Bazis news №9 01/09 2015 Осы саннан оқитындарыңыз


Бірі барлығы және барлығы бірі үшін



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата31.03.2017
өлшемі1,96 Mb.
#10895
1   2   3   4   5

Бірі барлығы және барлығы бірі үшін 

Александр  Самойленконың  әрлеушілер 

бригадасы  қолдан  қолға  түспейді.  Бірақ,  бұл 

бригаданың  мүшелеріне  жағады  және  оларға 

жұмысқа деген күш береді. «Біздің жалақымыз 

өзіміз жасап жатқан жұмысымыздың көлеміне 

байланысты. Жұмыс көлемі көп болған сайын 

соғұрлым көп ақша табамыз. Әрқайсымыздың 

отбасымыз, балаларымыз бар, сондықтан, бұл 

біз  үшін  өте  маңызды»,  –  дейді  Александр 

Самойленко. Яғни, адам немесе ұжым қанша-

лықты  көп  жұмыс  атқарса,  соғұрлым  мол  та-

быс табады. Бригаданың ұжымы берік болған-

дықтан  бұл  жұмысты  да  көбірек  атқаруға 

мүмкіндік береді. Барлығы бір-біріне көмекте-

седі және қолдау көрсетеді. Бірі сылаққа қоспа 

дайындаса, енді бірі қабырғаны дайындайды, 

келесісі су әкеледі, бірі бояуды араластырады 

және  тағысын  тағылар.  Барлығы  бір-біріне 

көмекке келуге даяр тұрады. «Біз бір-бірімізді 

қорғаймыз.  Бірімізге  ұрысқан  болса  оған  не 

үшін  ұрысқанын  анықтауға  барлығымыз  ба-

рамыз», – дейді Александрдың әріптесі Елена. 

Бригадирлердің  өз  жұмыстары  мен  бри-

гадалары  туралы  сөздерін  барлығына  қанық 

адам  –  өндірісті  қолдау  жөніндегі  маман  Ақ-

кенже Тасболатова растай алады. Ол компани-

ямызда 2012 жылдан бері еңбек етеді.

«Бұл  бригадалар  «Базис»  компаниясында 

көп жылдардан бері жұмыс істейді, «Городской 

романс»  жобасының  құрылысы  басталғаннан 

бері  олар  осы  нысанда.  Бұл  аумақтың  әрбір 

сантиметрін  біледі.  Пәтер  қожайындарының 

ешқайсысы  осы  бригадалардың  атқарған  жұ-

мыстарына ешқашан шағым айтқан емес. Бар-

лық әрлеу жұмыстарын олар сапалы, таза және 

ұқыпты  жасайды.  Біздің  әрлеушілеріміздің 

барлығы да ғажап, ақ пейілді адамдар», – дей-

ді өндірісті қолдау жөніндегі маман. 

Қызметкерлеріміз  нысан  директорының 

арқасында  оларға  жұмыс  қиын  соқпайтын-

дығын айтады. Мұны Ақкенже де растайды. 

«Нысан  директоры  Павел  Николаевич 

Блажко. Жастығына қарамастан барлығын қа-

дағалап үлгереді, құрылыс пен әрлеу кідіріссіз 

жүріп жатады. Барлығы уақытында тасырыла-

ды.  Ол  жұмыста  өте  жауапты  және  адамгер-

шілік  тұрғысынан  келгенде  де  керемет  адам. 

Қызметкерлердің  қайсысы  болмасын  оған 

қандай да бір мәселемен келетін болса ол оны 

барлық  уақытта  тыңдап,  түсініп,  қолдап  егер 

қажет  болса  көмектеседі.  Сонысы  үшін  оған 

барлығымыз рахмет айтамыз», – дейді Ақкен-

же Тасболатова. 

Сондай-ақ,  жігіттер  ҚМБ-2  бастығы  Ка-

пустин  Леонид  Ильичке  де  разы.  «Ол  өте  ға-

жап адам. Оның компаниямыздағы беделі үл-

кен.  Ол  әрлеу  жұмыстары  бойынша  жоғары 

деңгейлі  маман.  Қаншама  маман  тәрбиеледі. 

Олардан кейін табысты басшылар мен прора-

бтар шықты. Ол жоғары сыныпты математик. 

Барлығын  ұсақ-түйекке  дейін  есептейді  де 

нені  қалай  жасау  керектігін  алдын  ала  біліп 

отырады», – дейді Ақкенже Тасболатова. 



BN анықтамасы 

Әрлеуші  мамандығы  тек  қызықты  әрі  қа-

жетті мамандық қана емес. Ол адамдарға мол 

қуаныш, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Адамдар 

әсем ғимараттарға, дизайнерлер ойлап тауып, 

біздің  әрлеушілеріміз  іске  асырған  идеяларға 

тамсанады. Әрлеушілерден кейін (әсәресе, әң-

гіме  ақтық  әрлеу  жайында  болса)  адамдарға 

тұрмыстық  приборларды  орнатып,  жихаздар-

ды орналастырып, перделер мен картиналарды 

іліп,  «БАЗИС»  құрылыс  компаниясы  салған 

үйлер мен кеңселердегі жақсы өмірге малыну 

ғана қалады. 

мамандық


13

МЕН «БАЗИСТЕ» ЖҰМыС ІСТЕйМІН – БОЛАШАҚТы САЛыП ЖАТыРМыН

Кран қайда болса, машинист те 

сонда  

Вера Иванова бала күнінен кран-

шы болуды армандады. 21 жасын-

да мұнаралы кран машинисі курсын 

бітірді де 1976 жылдан мамандығы 

бойынша ебек етіп келеді. Ол – өз 

ісінің шебері, прорабтар мен еңбек-

ті  қорғау  инструкторларының  өзі 

одан кеңес сұрайды. Ол өзінің кра-

нын жақсы көреді, тіпті, ол туралы 

өлең де жазды.

– Барық уақытта БАЗИСте жұмыс істе-

гім  келді.  Екі-үш  жыл  механик  Михаил 

Кузнецовтың  мені  мұнаралы  кранның 

машинисі  етіп  алуын  сұрап  қыр  соңынан 

қалмадым.  Менің  арманым  Алматыдан 

кепілдеме  келген  соң  орындалды  –  2004 

жылдан  (11  жыл)  мұнаралы  кранның  ма-

шинисімін. Бұған дейін мен 20 жыл «Ка-

захсельмашта»  мұнаралы  кранда  және 

Астананың  ұсақ  құрылыстарында  еңбек 

еттім. 


Әдемі  де  алып  ғимарат  «Триумф 

Астаны»  кешені  өмірімдегі  алғашқы  ірі 

құрылыс  болды.  Ол  менің  ең  сүйікті  ны-

саным.  Кейін  біз  «Изумрудный  квартал» 

және басқа да нысандарды салдық . «Три-

умфальный» ТК жұмыс істеп келе жатқа-

ныма  төртінші  жыл  –  менің  кранымды 

сонда  алып  барып  қойды  да  мен  де  сон-

да  кете  бардым.  Мен  өзімнің  мұнаралы 

кранымды  жақсы  көремін:  кабинканы 

жылыттым, жұмыс орнымды жақсарттым. 

Мен  краныма  бауыр  басып  қалдым.  Ол 

қайда барса, мен сондамын. Бір ғимарат-

ты  тұрғызып  бола  салысымен  кранымды 

келесісіне алып барып қояды да құрылы-

сты  жалғастыра  береміз.  Қыркүйекте 

«Триумфальный»  ТК  соңғы  үйін  аяқтай-

мыз. Мұнаралы кран машинисінің жұмы-

сы күрделі де жауапты. 

Өз мақсаттарыңа табанды 

түрде жүріп отыру керек 

Ғани Бейсембаев Астанадағы Қо-

быланды мен Бурабай көшелерінің 

қиылысында  орналасқан  МЖК  3 

ГА  (паркингі  бар  көпфункционал-

ды тұрғын үй кешені) ҚМБ-7 прораб 

болып  еңбек  етеді.  Ол  өзінің  өмір-

дегі мақсатын айқын түсінеді. Ол – 

құрылыс саласының үздік маманы 

болу. Осы мақсатына бет алып ке-

леді. 

– Мен Қарағанды облысында 1987 жылы дүи-

неге келдім. Қарағандыда оқыдым. Мамандығым - 

инженер-құрылысшы. 2005 жылы Астанаға келдім. 

БАЗИС  компаниясында  2009  жылдан  қауіпсіздік 

қызметінде күзетші болып істей бастадым. 2013-ші 

жылы ағаш ұсталары бригадасына ауыстым, 2014 

жылдан  шебер,  кейін  прораб  болдым.  Мен  ма-

мандығымды  сүйемін  –  құрылысшы  болуды  бала 

күнімнен армандадым. Барлық армандарымды мен 

мақсаттарға бөлемін. Прораб болып, өндірісті жүр-

гізуді мақсат еткенмін. Қазір бұл мұратыма жеттім 

– прораб болып ебек етіп жатырмын. Енді мақсат-

тарымның келесісін бетке алып келемін. 

Жұмысымнан  үлкен  ләззат  аламын,  себебі, 

мен құрылыс салып жатырмын, адамдарға пайда-

лы  нәрсе  істеп  жатырмын.  Өндіріс  –  бұл  өте  үл-

кен жауапкершілік, адамдар біздің жұмысымызды 

түсініп, бағалап жатса ол үлкен ғанибет. Жұмысты 

жақсы атқарсаң кеудеңді мақтаныш сезімі керней-

ді. Менің ең сүйікті нысандарым Q және Q-2 биз-

нес-орталығы. Мен онда ағаш ұстасы болдым. Бұл 

бір өте қызықты жоба. Қазір біз әлеуметтік баспана 

салып жатырмыз.Мұндағы бағалар төмендеу, бірақ, 

жұмыстың  сапасы  компанияның  өзге  нысандары-

ныкінен  ешқандай  да  кем  емес.  Менің  әпкем,  ба-

уырларым бар. Үлкен ағам «БАЗИСТЕ» бригадир, 

кіші  ағам  –  менің  сыңарым,  оның  бригадасында 

звеношы. Қыс болсын, жаз болсын, (ауа райы қан-

дай болмасын) тығыз жұмыс кестесіне қарамастан 

демалыс күндері балық аулауға барамын. 

Вера Иванова,

краншы,ТК «Триумфальный», 

Астана

Ғани Бейсембаев,

 

ҚМБ-7 прораб, МЖК 3 ГА,

 Астана

Нұрхамит Нұрахметов

ҚМБ-2 тас қалаушыларының бригадирі, 

Ледовая арена, Алматы

Оның жұмысы – компанияның 

бет-бейнесі 

Нұрхамит Нұрахметов бала кезінен 

мәрмармен  және  гранитпен  жұмыс 

істегенді ұнататын. Қазір ол Алматы-

дағы  ҚМБ-2  тас  қалаушыларының 

бригадирі.  Оның  жұмысы  компани-

яның  бет-бейнесі,  себебі,  қандай  да 

бір ғимараттың болмасын, табалды-

рығын аттай сала адам ең алдымен 

Нұрхамиттің қолынан шыққан тастан 

жасалған ресепшенге келеді.

–  Мен  БАЗИС  компаниясында  2003  жыл-

дан  жұмыс  істеймін.  Еңбек  жолымды  Валерий 

Владимирович  Захаровтың  бригадасында  пли-

ташы-қасбетші  болып  бастадым.  Біз  «Променад» 

сауда-ойын-сауық  орталығын  салдық.  Қазір  ком-

паниямыз Алматыда соғып жатқан 12 000 орынға 

арналған  Мұзды  арена  секілді  бірегей  нысанда 

плиташы-қасбетшілер бригадирімін. Бала күнімнен 

тас пен металлмен жұмыс істегенді ұнататынмын. 

Менің бірінші мамандығым – токарь. Кейін таспен 

жұмыс істеуге көштім. Мен гранит пен мәрмардан 

электр алауошақтарын жасадым, маған гранитпен 

жұмыс істеген қатты ұнайды, қасбет жасадым. 

Мен өз ісімді жақсы көремін және оны мінсіз де 

әсем етіп жасағанды ұнатамын. Менің бригадамда 

алты  адам  еңбек  етеді,  оларды  жұмыстарын  адал 

және таза атқаруы үшін ұқыптылыққа үйретуге ты-

рысамын. 

Компаниямыз  салған  нысандардың  ішінде 

маған  барлығынан  бұрын  «Нұрлы-Тау»    поли-

функционалды  кешені  ұнайды.  Барлық  алаңдар-

ды,  кіреберістерді,  барлық  ресепшендерді  біз 

граниттен  жасадық.  Шевченко  мен  Зенков  көше-

лерінің қиылысында үй салдық – онда да барлық 

кіреберістер  мәрмармен  қапталды.  «Столичный 

центр» тұрғын үй кешенінің ресепшенін де мен өз 

қолыммен жасадым. Маған осы ғимараттарға кір-

ген бір ғанибет. Мен бұл нысандарды мақтан тұта-

мын және біздің сонда атқарған жұмыстарымызға 

көңілім толады. 

14

BAZIS NEWS №9/ 01.09.2015



Құрылысшы  –  қоғам  үшін  маңызды  да  жасампаз  мамандық.  «Қазақстанның  құрметті  құрылысшысы»  атағын 

еліміздің  құрылыс  саласының  дамуына  үлкен  үлес  қосқан  үздік  құрылысшылар  ғана  иемдене  алады.  Өзінің 

жоғары  біліктілігінің  арқасында  осынау  үлкен  атаққа  компаниямыздың  қызметкерлері  де  ие  болды.  Олардың 

арасында  «БАЗИС»  ҚК  басқарушы  директоры  Александр    Васильевич  Брызгалов  та  бар.  «Қазақстанның 

құрметті құрылысшысы» атағынан өзге ол табысты және сапалы салынған нысандар үшін компанияның түрлі 

марапаттарына да ие болған.

қр «құрметті құрылысшысы» 

атағын алу – құрмет пен аБырОй

александр  Васильевич,  «қазақстан-

ның  құрметті  құрылысшысы»  атағы-

на  қай  кезде  ие  болдыңыз?  Бұл  атаққа 

көзқарасыңыз қалай?

«Қазақстанның құрметті құрылысшысы» 

атағын 2014 жылы Құрылысшылар күнінде 

алдым.  Оны  мақтан  етемін,  барлығынан 

бұрын  мұны  балаларым  мақтан  тұтады, 

немерелерім  де  мақтаныш  ететін  болады 

деп ойлаймын. Өскен соң олар да аталарын 

мақтан ететін болады! (жымияды). 



құрылысшы  ретіндегі  мансабыңыз 

қалай басталды? «Базисте» неше жыл-

дан бері еңбек етесіз? 

Менің еңбек жолым 1972 жылдан бастау 

алады. Анығында, бұл аз уақыт емес. Мек-

тепті 1972 жылы аяқтадым, ал, 1973 жылы 

әскерге  кеттім.  Әскер  қатарында  екі  жыл 

қызмет  еттім,  негізгі  жұмысыма  шықтым. 

Алматы  Үй  құрылысы  Комбинатына  жас 

маман болып келдім, ағаш ұстасы болып ор-

наластым. Бұл 1977 жыл болатын. 

неліктен  құрылысшы  мамандығын 

таңдадыңыз?

Өзім де білмеймін, әйтеуір солай болып 

шықты. Шынымды айтсам, мен ұшқыш бо-

луды армандайтынмын. Бірақ, денсаулығы-

ма  байланысты  ұшқыштыққа  өтпедім  де 

құрылыс факультетіне оқуға түстім. Мәскеу 

Бүкілодақтық  Инженерлік-Құрылыс  инсти-

тутының Алматыдағы филиалын таңдадым. 

Мұнда  мен  «қалалық  құрылыс»  маман-

дығы бойынша білім алдым. Күндіз жұмыс 

істедім, кешке кешкі бөлімде оқыдым. Басқа 

амал  жоқ,  ол  кезде  жағдай  солай  болатын. 

Институтты  1980  жылы  тамамдадым.  Біз 

жас  болдық,  жасымыз  25-те  болатын.  Бар-

лығы  алда  секілді  көрінетін.  Кейін  қайта 

құру басталды. Шағын кәсіпорындар ашуға 

рұқсат берілді. Міне, барлығы да сол уақыт-

тан бастау алды. 



«Базисте»  неше  жылдан  бері  еңбек 

етесіз? 

«БАЗИС»  компаниясындағы  еңбек  жо-

лымды 1991 жылы участок бастығы болып 

бастадым. Біз онда Алматыдағы Фестиваль-

ная мен Науаи көшелерінің қиылысындағы 

КТК тұрғын үй кешенін салдық. Қазір мен 

«Базис Инвест Строй» директорымын және 

«БАЗИС»  ҚК  басқарушы  директорымын. 

«БАЗИСТЕГІ» жалпы еңбек өтілім - 24 жыл.

туып-өскен  жеріңіз  алматы,  бірақ, 

астанаға  көшіп  келдіңіз.  неліктен  мұн-

дай шешім қабылдадыңыз?

Компания  іссапармен  Астанаға  көп  ат-

тандыратын  болды.  Бастапқыда  біз  әріп-

тесіміз  екеуміз  іссапармен  барып-келіп 

жүрдік, кейін көшу туралы ой келді. Көшу 

керек  деп  шештім  де  Астанада  қалып  қой-

дым.  Компанияның  нысандарының  дені 

Астанада. 



«Базис»  салған  қай  нысанға  атса-

лыстыңыз?

Олар «ҚазМұнайГаз» ғимараты, «Дөңге-

лек  Алаң»  архитектуралық  композициясы, 

«Триумф  Астаны»  тұрғын  үй  кешендері, 

«Изумрудный» және басқа да көптеген ны-

сандар. Астанадағы жобалардың барлығына 

дерлік қатыстым. 2006 жылдан бері «Город-

ской  Романс»  жобасымен  айналысудамын, 

оның құрылысы әлі жүріп жатыр.

сіз  құрылысына  қатысқан  көптеген 

нысандар  астананың  архитектуралық 

үлгісіне  айналды,  олар  тек  қазақстанда 

ғана  емес,  сонымен  қатар,  бүкіл  әлемде 

де  танымал.  Осындай  бірегей  ғимарат 

тұрғызғаныңызды мақтан етесіз бе?

Әрине!  Мұндай  сезімді  тек  мен  ғана 

бастан  кешірмеймін.  Туыстарым  да,  таны-

старым да мақтан етеді. 



Отбасыңыз туралы айта кетсеңіз. 

Мен жалғызбастымын, үлкен ұлым бар. 

Бірақ,  ол  «БАЗИСТЕ»  істемейді,  логисти-

камен  шұғылданады.  Оның  жеке  фирмасы 

бар,  менің  ізімді  қуған  жоқ.  Қараша  айын-

да немереміз дүниеге келеді деп күтіп оты-

рмыз  (жымияды.)  Бала  мен  немере  –  адам 

өміріндегі ең бір басты қазына деп есептей-

мін. Әрине, жұмыс та маңызды!

ия,  отбасының  орны  бөлек.  компа-

нияға  жұмыс  істеуге  жаңа  келіп  жатқан 

жастарға қандай кеңес айтар едіңіз?

Мансабын  енді  құруға  кіріскендерге, 

өмірін  жаңа  бастап  жатқандарға  бірінші 

кезекте мақсаттылықты тілер едім. Бұл - ең 

бастысы.  Егер  адамда  мақсат  болса,  жұ-

мысқа деген құлшыныс болса, ол көздегені-

не жетеді. Ал егер мақсатсыз жүретін болса, 

ештеме де шықпайды.  



өмір  жолыңызда  сіз  үшін  қозғаушы 

күш  не?  мансап  сатысымен  жоғары  кө-

терілгенде неге ұмтылдыңыз?

Мен тек жұмыс істедім. Прораб болғым 

келді  –  болдым,  инженер  болғым  келді  – 

болдым.  Бірден  емес,  әрине.    Институтта 

оқыдым, маған не керек екендігі үнемі жа-

дымда жүрді. 120 адамнан тұратын кешен-

ді  әрлеу  бригадасының  бригадирі  болып 

істедім, өз мақсаттарыма қарай ұмтылдым. 

Қаншама  жыл  жұмысты  жанымды  салып 

істедім. Кейін 2006 жылы директор болдым, 

тұтас бір еңбек жолын жүріп өттім. 

сіздің кәсіби табысыңыздың құпия-

сы неде?

Білесіз бе, мен жұмысқа ағаш ұстасы бо-

лып келгенімде бүкіл процессті білетінмін. 

Маған  көмектесіп  отырған  тәлімгерлерім 

болды. Еңбек процессі кезінде ненің қалай 

жасалатынын білдім. Менің жолымда жақсы 

адамдар  кезікті.  Үлкендер  маған  барлығын 

үйретті. Менің ең бірінші тәлімгерім – Ал-

маты  Үй  құрылысы  Комбинаты  УСК-1  әр-

леу бригадасының бригадирі Броссарт Иван 

Иванович болды. Ол мен үшін ұстаз секіл-

ді болды. Қазір енді өзім тәлімгер болатын 

жастамын.  Мәселен,  менің  орынбасарым 

болған Павел Блажко қазірдің өзінде нысан 

директоры. Мен оның тәлімгері болғанмын, 

ол -  менің өкіл балам. (жымияды). 



өз  еңбегіңіздің  нәтижесі  туралы  не 

ойлайсыз?  «қазақстанның  құрметті 

құрылысшысы»  атағынан  өзге  марапат-

тарыңыз бар ма? 

«БАЗИСТЕГІ»  барлық  марапатты  ал-

дым,  үлкенін  де,  кішісін  де.  Менің  өмірде 

жолым  болды  деп  есептеймін.  Өмірімде 

жақсы  адамдар  көп  кезікті.  Ешкім  маған 

қастық  жасаған  емес,  өзім  де  адамдарға 

жақсы  қарадым.  Егер  маған  өмір  тағы  бір 

рет берілетін болса мен оны да дәл осылай 

етіп  сүрер  едім.  Өміріме  ризамын,  өмірдің 

заңдылықтарына  бағына  отырып  одан  бар-

лығын алу қажет деп санаймын. 

қазақстанның құрметті құрылысшысы

15


апалы-сіңлілі қОпаБаеВалар: 

жауапкершілік пен Біліктілік 

«БАЗИС» - өз қызметкерлеріне ертеңгі күнге деген сенімділік беретін тұрақты дамып келе жатқан компания. Мұнда адамдардың тұтас 

бір әулеттерімен және отбасымен жұмыс істейтіні де сондықтан. Әдетте, алдымен жұмысқа отбасының бір мүшесі орналасады да, 

тұрақтылықты, қызметтік мансаппен өсу мүмкіндігін көргеннен кейін туыстары мен достарын шақырады. Бүгін біз апалы-сіңлілі Қопаба-

евалар жайында айтпақпыз. Алдымен компанияға жұмысқа Ләззат Қопабаева тұрды, кейін екі бауыры келді. Қазір қыздар сылақшы-бо-

яушы болып еңбек етуде және өз мамандығының үздіктері. Еңбекқорлық, жауапкершілік пен біліктілігінің арқасында Жанна (үлкені), 

Ләззат (ортаншысы) және Перизат (кішісі) Қопабаевалар бүкіл бригаданы соңынан ерте білген баға жетпес қызметкерлер. 

Біліктілер командасы

Осыдан бес жыл бұрын Қопабаевалар Шым-

кент мектептерінде педагог болып жұмыс істей-

тін. Сол тұста әлемдік дағдарыс күш алып, жұ-

мыс  орындары  қысқарып,  жалақы  мөлшері  де 

азайып  жатқан.  Ләззат  пен  Перизат  Астананы 

бағындыратын  кез  жетті  деп  шешті.  Алайда, 

астанада  олардың  мамандықтарын  мұғалімдік-

тен құрылысшыға ауыстыруына тура келді, қы-

здар келешегін Астана мектептерінің кең де жа-

рық сыныптарынан емес «БАЗИС» компаниясы 

салып жатқан нысандардан тапты. 

«Сол  жылдары  педагогтардың  еңбекақысы 

тым  төмен  болатын.  Үлкен  қалада  жалақысы 

да үлкен жұмысты табу оңайырақ болады деген 

үмітпен Астанаға келдік. 2010 жылдың сәуірін-

де  Перизат  екеуміз  құрылысқа  жұмысқа  тұр-

дық.  Әуелі  ҚМБ-2  жұмыс  істедік,  біраз  уақыт 

өткеннен  кейін  өз  бригадамызды  құрдық.  Мен 

алғашқы бригадир болдым. Біз бір-екі жыл жұ-

мыс істеп, ақша тауып, кейін мұғалімдікке қай-

та  ораламыз  деп  ойлағанбыз»,  –  дейді  Ләззат. 

Бірақ,  біршама  жұмыс  істегеннен  соң  Ләззат 

тұрмыс құрып, бала босануға байланысты дема-

лысқа шықты да, кіші сіңлісі Перизатты брига-

дир етіп тағайныдады. 

Жас  Перизатқа  бригаданы  басқару  қиынға 

соқты  да  ол  көмекке  сол  уақытта  Шымкентте 

оқытушы  болып  істеп  жүрген  әпкесін  шақыру 

керек деп шешті. Нәтижесінде Жанна Астанаға 

жазғы демалыс кезінде келуге келісімін берді де 

«БАЗИСТЕ» бес жылға қалып қойды, сіңлісінің 

оң қолы болды. «Маған құрылыста істеген қатты 

ұнады», – дейді Жанна. 

Жұмыс  қолынан  келетінін,  жалақысы 

да  жоғары  екендігін  көргеннен  кейін  апа-

лы-сіңлілілер  білім  беру  саласына  қайтпауды 

және  «БАЗИС»  компаниясында  мансап  құруды 

жөн  деп  тапты.  Қазір  олар  компаниямыз  Аста-

нада  салған  түрлі  нысандарда  бояушы-әрлеуші 

болып еңбектенуде. 

Перизат  Қопабаеваның  бригадасы  ай  сай-

ын  дерлік  әрлеушілер  арасында  үздік  деп  та-

нылады.  Үнемі  сенім  үдесінен  шығып,  үздік 

боып  жүру  оңай  болмаса  да  бригаданың  еңбек 

өнімділігі  жоғары  болуы  тиіс,  еңбекті  қорғау 

мен қауіпсіздік техникасы сақталуы керек, атқа-

рылған  жұмыстың  сапасы  жоғары,  мамандар 

тұрақты болуы қажет. Перизат мұның барлығын 

оңай еңсеріп отыр. Ол бұл табыстардың құпия-

сын кәсібилерден құралған сенімді командамен 

жұмыс істейтіндігімен түсіндіреді. 

«Менің  бригадамда  тәжірибелі  білікті  ма-

мандар  еңбек  етеді.  Адамдардың  бригадамыз-

дан  кеткісі  келмейді.  Бұл,  бәлкім  адамдармен 

кез-келген уақытта тіл табыса алатындығымнан 

да болса керек», – дейді Перизат.

«Біріншіден,  оның  өзі  бригадамыздың  жұ-

мысшыларымен бірдей жұмыс істейді. Таңертең 

келеді де жұмысты аяқтамай кетпейді», – дейді 

Жанна. 

«Оған қарап бүкіл бригада қарқынды жұмыс 



істейді, бригадамыздың әрбір мүшесі өз жұмы-

сына  асқан  жауапкершілікпен  қарайды.  Бізде 

жұмысқа келмей қалу деген болған емес», – дей-

ді Ләззат. 

Перизат  екі  қолды  бос  қойып  қарап  отыра 

алмайтындығын,  бастықсымақтанып  екі  қолды 

қалтаға  салып  нысанды  аралап  жүре  алмай-

тындығын айтады. Бригадасы мол табыс табуы 

жолында қолынан келеннің барлығын жасайды. 

Жұмысқа деген дәл осындай көзқарасты Пери-

зат тек бауырларынан ғана емес бригаданың әр-

бір мүшесінен де талап етеді. 



«Базис» – бұл сенімділік пен сенім 

Әңгіме кезінде апалы-сіңлілі Қопабаевалар-

дың  біріне  бірі  тіреу  екенін  аңғару  қиын  емес. 

Жанна  мен  Ләззат  звеношы  және  Перизатқа 

көмек қолын созуға қашанда даяр. 

«Олар жұмыс көлемін өздері алып, оны өз-

дері  атқаруға  тырысады,  маған  көмектеседі. 

Кейде  бригадаларымыз  бір  мезетте  түрлі  ны-

сандарда  жұмыс  істейді.  Мен  әр  қызметкерді 

бақылауда  ұстауға  үйреніп  қалғанмын.  Бірақ, 

нысандардың арасында алма-кезек жүре алмай-

мын.  Сондықтан,  бір  нысанға  өзімнің  орныма 

16

BAZIS NEWS №9/ 01.09.2015



Жаннаны  жіберсем,  келесісіне  Ләззат  барады. 

Олардың  жұмысты  толығымен  атқарып  шыға-

тынына сенемін. Олар болмағанда жұмыс істе-

уіме  уақыт  болмас  еді.  Үнемі  нысандардың 

арасында жүруіме тура келетін еді. Көп жұмыс 

атқарып жатқаным осы әпкелерімнің арқасы», – 

дейді Перизат. 

Бригадасының еңбекке деген ерен қабілетін 

Перизат олардың көбінің жерлестер екендігімен 

түсіндіреді.  «Маған  кейде  бригадамыздағылар-

дың барлығының еліміздің оңтүстігінен екенді-

гін,  бригадама  тек  Шымкенттің  жігіттерін  ала-

тынымды  айтып  жатады.  Жоқ,  бұл  олай  емес. 

Бригадамызға  алдымен  біреуі  орналасады  да 

біраз  уақыт  жұмыс  істегеннен  кейін  ұжымы-

мыздың  жақсы  екендігін,  жалақының  жоғары 

екендігін  көріп  адамдар  өздерінің  іні-қарын-

дастарын,  таныстарын  шақыра  бастайды.  Бізді 

отбасылық бригада десе де болады», – дейді Пе-

ризат Қопабаева. «Бізде бір отбасынан үш-төрт 

адамнан  еңбек  етеді»,  –  дейді  Ләззат.  «Бұған 

қоса,  біздің  бригадамыз  ұқыпты.  Барлығы  да 

жұмысқа  таңертең  кешікпей  келеді.  Жұмыста-

рын  сапалы  орындайды.  Сұранулары  сирек»,  – 

дейді Жанна. 

 «БАЗИС» компаниясындағы жылдар бойғы 

бірлескен жұмыс барысында Қопабаевалар бри-

гадасы қатты достасып кетті. Көпшілігі отбасын 

құрды, бала өсіріп, еңбек етуде. «БАЗИС» – бұл 

тұрақтылық.  Уақытында  төленетін  жалақы. 

Болашаққа  деген  сенімділік.  Сондықтан,  от-

басын  құрып,  дүниеге  бала  әкелуге  қорықпай-

ды»,  –  дейді  Перизат.  Бригадирдің  айтуынша, 

командасы  бір-біріне  үйреніп  кеткен.  Өзінің 

жұмысын  сапалы  әрі  жауапкершілікпен  атқара 

отырып  олар  әр  нысанға  жан  жылуын  береді. 

«Біз бір-бірімізге бауыр басып кеттік, компани-

яға  да,  бізге  басқаның  керегі  де  жоқ»,  –  дейді 

апалы-сіңлілер. 

Қопабаевалардың  айтуынша,  бригадалары-

ның  табысты  болуы  ҚМБ-7  басшылығының  – 

Талғат  Елемесовтің  де  арқасы.  Ол  қыздардың 

дамуына,  машықтарын  жетілдіруіне,  шебер-

ліктерін  шыңдауына  жағдай  жасап  отырады, 

себебі,  ол  қыздардың  ұятқа  қалдырмайтынын 

біледі. Елемесов Перизаттың жігерлі, өз бетінше 

жұмыс  істей  алатын  бригадир  екендігін  көріп, 

оның  командасының  түрлі  нысандарда  жұмыс 

істеуіне, үлкен жұмыс көлемін атқаруына мүм-

кіндік береді, осының арқасында қызметкерлер 

көбірек қаржы таба алады. 

«Біздің  бригадамыздың  түрлі  нысандарда 

жұмыс  істегені  жақсы.  Егер  бізге  тек  бір  ғана 

нысанда  жұмыс  істеуге  рұқсат  етілген  жағдай-

да бригадада небәрі бес-алты адамнан ғана қал-

дыруға  тура  келер  еді.  Қазір  менің  бригадамда 

жиырмадан астам адам еңбек етеді», – дейді Пе-

ризат Қопабаева. 

Апалы-сіңлілер кез-келген жағдайда бір-бірі-

не сенім арта алады. Бұл оларға сенімділік пен 

күш  береді.  «Егер  Перизат  келіп  қайсыбір  жұ-

мысты  қандай  да  бір  мерзімде  бітіру  керекті-

гін  айтса,  біз  тапсырманың  орындалуына  бар 

күшімізді  саламыз»,  –  дейді  қыздар.  «Мен  еш-

нәрсеге алаңдамаймын. Себебі, Жанна мен Ләз-

зат барлығын тиісінше жасайды», – дейді Пери-

зат.  Перизат  Қопабаевалардың  бригадасының 

әр  ай  сайын  үздік  атануы  да  сондықтан  болса 

керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет