Үшінші Түрік қағанатының (ұйғыр) кейбір мәселелері



Pdf көрінісі
Дата27.03.2017
өлшемі428,01 Kb.
#10491

 

Қаржаубай САРТҚОЖАҰЛЫ 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,  

ф.ғ.д., профессор. 

(kharjaubay@mail.ru) 

 

Үшінші Түрік қағанатының (ұйғыр) кейбір мәселелері 

 

Ғылыми еңбектерде тоғыз-оғыз және ұйғыр мәселесі бүгінге дейін көп 



уақыт  бойы  талас  тудырып  келеді.  Тоғыз-оғыз  және  ұйғырға  байланысты 

тарихи  деректер  қытайдың  ресми  жылнамаларында  (Вэй  шу,  б.103; 

СТШ.б.195;Суй шу, б.84; СТШ. б. 217; Цэ фу юань гуй; Ляо ши), Реі-сһенің 

(Ріеn-i  Tien)  XVIII  ғасырда  қайта  құрастырылған  Сүй  шудің  жаңа 

нұсқасында;  байрғы  түрік  ұстындарында  (Орда-балық,  КТ,  БК,  МШУ,  Тұй-

ұқұқ, КЧ, Тэс, Теркін);  М.Қашқари сөздігінде, мұсылман деректерінде едәуір 

жақсы сақталған. 

  

Тоғыз-оғыз  және  ұйғыр  проблемасымен  Ресейлік  В.В.  Бартольд  (2. 



с.491),  В.В.Радлов  (28),  М.П.Мелиоранский,  А.Г.Малявкин  (17,  18), 

Канадалық  Э.Пуллибланк  (26.  рр.35-42),  еуропалық  Ж.Р.Гамилтон  (5.  рр23-

69),  Лю  Маоцай  (15.212,591-592),  К.Маккерaс  (20),  қытайлық  Фэн  Цзя-чэн, 

Чэн  суло,  Му  Гуан  вэнь  (36.  ч.І.ІІ),  Чэнь  Чжумянь  (1958),  сияқты  көптеген 

ғалымдар еңбектерін арнады.  

Ұйғыр проблемасына байланысты әлемнің белді де белгілі синолгтары 

Н.Я.Бичурин, Ф.Хирт, Э.Шабанналардың заманынан бері әбден қалыптасып, 

қозғалтуға  болмайтындай  болып  қалған  ғылыми  қиғаш  түсініктерге  қазіргі 

заман  синологтар  мен  түркологтары  сын  көзбен  қарай  бастады.  Әлемнің 

түріктанушы  жаңа  толқыны  бұрынғы  консервативтік  көзқарастан  арылып 

жаңа ізденістерге шыға бастады. Бұл топта жапондық Т. Ханэда (35. рр.157-

324),  А.  Катаяма  (12.  рр.39-55),  қытайлық  Лю  Мэйсун  (16.  рр.97-103), 

Қазақстандық  Қ.Сартқожаұлы  (29.  23-65  б.);  (30.  109-114.бб.),  Т.Зәкенұлы 

(30. 109-114.бб; 8, 240-269. бб), Б.Еженханұлы (2006, 23-64.бб), Ж.Ошан (23. 

268-338; 22,476-480.бб) т.т.с.с. зерттеушілер бар. 

ХХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  кейін  зерттушілер  ұйғырлардың 

шығу  тегіне  байланысты  «Сюнну→  гаочэ  →  чилэ  (чили)  →  теле 

(тегрег~терег)  →  хуйэхэ»  деген  қалыптасқан  үлгіге  сын  көзбен  қарап,  аса 

сақтықпен  сараптама  жасай  отырып,  жаңа  нәтижелерге  қол  жеткізті.  Осы 

мәселелерге  тікелей  байланысты  бұған  дейінгі  зерттулерге  сүйене  отырып 

гао-гэ  (као-кіu),  теле  (Тһіәк-lәк),  оғұз  (wou-ho),  ұйғыр  (хуй-хэ),  Иоллуғ(уао-

1о-ко) сияқты атауларға сараптама жасауды жөн көрдік. 

 


      

І.  1.  Ұйғыр  қағанатын  құраған  тайпалардың  шығу  тегіне  байланысты 

қытай  деректерінде  көп  ақпарат  сақталған.  Осы  материалдарды  зерттеген 

зерттеушілер  ұйғырлардың  арғы  тегі  деп  атап  келген  сеп,  гао-чэ,  дин-лин, 

телэ,  чилэ,  т.т.с.с  тайпаларды  түрік  этносынан  бөліп  алып  қарастырып 

келген-ді.  Сондықтан  біздің  тарапымыздан  гао-чэ,  дин-лин,  телэ, 

проблемасына сараптамамызды жүргізуді жөн көрдік. 

1.1.  Биік  арбалы  гао-чэ  (као-кіu)  Динлиндерге  (Ting-ling≈tieng-lieng) 

байланысты қытайдың ХШ (бөлім. 96А), ШЦ (б.123), СТШ (б.221 Б), СШУ 

(б.14А),  ТД  (б.197),  ВСТК  (б.342),  ТПХЮЦ  (б.194)  түпдеректердегі 

ақпараттарды  саралап  сараптаған  Чэн  Чжумянь  (39.  913б),  А.Г.Малявкин 

(18.с.201-202,  К.355,356);  Б.Еженханұлы  (23,  47-49б;  К.157;-56б,к.1)  сияқты 

ғалымдардың  жасаған  тұжырымдамасы  түрік  текті,  түркі  тайпалар  одағы 

екенін дәлелдеген. 

1.2.    Тһіәк-lәк  (чилэ=чили),  Ті-lint’lәk-іәk  (тили),  Th`e-lo~t`iәk-lәk 

(теле),    tek-lek  (terek)  атауға  байланысты  қытайдың  СШу  (б.199Б),  ЦТШ 

(б.96), СТШ (б.217), БШУ (б.103) деректеріне сүйене отырып, әлемнің белгілі 

синологтары  Ж.Р.Гамилтон  (5,  23-64),  Чэнь  Чжумянь  (39,  679-

680,692,715.б.б),  Мори  (21,  р.53),  Т.Ханэда  (35),  Х.Мацуда  (39), 

А.Г.Малявкин  (17,  с.83,к;  29;  92,148),  Б.Еженхан  (23,  56  б,  к,1)  сараптама 

жасады.  Олар,  чили  (чилэ),  теле  (тили~тегрек)  атаулары  әртүрлі  кезеңде  әр 

қилы жазылып келген түрік деген атаудың қытай иероглифімен белгілеген әр 

түрлі  жазылымы.  Қытай  иероглифімен  шет  тілінің  атауларын  түсіру  өте 

күрделі  мәселе.  Шежіре  жазушы  немесе  тарихи  белгілеу  жазушы  қытай 

авторларына  шетелдік  жат  сөздер  қалай  естілсе  (жекелеген  авторға)  солай 

белгілей  берген.  Өйтсе  басқа  тілдің  дыбысын  қытайлық  автор  қалай 

қабылдаса,  солайша  белгілей  берген.  Осы  сөзіміздің  дәлелі  мынау:  Іліг 

қағанның  аты  қытай  нұсқаларында  20  түрмен,  «тегін  (tegin)»  атауы  49 

түрмен, «Өтүкен (őtűken)» атауы 15 түрмен жазылған.  

   Жоғарыдағы  ғылыми  сараптамалар  мен  зерттеулер  б.з.б  биік  арбалы  (гао-

чэ=kao-kiu) динлиндер, кейінгі тили, / чилэ; тили-теле, тегрек / terek атулары 

«түрік»  атауының  әр  кезеңде  әртүрлі  жазылып  сақталған  формасы  деп 

түсінгеніміз жөн сияқты. 



ІІ.    2.1. Орталық Азияда ертеорта ғасыр дәуірінде шығысы Хянганнан 

батысы Алтай-Саян, Тарбағатай аймағында түркі текті қалың ұсақ тайпалар 

мекендеді.  Ол  тайпаларды  қытай  дерегінде  у-ху,  у-гэ,  юань  хэ,  вэй-хэ  деп 

белгілеген.  Бұл  атауларды  әлемнің  белді  де  белгілі  синолгтары  В.  Томсен 

(1896,  с.148),  Э.Пуллинблак,  Ж.Р.Гамилтон,  К.Маккерас  сияқты  ғалымдар, 

сол  дәуірдегі  қытай  иероглифтерінің  дыбысталу  оқылымына  бейімдеп 

жасаған  В.Карлгреннің  (Kаrlgren.1964)  транскрипциясын  пайдалана  отырып 


жоғарыдағы  тайпалар  атауының  транскрипциясын  жасаған  еді.  Онда;  uo-

γuәt~wou-ho~*у-ху;  uo-γuo~*wou-hou~*у-гэ;  jiwan-γuәt~*yuan-ho~*ювэньхэ; 

wou-hou~*wei-ge ~вэй-гэ. 

Мұндағы транскрипциялар дыбысталу жағында, тарихи деректік жағынан да, 

атаудың  этникалық  және  саяси  жағынан  да  алып  қарастырғанда  “oγuz”  деп 

жаңғырту  “ujγur”  деп  оқуға  қарағанда  анағұрлым  жақын  әрі  дөп  келетінін 

көрсетеді.  Осылайша  жаңғыртпа  жасауды  Жапон  ғалымы  Т.Ханэда  (35, 

рр.157-324),  Қазақстандық  талантты  жас  ғалым  Ж.Ошан  (22,  476  б), 

С.Харжубай  (29,  23-63  б.)  Т.Зәкенұлы  сияқты  қазіргі  заман  синологтар  мен 

түркологтар  ұсынып  келеді.  Орталық  Азиядағы  бұл  ұсақ  тайпалар  (гао-чэ), 

динли,  тили,  теле,  деген  деген  атаумен  қатар,  Хань  дәуірінен  бері  үзілмей 

wou-wan,  uo-γuon  (у-ху,  у-гэ)  деген  атаумен  қытайдың  тарихи  деректерінде 

белгіленген.  

Хан  патшалығының  дәуірінде  wou-wan,  uo-γuon  тайпаларының  аты 

аталады.  Бұл  тағы  да  “oγuz”  атауының  б.з.б.  хатқа  түсіп  белгіленуі. 

Мұсылман  деректерінде  “γūz,  γuzzi”;  Византия  деректерінде  “uz”  деген 

түрмен белгіленген.  “Oγuz”  атауының этимологиясымен И.Маркварт (oq-оқ,  

-uz-адам), 

А.Немет 

(oq-оқ, 


–“z”-қандай 

бір 


жұрнақ), 

О.Прицак 

(oq[loqu]=оқ,тайпа),  Л.Базен  (őgűz-жас  бұқа),  М.Будберг  (ugur  –мүйіз,  oγuz-

мүйізді ат), П.Пелио (оγuš~oguz=әулет) деген зерттеулерден кейін Д.Банзаров 

(  oq-ру,  -“uz”-көптік  жалғауы-      ,  с.184)(14,  84)  деген  анализ  жасап,  «оγuz» 

сөзінің  мағанасы  «тайпа»  екенін  дәлелдеп  берді.  Бүгінгі  күні  барлық 

түркологтар Д.Банзаровтың тұжырымдамасын толық қабылдады. Ежелгі Хан 

дәуірінен  б.з.  VI-VII  ғғ.  дейін  бүгінгі  Монгол  даласында  “oγuz”  деген 

жалпылама атаумен аталған ұсақ түркі тайпаларының жиынтық атауы. Кейін 

бұл  қалың  “oγuz”  тайпалары  әртүрлі  қуатты  тайпалардың  құрамына  еніп 

іріктеле  отырып,  соңында  Тоғыз-оғұз  конфедерациясына  біріккен.  Күш 

қуаты  нығая  келе  осы  “oγuz”  тайпалары  Кіндік  Азияға  билік  жүргізу  үшін 

Қыпшақ  конфедерациясымен  бәсекелесе  бастады.  Кіндік  Азияның  көшпелі 

түрік тайпаларының ішінде оғұз тобы мен қыпшақ конфедерациясынан басқа 

тайпалар Орталық Азия аймағына билік жүргізуге дайын емес еді. 

2.2.  Кіндік  Азиядағы  бүгінгі  Моңғолия  Республикасының  жерінде  б.з. 

І-Х.ғғ  теле  (түрік)  тайпаларын  Көк  түріктердің  өздері  жазып  қалдырған 

Күлтегін,  Білге  қаған,  Тұй-ұқұқ,  Онгин,  Тэс,  Теркін  т.т.с.с  ескерткіш 

мәтіндерінде  Тоғыз-оғұз      деп  көктасқа  қашап  тұрып  жазып  қалдырған. 

Оғұздың ұсақ тайпалары бір тудың астына бірігіп, өздерінің атауына «тоғыз» 

сандық  символын  қосып  атап,  «тоғыз-оғұз»  атауын  қалыптастырды. 

Оғұздардың  өздері  қалыптастырған  осы  атауды  ҮІ-ҮІІ.ғғ  бастап  «тоғыз» 

деген сандық артикул қытайдың ресми деректеріне енгізілді. Кейін б.з. 744-


745  ж.ж  Уйғыр  қағанатын  орнатушылар  осы  тайпалық  одақ  екенін 

дәлелдейтін тарихи ақпараттар жақсы сақталған. Бұған байланысты бірнеше 

тарихи деректерді алға тартуға болады. Онда:  

а) Ұйғыр қағанатының 824-жылдары Орда тарапынан тұрғызған Ай Теңірде 

Құт  болмыш  Алып  Білге  қаған  ұстынының  соғды  нұсқасының  екінші 

жолында;  «Ұлы  Түркілердің  әлем  билеушісі  Ай  Теңірде  Құт  болмыш  оғұз 

ханзадаларына  (wγwztykyn’wk’)  өгелеріне  (абыздарына)  осы  мәңгітас 

(ескерткіш)  тұрғыздық»  (Ov.sogd.2)  деген  ақпарат  жазылған  Соғд  мәтінінің 

үшінші жолында «тоғыз-оғұз Ел-өгесі (δw(’wz)’ wγwz ‘yl’ ‘wk’sy ‘l-p ynčw pγ 

trγan)  Алып  Ынанчу  Баға-тархан»  (Ov.sogd.3)  деген  дерек  және  сақталған. 

Бұл  тарихи  деректер  Ұйғыр  қағанатының  билеуші  тайпасы,  қағанаттың 

титулдық  тайпасы    “oγuz”  –дар  соның  ішінде  тоғұз-оғұздар  екенін 

дәлелдейді.  Дәл  осы  сөйлем  осы  ұстынның  қытай  мәтінінде  былайша 

қайталанады:  «Тоғыз-құзқұр  (қырғи)  Ай  Теңірде  Құт  болмыш  Алып  Білге 

қағанның  киелі  жазу,  қасиетті  қару  ескерткіші»  (Ov.china.1.)  .  Соғды 

мәтінінде  «оғұз»,  «тоғұз-оғұз»  деп  ақпаратты  анықтап  тұрып  қайталап 

берген.  Мұның  сыртында  760  жылы  тұрғызған  Ұйғырдың  Ел-етміш  Білге 

қаған  ұстынына  «тоғыз-оғұз,  он-ұйғур»  (МШУ.І.1)  деп  жазылған.  Әуелі 

«тоғыз-оғұз»  одан  соң  ғана  «он-ұйғур»  атауы.  Бұл  нақты  деректер  Ұйғур 

қағанатын орнатушы билік тайпасы тоғыз-оғұздар екенін даусыз дәлелдейді.  

Б.з.  ҮІ-ҮІІІ.ғғ  аралығында  Кіндік  Азиядағы  ұсақ  тайпалардың  күш 

қуаты  артып,  экономикасы  нығайған  сайын  өз  ара  бәсекелестікке  түсе 

бастаған.  Осы  кезеңнен  бастап  өздерінің  қуаттылығын,  толысқандығын 

көрсетіп,  басқамен  терезесі  тең  тайпа  екенін  паш  ету  үшін  түркі  монғол 

халықтарының дүние танымында қасиетті саналған « 9 (тоғыз)» санын тайпа 

атауына артикул ретінде қосып атай бастаған (9. р.279). Түріктермен монғол 

халықтары  басқаға  сый  ұсынса  тоғыз-тоғыздан  береді.  Қыз  ұзатса  тоғыз-

тоғыздан  жасауын  жасайды.  Айдың,  күннің  құбылысын  тоғыз  амалмен 

есептейді.  т.т.с.с.  Сондықтан  тоғыз  символдық  атау.  Тоғыз-оғұз  аталған 

тайпалардың саны тоғыз емес мүмкін одан да көп. Сөйтіп ұсақ тайпалардың 

өзара  бірігуі,  бір-біріне  кірігуі  арқылы  нығайып  тайпалық  одақ,  тайпалық 

бірлестік  дәрежесіне  жеткенін  анықтайтын  саяси  «тоғыз-оғыз»  атауы  пайда 

болған (26. р.42).          

  

Тоғыз-оғұздардың  Хань,  Вэй  патшалығы  заманында  «цзю  син  телэ» 



(тоғыз-оғұз  теле)  деп  атап  келген.  Жоғарда  көрсеткеніміздей  қасиетті  тоғыз 

санын бір ғана Оғұздар емес, Орталық Азиядағы басқа Түркі тайпалары осы 

сандық артикулды тайпа атауына қосып жазу дәстүрге айналған. Түркілердің 

өздерінің айтуы бойынша қытай шежірелеріне енгізген. Онда: 

Тоғыз-оғуз теле (цзю син телэ) 


Тоғыз-оғуз         (цзю син) 

Тоғыз-оғуз түрік (цзю син туцзюе) 

Тоғыз-оғуз едіз (цзю син седе) 

Тоғыз-оғуз қырғыз (цзю син цзян кунь) 

Тоғыз-оғуз татар (цзю син да-да) 

Тоғыз-оғуз басмал (цзю син ба-си-ми) 

Тоғыз-оғуз алты чуб шоғдақ  (цзю мин лю ху чжоу) 

Тоғыз-оғуз  қу (цзю син хунь) 

Тоғыз-оғуз  соғд (цзю син ху чжоу) 

Тоғыз-оғуз  тоңра (цзю син тунло) 

Тоғыз-оғуз  сығыр (цзю син сыцзе) 

Тоғыз-оғуз   байырқу (цзю син ба-е-гу) 

Тоғыз-оғуз   абыз (цзю син абусы) 

Тоғыз-оғуз   қарлұқ  (цзю син гэ-ло-лу) 

Ол  дәуірде  тоғыз  санынан  басқа  үш,  отыз,  он  сандарын  тайпа  символына 

айналдырған. Мысалы:  

Үш тұғлұғ түрік = Көк түрік ордасының билеуші тайпасы-қыпшақтар. 

Үш қарлұқ - қарлұқтың үш тайпасы. 

Отыз-оғуз - Сырдария бойының түркі тайпалары. 

Сегіз-оғуз /сегіз байырқу/  

Отыз-татар – Шығыс Монғол даласындағы монғол тайпалары. 

Үш ыдуқ татар – Монғолдардың алтын ұрпағының үш тайпасы. 

Кейін Х ғ сандық артикул алу дәстүрі бәсеңдей бастаған. 

      


ІІІ. 3. Қытайдың Таң патшалығының ресми шежірелерінде (СТШ.217; 

СТS.195,7а,11;  Цэфу  юань  гуй  (ЦФЮГ.  976;) 

  деп  жазылған 

иероглифті  зерттеушілер  уо-wo-kо  немесе  yao-lo-ko  деп  транскрипциялап  

«jаγlaqar (yaγlaqar)» деп жаңғыртып келген еді. Ғылыми әдебиеттерде осылай 

қалыптасып  қалды.  Біздің  тарапымыздан  осы  жаңғыртпаға  сын  көзбен 

қарауға тура келді.  

3.1. Қытайдың жоғарыдағы түпдеректері мәтінінде 

 деп 

жазылған  иероглифтерге  sin  yo­lo­ko  chi  деп  транскрипция  жасалады. 



Алғашқы  иероглиф 

  (sin)  «тек,  ататек»  деген  мағына  береді.  Соңғы 

иероглиф 

  (chi)  ру,  фамилия,  шығу  тегін  білдіреді.  Олай  болса  yo­lo­ko 

деген  рудың  атауы  ту  баста  бұл  дүниеде  өмір  сүрген  жеке  тұлға  болып 

шығады. Ол, жай бір адам емес аты шыққан тұлға болғандықтан есімін бүкіл 

бүтін ру, тайпа алып, ру, тайпа атауына айналдырған. Демек, yo­lo­ko деген 

қытай  иероглифімен  белгіленген  атауды  түркі  тілінің  тілдік  нормасына 



түсіргенде, бұған дейінгі зерттеушілер jаγlaqar (yaγlaqar) деп оқыған. Біз бұл 

атауды  Көне  түркі,  Ұйғур  текстілерінен  іздестіргенде  бірде  бір  қағанның 

атауы  кездеспеді.  Моңғолиядан  табылған  Сүжі  мәтінінде  «jаγlaqar  qan  ata» 

(яғлақар  хан  ата)  деген  жеке  тұлғаның  аты  аталады.  Бұл  тұлға  б.з.  824-840 

жылдар аралығында өмір сүрген. Ал біздің сөз етіп отырған ру, тайпамыз б.з. 

606  жылдары  оғуз  тайпаларын  бастап  Түрік  қағанатына  қарсы  көтерілген. 

Міне,  сол  себептен  біз  бұл  иероглифті  түркі  тілінің  тілдік  нормасына 

түсіргенімізде  Иоллуғ  (jolluγ)  деп  жаңғыртуды  жөн  көрдік.  Осы  мәселеге 

байланысты  байырғы  түріктердің  өздері  жазып  қалдырған  мәтіндерінің 

деректерімен салыстыра қарастырайық.  

3.2.  Соғд  мәтінінің  3-жолында  «Тоғыз-оғуз  Ел-өгесі  (абызы)  Алп 

Ынанчу  Баға-Тархан,  Иолығ  Ұлық  өтүр  Баға-Тархан,  Иолығ  Ұлық  Құтлұғ 

Баға-Тархан  жазуды  жазды.  ...  ұлық  киелі  жазу»  (...γ(w)`δw(`wz)  `  wγwz  ` 

yl`wk`sy `l-p ynčw pγ trγn, y(w)l-γ `wl`wk `wtyr pγ` trγan, ywl-γ `wl`wk γwtl-wγ 

p[γ`trγ`n (yp)l, p-šδ(k)w [s]rδ pc(yp)y...)(Ov.Sogd.) (Бұл сөйлемнің түпнұсқасын 

қайта  қарап,  біздің  тарапымыздан  редакцияланды)  деп  ескерткіш 

ұстынындағы  үш  жазуды  үш  адам  жазғанын  мәлімдеген.  Сонымен  қатар 

тоғыз-оғуздың  Ел-Абызы,  екінші  және  үшінші  адам  тоғыз-оғуздың  иолығ 

тайпасы  немесе  хан  әулетінің  өкілдері  екенінен  ақпарат  берген.  Егер 

«jaγlaqar»  атты  тайпа  хан  руы  болған  болса  бұл  авторлардың  аты  мен 

лауазымының алдына «jaγlaqar» атауы жазылар еді. Олай болмаған. Бір мәрте 

емес,  үш  мәрте  қайталап  иоллугтар  әулетінің  жоғары  мәртебелі,  үлкен 

лауазым иелерінің аты құрметпен аталып отыр.  

 

Түрік қағанат заманында Баға-Тархан атағы Тұй-ұқұқ, Күлі-чор сияқты 



аса  беделді  ел-өгелеріне  (абыздарына),  қолбасшыларға  ғана  берілетінді. 

Мына  Соғд  мәтініндегі  дерек  Уйғур  дәуірінде  сол  дәстүр  жалғасын  тауып, 

билік  тайпасынан  шыққан  мәртебелі  көсемдерге  берілгендігінен  хабардар 

етіп отыр.  

3.3.  Теркін  ескерткішінің  1-бетінің  1-жолында  «  jolluγ  qaγan  ja[my 

qaγan]  bumyn  qaγan  üč  qaγan  olurmys=Жоллуғ  қаған,  Жа[мы  қаған],  Бумын 

қаған үш қаған иелік етті» (Теркін.І.1) деген ақпарат бар. Ұйгур қағандары өз 

қолдарымен жазып қалдырған бұл түпнұсқадағы Иоллуғ (Жоллуғ) қаған аты, 

оның әулетінің атау. Бұл атау әншейін жол-жөнекей аталып отырған жоқ.  

 

Теркін  мәтінінде  аты  бірінші  боп  аталып  отырған  Иоллуғ  қаған  атты 



мәртебелі  адам  Бірінші  Түрік  қағанатын  орнатқан  Бұмын  қағаннан  (545-

551жж.)  бұрын,  оның  алдындағы  Жамы  қағаннан  да  бұрын  б.з.  ІV-V 

ғасырларда оғуздардың биік арбалы (гао-чэ); телэ аталып жүрген кездегі ұсақ 

оғуз тайпаларының басын қосып хандық құрған хан болуы мүмкін. Осы ұлы 

адамның данқын, беделін алып жүрген оның тума әулеті кейін Иоллуғ атын 


алып, Иоллуғ руы қалыптасқан сияқты. Кейін қыпшақ-түріктері мен Орталық 

Азияға  билігін  жүргізу  үшін  бәсекеге  алғаш  құлшына  кірісіп,  оғуздардың 

(тоңра,  байырқу,  бұғы)  тайпаларымен  бірігіп  Ұйғур  (хуэй-хэ)  хандығын 

құрып,  одан  сәтсіздікке  ұшыраса  да  әлсін-әлсін  бас  көтерумен  жүздеген 

жылдар  бойы  (б.з.  470-744  жж.)  шайқасып,  нәтижесінде  Ұйғур  (Хуэй-хэ) 

қағанатын  құрды.  Біздің  осы  пікіріміздің  дәлелі,  Орталық  Моңғолиядан 

табылған Тэс (Тез) ескерткіш мәтінінде: «jolluγ aja (žolluγ aža) bašy olurty=Әз-

Жоллуғ басы (басшысы, бастаушысы) болды» (Тэс.17) деген ақпарат, алғаш 

Ұйғур  хандығын  орнатуға  Әз-Иоллуғтар  басшылық  еткенін  сөз  етіп  отыр. 

Тэс  мәтінінде  жай  бір  қағанға  емес  аса  құрметті,  мәртебелі,  ерекше  үлкен 

бедел  иесі  екенін  анықтайтын  «Әз  (aja~aža)»  эпитетін  қолдана  отырып  ол 

адамның  кім  екенін  хабардар  еткен.  Осы  сөздің  этимологиясына  көз 

жүгіртелік.  Мәтіндегі  «aja  (aža)»  лексемасы  күні  бүгінге  дейін  түркі 

халықтарының  тілінде  сақталып,  текті  атаның,  аса  құрметті,  қадірменді 

басшыларының,  көсемдерінің  атына  қосып  айтылатын  символдық  атау 

болып  қалыптасқан.  Қазақ  тарихында  Әз-Жәнібек  (алғаш  қазақ  хандығын 

орнатқан  хандардың  бірі),  Әз-Тәуке  деген  екі-ақ  ханның  есіміне  қосып 

айтылады.  

 

 Aja-  құрмет,  құрмет  көрсету,  алқау  (Аnalyt.in.,  Т  ІХ,  ТS  І.).  j~ž-ге 



ауысқан кезеңде  

Aža-  әже,  ата,  әке,  король  және  басқа  да  туыстық  атау  орнына  жүрген  (31. 

с.232). 

 

СТШ-дің  217  бумасындағы 



  деген  мәтінді  барлық 

синологтар  «Хуэйхэлердің  (Ұйғурлардың)  хан  әулеті  шыққан  руының  аты 

иологэ»  деп  аударып  келді  (3.  с.301;  23.331  бет).  Бұл  сөйлемнің  қытай 

иероглифіндегі  көрсетілген  астары  иологэ  деген  хан  болғандығын  білдіріп, 

сездіріп  тұрғандықтан  осылайша  аударып  келген.  Сондықтан  да,  Қытай 

дерегіндегі  Уо-wо-kо,  Уао-lо-kо  деген  транскрипцияны  «jaγlaqar»  деп  оқуға 

мүлдем келмейді. Оның тағы бір дәлелі, қытай тілінде «r» дыбысы жоқ болса 

да  «γ,  q»  дыбыстары  бар-ғой.  Соның  біреуі  қытайдың  иеороглифине  түсуі 

тиісті  еді.  Ол  да  жоқ.  Сондықтан  да,  қытай  нұсқасындағы 

  уао-lо-kо 

деген  атау  түрік  мәтіндерінде  сақталған,  Ұйғур  қағанатының  билік  тайпасы 

«Иоллуғ» деп оқуды жөн көреміз.  



IV. 4. «Ұйгур» этнонимі мен шығу тегіне, тарихына байланысты батыс, 

шығыстың әдебиеттерінде біраз деректер сақталған. Осы деректерді ғылыми 

айналымға түсіріп сараптаған зерттеулерде жеткілікті.  

4.1.  Әлем  түркологтары  мен  синологтарының  зерттеу  нысанына 

айналған  жәдігерліктерді  атасақ,  олар:  Рашид-ад-диннің  «жылнамалар 

жинағы», Ибн Хордадбектің «Жолдар мен мемелекеттер кітабы», Масудидің 



«Алтын  садақ  кітабы»  және  Ибн  аль-Асир,  Ибн-Халдунның  еңбектері,  Ата-

Малик  Жувейнидің  «Әлем  жаулаушысының  тарихы»,  Қытайдың  Юаньши 

(Моңғол империясының тарихы), Вэй шу (б. 103), СТШ (б.217), Цэфу Юань 

Гу  (ЦФЮГ),  Ляоши,  Сүй  тарихының  Pei-che  нұсқасы  (XVIII  ғғ.),  Түркі 

жәдігерліктері  КТ,  БК,  Тэс,  Теркін,  Туй-ұқұқ,  Орда-балық,  М.Қашқаридің 

«Дивани  лұғат-ит  Түрік»,  Ю.Баласағунның  «Құтадғу  білік»,  Әбілғазы 

Баһадүрдің  «Түрік  шежіресі»,  «Оғуз-наме»  сияқты  тарихи  жәдігерліктерді 

айтуға  болады.  Европа  бағытында  да  Ұйгұрлардың  шығу  тегіне,  тарихына, 

миграциясына байланысты біраз тарихи ақпараттар сақталған. Онда Клавдия 

Птолемей, Мойсей Хоренскии, Менандр (7) жазбалары бар.  

4.2.  Жоғарыдағы  тарихи  түпнұсқаларға  сүйене  отырып  бір  ғасырдан 

астам  уақыт  бойы  ғалымдар  «Ұйғұр»  атауына  байланысты  ізденісін 

тоқтатқан  жоқ.  Бұған  дейін  Ю.Клопорт,  В.Шотт,  Я.И.Шмидт,  А.Казембек, 

Г.Вембери, 

В.В.Радлов, 

Г.Е.Грумм-Гржимайло, 

Д.Банзаровтар 

түсініктемелер беріп, сараптамалар жасады (28. с.5-13).  

 

Ю.Клопорт «ujγur» атауы түрік лексикасынан екенін білдірсе, В.Шмидт 



керісінше  «ujγur»  этимологиясы  түркі  сөзі  емес  деген  қорытынды  жасаған. 

Ал, А.Казембек «ujγur» атауы түркі лексикасынан және мағынасы; көптеген 

түркі  тайпалары  бірігіп  бас  қосып  жиналып  бір  бүтін  болғанын  білдіреді-

десе,  Г.Вембери  «Ұйғур»  атауын  «Бірімен  бірі  бірігіп,  бейбіт,  қатар  өмір 

сүруші»  деген  мағына  береді  дейді.  «Ал  түріктер  Ұйғурларға  қарсы»  деген 

пікір  білдіреді.  В.Шотт  «Ұйғур»  атауы  моңғол  тілінің  «дзуйгурь»  деген 

сөзінен шыққан дейді. 1893 жылға дейінгі зерттеушілердің ішінде В.В.Радлов 

«Ұйғур»  этимологиясына  байланысты  іргелі  жұмыс  жасаған  ғалымдардың 

бірі  және  бірегейі.  Оның  «Құтадғу  білік»  тарихи  түпнұсқаның  алғы  сөзіне 

арнап жазған «К вопросу об Уйгурах» атты көлемді еңбегінде батыс, шығыс 

және  мұсылман  әлемінің  жәдігерліктерінен  Ұйғурдың  шығу  тегіне 

байланысты  үзінділерді  енгізе  отырып  «Ұйғур»  атауы  «Ұю,  бірігу, 

ынтымақтасу»  деген  мағына  беретінін  айта  отырып  былайша  түсіндіреді: 

«Как я уже раньше упоминалъ, древнейшая форма – по преимуществу здесь 

разсматриваемого  –  глагольного  корня,  у  наиболе  восточныхъ  тюркскихъ 

племенъ,  которыя  и  именовались  Уйгурами,  была  не  уй,  а  ут,  такъ  что 

прозвище,  если-бы  оно  было  восточно-тюркского  происхождения,  должно-

бы  было  произноситься  Уткуръ,  а  не  Уйгуръ,  и  лишь  только  впоследствии 

первая форма могла-бы превратиться въ последнюю. Между темъ у Уйгуровъ 

въ  Хами,  вплоть  до  XVI-го  века,  глаголь  ут  удерживается  въ  первобытной 

форме, как сие явствуетъ изъ уйгурско-китайского словаря азиятского музея 

Импер.  Академии  Наукъ,  здесъ  на  стр.100,  b  уйгурское  слово                     

 

(удуп 


кел) 

не 


едается 

китайской 

транскрипциею                           


;  на  странице  же  46,  а 

  (уйгуръ)  передается  знаками                           

,  (Хуй-гу-рь),  что  вполне  соответствуется  слову 

приведенному  Рашидъ-Эддиномъ  въ  ХІІІ  веке.  Такими  образом  является 



троякий  способ  толковать  проесхождение  прозвища  Уйгуръ»  (Вопросу  об 

Уйгурах.с.13).  

 

Ресей түркологиясының атасы атанған В.В.Радлов атамыздың еңбегіне 



әлем  түркітанушылары  аса  үлкен  құрметпен  қарайды.  Әлемге  белгілі  үлкен 

ғалымды сынайық деп отырған жоқпыз. Бұдан бір ғасыр бұрыңғы ғылым мен 

бүгінгі  ғылымның  арасы  жер  мен  көктей.  В.В.Радлов  атамызға  құрметпен 

қарай отырып, «ujγur» атауына лингвистикалық талдау жүргізуді жөн көрдік.  

4.3.  «Ujγur»  атауының  түбірі  «ud»  дегенге  келісе  алмаймыз.  Себебі: 

«Ud»  сөзінің  мағынасы  «ізіне  түсу»  (ДТС.605;  МШУ.16;  КТ.35,37.-VIII  ғ.). 

«Uj»  түбірдің  мағынасын  бере  алмайды,  әрі  алғашқы  формасы  да  бола 

алмайды.  VIII  ғасырда  «Uj»  түбірі  байырғы  түрік  лексикасында  молынан 

қолданыста  болған.  Бүгінгі  біздің  қолымыздағы  тілдік  деректердің  ең  көне 

нұсқасы Орхон-Енисей, Талас мәтіндері. Руникалық графикамен белгіленген 

бұл  жазбаларда  «uj»  түбірі  б.з.  VII-  VIII  ғасырларда  (көне  түрік)  лексика 

қорында  мол  кездеседі.  «Uja»  -  ұяа  (Е.15,28);  ujar-ынтымақшыл,  бірлікшіл 

(UА.І.2; Е.10,17,28,42, Тһs.ІІ.42), осы сөзге üjür-үйір лексаманың мағынасын 

қосып  қарастырыңыз.  Ujuš-ұйыс  (МК.І.268);  Осы  түбірлердің  барлығының 

мағынасы  «бірігу,  ынтымақтасу,  бір-біріне  қосылу»  дегенді  білдіреді.  Бұл 

сөздермен қатар uja qadaš-туыс (рулас бауырлар) (МК.І.86); uja qar-кіндіктес, 

ұялас, жатырлас (бір жатырдан шыққан туыстар) (Е.15

3

; Ю



г

В

291



; МК.ІІІ.146). 

Ал,  В.В.Радловтың  «d»-дыбысының  j  (у)-ге  ауысу  процессін  жоққа  шығара 

алмаймыз. Бұл б.з. VII- VIII ғасырдан кейінгі процесс. Мысалы: 

 

Adaq (VII- VIII ғғ.)→adaq (Х-ХІV ғғ.)→ajaq (ХІV-ХХІ ғғ.); 



 

Küdеgü (VII- VIII ғғ.)→ küdеgü (Х-ХІV ғғ.)→ küjеgü (ХІV-ХХІ ғғ.); 

 

Adγyr (VII- VIII ғғ.)→ adγyr (Х-ХІV ғғ.)→ ajγyr (ХІV-ХХІ ғғ.); 



Мұның сыртында б.з.VII- VIII ғасырларынан кейін j~ĵ~δ құбылысы, j~ž~ź~z 

және j~d~g~δ құбылысы жүрілген (32.с.294-296). 

 

В.В.Радлов  «ujγur» атауының  –γur жалғауының  мысалдарын  тірі  түркі 



тілдерінен келтірген. Бұл жұрнақ көне түркі тілдерінде де мол кездеседі. –γ (-

gür, -qur, -kür) каузативтік мағына беретін етіс. Мысалы: y+γyr-ығыр (КТ.29), 

ar+γur-қанғу,  жалығу  (МК.  І

225


),  arqur-turqur=онда-мында  итермелеу  (ТТ. 

381



),  ba+γur-бауыр  (ТТ.  ІV.А

6

;  QBH.140



22

),  ba+qur-бақылау  (МК.310

12

), 


be+kür-беку (ТТ.І

186


; Suv.305

16

). 



 

Бүгінгі қазақ тілінде alγyr, bilgir, süŋgir, üŋgir т.т.с.с. формасын анолог 

ретінде  алуға  болады.  Б.з.  VIІ-  VIII  ғасырдағы  байырғы  түрік  тілінің 


лексикалық  қорына  сүйене  отырып  «ujγur»  атауына  жасалған  бұл 

грамматикалық  сараптама  «бірігу,  ынтымақтасу,  ұйысу»  деген  мағына 

беретініне көз жеткіземіз.  

4.4. 


Қазіргі 

заман 


түркологтары 

Т.Ханэда, 

Э.Пуллабланк, 

Ж.Ж.Гамилтон,  Ж.Ошан  сияқты  ғалымдар  бұл  атауға  байланысты 

ұстанымдары  Рашид-ад-дин,  Әбілғазы  Баһадүрлердің  түсініктемесін 

бірауыздан  қолдап  оны  ары  қарай  дамыту  үстінде.  В.В.Радлов  заманында 

«Ұйғұр»  атауын  тайпа  атауы  ретінде  қарастырумен  қатар  оның  қолданыста 

болған  кезеңіне  көңіл  бөлмеген  еді.  Қазіргі  заман  түркологтары  оның 

кезеңіне,  дәуіріне  назар  салумен  қатар  этникалық  атау  емес,  саяси  атау 

тұрғысынан қарастырып келеді.  

 

Осы мақаланың ІІ тармағында алғашқы (б.з. 606-618 жж.) және екінші 



Ұйғур  хандығы  (б.з.  744-840  жж.)  орынағанда  ғана  оғуз  тайпалары  өз 

хандығының  атын  «Ұйғұр»  деп  атағаны  туралы  жалаң  түсінік  беріп  едік. 

Біздің осы пікірімізді Рашид-ад-диннің «Жылнамалар жинағында», Әбілғазы 

Баһадүрдің  «Түркі  шежіресінде»  жазып  қалдырған  екен.  Онда:  «В  то  время 

как  между  Огузам,  отцом  и  дядями  из-зи  поклонения  его  Богу  возникла 

вражда  и  они  начали  войну  и  битвы,  некоторые  из  родичей  Огуза 

соединились с ними и взяв его сторону, окозывали ему помощь и поддержку; 

некоторые  же  приняли  сторону  отца,  дядя  и  братьев  его.  Тем  которые 

соединились  с  ними  и  оказались  его  помощниками,  Огузы  дал  имя  Уйгур. 

Значение этого имени, каковое есть слово турецкое, по персидски будет «он 

соединился  с  ними  и  окозал  помощь  и  согласие»»  (28.  стр.33-34.  Об 

Уйгурах).  Рашид-ад-динде  тағы  да  былай  дейді:  «Когда,  как  упомянуто  во 

введении  книги,  Огуз,  сынь  Кара-Хана,  сына  Дибъ-Бакуя,  сына  Абулджа-

Ханъ Яфеса, сына Ноя – да будет над ним мир! – бился и сражался с дядями, 

братьями  и  племенниками  из-за  того,  что  он  был  исповедующимъ 

единобожие, некоторые изъ нихъ оказали ему помощь, других он победил и 

покорил  области,  и  устроил  великое  собрание  и  обласвал  родственников, 

начальников и воинов и горсти родственников, которая оказала ему согласие, 

даль имя Уйгур; значение слова этого в турецком языке есть «соединяться и 

оказывать помощь». И имя это придавали вообще той горсти, ветвям, детям и 

роду  их.»  (28.  стр.39).  Әбілғазы  Баһадүрдің  «Түркі  шежіресінде»:  «Огузъ-

Ханъ  даровал  им  наименование  Уйгур.  Уйгур  –  тюркское  слово,  значение 

которого  известно  всему  миру  –  оно  означает  «сторонник  (япышгур)». 

Говорятъ:  молоко  створаживается  (уюнды)  –  покуда  молоко  остается 

молокомъ, отдельныя  его  части  отделены друге  отъ  друга,  но  когда  молоко 

свернется,  его  отдельныя  частицы  сплачиваются,  соединяются  вместе»  (28. 

стр.54). 


 

«Жылнамалар  жинағын»  дүниеге  әкелген  Рашид-ад-дин  басқарған 

шежіре  жасаушы  топ  түркі,  моңғол  халықтарының  ішінен  таңдап  алынған, 

көзі  ашық,  көкірегі  ояу,  қолында  дерегі  бар  шежіреші-тарихшылардан 

құралған еді. Сол шежіреші, тарихшылар ХІІІ ғасырдың екінші жартысында 

өмір сүріп тұрып, өздерінен 7 ғасыр немесе 700 жыл бұрын қытайдың Сүй, 

Тан шежірелерінде жазылып хатталған тарихи оқиғаларды (б.з. 606-618 жж; 

740-841  жж.)  түйіндеп  «Жылнамалар  жинағына»  енгізген.  Егер  сол 

шежіреші,  тарихшылардың  қолында  жазба  дерек  болмаған  жағдайда 

ұрпақтан-ұрпаққа  ауызша  жалғастырып  жеткізген  жағдайда  тарихи-

ақпараттар  аңызға  айналып  кетер  еді.  Мұндағы  Диб-Бакуя,  Абдулджа-хан, 

Яфес,  Ноя  сияқты  атаулар  араб-парсы  әсерімен  Рашид-ад-дин  заманында 

қосылған  есімдер.  Өйткені,  ол  дәуірде  орта  Азия  түркілері  мен 

парсыларының  дүниетанымының  идеологиясы  Ислам  діні  болды. 

Жоғарыдағы  ақпараттағы  тайпалар  арасындағы  төбелес,  шайқас,  соғыс, 

шабыс,  әлдісі  әлсізін  басып  алып  біріктіру,  топтастыру  сияқты  көшпелі 

тайпалар  арасындағы  әдеттегі  оқиғалар  сол  қалпымен  тарихта  жақсы 

баяндалған.  Б.з.  І-Х  ғасыр  аралығы  Орталық  және  Орта  Азияның  түркі, 

моңғол,  манчжур,  тивет  тайпалары  өз  ішінен  соғысып,  бірін-бірі 

бағындырып, күш жинап жеке дара ел болып, мемелекет орнату жолындағы 

ұлы  жіңгір  соғыс,  аласапыран  айқас  заманы  еді.  Осы  оқиға  қытайдың 

династиялық  шежірелерінде  де,  мұсылман  әлемінің  саяхатшылары  мен 

тарихи түпнұсқаларында да кеңінен орын алып, тарихи оқиғалар аз да болса 

жазба дерекке түскен.  

 

Рашид-ад-диннің біз сөз етіп отырған екі дерегінде де Оғыз тайпалары 



арасындағы  билік  үшін,  дін  үшін  жүрілген  шайқастың  нәтижесінде  өзара 

бірігіп, 

бірлесіп, 

келісімге 

келгіп, 

елін 


ұйыстырып, 

хандығын 

орнатқандығын,  ол  хандыққа  Оғуздар  (оғуздардан  басқа  ешкім  емес) 

«Уйғур»  деп  атау  бергенін  жан-жақты  жазып  қалдырған.  Бұл  ақпаратты 

қытайдың династиялық шежіресі (Вэй шу,б.103; СШу.б.84; СТШ.б.217) қабат 

растайды.               Қытай дерегінде Оғуз (у-ху, у-гэ, вэй-гэ) тайпаларының 

ішінен Иао-ло-ко (Иоллуғ) деген хан әулетінің руы осылардың басын қосып 

ел болуына бас болғанын, соның нәтижесінде хандық орнатып, оны Хуэй-хэ 

(ujγur)  деп  атағанын  сөз  етеді.  Қытай  деректерінің  бұл  ақпараты  Оғуз 

тайпалары  Ұйғұр  хандығын  орнатқанын,  хандықты  «Ұйғур»  деп  атағанын 

осылайша  жазып  қалдырған.  Қытай  иеороглифіндегі  «Хуэй-хэ»  (

атауының Хэ ( 



  )-  «ұйысқан, тұтасқан жібек» деген  мағына  береді  (22.476 

б.). Ал, Рашид-ад-дин дерегінде:  

а)  uуγur  (ujγur)  деген  түрік  атауының  парыс  тіліндегі  мағынасы  «bеһеm»-

бірігіп ынтымақтасу (5.s.39).  



б)  «ujγur»  атауының  парысша  мағынасы  «bеtã»-олар  бізге  бірікті,  біз  көмек 

көрсеттік (5. s.39). 

Әбілғазы  Баһадүрде  «Сүттей  ұйып  бірігу».  Осы  екі  түпнұсқада  да  Оғуз  хан 

(немесе  оғуздар)  «ujγur»  деген  атауды  бергені  туралы  бұлтартпас  дерек 

болып  табылады.  Аталмыш  мұсылман  деректері  бұл  мәлімет  арқылы 

«Ұйғур»  династиясын  орнатушылар  Оғуз  тайпалары  екенін,  қағанат  атауын 

Оғуздар бергенін  дәлелдеді. Онымен қатар қытай нұсқаларындағы (Вэй шу, 

б.103;  СШу.б.84;  СТШ.б.217)  ақпараттарында  ұйғур  деген  тайпаның  аты 

аталмайды.  МШУ  ұстынындағы  «он-Уйғур»  атауы  «тоғыз-Оғуз»  деген 

атаудан  кейін  хатталған.  «Он»  деген  сандық  артикул  он  тайпадан  құралған 

деген  мағына  бермейді.  Бұл  қытай  мәдениетінің  әсері.  Қытай 

дүниетанымында  «он  (Х)»  сандық  символ  қасиеттілікті,  құттылықты,  ел 

дәрежесіне көтерілгендікті білдіреді. Сондықтан да, Ұйғур қағанат билігі Тан 

патшалығымен  жақсы  қатынасқа  көшкеннен  кейін,  өзінің  күш-қуатының 

артқандығын,  ел  болғандығын  білдіру  үшін,  оны  Қытай  патшалығына 

мойындату  үшін  «Он»  сандық  символды  «Ұйғур»  деген  саяси  атауға  қосып 

қолданған.  

 

«ujγur»  атауына  байланысты  тағы  бір  назар  аударатын  дерек  Махмуд 



Қашғари  сөздігінде  сақталған.  Онда:  «Ұйғур  –  бес  шаһарлы  бір  елдің  аты. 

Зұлхарнайн  Түрік  қағанымен  келісімге  келгеннен  кейін  қалаларды 

салдырған.  Маған  (М.Қашғариге)  Мұхамед  Жақыр  Тоң  қаған  ұлы 

Низаметдин  Исрафил  бабасынан  естігендерін  былайша  баяндап  берді: 

Зұлхарнайн  Ұйғур  еліне  жақындап  келгенде  Түрік  қағаны  оны  қарсы  алуға 

төрт мың адам аттандырды. Олардың бас киіміндегі қанат, құдды сұңқардың 

қанаттарындай  еді.  Оқты  алды,  артына  бірдей  атады  екен.  Зұлқарнайн 

бұларға  қайран  қалып  былай  депті:  «ĩnan  huz  hurand»-олар  өздерін  өздері 

асырайтындардан екен. Басқаның асына ортақ болмайды. Бұлардың алдынан 

аң қашып құтыла алмайды. Қаласа атып алып ауқаттанып кете барады. Содан 

кейін бұл ел «huz hur» атаныпты мыс» (МК.І.111-113). 

 

Бұл  ақпаратты  аңыз  қабатынан  тазалап  тарихи  деректерін 



пайдалануымыз  керек.  Зұлқарнайн  Орталық  және  Орта  Азияға  келген  жоқ. 

Бес шаһарды да ол тұрғызған жоқ. Бұл аңыз. Бүгінге дейін бізге жеткен бас 

киімдердің  арасында  құстың  қанаты  сияқты  тымақ  болған  жоқ.  Демек,  бас 

киімге  қадаған  қаурсын  үкі  болған.  Бас  киімге  байланысты  ақпарат  та 

осылайша 

жартылай 

аңызға 

айналған. 



Қытай 

династиясының 

түпнұсқаларында осы мәселеге байланысты нақты дерек сақталмаған.  

 

Б.з.  779-789  жылдары  Біріккен  Түрік  қағанатының  (Ұйғур)  қағанат 



тағында  болған  Тон  Баға  Құш  Құтлұғ  Білге-қаған  (Қытай.  Дун  Мо-хэ) 

заманында әуелі Тан патшалығымен арада келіспеушілік пайда болып, одан 



соң  Таң  патшалығының  арнайы  адамдары  кешірім  сұрай  келеді.  Осы 

ыңғайлы сәтті пайдаланып Таң патшасына бірнеше талап қойып, арнайы хат 

жолдайды. Талаптарының бірі «Тан патшалығы біздің халықтың атын хатқа 

түсіріп  келген  Хуэй-хэ  (

)  деген  атын  өзгертіп,  оның  орнына 

халқымыздың  қырғи  іспетті  қағлез,  қыран  екенін  бейнелеп  білдіру  үшін 

бұрынғыдай «Хуэй-хэ» емес «Хуэй-гу» (

) деп жазсаңыздар екен»-дейді. 

Бұл тарихи дерек қытайдың СТШ.б.217,  ««Тан Хуэй» ЯО.96; «Цэ Фу Юань 

Гу»,976.» сияқты ресми құжаттарында хатталған. Тон Баға Құтлұғ қағанның 

белгілеген қытайша «Хуэй-гу» транскрипциясы байырғы түрік лексикасында 

сақталған  «qyrγu»  (қырғи)-шапшаң  ұшатын  қыран  құстың  атауы  (Тұй.27). 

Qyrγu  (қырғи)  сөзінің  қытай  аудармасындағы  дыбыстық  және  бейнелеу 

үйлесімі  қандай  деңгейде  дөп  келгені  туралы  синолог  Ж.Ошан:  «Сонымен, 

Таң патшалығы дәуіріндегі «хуэйхэ» және «хуэйху» деген транскрипциялар 

«ұйғур»  деген  сөздің  транскрипциясы  емес,  ол  М.Қашғари  айтқандай, 

«ұйғур»  сөзінің  төркіні  болған  «хұзхұр»  сөзінің  қытайша  транскрипциясы 

болуы  тиіс.  Мұнда  қытайлар  тарапынан  жасалған  алғашқы    транскрипция 

болған  «хуэйхэ»  бұл  қытайлардың  ұйғыр  сөзінің  сол  тұстағы  атауына 

жасаған  бастапқы  кездегі  транскрипциясы  болып  шығады,  ал  келесі 

транскрипция  «хуэйху»  болса,  М.Қашғаридің  жазып  қалдырған  «хұзхұр» 

сөзінің  транскрипциясы  мен  мағыналық  аудармасы  шеберлікпен  үйлесім 

тапқан жаңаша үлгісі болып табылады. Себебі, «хуэйху» транскрипциясының 

өн-бойынан «хұзхұр» сөзінің дыбысын да, бұл сөздің лашын, сұңқар, қырғи 

сияқты қыран құспен қатысты мағынасын да табудың мүмкіндігі табылады.» 

(22.479 б.) деген қорытынды жасаған.  

 

Салыстырып қарасақ, қытай жылнамаларында сақталған, нақты тарихи 



дерек  ұйғур  зиялыларының  санасында  толық  сақталғанын  көреміз.  Демек, 

ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткендіктен аңыздың мотивтері кіріп кеткен.  

 

Б.з.  ХІ-ХІV  ғасырларда  Бесбалық,  Қарақожа,  Куча,  Турфан, 



Қашғардағы  Идықұт  ұйғырларына  транссаксон  мәдениетінің  әсері  күшейіп, 

Ұйғур  атты  халық  қалыптасқаннан  кейінгі  Қытай  деректерінде  «вэй  ву  эр» 

(

),  вэй  ву  (



),  вэй  ву  (

),  вэй  ву  (

),  гюй  гу  (

),  ву  юй 

(

),  вай  ву  (



)  деген  иеораглифпен  Ұйғур  атауын  белгілеген  (22.  476 

б.).  Сөйтіп,  моңғол  даласынан  жер  ауған  Ұйғурлар,  Ұйғур  қағанат  атауын 

Шығыс  Түркістанға  алып  барып  сондағы  отырықшы  халықтардың  басын 

қосып Ұйғур атын беріп, Ұйғур халқын қалыптастырған.  

 

Демек,  Моңғол  даласында  пайда  болған  Ұйғур  қағанаты  түрік  текті, 



түркі  тілді,  түркі  халқы.  Бұл  қағанат  ертеорта  ғасырдағы  үшінші  түрік 

қағанаты болған деген тұжырым жасауымызға болады.   

 


 

 

Пайдаланылған әдебиеттер  

 

1.

 



Банзаров Д. Об ойратах и уйгурах. //Собрание сочинения. 1958,с.184 

2.

 



Бартольд В.В. Сочинения. Т. ІІ. Ч. І. –М., 1963.  

3.

 



Бичурин Н.Я. Бичурин Н.Я. (Иакиеф). Собрание сведений о народах, обитавших в 

Средней Азии в древние времена. Т.І. – М.-Л., 1950. 

4.

 

Bazin L. Les calendriers turc anciens et medievaux. Lille, 1974 



5.

 

Hamilton J. Toquz-oquz et on-uyγur// JA. 1962.T. 250. 



6.

 

Грумм-Гржимайло.  Западная Монголия и Урянхайский край. Т. II. Л.., 1962. 



7.

 

Дестунис С. Византийские историки. СПб. , 1860. 



8.

 

Зәкенұлы  Т.  Көне  Түркі  ескрткіштеріндегі  Қытай  жазбалары.ҮІІ-ХІІ  ғғ.  Өскемен. 



2008. 

9.

 



Czeglédy K. On the numerical composition of the ancient Turkish tribal confederatin // 

AOH. 1972. T. XXV. 

10.

 

 Jutaka  Joshida.  Some  new  reading  of  the  Sogdian  version  of  the  Karabalgasun 



inscription  //  Documents  et  archives  provenant  de  l’Asie  Centrale.  Edite  par  Akiza 

Haneda. Kyoto.1990. 

11.

 

 Karlgren B. Gramata Serica Resensa. Gőteberg, 1964. 



12.

 

 Катаяма  А.  Токуз-окуз  то  «кюсей»  но  сомёндай-ни  цуите  (О  проблемах 



касающихся токуз-огузов и девяти фамили ) //Сигаку дзасси. 1981. Т. 90. №12. 

13.


 

 Klaproth J. Sur quelques antiquites de la Sibirie// JA. 1823.T. II. 

14.

 

 Кононов.  Родословная  туркмен.  Сочинение  Абу-л-Гази,  хана  Хивинского.  -М-Л., 



1958.  

15.


 

 Liu  Mau-tsai.  Die  chainesischen  Nachirichten  zur  Geschichte  der  Ost-Türken.Bd.  I-II. 

Wiesbaden, 1958 (Gottinger Asiatischer Forchungen.Bd.X). 

16.


 

 Лю Мэйсун. Ұйғырлардың өз атын “құйғыр” деп өзгертуі жайында.1980,№1.-103б. 

17.

 

 Малявкин А.Г. Историческая география Центральной Азии. -Новосибирск. 1981.  



18.

 

Малявкин А.Г. Танские хроники о государствах Центральной Азии. Новосибирск, 



1989. 

19.


 

 Малявкин А.Г. Уйгурские государство в IХ-XII. в.в. Новосибирск.1983. 

20.

 

 Mackerras C. The Uighur Empire (744-840) According to the T’ang Dynastic Histories. 



Canberra. 1968. 

21.


 

 Мори  М.  Кодай  торуко  миндзоку  си  кенную  (исследоваения  по  истории  древних 

тюрков). Токио. 1971. 

22.


 

  Ошан  Ж.  Хуэйхэ,  хуэйху  және  хузхур  //  Еуразияшылдық  идеасы  контексіндегі 

Қазақстан  түріктануы  (халықаралық  ғылыми-теориялық  конференцияның 

мақалалар жинағы)       -Астана. 2009. 

23.

 

 Ошан  Ж.  Еженханұлы  Б.  Қазақстан  тарихы  туралы  қытай  деректемелері.  ІҮ  том. 



Әулеттік тарихи жылнамалар 2-бөлім. Алматы.2006.  

24.


 

 Pelliot P. L`origine de T`ou-kiue; nom chinos des Turks // TP. vol.XVI. 1915.  

25.

 

 Pulleyblank E.G. A Sogdian colony in der Mongolia // TP, vol. 41, 1952. 



26.

 

 Pulleyblank  E.G.  ‘Some  Remarks  on  the  Toquzoghuz  Problem’  //  Ural-Altaische 



Jahrbücher 28. 1956. 

27.


 

 Рашид-ад-дин.  Сборник  летописей  (Пер.  с  персидского  Л.А.  Хетагурова).  -М-Л., 

1952. т.1. ч.1.  

28.


 

 Радлов В.В. К Вопросу об Уйгурах. ( Из предисловия к изданию Кутадгу-билика). 

СПб. 1893.  

29.


 

 Харжаубай С. Тогуз-оғуз және Он-уйгур // АС. УБ:, 1982, -23-63 .бб 

30.

 

 Сартқожаұлы  Қ.,  Зәкенұлы  Т.  Ұйғыр  Ордасы  және  қазақ  жеріндегі  оғыздар  мен 



ұйғырлар // Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Хабаршысы. 2005. №1. 109-119 б. 

31.

 

 Севортян Э.Ю. Этимологический словарь тюркских языков. -М., 1974. 767 с. 



32.

 

 Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Фонетика. М; 1984. 



33.

 

 Thomsen V. Inscriptions de L’Orkhon. Helsingfors, 1896(MSFOu,V). 



34.

 

 Ханэдa  Т.  Тодай  кайкоцу  си  но  кенкю  (исследование  истории  уйгуров  в  танскую 



эпоху) // Сб.тр. проф. Ханэдо Тору. Т.I. Исторические работы. Киото. 1957. 

35.


 

 Фэн  Цзя-чэн,  Чэн  Суло,  Му  Гуан  вэн  Ұйғыр  байырғы  мәдениеті  және  деректері 

туралы. Пекин. 1981. 

36.


 

  Чэн Сулуо.  Таң Сун дәуіріндегі ұйғыр тарихынан зерттелер. Пекин. 1993. 

37.

 

 Чэн Сулуо. Тоғыз ұйғыр Білге қаған ескерткішіндегі Ұйғыр мен Таң әулті қарым-



қатынасына  қатысты  тұстар.  //Орталық  ұлттарының  хабаршысы.Пекин.1978. 

№2.11б. 


38.

 

 Чэнь Чжунмянь. Түріктердң жинақ тарихы, І-ІІ т, Пекин. 1958. 



39.

 

Мацуда Х. 



 

 

Тарихи түпнұсқалардың 



қысқарған атауы 

ШЦ – Ши Цзи (Сыма цянь) 

ВШу – Вэйшу 103 бума. 

СШу – Суй шу 84 бума. 

СТШ – Синь Тан шу 215, 217 бума. 

ВСТК – Вэнсянь тункая. 

ЦФЮГ – Цэфу Юаньгуй (Үлкен шежіре жинағы. Энциклопедиясы). 

ЦТШ – Цзю Тан шу. 

ТД – Тундянь. 

ЛШ – Ляо ши (Киданның Ляо мемелекетінің шежіресі). 

ХШ – Хань шу. 

ТПХЮЦ – Тайпин хуаньюй цзи (Юэ ши) 

БК – Білге қаған мәтіні 

КТ – Күлтегін мәтіні 

МШУ – Могойн шинэ усун мәтіні 

Терк – Теркін мәтіні 

Тэс – Тэс мәтіні 

Ov.Sogd – Ордабалық. Соғды мәтіні 

Ov.china – Ордабалық. Қытай мәтіні 

МК – Махмуд Қашқари сөздігі 

Тұй – Тұй-ұқұқ мәтіні 

ИА – Их Асхат мәтін 

Е – Енисей ескерткіші 

Ths – Томсен-Стейн қолжазба қоры (1000 будда үңгірінен) 

ДТС – Древнетюркский словарь 

ТТ – Türkische Turfan-Texte 

QBH – Qutadγu bilig Герат нұсқасы 

 

 



 

 

 



 

 


 

Резюма 

 

 

Автор  бұл  сараптамалық  (аналитикалық)  мақаласында  түркология  ғылымында 



талас  тудырып,  әртүрілі  тұжырым  жасалып  келген  өзекті  проблемманы  қайта  көтеріп, 

ғасырдан  астам  уақыт  бойы  ондаған  ғалымдардың  жасаған  талдауларымен  тарихи 

нұсқалардың  бұлжымас  деректерін  автор  салыстыра,  сараптай  отырып,  талдау  жасап,  өз 

ұсынысын білдірген. Онда: 

1.

 

Гао-чэ (Као-кіu), Динлиндер (Ting-ling) түркі текті, түркі тайпалары екенін; 



2.

 

Чилэ=чили (Thiәk-lәk), Тили (Ti-lint=Lәk-iәk), Теле (Th'e-lo~t'iәk-lәk), Терек (Tek-



lek) атаулары әр дәуірде, әр автор әр түрлі белгілеген түрік атауы деген тұжырым 

жасаған; 

3.

 

Қытайдың ежелгі және ертеортағасырда у-ху (uo-γurt~wou-ho), у-гэ (uo-γuo~wou-



hou), Ювэнь-хэ (jiwan-γuәt~yuan-ho), Вэй-гэ (wou-hou~wei-ge) оғуз деген атау 

екенін дәлелдеген; 

4.

 

Ертеортағасырда Орталық Азиядағы түрік текті оғуз тайпаларынан бастап, бас 



қосын, бір тудың астына жиналып, тайпалық одақ құрып, халықтың 

менталитетінде қасиетті деп кие тұтқан «тоғыз» санын әрбір тайпалық одақтар 

атауларына қосып атайтын дәстүр пайда болған. Бұл ол тайпалық одақ басқалармен 

терезесі тең болғанын көрсетіп халықтың символы есебінде түсінілгені туралы 

автор тұжырым жасайды. Онымен қатар тоғыз-оғуз этникалық атау емес, саяси 

атау екенін дәлелдейді; 

5.

 

Ұйғур (Біріккен түрік) қағанатын орынатқан тоғыз-оғуз тайпалық одақтың билік 



жүргізуші – хан руы Иоллуғ тайпасы болғанын сол дәуірде жазылып сақталған 

тарихи-деректер арқылы дәлелдейді. Бүгінге дейін Ұйғур қағанатының хандық 

тайпасын «Яғлақар» деп атап келген үлкен жансақтық деп көреді. Ұйғур қағанаты 

орнаған заманда, Ұйғур атты тайпа болмағанын дәлелдей отырып «Ұйғур» деген 

атау – саяси атау деген қорытынды жасаған.  

Резюме 

Автор  в  своей  аналитической  статье  создает  диспут  в  тюркологической 

науке,  заново  поднимает  актуальные  проблемы,  по  которым  сформулированы 

различные  выводы,  оценивая,  разбирая,  сопоставляя  анализы  десятки  ученых, 

сделанные  в  течение  века,  предлагает  свое  мнение  на  решение  следующих 

вопросов: 

 

1.

 



Гао-чэ (Kao-kiu), Динлини (Ting-ling) являются тюркскими племенами. 

2.

 



Автор  считает,  что  названия  Чилэ=чили  (Thiәk-lәk),  Тили  (Ti-lint=Lәk-

iәk),  Теле  (Th’e-lo~t’iәk-lәk),  Терек  (Tek-lek)  являются  тюркским 

наименованием,  обозначенные  по-разному  различными  авторами,  в 

разные века. 

3.

 



Автор  приводит  доказательства  того,  что  в  древнем  и  средневековом 

Китае  наименования  у-ху  (uo-γurt~wou-ho),  у-гэ  (uo-γuo~wou-hou), 



Ювэнь-хэ  (jiwan-γuәt~yuan-ho),  Вэй-гэ  (wou-hou~wei-ge)  являются 

названием огузского племени. 

4.

 

В  древнем  средневековье,  в  Центральной  Азии  начиная  с  тюркского 



племени  Огуз,  включая,  присоединившихся  и  создавших  племенной 

союз народы ввели в традицию добавление сакрального числа «девять» 

к  каждому  наименованию  племенного  союза,  которое  почиталось  и 


считалось  в  качестве  сакрального  числа  по  ментальности  и 

мировоззрению тюрков. 

5.

 

Автор посредством исторических источников, письменно сохраненных 



в  тех  веках,  доказывает  то,  что  господствующим  племенем  тогуз-

огузского  племенного  союза,  создавшего  Уйгурский  (Объединенный) 

каганат, являлось племя ханского рода – Иоллуг. Ошибочным мнением 

до  сегодняшнего  дня,  является  то,  что  многие  называют  царским 

племенем  Уйгурского  Каганата  –  Яглакар.  Автор  доказывает  не 

существование  племени  с  названием  «уйгур»  во  времена  становления 

Уйгурского  каганата,  подытоживая,  приводит  к  тому,  что 

наименование «уйгур» считалось политическим названием. 

 

Resume 

The  author  in  his  analytical  article  creates  debate  in  turkological  science,  lifts 

actual  problems  on  which  various  conclusions  are  formulated.  Estimating,  assorting, 

comparing  analyses  of  scientists,  which  have  been  made  during  the  centuries,  author 

offers the opinion on decision of following questions: 

 

1.



 

Gao-che (Kao-kiu), Dinlini (Ting-ling) are Turkic tribes. 

2.

 



The  author  considers  that  names  of  Chile=chili  (Thiәk-lәk),  Tili  (Ti-lint=Lәk-

iәk),  Tele  (Th’e-lo~t’iәk-lәk),  Terek  (Tek-lek)  are  the  Turkic  name,  designated 

by different authors, in different centuries. 

3.

 

The author presents  the  facts  of that in  the  ancient  and medieval  Chinese time 



names u-hu (uo - γ urt~wou-ho), u-ge (uo - γ uo~wou-hou), Juven-he (jiwan - γ 

uәt~yuan-ho), Vej-ge (wou-hou~wei-ge) are the name of Oguz tribe. 

4.

 



In the ancient Middle Ages, in the Central Asia, beginning from the Oguz tribe, 

including  the  tribes,  which  were  joined  and  created  the  tribal  union,  Turkic 

people  have  entered  into  their  tradition  the  adding  of  sacral  number  "nine"  to 

each  name  of  the  tribal  union,  which  was  esteemed  and  considered  as  sacral 

number by mentality and outlook of Turks. 

5.

 



The  author  by  means  of  the  historical  sources,  which  were  kept  in  these 

centuries,  proves  that  a  dominating  tribe  of  toguz-oguz  tribal  union,  by  which 

have been created Uigur (United) Kaganat, was the Iollug tribe. The opinion of 

that the Jaglakar was an imperial tribe of Uigur Kaganat is mistaken. Also the 

author  proves  that  the  tribe  with  the  name  "uigur"  at  the  time  of  formation  of 

Uigur Kaganat did not exist, therefore he concludes that the name "uigur" was 



considered as the political name. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет