Қ а з а қ сср ғ ы л ы м а к а д е м и я с ы м. О. ӘУезов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата30.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#10605
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

КІТАП ҚАЗЫНАСЫНАН 
Халық ақындырының шығармаларын жинау, жа-
рыққа шығару және зерттеу жұмыстары Октябрь рево-
люциясының алғашқы күндерінен Бастап-ақ қолға 
алынды. 
1920 жылы ССРО Халық Комиссариатының қаулысы 
бойынша ұйымдасқан Қырғыз (қазақ) Оқу Халық Қо-
миссариаты, Академиялық орталық коллегия, Қырғыз-
дың ғылыми комиссиясы, Аймақты зерттеу қоғамы, Ор-
талық аймақ тану бюросы деген мекемелер жас респуб-
ликаның мәдени жұмыстарын басқарды. Олар 1920— 
1922 жылдардың өзінде-ақ қазақ ауыз әдебиетін жи-
нау, оны бастырып шығару жұмыстарына көңіл бөлді. 
1920 жылдары Жетісу өлкесіне, Сырдария маңына 
экспедициялар шығарып, көптеген материалдар жина-
ды. Экспедицияны көрнекті ғалым Әубәкір Диваев бас-
қарды. Олар Кенен Әзірбаевтың, Өмірзақ Қарғабаев-
тың тағы да басқа авторлардың совет тақырыбына 
арналған өлеңдерін жазып алды. Сол жылдары жоға-
рыда аты аталған ұйымдардың тапсыруымен мұғалім 
Шамғали Сарыбаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, 
Сәбит Мұқанов, Ілияс Жансүгіров, Тұрманжан Өтебаев 
секілді жазушылар да ауыз әдебиеті материалдарын 
жинады. Сөйтіп Ұлы Октябрь революциясынан кейін 
халық қазынасын жинау, зерттеу жеке ақындардың ісі 
болмай, мемлекеттік іс болды, оларға партия мен үкі-
мет басшылық етті. 
1921 жылы өткен РК(б)П X съезінің баспа жұмысы 
жөніндегі қаулыларынан кейін газет-журнал беттерінде 
жазба ақындардың ғана шығармалары жарияланып 
қоймай, ел ақындарының да өлең-жырлары тиісті орын 
алды. Мысалы, 1920 жылдардағы баспа беттерінде Иса 
Байзақов, Қайып Айнабеков, Ыбырай Сандыбаев, Қуа-
ныш Баймағамбетов, Төлеубай Үркімбаев, Сәттіғұл 
Жанғабылов, Жәмел Аймурзин, Саяділ Керімбеков, 
Оспантай Есхожаев, Құбайыс Қаратаев тәрізді ел 
ақындарының толғау-жырлары шығып тұрған. 
Иса Байзақовтың «Қойшының ертегісі» атты поэма-
сы — «Қызыл Қазақстан» журналының 1924 жылғы 
4-санында, «Құралай сұлу» дастаны сол журналдың 
218 

1925 жылғы 2-және 3-санында, «Алтай ертегісі» — «Таң» 
журналының 1925 жылғы 2-санында, Қуаныш Байма-
ғамбетовтың «Мария, Мағауия» дастаны — «Әйел тең-
дігі» журналының 1926 жылғы 7—10, 11-сандарында 
жарияланған. 
Бұл жылдары ел ақындарының шығармалары да өз 
алдына жеке кітап болып жарық көре бастады. 
1927 жылы Октябрь революциясының он жылдық 
мерекесіне арнап, жазушы Сәбит Мұқанов «Ақындар 
шашуы» атты кітап құрастырды. Жинақтың көлемі 172 
бет. Қітап екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімі — өлең-
дер, екінші бөлімі — әңгімелер. Оның 38 өлеңі — Ок-
тябрь революциясының мерекелеріне, 7—8 өлеңі Ленин-
ге арналған. Жинақта халық ақындарының да өлеңдері 
бар, өйткені жинаққа кірген «Ленин» деген өлеңге бе-
рілген бір түсінікте: «Бұл өлеңді Қарақалпақ облысы-
ның Төрткөл округінде тұратын Қара Шоқыр қыстағы-
ның бір тұрғыны 1926 жылы Май мейрамына арнап, об-
лыстық партия комитетіне әкеп берген»
1
 делінген. 
«Бұл тарихи шашу» деген кіріспе мақалада Сәбит: 
«Менің қолыма айналасы 400-ге жақын өлең, 10-ға жа-
қын әңгіме түсті, оларды 300-ден астам кісі жазған, 
ішінде 4—5 өлең жіберіп, қай таңдағаныңды ал, деген-
дер де бар»
2
, — дейді. 
Міне бұл цифрлардың өзі совет дәуірінің алғашқы 
жылдарында-ақ Октябрь революциясының ұлы жеңісі, 
Коммунистік партияның кемеңгер көсемі Ленинге ар-
налған жырлардың көбейе бастағандығын көрсетеді. 
1928 жылы жарық көрген «Ленин» атты жинақтың 
құрастырушысы да С. Мұқанов. Онда 73 өлең, 4 әңгіме 
басылған. 
Қітапқа Иса Байзақовтың — «Қош, Ленин», Сәтті-
ғұл Жанғабыловтың «Дирек тигелі», Қайып Айнабеков-
тың «Керек едің», Әміре Сұлтанмұратовтың «Еңбекші 
таптың Ленині» деген өлеңдері кірген. 
«Тарихи тема» деген кіріспе мақалада Сәбит: Жи-
нақты баспаға әзірлер алдында ол жөнінде «Еңбекші 
қазақ» газетінде құлақтандыру жарияланғанын, одан 
кейін редколлегия алқасына «Құлақ естіген жерден 
1
 «Ақындар шашуы». Қызылорда, 1927, 79-бет. 
2
 Сонда, б-бет. 
219 

өлеңдер» келгенін, «өлеңдердің бірсыпырасы ел шаруа-
ларынікі»
3
 екенін жазады. 
1927 жылы Қайып Айнабековтың — «Қырдың қызыл 
гүлдері», 1928 жылы Қуаныш Баймағамбетовтың «Ке-
дей жыры» атты жинақтары Қызылордада жария-
ланды. 
1930 жылы шыққан «Он жылдықтың олжасы» атты 
жинақта да ел ақындарының өлеңдері басылған. 
1931 жылы Сәкен Сейфулиннің құрастырған «Қазак-
тың ескі әдебиет нұсқаларының» I жинағында Жамбыл-
дың Кұлмамбет ақынмен айтысынан үзінді және «Жа-
бай батыр» деген эпикалық жыры басылған. 
1933 жылы Семейде Иса Байзақовтың «Ұлы құры-
лыс» атты поэмасы жарық көрді. 
Сол жылы Қазақстанды зерттеу, Аймақ тану қоғам-
дарыныц орнына Ұлт мәдениетін ғылыми зерттеу инсти-
туты ұйымдастырылды. Бұл институт 1935—1936 жыл-
дары Қазақстанның әрбір жеріне арнаулы экспедиция-
лар шығарып тұрды. 
1935 жылғы экспедицияның материалдары негізінде 
«Қазақ совет фольклоры» жарық көрді. Мұның редак-
циясын басқарған Сәрсен Аманжолов. Жинаққа Саяділ 
Керімбековтың «Өшкен — жаңды» поэмасы, Қуаныш 
Баймағамбетовтың «Арнау» атты толғауы кірген. Ал, 
бірқатар өлеңдердің авторы белгісіз. Қамтылатын та-
қырыптар: Әйел теңдігі, жер бөлісі, ерікті қойшы, т. б. 
Кітапқа «Фольклор туралы» деген алғы сөз жазыл-
ған. Онда: «Көп асыл сөз мұралары әлі ғылыми зерттеу 
орындарына жете алмай, әдебиетшілер, тарихшылар 
ортасына түсе алмай, елдің алыстағы түкпірінде»
4
 жат-
қандығын айтады. 
1935 жылы Қазақ автономиялы республикасының XV 
жылдық мерекесіне байланысты қазақ және орыс тіл-
дерінде «Қазақстан» деген жинақ шықты. Бұл жинақта 
да халық ақындарының өлеңдері басылды. 
1937 жылы Октябрь революциясының 20 жылдық ме-
рекесіне арнап «Правда» баспасы шығарған «Народное 
творчество СССР» атты жинаққа Совет Одағында тұ-
ратын әр ұлт өкілдерінің өлең, жырлары кірді. Оның 
3
 «Ленин жинағы». Қызылорда, 1928, 17-бет. 
4
 Қазақ совет фольклоры. І-т., Алматы, 1935, 5-бет. 
220 

ішінде Жамбылдың, Әріп Тәңірбергеновтың тағы да 
басқа ел ақындарының өлеңдері бар. 
1937 жылы «Қазақ халық ақындарының өлеңдер 
жинағы» басылды. Кітапта он жеті ел ақынының отыз 
өлеңі, бес поэмасы басылған, көлемі — 158 бет. 
1937 жылы Қазақстан көркем әдебиет баспасы 
«Жамбылдың өлеңдері» жинағын екі тілде бірдей орыс-
ша-қазақша бастырып шығарды. Сол жылы Москавада-
ғы Совет жазушыларының баспасы Жамбылдың «Жыр-
лары мен поэмалары» деген жинағын орыс тілінде жа-
риялады. 
1938 жылы ССРО Ғылым академиясының Қазақ фи-
лиалы құрылды. Оның жанынан Тіл және әдебиет сек-
торы ашылып, сектор Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 
1938 жылғы 25 майдағы қаулысы бойынша халық поэ-
зиясының алыбы Жамбылдың есімімен аталды. Ұлт 
мәдениетін ғылыми зерттеу институтына түскен мате-
риалдар енді сектордың қолжазба қорына айналды. 
Сектор жыл сайын Қазақстанның әрбір облысына 
арнаулы экспедициялар шығарып, соңғы кезге дейін 
белгісіз болып келген көптеген ел ақындарын анықта-
ды. Ескі ауыз әдебиет үлгілерін жинады. 
1938 жылы Жамбылдың «Өлеңдер мен поэмалары», 
«Қавказға саяхат», «Өлеңдер мен жырлары» деген жи-
нақтарын Москвадағы Көркем әдебиет баспасы орыс 
тілінде басып шығарды. Кітапқа М. Қаратаев кіріспе 
мақала жазды. 
ССРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы Жам-
былдың «Сұраншы батыр» атты жинағын 1939 жылы қа-
зақ тілінде, 1940 жылы орыс тілінде бастырып шы-
ғарды. 
1940 жылы Жамбыл «Шығармаларының» бірінші 
томы шықты. Оған проф. Есмағамбет Ысмайылов 
«Жамбылдың өмірбаяны» деген кіріспе мақала жазды. 
1939 жылы Нұрпейіс Байғаниннің «Өрістеген өмір», 
1940 жылы «Шығармалар жинағы», 1939 жылы Саяділ 
Керімбековтың «Өлеңдер жинағы», 1940 жылы «Бес 
мылтық» атты поэмалар жинағы, 1939 жылы Иса Бай-
зақовтың «Алтай аясында», 1941 жылы «Кавказ» атты 
поэмалары; 1939 жылы Айманкүл Тәжібаеваның «Ана 
даусы» атты өлеңдер жинағы басылды. Мұнымен қатар 
халық ақындарының өлеңдері, поэмалары аудандық, 
221 

облыстық, республикалық газеттерде және журналдар-
да да жарияланып отырды. 
1939 жылы Москваның Көркем әдебиет баспасы 
«О В. И. Ленине» деген екі томдық жинақ шығарды. 
Оған Жамбылдың, Әлібек Бәйкеновтың, Әріп Тәңірбер-
геновтың, Кенен Әзірбаевтың өлеңдері кірген. 
1940 жылы Қазақстанның XX жылдық мерекесіне 
байланысты «Тарту», «Қазақстан» деген жинақтар 
шықты. Бұл жинақтарға да халық ақындарының өлең-
дері енген. 
1940 жылы Москвада басылған «Дала жыры» атты 
қазақ әдебиетінің антологиясына Жамбыл, Нұрпейіс, 
Айманкүл, Кенен, Қуат, Орынбай, Оспантай, Саяділ, 
Өмірзақ, Өтеп ақындардың өлеңдері кірген. 
1941 жылы Москваның Көркем әдебиет баспасы Қа-
зақстанның XX жылдық мерексіне арнап «Современная 
казахская литература» атты кітап шығарды. Онда 
Жамбыл, Доскей, Нартай, Нұрпейіс, Саяділ, Айманкүл-
дің өлең, поэмалары басылған. 
1941 жылы ССРО Ғылым академиясының Қазақ 
филиалы Доскей Әлімбаевтың «Толғау», 1942 жылы 
Шашубай Қошқарбаевтың «Сөйле, Шашеке» атты жи-
нақтарын бастырды. 
1941 жылы Қазақтың біріккен мемлекет баспасы 
халық ақындарының Отан соғысы жылдарында шығар-
ған өлеңдерінен «Халық қаһары» атты жинақ дайында-
ды. Бұл кітап екі тілде шықты. 
Отан соғысы жылдарында Жамбылдың бірнеше жи-
нағы жарық көрді. 
1941 жылы «Болат тонды батыр» жыры Алматыда, 
«Жауға оқ» деген жинағы Москвада басылды, оған 
белгілі әдебиетші Г. Карабельников «Ерлік пен патрио-
тизмді жырлаушы ақын» деген кіріспе мақала жазды. 
1942 жылы Жамбылдың «Отан әмірі», «Майдан жы-
ры» атты жинақтары Алматыда жарық көрді. 
1943 жылы ССРО Отан қорғау халық комиссариа-
тының баспасы Жамбылдың «Алынбас қамал», 1944 
жылы «Соғыс жыры» атты жинақтарын бастыр-
ды. Осы жылы Алматыда «Отан соғысы туралы жыр» 
деген жинағы орыс тілінде шықты, оған С. Мұқанов 
«Патриот ақын» деген кіріспе мақала жазды. 
1945 жылы «Қамал бұзған қаһарман» атты жинағы 
Алматыда шықты. 
222 

1942 жылы Иса Байзақовтың «Поэмалар жинағы», 
1943 жылы Омар Шипиннің «Аманкелді» атты поэмасы 
басылды. 
1943 жылы Қарағанды ақындарының бастауымен әр 
жерде шахта мен шахтаның, колхоз бен колхоздың, об-
лыс пен облыстың айтысы өткізілді. Сол жылы декабрь 
айында Алматыда Республикалық ақындар айтысы 
өтті. 
1944 жылы Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасы 
сол республикалык айтыстың материалын «Ақындар 
айтысы» деген атпен жеке жинақ етіп бастырды. Кітап-
та Ғ. Мүсіреповтың «Сәлемдеме» деген кіріспе мақала-
сы бар. 
Жинаққа «Қарағанды — Семей ақындарының айты-
сы»; «Алматы — Жамбыл ақындарының айтысы», «Сол-
түстік Қазақстан мен Қостанай ақындарының айтысы»; 
«Қызылорда — Оңтүстік ақындарының айтысы» кірген. 
1945 жылы Нұрлыбек Баймұратовтың «Ер Төлеген» 
атты Совет Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың ер-
лігіне арналған поэмасы жарық көрді. 
1946 жылы Жамбылдың жүз жасқа толуы ССР Ода-
ғында үлкен мереке болып өтті. Осы мерекеге байла-
нысты Жамбылдың «Академиялық толық шығармалар 
жинағы» екі тілде басылды. Том С. Мұқановтың «Жам-
былдың өмірі және ақындық қызметі» деген зерттеу 
мақаласымен басталады. Сол жылы Алматыда Жам-
былдың «Таңдамалы жырлары» орыс тілінде шықты. 
1947 жылы Москва жұмысшысының баспасынан 
ақынның «Москва туралы жыр» деген жинағы шықты. 
1945 жылы Алматыда Нұрпейіс Байғаниннің «Таң-
дамалы шығармалар жинағы» қазақ тілінде, 1946 жылы 
орыс тілінде басылды. 
1945 жылы Москвадағы көркем әдебиет баспасы 
шығарған «Современная казахская литература» деген 
жинақта Жамбыл, Нұрпейіс, Саяділдің өлеңдері бар. 
Сол жылы Иса Байзақовтың «Ақбөпе» поэмасы жа-
рияланды. 
1946 жылы Алматыда «Қазақ совет поэмасы» деген 
жинақ басылды. Бұған Жамбыл, Нұрпейіс, Доскей, 
Саяділдің шығармалары кірді. 
1945 жылы октябрьдегі Министрлер Советінің қау-
лысы бойынша, 1946 жылы 1-июльде ССРО Ғылым 
академиясының Қазақ филиалы — Қазақ ССР Ғылым 
223 

академиясы болып құрылды. Бұрынғы Тарих, тіл және 
әдебиет институты енді Тіл мен әдебиет институты деп 
аталды. Халық ақындарының бұрынғы қолжазба қоры 
институтке берілді. Институт Қазақстанның әрбір об-
лысына, ауданына және Қазақ республикасынан басқа 
жерде тұратын қазақтар арасына жыл сайын экспеди-
ция шығарып, халық творчествосын жинау жұмысын 
бұрынғыдан күшейте түсті. 
1948 жылы Тіл мен әдебиет институты Омар Шипин-
нің «Торғай торабында»; Төлеу Көбдіковтың «Алып 
күшті Отаным», Иса Байзақовтың «Таңдамалы шығар-
маларын» бастырды. 
1950 жылы Нұрпейіс Байғаниннің «Шығармалар 
жинағының» II томы жарық көрді. Томды құрастырған, 
алғы сөзін жазған Оразгүл Нұрмағамбетова. 
1948, 1950 жылдары Айманкүл Тәжібаеваның «Ана 
даусы» атты өлеңдер жинағы, 1949 жылы Кенен Әзір-
баевтың «Әли батыр» поэмасы қазақ тілінде, 1951 жы-
лы орыс тілінде; сол жылы Ғабдіман Игенсартовтың 
«Поэма, өлендері», «Лавадағы өмір» жинағы; 1950 жы-
лы Нартай Бекежановтың «Домбыра сазы», Омар Ши-
пиннің «Халық атынан», Қалқа Жапсарбаевтың Совет 
Одағының батыры Мұсабек Сеңгірбаевтың өмірінен 
алып жазған «Мұсабек Сеңгірбаев» поэмасы; Омар 
Шипиннің «Өлеңдер» жинағы (орыс тілінде); 1951 жы-
лы Қайып Айнабековтың «Өлеңдер»; Төлеу Көбдіков-
тың «Өлеңдері», Үмбетәлі Кәрібаевтың «Өлеңдер жи-
нағы»; Саяділ Керімбековтың «Еңбек — ата, Жер — 
ана», Әбдіғали Сариевтың «Өлеңдер»; Қуат Терібаев-
тың «Өмір жыры» атты жинақтары, Нұрқан Ахметбеков-
тың «Аманкелді» атты поэмасы жарыққа шықты, сол 
поэма 1955 жылы түзетіліп екінші рет басылды. 
1952 жылы Кенен Әзірбаевтың «Өлеңдері мен дас-
тандары», Нұрқан Ахметбековтың «Жасауыл қырғы-
ны», Омар Шипиннің «Өмір өрнегі»; 1953 жылы «Халық 
ақындары» атты жинақ басылды. Баспаға әзірлеген 
жазушы Сапарғали Бегалин. Жинақта қырық алты 
ақынның өлеңдері мен дастандары бар. Сол жылы Сая-
діл Керімбековтың «Колхоз бақшасы» атты өлеңдер 
жинағы шықты. 
1955 жылы Жамбыл Жабаевтың «Үш томдық шы-
ғармалары»; 
1956 жылы Нұрпейіс Байғаниннің «Шығармалар 
224 

жинағы»; Иса Байзақовтың «Шығармалары»; Төлеу 
Көбдіковтың «Шығармалары»; 
1957 жылы Жамбыл «Шығармаларының» бір томды-
гы казақ тіліңде, 1958 жылы орыс тілінде; 
1959 жылы Қалқа Жапсарбаевтың «Жайқоңыр» ат-
ты өлеңдер жинағы, «Советтік халық әндері» жарық 
көрді. 
1961 жылы «Қарағанды жұмысшыларының әңгіме 
жырлары» жинағы; 
1955 жылы Төлеу Көбдіковтың «Шығармалары» 
1955 жылы Кенен Әзірбаевтың «Шығармалары» (өлең-
дері мен дастандары), Омар Шипиннің «Туған жер» 
атты жинағы; 
1956 жылы Қайып Айнабековтың «Шығармалары», 
Нартай Бекежановтың «Өлеңдері мен айтыстары»; 
1957 жылы Нұрлыбек Баймұратовтың «Шығармала-
ры» (өлеңдері мен поэмалары), Омар Шипиннің «Екі 
дастан», «Тың үстіңдегі ту» атты өлеңдері мен дастан-
дары жарыққа шықты. 
1957 жылы Октябрь социалистік революциясының 
40 жылдық мерекесіне арналып әрбір ауданда, облыста 
ақындар айтысы өтті. Сол айтыстың материалдары 
1958 жылы «Семей ақындарының айтысы» (Семей), 
«Ақындар айтысы» (Ақмола), «Заман шабыты», (Қа-
рағанды), «Қостанай ақындарының айтысы» (Қоста-
най), «Ақындар үні» (Орал), «Оңтүстік өңірде» (Шым-
кент) атты айтыстар жинағын облысаралық әдеби бір-
лестігі шығарды. 
1958 жылы Нұрқан Ахметбековтың «Тосын толғау» 
(поэма, өлендер) жинағы мен бірнеше ақындардың шы-
ғармаларынан құрастырылған «Ақындар жыры» атты 
жинақ; Үмбетәлі Кәрібаевтың «Өлең, толғаулары»; 
1959 жылы Нартай Бекежановтың «Термелер» 
жинағы, Иманжан Жылқыайдаровтың «Жастарым 
жайна»; Хұсаин Тәксжаповтың «Термелер» (өлеңдер) 
жинағы; 
1961 жылы Кенен Әзірбаевтың «Шығармалар» 
(өлеңдер мен дастандар), Халима Өтеғалиеваның 
«Мақтанышым өз елім» атты өлеңдер жинағы жарық 
көрді. 
1962 жылы Үмбетәлі Кәрібасвтың «Өлеңдері мен 
поэмалары», «Таңдамалы шығармалары», Сапарғали 
Әлімбетовтың «Өлеңдер мен поэмалары», Қалқа 
15—153 
225 

Жапсарбаевтың «Өлеңдер, айтыстар, дастандар» атты 
жинағы баспадан шықты. 
Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл мен әдебиет 
институты халық ақындарының шығармаларын экспе-
диция арқылы жинаумен қатар, 20—30—40 жыларда 
«Екпінді» (Семей), «Екпінді құрылыс» (Орал), «Ком-
мунист» (Жамбыл), «Ленин жолы» (Қызылорда), «Ле-
нин туы» (Қызылжар), «Лениншіл жас» (Алматы), 
«Оңтүстік Қазақстан» (Шымкент), «Есіл правдасы» 
(Ақмола, кәзіргі «Тың өлкесі»), «Жетісу» (Талдықор-
ған), «Социалистік Қазақстан» (Алматы), «Социалистік 
жол» (Ақтөбе), «Қарағанды пролетариаты», «Советтік 
Қарағанды» (Қарағанды), «Социалистік кұрылыс» 
(Гурьев) газеттерінде, «Қызыл Казақстан», «Әйел тең-
дігі», «Әдебиет және искусство» («Жұлдыз») журнал-
дарында жарияланған халық ақындарының өлеңдерін 
жинады. Бірқатар өлеңдер архивтерден, Халық творче-
ствосы үйі, Филармония, Радиокомитет, Музей қорла-
рынан жазылып алынды. Бұл материалдар қазір Қазақ 
ССР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапха-
насында сақтаулы. 
Ал 1952 жылдан бастап жиналған ауыз әдебиетінің 
үлгілері Әдебиет және өнер институтының қолжазба 
бөлімінде. 
Қазақ ССР Ғылым академиясының М. О. Әуезов 
атындағы Әдебиет және өнер институты 1961 жылы 
«Халық ақындары шығармаларының» екі томдығын 
әзірледі. Кітап жоғарыда көрсетілген мекемелердің 
жинаған қолжазба қорынан алып құрастырылды. 
Бірінші томда жетпіс шақты ақынның өлең — тол-
ғаулары, екінші томда поэмалары мен айтыстары бар. 
Жинаққа кіріспе, акындардың өмірі туралы мәліметтер 
және суреттері берілді. 
*** 
1938, 1941 жылдары Москвада шыққан «Русский 
фольклор» деген оқу кұралында академик Ю. М. Соко-
лов «ССРО халықтарының фольклоры» деген бөлімін-
ле Совет Одағындағы халық творчествосының даму 
жолдарына тоқталады. Соның ішінде қазақ совет 
фольклоры, Жамбыл шығармалары әңгіме болады. 
1938 жылы Москвада шыққан А. Дымщицтың «Лите-
226 

ратура и фольклор» және 1939 жылы Ленинградта шық-
қан «Советский фольклор», 1939 жылы Ленинградта 
басылған М. К. Азадовскийдың «Новый фольклор» де-
ген еңбектерінде де ССРО халықтарының совет дәуірін-
дегі фольклорына, қазақ ақындарының шығармаларына 
талдаулар берілген. 
1934—1940 жылдар арасында шығып тұрған «Совет-
ский фольклор» атты мақалалар мен материалдар жи-
нағында; 1937—1939 жылдан бастап шыға бастаған 
«Дружба народов» деген көркем әдебиет шығармалары-
ның альманағында, «Советская этнография» журналын-
да — қазақ ақындарының шығармаларымен қатар олар-
ды жинау, зерттеу туралы мақалалар басылып тұрды. 
Бұлардың ішінде Жамбылдың және басқа да халық 
ақындарының шығармалары жөнінде аз да болса айтыл-
ған пікірлер бар. 
1938 жылы Мұхтар Әуезовтің " Джамбул и народ-
ные акыны» деген мақаласы "Литературный критик
журналының 6-санында, Ғабиден Мұстафиннін "Вели-
кан народной поэзии» деген мақаласы "Большевик
журналының 5-санында; Л. Соболевтың «Джамбул пе-
вец степей» деген мақаласы «Иностранная литера-
тура» журналының 4—5-санында (ағылшын тілінде) 
басылды. 
Осымен қатар, бұл жылдары бірқатар халық ақын-
дарының творчестволық еңбектерінің мерекеленуіне жә-
не олардың жинақтарының жариялануына байланысты 
жазылған мақалалар да болды. Мұны «Социалистік 
жол», «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Ка-
захстанская правдаз», «Актюбинская правда», «Оңтүс-
тік Қазақстан», «Екпінді», «Советтік Қарағанды» газет-
терінен көруге болады. «Әдебиет және искусство» жур-
налының 1940—1950 жылдардағы санында Қанапия 
Мұстафиннің, В. Копытиннің, Е. Ысмайыловтың, А. Тоқ-
мағамбетовтың, О. Нұрмағамбетованың — Нұрпейістің 
өмірі және творчествосы туралы бірнеше мақалалар 
жарияланды. 
«Советтік Қарағанды» газетінде ақын Асқар Ток-
мағамбетовтың «Жамбыл және Доскең», Сәбит Мұқан-
овтың «Халық ауыз әдебиеті және Доскей». Дәукеев-
тің «Доскейдің өмірбаяны», Қалмақан Әбдіқадыровтың 
«Шашубай Қошқарбаев және Доскей», М. Тиесовтың 
227 

«Болман Қожабаевтың өмірі мен ақындық қызме-
ті», А. Хангельдиннің «Кенішбай Жұбандықов», Өмір-
бек Малқаровтың «Кенен Әзірбаев», «Орынбай Тайма-
иов» туралы мақалалары басылды. Бұлар әрине, ақын 
өмірін біршама баяндау ретінде ғана жазылған хабар-
лар есепті. 
1946 жылы әдебиет тану ғылымының көрнекті өкілі 
М. Әуезовтың — «Қазақтың ғасырлық жыры», Сәбит 
Мұқанов — «Жүз жылдың жыршысы» («Әдебиет жә-
не искусство» журналының 6—7-санында), В. Рож-
дественский — «Славо Джамбула» («Казахстан» жур-
налының 10-санында), И. Сильвинский — «Джамбул 
Джабаев» («Знамя» журналының 10-санында), 
В. Шкловский — «Столетний Джамбул акын» — («Звез-
да Востока» журналының 9-санында), Мәулен Балақа-
ев — «Жамбыл шығармаларының тілі» («Қазақ ССР 
Ғылым академиясының Хабаршысының» 6-санында), 
Н. Смирнова, М. Сильченко — «Импровизаторское ис-
кусство Джамбула» («Қазақ ССР Ғылым академиясы 
Хабаршысының» 7—8-санында) деген мақалалары жа-
рияланды. 
1946 жылы М. И. Ритман-Фетисов — «Джамбул 
Джабаев»; С. Бегалин, Ә. Тәжібаев, М. Фетисов — 
«Жамбылдың өмірі туралы очерктер»; К. Зелинскийдің 
«Джамбул» деген кітаптары шықты. К. Зелинскийдің 
кітабы 1955 жылы қайта басылды. 
1947 жылы М. Крюковтің «Жыршы ақын Шипин» 
(«Қазақстан» журналының 5-санында), Манап Хасе-
новтың «Жамбыл поэзиясының тілі» («Әдебиет және 
искусство» журналының 5-санында) деген мақалалары 
жарияланды. 
1948 жылы «Қазақ ССР Ғылым академиясы Хабар-
ларының» әдебиет сериясында (6-саны) М. Әуезовтың 
«Жамбылдың айтыс өнері» деген зерттеу мақаласы 
шықты. 
1949 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының 
III сессиясының «Еңбегінде» Н. Смирнованың «Жам-
былдың айтыстары», Е. Ысмайыловтың «Халық ақын-
дарының творчествосы» деген мақалалары жарық көр-
ді. М. Хасеновтың «Иса Байзақовтың өмірі мен творчест-
восы» деген мақаласы «Әдебиет және искусство» жур-
налының 9-санында басылды. 
1949 жылы шыққан «Қазақ әдебиет тарихының» 
228 

І-томында Е. Ысмайыловтың «Қазақ совет фольклоры» 
деген үлкен зерттеу еңбегі бар. 
1950 жылы Б. Кенжебаев пен X. Махмудовтың 
«Жамбыл» («Қазақ ССР Ғылым академиясы Хабар-
шысының» 9-санында); Н. Смирнованың «Жамбыл шы-
ғармаларындағы Пушкин бейнесі» («Қазақ ССР Ғы-
лым академиясы Хабарларының» 6-санында); Мүсілім 
Базарбаевтың «Жамбылдың ақындық шеберлігі жөнін-
де», Әбділда Тәжібаевтың «Жамбылдың қазақ совет 
поэзиясындағы ерекшелігі» деген мақалалары Қазақ 
ССР Ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлі-
мінің I сессиясының «Еңбегінде»; Е. Ысмайыловтың 
«Иса ақын» деген зерттеуі «Әдебиет және искусство» 
журналының 9-санында жарияланды. 
1951 жылы Есмағамбет Ысмайыловтың «Импрови-
затор ақын» атты Иса жөніндегі мақаласы (орыс тілін-
де) «Қазақ ССР Ғылым академиясы Хабаршысының» 
2-санында жарық көрді. 
1952 жылы Ж. Тілековтың «Қарт ақын Айнабековтың 
шығармалары» деген мақаласы «Коммунист» журна-
лының 8-санында басылды. 
1953 жылы Москвада шыққан «Академику В. А. Горд-
левскому» деген жинақта Н. С. Смирнованың «Об отно-
шении советских казахских акынов поэтическому насле-
дию» деген зерттеуі; Ж. Нұралиевтың «Кенен жырлары»; 
С. Шаймерденовтың «Қайып ақын өлеңдері» деген ма-
қалалары, «Әдебиет және искусство» журналының 6-са-
нында шықты. М. И. Фетисавтың «Джамбул Джабаев» 
деген брошюрасы басылды. 
1954 жылы Есмағамбет Ысмайылов «Жамбылдың 
реализмі» («Әдебиет және искусство» журналының 9-
санында), «Жамбылдың реалистік дәстүрі жайында» 
(сол журналдың 12-санында) деген мақалалар жазды. 
Сол жылы X. Сүйіншәлиевтің «Ж. Жабаев қазақ халқы-
ның үлы ақыны» деген кітапшасы жарық көрді. 
1955 жылы Тіл және әдебиет институты «Очерки ка-
захской народной поэзии советской эпохи» деген моно-
графиялық еңбек жариялады. Кітапта: совет халық поэ-
зиясының зерттелуі және оның міндеттері, Октябрь 
революциясына дейінгі казақ халық поэзиясының озық 
дәстүрлері, қазақ совет поэзиясының ерекшеліктері, қа-
лыптасуы, социалистік реализм жолындағы күрес, халық 
шығармалары жөніндегі коммунистік партияның қойған 
229 

міндеттері, халық поэзиясының творчестволық өсу жол-
дары деген мәселелер қаралған. Осы жылы Қ. Жарма-
ғамбетов «Жамбыл Жабаевтың өмірі мен творчествосы» 
деген кітапшасын бастырды. М. Хасеновтың «Байзақов-
тың ақындығы» деген мақаласы «Қазақ ССР Ғылым ака-
демиясының Хабаршысының» 3—4-санында жарық 
көрді. 
1956 жылы Тіл мен әдебиет институтының Халық 
творчествосы бөлімінің коллективі «Жамбыл творчество-
сы» деген еңбекті бастырды, онда Жамбылдың өнерпаз-
дығы жөнінде бірнеше зерттеу мақалалар бар. 
1957 жылы Есмағамбет Ысмайылов «Ақындар» атты 
монографиясын қазақ тілінде, 1958 жылы орыс тілінде 
жариялады, 1959 жылы сол тақырыпқа диссертация қор-
ғап, филология ғылымының докторы деген ғылыми атақ 
алды. Бұл енбек профессор Ысмайыловтың ақындар ту-
ралы көп жылдан бері зерттеген еңбегінің қорытындысы. 
Еңбекте — ақындардың тұлғасы, олардың орындау ерек-
шеліктері, ақын, жырау, жыршы, әнші деген атаулардың 
ғылыми ұғымы, ақындықты дамыту, жетілдіру, ақындық 
орта, дәстүр жайы, ақындардың образ жасаудағы ерек-
шеліктері туралы көптеген проблемалық мәселелер кө-
терілген. 
1958 жылы Хайрөш Ишановтың «1916 жыл және ха-
лық поэзиясы», 1960 жылы «Қазақстанда совет өкіметін 
орнату үшін күрескен ерлер туралы жырлар» деген кі-
тапшалары шықты. 
Соңғы жылдары Қазақстанның көрнекті ғалымдары, 
жазушылары өздерінің көп жылдардан бергі жазған ғы-
лыми зерттеу мақалаларын жинақ етіп шығара бастады. 
1958 жылы Мұхаметжан Қаратаевтың «Туған әдеби-
ет туралы ойлар» атты мақалалар жинағы, 1959 жылы 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың «Әр жылдар ойлары» 
атты ғылыми еңбегінің бірінші кітабы, 1962 жылы екінші 
кітабы шықты. 
1960 жылы Сәбит Мұқановтың «Өсу жолдарымыз», 
Әбділда Тәжібаевтың «Өмір және поэзия» атты кітабы 
басылды, ол еңбектерде де халық творчествосы, халық 
ақындары туралы құнды ғылыми зерттеулер бар. 
40—50-жылдарда халық ақындарының шығармала-
рын зерттеген диссертациялық еңбектер де көріне баста-
ды. 1949 жылы К. Тұрғанбаев — «Жамбылдың батырлық 
жырлары», 1951 жылы Манап Хасенов — «Иса Байза-
230 

қовтың творчествосы», 1953 жылы Оразгүл Нұрмағамбе-
това — «Нүрпейіс Байғанин—советтік дәстүрдің жыр-
шысы», 1955 жылы Е. Ландау — «Жамбыл шығармала-
рының аудармасы», 1956 жылы X. Ишанов — «Қазақ-
станда Совет өкіметін орнату үшін күрескен ерлер тура-
лы жырлар» деген тақырыптарға кандидаттық диссерта-
ция қорғады. 
Қазір Қазақ ССР Ғылым академиясының М. О. Әуез-
ов атындағы Әдебиет және өнер институты қазақ әде-
биеті тарихының І-томының екінші кітабын, яғни совет 
дәуіріндегі халық поэзиясының тарихын жазу үстінде. 
Қорыта келе айтарымыз бұл мақалада халық ақын-
дары шығармаларының жариялануы, зерттелуі жөнінде-
гі еңбектер толық қамтылды дей алмаймыз. Мақала со-
вет дәуіріндегі халық творчествосынан хабардар бола-
мын деуші ғалымдарға, студенттерге, әдебиетшілерге ар-
нап жазылды. 

МАЗМҰНЫ 
Бірінші күн 
М.  Б а з а р б а е в т ы ң кіріспе сөзі 5 
М.  Қ а р а т а е в т ы ң сөзі . 7 
К. Ә з і р б а е в. Ел бастаған кемеңгер 19 
Қ.  Ж а п с а р б а е в . Қоммунизм шыңына. 21 
X.  Ө т е ғ а л и е в а . Ана куанышы 23 
М. Ж а п а қ о в. Көмірлі Қарағандым — үштің бірі. 24 
Қ.  Ж ү с і п о в . Жаңа өмір 24 
А. Ә л ж а н о в. Тың өлкеге ту тіктік 26 
Н.  Б а й м ү р а т о в . Ленин нүры. 27 
Б.  Б е к т ұ р ғ а н о в . Оңтүстіктің табысы 30 
Т.  Қ и р а б а е в . Қорғаным Компартия 30 
Б.  М е р к е м е л и д е н о в . Ақындар жиылысына. 31 
А.  Ж е к с е н б а е в - Қазақстан 32 
Т. Ә м і р е н о в. Бақыт . 33 
Ж.  М ә д и е в . Толғау 35 
Екінші күн 
Е. Ы с м а й ы л о в т ы ң сөзі. 37 
Ү. К ә р і б а е в. Нұр тілек 43 
Б.  Қ о ж а б а е в . Болат құс 45 
И.  Б и н а з а р о в . Академияның ақ ордасында. 47 
Е. К ә н д е к о в. Ел тілегі — бейбітшілік 49 
Қ. А л т ы н б а е в. Көкте адам 50 
К.  Е л е у о в . Жан сусынын Жосалыдан табасың 51 
Р.  Т о қ т а р б а е в . Алтай алқабында. 52 

Үшінші күн 
Ә.  Т ә ж і б а е в т ы ң сөзі. 56 
К е н е н мен  Х а л и м а н ы ң өлеңмен қағысуы. 64 
Б о л м а н мен Ж е л е у д і ң айтысы 71 
Қ а л и х а н мен Ә б і к е н н і ң айтысы 83 
Т а у б а й мен  А м а н ж о л д ы ң айтысы. 95 
Қ а л қ а мен  Е с д ә у л е т т і ң айтысы 104 
А р т ы қ пен  Қ ұ м а р д ы ң айтысы 115 
Халық ақындарының тілегі 
К. Е  л е у о в 122 
Б . М е р к е м е л и д е н о в .  1 2 4 
Ғ. М ү с і р е п о в. Қорытынды сөз. 125 
Халық ақындарының республикалық мәслихатының ұсы-
ныстары 132 
ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН МАҚАЛАЛАР 
М. Ә у е з о в. Совет ақындарының айтысы. . . .  . 1 3 7 
М.  Қ а р а т а е в . Халық поэзиясы жаңа белесте. . .  . 1 5 0 
Е. Ы с м а й ы л о в, Б. У а х а т о в. Қазіргі халық ақындары-
ның өнер жолы. 157 
Т.  С ы д ы қ о в . Сөз асылы елде 165 
Б. Ы с қ а қ о в. Халық ақындарымен әңгімелескенде. . . 178 
Б.  А д а м б а е в . Ақындық айтыс — ардақты дәстүр. .  . 1 8 7 
3.  К е р е е в а . О музыкальном строе напевов айтыса . . 194 
Ә.  Р а х ы м ж а н о в , Б.  У а х а т о в . Кеңесіп көрсек дейміз . 202 
Ғ.  Ж ұ м а б а е в . Дарын иелері 206 
Ш.  Қ ұ м а р о в а . Халық ақындарының мәслихаты. .  . 2 1 1 
Б.  Ә б д і р а з а қ о в . Майталмандар мәслихаты. . .  . 2 1 5 
М.  Ғ ұ м а р о в а . Кітап қазынасынан. 218 

894.342 
А—44 Песни акынов. Современная казахская народная поэзия. 
(Республиканское совещание народных акынов (3—5 ав-
густа 1961 г.). Изд-во АН КазССР, Алма-Ата, 1963. 
Стр. 234. (Институт литературы и искусства им. 
М. О. Ауэзова АН КазССР). 
Редакторы С. Бекмухамедова, Л. Н. Москвичева 
Худ. редактор И. Д. Сущих 
Тех. редактор П. Ф. Алферова 
Корректор Н. Сулейменова, 
* * * 
Сдано в набор 24/ХІІ 1962 г. Подписано к печати 18/IV 1963 г. 
Формат 84X108
1
/
32
. Физ. л. 14,63. Усл. печ. л. 11,99. Уч.-изд. л. 12,5. 
Тираж 5500. УГ03018. Цена 83 коп. 
* * * 
Типография Издательства АН КазССР. Алма-Ата, 
ул. Шевченко 28. Зак. 153. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет