1
Күл Көмеш дастаны
Син
-
Лек
-
Уннинни көріпкел жырларынан
...
Орысшадан аударған Сайын Назарбекұлы
Из книги:
Истоки тюрков. Сборник.
Алматы: ИД «Кочевники», 2005
...
Песни и легенды о Гильгамеше дошли до нас записанными клинописью на
глиняных плитках –
«таблицах»
на четырех языках Ближного Востока –
шумерском, аккадском, хеттском и хурритском...
...Сам Гильгамеш –
реальная историческая личность, правитель живший
ок.2700 г. До н.э. ...
...Эта поэма о древнм царе Урука основана на мифах шумеров...
2
Күл Көмеш дастаны
Кіріспе сөз
(аудармашыдан)
Ерте
-
ерте
-
ерте еді,
Ешкі жүні бөрте еді...
...Жерден топырақ алдырып
илеп,
Тәңір отының күліне көміп пісірген,
Адамдық кейіпке түсірген,
Күл Көмеш атты ғажайып батыр болыпты
...
Күл Көмеш быйыл 5555 (?.)
жасқа толыпты...
Бірінші бет
Құдіретті еді –
әлемді шексіз сезе алған,
Жиһангез еді –
теңізді, тауды кезе алған,
Досымен бірге дұшпанын, жауын талқандап,
Кемеңгер еді, сезетін бәрін, ӛзі, алдан.
Кӛрместі кӛрді,
сырларды
сезді жасырын,
Әйгілі етті, топан су, зұлмат ғасырын.
Оқыды,
жазды, саз илеп таңба басты да,
Әлемді кезді,
шаршады, кӛнді ақыры.
Қаласын Ұрық қоршады қаптап тас
пенен
Ел Ана елді қамқорлап жүрді ас
пенен,
Кӛшесі кӛркем, тартқандай сыммен түп
-
түзу
Теңі жоқ әсем, сүйсінді досы, қас
пенен.
Ежелден жеткен табалдырыққа тигіз табанды,
Ел ана және қабылдар Тәңір
адамды.
Ешкім де, тіпті болашақ патша сала алмас,
Ұрықты кӛрің,
алдырмас жауға
қамалды.
Қаласын салды. Ел қамын ерлер жемес пе!
Күйдірген кірпіш! Қаланың сәні емес пе!
Іргетас
қандай! Кірпішін сыйпап қарашы,
Тұрғызған бұны –
«даналар ойы» демес пе
!?
Зор еді жігіт, жаралған жанның
алыбы,
Адамнан кӛрі Тәңірге жуық, анығы.
3
Сұлу да еді, кӛрмесе
адам нанғысыз,
Қаласын Ұрық сол кезде әлем таныды.
Домбайдай «тағы», шыдатпай қайрат
құтырып,
Қарсылас жатты алысқан бұдан ұтылып.
Ұран от жақса –
қарты да, жасы ұйқысыз,
Арызы жұрттың кӛмейде жатты жұтылып.
Алмайды айта: «Бұзықтық саған қол емес!
Жас жетті сенде мұрагер жоқ қой, Күл Көмеш?».
Арызын халық Тәңірлер естіп жатыпты,
Ойлапты олар Анаға
айтсақ қой демес:
«Аруақ Ана Кӛмешті ӛзің жараттың!
Егізін жарат мерейі ӛссін тараптың!
Ерлігі оның түспесін кемшін
Кӛмештен,
Жарыссын олар, Ұрықтың тыныш таңы атсын!»
.
Аруақ Ана халықтың мұңын түсінді...
Жүрекпен қалап жаратты ғажап мүсінді.
..
Тазалап қолын... Қасиет саздан үзіпті...
...«Елкелді» атап, адам ғып жерге түсірді...
«Елкелді» солай жердегі жұртқа жолықты,
Жалаңаш тәні қылшыққа,
жүнге толыпты.
«Бӛлтебер»
адам, қылығы аңдай
,
тағы жан,
Әйелге ұқсап,
шаштары ұзын болыпты..
.
Аспан да, жер де
бұндайды бұрын кӛрмеген,
Аң болып ӛскен, ойнаған торпақ,
тӛл
менен.
Құланға еріп жайылса Ұлы Далада
,
Үйіндей болды, балық па дерсің, кӛл деген.
Бір аңшы оған далада бір күн
кездесті,
Келесі жолы суатта тағы жүздесті.
Жайлауға шықса
–
жайлауды жайлап алыпты,
Елкелді, ӛзі, екенін адам сезбесті.
Қорқады аңшы, сасады,
түсі ӛзгеріп,
«Бӛлтебер»
адам далада, тауда кез келіп.
Айрылды тілден, айрылды ұйқы, күлкіден,
Қабынды жүрек құбыжық адам, кӛз кӛріп.
Аттанды аңшы, қайда деп қамқор Күл Кӛмеш...
4
Артында
қалды белестен кейін бір белес...
Ұрыққа жетіп арызын айтты, аңыздай,
Бӛлтебер
сұсы
кӛзінен кетпей
,
тұрды елес.
Адамның сондай емес
-
ау, тіпті болмағы
,
Қашаған тастан секілді оның қолдары.
Мал жаяр жерім, тауым да
менің қалмады,
Ұйқыдан қалдық, уайым болды
«сол
–
тағы»
.
Аранды қазсам
–
бір күнде кӛміп тастайды,
Тұзақты құрсам –
айналып ӛтіп, баспайды.
Аңдардың бәрі алыптың ығын паналап,
Болып тұр елге ас қайғы, тіпті бас қайғы
Ӛмірдің сырын Күл Кӛмеш оған аңдатты:
«Алып кет –
депті
,
–
«етегі желді» Шамхатты.
Жарқ етсін сұлу, жалаңаш сұлу, алдынан,
Елкелдің
сонда бағдарлай алмас жан
-
жақты.
Сұлуды сүйіп басылар қайрат тасыған,
Ӛмірді танып желі де кетер басынан
.
Иісі адам қашырар одан аңдарды,
Шамхатты бірақ шығарма оның қасынан»
.
Жеті күн ойнап сезімге шомып батқасын,
Балқыпты тәні құшаққа жылы жатқасын,
Ақыры батыр аңдарға бетін
бұрыпты,
Махаббат сезім, ләззәт дәмін татқасын.
Кӛрді де оны жағдайды аңдар аңдады...
Бӛтен бе екен олардың әдет, заңдары?
..
Елкелді сезді
,
ӛзгеріс біткен болмысын...
Аңдар да сезді, кетіпті тарап аңдары.
..
Аңдарға ере алмасы енді байқалды,
Ойы да терең, ақылды
сӛзді айта алды.
Оралды қызға, отырды
сыйпап балтырын,
Ұнатып қалды
,
Шамхаттай сұлу
,
сайқалды.
Сӛйлесе сайқал елеңдеп
батыр құлағы,
Бұ қыздың сӛзі, ӛзі де қатты ұнады.
«Кӛрікті жансың, Тәңір ме дерсің ӛзіңді,
Жүргенің қалай аңдармен аң боп?», –
сұрады.
«Менімен бірге жүрсеші Ұрық қалаға,
5
Қасиет үйге, құрмет қылшы Анаға.
Күл Кӛмеш саған домбайдай күшін кӛрсетер,
Жетеді сонда бағасы достық санаңа»
.
Сайқалдың сӛзін тыңдайды батыр сезіне,
Жүрек те соқты дос іздеп теңдес ӛзіне.
..
Екінші бет
Шамхат қыз –
сайқал, таныңдар мына
би қызды.
..
Матаны жыртып еркекке киім кигізді.
..
Қалғанын ӛзі лыпы ғып алды, ал сосын,
Ел
-
жұртқа қарай, Елкелді ерді жүргізді.
Ұғылды сӛзі, ойы да кетпей босына
,
Ақылды әйел –
данышпан деген осы ма?
Жетектеп қолдан, балаша ерке мәпелеп
,
Жабайы жанды жеткізді малшы қосына.
Ғажапқа таң боп бақташы қауым қоршады,
Елкелді батыр толтырды сонда ортаны.
Жиналған елдің қышуы қанды тілінің,
Суарып
кӛзін, құмары әбден тарқады.
Айтады олар ұқсас қой мынау Кӛмешке,
Сәл қысқа бойы, ол тау да, мынау дӛңес пе!
Жабайы аңның уызын емген бұ шырақ,
Білегі шынар, тырнағы бүркіт емес пе!?
Қымсынып отыр,
ортаға келіп, білмеген,
Кӛпшілік кӛзі қыздырып оны, терлеген,
Алдына қойған нанның да білмей не екенін,
Бозадан шошып ешқашан ішіп кӛрмеген.
Сайқалы айтып сырына өмір қаныпты,
Не айтса болды сеніпті оған, наныпты.
...
Нанды же батыр! Адамға азық бұ тамақ.
..
Шарап іш батыр! Кӛңілге азық бұ тамақ...
Нанға да тойды, шарап та күшін танытты,
Жетеуін құты босатып барып тыныпты.
..
6
Жүректе сезім, болмыста
жаны оянды,
Кӛңілі шат боп, балбырап
отыр бой енді.
Денесін жүн
-
жүн майымен күнжіт
уқалап,
Жабайы қылық, әдетін ерсі жоя алды.
Киімді киді
,
ұқсады еркек кісіге,
Қараңыз мына тындырған сосын ісіне.
Қолында қару, айқасты арыстандармен,
Малшылар кӛріп
сенеді оның күшіне.
Жеңілді бәрі, арыстан, қасқыр бағынды,
Халқы да шатты хабарды естіп жағымды.
Ғұлама тыныш, шаруа жайлы, қауіпсіз,
Елкелді қамқар, ел үшін қару тағынды.
Ұрыққа хабар, дабыра, ӛсіп жетеді...
Күл Кӛмеш батыр қалыңдық ойнар кеш еді...
Тӛсекке бірақ жете алмай қалды сол түні,
Елкелді батыр басқаша оны шешеді.
..
Некелі тӛсек алдында олар айқасты,
Кӛшеге шығып, далаға кетіп шайқасты.
Қабырға дір
-
дір, далада гүр
-
гүр, армансыз,
Бір
-
бірін сынап, батырлар әбден байқасты.
Шайқасты олар бәйгіге намыс тігіліп...
Тізесі Көмеш кетеді бір кез бүгіліп...
Күл Кӛмеш сонда ауыздықтапты ашуын,
Қызуын
қанның
,
шектепті батыр тасуын.
Елкелді сонда сөйледі, сөйлегенде бүй деді...
Жалғыз ғып сені жаратты десе нанамыз,
Патшайым Нинсун, Тәңірі текті анаңыз.
Жоғары едің кіндікті жанның бәрінен,
Тәңірің Эллиль патша етті, біздің
панамыз.
Күл Көмеш сонда сұрайды..
.
«Кӛздерің неге мӛлдірей толып тұр жасқа,
Ӛзіңді неге қинайсың сонша құр босқа?»
Елкелді жауап қатады...
7
Қапамын досым, жарасар қылық осы ма?
Күшімді жұмсар іс таппай жүрмін босына!
Күл Көмеш сонда сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді...
...Ливан атты, жырақта тау бар деседі,
Самырсын орман, сол тауды жапқан, ӛседі.
Орманды жауыз Сұмбаба мекен етеді.
Тимесін елге сұмдық пен қулық кеселі.
Екеулеп біздер құрталық көзін жауыздың...
Тазартам жерді –
ендігі осы
әңгіме,
Ендігі ерлік, жырланар осы ән
міне!
Пиғылын кісі, жүрегін адам ағартам
!
Атымды солай қалдырмақ болдым мәңгіге!..
Елкелді сонда сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді...
Орманды қорғар –
Тәңірі
-
Вэрі емес пе?
Кӛз ілмес күзет, Хумбаба күшті егесте.
Шамаштың ӛзі дем
берген оған, ал Алда
Орманын қорғап, Хумбаба қамын жемес пе?
Адамның оған сезімін қорқу басқартқан,
Қаһарлы –
даусы
,
дауылға сұмдық астасқан.
Сӛзі
–
ӛрт оның, ал демі –
ӛлім, жұт елге,
Сумбаба сұмнан талай ер қорқып бас тартқан.
Жол да жоқ жетер, күтіп тұр ӛлім барғанға,
Жоғалтар адам
қасиет
-
еркін орманда,
Сумбаба –
тажал, сезімді қорқу басқарған
,
Самырсын орман айналған сұмдық қорғанға.
Күл Көмеш сонда сөйлейді...
Ойлашы, досым, құдірет қандай Кӛктегі?
Тәңірлер Кӛкті мәңгілік мекен еткелі –
Ғұмыры адам –
қамшының ғана сабындай,
Ӛмірі –
опа, еңбегі –
зая кеткені
...
Ӛлім не, досым, қорқасың содан несіне?
Жинашы қайрат, ерегес
,
қайта, ӛшіге!
Жол салып алда отырам ӛзім, сен болсаң:
«Қорықпа дей бер!», түсірші соны есіме.
8
Ат қалсын артта: «Батылы барды бір іске,
Сұмбаба сұммен Күл Көмеш түскен күреске!»...
...
Бір бала келсе ӛмірге ӛзім пішінді,
Сұраса сенен білгісі келіп, ішіңді:
«Тындырды нені әкешім менің десе ол?»
Айтарсың сонда тындырған менің ісімді...
Үшінші бет
Батасын беріп ақсақал жолға шығарып,
Айтуға ақыл, құмар ғой
әсте бұ халық:
«Күшіңе сенбе, досыңа сенші, жігерге,
Сабырлы бол да, ұрымтал сәтті жіберме.
Жол басшы болса
–
міндеті жолдас құтқару,
Бас
дайын
болсын,
сақтауға досын
,
тігерге.
Елкелді алда жүретін болсын әрдайым,
Біледі батыр самырсын орман жайғдайын.
Ұрыста болған, соғысты кӛрген жауынгер,
Патшасын сақтап, жасасын оның хал
-
жайын.
Болуды қорған, сақтауды жанын мойныңа ал!
Кездессе
жыра патшаңды кӛтер, қолыңа ал!
Елбасын саған тапсырдық батыр Елкелді,
Орал да аман, қымбаты елдің болып ал!»...
Төртінші бет
Күл Көмеш патша Елкелдіге...
Жалғыздық жаман, жұртыңның жаты боларсың,
Шыға алмай шыңға, ӛкініп жолда қаларсың.
Бріксе саусақ , бітірер талай ісі бар,
Күшіктің екі арыстан сынды пысы бар.
Елкелдінің Күл Көмешке жауабы...
9
«Орманға барсақ денеден соңғы күш кетер,
Жансыз боп аяқ, қол ұйып, беттен түс кетер...
Күл Көмеш патша Елкелдіге...
Досым
-
ай, біздер, ӛмірде әлі тіріміз,
Арқасы достық әрқашан біздер іріміз!
Таулардан талай аспап па едік бірігіп,
Қорқамыз неден орманға бастап жүріңіз!
Үйрендің соғыс, ӛнерге биік жеткенсің,
Қалайша ӛзің қорқақ боп кенет кеткенсің?
Ойлама ӛлім, күнжіттің майын жақпап па ең,
Жер жарып даусың, жауыңды басқа тепкенсің!
Айтқалы саған бір сӛзді кӛптен жүр едім,
Тартпасын жансыз, қауіптен қорқып білегің.
Жүректе шайқас тұтанса оты арман жоқ,
«Тәңірі соғыс» –
сенен
,
мен соны
,
тіледім!
Ұмытсаң қауіп, сүресің ӛмір әуелден,
Сескенбес сенсің, шығар деп кенет
жау алдан.
Аттандық жолға, ел үшін жанды пида ғып,
Жүрерміз
шалқып, құтқарсақ елді зауалдан!..
...Мыңдаған жылдар сақтар
-
ау бізді ардақтап...
Бесінші бет
Соғылды дабыл, басталды соғыс жандасқан,
Күл Кӛмеш қолға алады сонда алдаспан.
Суырды қыннан қылышын
,
нағыз
,
наркескен,
Соғады дәлдеп желкеден, әлсіз жер дескен.
Елкелді досы кеудеден тосын ұрады,
Жауына
тиді үш рет оның құралы.
Сұмбаба жаудың тигізді жерге жамбасын,
Денеден асау жан кетіп жауы сұлады.
Екі ӛлшем жерге самырсын шуы жетіпті,
Сұмбаба жауыз ӛмірден солай ӛтіпті.
10
Екі дос сӛйтіп Ливан жерін тазартты,
Сирия елі бостандық алды, азатты.
Тыншыды басы таулардың биік мұз басқан,
Тыншыды орман, тыншыды тіпті күзгі аспан.
Таудан да, орман Сұмбаба отын сӛндірді,
Жастантып жерді, қас жауын жеті кӛндірді.
Жеті еді талант қанжардың салмақ есебі,
Дәл сегіз талант болыпты жүгі деседі..
.
Ануннак сыры ашылды, солай табылды,
Самырсын орман кесілді, тамыр шабылды...
Энкиду сонда сөйлейді...
Орманын отап, тәубеге жауды келтірдік,
Етеді енді бейбіт күн кешіп, ел тірлік.
Шамешке арнап садақа шарап ішелік,
Тағынып қару қайтадан жолға түселік.
Елге де арнап еңбектің терін тӛгелік.
Евфратқа жетіп самырсын ағаш егелік.
..
Алтыншы бет
Күл Көмеш алғаш алады сол күн тынысын...
Тазартты тәнін, тазарды қару
-
жарағы
,
Шаштарын баптап, бұрымын ӛрді, тарады.
Сән шапан киіп, тағынып белбеу шығады,
Патшадай жайнап, жан
-
жаққа жарқын қарады.
Иштардың көзі сұлуға сұқты, қырағы,
Батырға Көмеш алтын
-
зер тұзақ құрады:
«Толысқан тәннің жеңсігін маған сыйлашы,
Күйеуім бол!
–
деп, кетіпті Иштар шыдамы.
Тартайын сыйға күмістеп кӛркем күймені,
Жегейін бұқа мүйізі маржан үйдегі.
Ордама кірсең самырсын исі аңқыған,
Бір ғана талап –
жаныңдай кӛріп сүй мені.
11
Ізіңді сүйер, табалдырығым да, тағым да,
Ниетті болшы, кӛкірек соғып қағынба.
Мансаптан –
Тәңір, байлықтан –
алтын қашпассың...
Тағдырың солай, сорың ба, әлде бағың ба!?
..
Қажетін білем дүие, мүлік, малдың да,
Атағын ердің шығарар солар ханның да.
Далаң мен қалаң сыйлығын саған жіберіп
Билер мен бектер тізесін бүгер алдыңда.
Есегің озар, қалады жолда арғымақ,
Ат арбаң құс боп
биіктен, жардан қарғымақ.
Егіздеп қойың, үш еннен ешкің лақтап,
Жатады естіп Күл Кӛмеш даңқын бар құлақ»...
Күл Көмеш сонда сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді...
Тәңірі Иштар –
қайтесің мені ер етіп,
Ордасын
Тәңір, қайтесің маған тӛр етіп...
Үстіңе кӛйлек, денеңе күнжіт берейін,
Аңның да етін, жемісін дала терейін.
Құмар кӛп саған, жарылғап бәрін солардың,
Тәңірдей, патша құрмет етіп кӛрейін.
Құйайын арнап патшаға лайық шарапты,
Жинайын саған мүлікті қымбат, жарақты.
Әйел ғып бірақ мен сені
,
тіпті
,
алмаймын,
Сайқалдық атың кӛкке де жерге тарапты.
Есіксің кілтсіз, кез
-
келген кіріп тоқтайтын,
Сарайың –
қауіп, адамға адал жақпайтын.
Суыған пешсің, тамызық тілеп тұратын,
Дарақы пілсің, жабуын ӛзі таптайтын.
Тәңірі емес аяқсың, ауру бақайсың,
Жауына жұртын құл етіп берер ноқайсың
.
Есікте күңнің мойнына салған құндыздай
,
Әдемі тіккен, аяқты қысар шоқайсың...
Кӛп болған саған еркектер құмар, қырындар,
Күйеуді қандай бағалап едің бұрындар?
Сайқалдық құрдың, берейін санап, тыңдасаң,
Таусылмас сенің бір жылға жетер жырың бар.
..
12
Бұ сӛзді естіп долылық қысты Иштарды
,
Ӛзегін ӛртеп барады тәнге
құштарды
.
Кӛгіне ұшты, әкеге жылап жалынды,
Ануға Тәңір, ағызып жасын тіс жарды
.
Иштардың әкесіне шағынып жатқаны...
Күл Кӛмеш мені масқара етті, масқара!
Бұл сӛзді әке алмаймын айта басқаға!
Естіртіп айтты кінам мен күнәларымды,
Ӛзің де мені кемітпе, сӛкпе, жасқама!
Тәңірі Ану қызына сонда айтады
...
«Әуелі ӛзің батырды мазақ еткенсің,
Дӛрекі мінез шегіне шыдам жеткенсің.
Күл Кӛмеш сенің санаса қылықтарыңды,
Ұятсыз едің, шамадан шығып кеткенсің!»...
Иштар әкесі Ануға Өгіз жасап бер деп жалынады...
Әкетай маған жасап бер Ӛгіз, айбатты,
Ӛлтірсін оны, үйінде Ӛгіз қайратты.
Кӛнбесең
егер, мен ӛзім бәрін істеймін,
Ойлай бер онда тіріні Иштар
жайратты
!
Тамухтан бері, Ұрыққа дейін жол салам,
Қуанар Кӛмеш жеріңде бір жан қалса аман!
Ұйқыдан мәңгі оянар барлық мүрделер...
Түскенде жерге –
жалмауыз, жебір түрге енер...
Адамды жейді, таусады түгел тірісін,
Қалады есте бітірген менің бір ісім...
Тәңірі Ану
сөзінен қыздың шошынып
,
Сұрапыл Өгіз береді
жасап қызына
...
Сұмдықты естіп қыз ойын іске асырды
...
Ӛгізді кӛктен Иштар қыз жерге түсірді...
Өгіздің Ұрық жерін талқандап жатқаны...
Алмақшы Иштар Кӛмешке кеткен есесін
...
Талқандап жатыр Ұрықтың Ӛгіз кӛшесін...
13
Евфрат
суын жұтқанда жеті, құрғатты...
Тұяғы тиген қалдырмас аман бір затты...
Бірінші демі қазыпты апан айлапат...
Ұрықтың оған құлады бір жүз адамы...
Екінші дем де қазады апан айлапат...
Ұрықтың оған құлады жүз, жүз адамы...
Үшінші демін құсық қып шашты батырға...
Елкелді батыр Ӛгізге тура атылды...
Елкелді батыр мүйізге бірден жармасты...
Сұрапыл Ӛгіз бұлқынып, сілкіп жандасты...
Құйрығы дырау, соққылап жатыр батырды,
Ӛгіз де емес перідей, нағыз, албасты...
Елкелді сонда сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді...
Жаратқан жоқ қой Тәңірі бізді қорлыққа,
Досым
-
ау қалай, бір Ӛгіз бізді қор ғып па?
Қауіпті емес ӛзі де, күші Ӛгіздің,
Кӛнбелік мына жіберген Иштар зорлыққа!
Алалық жұлып жүрегін Ӛгіз ӛлтіріп
Сәтіне істі ерлікпен тағы келтіріп.
Ӛгізге шығып, жеңісті тойлап, тұрам мен,
Мүйізге
құям күнжінің майын толтырып!
Жүрегін Ӛгіз қоярмыз Шамаш алдына,
Екеуміз солай сәтіне істі келтіріп!
Сен ұста мықтап құйрықтың жуан түбінен,
Қозғалып кӛрсін, ол Ӛгіз сосын, қарасын.
Мүйізден ұстап, мен болсам дәлдеп қанжармен,
Соғармын осал желке мен мойын арасын.
Елкелді батыр Ӛгізді жетіп қайырды,
Құйрығын бұрап кӛрсетті Кӛмеш зайырды.
Осал жер осы, деді де салды Елкелді,
Қанжармен басты мойыннан бӛліп, айырды.
14
Ӛлтіріп Ӛгіз жүрегін жұлып алады,
Алдына Шамаш апарып оны салады.
Құрмет етіп Шамашқа
олар кетеді,
Жеңіске тасып батырлар бағы, талабы.
Бауырлар отыр, оңаша енді дем
алып...
Тәңірі Иштар қорғанға Ұрық шығады,
Мәнісін істің сол кезде барып ұғады.
«Ӛлтіріп Ӛгіз, масқара еттің мені сен,
Басыңа, Кӛмеш, қаралы күндер туады!».
Елкелді батыр Иштардың сӛзін естиді
,
Қысады ашу, ал сосын барып ес жиды.
Суырып Ӛгіз «қамшысын» алып жіберді...
Сескенбей батыр Иштардың тура бетіне.
«Қолыма түссең Ӛгіздей сені етер ем,
Қолыма түссең басар ем таңба, етіңе».
Жинады Иштар жезӛкше, сайқал қыздарын,
«Қамшыға Ӛгіз» бәріне жылау айтқызып...
Күл Кӛмеш барлық шеберді жиып алдырды,
Мүйізі Ӛгіз шебердің бәрін таң қылды.
Отыздай
мысқал
,
аспан түс кӛктас орнатты...
Екі елі мүйіз, жиектеп, әсем торлатты...
Алты ӛлшем маймен күнжіттің, зәру, толтырып,
Тәңірім сен деп Лугальбендеге сыйлапты.
Мүйізді баптап тӛріне үйдің іледі,
Евфратқа барып жуады қолын, білегін...
Кӛшеде келе жатырған екеу солар ма?..
Қаланың халқы сүйсініп қапты оларға...
Күл Көмеш сонда халқынан Ұрық сұрайды:
Кӛрікті батыр
кім екен
батыр ішінде?
Батырдың мәрті қайсысы батыр ішінде?
Қорғанды Ұрақ ерлері жауап қатады...
15
Кӛрікті батыр Күл Кӛмеш болар, ерекше!
Елкелді батыр батырлар мәрті, ерекше!
Бұл жауап бірақ қуанта алмай
батырды...
Ӛгізін Тәңір қатерлі сәтте қуған –
біз
...
Арманға бірақ жетпейтін болып туғанбыз...
Күл Көмеш елін шақырып мейрам өткізді...
Тарады жұрты, тарқады қызық той енді...
Тіледі тыныс, шаршаған қажып бой енді...
Ұйқыға кеттті батырлар аспан астында,
Елкелді ғажап түс кӛріп жатып оянды...
Елкелді батыр түсінен жаман шошынды...
Достарыңызбен бөлісу: |