Түйін сөздер: шығарма, тақырып, көркемдік ерекшелік, шығармашылық зертхана
Әдебиет ұлттық сананың бастауы,ұлттық адами құндылықтардың қазынасы, ұлттық
өмірдің,қоғамның айнасы.Жылдардың еншісінде қалған талай қым-қиғаш оқиғаларды,өз
заманындағы қатігездік пен жауыздықты, тарих қойнауында жатқан талай сырды Жер-Ана қалай
көтерсе,әдебиет солай жырлап,жазып келеді.Бүгін адам қолымен жасалып,ертеңгі күні бүкпесіз
айғақты дүниеге айналаған тарихты ешкім тұмшалай алған емес,ал әдебиетке талай құрық
салынғанымен шығар дүние шығып,жырланар дүние жырланып келеді.
Қаламгер өз заманының шындығын суреттемей тұра алмайды. Шығарма- ның шындығы-
қаламгердің көзімен көріп,көкірегімен түйсінген өз шындығы. Өмір шындығы жазушының ақыл-ой
елегінен өтіп барып суреттеуімен көркем шындыққа айналады.Заман шындығы мен көркем
шындықтың арасы алшақ емес,өз заманына байланысты әдебиетте құлаш жая дамиды.
Қазақ әдебиетінің тарихында XX ғасырдың аяқ шенінде прозалық, драмматургиялық
туындыларымен әдебиетке елеулі үлес қосқан Серік Асылбекұлының шығармалары бүгінгі күні
өзіндік болмысымен ерекшелене түскен.Жазушының "Кешігіп қайтқан тырналар" (1981),"Оттан да
ыстық өмір" (1984),"Мұғалімдер күні" (1986),"Зимние каникулы" (1989), "Прощальный бал"
(1993),"Сағыныш" (1994),"Атажұртта" (1996) сынды шығармаларының бойынан адамгершілік,рухани
құндылықтарды көруге болады.Қаламгердің пьесалары театр сахнасынан да орын тапты,көрермен
көңіліне жағып,ыстық ықыласына ие болды.Оның шығармаларынан айғайлаған қайшылықты,аса бір
дөрекілікті көрмейсің,ойдан құрап жазылған дүниеде жоқ-бәрі бір ауыл баласының көрген-
білгені,ойға түйгені.Серік Асылбекұлы-жарық дүниеге сонша құштар,өзгешелікті қалайтын
кейіпкерлерінің қарапайым күйбең әрекетімен-ақ Отанға,елге деген сүйіспеншілікті
білдіріріп,ұлтжандылықты негіздейді.
Қандай да бір шығарма жазылар алдын-автордың өмірден көрген-білгенін,негізгі айтар ойын өзіне
жүктеп алады,осыларды ашу үшін,пысықтандыру үшін жазушы тақырыпты толықтырар материал
тауып,оларды жинап жүйелейді.Жазушы да адам,халықтың бір бөлшегі,ол да қоғамда болып жатқан
нәрселерді көрсетіп,тарихпен бірге құбылып,өмір шындығын көрсетіп отырады.Мысалы,"Сағыныш"
әңгімесінде қазақ ауылдарындағы тұрғындарының қалаға қарай ағылуы, атасы мен әжесінің қолында
өсіп жатырған бес жасар Жасұлан әжесі о дүниелік болған соң,қалаға кетуге мәжбүр болады.Қыр
баласының қала тұрмысына,шектеулі дүнмеге бейімделуі керек.Урбандалу процесі қазақты біраз
нәрсесінен айырды,материалдық жағдайын ойлаған адамдар руханилық жағынан аза бастаған.Дала
адамының қалалық болып шыға келуі,даласының бойына сіңірген құндылығынан ажырауы тез,бірақ
оны қалпына келтіру көп нәрсені талап етеді.Бірге отырған қоңсының көршісіне деген,бауырлар
арасындағы мейірімділік пен бауырмалдық сынды асыл қасиеттерді қала адамының бойынан сирек
көру бүгінгі таңда қалыпты құбылысқа айналып кеткен.Осы жағдайларды көрсетуде жазушы біраз
еңбектенген,бес жасар баланың басынан өткен жағдаймен қөғам шындығын дөп басып
көрсеткен,шамасы келгенше өзіне жақсы таныс кейіпкерлердің образы арқылы көрсеткен.
Тағы бірде "Эх,Россия" әңгімесіне бір оқиға арқау болады.Бейсен атты сыныптасының екі жыл
Ресейде әскерде болып келгендегі сыныптастар жиынында бір-екі шишадан ұрттап алғаннан
кейін,Ресейде өткен күндерін есіне алып,сол жерде туып-өскен адамдай аңсап,сағынғаны
150
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
жолдастарының күлкісін келтіреді.Әңгімені естіген жазушы осы мысалды негізге ала отырып
жазған.Өз өскен ортасын менсінбей,безінген адам қанша ақылды болса да, ауыл адамдарының
алдында кінәлі.Осыны автор жақсы көрсете білген,көп мақтанып,қоқиланғанның арты жақсы
нәрсемен аяқталмасын өзгелерге ескертсе керек.
Әр жазушының өзіне тән жазу машығы,жазу мәнері болады.Біреу табиғат аясында отырып
жазғанды ұнатса,екіншісіне ол ұнамауы мүмкін,кейбірі күнмен таласа жазады[2]. .Жазу
тілі,стилі,бағыты-жазушының жан қалауынан болатын дүние,сондықтан қалай бастарын,қандай
жағдайда отырып жазарын жазушы өзі біледі.Серік Асылбекұлы көңіл күйге байланысты жазатын
жазушылардың қатарынан,түн тыныштығын ұнатады.Жалпы түнде адамның сезімдері мен санасы
өзгеше ойланып бастайды,өзгерек құбылыс болады.Жазудағы ерекшелігі-шығармаларының
аяқталуына таман кейіпкерін өз ойымен арпаластырып жалғыз ой түбінде қалдыруы.Бұл құбылыс
біраз шығармаларында көрініс табады."Қарашадағы үйлену тойындағы" негізгі кейіпкер Құрмаш
бұрынғы сүйген адамы Жаңылдың үйінің жанынан өтіп бара жатырып,терезесіне телміре қарап ойға
батады.Бұл жігіттің сүйген адамына деген қимастың сезімі мен ыстық көңілінің әлі де болса суи
қоймағандығының белгісі еді."Құрмаштың тұла бойы дір ете түсті. Келіншектің дәл осы қалпы
жігітке сөз жетпестей қымбат,аяулы көрініп кетті.Ол таныс бейнеден көпке дейін көз ала алмай,бір
орнында сілейіп,қатты да қалды"[1,262].Бұл сөздердің астарында адамның ішкі құмарлығы,жан
қалауына деген өзгешелік бейнеленіп көрсетілген.Тағы бірде қалаға келіп,курстастарымен кездескен
"Мейманды" ой құшағына сала отырып,оқырманға бұл өмірде атақ мен даңқтың,ақша мен байлықтың
өткінші екендігін нақты айтпаса да ,әңгіменің түп-төркінінен соның желі еседі."Жоқ,біз өзіміздің бар-
жоғы мына ғажайып тіршілікке келіп-кетіп жататын кәдімгі иейиан екенімізді білмейміз.Әйтпесе
Қойшан директор болам деп соншама тырыштанбас еді ғой.Директор....Түу,мына ғажайып ертегідей
түннің,қоңыр күздің жақын қалғанын жырлап тұрған жапырақтардың қасында директорлық деген
не?!"[1,159].Автор ойының Қошан арқылы сыртқа шығуы-жазушының еліне айтар сырынң әлі мол
екендігін көрсетсе керек.
Жазушы кейіпкер болмысын суреттеуде де еркін,тың қозғалады.Кейіпкер айналасында болып
жатқан оқиғаларды өзге де жазушылар секілді табиғат құбылыстарымен бірге көрсетеді.Оның
шығармаларында бағыты белгісіз сандалған ой жоқ.Қарапайым,оралымды тілмен жазылған
туындыларарында көпшілікке таныс жағдай,осы уақыт шеңберінде басынан өткен қызықтар
тізбегі.Сол себепті де кейбір шығармаларының бел ортасында автордың достары немесе өзі болуы
ғажап емес.Жазушы прототип сомдауда да алғыр, еркін әрі нақты."Бөтеннің тойы" адам жанының
ортадан көреген шеттеуінен тұйықталуы,өзін түсінер адамдар сирек болған соң жалғыздықты жанына
серік етуі.Автор бір сұқпатында:"Құлтай менің құрбым,құрдасым болатын.Екеуміз бір ауылда
өстік.Осындағы Әли деген кейіпкерге менің аз-маз қатысым бар десем де болады.Алматыдағы
институттағы оқудан босап,жазғы каникулға келгенде қой бағып жүрген Құлтаймен ауылда талай
кездесіп,бірге жүрген кездеріміз болған.Сонда мені оны жан дүниесінің тазалығы,бетіне иманы
шығып тұратын пәктігі және көркем әдебиет шығармаларын көп оқып қана қоймай,содан үлкен
адамгершілік тәлім алғандығы риза ететін.Сондықтан бірге өскен сол құрбыма осы бір туындым
арқылы көрсем сөзбен әдеби ескерткіш қойғым келді"[2] деген екен.Әдебиетте ескерткіш қою бірде
сол адамға деген құрмет-қошеметінің шексіз екендігін білдірсе,бірде қоғамда алған орны мен табиғи
қасиетін көрсетіп өзгелерге үлгі етуі.Әрине,бұл әңгімеде Құлтайдың мектепті тастап кеткендігін үлгі
етпесе керек,алайда шығармада көрінетін оның брйындағы ұяңдық,өзге адамдарға деген
жылылық,кеңпейілділік,көңілжықпас ақкөңілділік көзі ашық деген адамыңның өзінен көріне
бермейтін қасиет.Мысалы,осы шығармада басындағы Әлимен қаладан достары келгендегі Әлиді
алайық:"-Ау,Құлтай?Аман-сау бармысың,-деп қолын созды.
Құлтай сол күлісіреген күйі жолдасының ап-арық салалы саусақтарын қыса берді.
-
Құсың құтты болсын!...
-
А-а..айтсын.Ертелі қайда жүрсің?
-
Қол тимей жатыр ғой.Мынау апамдарға көмектесіп"[1,36].Әлидің досына деген ықыласты кейпін
байқасақ,ал мына жерде:
"-
Ау,Әли мырза!-Төрдегілердің бірі дастарқанның шетін жұдырығымен қойып қалды.-Ты,слушай
...бізді мына жігітпен таныстырмадың ғой.
Жұрт тағы да жапа-тармағай дүрлігіп,әгінің иегінің астына қарасты.Құлтай төмен қарап,қып-
қызыл боп кетті."Түу,адам көрмегендей мыналарға не болған-әй..."
151
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
Ә-ә,бұл-Құлтай деген жігіт.Біздің көршіміз,-деді Әли немқұрайлылау үнмен.-Үйі осы арадан бес-
алты қырқа жерде.Әлі сонда дұрыстап танысасыңдар.
Құрдасына Құлтайдың кәдімгідей қарны ашып қалды.Тіпті қатты ренжіді. "Көршім-көршім деп
сөзбұйдаға салмай-ақ,бірге өскен досым,не жолдасым десе қайтеді екен..." [1,43] бәрібір тай
құлындай тебісіп бірге өскен досының оқымай,ауылда қой бағатынын намыс көрді,қалалық
достарына айтуға ұялды. Құлтайдың ренжігенінен артық,ол Әлиді аяды,жасандылығына жаны
ашыды.
"Қоңыртаудың басындағы бір түп жусан" әңгімесінде аты аталатын шалдың прототипі-Серік
Асылбекұлының атасы Қани Қосымұлы.Әңгіменің басының өзі "Асыл атам Қани Қосымұлының
рухына ескерткіш" деп басталады.Сонымен қатар,"Қысқы каникулдағы" совхлз орталығындағы
интернатта жатып оқитын,демалыс сайын әкесіне қолқабыс болуға келіп жүретін Таңаттың прототипі
де автордың өзі.Осы орайда автор малшылардың балаларынының қала балаларына қарағанда ерте
есейетінін,олардың ойының жүйріктігін,қиялшыл екендігін айтады.
Ауыл-қазақтың ата қазығы,бітім-болмысы,құт қонған тарихи мекен.Ауыл ұғымының өзінен
жанашырлық,адамның түріне,киім киісіне,атақ абыройына да қарамайтын қонақжайлылық,өзгеше бір
мейірбандылық нұры есіп,санада сансыз сағыныштар осы бір сөзді естісе тоқтаусыз естеліктерін
айтатындай.Герольд Бельгердің "Ауыл жоғалса-қазақ та болмайды" деген бір ауыз сөзі-
шындық.Серік Асылбекұлының негізгі тақырыбы да қазақы қазаны қайнап жатқан дархан көңіл дала
қазағының күнделікті күйбең тірлігі, басынан өткендері,жағымпаздылыққа жаны қас, бөтен үшін
арамтер болмайтын,көп сөйлемейтін,сөйлеп жіберсе сөздің түбін түсіретін, қалжыңдап отырып өз
ойын нақты,турашылдықпен жеткізетін аңқау, аңғал, ақжүрек арда қазақты суреттейді.Ауыл баласы
өз ортасынан жырақта жүрседе санасымен,ойларымен шыққан ортасына бекулі,ауыл оның аялайтын
тақырыбы, жазатын әңгімесі.Түтіні түзу шығатын,ырыс қонған құт мекенді жырламаған,
шығармаларының тақырыбына арқау етпеген ақын-жазушылар аз болар.
Серік Асылбекұлынан да ауылға деген ешкімге бергісіз адал көңілді, онда өткен күндеріне деген
шынайы қимастық сезімді,қызғыштай қорып келе жатқан ыстық махаббатын байқаймыз.Жазушы
қаламынан мағыналы ғұмыр кешіп жатқан ауыл адамының барған-тергені,кірген-шыққаны,көрген-
білгені, аман-саулығы,кірпияздылығы,шынайы көңілі,өнегелі өмірі –бәрі қалыс қалмайды,өз
деңгейінде суреттеледі."Жалпақ жұртқа белгілі осы бір ащы шындықты көп айта беріп не керек,
әйтеуір оның бойында баяғы құдірет жоқ бұл күнде.Бәлкім,ол қартайған болар?...Олай деуге аузың
бармайды.Ұлылар қартаюшы ма еді?!.Жоқ,ұлылар қартаймайды,олар тек жасына жас қосады. "- деп
өзінің бастапқы ойын ауылға деген сол баяғы махаббаты басып шығады,шындығында "ұлылар
қартаймаса" керек-ті.
Ағайын арсындағы татулық,ауыл ақсақалдарына деген құрмет,иба мен ізет, ер жігітке тән
азаматтық,үлкеннің сөзін жерге тастамау,әйел затына тән үнемшілдік пен инабат сынды қасиеттер
шығармаларынан алшақ қалмайды. Шақпақ тілді Шардарбектің шайпау әйелімен бір қара бас үшін
сөзге келіп қалған Алдош,бар алданышы,күнкөрісінің көзі,бәлен жылғы "досы" іспеттес болған
тракторынан бір-ақ күнде айырылып қалады.Негізінен бұл әубастан-ақ белгілі жай болатын,ауыл
басшысының елін гүлдендірумен шаруасы жоқ,әйелінің айтқанымен жүріп арбауына еретінін білетін
Алдош көмекті өзгеден іздеп,мойны қылтиып автобус ішінде бара жатты.Қалаға тойдың үстіне
келеген Алдош құдалықтан Алдекең атанып бір-ақ шықты,жалғыз трактордың жайы,бала-шағаның
қамы ағайынның көңілінің қасында түкке тұрғысыз боп,мән,мағынасын жойған.
"-
Хош,тойды өткіздік.Енді ата дәстүрі деген болады,екі-үш кісі бас қосып,құдалардың алдынан
өткен ләзім.Сірә,Құрекең,Алдош үшеуміз барып қайтамыз,қалғандары жұмыстағы адамдар
ғой,қолдары тиеді дейсің бе,түге. –Өтеке-ау,мен де...-деп,бұл да осы арада өз пікірін қыстырып
жіберуге тырысып еді.Масақбайдың үлкен ұлы жарты жолдан тиып тастады.
–
Әй,Алдош, мына Бекешжанның мені мен сенен басқа кімі бар?-деді ол бұған жылышырай
білдіріп,Алдекең бұл сауалға жауап бере алмай,жапақтап төмен қарады.
–
Ендеше сөзді қой,-деді Өктембай бір-ақ кесіп. Алданыш Өктембайдан қорыққан жоқ,бірақ оның
«Бекешжанның мені мен сенен басқа кімі бар» деген сөзі көкірегін иітіп-аө жіберді."
Ағайынның көңілін аулап,керегіне жарағаннан артық не бар дейсің бұл фәниеде.Ағайын алдында
жалғыз күнкөрістің қамына айналған трактор да,балалардың керегіне жаратармыз деген тиын-тебен
де садаға.Жазушы баянынан ауыл ақсақалдарына деген құрметпен ерекше ықыласты да
байқатады.Қалаға келеген негізгі шаруасын біруақ ұмытып той тойлап кеткен Алдекең бауырының
көмектесуге ыңғай танытпаған ісіне,ауылдың қара танып,оқып білмейтін қариясының қолынан
152
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
келетінін білгенде бармаста еді. Үлкенін құрметтеу-ауылдың әуелгі заңы,қанына сіңген
қасиеті.Осыны білетін Алдош ең соңғы үмітін қой артында жүрген қарияға артты. "-Иә,қайдан
жүрсің?-деді ақсақал сәлемдесіп болғанан соң. -Ауданға барып...-деп Алданыш күмілжіп. -Ал,хош
...бірдеңе бітірдің бе?Алдекең не айтарын білмей желкесін қасыды. -Естіп жатырмын,-деді ақсақал
енді көп қинай беруге аяғандай.-Шардарбектің аяғы аспаннан салбырап түспеген болар,барып
айтамын, баланың трәктірін өзіне қайтарыңдар деп...-Осыны айтты да әлі сынын жоғалта қоймаған
биік бойлы қапсағай қара шал жөніне кетті. Алданыштың көзіне жас келді.Ол Қалнияз ақсақал
айтса Шардарбектің тырп ете алмасын түсінді."
Ауылдың әр отбасы барына қанағат,жоғына салауат айтып,жер ғаламшары- ның бір шетінде
ғұмыр кешеді.Ауыл адамының әр шаңырағында болып жатқан шаттығымен уайымын,қуанышы мен
күлкісін бір шығарманың бойына сидырып жазу,өмір тартысын,теңдікпен кеңдікті,әділдік
жолындағы күрескерлікті оқырманға жеткізе білу-үлкен талант иесінің көрінісі.Түк нәтиже бермейтін
ашушаңдық,қолындағысын өзгеге бере салар аққөңіл аңғалдық,ішінен пышақ айналмас мыстандық-
бәрі қазақ ауылының жиынтығы.Осы мысық тілеу мыстандық пен жалған білімділіктің, ауыз
құрғататын даңғазалықтың абырой әкелмесін,өзі өскен ортасынан жиренудің қандай қасірет екендігін
жазушы біледі және оны бір кейіпкерінің бітім-болмысы,жасаған тірлігімен-ақ суреттеп
береді.""Неткен көңілсіз ауыл!" дейді ол үстіндегі теңізшінің жолақ мәйкесінің өңірін желпіп
қойып.Бұл тұрғанда Қасқырбай өзінің осы ауылда туып-өскенін де ұмытып кетеді.Бір қиырда жатұан
осы бір шағын қыстаққа ол өзін алыс өлкеден кемдікүн қонақ болып,кемдікүн осылайша
жалғыздықтан жабығу үшін келіп жүргендей сезінеді".Өз ауылын жатсынып,екі жыл көрген
қызығына балалық дәурені,бозбала шағы өткен туған топырағын айырбастап жібереді көңілімен.
Ауыл адамдарын менсінбей,жат қалада үйренген бір-екі орысшасы арқылы олардан өзін биік
санап,достарының шөп шауып,қой артында жүріп ауылдан бір адым аттап шықпағандарын өздеріне
тіке айтпаса да сөзімен астарлап жеткізеді."-Жігіттер,Құдай ақы,осы ми қайнатқан ыстықта ит
байласа тұрмайтын мына құла күзде қалай шыдап жүргендеріңді білмеймін,мен, жалпы түбінде
Россияға,Н-ға кететін шығармын,-деп те салды-ау".Автордың баяндауының өзінен мысқылмен
кейіпкеріне деген салқынқандылық байқалады.Елінен безгенде қайда барады,кім оны ауылындағыдай
құшақ жая қарсы алмақ,"аңдымай сөйлеген ауырмай өледінің" кебін киіп, тәкәппарлықтың буымен
масайған Коляны сабасына түсірген әкесінің сегіз өрім қамшысы еді.Ел алдында екі жыл әскерде
жүріп жинаған абыройы екі күнде-ақ айрандай төгілді.Осындай байбастықтан кейін алда ауылды әлі
талай жағдай күтіп тұрғандығын автор көңілімен сезінген. Келесі бір кейіпкерінің басындағы жайт
Қасқырбайдікіндей даулы емес,керісінше, Коляға жандүниесі жағынан қарсы кейіпкер,тек көп
уақытын жұмысына арнап,ауылға ат ізін сирек бұратыны-басты кемшілігі.Ол сол үшін өз
ауылынан,әкесінен кешірім сұрайды,өз қателігін түсініп түйсінеді,бұл жерге қай уақытта келсе де
құшақ жая қарсы алатын әкенің мазары мен туған-туыстың пейілі,достарының көңілі екендігіне
сенеді,қаланың бірқалыпты тірлігінен босай алмай жүрген өзін кінәлі сезінеді.Шығарманың негізіне
арқау болған Атажұрт-Ақиін Серік Асылбекұлының ең осал тұсы.Көшкен ауыл,елсіз дала
жазушының жанына батып,өз туған топырағының дәурені өткендігін мойындағысы келмесе
де,кейіпкерінің ойымен білдіреді.
Автор енді бірде кейіпкердің өз ойын екіге жарып,одан екі түрлі бейне жасап, екі бөлек адамның
жандүниесін құрайды.Бұл көркем шығармадағы ерекше бағыт,жаңашыл қалып.Совхоздың бас
зоотехнигінің астанаға көп жылдан кейін қыдырып келуі суреттелетін туынды да кейіпкердің
өткенімен кеткенін,жүріп өткен жолдарын баяндауда таптырмас тәсіл тапқандай жазушы."Рас,осыдан
өзіміз айтып отырған тоғыз жыл бұрын астанада төрт-бес жыл оқығаның бар-ды.Бірақ ол кезде бала
едің ғой.Көргенің Зооветтің жатақханасы,одан қалса аудитория,оқу-оқу,анда-санда-ЖенПИ.Қайнаған
қала тіршілігінің,мәдениетінің иісі ғана келді мұрныңа.Қойшеке,Қойшеке! Сүйтіп жүріп ауылға оқу
бітіріп барғаныңда: "Шіркін,несін айтасың, Алматыда бес жыл шайқадыққой" деп бөстің-ау талай"
деп студенттік кездің атынан бір сөйлесе,екінші Қойшан:"Нуй штож!Кезінде солай болса,болған-ақ
шығар.Дүниеге төрт құбыласы түп түгел болып салбырап түскен ешкім жоқ, Нуй штож " деп өзінің
өткенін ақтағандай болады.
Серік Асылбекұлының көп туындылары жастық жақтың оты лаулаған кезді, албырт,алаңсыз
шақты,бір ысып,бір жанған көңілді,айлы түн астында айтылған сырларды,алғашқы махаббатқа есі
кеткен ессіздікті өз бойына сіңіріп тұрады.Тіпті бір кейіпкері осы жүректің төрінен орын алып
шықпай қоятын "қонағының" кесірінен қыршын өмірін де қияды.Ол "Рәбиғаның махаббаты"
повесі.Үшінші жақтан жүретін авторлық баяндаудың ар жағынан үнемі бірінші жақты етене баяндау
153
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
байқалады.Автордың кейіпкерлеріне деген көзқарасы әртүрлі.Мектеп мұғалімдері Ұлықпан мен
Мадридке қатысты жылы шырай мен суық айыптау байқалса,басқа кейіпкерлерінің образын оқиға
барысында ашып,дамытып отырады.
Повестің "Жаным-арымның садағасы" және С.Есениннен алынған "Кто любил,уж тот любить
не может,Кто сгорел,уж тот не подожжешь" деген салмағы ауыр эпиграфтардан басталғанынан,автор
өзінің осы шығармасына басым көңіл бөліп отырғандай.
Көркем әдебиетте кейіпкерінің өлімін суреттеу болып тұратын құбылыс. Әртүрлі себептерден
өледі,әртүрлі мақсаттарға пайдаланылады, әртүрлі суреттеледі.Рәбиғанікіндей өлім Мұхтар
Әуезовтың "Қорғансыздың күні","Жетім" әңгімелерінде көрініс табады,алайда олар басқа
сипатта,басқа себептерден.
Сүйгеніне хат жазып,оның жауапсыз екендігін сезген бала психологиясы арына тиетін
айыптауларды көтере алмаса керекті.Осыдан барып повесть оқиғалары басталып кетеді.Кейіпкер
өлімінен кейін айналадағы адамдардың арасындағы қарым-қатынас талданып,ұжымның,ауылдың әр
түрлі дәрежедегі әлеуметтік-психологиялық картинасы жасалады.Кейіпкер өлімі екінші мәселеге
ауытқып кеткендей.Негізгі басты кейіпкер Рәбиға болар деп ұғатын оқырманның ойы автор сынып
жетекшісі Ұлықпанмен байланыстыра баяндауынан өзгереді.Ұлықпанды таныстырғаннан бастап
оның Мадридпен қарама-қайшы бейне екенін нақты көрсетіп,ішкі монологы арқылы автор ойымен
жақын екендігін көрсетеді.Повесті екі бөлікке бөлік ажыратып алған жөн:бірі-Рәбиғаның
өлімі,екіншісі Рәбиға өлгеннен кейінгі мектеп оқиғалары,қыз бала өліміне себепкер Мадрид пен
Роза,сынып жетекшісі Ұлықпан,тергеуші,курорттан келген директормен мектептегі,оқу бөліміндегі
жиналыстарды қамтиды.Автор оқиға өткен орынды біледі,сол себепті де Рәбиға өлгеннен кейінгі
оқиғаларға қатысы бар адамдардың іс-әрекеті табиғи,жасанды бояу жоқ.Мадрид пен Розаның
әркеттері,өздерін ұстау жайларынан олардың мінезін,бітім-болмысын анық көрсеткен.Автор өзі өмір
сүрген қоғамдағы болған жайды дөп басып еш реңксіз,бірқалыпты күймен жеткізе білген.Жазықсыз
бала өлгеннен кейінгі үлкендердің пендешілік әрекеттерінің арасында осы дауға себепші болған қыз
өлімі тасада қалғандай.
Автор Ұлықпанды ғана іштартып,сол арқылы барлық оқиғаны ой елегінен өткізе баяндайды.Жас
адамға тән жақсылыққа сену,келешігінен күдер үзбеу Ұлықпан бейнесінен анық көрінеді.Повестің
соңына қарай бала өліміне қатысты өткен бірнеше жиналыстардан кейін Ұлықпан жұмыстан
шығарылып,мектеп директорына соңғы қатаң сөгіс,ал Мадрид пен Розаға жәй сөгіс алып,"сүт ішкен
құтылып,қазан жалаған тұтылады".Шығарма осы жерден аяқталған,бірақ автор тағы да үш эпизодты
бөлім қосқан. Қыраубаймен кездесу эпизоды айқын,көркем проза.Розаның бұрыңғы күйеуімен
кездесуі адам өміріндегі сәтті және сәтсіз мысалдарының бірі.
Қорыта келгенде,жазушы Серік Асылбекұлы шығармаларын нақтылығымен, ойлылығымен,
бірізділігімен оқырман санасынан бек орын алған.Көркем шығармалардығы оқиға өмңрдегі оқиғаның
табиғи көшірмесі емес,оған жазушы қиялы мен идеялық көзқарастары қосылып,шығармаға реңк
береді.Әр қазақтың ұстар жалауы-ауыл тағдыры,ауылдың болашағының қандай болмақ екені
жазушыны алаңдатады,сол себепті де жырақта жүрсе де қыр баласынаң ойынан ауылы ешуақытта
шыққан емес.Өзгелерден өзгешелеу жүрегі Дала алдында әлдеқашан бас иген.
Адалдық,инабат,ержүректілік ұғымдары кездесетін кей шығармаларын оқти отырып олардан
тәлім алса оқырман,көрсеқызарлық, атаққұмарлық, тәкәппарлық сынды жағымсыз қаситеттерді
көргенде ондай қасиеттің өз бойында болмағанын қалайды,олардан жиренеді.Махаббатпен сезім де
әңгімелерінің негізгі арқауы.Ауылға деген,бауырға деген,үлкенге деген құрметпен шексіз махаббат
жас ұрпақты елін,жерін сүюге үндеп,жол сілтеп тұрады.
Қарапайым,көпке түсінікті тілмен жазылған шығармаларының көбісі ауыл адамдарының тұрмыс-
тіршілігіне негізделген.Қойшының баласы үшін дала Ұлы,ауыл ардақты!Бұл прототип жасауда
ерекше байқалады. Әр қазақтың ұстар жалауы-ауыл тағдыры,ауылдың болашағының қандай болмақ
екені жазушыны алаңдатады,сол себепті де жырақта жүрсе де қыр баласынаң ойынан ауылы
ешуақытта шыққан емес.Өзгелерден өзгешелеу жүрегі Дала алдында әлдеқашан бас иген.
Жазушы қаламынан шыққан әр шығарма,өзінің өмірінен бір сыр шертеді, өзгелерге сабақ
болады.Өткенін ұмытпай,ертеңіне сенген жазушыдан әлі талай ойлы,тың тақырыптардың шығары
хақ.Себебі,"Қаламнан сия төгілсе,текке емес".
154
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
1
С.Асылбекұлы "Түнгі қаланың әні" Алматы:Жазушы,2005
2
Ибраева А.Д. Қаламгердің шығармашылық зертханасы // Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің Хабаршысы «Филология ғылымдары» сериясы 2014 №3
3
А.Кемелбаева Алматы,31-шілде,2013 жыл
4
С.Асылбекұлы "Сағыныш" Алматы,1994 ж
5
Р.Әбдіқұлов "С.Асылбекұлының гуманистік прозасы" Қазақ әдебиеті 14-15б,Алматы,2010
6
Ө.Қырғызбай "Өнер бізге шындықты айту үшін берілген" Алматы ақшамы,2011
7
Қ.Мәдібай "Адам іздеген бақыт" Қазақ әдебиеті,2010
Достарыңызбен бөлісу: |