Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар»
ғылыми-әмбебап кітапханасы
Ақпараттық-библиографиялық бөлім
Ұлықбек Есдәулетов - 60 жаста
/
Биобиблиографиялық көрсеткіш/
ШЫМКЕНТ -2014ж.
Құрастырушыдан
Оңтүстік Қазақстан облысының «Отырар» ғылыми-әмбебап
кітапханасы
аса
көрнекті
ақын,оқырман
жүрегінен
шыншылдығымен,
шымырлығымен
орын
тапқан
Ұлықбек
Есдәулеттің
өмірі
мен
шығармашылығына
арналған
биобиблиографиялық көрсеткіш ұсынады.
Биобиблиогрфиялық көрсеткішке Ұлықбек Есдәулеттің өмірі
мен шығармашық жолы жарыққа шыққан кітаптары мен мерзімді
басылым беттеріндегі мақалалары туралы мағлұматтар, жазушы
туралы жазылған естеліктер еніп отыр.
Биобиблиогрфиялық көрсеткішті құрастыруда кітап, газет-
журнал мақалалары интернет сайттары пайдаланылды.
Биобиблиогрфиялық
көрсеткіш
ғалымдарға
ізденушілерге,
студенттерге,кітапханашыларға
және
көпшілік
оқырманға
арналады.
Өмірдерек
Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет - 1954 жылы 29 сәуірде Шығыс
Қазақстан облысы, Зайсан ауданы,Үлкен қаратал ауылында туған.
Әкесі - Есдәулетов Оразбай (1921-1998), ҰОС ардагері, еңбек
ардагері, орта мектептің химик-биологы болған.Анасы - Салықбаева
Роза Сейітжанқызы (1929 жылы туған ), зейнеткер, филолог-тіл
маманы. 1977 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
университетінің журналистика факультетін тамамдаған. 1982 жылы
КСРО Жазушылар одағы және Қазақстан Жазушылар одағының
мүшелігіне қабылданған. 1985 жылы М.Горький атындағы Әдебиет
институтының Жоғары әдеби курстарын (Мәскеу) бітірген.Бұдан
кейін Қазақстантелеарнасының жастар редакциясында «Жазушы»
баспасының сын редакциясында редактор, «Қазақ әдебиеті»газетінде
сын бөлімінің қызметкері, 1988-1991 жж. Қазақстан Жазушылар
одағының басқармасының хатшысы, 1991-1993 жж. «Жас қазақ»
газатінің Бас редакторы,1993-1997 жж. ҚР Сыртқы істер
министрлігінің ЮНЕСКО істері және мәдени байланыстар
басқармасында, 1997-2001жж. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігінің Тілдерді дамыту департаментінде бөлімдер
басқарған. 2001 жылдың басынан бері ҚР Үкіметінің әлеуметтік-
мәдени дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі. 2002-2008 жж. «Қазақ
әдебиеті» газетінің Бас редакторы, 2008 жылдан бері «Жұлдыз»
журналының Бас редакторы. Қазақстанның Жазушылар одағы
басқармасының хатшысы.
«Көздеріңе ғашықпын» (1974 ж), «Жұлдыз жарығы» (1977 ж.),
«Алтайдың алтын тамыры (1979 ж), «Ұлыстың ұлы күні» (1982 ж),
«Ақ керуен» (1985 ж), «Перевалы Алтая» орыс тілінде (1988 ж),
«Жаратылыс» (1989 ж), «Жүректегі жарылыстар» (бір томдық
таңдамалы шығармалар, 1995 ж), «Заман-ай» (1999 ж), «Киіз кітап»
(2001 ж), «Ахиллесово пята» (бір томдық, орыс тілінде 2002 ж),
«Заман-ай» кітабы араб транскрипциясымен Қытайда 2005 жылы,
«Қара пима» (балалар кітабы 2006 ж), 2 томдық таңдамалы
шығармалары (1 том «Алтынтамыр», 2 том «Киіз кітап» 2006 ж),
Көптомдық шығармалар жинағының 5 томы 2006 жылы, «Ынтық
зар» атты лирика кітабы 2009 жылы жарыққа шыққан, ал «Әбілхаят»
атты естеліктер мен эсселер кітабы 2010 жылы жарық көрген.
Бірқатар өлеңдеріне сазгерлер ән жазды. «Заман-ай» өлеңі
халықаралық
антиядорлық
қозғалыстың
гиміне
айналған.
Республикалық жабық конкурстың жүлдегері, «Қара пима» поэмасы
бойынша көркем фильм түсірілген.Өлеңдері көптеген халықтар
тілінде аударылған.
Ұ. Есдәулет аударма саласында да өнімді еңбек етіп жүр.Ол
үнді, түрік,фин,африка,араб,украин,әзербайжан,қырғыз, маңғол,абхаз
ақындарының жырларын, М.Лермонтов, А.Блок, Н.Рубцов,
шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.
Қазақстан Журналистер академиясының толық мүше-академигі,
Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі. (2004),
М.Әуезов атындағыСемей университетінің құрметті профессоры
(2007), Еуразия әдеби журналдары Конгерсінің тұрақты кеңесінің
мүшесі (2008).
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Құрмет»
орденімен (2001), Ресейдің Есенин алтын медалімен (2007), Қазақстан
Журналистер академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен (2007)
марапатталған.
Есдәулетов Ұлықбек шығармалары :
•
Есдәулет Ұ. Шығармалары. Т. 1: Киіз кітап: өлеңдер. - Астана:
Фолиант, 2011. - 296 б.
•
Есдәулет, Ұлықбек. Әбілхаят.: эсселер, естеліктер, жолжазбалар
мен еркін баяндаулар/Ұ. Есдәулет. - Астана: Астана полиграфия,
2010. -
318 б.
•
Есдәулет, Ұ. Ынтық зар./Ұ. Есдәулет. - Алматы: Атамұра. -2009.
-368. -
б. 11.
•
Есдәулет Ұ. Көп томдық шығармалар жинағы . Бірінші том :
Киіз кітап. - Алматы : Қазығұрт, 2006. - 408 б.
•
Есдәулет Ұ. Көп томдық шығармалар жинағы. Екінші том :
Өлеңдер мен поэмалар. - Алматы : Қазығұрт, 2006. - 304 б.
•
Есдәулет Ұ. Көп томдық шығармалар жинағы . Үшінші том :
Өлеңдер. - Алматы : Қазығұрт, 2006. - 304 б.
•
Есдәулет Ұ. Көп томдық шығармалар жинағы . Төртінші том :
Аудармалар. Өлеңдер. - Алматы : Қазығұрт, 2006. - 496 б.
•
Есдәулет Ұ. Көп томдық шығармалар жинағы . Бесінші том :
Публицистика. - Алматы : Қазығұрт, 2006. - 320 б.
•
Есдәулет Ұ. Таңдамалы шығармалар / Есдәулет Ұ. - Алматы :
Жазушы,2006.-392.б.
•
Есдәулет Ұ. Қара пима / Есдәулет Ұ. - Алматы : Қазақпарат,
2006.-125.
б.
•
Есдәулет Ұ. Киіз кітап : ел мен жер жырлары / Есдәулет Ұ. -
Астана : Елорда, 2000. - 384 б.
•
Есдәулет Ұ. Заман-ай... : Ел мен жер жырлары / Есдәулет Ұ. -
Астана : Б.ж., 1999. - 88 б.
•
Есдәулет Ұ. Жүректегі жарылыстар : Өлеңдер мен поэмалар /
Есдәулет Ұ. - Алматы : Жазушы, 1995. - 304 б.
•
Есдәулетов Ұ. Жаратылыс : өлеңдер мен поэмалар / Есдәулетов
Ұ.
-
Алматы
:
Жазушы,
1989.
-
128
б.
Есдәулетов Ұ. Ақ керуен : [Өлеңдер мен поэмалар] / Ұ. Есдәулетов. -
Алматы : Жазушы, 1985. - 136 б. с
•
Есдәулетов Ұ. Ұлыстың ұлы күні : жыр кітабы / Есдәулетов Ұ. -
Алматы : Жазушы, 1982. - 118 б.
•
Есдәулет Ұ. Алтайдың алтын тамыры : лирика / Есдәулет Ұ. -
Алматы : Жазушы, 1979. - 160 б.
•
Есдәулетов Ұ. Жұлдыз жарығы: Лирика / Есдәулетов Ұ. -
Алматы : Жазушы, 1977. - 66 б.
Есдәулетов Ұлықбек туралы:
•
Жылысова М. Есдәулетовтің жыр жинақтарындағы ой мен сезім
көрінісі [Мәтін]: сборник докладов международной студенческой
научно-практической конференции / Жылысова М. // Студенческое
научное творчество: теория, практика, технологии (14-15 марта 2008
г.). - Усть-Каменогорск, 2008. - 24. - С.
•
Тоқпатаев Е. Ұлықбек Есдәулетов шығармаларындағы
азаматтық лирика [Мәтін] / Тоқпатаев Е., Мырзағалиева К. М. //
Чистяковские чтения: материалы регионального семинара (14 апреля
2007 года) Министерство образования и науки Республики Казахстан,
Казахстанско-Американский свободный университет. - Усть-
Каменогорск, 2007. - 156. - С. 156
•
Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені=Кто есть
Кто=Who is Who 2004-2006 [Текст]: анықтамалық. Т. 2, 2006. - 996 с.
•
Қайырбеков Ә. Саға [Мәтін]: Эссе, әдеби сын-зерттеу, ой-толғам
/ Қайырбеков Ә. - Астана: Фолиант, 2003. - 296 б.
Уақыт және қаламгер [Мәтін]: Әдеби сын: 12-ші кітап. - Алматы:
Жазушы, 1986. - 263 б.
Мерзімді басылым беттерінен:
•
Есдәулет, Ұлықбек. Қасым Қайсеновтың қасында [Мәтін]:
[Естеліктен үзінділер] / Ұ. Есдәулет // Дидар. - 2013. - 26 сәуір. - б.12-
13.
•
Есдәулет Ұ. Астана туралы ән [Текст]: өлең / Есдәулет Ұ. //
Түркістан. - 2012. - 5 шілде (№ 27). – 10
•
Есдәулет, Ұлықбек. Сырнай сазды Сырбай ақын [Мәтін] / Ұ.
Есдәулет // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 21 қыркүйек. - Б.6.
•
Есдәулет Ұ. Фердауси жерленген Тус қаласы бұл күнде "Жыр
меккесі" аталады [Текст] / Есдәулет Ұ. // Аңыз адам. - 2012. - № 11. -
С. 32-33 б.
•
Есдәулет Ұ. Арбаттағы ару [Текст]: өлең / Есдәулет Ұ.//Жұлдыз.
- 2012. -
№ 3. - С. 24 б.
•
Есдәулет, Ұлықбек. Ұлытауға іні тау [Мәтін] / Ұ. Есдәулет //
Егемен Қазақстан. - 2011. - 11 ақпан. - Б.7.
•
Есдәулетов, Ұлықбек. Өлеңді мен айтамын төтесінен... [Мәтін]:
[Ақын Шәкір Әбенов туралы]/Ұ. Есдәулетов//Дидар. - 2011. - 6 сәуір.
-
Б.5.
•
Есдәулет, Ұлықбек. Аманжол құдығы [Мәтін]: өлең / Ұ.
Есдәулет // Егемен Қазақстан. - 2011. - 13 қыркүйек. - Б.6.
•
Доржпалам С. Өтті бастан небір күн [Мәтін] / С. Доржпалам;
ауд. Ұ. Есдәулет (Введено оглавление) // Әлем әдебиеті. - 2011. - №2.-
Б.82-89.
•
Дожоогийн, Ц. Жүрегі жұмсақ жер ғана [Мәтін]: өлеңдер / Ц.
Дожоогийн; ауд. Ұ. Есдәулет (Введено оглавление) // Әлем әдебиеті. -
2011. -
№2.- Б.90-116.
•
Тарва, Д. Ұйып жаным қалғыма тек [Мәтін]: өлеңдер / Д. Тарва;
ауд. Ұ. Есдәулет (Введено оглавление) // Әлем әдебиеті. - 2011. - №2.-
Б.117-119.
•
Есдәулет Ұ. Аманжол құдығы [Мәтін]: өлең / Есдәулет Ұ. //
Егемен Қазақстан. - 2011. - 13 қыркүйек (№ 431/432). - 6
•
Есдәулет Ұ. Рүстемнама [Мәтін] / Ұ. Есдәулет // Қазақ әдебиеті.
- 2011 -
25 қараша. - Б. 8.
•
Есдәулет, Ұлықбек. Ол кезде Абайды Өскеменнің көшесінен
көру арман болатын [Мәтін] / Ұ. Есдәулет; әңгімелеск. Азамат Қасым
// Дидар. - 2009. - 21 қазан. - Б.5.
•
Есдәулет Ұ. Замандас [Текст]: өлең / Есдәулет Ұ. // Жұлдыз. -
2009. -
№ 12. - С. 3 б.
•
Блок А. Өлім биі [Текст]: өлең / Блок А. // Жұлдыз. - 2009. - №
10. -
С. 125-127 б.
•
Есдәулет Ұ. Перғауындар, пирамидалар, папирустар елінде
[Мәтін] / Есдәулет Ұ. // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 8 сәуір. - Б.10
•
Есдәулет Ұ. Ұлт санасын оятқан үн [Мәтін] / Есдәулет Ұ. //
Егемен Қазақстан. - 2004. - 24 желтоқсан. - Б.8
•
Есдәулет Ұ. Бейбарыс [Текст]: Либретто / Есдәулет Ұ. // Жалын.
- 2004. -
№ 5. - С. 35-40 б.
•
Есдәулет Ұ. Бейнелеу өнерінің бірегей биігі [Мәтін] / Есдәулет
Ұ. // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 6 тамыз. - Б.4
•
Есдәулет Ұ. Ыстықкөлдің өлі маусымына жан бітірген жүздесу
[Мәтін] / Есдәулет Ұ. // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 20 қыркүйек. - Б.6
•
Есдәулет Ұ. Бабыр, Тәж-Махал және... Оралхан Бөкей [Мәтін] /
Есдәулет Ұ. // Қазақ әдебиеті. - 2001. - №26 қазан (N43). -Б.8
•
Есдәулет Ұ. Қазақия [Текст]: Өлең / Есдәулет Ұ. // Жұлдыз. -
2001.-
№12.- С.4б.
•
Есдәулет Ұ. Жер шарының Айманы [Мәтін] / Есдәулет Ұ. //
Қазақ әдебиеті. - 2000. - 1 желтоқсан. - Б.9
•
Есдәулет Ұ. Жабылған полигондағы жарылыс [Мәтін] / Есдәулет
Ұ. // Егемен Қазақстан. - 1999. – 2 қыркүйек. - Б.
•
Есдәулет Ұ. Армысың атамекенім. [Мәтін]: [Өлеңдер
топтамасынан] / Есдәулет Ұ. // Дидар. - 1999. - 4 қыркүйек. - Б.
•
Есдәулет Ұ. Зайсан да көмекке зәру [Мәтін] / Есдәулет Ұ.,
Мәукенұлы Н. // Егемен Қазақстан. - 1997. - 20 желтоқсан. - Б.5
•
Есдәулет Ұ. Киіз кітап керегесі [Мәтін]: [Өлеңдер] / Есдәулет Ұ.
// Қазақ әдебиеті. - 1994. - №27 мамыр. - Б.5
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАРТҚАН АҚЫН
Поэзия ақылдан гөрі, сезімнің
жемісі. Әуелі ақын жанының
сілкінісінен туындайтын біртүрлі
түйсік. Оның да арғы тегі сезіну
болса да, оны жоқтан бар ғып айта
алуда тұр. Сондықтан объективтен
гөрі субъективке етене туыс. Ол
кейде
өз-өзіне
келе
алмай
ширыққан жанның элегиясы боп
жария болғанда, арзан ақылға жуымай, сел сезімге айналып
жүрекке жол табады. Ұлықбектің де: «Ақындардың ақылы
басында емес, ақындардың ақылы жүрегінде» дегені де осыны
меңзейді. Бұны да қабылдайтын сана, сезінетін жүрек керек.
Мұқағалидың: «Өмірде ақындардың бәрі жалғыз…» деуі де бекер
емес. Осынау жалғыздықты жаны шыңырау, жүрегі ояу, көзі
көреген жандар ғана үнсіз түсінеді.
Қолымда қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулетовтың
«Заман-ай» атты кітабы тұр. Ұмытпасам, 2005 жылы 6 тамызда жас
ақын Нұрдықан Айдарқанұлына қолтаңба қалдырып, ұсынған кітап.
Ұлықбек ақынның поэзиясын жаттап өскен Нұрдықанның мың бір
таралыммен Қытай елінде өзі бастырған кітабы болғандықтан,
қолтаңба қалдыруының да жөні бар. «Бәрекелді! Ұлықбек үшін емес,
қазақ поэзиясы үшін ерлік істедің», – деп кітапты қуана
қабылдағаным да есіме түсіп отыр. Үйткені, өзімнің де сүйіп оқитын,
әуелі «Жеменей өзені» өлеңі арқылы өзіне қызыға қараған Ұлықбек
ақыным кітап болып алдыма келсе неге қуанбаспын! Содан бері
«Заман-айды» қанша оқығаным есімде жоқ. Әуелі Ұлықбек өлеңдерін
«Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» сынды үлкен басылымдардан да
құрғатпай оқығаным, «Киіз кітабын», «Жүректегі жарылыстарын»
арнаулы парақтағаным өз алдына бөлек әңгіме. Мұншалық ынтызар
болардай Ұлықбекте не сыр бар деп ойлаушылар да шығуы мүмкін.
Оны да өзім дәп басып айта алмаймын. Әйтеуір Ұлықбекке аңсарым
ауады да тұрады. Бәрі де поэзияға деген ынтызарлықтың әсері болар.
Бірақ бұл жәй әсер емес, селт етіп оянудан, таңғалудан туған ұлан-
асыр әсер еді. Бұл әсерді «Заман-айдан» бұрын маған Ұлықбектің
«Жеменей өзені» өлеңі сыйлады. Шыны керек, ара-тұра поэзия
туралы шолу мақалалардан атын кезіктіргенім болмаса, бұрын
Ұлықбекті мүлде білмейтінім де рас еді. Содан 1980 жылдардың
соңын ала «Жұлдыз» журналында жарияланған бір топ өлеңімен
қауыша кеттім. Ақынның даусы бөлек, өзіне тартып барады, өлең-
дерді бастан-аяқ қойын дәптеріме көшірдім. Ақын өлеңдерін бір-
бірінен кеміте алмайсың десе де, «Жеменей өзенінің» орны бөлектей
көрінді. Ізін суытпай ақын Құмарбек Сахаринге апарып оқып бердім.
Талғампаз Құмарбекке Ұлықбек те ұнай кетті. «Жеменей өзені»
мықты өлең», – деді. Осы жолы өз өлеңім мақталғандай марқайып
қайттым. Мен де өлең таниды екем деп марсиып келем. Осыдан
бастап, «Жеменей өзені» жатқа айтылатын болды. Шағын дастархан,
той-мерекелері дейсің бе, қаламдастар ара бас қосу дейсің бе,
оқушыларға дәріс сөйлеу дейсің бе, қойшы әйтеуір, «Жеменей
өзенінің» базары болды да кетті. Бәрі де өлеңнің құдыреті болса
керек, оны жаттаушылар да, қайталап сұраныспен тыңдаушылар да
молыға берді. Сол тұста Керім Елемесұлы, Сәулет Тоқытбаев, Серік
Нұғыманов сынды талантты ақындар да «жақсы өлең» деп
тамсанғаны әлі есімде. «Жеменей өзенін» қызу талқылап, қызыл
кеңірдек болған «Ортекеске» сапардың да елесі ойдан шыға қойған
жоқ. Соны кейін қайта жаңғыртып, «Қазақ әдебиетінде» «Биік мұрат
жолында» (1994 жыл, №44) деген атпен әсерлі мақала жазған бүгінгі
Құл-Керім Елемеске де мың алғыс дейсің. Осылайша «Жеменей
өзенінен» басталған әсер Ұлықбек ақынға аңсарымды аудара берді.
Содан бастап Ұлықбекті іздеп оқитын болдым. Осы арада «Заман-ай-
ға» тоқталудың алдында «Жеменей өзені» туралы бірер сөз айту
керектей көрінеді. Мені Ұлықбек ақынға жақындастырған аты шулы
«Жеменей өзені» тегі қандай өлең?! Оқырман алдында өлеңді үтір,
нүктесін қалдырмай оқып шығайын:
Тисе де таудың тасына басың,
Жеменей, неге тасып ағасың?
Біз ашулансақ басыламыз ғой,
Сен осы қашан басыла аласың?
Сұмдарға жақпас сөзіне орай,
Соққы жеп елдің езінен Абай,
Сонау бір жылы жол тартқан еді,
Зайсанға қарай – өзіңе қарай…
Наданға налып – Сөзін ұқпаған,
Бишікештерден безініп бабам,
Атының басын Зайсанға бұрып,
Мұң шақпақ болды кезігіп саған.
Жібермей жылап, Жанкешті халық,
Алдынан шығып жол кесті барып…
Абайды күтіп, Келер деп бір күн,
Жатырсың ба әлі дөңбекшіп ағып?
Абайдың мұңын – даламның мұңын,
Абайдың жырын – ғаламның жырын.
Мен оқып берсем қайтеді саған,
Жаңғыртып тұрып жағаңды бүгін?
Жеменейім-ау, Жебедей жүйрік,
Өтсе де ғасыр кемедей құйғып,
Абаймен сені табыстырар ем,
Қолымда болса зәредей билік.
Сұмдармен әлі бітпеген егес,
Ел мұңын ешкім жүктеме демес.
Сен танымаған тыныштық, тыным,
Маған да бүгін түк керек емес.
Көріп отырсыздар, аядай жеті шумақ өлеңнің астарында ұлан-
асыр ой, шыңырау сыр жатыр. Ақын Жеменей өзенімен сырласады,
басын таудың тастарына ұрып, асып та тасып жатқан Жеменей неге
ашулы екен? Ақын қаратпа сұрау қойып: «Біз ашулансақ басыламыз
ғой, сен осы қашан басыласың?» дейді. Расында, қанша ашуланып,
қанша тулағанымыз есімізде жоқ. Әйтеу, бара-бара «сап-сап көңіл…»
деп сабамызға түспеуші ме едік! Бірақ Ұлықбектің Жеменей өзені ба-
сылар емес, басылуды қойып, өкпесі қара қазандай екен. Бақсақ,
Абайдың мұңын арқалап, арнасына симай жатқан Жеменей жер
текпілемей қайтеді? Бір кезде «сұмдармен алысып, езінен соққы жеп»
жалғыз қалған Абай жалғыздық мұңын Зайсан мен Жеменейге шер
ғып төкпек болған екен…
Дүниеде Абайдың мұңындай ащы, ауыр мұң жоқ. Сол ауыр
мұңнан көз аша алмаған Жеменей әлі күнге Абайды күтіп, дөңбекшіп
ағып жатқан жайы бар. Ақын өзенге сабыр тілейді, басу айтады, бірақ
оны тыңдар Жеменей жоқ.
Өнер адамының жасампаздығымен бірге өріліп жатқан
қымбатты өмірбаян да кейде ақынды тереңдеп танудың даңғыл
жолына салары да шындық. Ақын Иосиф Бродский: «Ақынның
өмірін оның өмірбаянынан емес, өлең жолдарынан іздеу керек», –
дейді екен. Осы мәннен алғанда, Ұлықбек бізге ақ боранды Алтай-
дың, қасиетті Қара Ертістің, заңғар Зайсанның, ашулы Жеменейдің
көркем көрінісін, табиғи мінезін, ондағы қараша ауылдың қалпын,
момақан балалықты қанша жырдың өзегіне айналдырып жырлағаны
көз алдымызда тұр. Бір кезде Құл-Керім Елемес «Биік мұрат
жолында» деген мақаласында «жалпы, Ұлықбек – төрт құбыласы
түгел, туған тауы – өр Алтайдай асқақ ақын» деп бағалапты. Ақын-
ның «Киіз кітабына» алғысөз жазған сөз зерегі Әбіш Кекілбайдың:
«Ақынды шындап түсінгің келсе, туған жерін барып көр» – деген
ойын да мәнмен түсінгіміз келеді. Расында, Ұлықбек жырларының
өзегі кіндік қаны тамған киелі топырағында жатыр, өмір мен өнердің
терең тамырластығы болатынын мойындауымыз керек. Көбінде ақын
мінезі туған топырағына тартып туады. Бұл – бояусыз шындық.
Айталық, Мағжанның Сасық көлі, Ілиястің Ақсуы, Мұқағалидың
Қарасазы, Төлегеннің Әмудариясы, Сабырханның Қызылқұмы,
Оралханның Бұқтырмасы, Кеңшіліктің Торғайы қандай киелі болса,
Ұлықбектің де Зайсаны мен Жеменейі, Қараталы сондай қымбат.
Әркімнің туған жері Мысыр шәрі десек те, сол киелі топырақты өз
жырының өзегіне айналдырып, жыр тұғыры – алтын қазыққа жез
бұйдасын мықтап байлау да шебер ақындардың еншісіндегі шаруа.
Сол сияқты Ұлықбектің де алтын қазығы – өзі туып-өскен мекеннің
болмыс-бітімі мен сыр-сипатынан бастау алып жатады. Бұның өзі
жыр жолдарында өзгеше орынмен түседі.
Алтайдың ақ бораны,
Толастап тоқтамады.
Шынымен бұл шіркінге,
Адамның жоқ па амалы?!
Қара Ертіс, саған қайранмын,
Қайырылып артқа қарамай,
Қамығып келіп қарадай,
Қаймығу білмес баладай.
Қойып бір кеттің Зайсанға
Қоңырқай тартқан қоладай.
(«Заман-ай», 35-бет).
Міне, осындай киелі Алтайдың бұрқақ бораны, ақ күміс қасат
қары, ақ шұнақ аязы, қаһарлы Қара Ертістің толқыны өз табиғатымен,
өз мінезімен кескінделсе, кейде сол киелі Алтайдың көгілдір көктемі,
жаймашуақ жазы, салкүрең күзі де әсемдігімен көз тартады. Табиғат
сұлулығын сызуға деген құштарлығы да өлшеусіз, шеберлігі де
шексіз.
Боз қырау күзде бөз-орман,
Базары тарқап бозарған.
Бұл шақта аспан атынан,
Бұлағай бұлттар сөз алған.
Тоңазиды әлем тоң майдай,
Қабағында бір тоң бардай.
Жас талдар жалқау сілкінер,
Жауында қалған торғайдай.
Көк айыл бұлттар күркірер,
Кеудесі қайнап күрсінер,
Көңіліңнің құртын қозғаса,
Қытықтап өтіп түлкі жел.
Мынау сүреңсіз күздің марқау кейпі көз алдыға дәл келіп тұр.
Табиғат суретін шебер өрнектейтін, образбен сөйлеп, образбен ой
суыртпақтайтын бір ерекшелік Ұлықбекте едәуір ширап жетілгені
анық. Бірақ ақының табиғаттың көркем көрінісін, сұлулығын жай
қызықтаудан гөрі, оны жан әлемінің тартысымен көрсетуге
бейімділігі басым.
Сыншы Аманкелді Кеңшілікұлының «Ұлықбек Есдәулетовтың
«Киіз кітап» атты жыр жинағындағы өлеңдерінің сұлулығы, ең
алдымен, оның жан әлемінің табиғатымен байланысты» («Қазақты
сүю», «Өнер» баспасы, 2008 жыл, 122-бет) деген пікірі едәуір таразы
басын басады. Расында, ақын қандай тақырыпты жырласа да ішкі жан
әлемінің тартысымен көрсетуге әуес. Ішкі ширығысты, ішкі жан
уайымды ширатып беруге шебер.
Өртеніп өзек ашиды-ай,
Жуады жасың бетіңді.
Күзгі жапырақ жасындай,
Ғұмырың қалған секілді…
(41-
бет)
Мынау «жалаңаш қалған жарлы бақ» қаралы күй кешкен,
«қайыңдар шашын жайып сап, жапырағын жоқтап тұрғандай» сү-
реңсіз мезгілдің жабырқау шағы. Табиғатқа ілесіп, адамның жаны
бірге жылайды. Ойланасың… Алғы күнде не істеу керектігі жөнінде
бағамдайсың.
Ым менен жым жең ұшынан жалғасқан,
Сұм дүние бір-бірімен арбасқан.
Көсемдердің қабақтарын қар басқан,
Шешендердің шудаларын шаң басқан.
Құсы құлап қаңырап бір қалды аспан!
Ақындардың жүрегінен қан қашқан,
Пақырлардың қалтыраған қолдары,
Жаратқанның жағасына жармасқан.
(«Заман-ай», 82-бет).
Не дейсің бұған, кейде Ұлықбектің де мұңы бас айналдырады.
Осы жағынан мұңшыл Мұқағалиға етене жақын. Бірақ оның мұңы
сыртқа бұрқырап көзге оңайдан көрінбейді. Ішкі ширығысында, жү-
ректің түкпірінде жатыр, бірде мұңшыл болып елестейді. Осыған
әкеп жоғарыда айтқан ойшыл ақын, тапқыр ақын деген бағамызды
қоссақ, Ұлықбек ақынның табиғаты тұлғалана береді. «Қалада – тә-
нім, ауылда – жаным, жүрегім, жырым, арманым – дала» деген
Ұлықбек ақынның құбыланамасы бізге де адаспаудың бағдарын
сілтейді.
Мақаламыздың басында «Жеменей өзені» өлеңіне бекер
үңілгеміз жоқ. Ақынның бар шеберлігі осындай ойлы жырлардан
байқалатынын меңзеу еді. Ұлықбек өзі де алғашқы жырларынан-ақ
жаңаша сөйлеуге ұмтылған ақын. Алакеуім кешкі далада арба үстінде
айнала табиғатқа қызыға қарап келе жатқан қиялшыл немересіне
атасы былай дейді:
Батысқа, балам, қызықпа,
Батқан күн – біздің күніміз.
Көкжиек деген сызыққа,
Сіңгенше ғана тіріміз.
Уақыт зулап улы оқтай,
Уатып өтер төзімді.
Сондықтан, балам, күн батпай,
Айтып қал айтар сөзіңді.
(«Заман-ай», 1-бет).
Жан езетін, жүректі солқ еткізер ащы сөз, үнсіз ойланасың.
Атаның мұңлы көкірегі қарс айырылып тұр. Демі дірілдеп, көкірегі
деміккен қарттың батқан күнмен бірге көзі қарауытып барады. Бала
да ойлана бастағандай, әуелі біз де ойлана бастадық.
Қарашығында мұң тұрды,
Аядым қартты құнысқан.
Қайырылып артқа күрсінді,
Таң іздегендей шығыстан.
Шал азабы – жан азабы екен. «Күн- батысты қараңғылық
қаптаған», «Күн-шығыстан таң келеді – мен келем» – демеуші ме еді
Мағжан ақын. Мағжан аңсаған күншығысты Ұлықбек те
шырамытады. Ұлы ақынның қоламта ойларына алыстан сарын
қосады. Ұлықбектің алғашқы жырлау жүйесі, міне, осындай жаңаша
ойлаудан бастау алған.
Мұндай тосын ой айту Ұлықбектің «Бұрышқа тұр», «Қасқыр
мінез», «Ескерткіш жуған әйел», «Жүрегімді ауырттың» қатарлы
өлеңдерінен де сыр береді. «Бұрышқа тұр» да тентек ұлдың әредік
еркелігін көтере алмаған әке, оны үнемі бұрышқа тұрғызып қойып,
жазалап жатады. Бүгін де: «Тұр бұрышқа!» – деп ақырып тұр. Жаза-
ланған тентектің ойы сан-саққа жүгіреді. «Тусам егер үй-күйсіз
жабайы боп…», «мен өскенде бұрышсыз үй тұрғызам» – деуі де
бұрышты жек көруі, бұрышқа кектенуі еді. Ақын сол тентекті аяды
ма, бері қайыр ойларға белшесінен батты ма?
Ендігі ойды былай қорытады:
Сол тентекке жанымның хошы келген,
Еркелігін мен болсам кешірер ме ем?
Шіркін, оның бабасы бақытты ғой,
Бұрышы жоқ үйлерде өсіп-өнген.
(«Заман-ай», 83-бет).
Оқырманды ойға қалдыру осыдан артық болмас. Ақынның
күтпеген жерден ой тауып, жүректі шым еткізетін шеберлігі осылай
толқын атады. «Қасқыр мінезі» – қасарма ерліктің жыры. Етек- жеңі
жинақы осы жырда Ұлықбек өзінің ақындық мінезін айқын
байқатқан.
Қақпанға түскен қасқыр қапы қалып,
Шайнады өз аяғын жатып алып.
Кеудесін қара түннің күйдіреді,
Күйінген көздерінің оты жанып.
Қасарған қақпанды да қауып көріп,
Ырылдап, қанды езуден ағып көбік.
Ызадан қалш-қалш етіп тың тыңдайды,
Қайырымсыз қара түннен қауіптеніп…
(«Жүректегі жарылыстар», 232-бет).
Ызадан жарылардай болып жанталасқан қанды ауыз қасқырдың
мүшкіл халі осы. Өлімге мойынсұнғысы келмейді. «Қанжардай
азулары қарш-қарш етіп, қайрансыз қайран арлан жанталасып»
жатыр. «Қасқырлық намысымен жан ұшырады». Бар ойы ажалдан
құтылу, ертеңгі тірлік үшін күресу керек.
Қарамай қан қақсаған жарасына,
Аяғын шайнап үзді аласұра.
Өз қолын өзі кесер сол мінезді,
Адамның берер ме еді баласына!
Міне, бұл – қасқырдың мінезі. Өткеніңді есіңе түсіреді. Басқа
түскен тағдыр мен қарсыласқан ерліктің рухы, көкжал тірліктің
қаһары.
Ақын
сондай
қасарма
ерлікті
іздейді.
Ал ақынның «Ескерткіш жуған әйел» өлеңін де көңілмен оқып,
көкейге күй ғып қондырасың. Алматының шығысындағы таулы
қыратта тау мүсінді бір ақынның ескерткіші тұр. «Боз жусан мен
селеу кешіп, басынан будақ-будақ өлең көшіп» тұрған ақынның
ескерткішін бір әйел ақ сабынмен жуып жатыр.
Оранды ақша бұлтқа ақын бір сәт,
Сүртті әйел,
Ақ жібекпен басын қымтап.
Көрді әлем ескерткіштің жылағанын,
Көзінен мөлт-мөлт етіп асыл бұршақ.
Арзымас асылың не, күмісің не,
Тіршілік көз жасының тұр ішінде.
Мүсінді сүйді сонда мұңлық әйел,
Сүйе алмай қалды мекен тірісінде?
(«Заман-ай», 50-бет).
Өлеңге түсіндірме жасап, бояуын кетірмейік. Өлең өз тілімен
әдемі сөйлеп тұр. Махаббатты жырлау осындай-ақ болар. Бұл – адам
жанын езгілеген ғашықтың ариясы. Абайдың: «Ғашықтың тілі – тілсіз
тіл» дегенін дәлелдеп тұрған жоқ па? Білсең де айта алмайсың… Өз-
өзіңнен күрсініп, ойға батасың.
Оқырманды ойға қалдырған өлең оңайдан жатталып қалатын
секілді. Кейде ақынды ақын таниды деген пәтуәға иланып қаласың.
Бір кезде дарабоз айтыс ақыны Құрманбек Зейтінғазыұлы өлең
тапқандай шаршы топтың алдында:
Жүрегімді ауырттың ғой, жарығым,
Аласұрдым, алпарыстым, арыдым.
Тағдырымды бүгін ғана таныдым,
Бәрі уайым, бәрі күмән, бәрі мұң, – деп бір өлеңді оқи жөнелді.
Бар болғаны бес-ақ шумақ өлең соңына шыққанда дүйім ел шу ете
түсті. Біреу күлді, біреу бас шайқады.
Жүрегімді ауырттың ғой, бұлам-ай,
Жалғыз өзің бастағанда бұлағай.
Күрсінемін: «қайтсін-ау деп жыламай,
Төрт әйелі түтіп жеген ұлы Абай!»
(«Заман-ай»,75-бет).
«Құраға, мынауыңыз Ұлықбек қой!» – дедім. «Дұрыс айтасың,
сол жігіт ақын екен!» деді. Расында, бұл өлең еркек біткеннің жанына
майдай жағады. Біреудің күліп, біреудің бас шайқауы да тегін емес.
Ол жағын қоя тұрып, бір ғана Абайды ойлайықшы. Абай өмірін
жақсы білеміз деп жүргенде, Абайдың мұңын «төрт әйелдің түтіп
жегенінен» іздеген Ұлықбекше ойлану бізде бола қойған жоқ. Өлеңде
мөлдір мұң да бар, әдемі әзіл де бар. Осыны түсінген Құрманбек ақын
да Ұлықбекті «ақын екен!» деп ағынан жарылып отыр.
Мұндай ойлар Ұлықбек өлеңдерінде алған тақырыбына қарай
түрленіп отырады. Өмірде бәріміздің де сезіп, білгеніміз аз емес
шығар. Бірақ біліп тұрып, айта алмайтынымыз тағы бар. Ал, білмей-
тінімізді біреу айтса, «білгір екен» демеске шарамыз жоқ. Кейде
Ұлықбек осы білгірлігімен дараланып көзге түседі. Сонымен қоса,
ойға шырақ болардай жақұт меруерттер, образды оралымдар, тентек,
ширақы тіркестер Ұлықбекте жетіп асады. Бұны да қызықтап оқып
көрелік: «Қыр үстін өртеп отымен, қырмызы жүзбен күн батты»,
«мамырлап суға қонған көктің бұлты, манаурап ұйқысынан
айықпады», «жағада жаққан оттың көк түтіні, ақ бұлтты арқандап тұр
аспандағы», «менің де нөсерлейтін мінезім бар, кеудемде нажағайлы
аспан көшкен», «тамшы боп терезеңді қаққан сонда, дүрсілін
жүрегімнің естімеп пе ең?», «ту сыртымнан үп еткенде самал жел,
елеңдеймін сен шығар деп күрсінген», «күн астында күмбірлесе күміс
су, сенің күлкің естілгендей қуанам», «менің-дағы жұлдыз толды
көзіме, қарағым-ау қалай жұлып тастармын», «қазақ деген бір ел бар
«құдай атқан», күн оятпай жүрегін түн оятқан», «қазақ деген бір ел
бар атқа мінген, жұлдыздар мен жел тілін жатқа білген», «итжығыс
іштің толқыны, бір-бірімен алысып», «ернін тістеп ұят тұр, тіс жаруға
жарамай», «ақындар ғашық болмаса, ақыр заманның жеткені»… Бұн-
дай ойлы жолдар мен көркем нақыштарды тізіп тауыса алмайсың.
Ұлықбек ақынның ойлау жүйесі мен шеберлігінің үндескен сәті
осындай.
«Заман-айды» ақтарып отырып, өзінің шын сырын бүкпесіз
айтқан «Менің фамилиям» мен «Екінші Ұлықбек» деген өлеңдерге
соқпай өте алмадық. Бір қарағанда екі өлеңде де әдемі әзіл, оның
астарында сырын ішіне бүккен ащы мысқыл бар. Өлеңді алдында
күліп оқысаң, артынан ойға батасың. Ақынның емеуріні өзін айғақтау
емес, сырым да, шыным да осы деп тұрғандай. «Менің фамилиям» да
Есдәулетов деген фамилиямен Алматыға жеткен бала ақын біраз
лепіріп алады. Сүйтіп жүргенде сақшының қолына түсіп, «фа-
милияңды былғамай жүр» – деп ескерту алады. Бақса, «мен білмейтін
Есдәулетов, бастығы екен түрменің» болып шығады. Тағы бір жолы
Мұқағали ақынға еріп үйіне барады. Мұқағали: «Есдәулеттің баласы»
деп Лашын жеңгесіне таныстырады. Лашын жеңгесі «Бармысың,
бауырым!» деп бауырына басады. Қазан көтеріп, дәм береді. Мырс-
мырс күлген Мұқаң да «үндеме» дейді. Осылайша Мұқағалидың бал-
дызы болып шыға келеді.
Алматыдан Мәскеу кетіп,
Байсалды бір күйге ендім.
Ақын Ұлықбек Есдәулетов,
Деген атқа үйрендім.
Түрмешінің жалғызының,
Түспесе де құны әлі.
Мұқағали балдызымын,
Дей салғым кеп тұрады!
(«Заман-ай»,71-бет).
Есдәулетов деген фамилияның әлегіне күлмеске әддіңіз жоқ.
Әңгіменің бәрі осы күлкіде тұр. Күлкінің арғы жағы ойға жетелейді…
Мұқағалидай арқалы ақынның «балдызымын» деп жар салғаннан
Ұлықбек ұтпаса, ұтылған жоқ. Ал, «Екінші Ұлықбек» оны тағы бір
қырынан танытады. Өлеңде Тұманбай ақын мінбеге шығып алып:
«Ұлықбек өзімнен кейінгі талантты, мықты ақын», Өтежан ақын:
«Өзіме жетіп жығылар керемет ақын», – деп мақтауын асырса, Кең-
шілік ақын: «Қазақтың тілін білетін, өзімнен кейін сен ғана», – деп
арқасынан қағады. Одан кейін де талайлар мақтайды. Бәрі де өзінен
кейінгі «екінші ақын» деп таниды. «Ақындар бығып жатқанда, екінші
болсам жаман ба?!» деген қанағатшылыққа риза боласың. Десе де
Ұлықбектің сөзі бөлек:
Ұлылық сырын ашатын
Шетінен түгел ең дана,
Ақынның бәрі бас ақын,
Екінші – жалғыз мен ғана.
Бас изеп тұрып, мақұл боп,
Бәріне ашық пейіліммен,
«Өзімнен соңғы ақын» деп,
Абай да айтса деймін мен!
(74-
бет).
Өлеңде мысқыл бар, шымшыманың астарында шындық барына
сенсек, бұл өлең ақынбыз деп, «қой санап» жүргендерге ой салар.
Абайдан кейін Ұлықбек деу де артықтау болар, бірақ ақынның бәрі
бірінші болған бұл заманда, бізді олардан гөрі «екінші ақын
Ұлықбек» қызықтырады. Өзіне өзгеше күшпен құштарландырады.
Оның «Заман-ай» кітабін парақтап отырып, осындай ойларға ке-
нелдік.
Туған жерін тұғыртас қылып, туған елін басына көтеріп, соның
айбоз бақытты шағын көркем жырымен мөлдіретіп жеткізген
Ұлықбек ел жүрегіне осылай жол тартты. Оның қапа көңілі мен
дертті жүрегі де елге деген махаббаттан туындаған. «Қара пимасы»
арқылы қазақтың басына төнген Алқакөл сұламаның, қасіретті дертін
толғап, жартыкеш жанымызды емдеген, «Жеменей өзені» арқылы
жер бауырлаған елдік рухымызды оятқан, туған ауылдың тұнығы мен
ондағы адамдардың жан сұлулығынан сусындатқан, арзан сөзден ат-
тонын ала қашып, маржан сөзден асыл сарай салған Ұлықбек – қазақ
жырының алдаспан ақынына айналды.
Адамның бәрі туыс, бәрі бауыр,
Көтерер қайғыны да халық ауыр.
Адамзат аманатын арқалаумен,
Арқасы ақындардың әлі жауыр! – деп өзі айтқандай, елінің
бақытын тілеп, адамзаттың аманатын арқалап, поэзиямыздың
марқасқа жолында жүк көтеріп келе жатқан қара атанның төрт
тұрманы түгел болғай.
Ыдырыс Әділқанов
Темірхан Медетбек
–
Поэзиямыздың абыройы да, беделi де, бұл
сөзiмiздi қаласаңыз да, қаламасаңыз да – сол
шоғыр. Абыройлы, беделдi сол шоғырмен иық
тiрестiрiп қатар тұра алатындар, ешкiмнiң
көңiлiне қарамай турасын айтар болсақ, бүгiнгi
жер басып жүргендерден бiрен-саран ғана. Сол
бiрен-саранның бiрi – сөз жоқ, Ұлықбек
Есдәулетов. Ұлықбек ерте көзге түстi.
Тоғызыншы класта оқып жүргенде бiр топ
өлеңiмен «Лениншiл жас» (қазiргi «Жас Алаш») газетiнiң жарты бетiн
алып жарқ ете қалғанда, әдебиетке тегеуiрiндi таланттың келгенiн
үлкен ақсақалдарымыздан бастап, есiмдерiмiз көпшiлiкке ендi-ендi
таныла бастаған бiздерге дейiн түгел мойындадық. Қызыға қарадық.
Қуана қол соқтық. Сонан кейiн-ақ Ұлықбек қаламынан өлең сүйер
қауымды тамсантып, тәнтi еткен жырлар жиi-жиi, толассыз туа
бастады. Туған жердiң «шалғын исiн ауаға орап сiмiрiп», сүрiне-
қабына алға ұмтылған сол албырт ақынның алғашқы мақсаты не
болды екен? Сөйтсек, өмiрдiң қас-қабағынан балғын кезiнде-ақ
салқындық сезген ол, «жүрегiнiң отымен кең дүниенiң дидарын
жылытуға» асығыпты.
Аманхан Әлімұлы
–
Мен Ұлықбекті 30-40 жылдан бері
білем. Бізді табыстырған – поэзия. Қатар
абитурент болдық. Ол сол кезде-ақ өзін
дәлелдеп қойған. Ол поэзияға жайдан жай келе
салған жоқ, ол поэзияның есігін ақын болып
қақты. Бірден талант ретінде келді. Ұлықбектің
ақындығы
маған
шыншылдығымен,
шымырлығымен ұнайды. Біз доспыз. Мен оның
өзін де, өлеңін де жақсы көрем. Ұлықбекке ең
алдымен азаматтық бақыт, шығармашылық бақ тілеймін. Қазір көп
ақындар соқыр жаңбыр сияқты. Жауын өткен сәттің екпінімен ақын
болып жүре береді. Әріптес ретінде бақыт тілеймін.
Ұлықбек Есдәулетов онлайнда
Ұ. Есдәулетов поэзиясындағы азаматтық үн Скачать Дипломдық
жұмыс magistr.kz
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Алаш» сыйлығының
лауреаты талантты ақын Ұлықбек Есдәулетов шығармашылығы
туралы.
ШҚО-да белгілі ақын Ұлықбек Есдәулетов жерлестерімен кездесті
inform.kz
Ұлықбек Есдәулетов «Семей-Невада» халықаралық антиядролық
қозғалысының әнұранына айналған танымал «Заман-ай» әнінің сөзін
жазған.
Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ақын, Есенин атындағы «Алтын жұлдыз»
иесі,
old.abai.kz"
Өркениет. Қырғыздар Ұлықбекті ұлықтады alashainasy.kz
Тұңғыш рет бұл беделді сыйлыққа қазақтың талантты ақыны, ҚР
мемлекеттік сыйлығының иегері – Ұлықбек Есдәулетов лайықты
деп табылып, зор марапатқа ие...
Қазақ әдебиетi writers.kz
Есдәулетов Ұлықбек.
Ұ.Есдәулетов шығармашылығындағы азаматтық лириканың
тақырыптық-...
topreferat.kz
Ұлықбек Есдәулет: «Ақын болсаң, ұлтыңа жақын бол» kultobe.kz
Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина
irbis.pushkinlibrary.kz
Есдәулетов, Ұлықбек. Өлеңді мен айтамын
Астанада ақын Ұлықбек Есдәулетовтың шығармашылық кеші өтті –
... bnews.kz
Ұлықбек Есдәулетов - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Қазақстан Журналистика академиясының академигі, мүшесі,
Гуманитарлық ғылымдар академиясының...
Түркістан газеті archive.turkystan.kz
...қазақ поэзиясының үздік туындысы болып саналатын «Қанды
жұма» өлеңінің авторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері
Ұлықбек Есдәулетов ие болды.
Мазмұны
1.
Құрастырушыдан
2
2.
Өмірдерек
3
3.
Жарық көрген еңбектері
5
4.
Шығармашылығы
6
5.
Лебіздері
9
6.
Ұ.Есдәулетов онлайнда
21
Жауапты:
ОҒӘК директорыПарымбекова З.С.
Редакторы:
Ақпараттық–библиографиялық
бөлімнің басшысы Алдабергенова
С.А.
Құрастырушы:
Библиограф Сейтбекова С.Н.
Көркемдеуші:
Бағдарламаны сақтау маманы
Керимбаев О.
Мекен жайы:
Шымкент қаласы, Облыстық
ғылыми-әмбебап кітапханасы,
Нұрсәт мөлтек ауданы, Астана
даңғылы нөмірсіз
E-mail:
otyrar-nursat @ mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |