«геология жəне тұРАҚты даму» Ғылыми-теориялық конференциясы еңбектері



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата31.03.2017
өлшемі27,56 Mb.
#10809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

 
 
 
 
Айдосов Ж. Ғылыми жетекші:  
магистрант Мұстапаева Сезім 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МАРЖАНДАР ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ 
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ 
 
Табиғатта  маржандардың  3500  астам  түрі  кездеседі.  Бұл 
түрлер  350  түрлі  түс  береді.  Маржандардан  əктеуіш  шикізат 
алынады,  кей  түрлері  əшекей  бұйымдар  жасауда  кеңінен 
қолданылады.  Əшекей  бұйым  жасауда  жоғары  сапаға  ие 
гаваялық  қара  түсті  маржан  жəне  ақ,  қызыл  түсті  маржандар 
пайдаланылады.  Corallium  rubrum  и  Corallium  japonicum 
маржандары  Жерорта  теңізінде,  Тыных  мұхиты  жағалауында 

 
279 
Жапон  мен  Тайвань  аралдарында  кеңінен  ұшырасады. 
Маржандарды  ерте  заманда  бояу  ретінде  де  қолданған.  Ежелгі 
Римде, 
Египетте,Үндістанда 
маржандарды 
медицинада, 
қолөнер,  бұйымдарында  кеңінен  пайдаланған.  Медицинада  ақ 
маржан  модрепораны  пайдаланады.  Маржандардың  түсі 
органикалық 
қосылыстардың 
құрамы 
мен 
мөлшеріне 
байланысты  болады,  сондай-ақ  маржандардың  əр  түстілігі 
олардың  өзіне  жарықты  сіңіру  мөлшеріне  байланысты  болады 
деген де болжам бар [4]. 
 
           
                 
 
 
1-сурет. Маржан алқа 
 
Маржандар  теңіз  түбіне  бекінген  немесе  бекінбеген  теңіз 
жəндіктері.  Кейбір  актиниалар  теңіз  түбінде  жай  қозғалады, 
секіреді  кейде  лайға  көміліп  қалады.  Маржандардың 
геологиялық  маңызы:  венд,  полеозой,  мезозой-койнозой 
түзілімдерінде  көптеген  медузалармен,  маржан  полиптерінің 
таңбалары  табылған  жəне  казіргеі  кезде  де  өмір  сүруін 
жалғастыруда.  Алғашқы  кембрий  табулятоидалар  жайылмалы 
бұта  тəрізді  болған.  Төменгі  ордовикте  массивті  коллониялы 
болды,  жəй  түрдегі  сирек  септалы  кораллиттен  тұрды.  Өліп 
біткен,  тек  қана  колониялық,  ұсақ  призма  немесе  түтік  тəрізді 
маржандардың  ішінде  көптеген  түптері  (табулалар)  бар 
жəндіктер.  Радиал  тік  бағытталған  қалқалар  (септалар)  нашар 
дамыған,  тікенек  тəрізді  бастама  түрінде  кездеседі.  Маржандар 

 
280 
бір-бірімен  түтік  немеме  саңылау  арқылы  байланысады,  кейбір 
кезде  қосылады.  Жеке  маржандар  бір-біріне  жабысып  тұтас 
жəне  бұта  тəрізді  құрылым  түзеді.  Бұтақшалар  бір-бірінен 
бөлініп  тұрады.  Теңіз  түбіне  төселген  маржандар  тізбектелген 
бау  немесе  тор  құрайды.  Көне  маржандар  Табуляталар  ірі  риф 
құрылымдарын түзуге қатысқан. Олардан Балтық маңы Готланд 
аралының  силур  əктастары,  Балқаш  маңы  силур  əктастары 
түзілген. Өкілдері: фавозитес, ғализитес, сирингопора, аулопора. 
Төрт  сəулелі  маржандар  О-Р  геологияда  палеогеографиялық 
жағдайда  жəне  палеографиялық  аудандастыруда  үлкен  рөл 
атқарады.  Бұлар  өліп  біткен  маржандар.  Қазіргі  кезде  өмір 
сүретін  маржандар:  алты  сəулелі  маржандар  триастан  қазірге 
дейін, сегіз сəулелі маржандар ордовиктен қазірге дейін [1]. 
Модрепора  маржандарының  қаңқасы  арагониттен  тұрады. 
Тірі  маржан  колониясы  функциялаушы  тері  астынан  жəне 
ценосарктан  жаңа  арагонитті  бөліп  шығарады.  Осылайша 
кораллумның  диаметрімен  қалыңдығы  жəне  склеросептің 
ұзындығы  өседі.  Палиптер  астындағы  кораллиттер  тереңдей 
түседі.  Үлкен  полиптер  табаны  астынан  тағы  көлденең 
қоршаулар  (тобула)  жасап  сұйық  зат  бөледі.  Осылайша 
кораллиттің  жаңа  табаны  пайда  болады.  Табула  астында  ашық 
камералар  қалып  қояды.  Өмір  сүру  уақытында  осындай 
процестер  қайталанып  отырады.  Осының  нəтижесінде  бірнеше 
қабатты, 
қуысты 
төмпешіктер 
пайда 
болады. 
Осы 
төмпешіктердің  жоғарғы  жағында  ғана  тірі  полиптер  өмір 
сүреді.  Осылайша  риф  түзіледі.  Риф  түзуші  маржандардың  əр 
туыс тармағының алатын орнына жəне коллония өсуіне қарай өз 
пішіні  болады,  түзу,  шар  тəрізді,  массивті  қаңқалар  құрайды. 
Acropora
  туыс  тармағы  бұталы  болып  келеді.  Маржандар 
қаңқасы  үлкен,  ауыр  сол  сияқты  жеңіл,  кішкене  күйінде  де 
кездеседі.  Acropora  туыс  тармағы  полиптері  түптеліп, 
бұталардың  шет  жақтарынан  көбейіп  бір-біріне  жалғаса  өседі. 
Сегіз  сəулелі  Ortocoralla  туыс  тармағы  өкілдері  айтарлықтай 
тереңдікте  өмір  сүріп,  қоршаған  ортаның  күрт  өзгеруіне 

 
281 
бейімделген.  Осы  маржандар  риф  түзуші  маржандарға  жатады. 
Бұл маржандардың бүйір жақтаулары қырлы болып келеді. Осы 
өткір  қырларымен  жəне  денелерінен  шығатын  химиялық  улы 
затты  бөлу  арқылы  жыртқыштардан  қорғанады.  Кальций 
карбонатының  түзілу  жылдамдығы  жəне  маржандардың  өсу 
ауытқушылығы  күнге,  жыл  мезгілдеріне жəне  температура  мен 
жарыққа  байланысты  болады.  Көптеген  маржандардың 
қаңқаларында  мерзімдік  өсу  шеңбері  болады  (ағаштың  діңі 
тəрізді),  осы  шеңберлер  арқылы  олардың  жасын  жəне  өсу 
жылдамдығын  анықтауға  болады.  Acropora  туыс  тармағы 
бұталары  жылына  10  см  өседі.  Кейбір  риф  түзуші  маржандар 
белгілі  бір  аумақта  ғана  өмір  сүреді.  Сол  себептен  олар  бірін-
бірі  ығыстырып  бос  жер  үшін  таласады.  Бір-бірімен  ұйысып 
маржан  рифтерін  түзеді  Екі  бөлек  өзге  туыс  тармағы 
маржандарының  арасында  байланыс  болған  кезде  олар 
мезентералді  жіпшелерді  шашу  арқылы  бір-бірінің  сыртқы 
қабаттарын 
зақымдайды. 
Кейде 
арнайы 
ұзаратын 
қармауыштарын  қолданады.  Маржандар  жыртқыш  жəндіктер, 
олар  зоопланктондармен  жəне  ұсақ  балықтармен  қоректенеді. 
Кариб  теңізі  маржандары  түнде  қоректенсе,  Үнді  мұхиты  мен 
Тынық  мұхиты  маржандары  күндіз  жəне  түнде  бірдей 
қоректенеді. Жайсыз ортада маржандар зооксантелді жоғалтады 
да, түссіз мөлдір күйде болады (2-сурет). Жайсыз жағдайларды 
тудыратын  факторлар  жарықтың  аз  түсуі,  ультракүлгін 
сəулелердің 
жеткіліксіз 
болуы, 
тұздылықтың 
жəне 
температураның  ауытқуы.  Соңғы  20  жылда  маржандардың 
түссізденуі  жиі  тіркелген.  Мұндай  түссіздену  жаһандық 
жылынумен  байланысты  болуы  мүмін.  Мұндай  факторлар  жиі 
қайталанса,  ұзаққа  созылса  маржандардың  қатты  зақымданып 
қырылуына  əкеп  соғады.  Маржандардың  түссіздену  бұл 
қоршаған ортаға бейімделуі болар деген болжам да бар [3,4]. 
 

 
282 
 
 
2-сурет. Түссіз маржан 
 
Маржан  рифтері  -  əктасты  геологиялық  құрылымдар, 
колониялы  маржан  полиптерінен  жəне  теңіз  суынан  əк  сіңіре 
алатын 
(биогерм) 
балдырлардан 
құралған 
құрылым. 
Тропикалық  таза  мөлдір  саяз  суларда  жағалаудан  20-30  метр 
тереңдікте өмір сүреді. Маржан рифінің жалпы əлемдік аумағы 
27  млн  км²  асады.  Көбінесе  Тынық  мұхиты  мен  Үнді 
мұхитында.  Əлемдегі  коралл  рифтерінің  үштен  бірі  қираған. 
Осылай  жалғаса  берсе,  2030  жылға  дейін  кейбір  риф 
құрылымдары  жойылудың  аз-ақ  алдында  тұр.  Аз  зерттелген 
мəселенің  бірі  маржан  рифтерінің  түссізденуі.  Зақымдалған 
маржандардан  зооксантелдер  (оларға  рең  беретін  симбиотты 
балдыр)  жойылып  түссізденуде.  Түссізденген  колониялар 
өспейді,  олар  толқынның  жағаға  ұруынан  тез  қирап  қалады. 
Маржан  рифтерінің  негізгі  массасы  ең  суық  жыл  мезгілінде 
температура  20°C-тан  түспейтін  белдемдер  түзіледі.  Маржан 
рифтерінің түзілу тереңдігі 10-20 метр. Маржан рифтері жарық 
жақсы  түсетін  тропикалық  саяз  суларда  түзіледі. Жылы  мөлдір 
тұнық суларды мекендейді. 
Теңіз  дауылдары  цунами,  көп  мөлшердегі  судың  қайтуы, 
жыртқыш  жəндіктер  жəне  маржандардың  қолайсыз  жағдайда 
пайда  болатын  (маржан  аурулары),  қоршаған  ортаның  (судың) 
ластануы,  суда  қоқыстардың  болуы  маржандарды  жаппай 
қырылуға  əкеп  соғады.  Соңғы  кездері  Тайланд  ғалымдарын 

 
283 
мазалап  отырған  жайт,  ұлттық  теңіз  саябақтарында  теңіз  суы 
температурасының  ауытқуынан,  теңіз  жағалауында  орналасқан 
кəсіпорындар 
қалдықтарының 
теңізге 
құйылуынан 
маржандардың  жаппай  қырылуын  айтып  дабыл  қағуда.  Бұдан 
басқа  келуші  туристердің  тазалық  сақтамауынан,  саяз  суларда 
мекендейтін  маржан  полиптерін  зақымдауда.  Индонезия  аралы 
Суматра  маңындағы  маржандар  Жаһандық  жылыну  əсерінен 
жаппай қырылуда. Андаманск аралының сол жақ бөлігінде 2004 
жылғы  күшті  цунами  толқынына  төтеп  берген  риф  түзуші 
маржандар  жаппай  қырылудың  алдында  тұр  [5].  Қорыта 
келгенде, маржандардың ерекшелігі олар суды сүзіп тазалайды,  
фотосинтез  процесіне  қатысады.  Əлемдік  теңіз  байлықтарын 
қорғау адамзат қолында. 
 
ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1.  Əбішев  Б.М,.  Лисогор  К.А.,  Малиновская  В.Д.,  Махмұтов  Ə.Т.  
Палеонтология оқу құралы Алматы 1999ж. 
2.  Гречишникова  И.А.,  Немков  Г:И.  Историческая  геология  с 
элементами палеонтологии 
3.  Михйлова И.А., Бондаренко О.Б. Палеонтология Москва МГУ 2006 г. 
 4. 
Рупперт  Э.Э.,  Фокс  Р.С.,  Барнс Р.  Д.
  Протисты  и  низшие много-
клеточные  //Зоология  беспозвоночных.  Функциональные  и  эволюционные 
аспекты  =  Invertebrate  Zoology:  A  Functional  Evolutionary  Approach  /пер.  с 
англ. Т.А. Ганф, Н.В. Ленцман, Е.В. Сабанеевой; под ред. А.А. Доброволь-
ского и А.И. Грановича. - 7-е издание. - М.: Академия, 2008.  
5. Ғаламтор Google. 
 
 
Айғали Г. Ғылыми жетекшісі:  
г.м– ғ.д., профессор Байбатша Ə.Б.
 
 
МИКРОСКОПТЫҚ АЛТЫН ЖƏНЕ ОНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қазіргі 
кезде 
майда 
дисперсиялық 
микро- 
жəне 
наноөлшемді  «көрінбейтін»  алтынды  зерделеу  көкейкесті 
мəселелердің бірі. Минералогиялық зерттеулер алтын табиғатта 

 
284 
сомтума  жəне  сульфидтер  құрамында  майда  дисперциялық 
шашыранды  түрінде  кездеседі  жəне  ол  өте  ұсақ  жəне  ұсақ 
өлшемді болатыны анықталған. 
Қазақстанда алтын өндірудің қомақты мөлшерін мыс жəне 
полиметалл кенорындары қамтамасыз етеді. Мұнда алтын мыс-
полиметалл  рудалардан  ілеспе  немесе  серік  ретінде  айырып 
алынады.  Қазір  алтын  өндіру  үшін  оның  дербес  кенорындары 
белсенді қолға алынуда. Бізде мұндай кенорындар да жеткілікті. 
Мəселен,  Васильковское  кен  өндіру  кешенін  ашқан  кезде 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың оны Алтынтау деп қайта атау 
керек деген ұсынысын барлық ұжым қызу қуаттады. Сондай-ақ 
Елбасы  мұнда  алтын  өндіру  көлемін  жылына  10-15  тоннаға 
жеткізу керектігін де қадап айтты емес пе. 
Ресми  деректер  бойынша  [1]  алтынның  есептелген  қоры 
237  нысан  бойынша  мемлекеттік  балансқа  алынған.  Олардың 
ішінде  ірі  кенорындары  –  Васильковское  (Алтынтау), 
Бақыршық,  Ақбақай,  Жолымбет,  Бестөбе,  Юбилейное, 
Суздальское  жəне  басқалар.  Алтынды  кенорындарда  алтынды 
айырып  алуды  арттыру  үшін  ұтымды  жаңа  технологиялар  – 
үймелеп шаймалау, бактериялық шаймалау қолданылады. 
Алтын  өндірісінің  61  %  шамасы  дербес  алтынды 
кенорындардан,  ал  39  %  шамасында  кешенді  кенорындарда 
жүргізіледі.  
Кешенді  алтын  өндіру  негізінен  Алтайдағы  колчедан-
полиметалл 
руда 
кенорындарымен 
байланысты:Риддер-
Сокольное, Тишинское, Малеевское, Греховское. Алтын мысты-
порфир  кенорындарында  да  мол.  Оларға  Бозшакөл,  Нұрқазған, 
Ақтоғай,  Айдарлы,  мысты-колчедан  кенорындары:  Приорское, 
Аралшалы, Лиманное; колчедан-полеметалл кенорындар: Абыз, 
Майкайың,  Миөзек,  Қосмұрын,  Ақбастау  жəне  т.б.;  скарн-
мысты: Саяк тобы жəне басқалар. 
Кешенді  алтын-колчедан-полиметалл  кенорындарында 
алтын  шоғырландырушыларға  негізгі  рудатүзуші  сульфидтер: 
арсенопирит,  пирит,  халькопирит,  сфалерит,  галенит  жатады. 
Олардың  əлеуетін  анықтаудың  негізгі  шарттары  –  қосымша 

 
285 
минералогиялық 
зерттеулер 
жүргізу. 
Бұл 
зерттеулер 
сульфидтердегі майда дисперсиялық алтын мөлшерін анықтауға 
жəне  оны  айырып  алудың  дұрыс  технологиялық  режимін 
таңдауға  мүмкіндік  береді.  Алтынның  микроминералогиясын 
зерделемеу  тұрып  оны  айырып  алудың  технологиясын  таңдай 
мүмкін емес. 
Сульфид 
кенорындарда 
алтын 
көбінесе 
майда 
дисперсиялық  болады  жəне  ол  пиритпен,  арсенопиритпен 
байланысты.  Ал  қалған  көп  бөлшегі  мыс,  цинк,  қорғасын 
сульфидтерімен байланысты. 
Мұндай  кенорындардың  айқын  типтері:  мыс-колчеданды, 
колчеданды-мырышты,  колчедан-мыс-мырышты,  колчеданды-
полиметалды. Алтын өте ұсақ, яғни майда дисперсиялы болады. 
Сондықтан 
мұндай 
алтын 
түйіршіктерін 
тек 
қан 
микроминералогиялық əдəс көмегімен ажырата аламыз. Өйткені 
олардың өлшемі 10-20 мкм шамасынан төмен. Ал бұл өлшемді 
алтын  түйіршіктерін  қазіргі  қолданыстағы  технологиялар 
«көрмейді» де тастандылар құрамында кете береді.  
Майда  дисперсиялық  алтын  барлық  кенорындарда 
көрінетін, яғни өлшемі 50-70 мкм алтынға қарағанда едəуір кең 
таралған.  Жалпы  тек  алтын  ғана  емес,  басқа  да  көптеген 
металдар да осындай болып келеді. 
Микроминералогиялық  зерттеулер  [2]  сульфидте  алтын  10-50 
мкм шамасынан төмен, ал кварцтағы сомтума алтын негізінен 7-20 
мкм-ге дейін екенін көрсетті. Əдетте кварцтағы еркін алтын біркелкі 
емес.  Аншлифтің  кей  алаңдарда  майда  дисперсиялық  сеппе 
жасайды, Мəселен зерттеулер жүргізілген Ақбақай, Васильковское, 
Абыз, Риддер-Сокольное кенорындарда осындай екені анықталған. 
Жоғары  дəлдікті  үйектеуші  микроскоп  пен  электрондық 
микроскопты  қолдану  арқылы  өлшемі  1-10  мкм-ден,  тіпті  100  нм-
ден төмен алтын түйіршіктері зерделенген. 
 

 
286 
 
 
Рис. 1. Ақбақай кенорнының микро- и наноалтыны,  
аншлиф № 1, 1000
Х 
 
 
 
Рис. 2. Ақбақай кенорнында микроалтынның 
таралу графигі, ашлиф № 1 

 
287 
Осы  зерттеулер  негізінде  майда  дисперсиялық  өте  ұсақ 
өлшемді  (1-30  мкм)  алтынды  айырып  алу  технологиясы 
лабораториялық  түрде  нақтыланған.  Бұл  технология  бойынша 
алтынды  айырып  алу  деңгейі  95-97  %  шамасына  дейін 
көтеріледі, ал қазіргі алтын айыру заводтарында бұл көрсеткіш 
85 % шамасынан аспайды.  
 
ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1.  Ужкенов  Б.С,  Сайдуакасов  М.А.  Ресурсы  металлических  по-
лезных  ископаемых  Казахстана:  состояние  и  перспективы  разви-
тия/Геонауки в Казахстане. – Алматы, 2004. – С. 18–23. 
2.  Байбатша  А.Б.,  Дюсембаева  К.Ш.,  Сажин  Ю.Г.,  Абдыкирова 
Г.Ж.
  Микро-  и  нанозолото  и  технология  его  извлечения.  –  Алматы, 
2009. – 160 с. 
 
 
Алданов А. Научный руководитель: доцент к.г-м.н  
Нурсултанова С. Г. 
 
ТЕКТОНИКА ПЛИТ И НЕФТЬ 
 
На практике уже доказано, что подток УВ в залежь проис-
ходит постоянно; производственники сталкиваются с проблема-
ми пересчета запасов месторождений, наличие месторождений и 
миграции нефти и газа в фундаменте, физико-химические свой-
ства  нефтей  связывается  с  органическим  происхождением,  па-
линологические  анализы  нефтей  и  угля  содержат  микрофосси-
лии  одного  возраста  и  они  всегда  древнее  основной  осадочной 
породы  и  моложе  отложений  фундамента,  флюидонасыщен-
ность  литосферы  и  мантии.  Все  перечисленные  геологические 
данные  напрямую  связываются  с  постоянной  генерацией  УВ  в 
литосферу и осадочные отложения, где в основном образуются 
ловушки для дифференциации флюидов и их консервации (1) . 
 

 
288 
 
Нефтегазоносность  и рифтогенез. 
 
 
 
Рис.  Глобальная  система  современных  континентальных  и  оке-
анских рифтов, главные зоны субдукции и коллизии, пассивные  (внут-
риплитные) континентальные окраины. 
Рифтовые  зоны:  Срединно-Атлантическая  (СА),  Американо-
Антарктическая  (Ам—А),  Африкано-Антарктическая  (Аф—А),  Юго-
Западная  Индоокеанская  (ЮЗИ),  Аравийско-Индийская  (А—И),  Вос-
точно-Африканская (ВА), Красноморская (Кр), Юго-Восточная Индо-
океанская  (ЮВИ),  Австрало-Антарктическая  (Ав—А),  Южно-
Тихоокеанская 
(
ЮТ), 
Восточно-Тихоокеанская 
(
ВТ), 
Западно-
Чилийская  (34),  Галапагосская  (Г),  Калифорнийская  (Кл),  Рио-Гранде 
— 
Бассейнов  и  Хребтов  (БХ),  Горда—Хуан-де-Фука  (ХФ),  Нансена-
Гаккеля (НГ, см. рис. 5.3), Момская (М), Байкальская (Б), Рейнская (Р). 
Зоны  субдукции:  1  —  Тонга—Кермадек;  2  —  Новогебридская;  3  –  Со-
ломон; 4 — Новобританская; 5 — Зондская; 6 — Манильская; 7 – Фи-
липпинская; 8 — Рюкю; 9 — Марианская; 10 — Идзу-Бонинская; 11 — 
Японская; 12 — Курило-Камчатская; 13 — Алеутская:, 14 — Каскад-
ных  гор;  15  —  Центральноамериканская;  16  —  Малых  Антил;  17  — 
Андская;  18  —  Южных  Антил  (Скотия);  19  —  Эоловая  (Калабрий-
ская); 20 — Эгейская (Критская); 21 — Мекран. 
 

 
289 
а  —  океанские  рифты  (зоны  спрединга)  и  трансформные  разло-
мы; б — континентальные рифты; в — зоны субдукции: островодуж-
ные  и  окраинно-материковые  двойная  линия);  г  —  зоны  коллизии;  д  – 
пассивные континентальные окраины; е — трансформные континен-
тальные  окраины  (в  том  числе  пассивные);  ж  —  векторы  относи-
тельных движений литосферных плит, по Дж. Минстеру, Т. Джорда-
ну (1978) и К. Чейзу (1978), с дополнениями; в зонах спрединга – до 15–
18 
см/год в каждую сторону, в зонах субдукции — до 12 см/год 
 
Рифтогенная  модель  нефтегазообразования  подразумевает 
накопление мощной толщи осадков (10-12 км) вначале в конти-
нентальных  рифтах,  а  затем  в  рифтогенных  межконтиненталь-
ных  морях.  Застойный  режим  осадконакопления  благоприятст-
вует формированию глинистых пород, обогащенных органикой, 
в  восстановительной  геохимической  обстановке  (нефтегазома-
теринские  свиты).  Высокий  тепловой  поток,  который  идет  от 
приближенной  к  подошве  литосферы  горячей  мантии  (астено-
сферный выступ), активизирует процессы переработки органики 
в капельно-жидкую нефть. В этой ситуации необязательно, что-
бы  нефтегазоматеринские  породы  были  погружены  на  значи-
тельную глубину. Образование нефти и газа в условиях высокой 
активности  недр  может  начаться  и  активно  протекать  уже  в 
донных  осадках,  как  это  происходит,  например,  в  “горячих 
ямах” Красного моря и в наши дни (Вебер В.В., 1983).(3) 
Региональные  зоны  нефтегазонакопления  рифтогенного 
типа  формируются  внутри  континентов.  К  ним  относятся,  на-
пример,  месторождения  Западной  Сибири  и  Северного  моря. 
Таким  образом,  рифтогенные  геодинамические  режимы  могут 
проявляться  внутри  континентов  и  быть  внутриконтиненталь-
ными, а могут затрагивать и пассивные континентальные окраи-
ны и являться как бы окраинно-континентальными. (4)      
Значение тектоники плит, с глобальной точки зрения. 
Если  рассматривать    значение  тектоники  плит  глобально, 
то именно она сыграла в науках о Земле роль, сравнимую с ге-
лиоцентрической  концепцией  в  астрономии,  или  открытием 
ДНК  в  генетике.  До  принятия  теории  тектоники  плит,  науки  о 
Земле  носили  описательный  характер.  Они  достигли  высокого 

 
290 
уровня совершенства в описании природных объектов, но редко 
могли объяснить причины процессов. В разных разделах геоло-
гии  могли  доминировать  противоположные  концепции.  Текто-
ника плит связала различные науки о Земле, дала им предсказа-
тельную силу.(5) 
А  если  рассматривать  такие  геодинамические  процессы, 
как субдукцию, обдукцию, рифтогенез, депрессионный режим в 
плане перспективности нефтегазообразования, то их роль также 
весьма заметна.  
Экспертные  оценки,  выполненные  учеными  из  стран  СНГ  и 
другими исследователями, показывают, что в ареалах действия суб-
дукционно-обдукционного  геодинамического  режима  генерирова-
лось  до  80  %  всех  выявленных  запасов  УВ-сырья,  тогда  как  под 
влиянием  рифтогенного  режима  образовалось  ~15  %  запасов,  и 
лишь 5 % проходится на долю депрессионного режима (5) . 
Если  анализировать  все  геодинамические  процессы,  такие 
как: субдукция, рифтогенез и депрессионные режимы, то можно 
выделить следующие положения: 
1. 
Геодинамическая модель нефтегазообразования в ли-
тосфере предусматривает цикличность протекания процесса 
с  периодическим  усилением  его  в  наиболее  тектонически 
активные эпохи: рифтогенеза и закрытия океанов. 
2. 
Необходимыми  условиями  образования  нефти  явля-
ются: наличие достаточного объёма осадков и жёсткий тер-
мобарический режим недр. 
3. 
Механизмом  выноса  капельножидкой  нефти  из  оча-
гов  образования  в  пласты-коллекторы  служит  перегретый 
водоминеральный поток, идущий из низов земной коры. 
4. 
Формирование  залежей  нефти  и  газа  в  пластах-
коллекторах происходит по традиционной схеме.(6) 
 
Заключение 
 
В заключение выделим два аспекта признания идеи геоди-
намической модели нефтегазообразования. 

 
291 
Во-первых
,  в  геологии  нефти  и  газа  мы  стоим  перед  на-
зревшей необходимостью коренного пересмотра устоявшихся и, 
казалось  бы,  незыблемых  фундаментальных  положений,  как  в 
области теории происхождения нефти и газа, так и выбора объ-
ектов поисковых работ, методов и методик самого поиска. 
Во-вторых
, запасы УВ-сырья в литосфере далеки от своего 
истощения.  Мы  выявили  и  разрабатываем  лишь  малую  толику 
этих  запасов,  которые  представляют  собой  своеобразную  вер-
хушку нефтяного айсберга, основное тело его и корни кроются в 
глубоких недрах. Подобрать ключи и открыть дверь новой эры 
нефти и газа – задача нашего и последующих поколений геоло-
гов-нефтяников. 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1.  Мейерхофф  А.,  Мейерхофф  Г.  Новая  глобальная  тектоника  - 
основные  противоречия.  -  В  кн.:  Новая  глобальная  тектоника.  -  М.: 
Мир, 1974 (1972), 
2. Максимов Н. Ледоколы земной геологии. 
3. Трубицын В, Рыков В. Мантийная конвекция и глобальная тек-
тоника Земли. 
 4.  Орленок В. Основы геофизики. 
 5. Зоненшайн Л. П., Проблемы глобальной тектоники. // Природа 
- 1972, -№11. 
6.  Хаин  В.Е.  Тектоника  литосферных  плит  -  достижения  и  нере-
шённые проблемы. - Изв. АН СССР, сер. геол., 1984, № 12, 
7. Драновский Я.А. Спрединг и субдукция: миф или  еальность? -
Бюлл.Моск.о-ва испытателей природы. Отд. геол. 1987. 
 
 
Байсалова А., Научный руководитель:  
к. г.-м.н., доцент Жаркинбеков Т. Н. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет