М.Әуезов абайдың Өм ірбаяны (1950)



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата31.03.2017
өлшемі0,75 Mb.
#10960
1   2   3   4   5

 

Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?  

Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.  

Қай қызығы татиды қу өмірдің,  

Татуды араз, жақынды жат қыларға?!- 

 


 

44 


 

дейді.  Бірақ  Абайдың  өз  басы  осы  күйде  болғанымен  1897  жыл 

әлегінің  арты  тобықты  ішінде  із-тозсыз  өщіп  қалды,  партия,  пәле, 

алыс-жұлыс  тыйылды  деп  ойлау  керек  емес.  Рубасы,  атқамінер 

атаулыға  ол  -  ауа  мен  су  сияқты  тыныс,  қорек  ететін  азығы. 

Сондықтан  Абайдың  өз  бала-інілері  де  Абай  жаңағыдай  карады  деп 

тоқтап калған жоқ. Енді солар кекті  боп, солар куғыншы болады. Бар 

күштерін 

ел 

кегін 


алуға 

салады. 


Баяғы 

әдіс-тартыс 

қайта 

қолданылады. Елді көп алғандық шербешнайларға тоғысатын билерді 



көп  алудан  білінеді.  Биді  молайтып,  басып  алған  жақ  кесікті  өз 

қолына  алып,  түпкі  кекті  сол  кесік  жазаларымен  орындайды. 

Абайдың  намысын,  ісін  қуған  жақындары  ендігі  барды  осы 

шербешнайларға  салады.  Екі  жақ  бірдей  би  атаулыға  мал  мен  пұлды 

кезек беріп, қатты шығындап жатады. 

Бұл  тартыс-таластардың  тұсында  жандарал,  ояз  кеңселері  де, 

әсіресе, жасырын тыңшы полиция кеңселері де тек отырып қалмайды. 

Тегінде  патшалықка  карсы  болған  төңкерісшіл  топтармен  іштей 

достық  байланыс  жасаған  Абайға  патшалықтың  ресми  орындары, 

кертартпа ұлықтары көптен қадала қарап жүрген-ді. 

Жылдан  жыл  асқан  сайын  қазақ  сахарасына  өлең-өсиет  үгіті 

тарап,  қалың  елге,  әсіресе,  еңбек  еліне  қадірі  артып  бара  жатқан 

Абай,  патшалықтың  болыс  ұлықтарын  шенеп  жерлеуші  Абай  жәйлі 

кісі,  жаксы  кісі  боп  саналмайтын.  Сондықтан  оның  ел  ортасындағы 

әсерін  әлсіретіп,  қанатын  қырқатын  дүлей  күш  қазақтың  өз  ішінен 

табылса,  оны  жандарал  кенселері  әлдеқашан  құптап,  қостаушы 

болуға  әзір  жүретін.  Оразбайларға  астыртын  дем  беріп  отыратын 

өздерінің  де  арам  саясаты  бар-ды.  Елден  Абайды  жамандап  түскен 

арыз  болса,  оны  ерекше  ықыласпен  тыңдайтын.  Сондай  жасырын 

шағым  мына  тұста  да  аз  болмайды.  Осындай  арыз-шағымның  бірін 

сылтау,  себеп  етіп  1903  жылы  қырдағы  Абай  ауылына  жандарал 

бұйрығымен  Семейдің  тыңшы  кісілерінің  бастығы  полицмейстер  өзі 

бастап,  бір  топ  жандармдармен  кеп,  қатты  тінту  жасайды.  Ниеті 

Абайды бір жазаға  іліктіру еді. Бірақ ақынның  халық арасындағы зор 

атақ, даңқынан, қадірінен жасқанып, батыл әрекет істей алмай кетеді. 

Сол  жолы  Абайды  астыртын  көрсетіп  отырған  -  тағы  да  бүлік,  бұзық 

рубасылары,  сатымсақ  болыстар.  Абайдың  барлық  өмір  бойында 

халқына  деген  қасиетті  енбегіне  өш  болған  қараңғы  кертартпа, 

қанаушы топ. 

Абайдың  «ел  мінезі»  деп  рубасылар  мінезін  алып,  қатты  ызамен, 

сын  сатирамен  жырлауы  осы  халдерден  туады.  Ақын  тіршілігінің  ең 

ауыр  қорытыңдысы,  әсіресе,  сол  1897  жылдарда  және  өзі  тоқтаған 

жылдарда  тіпті  айкын  боп  шығады.  Абай  енді  жылдан  жыл  өткен 

сайын  өмірден  кажып,  шөге  береді.  Осы  жылдарда  өлімді  де  ойлай 

бастайды.  Өзі  кешірген  ерекше  дертті,  өмірдің  барлық  кайғысын, 


 

45 


 

өкінішін еске ала отырып, қазақ әдебиетінде мәңгілік  ұмытылмайтын 

«Өлсем орным кара жерді» жазады. 

1896  жылы  өзінің  бұдан  бұрын  жазған  өлендерін  «жинасын» 

деген.  Бізге  қаншалық  ғажап  көрінсе  де  осы  1896  жылға  шейін 

Абайдың  өлеңдері  бір  араға  топталып  жиналмаған  болатын.  Абай  өзі 

бір  жазып  тастаған  өлеңін  қайтадан  жоқтап,  жинап  отырмаған. 

Әрқашан, кейде кітап оқып отырғанда, кейде жай бір оймен қозғалып 

отырғанда,  қолына  қағаз,  қарындаш  алып,  айтпақ  өлеңін  жазып 

тастайды  екен.  Соны  қасында  отырып  балалары,  інілері  я  жәй 

адамдар  болса  да,  қалтасына  салып  алып  жүріп  кетеді.  Содан 

біреуден-біреу  жазып  алып  жаттайды.  Кейбірін  әнге  қосып, 

домбырамен айтып жүреді. 

Өлең  жазу  қызметі  осы  сиякты  болғандыктан,  қазірде  біздің 

қолымызға Абайдын. өз қолынан жазылған қолжазбасының бірде-бірі 

жетпей  отыр.  Барлығы  да  ел  жігіттерінің  қалтасында,  қойны-

қоншында  жүріп,  жоғалып  кеткен.  Осы  ретіне  карағанда,  «Абайдын. 

беріде  жазған  талай  өлеңі  де  ешкімге  мәлімсіз  болып,  шығысымен 

жоқ болып кетпеді ме екен?»- деген күдік туады. 

Өйткені  жасынан  біткен  әдет  бойынша,  Абай  біреудің  оғаш 

мінезін  көргенде, ылғи  қалжың, әжуа, мысқыл өлең айтқыш болатын. 

Осындай  сөздерінде  әрқашан  өз  жанында  жүрген  жақындарын, 

ағайын-туысқандарын  мыскыл  етіп,  солардың  мін-мінезін  күлкі  ғып, 

әйгілеп  айтады.  Кейде  қалжың  ғып  жазып,  өз  қолдарына  да  береді. 

Сол  кісілердің  көбі  қолына  өлен  түсісімен,  өз  мінін  айтқан  сөздердің 

көзін  жоғалтуға  тырысқан.  Сонан  соң,  кейбіреулер  Абайдың  өзінен 

жалынып-жалпайып  сұрап  алып  та,  кезінше  жыртып  тастайтын 

болған.  Мысалы,  Көкбайға,  Қыздарға  шығарды  деген  өлеңдер 

осындай  күйге  анық  ұшыраған.  Тағы  бір  алуан  өлеңдерінде  жақын 

туысқан,  дос-жар  таныстарын  қатты  мінеп  айтқандықтан,  інілері  мен 

балалары,  «ана  адамдар  өкпелер»  деп,  жасырып  жоғалтып  жіберетіні 

де бар. Еске алатын бір нәрсе, Абай кісі мінеп айтып, өлең шығарғыш 

болғанда,  сол  құралды  ешуақытта  нағыз  жауына  жұмсамаған. 

Өлеңімен  мысқыл  қылатыны  ылғи  жақыннан  шыққан  адамдар 

болады.  Ал  бұлардың  Абай  сөзін  жоқ  қып  жіберуі  өзгеден 

сонағүрлым  оңай  болған.  Қайта  өлеңдеріне  қарағанда,  Абайдың  қара 

сөздері көбірек, түгелірек сақталған сияқты. 

1890  жылдардан  бастап  ұстаздық,  үгітшілік  жолына  түскен  соң, 

Абай  өлеңді  аз  жазса  да  «қара  сөзбен»  айтатын  өсиетті  көп  жазады. 

«Ғақлия»  деген  өсиеттері  сол  1890  жыл  мен  1898  жылдардың 

арасында  жазылған.  1891  жылдан  соң  өлеңмен  айтпақ  болған 

сөздерінің  талайын  қара  сөз  үгітіне  айналдырып  жіберген.  Кей 

уақыттарда  бірталай  өлеңдерін  сол  қара  сөзде  айтқан  пікірлерінен 

шығарып, өлең қылып кеткені де бар. 



 

46 


 

Қалай да соңғы 10-15 жыл  ішінде  Абай осы сияқты жаңа жанрды 

тауып,  соған  кейде  өлеңнен  де  көп  уақыт  беледі.  Бұл  кездерде  Абай 

сөзін  қадірлі  көріп,  әрбір  шыққан  жаңа  өлеңдеріне  ынтық  болып 

отырған  ел  оқушылары  «кара  сездер»  шыға  бастаған  соң,  мұны 

өлеңнен  кем  кермейтін  болады.  Қайта,  берірек  келгенде,  ел  ішіндегі 

окушының  барлығы  да  Абай  сөздерін  молдаларға  ақша  беріп 

жазғызып,  көшіртіп  алып  жүргенде,  ең  алдымен  қара  сөзді  тілейтін. 

Соған  көп  ынтығатын.  Тегі  «қара  сөздер»  кім  болса  соның  қолында 

кетпей,  жазылысымен  маңайындағы  сауаттылардың  қолына  түсіп, 

сонда  шашылмай,  аман  сақталып  калған  сиякты.  Бұл  ретте  Абай 

сездерінің  шашылмауына,  жоғалмауына  мезгілімен  тізіліп,  жазылып, 

елге  тарап  отыруына  көп  еңбек  еткен  адамдар  бар.  Олар  Кішкене 

молда,  Махмуд,  Самарбай,  сонан  соң,  әсіресе,  Мүрсейіт.  Баспаға 

шыққанынша  жыл  бойы  әлденеше  рет  Абай  жинағын  көшіріп 

отырып, Мүрсейіт бір кітапты бір қойға сатушы еді. 

Өз  өлеңдерін  1896  жылға  шейін  жиғысы  келмегені  -  Абайдың 

елең  сезге  ете  үлкен  сынмен  қарап,  үлкен  шарттар  қойғандығынан 

болған. Өлең  Лермонтов,  Пушкин сөздеріндей болмаса, одан берідегі 

сөздері  өз  сөзі  болса  да,  толық  қанағат  қылмаған.  Барлык  қазақ 

әдебиетінің  өзі  білген  ескілігінен  Абай  жалғыз  Марабай  мен  Шөжені 

ғана  «нағыз  ақын»  дейді  екен.  Бірақ  Абай  Махамбет  сияқты  ірі 

ақындарды  ести  алмаған.  Абай  өз  сөздерін  қатаң  сынаумен  қатар, 

маңында өлең жазатын жастарға да сондай мінез істеген. 

Кешірімсіз қатты сын жасап отырады. Олардың сөздері ұнамаған 

уақытта  міндерін  өлеңге  қосып  та  жібереді.  Мәселен,  Көкбай, 

Әріптердін өлеңдерін еске алып: 

 

Сөз айттым «Әзірет Әлі, айдаһарсыз»,  



Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз».  

 Қәрілікті жамандап, өлім тілеп, 

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз,- 

 

дейді.  Алғашқы  жолдағы  «Әзірет  Әлі,  айдаһарды»  Көкбайға  арнаған. 

Оның  діншіл  қисса      сарынымен  жазған  бір  өлеңін  жақтырмай 

айтқаны.  «Алтын  иек,  сары  ала  кызды»  Әріп  ақынның  «Зияда»  деген 

қиссасына арнаған. Әріп қыз көркін айтқанда: 

 

Ақ тамақ, алтын иек мойындары,  

Ұжмақ, жұпар исі қойындары.  

Бағдат, Мысыр қызығы ұқсамайды,  

Бұлардың сауық қылған ойындары,- 

 


 

47 


 

деген. Сұлу қызды сипаттаймын деп «иегі алтын, көзі гәуһар» деп, 

түсіне қарамай, асыл тастарды санай береді. Соған айтқан. 

Абайдың  сын  сөздері  ақындардың  барлығына  да  ауыр  тиген 

шығар.  Бірақ  іштерінде,  әсіресе,  Әріп  қатты  намыс  қылып,  кектеніп, 

Абайдан  есесін  қайырмақ  болып,  «Біржан  -  Сараның»  айтысына  өз 

жанынан  Абайды  жамандау  сияқты  көп  сөздер  қосқан  деседі.  Осы 

айтылған  мысалдар  ақын  боламын  деген  жастардың  шығармаларына 

Абайдын үлкен шарт қоятынын анық көрсетеді. 

Абай  сөздері  көбірек  жайыла  бастаған  соң,  тобықты  іші  болсын, 

басқа  көрші  елдер  болсын,  барлығы  да  мұның  жазбаларының  ұдайы 

оқушысы, тыңдаушысы болады. Бұларға сөздерді жеткізетін - жалғыз 

жазу  ғана  емес,  қайта  көбінесе  домбырашы,  әнші  жігіттер.  Осы 

жағынан 


қарағанда, 

Абай 


өлеңдерінің 

тыңдаушысы 

мен 

жаттаушылары  хат  білетін,  арнаулы  аз  адамдар  ғана  болмай,  жалпақ 



ел  болады.  Фольклор  мен  жазба-баспа  әдебиеттің  жапсарында 

шыққан  ақынның  шығармалары  әрі  ауызша,  әрі  жазба  әдебиеттің 

күйін  бірдей кешеді. 

Абай  айналасында  өлең  айтып,  ән  саламын  деген  әнші-ақын 

болса,  қыз-келіншек,  жас-кәрі  болса  -  барлығының  да  топта,  ойын-

тойда айтатын жырларының көбі Абай сөздері, Абай әндері болған. 

Біз  бұл  уақытқа  шейін  Абайдың  нәрлі  еңбегін  айтқанда,  ылғи 

ақындығын сөз қып келдік. Енді, осымен қатар, одан қалған мәдениет 

мұраларының  ішінде  үлкен,  елеулі  орны  бар,  композиторлық  еңбегін 

де  атау  керек.  Абай  өзі  жақсы  домбырашы  болған.  Қазақтың  ескі  ән-

күйін  жете  білген,  барынша  сүйген.  Елдің  ән-күйім  елти  сүйіп 

айткан: 


 

Құлақтан кіріп, бойды алар, 

Жақсы ән мен тәтті күй. 

 Көңілге түрлі ой салар,  

 Әнді сүйсең, менше сүй,- 

 

деген өлеңдері бұған дәлел.  Және сол ән баян еткен ескі  халді ойлап, 

толғанып кеп: 

 

Есіткендей болады, 



Кұлағым ескі сыбырды.  

Ескі ойға көңілім толады,  

Тірілтіп өткен құрғырды,- 

 

деген жолдары бұның  өз еңбектерінің терең  тамырлары сол  қазақтың 

өткен өнер, мәдениетімен  жалғасып  жатқанын  көрсетеді. Осы сияқты 

әр  кезде,  көп  өлеңінде  Абай  ән-күйге  талай-талай  сұлу  мағыналы 



 

48 


 

жырларын  арнайды.  Ол  -  музыкаға  ақын  болып  қосқан  үні.  Сонымен 

қатар  Абай  музыканың  өзіне  композитор  болып  та  атсалысады. 

Абайдан қалған 16-17 ән бар. Бұлардың көбі  - өзі  жазған  жаңа  ұйқас, 

жаңа  түрлі  өлеңдеріне  арналған  әндер.  Мысалы,  «Сегіз  аяқ»,  «Сен 

мені  нетесің»,  «Қор  болды  жаным»  сияқты  алты,  жеті,  сегіз  жолды 

өлең түрлерін шығарса, соларын жұрт құлағына жұғымды, сіңімді ету 

үшін  қосарлық  әнін  де  шығарады.  Бұл  ісі  жаңа  түрлі  өлеңдерін  өте 

даңқты  қып,  көпшілік  ән  қып  әкетеді.  Сол  тәрізді  Пушкиннен 

аударған  Татьяна,  Онегин  хаттарына  да  арнаулы  әндер  шығарады. 

Қазақ  көпшілігіне  әншейінде  ұғымсыз,  тосаң  көрінерлік  орыс 

жастарының  аттарын,  өмірін,  сезімдерін  мынау  өлеңдер  арқылы  аса 

түсінікті,  әсерлі  және  даңқты  етіп  жібереді.  1890  жылдардан  бастап 

Онегин,  Татьяна  аттары  қазақ  сахарасында  халықтың  өзі  тудырған 

жырлардағы  адамдардың  атындай  белгілі,  сүйікті  аттардың  бірі 

болады. 


Абайдын композиторлык еңбектерінде де ақындық еңбегі сияқты 

өзіне тиісті үлкен жаңа өзгешеліктер бар. Бұрынғы ауызша әдебиетке 

Абай  көп  еліктемей,  жалпы,  сөз  қорын  пайдалана  отырып  «Сөз 

түзелді,  тыңдаушы,  сен  де  түзел»  деп  өзінше  жаңа  түрлі  өлендер 

шығарады.  Бұрынғы  әнді  өзі  бұрынғы  әдебиеттен  сонағұрлым  артық 

бағаласа  да,  ендігі  өз  әнін  жақсы-жаман  болса  да  жаңаша  үлгімен 

айтпақ  болады.  Шырқауы,  айғайы  аз,  көбінесе  қүлақ  күйіне  ұқсаған 

қоңыр  баяу  әндер  туғызады.  Орыс  пен  Еуропаның  камерный  әніне, 

романстарына  үқсаңқырап  келеді.  Бұрынғы  қазақ  әнінін  жаңа  бір 

стильмен  дами  бастағанын  байқатарлық  әндер  болады.  Бұл  да  өзінше 

жаңа  жол  табам  деп,  нық  ізденудің  нәтижесі.  Абайдан  қалған  мәдени 

мұраның  бұл  да  бір  күрделі,  үлкен  саласы  болып  саналады.  Жеке 

әндерінің шығарылған жылдары дәлді мәлім болмаса да, жиыны 1886 

жыл  мен  1897  жылдар  арасында  шықты  деседі.  Өлеңі  қою  шыққан 

жылдарда әндері де жарыса шығып отыратын сияқты. 

Енді  ақындығының  соңғы  жылдарына  оралып  келсек,  Абай  1899 

жылы  өлеңді  недәуір  жазады  да,  осы  жылдан  соң  алғашқы  жаза 

бастаған  1880  жылдары  сияқты,  өлең  сандары  тағы  азая  бастайды. 

Көп  жазылған  жылы  4-8,  әйтпесе  2-3  өлеңмен  1903  жылға  келеді  де, 

содан кейін біржолата өлен, жазылмай калады. 

1903  жыл  мен  1904  жылдың  қысында  Абайдың  тірі  қалған 

балаларының  ішіндегі  ең  жақсы  көретіні  -  Мағауия  бұрын  көптен 

әлсіретіп  жүрген  құрт  аурудан  төсек  тартып,  жатып  қалады.  Мағауия 

әке  ұғымынша  да  және  өз  ортасының  бағалауынша  да  Абайдын, 

барлық  баласының  ең  жақсысы,  ең  ірі  деп  саналған.  Бұл 

ақындығының 

үстіне 

ерекше 


мінезді 

кісі 


болған. 

Жасынан 


денсаулығы  нашар  болғандықтан,  қаладан  толық  тәрбие  ала  алмаса 

да,  әкесінің  үнемі  өз  қасында  ұстап,  шын  жақсылап  тәрбиелеп 



 

49 


 

шығардым деген баласы осы болатын. Елде отырып Еуропа тәрбиесін 

алған  адамдардай  ақыл,  мінез,  адамшылығы  түгелімен  мәдениетті 

кісінің  халінде  болған.  Бұ  да  әкесі  сияқтанып,  қырда  отырып,  көп 

окып, өзінен-өзі қарастырумен кеп білім алып қалған адам еді. 

Ел  жұмысына  кіріссе,  әкесінің  міндетін  өз  мойнына  алатын. 

Жұмсақ  мінезді  болып,  ел  көпшілігіне  аса  сүйікті  болған.  Сол 

Мағауия  1903  жылы  қыс  бойы  төсек  тартып  ауырып  келіп,  1904 

жылы жазғытұрым қайтыс болады. 

Абайдың  өзі  бұл  елімнен  бұрын  да  өмірден  кажып,  талып,  ендігі 

тіршілігін  артық  нәрседей  санай  бастаған  еді.  Өз  сынынша:  ажарсыз, 

мағынасыз  өткен  дәурені  жалғыздық  дертімен  кұлазытып,  жүдетіп, 

тоздыруға  айналған.  Соның  барлығының  үстіне  Мағауия  өлген  соң, 

Абай  бір  алуан  ауруға  айналады.  Төсек  тартып  жатпаса  да  отырып 

ауырады.  Ешкіммен  сөйлеспейді  де,  ешнәрсемен  өзін  жұбатпайды. 

Ауруын  ешкімге  көрсетпейді  де.  Мұның  бәрін  керексіз  деп  біледі. 

Сонымен,  Мағауияның  өлімінен  кейін  кырық  күн  отырып,  23 

маусымда 1904 жылы алпыс жасында қайтыс болады. Абайдын сүйегі 

Жидебайда өз қыстауының жанына койылады. 

* * * 

 

Абайдың  өмірбаянын  зерттеп,  толықтырып  жазу  жұмысы  жетер 

ерісіне  жетіп,  аяқталған  жоқ.  Бірақ  бұл  күнге  шейін  акын 

шығармаларының 

әрбір 

толық 


басылымының 

тұсында 


сол 

өмірбаянына  кіретін  тың  дерек,  жаңалықтар  қосыла  түсіп,  өсіп 

келеді. 

Осы 


зерттеуде 

де 


ақынның 

өмірбаяны 

бұрынғы 

жазылғандардан  бірталай  өзгертіліп,  тың  редакциядан  өтті.  Абай 

өмірі туралы бұдан былай да ел аузынан жиналатын естегілер, жалпы 

әңгімелер жамала беруге тиіс. Сонымен қатар ерекше бір көңіл бөліп, 

кейінгі  зерттеушілердің  есіне,  әсіресе,  салып  ететін  бір  жай:  ақын 

жөніндегі орыс тілінде сақталған деректер туралы. 

Бұл 

күнге 


шейін 

біз 


Абайдың 

достары 


болған 

орыс 


оқымыстыларының  -  Михаэлистердің  не  хат,  не  күнделік,  не  мақала 

сияқты  еңбектерінде  Абайды  сөз  қылған  бөлімдерін  жинай  алмадық. 

Бір  табылған  аз  сөз  -  Кеннаннын  «Сібір  және  айдау  жазасы»  деген 

кітабында  Абай  жайында  айтылған  бір  дерек.  Онан  сон,  Семей 

архивінен табылған тергеу ісі бар. 

Анығында  Абайдың  өмірбаянын  оқыған  кісінің  бәріне  мәлім 

нәрсе  оның  патшалық  ұлығымен,  ұлықтар  кеңселерімен  аса  көп  рет 

кездесуі  туралы  болады.  Крестьян  начальнигі,  ояз  начальнигі, 

жандарал,  округ  соты,  Омбыдағы  корпус  (генерал-губернатор) 

кеңселері  барлығының  архивтерінде  Абай  жөнінен  әлі  де  көп 

жаңалық  табуға  болатын  тәрізді.  Орыс  достарының  өзара  хаттары, 


 

50 


 

естеліктері,  күнделік  жазбалары  да  Абай  жөнінен  қымбат,  кызық 

жаңалықтар айтса керек. 

Осымен бірге тағы бір ескеретін нәрсе, бұл күнге шейін Абайдың 

өмірбаянын  жазғанда барлық әңгіме,  дерек тобықтының  ішінен және, 

әсіресе,  Абайға  анық  жақын  болған  туыстан,  достан  алынып  келген. 

Тек  осы  сонғы  жылда  ғана  Керей,  Уақ,  Найман  елдерінің  азды-көпті 

әңгімелері  енді  ғана  кіріп  отыр.  Бұдан  былай  сол  сыбайлас  елдердің 

Абайды  өз  көзімен  көріп  әнгімелескен  адамдарынан  қалған  ертегі, 

аныз емес, нақтылы деректері, жаналықтары болса, соларды көп қосу 

кажет. 

Бұның  бәрінің  үстіне  Абайдың  өзі  туып-өскен  елдің  ішінен 



Абайдың  үлкенді-кішілі  істері,  сөздері,  мінез-машықтары  туралы 

айтылатын  косымша  әңгіме,  естегілер  теріліп  жазылып,  тізіле  беру 

керек.  Осындай  неше  саладан  сарқылып  келерлік  жаналықтар  әлі  де 

бар,  мол  деп  сенгендіктен,  біз  әлі  ақынның  өмірбаяны  үстей  береді, 

өсе береді дейміз. 

Абайдың  жайына  соңғы  жылдарда  қосылған  өмірбаянының 

жаңағы  сонғы  түріне  кірген  ірі  деректерден  басқа  бірталай  ұсақ, 

бірақ  аса  қажет,  елеулі  әңгімелер  бар.  Олар  Абайды  әр  жағынан 

мінездейтін  бағалы  деректер.  Осы  жолғы  өмірбаянын  соның  біразын 

айтумен аяқтаймыз. 

Бұл  әңгімелердін  көбі  1935  жылдан  бері  қарай,  әсіресе,  соңғы 

жылдарда  «Абай»  ауданындағы  немесе  жалпы  Семей  облысындағы 

колхозшы  еркек,  әйелдердің  аузынан  жазылып  алынған.  Мұнда 

Абайдың  жас  жігіт  кезінің  әңгімелерінен  бастап,  өлер  шағына 

шейінгі  жайлары  араласа  жүреді.  Әңгімелер  ақын  Абай,  әзілқой, 

мыскылшыл  Абай  жайын  айтады.  Өнер  мен  өнерпазды,  аңшылықты, 

ас  пен  тойды,  ат  қосуды  сүйетін  Абайды  суреттейді.  Және  аса  бір 

бағалы  естегілер  кедей  көршіге,  жалпы  еңбек  иесі  бұқараға  берік  дос 

болған Абайды танытады. Балаға, келін, жасқа тәлім айтып, ұстаздық 

ағалық  етіп  отырған  ақынды  кейіптейді.  Сондай  әңгімелердің  бір 

алуаны  Абайдың  қалжыңды  қадірлегенін  көрсетеді.  Қалжың,  әзілді 

Абай  өлеңімен  де,  қара  сөзбен  де  айтып,  айтысып  отырады  екен. 

Абай Көкшеге жас жігіт кезінде бір рет болыс болады. Сонда бір күні 

Бәйкөкше  ақын  Абай  отырған  үйге  кіре  бергенде,  Абай  қарсы 

алдынан өлең бастап: 

 

Тақыр жерге қабындап шөп бітеді, 

Кей адамға мал мен бақ көп бітеді,- 

 

дей  салып:  «Ал  осының  аяғын  отырғанша  айтып  жіберші»,-  дегенде, 

Байкөкше: 

 


 

51 


 

Кей жігітті пысық деп болыс қойсаң, 

Қашан түсіп қалғанша жеп бітеді,- 

 

деп қалжыңдаған. 

Өлең,  калжың  Абайда  аса  көп  болған.  Ұлы  сөзде  өрелгі  жоқ 

болса, зіл де жоқ. Жалпы айтыстың еркіндігі бойынша: «Сөз тапқанға 

қолқа  жоқ»,-  деп,  екшесе  берген.  Абайдың  Ақылбай  деген  баласынан 

туған  немере  қызының  күйеуі  келіп  жатады.  Сол  кезде  күйеуді  ертіп 

келген кұда шал отырғанда Абай өлең бастап: 

 

Есіктің алды тастақ та, 



Тастақтың алды баспақ та,

 

дей бергенде, жаңағы құда шал: 

 

Атасы басқа жау женге,  



Күйеу қасына тастап та,

 

деп, ойын-сауық өлеңінін  ізіне салып жіберген. Абай кейде әзіл сөзді 

қара  сөздей  қолма-қол      айтып      салып,  кайта  есіне  алмай  қалдырып 

кете  берген.  Осындай  бір  қалжыңды  Ағыбай  деген  туралы  айтады. 

Біреу кеп: «Ағыбай тағы алдап, сырт беріп кетті»,- дегенде: 

 

Адам деп есеп қылма Ағыбайды, 

Анттан қорқып, құдайды танымайды.  

Сабын жаққан терідей жылп-жылп етіп,  

Шіркін-ай, бір орыннан табылмайды,- 

 

дейді.  Кейде  Абай  оқыс  бір  сұраумен  ел  кісілерін  сынайды. 

Шақантайдың  Төлтай,  Ошыбай  деген  кісілері  келгенде,  Абай: 

«Қаттыда  не  катты,  тәттіде  не  тәтті?»-  деп  сұрайды.  Соған  Ошыбай: 

«Құрттың  ак  малтасына  косып  жеген  канттан  тәтті  бар  дейсіз  бе?»- 

деп  бастағанда,  Төлтай  Ошыбайдың  құрдасы  екен:  «Ой,  ит,  оттама. 

Катты  дегені  -  жокшылық,  тәтті  дегені  -  жан  емес  пе!»-  депті.  Абай 

күліп:  «Жарайсың,  Төлтайым.  Құдай  ақымақты  да,  ақылдыны  да 

Шақантайға берген екен!»- дейді. 

Қалжыңды  Абай  билік  үстінде  де  қолданып,  мылжың  даугерді 

мысқыл-әжуа  етеді  екен.  Мамай  Қарабас  руынан  шыккан  Тоқа  деген 

кісі өзінің бір туысынан кұнан даулап Абайға келеді. Екі жағы бір-бір 

рет  айтқаннан  кейін  Абай  жауапкерге:  «Мына  Тоқаның  кұнанын 

бер!»- дейді. Бірақ  Тоқа дауқұмар, мұндай тез билікке айызы қанбай: 

«Абай,  сөзімді  екіндіге  шейін  тыңдашы!-  дейді.  Абай  қозғалмай, 

үндемей  тыңдап,  тыңдап  алып,  енді  жауапкерге:  «Сен  енді 



 

52 


 

құнаныңды  берме!»-  дейді.  Сонда  Тоқа:  «Е,  бұның  не?»  -  дегенде: 

«Сен  құнаныңды  бағана  алып  ең,  өзің  дауға  саттың»,-  деп,  мылжың 

даукесті жазалайды. 

Абайдың  ел  ішінде  өзіне  тартып,  дос  тұтып,  серік  етіп 

жүретіндері  неше  алуан  өнерпаздар  болған.  Кавказ  адамы,  айдаудан 

қашқан  бір  зергерді  ұзақ  сақтап,  елдің  зергерлерін  жиып,  әлгі 

кашқыннан  күміске  қарала  жүргізуді  үйреттіреді.  Сонда  Абай 

нақысқа қазақтың өз оюларын салғызып, үлгі таратады. 

Өнер  иесінің  ішінде  кұсбегі,  аңшы,  мерген,  ат  бапшылы  болса  - 

бәрі  Абайдың  сыйлас  адамдары  болған.  Жасынан  Тұрғамбай  кұсбегі, 

Бәшей  мерген,  өз  інісі  Шәке  сияқты  кісілерді  ертіп,  «салбұрынға» 

(бүркіт аңшылығына қостап бару сапары) көп шығып жүрген. 

Ал  ән-күй  өнерпаздарынан  жасында  Біржанды  сақтап,  қонақ 

еткеніндей,  бертінде  Мұқаны,  Әсетті,  Әлмағамбетті  сақтап  және 

өзінің  барлық    балаларын    ән-күй  өнеріне  көп  баулыған.  Өз  әйелі 

Әйгерімнің  әншілігін  өсірмек  боп,  Біржаннан  жаз  бойы  ән  үйретеді. 

Кейін  Тәкежанның,  Мақұлбай  деген  баласы  өлгенде,  Әйгерімге 

жоқтау  өлеңді  өзі  шығарып  беріп,  жаздай  жақсы  әуенмен  жоқтау 

айтқызады. 

Белгілі  әнші-күйші  емес,  жәй  орташа  айтушыларға  да  халық 

жырларын  немесе  өз  тұсындағы  ақындар  жазған  дастандарды 

жырлатып отырады. Топай Бейсембай деген ақынға «Қозы Қөрпешті» 

Жанақ үлгісімен жырла деп тапсырады. Бірақ бар өлеңін бір қалыпты 

әуенмен  айту  жол  емес  деп,  Қарабай,  Қодар,Тазша,  Сақау  қатын, 

Баян, Қозы - барлығына кей сөздерін өз әуенімен айтқызатын болады. 

Халықтың  қайрат-өнер  спортын  да  Абай  қатты  қызықтаған.  Өз 

тұсында болған ірі астардың барлығына ол барып отырады. Бәйгесіне 

ат  қосып,  күресіне  балуан  түсіріп,  үнемі  зор  қызық  етіп 

тамашалайды.  Абайдың  жолдасы,  серігі  боп  кеткен  Құдабай, 

Нұрмағамбет  сияқты  «түйе  балуандар»  болған.  Өз  тұсындағы 

«Бозамбай  асы»,  «Торыайғыр  асы»,  «Мұрын  Бұланның  асы»  деген 

сияқты талай асқа нелер жүйрік бәйгелерді апарып қосып жүреді. 

«Кедей кұла», «Айдапкелдің ақтабаны», «Ақбас ат» деген сияқты 

ірі  бәйге  аттарды  біреуден  көп  төлеп  сатып  алып,  біреуден 

базыналықпен  сұрап  алып,  сол  арада  өзінен  сұрап  келген  сыйлас 

адамдарына  бере  салып,  ризалап  жүрген.  Бәйге  ат,  қыран  құс,  алғыр 

ит  сиякты  көп  қызығы  болатын  асылдардың  бір-ақ  кісінің  қолында 

болмай,  әр  ортаның  кызықтауында  жүргенін  мақұл  көреді.  Осындай 

естегілер  қатарында  Абайдың  ауылына  малшы,  жалшы,  қоңсы-көрші 

болған  әйел-еркектің,  жас-кәрінің  әңгімелері  де  аса  бір  қымбатты 

дерек боп отыр. 

Еңбек  сүйген  адамды  Абай  зор  бағалаған.  Өз  ауылына  көрші, 

малшы  болған  сондай  еңбекшіл  адамның  талайын  Абай  байытып 



 

53 


 

шығаруға  тырысады.  Оспан  үйіне  малшы  боп,  артынан  Абайдың 

қарамағында  болған  Жетібай,  Көтібай  деген  екі  кедейді  кейін 

ауқатты ауыл етеді. 

Абай  ауылынан  Байсүгір,  Дарқан,  жаңағы  Жетібайлар  сияқты 

талай  жандар  малданып,  әлденіп  көшкен.  Кейбір  пысық,  мықты 

жігіттер  кедейліктен  ұрлыкка  салынып  кеткенде,  ұрлығыңды  қой  деп 

серт,  уәде  алып:  «Енді  саған  ерген  кедейлік  итті  мен  көрейін»,-  деп, 

алдына аз жылда мал салып, тоқ, ауқатты үй етіп жіберген. 

       Тіпті бұрынғы жау жігітек  ішінен де сондай еткен, жақсы көрген 

адамдары болған. 

Кейін  барлық  бала-шағасымен  Абайдың  шын  берік  досы  болып 

қалған  Қорамжан  сондай  адам  еді.  Мұсабек  деген  жігітек  ұрысының 

адам  болуына  да  Абай  көп  көмек  еткен.  Қорамжанның  баласы  Қатпа 

әуелі  малшы  болып  жүріп,  артынан  Абайдың  туған  баласындай  ет-

бауыр жақыны, дос інісі боп кетеді. 

Осы  Қорамжан,  Қатпалардың  Абай  қолына  жана  көшіп  кеп, 

кедей  боп  жүрген  кезінде  бұрын  кеп  байып  алған  Жетібай  Қатпаны 

боқтап  қорлайды.  Абай  Жетібайдың  кедейліктен  шығып  ап,  енді 

кешегі  өзіндей  кедейді  ренжіткеніне  қатты  ашуланып,  бір-ақ  күннің 

ішінде  қасынан  көшіріп  жібереді,  бірақ  жер  беріп,  қыстау  беріп 

көшіреді. 

Қейін  Қорамжан  білікті,  беделді  кісі  боп,  өзінін  жігітегі  ішіне 

Абай  ырзалығымен  кайта  көшкенде,  15  бие  байлаған  желісі  бар,  көп 

мал  иесі  боп  көшеді.  Осындай  бұрын  ұры  болғанның  талайын  Абай 

кісі  етеді.  Әрине,  кісі  болғысы  келгенні  негізі  бұзық  емесін  танып, 

соны  кісі  етеді.  Болмаса  жалпы  ұры  дегенге  Абай  аса  қатал,  қатты 

болған. Сондықтан да бір ұрының өлеңінде: 

 

Күнту болыс болғанда жортқаным-ай,  



Керей мен Матайды торытқаным-ай.  

Қазы менен қартаны кертіп шайнап,  

Абай болыс болғанда қорыққаным-ай!- 

 

дейтін  сөздер  бар.  Тегінде,  Абай  жас  шағында  бір-ак  рет  болыс 



болған.  Мынау  орайда  болған  емес,  бұнда  Абайдың  айтқанын 

істейтін біреу болыс болғандығын айту керек. 

Ұрлык,  сотқарлықтың  себебі  боп,  көп  уакытқа  көп  жігіттің 

басында  кедейлік  ызғары  жүргенін  Абай  жақсы  біледі.  Кедейліктің 

ауыр  бейнеті  ұры  емес,  момын  көпшіліктің  бәрін  де  езіп  жүргенін 

терең  түсініп,  Абай  өлең,  өсиетінде  сол  қазақ  кедейінің  жайын  көп 

толғайды.  Ырысты  еңбек  жайын  сол  кедейге  құткарушы,  көмекші 

есебінде көп үгіттеп, көп үсынады. Адал еңбек иесі адамнан артық ол 



 

54 


 

сахарада  Абай  сүйген  адам  болмаған.  Көп  өлеңдері  мен  қара  сөз 

толғауларында кедейдің үнемі жоқтаушысы болған. 

 

Кедейдің өзі жүрер малды бағып,  

Отыруға отын жоқ үзбей жағып... 

 Кара қидан орта қап ұрыспай берсе,  

О да - қылған кедейге үлкен сыйы, -   

 

деген  Абай,  еңбек  иесі  кедейге  жақын  дос,  қамқор  боп  кеп,  оның 



еңбегін  қанайтын  байды  «кара  қиына»  шейін  сатып  беретін  құлқыны 

жаман, арсыз қанаушы етіп жерлейді. 



 

Еңбек қылсаң ерінбей,  

Тояды қарның тіленбей,- 

 

деген  сияқты  толып  жатқан  өлеңдері  халық  ішінде  Абайдың  ең 



жақыны  -  еңбек  адамы,  еңбек  кауымы  екенін  айқын  көрсетеді.  Бір 

күнгі  мәжілісте  кедей  баласын  мінеген  тоқ  мырзаның  сөзін  естіп 

отырып:  «Бай  баласы  көп  ішсе,  ішіп  үйренген  дейді.  Аз  ішсе,  негізі 

тойған  дейді.  Кедей  баласы  көп  ішсе,  көні  кеуіп  қалған  дейді.  Аз 

ішсе,  шілдесінде  шық  көрмеген  дейді.  Осы  кедей  баласының  кінәдан 

құтылары бар ма?!»- деген. 

Кедейдің  момыны,  адалы  көмек  тілеп  келген  кезде  Абай  жәрдем 

етпей  қалған  емес.  Баласы  мініп  жүрген  атты  алып  беру,  өзі  жеккелі 

отырған  семіз  аты  кұла  айғырды  бір  шалға  бере  салу  сияқты  істері 

толып жатады. 

Осы  тәрізді  естегілердің  соңында  Абайдың  күндегі  тіршілікте 

балаға,  келінге,  үй  ішіне  істейтін  достық,  аталық,  кішіпейілділік 

мінез-әдеттерінің кейбірін айтуға болады. 

Өзінен  туған  бала  мен  айналасын  қоршаған  ініге  Абай  істейтін 

ұстаздық  бір  алуан.  Олардан  ақын,  білгір,  оқымысты  адамдар,  ел 

қайраткері  сияқты  ересек  азаматтар  өсіріп,  білімді  адамдармен 

достастырып  жүреді.  Сол  тәрбиешілік,  ұстаздық  мінезді  үлкендер 

емес,  мектеп  жасындағы  балаларға  да  көп  істеген.  Абайдың  қолында 

ауылында  өскен  шәкірт  балалар,  жас  қыздар,  көп  келіндер  де 

Абайдың 


алдын 

көріп, 


көп-көп 

өсиеттеріне 

қанып 

қалған. 


Әрқайсысының  шамасына  қарай,  өзінше  ұстаздық,  тәрбиешілік  үлгі, 

өрнек  табады.  Жас  балаларға  өлең,  тақпақтар  жаттату,  қыз 

немерелеріне  ертегілер  айтқызу,  ән  салғызу,  малшы  көршілерге  де 

ертек,  аңыздар  айтқызып  отыру,  соны  өзі  елтіп  тыңдау  аса  көп 

болған.  Абай  үйі  бөгде  қонақ,  үлкен  кісілер  жоқта  неше  алуан  қызық 

ермек,  халық  сауығының  үйі  болады.  Осындай  дағдыдан  барып 



 

55 


 

Абайдың  досы  Баймағамбеттей  ертекшілер  ысылып,  ұстаз  көріп 

шығып, кейін Абай айтқан әңгімелерді үлгі етіп көпке таратқан. 

Сондайлық  тәрбие,  үлгі-өсиет  үстінде  Абайдың  өлеңдерін  өз 

аузынан  ұғып  жаттаған  Пәкизат,  Уәсилә,  Әсия,  Рахила  сияқты 

оқымысты, 

тәлімді 

қыздар 


өсіп, 

ұзатылар 

алдында 

жасау 


сандықтарының  түбіне  ең  асыл  бұйым  етіп  Абайдың  өлең  жинағын 

әкететін болған. 

Балалықтың  мінезін,  сырын  білмей,  қаталдық  еткен  ата-ананы 

Абай  үнемі  мінеп  отырған.  «Балаға  ақылын  бұрын  бермей,  ашуын 

бұрын берген атадан бала үлгі ала алмайды. О да ашуланады»,- дейді. 

Келін,  күйеу  туралы  да  Абай  көзқарасы  жұрттан  басқа,  кеңдік, 

еркін,  теңдік  қалпында  ұстауға  тырысады.  Өз  қолында  соңғы 

жылдарда болып,  Абайды өзі күткен  Кәмәлия (Кәмәш) деген келініне 

алғаш  түскен  күннен  бастап  бетін  ашып  жүруді  шарт  етеді.  Бар 

жайдан  ұялмай,  ашық  сөйлесіп  отыруды  тілейді.  Сол  келініне  Абай 

өзі өлерден бұрын ауырмай тұрып: «Мен биыл өледі екем»,- деп, ішкі 

өзі түйген ауыр сырын ең алдымен айтады. 

Осындай  жас  атаулының  бәріне  көнтерлі,  кең,  дос-жарға,  көпке 

мәжілісі  ортақ  ұстаз  болғандыктан,  Абай  маңынан  елдің  талапкер, 

өнерлі,  саналы  жасының  бәрі  арылмаған.  Үнемі  айналасын,  ауылын, 

үйін қоршап, Абай тәрбиесін кең алып, мейлінше қызықтап жүрген. 

Сол  себепті  шет  елдің  бір  үлкен  адамдары  Абайға  келгенде, 

жаңағы жастар тағы Абай қасынан шықпай отырғанда, қонақтың бірі: 

- Жастар, сендерге бақ берген. Ол бақ күнде ортаңда, колыңда - 

бәріне  неше  алуан  ұстаздық,  үлгі,  өнер  үйретіп  отырған  Абай! 

Жылында Абайды бір-ақ көретін бізді айтсайшы!- дейді. 

Шынында,  Абай  малшы,  көршіден  бастап,  солардың  баласынан, 

жасынан  бастап,  айналасындағы  барлық  естияр  жанның,  үлкенді-

кішілі қауымның, жұрттың бәріне бойында барын түгел, үнемі үлеске 

салып  отырған.  Сол  арқылы  өзі  тіршілік  еткен  ортасына  тағы  да  мол 

сәуле  төгіп,  нәр  беріп  отырған  Абай  да  ақын  Абайдың  өнегелі  сыр-

сипатын танытушы еді. 

Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа   

(Иб раһим Құнан байұлының ғұмырнама с ы).  

Оқу қ ұралы /Құра стырған Мек емта с   

Мырзахметұлы. – Алматы: Санат, 199 7.  

 

 



 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет