Международная академия аграрного образования костанайский филиал маао



Pdf көрінісі
бет20/35
Дата27.03.2017
өлшемі8,05 Mb.
#10578
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35

Тұқым, мәйек – жұмыртқа 
Ауқат  –  тамақ, ас  
Әсел –  бал 
Сапа нан – нан салма 
Құдай нан – жеті шелпек, жеті нан 
Зығыр май – пісте май 
Ақаба – қақтың суы 
Аскеді – асқабақ 
Құрал-сайман, үй бұйымдарына, ыдыс-аяққа байланысты сөздер:                
Араба – арба 
 
Шәйнек, пәрнек – аққұман 
Тава, тәпен – тапа 
Бесақа – айыр 
Бігіз – біз 
Елік, елгезер– елеуіш 
Пиялай – кесе 
Шара – керсен  
Табақ – тостақ 
Жуалдыз – тебен, ине 
Шайдос – жезқұман 
Кірлен – шылапшын 
Тесе – кетпен 
Сыпыра – теріден істелген дастархан  
Басқыш– самауырдың түтін сөндіргіші. 
Адамның, заттың және нәрсенің белгілері мен ерекшеліктерін білдіретін сөздер: 
Беймарал –  алаңсыз 
Бақуат – қуатты 
Ащты – ащы 
Нұқыл, өңшең – ылғи 
Датқай – өсекші 

147 
 
Дүр – шебер 
Мият – жақтаушы 
Үй-жай, қора-қопсы атауларына байланысты сөздер: 
Әулі –  аула 
Дарбаза – қақпа 
Дәліз – ауыз үй 
Дуал – қабырға 
Бастырма – бір жақ қабырғасы ашық, төбесі жабық қора 
Кепе – жер үй 
Киім-кешекке байланысты сөздер: 
Желеткі – нымша, күртешік 
Тәпішке – пайпақ 
Екше – кимешек 
Топы – тақия 
Дәке – марлі 
Дәс орамал(десрамал) –  қол орамал 
Жемелек – шашбау 
Шашық, орамал – сүлгі 
Сындық және сапалық қасиетті білдіретін сөздер: 
Қам – шикі 
Дәу – үлкен 
Зілмендей – зілдей 
Уақыт, мезгіл атауларына байланысты сөздер: 
Азанда – таңартең 
Шымкент сөйленісіндегі тұрақты сөз тіркестері:біршек болу - бірлесу, қосылу, 
бірігу, дәрпі кету — атағы шығу, сүйек қас болу –тұқымымен қас болу, тәннен шығу — 
разы болу, ыза шығу — су шығару, ынтығын қағу - ынтық болу. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Жүнісов Н. И.  «Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері». Алматы, 1981 
2.
 
Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері. Алматы: Арыс, 2000 
3.
 
Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 2002 
4.
 
Нақысбеков О. «Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы» ғылыми баяндама. 
Алматы, 1994. -76 б 
 
 
ОӘЖ:377 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, ТАЛДЫҚОРҒАН ӨҢІРІНЕ ТӘН 
ДИАЛЕКТІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР 
 
Атілғазы Ұ., Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс 
студенті, ғылыми жетекшісі: Есіркепова К.Қ. 
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, АМА қауымдастырылған 
профессоры Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
 
Ғылыми  мақала  қазақ  диалектологиясындағы  ауыл  диалектісіне  байланысты  жазылған.  Алматы 
облысы,Талдықорған  өңірінде  кездесетін  диалектілік  ерекшеліктерге  тоқталған.  Мақаланың  кіріспе 
бөлімінде  диалектология  саласына  қатысты  ғалымдардың  еңбектеріне  тоқталып,  өз  мысалдарын 
келтірген. Жергілікті диалектілерді топтарға бөліп қарастырған. 

148 
 
В статье рассматриваются диалекты региона Талдыкурган, Алматинской области. В начале статьи 
исследованы научные труды ученых диалектологов. Во второй части статьи собранные диалекты данного 
региона проанализированы и раскрыты с помощью диалектологического словаря казахского языка.  
The  article  deals  with  the  dialect  of  the  city  of  Taldykorgan,  Almaty  region.  At  the  beginning  of  this 
article  we  studied  the  scientific  works  of  scientists  dialectologists.  In  the  second  paet  of  the  paper  c0llected 
dialects of the region analyzed and disclosed using the dialect vocabulary of the Kazakh language.  
 
Диалектілік  ерекшеліктерді  тарихи  даму  жағынан,  пайда  болу,  шығу  төркіні 
тұрғысынан  алып  қарағанда  оның  құрамында  көне  тілдің  сарқыншағы  ретінде  сақталып 
қалған ертедегі тайпа тілдерінің қалдықтарын, көнеленген қат-қабаттарын табамыз. Бұдан 
басқа  қазақ  халқының  әртүрлі  дәуірде  көрші  халықтармен  қарым-қатынас  жасаудың 
нәтижесінде,  ауыс-түйістен  пайда  болған  кірме  сөздер  де  бар.  Сол  көне  мен  кірме 
қабаттардан  басқа  кеңес  өкіметі  тұсында  пайда  болған  элементтерді  де  кездестіреміз. 
Осыған орай оларды дәстүрлі, дәстүрсіз ерекшеліктер деп бөлінеді. 
1)
 
Дәстүрлі диалектілік құбылыстар. Бұл топқа ертеден келе жатқан, көне тайпа 
тілдерінің қалдығы ретінде сақталып қалған ерекшеліктер жатады. Мысалы, жандық (ұсақ 
мал), тайөгіз (тайынша), үріптес (туыстас), сой (тұқым)т.б. 
2)
 
Дәстүрсіз диалектілік ерекшеліктер. Бұл топқа говорларда кейінгі замандарда 
пайда  болған,  қоспа  ретінде  басқа  тілдерден  енген  не  кейін  жұрнақ  пен  тіркес  арқылы 
жасалған сөздер жатады. Оларды ішінара екі топқа бөлуге болады: а) кірме сөздер: шиша, 
дәліз,  әғлоп,  пірнәбес,  келімдәрі  т.б.;  ә)  қоғамдық-әлеуметтік  өмірдегі,  мәдениет,  ғылым, 
тұрмысымыздағы өзгерістердің ықпалымен тіліміздегі бар материалдар негізінде жасалған 
сөздер  мен  тіркестер.  Көпшлігі  кеңес  өкіметі  тұсында  пайда  болған  атаулар.  Мысалы, 
тапсырыс  (тапсырма,  ор.  задание),  көрсетпе  (ор.инструкция),  жатыс  күні 
(жексенбі),т.б.[1, 12-14 б]. 
Сәйкесті  және  сәйкессіз  диалектілік  құбылыстар  деген  терминдерді  профессор 
Ш.Ш.Сарыбаев  орыс  тіліндегі  «противопоставленные  и  непротовопоставленные 
диалектные  явления»  деген  диалектілік  терминдердің  баламасы  ретінде  қабылдауды 
ұсынған болатын[2, 19 б]. 
Диалектология  -  /  диалектос  –  сөйлеу  логос  –  ілім  /  тіліміздегі  диалектілер  мен 
говорларды зерттейді.  
Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін тексереді. 
Диалект – деген термин тілдегі жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде 
ғана  қолданатын  ерекшеліктердің    жиынтығын,  өзіне  ғана  тән  тілдік  ерекшеліктері  бар 
жекелеген  аймақ,  территорияны  білдіреді.  Бұл  мағынада  диалект  халық  не  ұлт  тілінің 
құрамды бөлігі болып табылады[3, 4 б]. 
Диалектологиялық  әдебиеттерде  жергілікті  ерекшеліктердің  төмендегідей  түрлері 
көрсетіліп жүр. 
1)
 
Фонетикалық  ерекшеліктер.  Бұл  ерекшеліктер  әдетте  кейбір  дыбыстардың 
өзара  алмасуымен,  сөздердің  жуан-жіңішке  айтылуымен  немесе  кейбір  дыбыстардың 
түсіріліп не қосылып айтылуымен байланысты болады. Мысалы: құлдану (қолдану), іләжі 
(лажы), маңлай (маңдай), чақыру (шақыру) т.б. 
2)
 
Грамматикалық  ерекшеліктер.  Бұл  топқа  жататын  ерекшеліктер,  әсіресе, 
сөздердің  формаларымен,  олардың  түрленуімен  немесе  сөздердің  тіркесімдік 
ерекшеліктерімен  байланысты.  Мысалы:  оңтүстік  аймақтарда  бұйрық  райдың  барғын, 
келгін тұлғалары кездеседі. Батыс аймақтарда жікітік жалғаудың -сыңыз, -сіңіз (барсаңыз 
–барасыз, келсеңіз –келесіз) сияқты тұлғалары кездеседі. 
3)
 
Лексикалық  ерекшеліктер.  Қазақ  говорларында  бұл  ең  мол,  жиі  кездесетін 
ерекшеліктер. Бұл екершеліктер әдетте бір нәрсенің атауы не оның сын, сапа-қимылының 
әр  жерде  әртүрлі  аталуымен  байланысты  болады.  Мысалы,  шелекпен  су  әкелетін 
иінағашты республиканың түкпір-түкпірінде 7-8 түрлі атайды: иінағаш // су ағаш // әкпіш 
// әпкіш // күйенде // күйенте // құрамыс // мойын ағаш т.б. [1, 12-14 б]. 

149 
 
Қазақ  диалектологиясы  жөнінде  алғаш  мақала  жазғандардың  бірі-  профоссор 
Қ.Жұбанов 1935 жылы «Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі» деген мақаласында: «Қазақ тілі 
тұтас тіл, ол тұтастық XIV-XVIII-  ғасырларда қалыптасқан, ал қазақ тілінің диалектілері 
дегеніміз XIX ғ. Ресейге қарағаннан кейінгі қазақтың жері кесіліп, көш жолы үзіліп, әр ру, 
әр ауыл, әр үй жерге арқандала бастаған осы дәуірде пайда болды», - дейді. Соңғы кездегі 
деректерге 
қарағанда, 
Қ.Жұбановтың 
А.Н.Самойловичпен 
бірігіп 
экспедиция 
ұйымдастырып,  оны  Жетісу  жерінен  бастамақ  болған  жоспарлары,  ғалымның  бұл 
мәселеге  де  қызыға  қарауынан    туса  керек.  Қазақ  диалектологиясының  негізін  салушы 
С.Аманжолов, Ж.Досқараевтардың да тіл ерекшеліктерін зерттеу нысаны етіп қолға алған 
өңірі де осы Жетісу еді. 1937 жылы І.Кеңесбаев басқарып бірінші рет ұйымдастырылған 
диалектологиялық  экспедиция  да  осы  Алматы  облысының  Кеген,  Нарынқол 
аудандарынан  басталған  болатын.  Жетісу  сөйленісінің  лексикалық  ерекшеліктері 
жөніндегі  біраз  материалдарды  С.Аманжолов,  Ж.Досқараев,  Ш.Сарыбаев,  Ә.Қайдаров, 
Ғ.Сәдуақасов еңбектерінен кездестіреміз [4,7 б]. 
Қазақ тілінің диалектісін алғаш топтастырушы С.Аманжолов оңтүстік, батыс және 
орталық-солтүстік деп үшке бөледі. Ж.Досқараев пен Н.Сауранбаев оңтүстік-шығыс және 
батыс  пен  орталық-солтүстік  сөйленістер  тобы  деп  екіге  бөледі.  Ш.Сарыбаев  оңтүстік, 
батыс, шығыс, орталық-солтүстік деп төртке бөледі.  Осы топтастырудың қай-қайсысында 
болмасын  Жетісу  сөйленісі    оңтүстік  сөйленістер  тобында  қарастырылды.  Н.Сауранбаев 
Жетісу  сөйленісін  егін,  мал  шаруашылығына,  көкөніске  байланысты  сөздердің 
молдығымен, ұйғыр, қырғыз тілінің әсерінің болуымен сипатталады деп атап өткен [4,8 б]. 
Қазіргі таңда Алматы облысын мекен етіп отырған – Дулат, Албан, Суан, Найман, 
Уақ, Жалайыр, Қаңлы, Шапырашты, Сіргелі, Ысты  рулары.  
Талдықорған өңірінде әдеби тілде айтылуы бірдей, бірақ жергілікті жерде қосымша 
мағына  беретін  диалект  сөздер  кезедседі.  Мысалы,    әке  сөзі  әдеби  мағынасынан  бөлек 
қарағым,  шырағым  деген  мағынада  қолданылады.  Сонымен  қатар,  қиын  сөзі  «ауыр», 
«оңай емес» деген мағынасынан бөлек  «іскер», «мықты» деген мағынада қолданылады 
[4, 9 б]. 
Жетісу  сөйленісінде:  қалау,  тілек  мағынасы  -лы/-лі  қосымшасы  арқылы  беріледі: 
жүр баралы, барсақ баралы. Бұл ерекшелік кейбір батыс сөйленістерде де кездеседі. 
Жергілікті ерекшеліктер әр топқа бөлініп қарастырылды: 
Үй-жай, қора-қопсы, бау- бақшаға байланысты сөздер: 
Далан- кіреберіс 
Қазақ үй- киіз үй 
Дуал- топырақтан салынған қабырға 
Ақыр- малға шөп салатын жер 
Утас- әк, ізбес 
Қылша- қызылша 
Борми- жүгері 
Кәуә- асқабақ 
Киім-кешекке байланысты сөздер: 
Сым- шалбар 
Тор сым- қалың шалбар 
Кебенек- жауын-шашында киетін сырт киім 
Четік- мәсінің түрі 
Күрдек- күртеше 
Қапшық- ақша салатын әмиян 
Ыдыс-аяққа байланысты сөздер:  
Кірқалта- жуылған кірді салатын қалта 
Шыны- шай кесе 
Чоң кесе- үлкен тамақ ішетін кесе 
Дас/ кірлен- кір жуатын шылапшын 

150 
 
Шайқауыш- ұн елейтін ыдыс 
Көмбеш- таба 
Шәйнек- аққұман 
Етір- құман 
Қолбақыр- ұлкен ожау 
Тегеш- үлкен нан илеуге арналған ыдыс 
Тақсы- тарелке 
Тағам атауларына байланысты сөздер: 
Су май- өсімдік майы 
Сұйқаш- сұйық етсіз, майсыз жасалатын сұйық тағам 
Чөжіре- тұшпара (пельмен) 
Атала- ұннан жасалатын көже 
Табан нан- табаға қарып пісірілген нан 
Ақ сорпа- айран немесе құртты езіп жасайтын көже 
Тоқаш-  бауырсақ 
Үлпершек- мал сойғанда бүйенге, ішекке тұздап салатын майлы ет 
Келімдәрі- бұрыш 
Сірне- жас қозы, лақтың етінен жасалатын бұқтырылған қуырдақ 
Әр түрлі диалектілер: 
Ашты- ащы 
Сұңғыла – көп білетін адам 
Адақтау- атап өту 
Зәй- ылғал  
Дөйіз- оңбаған, жексұрын 
Дырқы- күлегіш 
Атпал- мықты 
Табиғат құбылыстарына, мезгілге байланысты сөздер: 
Ақайран- қатты жел 
Жұлдыз тола- ел тыныштала бергенде 
Түс қия – түс ауа  
Долы- қар аралас жауған жаңбыр 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Сарыбаев Ш., Нақысбеков О. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы, 1989. 
2.
 
Сарыбаев Ш.Ш. қазақ тіл білімі мәселелері. Алматы, 2000 
3.
 
Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 2002 
4.
 
Есимболова М.Қ. Жетісу сөйленісінің лексикалық ерекшеліктері. Алматы,2001 
5.
 
Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі 
 
 
ОӘЖ:377 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, САРЫАҒАШ АУДАНЫ, 
ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ, ҚАЛҒАНСЫР ЕЛДІМЕКЕНІ 
ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛІНДЕГІ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ДИАЛЕКТІЛЕР 
 
Битуған Б.Қ. Қазақ тілі және әдебиет мамандығының 2-курс студенті 
ғылыми жетекшісі: Есіркепова К.Қ. филология ғылымдарының кандидаты, доцент, АМА 
қауымдастығының профессоры Қостанай мемлекеттік педогогикалық институты 
 
Ғылыми  мақала  қазақ диалектологиясындағы  диалектілердің  лексикалық ерекшеліктеріне  қатысты 
стильдік  қызметін  ашуға  арналады.  Мақаланың  кіріспе  бөлімінде  диалектологияға  қатысты  ғалымдардың 

151 
 
ғылыми  еңбектеріне  шолу  жасалып,  мысалдармен  дәлелденді.  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  халқының 
тіліндегі диалектілер теріліп, мағынасы ашылды. 
В  статье  исследуются  диалекты  ЮКО.  Статья  содержит  две  части.  В  первой  части 
проанализированы  научные  труды  казахских  ученых  –  диалектологов.  Во  второй  части  статьи  собранные 
примеры раскрыты в смысловом и этимологическом значении. 
The  article  examines  the  dialects  of  South  Kazakhstan  region.  This  article  contains  two  parts.  In  the  first 
part of the analyzed scientific works of Kazakh scientists - dialectologists. In the second part of the paper collected 
examples disclosed in the semantic and etymological meaning. 
 
Тіл  білімінің  диалектілермен  говорларды  зерттейтін  саласы  -    диалектология 
(диалектос  –  сөйлеу,  говор,  логос-ілім  деген  грек  сөздерінен  құралған)  деп  аталады. 
Диалектологияның  міндеті  –  жергілікті  тіл  ерекшеліктерін  тексеру.  Қазақ 
диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалект, говор деп 
халықтық    я  ұлттық  тілдің  өзіндік  ерекшеліктері  бар  жергілікті  тармақтарын,  бөліктерін 
айтамыз.  
Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана 
қолданылатын  ерекшеліктердің  жиынтығын,  өзіне  ғана  тән  тілдік  ерекшеліктері  бар 
жекеленген аймақ, территорияны білдіреді. [1, 4-бет] 
Зерттеу  объектісінің  саралануына  және  сипатына  қарай  диалектология    - 
сипаттама  диалектология  және  тарихи  диалектология    болып  екі  салаға  бөлінеді. 
Сипаттама  диалектологияның  міндеті  -    тілдегі  диалектілер  мен  говорлардың 
дыбыстық  грамматикалық  және  лексикалық  құрылысын  сипаттау,  сол  жайында  жүйелі 
түсінік беру. Тарихи диалектологияның міндеті – тілдегі диалектілер мен говорлардың, 
диалектілік ерекшеліктердің пайда болу сырын, тарихын зерттеу. [1, 6-7 бет] 
Қазақ тілінде жалпыхалықтық  сипат алмаған, әдеби тіл нормасынан аулақ жатқан 
немесе белгілі бір аймақ көлемінде ғана қолданылып, әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмай 
жүрген  жергілікті  ерекшеліктер  кездеседі.  Оларды  лексикалық,  фонетикалық  және 
грамматикалық  ерекшеліктер  деп,  үлкен  үш  топқа  бөліп  қарастыруға  болады.    [1,12-
бет] 
Фонетикалық ерекшеліктер. Бұл ерекшеліктер әдетте кейбір дыбыстардың өзара 
алмасуымен,  сөздердің  жуан-жіңішке  айтылуымен  немесе  кейбір  дыбыстардың  түсіпіліп 
не  қосылып  айтылуымен  байланысты  болды.  Мысалы:  полат  (болат),  іләжі  (лажы), 
құмған (құман), маңлай (маңдай). [1,43-бет] 
Грамматикалық  ерекшеліктер.  Бұл  топқа  жататын  ерекшеліктер,  әсіресе, 
сөздердің  формаларымен,  олардың  түрленуімен  немесе  сөздердің  тіркесімдік 
ерекшеліктерімен  байланысты.  Мысалы,  оңтүстік  аймақтарда  бұйрық  райдың  барғын, 
келгін  тұлғалары  кездеседі.  Батыс  аймақтарында  жіктік  жалғаудың    --сыңыз,  -сіңіз 
(барасыңыз-барасыз, келесіңіз- келесіз) сияқты тұлғалары кездеседі. Оңтүстік аймақтарда 
әдеби  тілдегі  барғым  келеді,  келгім  келмейді,  сияқты  қалау  рай  тұлғаларымен  қатар 
барғым бар, келгім жоқ, ұйықтағым бар, ұйықтағым жоқсияқты формалар бар.  
Лексикалық  ерекшеліктер.  Қазақ  говорларында  бұл  ең  мол,  жиі  кездесетін 
ерекшеліктер. Бұл ерекшеліктер әдетте бір нәрсенің атауы не оның сын, сапа-қимылының 
әр  жерде  әртүрлі  аталуымен  байланысты  болады.  Мысалы,  шелекпен  су  әкелетін 
иінағашты  республикамыздың  түпкір-түпкірінде  7-8  түрлі  атайды:  иінағаш  //суағаш  // 
әкпіш//  әпкіш//  күйенде//  күйенте//  құрамыс//  мойын  ағаш  т.б.    [2,  Ш.  Сарыбаев,  О. 
Нақысбеков «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы», Алматы, 1989. 12-14, 16-18бб,  783-бет ] 
Өтебеков  Балтакесті  «Ауған,  Иран  қазақтарының  тіліндегі  жергілікті 
ерекшеліктер»  атты  еңбегінде  Ауған,  Иран  қазақтары  тіліндегі  жиналған  сөздерді 
лексикалық-тақырыптық 14 топқа бөліп қарастырғанды жөн көрген. Олар:  
1)
 
Табиғат  құбылыстарына,  жер  бедеріне  ,  уақытқа    байланысты  сөздер: 
жабал-тау, күзей-солтүстік, дайрай-теңіз т.б. 
2)
 
Өсімдікке,  жеміс-жидекке,  көкөніске  байланысты  сөздер:  айғабақ-күнбағыс, 
кәшір-сәбіз, хасеке-жиде т.б. 

152 
 
3)
 
Жан-жануар,  аң-құстар  мен  балыққа,  жәндіктерге  байланысты  сөздер
алабарыс-жолбарыс, паша-маса, көпек-ит т.б. 
4)
 
Туыстық  атауға,адамдардың  дене  мүшесіне,  қызметіне  байланысты  сөздер: 
айапа-әпке, апа, мама қыз-кәрі қыз, дайы- нағашы т.б. 
5)
 
Үй-жай,  қора-қопсы  атауларына  байланысты  сөздер:  там-үй,  күме-күрке, 
атышзат-пеш, пәнжере-терезе т.б. 
6)
 
Тағам  атауларына  байланысты  сөздер:  меке  көже-жүгеріден  жасалған  көже, 
сусик-қазы, шорва-сұйық тамақ 
7)
 
Киім-кешекке, зергерлікке  байланысты сөздер: кепеш-тақия, сәлле-сәлде, тең-
бүрме көйлек т.б. 
8)
 
Көрпе-жастық,  төсек-орын,  кездеме  атауларына  байланысты  сөздер: 
шарпая-кереует, мүкет-палас т.б. 
9)
 
Ыдыс-аяқ,  құрал-сайман,  үй  бұйымдарына  байланысты  сөздер:  ливан-стакан, 
тағара-шұңғыл үлкен табақ т.б. 
10)
 
Егінге байланысты сөздер: пая-мақтаның сабағы, шәңгек-тырма т.б. 
11)
 
Дінге байланысты сөздер: бәтие-бата, тәрет-дәрет т.б. 
12)
 
Сындық  және  сапалық  ұғымдарды  білдіретін  сөздер:  бидәулет-кедей, 
нәдұрыс-қате т.б. 
13)
 
Іс-әрекетті, қимылды білдіретін сөздер: бежеру-орындау, жығыту-жығу т.б. 
14)
 
Кісі  аттарына  байланысты  сөздер:Ауған,  Иран  қазақтары  тіліндегі  кісі 
аттарына  байланысты  өзгешеліктерді  сөз  еткенде,  бұл  өңірде  ислам  дінінің  ықпалынан  
пайда  болған  діни  ұғымға  байланысты  есімдердің  басым  екенін  атап  өткен  жөн.  Олар 
құран, библядағы Муса, Юнус, Ысқақ т.б.[3,20-23б] 
Оңтүстік  Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жамбыл ауылыдық округі, 
Қалғансыр елдімекені  халқының  тіліндегі қолданыстағы  диалектілер 
Үй құрылысына, үй шаруашылығына, үй бұйымдарына байланысты атаулар: 
1)
 
Текше – кішкентай сандық. 
2)
 
Абдыра – сандық. 
3)
 
Пөстек – малдың терісін илеп жасалатын көрпешенің бір түрі. Көбіне мұны 
жас келіншектер мен кәрі кемпірлер астына төсеп отырады. 
4)
 
Доғжама – жиналанған жүктің үстіне жауып қоятын жабу. 
5)
 
Қара үй – киіз үй.  
6)
 
Акошкі, қалақ– қоқым алатын кіші күрек. 
Ыдыс-аяқ атауларына байланысты сөздер: 
7)
 
Шәйнек – шай шығаратын ыдыс.  
8)
 
Сары жез құман – дәрет алатын құман. 
9)
 
Қара құман – ошаққа су қайнататын ыдыс. 
10)
 
Шолпы – қамыр  сүзуге арналған ыдыс. 
11)
 
Сақина пышақ – мал соятын, қорғасыннан жасалған пышақ. 
12)
 
Керсен – шара,  темір ыдыс. 
Күн райына,табиғатқа,уақыт мезгіліне байланысты сөздер: 
13)
 
Базар күні – аптаның  соңғы күні, яғни,  жексенбі күні. 
14)
 
Бестоғыс – наурыздың 10-нан кейінгі уақыт. Үркер мен Ай тоғысып Айдын 
озып шығуы. 
15)
 
Құралайдың салқыны –мамырдың 15-нен кейінгі болатын суық. Осы уақытта 
құралай балалайды. 
16)
 
Саратанның ыстығы – тамыздың 15-нен кейінгі болатын ыстық. 
17)
 
Мизамның ыстығы – қыркүйектің 10-нан  кейінгі болатын ыстық. 
18)
 
Шаңқай түс, тапатал түс – сағат 2-мен-4-тің арасын атайды.  
19)
 
Қауастың желі – қыс пен көктемнің керіс-шығысында оңтүстік-шығыстан 
соғатын жел. 

153 
 
20)
 
Әз Кемпір – ақпан айының аяғы мен наурыз айының басында қар мен 
жаңбырдың араласып жаууы. Бұл тура мал төлдеп жатқан кезге тура келіп, мал төлінің 
өлім-жітімі көп болады. 
Мал шаруашылығына, жан-жануарларға қатысты сөздер: 
21)
 
Дорба – атқа жем салып беретін ыдыс.  
22)
 
Жабу – аттың үстіне жабатын киізден істелген әбзел. 
23)
 
Шыбыш – 6 айдан кейінгі ешкінің баласы. 
24)
 
Қашар – 1-бұзау туған сиыр.  
25)
 
Тұсақ – 1 жастан кейінгі ұрғашы қой. 
26)
 
Аусыл – сиырда болатын жұқпалы ауру. 
Тағам атауына байланысты сөздер: 
27)
 
Нан салма – қамырды кесіп суға қайнатып, бетіне  ет, картоп, пиязды қуырып 
бетіне салып жасалатын тамақ. 
28)
 
Кеспен көже – қамырды майдалып турап жасалатын көженің түрі. 
29)
 
Быламық – ұнды қуырып, май, пияз қосылып жасалатын тағам. Бұл тағамды 
жаңа туған әйелдерге істеп береді. 
30)
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет