұмысынсыз  мүмкін  болмас  еді. 

Елбасы  мемлекеттің  дамуына  үлес  қосқаны  үшін 

депутаттарға ризашылығын білдірді.

Қазақстан дамуының ағымдағы және стратегиялық 

жоспарларын ескере отырып, н.Ә. назарбаев бесінші 

сессия  барысында  Парламент  алдында  тұрған  заң 

шығарушылық міндеттің 4 блогын атап көрсетті.

Міндеттің  бірінші  блогы  —  бұл  инновациялық 

үдерісті,  әсіресе,  басым  салаларды  ынталандыратын 

заңнамалық норма. Бұл үшін тәуекелдерді төмендету 

бөлігіндегі банктік қызмет пен қаржы ұйымдарын рет-

теу туралы, «Халықтық IPO» бағдарламасын іске қосу 

үшін  құқықтық  базаны  құру  туралы  «Индустриялық-

инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдау  тура-

лы», «Энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арт-

тыру  туралы»  заңдардың  жобаларын  қарау  қажет. 

Бұдан басқа, мемлекеттік органдар тарапынан тіркеу 

сәтінен бастап 3 жыл мерзімге дейін бизнестің жаңа 

субъектілеріне  арналған  жоспарлы  тексерістер 

жүргізуге  заңнамалық  тыйым  салуды  қабылдаған 

жөн.  2012–2014  жылдарға  арналған  үшжылдық 

бюджетті қалыптастыруға дәйекті түрде, ойланып бару 

қажет.

Екінші  блок  —  бұл  әлеуметтік  жаңғырту  үдерісін 



заңнамалық  қамтамасыз  ету.  «Білім  туралы»  Заңға 

толықтыру  мен  өзгеріс  енгізу  және  интеллектуалдық 

меншіктік нарықты дамыту үшін заңнамалық базаны 

құру, Еңбек кодексін жаңғырту қажет.

Үшінші  блок  —  құқық  қорғау  органдары  мен  сот 

төрелігі  жүйесін  реформалауды  заңнамалық  негізде 

кеңейту. Ұйымдасқан қылмыспен күрес саласындағы 

қылмыстық 

және 

қылмыстық-процессуалдық 



заңнаманы  жетілдіру,  сот  жүйесін  нығайту, 

жемқорлықпен  күрестің  тиімділігін  арттыру  туралы 

бірқатар заң жобаларын қарау керек. Сондай-ақ Пар-

ламент алдында «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңның 



138

Қыркүйек


жаңа редакциясын және «Арнаулы мемлекеттік орган-

дар туралы» заң жобасын талқылап, қабылдау міндеті 

тұр.

төртінші блок — отандық БАҚ пен ҮЕҰ дамыту. Осы 



бағытта «телерадиохабарларын тарату туралы», «Діни 

қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңдар жоба-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет