ІЗДЕУ
Қорлық батты ажарға:
Қомағай,сұм ажалға
Қосағымды алғыздым,
Қойным – суық,жалғызбын.
Күн жарымды іздеймін:
Күйі кеткен күздеймін.
Көріксіз тым өмірім,
Көншімейді көңілім.
Қайда,күлкі,қуаныш?
Қалды ма олар тым алыс?
Қажырым да,сенімім –
Қайда менің серігім?
Қадірменді мақтаным –
Қамқоршымды таппадым...
Өзегіме дерт еніп,
Өзеуреймін өртеніп.
Жан тұманын айдашы,
Жарық күнім,қайдасың?
АЛАШТЫҢ АЙЫМДАРЫ
Алаштың айымдары –
Анасы – сайындары,
Жүздерің күлімдеген:
Жүрегім! Күнім! дер ем.
Серігі батырының,
Сенімі ақынының.
Шынары жанұяның.
Шырағы əр ұяның,
Бақыты балалардың,
Бар құты аламанның,
Жұлдызы жарқыраған –
Ұл-қызы жарқын əман,
Мейірлі,инабатты,
Зейінді сый-набаты,
Жүрегі бала шақтың,
Тірегі болашақтың -
Өзіңді құрмет тұтам,
Сөзіңді құдірет тұтам,
Əн-жырды арнап дəйім,
Əрқашан ардақтаймын.
21.07.2007
ӨМІР ӨРНЕГІ
Жастығым-жалыным-алауым-
Жас күнім іздеді қалауын:
Түзедім тірліктің тізгінін,
Іздедім мол нəсіп – «балауын».
Балауын өмірдің таппадым,
Қалауым – арманым – баққаным:
Бесіктен белімді шығарып,
Есіктен еңбектеп аттадым.
Аттадым қару ап қолыма,
Аттандым өмірдің жолына:
Ілгенім –білім мен ой болды,
Білгенім – бақ қонды оңыма.
Оңымда - еңбекке батқаным,
Орнымда гүлденді баққаным:
Жетімдік қорласа,мойымай,
Жетіліп,отымды жақты арым.
Жақты арым отымды алаулап,
Сақтадым ел салтын жалаулап:
Тілінен халқымның ой таптым,
Білім мен еңбекті қалау – бақ.
Қалау бақ - еңбекті,кəсіпті,
Қадаулап жинадым нəсіпті:
Жүрмедім бейқам боп тірлікте,
Жүрегім бұлқынып, «асықты».
Асықтым мақсатқа жетуге,
Жасып тым,азбау серт жетімге:
Мақтаным – білім мен нəсіп боп,
Қақтандым күнімнің өтінде.
Өтінде күнімнің тез өстім,
Жеттім де,іскермен теңестім:
Тажалмен айқасып еңбекте,
Ажалмен сан рет кездестім.
Кездестім ажалмен,алыстым,
Сезбес кім азабын алыстың:
Жетілдім мінімді көп түзеп,
Тетігін үйрендім əр істің.
Əр істің тетігін ұстадым,
Намыстың нық жолын ұстандым:
Ұлы күн туғанда көр,елім,
Ұлыңның биікке ұшқанын.
21.10.2007
ЖЕР АНАНЫҢ СЕРТІ
-
Қасиетті Жер-анам,
Қасіретті, ел алаң:
Саған еккен жемісім
Сапаланбас не үшін?
-
Айтылған жан сезіммен,
Айналайын сөзіңнен!
Аяусыз-ақ қорландым,
Көрдің ғой өз көзіңмен.
Маған тастап бомбасын,
Мастанғандар оңбасын!
Ырыс-құтты тапқан ел,
Тыныштықты қолдасын.
Обыр салған өрт жеңді,
Обал! Денем өртенді!
Ел мияты қорғап жүр,
Мен сияқты көркемді.
Аңдарымды аяулы,
Адақтауға таянды:
Жапырыңдар жауларды,
Жау білмейді аяуды.
Ауа мен Жер,Судағы
Асылдар көп уланды.
Қуыңдаршы бойымнан
Құлқы жаман қуларды.
Өз анасын қорлаған,
Өркендей ме сорлы адам?
Өңіріме дерт енді
Өмірімде болмаған.
-
Тарықпашы, қорлы Анам,
Тартар зауал қорлаған.
Қалар өзі көр құшып,
Қараниет оңбаған.
-
Айналайын қарағым,
Айналаңа қарағын:
Тартысынан адамның
Табу қиын адалын.
Көкте ыдырап озоным,
Көрдің өзің азабын.
Атом дертін ертерек
Аңғардың-ау,қазағым!
Жау өңірді тоздырды,
Дау өмірді аздырды:
Өштескендер өрт салып,
Өзін-өзі «мəз» қылды.
Дауыл болып ашуым,
Жауын болып жасым - мұң,
Топан суын қаптатып,
Тосырландым,тасыдым.
Ызаланып,сілкіндім,
Ызбарланып,бұлқындым:
Өтпеймін мен қоры боп,
Өртшіл өңкей тырқының!
-
Қасиетті анамыз –
Қастерлеген панамыз!
Өзіңнен нəр аламыз,
Өзеніңнен қанамыз.
Серпіледі санамыз,
Сенен бақыт табамыз:
Жасыл желек жайнатып,
Жаңа қала саламыз.
Құтты мекен – жан ана!
Қуат берші балаңа:
Гүлдентейін сені мен,
Гүл егейін далаңа.
Тым ыстықсың əрдайым,
Тыныштықты қорғайын:
Бақытың боп өсейін,
Бағың болып орнайын.
Егінімді егейін,
Еңбек терін төгейін:
Аймалайын, күтейін,
Арта берсін мерейің!
-
Айналайын түлегім,
Айтар менің тілегім:
Жебеп,демеп,қорғаңдар
Жер-анаңның жүрегін.
Таласпаңдар бөлісіп:
Тату болып,келісіп,
Болашақта күтсеңдер
Болмас менде кемістік.
Ана сүтін ақтаңдар:
Тыныштықты сақтаңдар!
Бір ананы саудалап,
Бір-біріңе сатпаңдар.
-
Бар ғой ақыл-санамыз:
Бақыт жолын табамыз.
Күніміз сау тұрғанда,
Күйзелмейсіз,ана - сіз.
АБЫЛАЙ ХАННЫҢ МҰРАСЫ
Алтай мен Атыраудың арасында –
Алдай кең Тұран – Арқа даласында
Ғажап, тың нұр мекенді берді тағдыр
Қазақтың ер еліне – Алашына.
Түріктің қасиетті бұл мекені
Бірліктің берекесін нұрлы етеді:
Жанталақ басқыншылар гүл мекенді
Анталап ,жаулау үшін дүрлеп еді.
Ұпайын орыс патша салмақ болды,
Қытайы жанши-басып алмақ болды:
Шырмауы сыртқы жаудың аз болғандай,
Шын жауы – қайта шапқан қалмақ болды.
«
Уа Құдай, ұлы еліме бер,-деп,-сауға!»
Абылай он бесінде шапты жауға:
Қалмақтың өгіз дəуін – туын жығып,
Қазақтың ханы болды Ұлытауда.
Данышпан Төле биі жол бастады,
Арыстан Бөгенбайы қол бастады:
Азат Күн нұрын төкті,жауды жеңді,
Қазақтың ерқайратты мол жастары.
Не мықты? Ел билеуде ақыл мықты.
Ерлікті тұтты жастар,батылдықты:
Дұшпанды ақылы мен іспен жеңіп,
Ұстанды хан елдікті – татулықты.
Жандырды хан Абылай Алаш шамын,
Салдырды құтты мекен – дала шарын:
Қолдаймыз бабалардың аруағын,
Қорғаймыз ел мен жердің болашағын.
9.04.1997 – 6.11.2007
БАТЫРЛАР ЕЛІ
Күн ұлы – «қас сақ» - қазақпыз:
Хун туы бізде – азатпыз.
Қалған əр мұра елдегі –
Қаһармандардың еңбегі:
Еділ - ер сойы,шері еді,
Еділдің бойы – жері еді,
Егескен жауы күйреді:
Еуропаны да биледі.
Египетті билеп Бейбарыс,
Елінен қанат жайды алыс.
Батыры елдің,дүлділі –
Бабыры билеп Үндіні,
Көрсетті ерен ерлігін,
Көрсетті сыртқа елдігін.
Алты арыс елдің асқары –
Алпамыс - ері,дастаны.
Қорғаушы бейбіт жандарды –
Қобыланды,Сайын,Қамбарды
Ардақтап сүйген халқымыз:
Ардақтау ерді – салтымыз.
Саурық пен Барақ,Өтеген
Жауларын қуған төтеден.
Райымбек пен Наурызбай
Райдан қайтпас жау бұзбай.
Бөлтірік,Сырым – шешендер –
Бөрілі тулы көсемдер.
Ер Көкше,Сары,Ер Қосай,
Бөгенбай,Баян,Қабанбай...
Басқыншы жауды сорлатқан:
Басына зəуіл орнатқан.
Ақкөз бен Амангелді де
Жат көзден қорғап,елінде
Бастаған жолын азаттың:
Басқарған қолын қазақтың.
Бауыржан бастап сардарын,
Жауына ойран салғанын –
Ерлігін əлем мақтайды,
Есімін ұрпақ жаттайды...
Тоқтар,Талғат ғарыштап,
Даңқымыз шықты ғарышқа.
Ерлері – ноян алыппыз:
Ержүрек,дарқан халықпыз.
ШЫҒЫСТЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ
Жыр əлемі – мəңгі құт,
Толқындайды жаңғырып.
Жарқын-ақ жыр,шығыстан
Жарқырап тұр мəңгілік.
«
Құтты білік» дастаны –
Құтты білім бастауы:
Баласағұн жырымен
Нұрланды жыр аспаны.
Иран – тəжік жерінде –
Иман – тарих төрінде
Рудаки тұр өлеңнің
Рух сеуіп өріне.
Жырдың асыл жүйесі –
Фердоуси иесі:
«
Шахнама» дастаны –
Шабытты жыр киесі.
Омар Һəйям айбынды
Отты жырмен əйгілі
Жалынды ақын аталды,
Ғалым атын жайды үні.
«
Лəйлі-Мəжнүн» жыры – мұң,
«
Қысырау мен Шырынын»
«
Ескендрді» жырлаған –
Низамидың жыры – мың.
«
Бостан»,ұлы «Гүлстан»-
Дастан етіп ұлыстан,
Асқан жырын əлемге
Қосқан Сағди шығыстан.
Нағыз көркем жырларды
Хафиз толғап,жырлады.
Өркен өнер - өлеңде
Көркемөнер сырлары.
Ақындықтың ғажабы –
Алтындай əр ғазалы:
Əбдірахман Жəмидің
Əсерлі жыр,əз əні.
Махаббаттың нұрымен,
«
Лəйлі-Мəжнүн»,Шырын мен
Фархаттарды жасатты
Науаһи от жырымен.
Мұңдық əрбір өлеңі,
Шындық болған сенері:
Мысалдары мың тарау –
Физули – жыр шебері.
Мархабатты,баталы –
Мақтұмқұли мақамы:
Толғантады ұрпақты
Толқыны жыр - мақамы.
Абай – жырдың данасы –
Ақындықтың дарасы:
Ақыл көзін оятар
Асыл сөздің сарасы.
Өлең – менің жолдасым,
Өз жүрегім толғансын:
Əр уақытта жыр өрбіп,
Аруақтар қолдасын.
28.08.1997
ТӨЛЕ БИДІҢ ӨСИЕТІ
Төле би бар қазақтың басын қосқан:
Тəуке мен Абылай хан ақылдысқан.
Жастарды данышпан би мақтан қылған:
Жас жанды үш нəрседен сақтандырған.
«
Жауапсыз керенаудың сиқы қашқан:
Жауы боп,жанын арбап ұйқы басқан.
Долылық – жастың соры – кесір мінез:
Досын да жау етеді кесірлі сөз.
Керғайсаң еріншектік – ердің соры:
Кесір ол - кемелденер елдің соры.
Үш кесір: ұйқы,мінез,еріншектік:
Үмітсіз ерді бұзар еміншек қып.
Оңдырмас үш кесірдің бірі болса,
Оңға бас,тіршілік ет тірі болсаң.»
Атаның орындасаң өсиетін,
Артады адамдығың – қасиетің.
17.08.2008
ДУЛАТИДЫҢ ДУАЛЫ СӨЗІ
(
хикматнама)
Дулати - ер Бабырдың бөлесі екен,
Əрбір сөзі ақыл мен кеңес екен:
Ол мырзадан өнеге – нұсқа қалған,
Сол бір заман – тарихтың белесі екен.
Хан,бек,сұлтан,патшаның – елбасының
Мəндеп парыз,міндетін қолбасшының,
Қасиетін өрнектеп айтқан екен,
Өсиетін тыңдаңыз сол басшының:
«
Адалдықпен елге құт басшылығың,
Адал дықпен тыңда елдің ащы мұңын:
Қарадайын досы бол миллетіңнің,
Қарапайым мінезде – бас құлығың.
Екіленбе халықтан артықпын деп,
Елбасына сəн болмас шалқып жүрмек:
«
Басиемді Құдайым,құрт!» демесін,
Бас игенді басынба тантып,тілдеп.
Көрік берсін киімің,асың-дағы,
Беріктенсін бақытың басыңдағы.
Көппен бірге басталар өмір жолы,
Көптен ірге бөлмегін,басынбағын.
Дана басшы аз сөйлеп,көп тыңдайды.
Дана басы ой,тілін бек шыңдайды.
Езбе шылық,дөрекі сөзі – құрдым,
Ез басшылық – еліне тек мұң-қайғы.
Аяр,нас,паң халықтың жауларына,
Аямастан соққы бер,дауда бұрма:
Қасқа ойлама зұлымдық,досқа мəрт бол,
Бас пайдаңа жығылып,аударылма.
Көсемі бол еліңнің – басиесің,
Шешені бол халқыңның бас иетін:
Төреленіп,жұртыңа нұсқа болсын,
Көрегендік,даналық қасиетің.
Ардақтай біл ел-жұрттың дана дінін,
Арды ақтай біл – ұлтыңның ана тілін:
Кемелден,көр тереңнен ғылым нұрын,
Кемелдентер басшыны сана,білім.
«
Өте кірсең» болса пес уəзірің,-
Өтесінен шықпаса уəжінің,
Бас қамына ары мен елін сатса,
Ас дарыға! Қағып ап кінə-жынын!
Қымбат не бар халқыңның мүддесінен?
Шын бақ – шықсаң сөзіңнің үддесінен!»
Деп,ой салып ұрпақтың күнде есіне,
Сөйлеп тұр ол өмірдің мінбесінен.
ҚОРҚЫТТЫҢ ҚОБЫЗЫ
Ойып ап қара еменнен шана қобыз,
Оюлап,безендірді дана абыз.
Тұлпардың құйрығынан керме тағып,
Мұң-зардың күйін тартты:тарады аңыз.
Туранда – Сырдария жағасында,
Тұнғанда табиғат –нұр жарасымға,
Əлемнің əсем күйі толқындады,
Əуенін тыңдатты елге дана тұлға.
Шағала,аққу мен қаз қиқуласа,
Жағаға құс əнімен күй құласа,
Аңдар да,төрт түлік те əуен қосып,
Аңғарды күйді ғалам сиқырлы аса.
Жел желпіп,жаңбыр шертіп көлдің қымын,
Селдетіп өзен толғап елдің мұңын:
Əуенің əсем көгін толқындатып,
Əуенін естіртті күй шерлі күннің.
Толқыған аспан асты сазды сарын,
Мол тұнған əсерлі əсем саздың бəрін –
Толғанып қобызымен Қорқыт салды,
Тарады содан мəңгі назды зар үн.
Жағада- Жосалының көк белінде,
Жаһанға күй тарады көктемінде:
Зар-əлем қобыздан күй естігенде,
Бар əлем құлақ түрді төккен күйге.
Абыздың ақ сақалы тарамданып,
Аңыз-мұң қобызынан тарады анық..
Сырынан мұңлы күйдің лəззат алды,
Тірі жан елең етіп,қарай қалып.
Ұлыған,маңыраған,қиқулаған,
Ұлы мəн күй естілді сиқырлаған.
Алғыс,зар,мұңын естіп адамзаттың,
Аң-құстар анталады күй тыңдаған.
Естілді қобыз күйі тұнық сырлы,
Естіді бар тіршілік,түнып тұрды.
Əуенді əсерлетіп Қорқыт – қобыз,
Əлемді күй-нақышқа құнықтырды.
«
Башпайы»,»Желмая» мен «Арыстан бап»,
Бастайды тыңдағанды таныс,таң бап.
Күйінен Қорқыт ата естіледі,
Қиынмен,қияметпен алысқан шақ.
«
Аққуы»,»Кілем жайған»,»Желмаясы» -
Ақ туы,күйлерінің ең ноясы.
Ағызды күй толқынын келешекке,
Абызы,ақылшысы, ел саясы.
Шалқыған,сұңқылдаған,ыңылдаған,
Балқыған, күймен тербеп мұңын данам.
Ей,адам! Əуендерден əсер ал сен:
Кей надан əсем үнді ұғынбаған.
Естіртіп күй əлемін – көп қызықты,
Елтітіп,жүрек сыннан өткізіпті.
Қобызшы Молықбай мен Ықыластар...
Қобыздың күйін бізге жеткізіпті.
Қазақтың қара қобыз – жан азығы,
Ғажап тым,билеп алған сананы ізгі.
Шыңдайды күй- өнерді күйші қазақ,
Тыңдайды ғалам тұнып дана аңызды.
ГҮЛДАНА
Өрімдей боп бір өскен,
Өмір үшін күрескен
Кербез едің, Гүлдана,
Кекіліңнен нұр ескен.
Қызғалдағы жайнаған
Қырымызда ойнаған,
Жас балдырған біз едік
Жақсылыққа тоймаған.
Гүлді қырдың төсінде
Гүл тергенім есімде:
Гүл өргенім,өзіңе
Гүл бергенім есімде.
Ықылас пен ой –анық:
Ыстық сезім оянып,
Күлімдедің сонда сен
Күн нұрына боянып.
Балшырындай балалық:
Балалықтан бал алып,
Бардық дулы мектепке,
Байыпталды сана,дық.
Үзілістің кезінде,
Үздіктірдің сезімге:
Қарақаттай көзіңе
Қарай қалдым өзім де...
Қарпып ыстық жүректі,
Қара көзің дір етті:
Тулап ойдың асауы,
Тұлабойым дүр етті.
Жалынмен сол алғашқы
Жақсы көру жалғасты:
Таңдап сені достарым,
Талғамыңа таласты.
Текті менің керімім,
Тек өзіңе берілдім:
Өзің қалап,сүйсін деп,
Өнеріммен көріндім.
«
Сүйемін!» деп,айта алмай,
Сүйген жолдан қайта алмай,
Өзегімді өртеумен
Өтті жылдар байқалмай...
Жадыңда ма,арманым,
Жазда аулыңа барғаным:
Ақ боз үйдің тұсынан
Аттандырып салғаның?
Махаббатын күзеткен,
Маңғаз еді қыз неткен?!
Қос бұрымың дірілдеп,
«
Қош бол!» дедің ізетпен.
Əсерленіп,аттандым:
Əуеледім – шаттандым.
Əсемдіктің құдіретін
Əнге салып,мақтандым.
Табиғатқа сəн кіріп,
Тауым əнмен жаңғырып,
Мархабатпен жырладым
Махаббатты мəңгілік:
«
Ау,Гүлдана!Гүлдана!
Аңсарым – сен бір ғана:
Сен ең жарық сəулемсің,
Сенен жарқын Күн ғана!
Жарқын жүзің гүл-лала,
Жан жарым бол,Гүлдана!
Асылымсың! Аяулы
Ғашығымсың,Гүлдана!»..
Тағдыр бізді бірақ та
Таратты тым жыраққа:
Өзім жете алмадым,
Өзім жаққан шыраққа...
Басқа жанға қосылдың:
Бақытын көр қосыңның.
Жарылқадың өзгені –
Жары болдың досымның.
Аңсап бала кезімді,
Аялап от сезімді,
Ізетпенен төзімді,
Іздеп келем өзіңді.
ƏКЕ
(
өгей əкем Омарбай Қабағұл ұлына)
Əке – тірек,əкесіз өмір солар,
Əке –жүрек,əрқашан сен деп соғар.
Махаббатын сезініп,нұрға батып,
Шапағатын əкенің көру – бақыт.
Алапат кез өлімді тез əкелген:
Алты жаста айрылдым өз əкемнен.
Алаң еді əкесіз бала жаны,
Анам менің қайнысын паналады.
«
Омекең!» деп,сыйлайтын оны жұрты,
Отты нұрлы,ерекше қиғаш мұрты.
Балаларын сүйетін жан жүрегі,
Дара дарын,сол əкем,əн-жыр еді.
Домбырасын сайратып,ақтарылды,
Мол мұрасын халықтың жатқа білді.
Жақындығын сезініп, «жағаладым»,
Ақындығын ерекше бағаладым.
Жете тыңдап халықтың мол мұрасын,
Жеті жаста үйрендім домбырасын.
Таңдайымнан тарқаған үнім жағып,
Маңдайымнан сүйетін күлімқағып.
Ардақты адам қазақи қабылетті,
Ардақтаған жан еді əділетті.
«
Басы барды» баурайтын өнерімен,
«
Басшыларды» сынайтын өлеңімен.
Қанды құзғын,келді де «Отыз жеті»,
Халқымыздың жүрегін осып өтті:
Тірлігінен айырып жамағатты,
Бір-біріне ағайын жала жапты.
Қанды,даулы түрме боп ойран мекен,
«
Халық жауы» атанды қайран əкем.
Қайран əкем атылды,-кінасы жоқ,-
Қайран еткен артында мұрасы жоқ.
Қандай бала əкесіз жетіліпті?!
Қанша көрдім қайғылы жетімдікті.
Қарсы тұрып,қасірет сұм заманға,
Қайыспадым,қарқындап мен əманда.
Ерлік ісін жалғадым өнерлінің:
Елім үшін іздендім өнер-білім.
Əке жолын қуамын,мəн жиямын,
Əділдіктің жолында жан қиямын.
30.08.2008
ЗДЕКЕҢЕ
(
алтын той құтты болсын)
2.01.1949 -2.01.1999
Елу жыл боп қалыпты-ау некемізге,
Елу салмақ салыпты-ау екеумізге:
Жолы қашық алпыс та,жетпіс те бар,
Қол ұстасып оған да жетеміз бе?
“
Елу жылда ел жаңа” сарапталдың,
Елу нұрға бөлендің,”дарақтандың”:
Жақсы күнің жалғасып жаңалықпен,
Жақсылығын көп көрдің жаратқанның.
Бақытжаның қуантты бақыт тапса,
Бақыт- қызың жуантты ақық тақса,
Бап көргенің өмірден сол емес пе?
Бақбергенің кеп тұрды уақыт тапса.
Сағынады күн сайын Лəйлабасың.
Бағынады Гүлмираң,айналасың.
От алуға өзіңе кеп тұрады,
Отауына өзіміз жайғағасын.
Айналуда Ардағың сүйікті ерге,
Сайлануда шығам деп биіктерге:
Ғалымыңа сеніммен дағдыр ұсын,
Қарымына барыңды үйіп бер де.
Тұңғыш келін Əсияң кемелінде,
Шын күштерің – Үржамал,сенерің де.
Айконаң мен Аяшың – алтындарың
Айқын бақыт əкелер келер күнге.
Немерелер – жаңа өмір,жаңа таңдар.
Шөберелер – шырын-ақ балақандар.
Ең соңында Темірлан,Томирис кеп,
Елжіретті жүректі балапандар.
Ана,саған ер-қожа,бала – шырын,
Ардақтаймыз өзіңді, жаны асылым,
Жас жалындар жаныңа нұр құяды,
Жасай бергін,тірегім,жанашырым.
2.01.1999
БАЛАМА ӨСИЕТ
(
Ардаққа )
Сəтсіздікке налыма,
Сəті келер ісіңнің.
Жара салма жаныңа
Жақсылық көп, түсінгін.
Жақсылық – сең,-жолын тап,
Жақсы үмітке жетем де:
Жанғаныңды жалындат
Жалғауыңды бекемде.
Жақсы атыңа мастанба,
Мақсатыңа жетсең де.
Өмір – шыңнан асқанда,
Өкінерсің өткенге.
Өндір жату жоқ сенде,-
Өмір атын тағала:
Бір шыбықты ексең де,
Тіршілікті бағала.
Ел ісіне бар,қолда,
Ер ісіне бер құт жол:
Тайғақ,нала,тар жолда
Тайғатама,берік бол.
МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ
СОҢҒЫ СӨЗІ
Достарыңызбен бөлісу: |