Соңы 5-бетте) (Соңы 3-бетте)



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата31.03.2017
өлшемі4,37 Mb.
#10641
1   2   3   4   5   6   7

 Асылай ГУБАШЕВА

Батыс Қазақстан облыстық 

ІІД баспасөз қызметі

Отырыс


Үйлестіру кеңесіндегі келелі кездесу

Бастама


Пәрмен

Жалақы қайтарылды



Қағазбастылықтан арылып келеміз

Ел ордасы – Астана да кемел жасқа толып, көпшіліктің сүйікті қаласына айналып үлгерді. Оған 

қаншама аңыздар мен өлеңдер арналған, фильмдер де түсіріліп жатыр, оның кереметтілігі мен 

сұлулығы туралы әңгімелер ауыздан­ауызға тарап, айтылуда. Содан болар, есімдердің мониторингі 

бойынша республикамызда 2008 жылдан бастап 7 нәрестенің аты «Астана» деп қойылған. Осылай-

ша елімізде 4 ер бала және 3 қыз бала осы маңызды есіммен ортамызда жүр.

Астана күні Ақмола облысы бойынша 26 сәби дүниеге келді, олардың 14­і ер балалар және 12­сі 

қыздар. Мүмкін, олардың да аттарын Астана деп қоятын шығар? Халықта сөз бар ғой, «кемені қалай 

атасаң, солай жүзіп кетеді» деген. 

Ақмола облысы әділет департаментінің 

баспасөз қызметі

Оң қадам


Кемеңді қалай атасаң...

№75 (2853)

12 шілде 2016

3

zangazet@mail.ru



Жиын барысында күре жолдарды 

жөндеу кезінде түрлі айла, тәсілге 

барғандар туралы жолаушылар көлігі 

және автомобиль жолдары бөлімінің 

басшысы Айдар Қауменов хабарлама 

жасады. 


 Жалпы, Сарқант ауданында 948 

шақырым жол бар болса, олардың 

57 шақырымы – республикалық, 507 

шақырымы облыстық, 384 шақырымы 

жергілікті  маңызға  ие  жолдар. 

Жыл дан-жылға кетеуі кетіп, сапа-

сы нашарлаған жолдарды жөндеуге 

облыс   тық бюджеттен Сарқант ауда-

нын да орналасқан облыстық маңыз -

дағы 6 жолға ағымдағы жөндеу жұ-

мыс тарына қаржы бөлінген-ді. Бұл 

қаржы Сарқант-Тополевка жолының; 

Сарқант  арқылы  Бірлік  ауылына 

дейінгі жолдың; Алматы – Өскемен 

республикалық жолының Көкөзек 

бағытындағы біраз бөлігін, Қойлық – 

Қарғалы жолының; Қойлық – Қарғалы 

– Шатырбай; Бақалы ауылына барар 

жолдың  ой-шұңқырын  тегістеуге 

бағытталған  болатын.  Сондай-ақ, 

рес пуб ликалық бюджеттен облыстық 

маңыздағы Екіаша – Аманбөктер жо-

лын күрделі жөндеуден өткізуге 100 

млн теңге бөлінген. Аталған жолдың 

күрделі жөндеу жұмысы 2014 жылы 

басталып, сол жылы 200 млн теңге, 

2015 жылы 100 млн теңге игеріліпті. 

–  «Екіаша-Аманбөктер  жо-

лын  күрделі  жөндеу  жұмыстары» 

жобасының құны 667,0 млн теңгені 

құрайды. Осы ауқымды істі атқаратын 

Ғазиз Қоңырбаевтың жетекшілігін-

дегі «РСУ-1» ЖШС-не қарасты жол-

шылар бригадасының жұмыстарына 

көңілі толмаған тұрақты комиссия 

мүшелері дабыл қақты. Себебі, өз 

жұмыстарына  жауапкершілікпен 

қарамаған мердігерлер мен олардың 

басшылары ағымдағы жөндеу кезін-

де  технологиялық  процестерге 

көз жұма қарапты. Нақты дәлелге 

сүйенер болсақ, Алматы – Өскемен 

республикалық жолының Көкөзек 

бағытына ағымды жөндеу кезінде 

фрезеровка жасамай, ой-шұңқырды 

тереңдетпей және тазаламай асфальт-

ты төсей салған. «Алтын көрсе, пе-

ріште  жолдан  тайыпты»  дегендей 

тендерді ұтып алдық, енді не істесек 

те өзіміз білеміз» дегендер жасаған 

жұмыстарына  бақылау  жүретінін 

(Соңы. Басы 1-бетте)

(Соңы. Басы 1-бетте)

ҚОҒАМ


ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНМЕН 

КІРУГЕ ШЕКТЕУ ҚОЮ  



ДҰРЫС ШЕШІМ БЕ?

ЖОЛ  ҚАДІРІН ЖҮРГЕН БІЛЕДІ

Рас, ақ пен қара ажыратылып, адам 

тағдыры шешілетін соттардың мәжіліс 

залдары мал қайырып жүріп кіре са-

латын немесе әркім қалауынша бара-

тын жайма базар емес, қасиетті орын. 

Сірә  да,  мұндай  тыйым  жартылай 

жалаңаш  киініп  немесе  шортымен 

жүретін адамдарға қатысты болса керек. 

Мәселеге адами тұрғыдан қарасақ, сот 

ғимаратына келетіндердің сыртқы киім 

киісіне мұндай шектеу қою қажет те. Ал 

енді әркімнің жеке меншік мүлкі болып 

табылатын құралдарға тыйым салу не 

үшін керек? Онсыз да заңдарымызда сот 

залына бейне жазу құралдарымен кіруге 

тек істі жүргізуші судьяның рұқсатымен 

ғана  жол  берілетіндігі  көрсетілген 

емес пе? Ендеше, жоғарыдағы шектеу 

қаншалықты ақылға сыйымды нәрсе? 

Қалалық, облыстық соттардағы он 

мәжіліс залында күніне он іс қаралып, 

оның әрқайсысына орта есеппен он 

кісі қатысады деп тұжырымдасақ, про-

цестерге келетіндердің ұзын санының 

жүз адамға маңайлауы ықтимал екен. 

Ол дегеніңіз сот ғимаратына сонша-

ма  адамның  телефонын  сақтайтын 

ұяшық қажет деген сөз. Бұған сотта-

рымыз дайын ба? Осындай сауалдар-

ды қазып көрсең, оның ар жағынан 

соттардың қауіпсіздігінен гөрі, іштегі 

ақпараттардың сыртқа шығып кетпе-

уін қорғау тәрізді сақтану шараларына 

көбірек мән берілгендігі сопаң етіп 

шыға келетін сияқты. Сонда мәжіліс 

залдарына  орнатылған  бейнежазба 

құралдары сот ісіндегі ашықтық пен 

жариялылықты қамтамасыз етеді деп 

жүргеніміздің бекер болғаны ма? Түпкі 

мақсатымыздың  өзі  жабық  өтетін 

сот мәжілістерінен өзге істерді қарау 

барысындағы заңдылықтың сақталуын 

жалпақ жұртқа жария түрде көрсетіп, 

халықтың сотқа деген сенімін нығайту 

емес пе? Олай болса, сот органдарын 

тұмшалап,  халықтан  алыстатудың 

қаншалықты қажеті бар? Осы шек-

теу арқылы журналистер қауымының 

құқықтары бұзылатындығы да қоғамда 

біраз талас тудырып қалды.

Анығында да, егер мұндай тый-

ым салу бүгін-ертең жүзеге асыры-

ла  тын болса, оның бұқаралық ақ па -

рат  құралдары  өкілдерін  айналып 

өтпейтіндігі белгілі. Іс біздің ойла ға-

нымыздай сипат алса, ондай әрекеттің 

сот процестеріндегі жариялылықтың 

жасырын күйінде қалатыны өз алды-

на,  мұндай  тыйымның  Қылмыстық 

кодекстің «Журналистің заңды кәсіби 

қызметіне кедергі жасау» деп аталатын 

158-бабында көрсетілген талаптарға 

Бүгінгінің бас тақырыбы

Базына


қайшы келетіндігі дау тудырмайды. Осы 

баптың 1-бөлігінде  «...журналистің 

заңды кәсіптік қызметін орындауына 

кедергі  жасайтын  не  оны  осындай 

мүмкіндіктен толық айыратын жағдай 

туғызу жолымен оның заңды кәсіптік 

қызметіне кедергі жасаудың бір жүз 

айлық  есептік  көрсеткішке  дейінгі 

мөлшерде айыппұл салуға не сол сол 

мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір 

жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге 

қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық 

бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа 

алуға жазаланатындығы көрсетілген. 

Заңның осы талабы бойынша кез келген 

басылым журналисінің жабық өтетін 

сот мәжілісінен басқа отырыстарға ке-

дергісіз қатысуға құқығы бар.

Қалай  десек  те,  істі  қарап,  әділ 

төрелігін айтатын қазының қалыпты 

жұмыс жасауына қолайлы мүмкіндік 

туғызу қажет. Тек ол ұялы телефондар-

ды алып кіруге шектеу қою арқылы Ата 

заңымыздың 26-бабының 1-бөлігіндегі 

«Қазақстан Республикасының азаматта-

ры заңды түрде алған қандай да болсын 

мүлкін жеке меншігінде ұстай алады» 

деген заң талабын бұзу арқылы жүзеге 

асырылмауы тиіс. Біздіңше сот залдары-

на кіріп-шығудың қазіргі қалыптасқан 

жүйесінен басқа тиімді тәртіп жоқ. 

Сот ғимаратына аяқ басқан әрбір адам 

ұялы  телефонын  өшіреді.  Мәжіліс 

үстінде судьяның жұмыс істеуіне ке-

дергі келтірсе, сот залынан шығарып 

жіберу шарасы қолданылады. Жаңадан 

қолданысқа  енгізілген  Қылмыстық 

кодекстің 407, 408, 409, 410, 411 сияқты 

бес  бірдей  бабында  сот  төрелігін 

жүзеге асыратын адамның жұмысына 

кедергі келтіретіндерге қатаң жазалар 

қарастырылған. Бір ғана Қылмыстық 

кодекстің «Сотты құрметтемеу» деп 

аталатын  410-бабының  1-бөлігінде 

сот  талқылауына  қатысушыларды 

қорлап, судьяны құрметтемейтіндерге 

үш жүз айлық есептік көрсеткішке 

дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не 

сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 

екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзім-

ге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 

жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге 

қамаққа алу жазалары қарастырылған. 

Қарап отырсаңыз, бұл – кез келген 

адамды тәубесіне түсіретін талап. Олай 

болса, қолданыстағы заңдарымызда 

судьяларымызды қорғауға жеткілікті 

заңдық тетіктер қарастырыла тұрса 

да жоғарыдағыдай қосымша шектеу-

лер енгізудің қандай қажеттіліктен 

туындағанын түсіне алмай, дал боласың. 

Расында да, ойландыратын мәселе.



Елеусіз МҰРАТ,

«Заң газеті» 

білмеді емес, білді. Алайда, жауап-

кершілікті естен шығарғандарына 

қайран қаласың. Осылар мердігерлер 

жамаған сапасыз жолда қаншама көлік 

оқиғалары орын алатынын да сез-

бей отырған жоқ. Аудандық маңызы 

бар жолдарға 2016 жылға 339,0 млн 

теңгеге қаржы бөлу жөнінде облысқа 

сұраныс  берілген,  бірақ  қаржы 

бөлінген жоқ. Сарқант қаласының 

жолдарын жақсарту мақсатында өткен 

жылы Абай, Жамбыл, Қабанбай ба-

тыр және Бөгенбай батыр көшелерін 

орта жөндеу жұмыстарына жобалар 

әзірленген, бұған да қаржы бөлінбеді, 

– дейді Айдар Қауменов.

Осы аталған учаскелердегі жолдың 

сапасына орай құрылған комиссияның 

құрамында  аудандық  қоғамдық 

кеңестің мүшесі Жәлел Сасанбаев, 

аудандық мәслихаттың депутатта-

ры Мұрат Түсіпов, Жомарт Игіман, 

Серік Серкебаевтар арнайы рейдке 

шығып тексергенде, Сарқант-Көкөзек 

жолындағы жөндеу жұмыстарының 

талапқа сай еместігіне көз жеткізген. 

Жол  жасау  жұмыстарымен  айна-

лысатын бригада жетекшісі Санат 

Әміреновтің сапасыз жұмыстарын 

көзге  шыққан  сүйелдей  қылып 

көрсеткен комиссия құрамы жолдың 

қалған  бөлігіндегі  жұмыс  сапалы 

атқарылатындығына сенім артыпты.

Алайда, комиссия айтқан сыннан 

қорытынды шығармаған бригада ескі 

әдетіне қайта басыпты. Бақылауды 

күшейткен  комиссия  рейд  бары-

сында қайталанған олқылықтарды 

слайд арқылы көрсетіп, ағымдағы 

жөндеуден өтіп жатқан жолдардағы 

сорақылықты  әшкере  етті.  Мұнда 

ой-шұңқырлар схемаға сәйкес ойы-

лып, асты тегістеліп, асфальт төсеуге 

дайындалмаған. Ең сорақысы, жұмыс 

жүргізгендердің  қолында  әрбір 

шақырымы, шұңқырлардың көлемі, 

тереңдігі  бейнеленген  жоба-сыз-

ба қағазы жоқ болып шыққан. Бұл 

жөндеуден өткен жолдың көлемін 

өлшеуге қиындық туғызады. Ол – ол 

ма, жұмысшылардың кәсіби деңгейі 

де төмен болған. Жол ойықтарының 

астына төселетін құм, шайыр сын ды 

құрылыс  материалдары  пайда ла-

нылмаған. Сиқыршыдай көз бояған-

дар  жолдың  шұңқырларына  лай 

топырақ аралас салынған асфальт-

ты  жая  салған.  Мұндай  сапасыз 

жұмыстың ғұмыры бір жыл тұрмақ, 

бір айға да жетпей бүлінетінін мерді-

герлер біліп отыр. Тексере келгенде, 

тіпті  шұңқырды  шаңнан  тазалай-

тын компрессор, оны оятын серіппе-

лі балға, лом жолшы лардың құрал-

жабдықтарының ішін де жоқ болып 

шыққан. Жол жасаушылардың құрғақ 

асфальтты тазаланбаған ойық қа тап-

тай салғанын көрген көлік жүр гізу -

шілері мен ауыл тұрғындары нара-

зы лықтарын  да  білдірген.  Осын-

дай жайсыздықтан кейін аудандық 

мәслихаттың  депутаттары  Мұрат 

Түсіпов, Сәния Елубаева, Тілеу жан 

Доғаманов,  Серік  Серкебаевтың 

сауалы на «РСУ-1» ЖШС учаскесінің 

басшысы  Алмат  Бекмағамбетов 

толық қанды  жауап  бере  алмапты. 

Салы суға кетіп, өз аттарына айтылған 

сынды толық мойындаған ол жұмысты 

сапалы атқаруға уәде беріп құтылған. 

Жолдардағы келеңсіздіктер жай-

лы ақпарат түсе салысымен Сарқант 

ау данының орталығын елді мекен-

дермен жалғайтын жол күйінің сапа-

сыз дығына  орай  Алматы  облысы 

жо лау шылар көлігі және автомобиль 

жолдары басқармасы басшысының 

орынбасары Серік Самуратов, облыс-

тық жолаушылар көлігі және автомо-

биль жолдары басқармасының авто-

мобиль жолдары бөлімі басшысының 

міндетін атқарушы Қуандық Байсақов, 

«РСУ-1» ЖШС-нің директоры Ғазиз 

Қоңырбаев, «Талдықорған жолда-

ры» фирмасының учаске басшысы 

Балташ Құлжанов, «РСУ-1» ЖШС-

нің  учаске  басшысы  Ерік  Қапаев 

ауданға арнайы келіп, атқарылған 

жұмысты қадағалауға алыпты. Аудан-

дық мәслихат депутаттары ұсын ған 

фотоқұжаттағы жолдарға жүр гізілген 

ағымдағы жөндеудің сапасыздығы 

рейд барысында тағы да айқын көрін-

ген. Кеткен кемшіліктерге байланысты 

Алматы облысы жолаушылар көлігі 

және автомобиль жолдары басқармасы 

басшысының орынбасары Серік Саму-

ратов комиссия наразылығымен толық 

келісіп, «РСУ-1» ЖШС-нің сапасыз 

жолдарды өз есебінен қайта жөндеуден 

өткізуіне ұсыныс білдірген. Комис-

сия то лық құрамда Алмалы-Көкөзек, 

Қойлық-Қарғалы жолдарының сапасын 

анықтап, олқылықтарды көзбен көріп, 

сапасыз жамалған жолдарды қай та 

жамауға бел буып отыр. Бұл деге ніңіз, 

«ерінген екі істейді» деген сөз. 

Облыс орталығынан арнайы келіп, 

жолшылардың берекесіз тірлігімен 

танысқан басшылар Алматы-Өскемен 

жолының  410-426  шақырымына 

күрделі жөндеу, Қарабөгет ауылына 

апаратын жолдың 8,4 шақырымына 

орташа жөндеу жүргізген «Ақ сұңқар-

ай»  ЖШС-не,  Қойлық-Қарғалы 

жолының 21-24 шақырымына орта-

ша жөндеу жүргізген «Талдықорған 

жолдары» фирмасына кепілдік мер-

зім аралығындағы ағымды жөндеуді 

кешіктірмей жүргізуді жүктеді. 

Айтақын БҰЛҒАҚОВ,

 «Заң газеті»

 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ 

Мәселе

Ақмола  облыстық  «Қазақ  тілі  және 

мәдениеті»,  «Ел  бірлігі»  қоғамдық  бір-

лестіктері  «Бүгінгі  күнгі  діни  ахуал 

және  тұрақтылық»  деген  тақырыпта 

дөңгелек  үстел  өткізді.  Ақтөбедегі 

лаңкестік  оқиғадан  кейін  елімізде 

үлкен  пікір  туғызып  отырған  бұл  өзекті 

мәселеге  құзырлы  органдармен  бірге 

қоғамдық  ұйымдардың  да  жете  көңіл 

бөле  бастағаны  аңғарылады.  Өйткені, 

ортақ  үйіміздегі  тыныштық  пен  бірлік 

баршамызға қымбат екені белгілі.

Ш

араға қатысқандар Ақтөбедегі лаңкес-

тік салдарынан қаза тапқан жандар-

ды бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық 

бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов бүгінде 

қоғам үшін өзекті мәселеге айналып отырған 

діни экстремизм жайын адамдарға, оның ішінде 

жастарға түсіндіру, теріс ағымдардың ықпалына 

түсуден сақтандыру мақсатында ұйымдастырылған 

шараның маңыздылығына тоқталды. Қазіргі күні 

құзырлы органдар еліміздің аумағында сәлафи-

лер дің жұмысына тыйым салуды көздейтін заң 

жо басын дайындауда. Осы орайда, азаматтар өзде-

рі  нің ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, оны 

өкілетті органдардың назарына ұсынудың мәні зор 

екендігіне тоқталды. Дөңгелек үстел барысын да 

айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстардың бә рі хат-

талып, құзырлы органдардың назарына ұсыныл мақ.

Бүгінде өздерінің экстремистік көзқарастарымен 

айналасындағы жұрттың мазасын алып, еліміздің 

тыныштығына қатер төндіріп отырған сәлафи 

дегендер кімдер және олардың ұстанған жолы 

қандай  деген  мәселе  төңірегінде  Қазақстан 

мұсылмандары  діни  басқармасының  Ақмола 

облысындағы өкіл имамы Қанат Қыдырмин жан-

жақты әңгімелеп берді. Бұл ағымның атауы «сәлаф 

– пайғамбар заманы» деген сөзден алынған екен. 

Пайғамбарды көзі көргендер сахаба, ал оларды 

СӘЛАФИЗМНІҢ ЖҰМЫСЫН ТЫЯТЫН ЗАҢ ҚАЖЕТ

көргендер тәблиғин деп аталады. Пайғамбардан 

кейінгі үш буын өкілдері ислам дініндегі ең сенімі 

берік және таза мұсылмандар болып саналды. 

Сәлафилердің өз ағымдарын осылайша атауының 

астарында «Пайғамбар заманындағыдай таза дінді 

ұстанушылармыз» дегенді білдіру ниеті жатқан 

сияқты. Аты осындай дардай болғанымен, бірақ іс 

жүзіне келгенде сәлафилер теріс жолды ұстанады. 

Олар барша мұсылман ұстанатын төрт мәзхабты 

мойындамайды,  Пайғамбар  заманындағыдай 

мәзхабсыз жолмен жүреді.

Қазақстанға уахабизм немесе сәлафизм идея-

сы ның келуі өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан 

басталады, – дейді Қанат Қыдырмин. – Сол тұста 

әркім өз бетімен Пәкістан, Египет, Сирия сияқты 

елдерге барып оқып немесе мешіт жанында болып 

дін үйреніп қайтқан. Олардың көбі сол елдерде 

белең алған уахабизм идеологиясын саналарына 

сіңіріп, елге оралған соң, оны халыққа тарату-

мен айналысты. Алғашында кітаптар, буклеттер 

шы ғарып таратса, кейін келе интернетті пайда-

лан ды. Бұған бір жағы сол тұстағы еліміздің 

дін ге қа тыс ты заңдардың жұмсақтығы да елеулі 

ық па лын тигізген сияқты. Оған қоса, қажылыққа 

ба рып келетіндер арасында да аз уақыт ішінде 

көзқарастарын өзгертіп, уахабизм идеясы дертіне 

шалдығатындар байқалуда дейді облыстың өкіл 

имамы. Қажылықты да сәлафилер осылайша 

өздері нің теріс мақсаттарын орындауға пайдала-

нып жатқан жайы бар.

2000-шы жылдардың басында елімізде тұңғыш 

рет Хизб-ут тахрир қоғамының өкілдері сотталып, 

олардан ел қауіпсіздігіне қатер барлығын түсінген 

құқық органдары осыдан кейін заңды қатайтуға 

және зиянкес ағымдарды бақылауға алуға көңіл 

бөле бастады. Осы орайда, елімізде ашылған 

дін қызметкерлерін даярлайтын Нұр-Мүбәрәк 

университетінің мәні зор болғаны анық. Бұрын 

шетелдерден оқып, саналарына түрлі теріс идея-

ларды сіңіріп келетін жастарымыз сондай залалды 

идеяларды жұртшылыққа тарату қаупін төнгізетін 

болса, ендігі арада өз елімізден ашылған діни 

жоғары оқу орны жер-жерден көптеп бой көтере 

бастаған мұсылман мешіттерін білімді, көкірек 

көзі ашық имамдармен қамтамасыз етуге игі 

ықпалын тигізуде. 

Облыстың өкіл имамы Қанат Қыдырминнің 

айтуынша, мешіттер мүфтият белгілеген төрт 

бағытта мақсатты және тұрақты жұмыс жүргізуде. 

Ол бағыттар: оқу-ағарту жұмыстары, уағыз айту, 

қайырымдылық шаралары және теріс ағымдармен 

жұмыс  істеу.  Соңғы  кезде  орталық  мешітке 

бірқатар білімді де білікті ислам дінін жетік 

білетін теологтар келген. Сауд Арабиясында оқып 

білім алған, дін саласын жетік білетін Дінмұхамет 

Сманов, Нұрлан Бақбасаров және «Насихат» 

кеңес беру-оңалту орталығының басшысы Қанат 

Алшынбаев сияқты теолог мамандар аудандарға 

шығып, халықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын 

ұдайы жүргізіп тұрады. 

 Көкшетауда бірнеше жылдан бері жұмыс 

істеп келе жатқан «Насихат» кеңес беру-оңалту 

орталығы қатерлі теріс ағымдарға қарсы нәтижелі 

жұмыс жүргізуде. Өткен жылы орталық 10 жобаға 

қатысып, екі жүзден астам лекциялар оқыған 

екен. Осы шараларға барлығы 12 мыңдай адам 

тартылған.  Орталық  жүргізген  осындай  игі 

шаруалардың нәтижесінде елуден астам адам 

теріс көзқарастарынан қайтып, олардың біразы 

дәстүрлі ислам дініне оралған. Биыл да «Насихат» 

орталығы бес жобаға қатысып, бұл бағыттағы 

жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. 

Дөңгелек үстел барысында Көкшетаудың ір-

гесіндегі Краснояр кенті мешітінің имамы Нау ан 

Мұталов, «Ақжол» партиясы төрағасының орын-

басары Бақыт Смағұл, «Ел бірлігі» қоғам дық 

бірлестігі төрағасының орынбасары Жақсы лық 

Ақтанов, облыстық дін істері жөніндегі басқар-

маның бөлім басшысы Болат Қасенов сияқты 

шараға қатысушылар да ислам дініндегі теріс 

ағымдар, оның залалы мен сақтану жолдарына 

қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Ол ой-

пікірлердің негізі еліміздегі лаңкестермен күреске 

қатысты заңдарды қатайту және сәлафи ағымының 

жұмысына тыйым салатын заң қабылдау керек де-

ген тұжырымға тоғысып жатты. Шара барысында 

қозғалған ой-пікірлер мен ұсыныстар өкілетті 

органдардың назарына ұсынылмақ. 



Қалкөз ЖҮСІП,

«Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ



4

№75 (2853)

12 шілде 2016

zangazet@mail.ru

ТАРАЗЫ

Съезд қарсаңында



100 нақты қадам

Сарап


Биылғы жылы судьялар 

арасында терең талқыланып 

жатқан екі тақырып ерек-

ше маңызға ие. Оның бірі 

төрт жыл сайын өтетін судья-

лар съезінің маңыздылығына 

қатысты өрбісе, екіншісі осы 

алқалы бас қосуда көпшілік 

таразысына салынғалы отырған 

қазылардың жаңа Әдеп ко-

дексіне қатысты болып отыр. 

Ұлт жоспарының негізін-

де биылғы жылдан бастап 

қолданысқа 59 жаңа заң мен 

80-нен астам қолданыстағы 

заңға өзгерістер мен 

толықтырулар енгізілді. 

Кәмелетке  толмағандарға  қатысты 

қылмыстық  істерді  қарау  барысында 

көз  жеткізгеніміз,  қоғамға  жат  әрекеті 

үшін жауапкершілікке тартылғандардың 

көпшілігі  тұрмысы  қолайсыз  отбасында 

тәрбие  алғандар.  Толық  емес    немесе 

ата-аналары  маскүнемдікке  салынған, 

заңды сыйламайтын, бір-бірімен қарым-

қатынасы  нашар  отбасында  өскен 

баланың психикасы бұзылады. 

Тіл адамдардың 

қарым-қатынас құралы 

болғандықтан, ол сөйлеу 

әрекетінің арқауы бо-

лып табылады. Тіл ұлт пен 

ұлтты жақындастыратын 

өзгеше қатынас құралы. 

Жоғарғы Соттың ұйытқы болуымен қолға 

алынған бас  тамалардың барлығы қазір өз 

нәтижесін  беруде.  Соның  ішінде  халыққа 

сот қызметінің қолжетімділігін, ашықтығын, 

жариялылығын  көрсететін  «Сот  кабинеті» 

жүйесі өзінің пайдалы еке нін сөзбен емес, 

нақты іспен дәлелдеп отыр. 

ӘДЕП КОДЕКСІ — ҮЛКЕН ІЗДЕНІСТІҢ ЖЕМІСІ

ҚАЗЫ БОЛАМ ДЕУШІЛЕРГЕ  ТАЛАП ҚАТАҢ

ЖАУАПҚА ТАРТЫЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ  КӨПШІЛІГІ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет