ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНДЕГІ КЕҢІСТІК
КОНЦЕПТІСІНІҢ ТІЛДІК БІРЛІКТЕРІ
Р.Байымбетова -
А.Ясауи атындағы ХҚТУ ізденушісі
Дəстүрлi түркiлiк дүниетаным жалпы түркiлердiң мəдени тұтастығы мен табиғи ерекшелiгiне сай
қалыптасқан адам санасындағы ғаламның космогониялық жаратылысы, ол ғаламды тану мен түсіну
барысындағы халықтың қарапайым біліми тəжірибесінен тұрады. Түркілердің ғаламды тану құбылысы -
жаратушы ие (тəңір) жəне адам, табиғат жəне адам, адам жəне қоғам, кеңiстiк пен уақыт cынды əмбебап
түсiнiктер жиынтығынан жəне солардың аясына кіретін - жан мен тəн, өмiр мен өлiм, жақсылық пен
жамандық, мəңгiлiк пен жалғандық, жат пен жақын т.б. ұғымдар кешенінен тұрады. Аталған
түсiнiктердiң лингвистикалық бiрлiктер арқылы акустикалық немесе графикалық тұрпат алуы ғаламның
тiлдiк бейнесiн сомдайды. Тiл мəдениет пен дүниетаным үйлесiмдiлiгiнiң көрсеткiшi ретінде құндылықтар
кешенінің тұтастығы мен тепе-теңдiгiнiң сақталуын да қамтамасыз ететіндіктен танымдық концептуалдық
жүйенің тілдік репрезентациясы концептілік құрылымның сыртқы тұлғасын айқындайтын
моносиллабтық, лексемалық, тіркестік, фразеологизмдік, паремиялық, синтаксистік деңгейлерді қамтиды.
Тіл біліміндегі концепт бірнеше салаға қатысты кешенді қолданыстағы ұғым болғанымен əрбір саланың
зерттеу
бағыты
мен
əдіс-тəсілдеріне
қатысты
өзіндік
ерекшеліктерімен
сараланатын
лингвомəдениеттанымдық, психолингвистикалық, лингвокогнитивтік аспектілерде қарастырыла отырып,
ұлттық болмысқа негізделген ментальды білім жиынтығын құрайды.
Жалпы адамзаттық танымның негізгі түсініктерінің бірі Кеңістік ұғымы аясына жинақталған
танымдық-идеялық бірліктер кешенді сипатта болғандықтан əрі этностың ментальдық болмысын
айқындайтындықтан ол «...дүниенің ауқымын, оның байланыстылығын, үздіксіздігін, құрылымдылығын,
үш өлшемділігін, көп өлшемділігін сипаттайды. Кеңістік онтологиялық болмысқа ғана емес, сондай-ақ
ментальдық болмысқа да ие, яғни ментальдық болмыс адамның санасында бейнеленіп, адам санасында
өмір сүреді» [1,126]. Сондықтан түркілердің танымы мен тілдік санасындағы Кеңістік ұғымы да бірнеше
микроконцептілерден тұратын макроконцептілер қатарына жатады. Жалпы адамзат дүниетанымына тəн
кеңістік пен уақытты бірлікте қарастыру табиғатпен етене жақын, жартылай көшпелі өмір салтын кешкен
ежелгі түркі тайпалары үшін аса маңызды концептілік сабақтастықты, ғарыштық жүйемен байланысты
бейнелейді. Сол себепті де көп жағдайда Кеңістік пен Уақыт құбылыстарына қатысты ұғымдар
концептілер тоғысын көрсетеді.
«Дəстүрлi дүниетанымдық архетиптер мəдениеттiң трансформациялық жəне трансляциялық түлеу
процестерiнде негiзгi тұғыр қызметiн атқаратындықтан» [2,33] дүниетанымдық архетиптердiң
лингвистикалық архитұлғалары да белгiлi бiр уақыт шеңберiндегi əрбiр мəдениеттiң негiзгi
құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдаушы қызметiн атқарады. Жалпы түркілік дүниетаным да
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г.
12
өзінің негізгі стереотиптерін ежелгі замандарда өмір сүрген көне түркі тайпалары мен руларының
дүниетанымдық концептілер жүйесінен алады. Қазіргі түркілер танымының бастауын анықтауға
мүмкіндік беретін лингво-ақпараттық дерек көзі ҮІІ-ІХ ғасырлардан жеткен Орхон, Енисей, Талас
ескерткіштерінің тілі. Орхон, Енисей, Талас жазба мұраларының тіліндегі бір буынды сөздерді тұлғалық-
тұрпаттық жағынан да, мазмұндық-мағыналық жағынан да жан-жақты зерттеген М.Қ. Ескеева
ескерткіштер тілі қазіргі түркі тілдеріндегі «...табиғи-генеалагиялық сабақтастықты ғана көрсетіп
қоймайды, жалпытүркілік рухтың биіктігіне, жалпытүркілік сананың беріктігіне де дəлел бола алады.
Түркі халықтарының ұлттық-мəдени болмысын, тарихи-əлеуметтік сипатын танытуға қызмет ететін
жалпытүркілік танымды жаңғыртып, түркі жұртшылығы арасындағы рухани үйлесімділік пен тарихи
тұтастықты сақтауға жол ашады» [3,33] деген ойлары арқылы ҮІІ-ІХ ғасырларда тасқа қашалған түркі
жəдігерліктерінің қазіргі түркі халықтары дүниетанымын сипаттаудағы деректік-ақпараттық
құндылығына баға береді. Ескерткіштер тілінен көрініс тапқан көне түркілердің мəдениеті мен дəстүрінен,
діни-мифологиялық наным-сенімдерінен, тұрмыс-салтынан, жалпы құндылықтар жүйесі мен этностық
болмысының, дүниетанымының ментальды ерекшеліктерінен мағлұмат беретін тілдік бірліктер қазіргі
түркі халықтарының ұлттық болмысын айқындайтын тілдік бірліктермен астасып жатады.
Еуразия материгінің ұлан-ғайыр аумағын мекендеп, жартылай көшпелі ғұмыр кешкен түркі
халықтарының өмір-салты табиғат пен кеңістікті танып-білуді, өмір салтын соған сай құруды талап етті.
Бұл жөнінде белгілі этнограф-ғалым А. Сейдімбек былай дейді: «Онсыз (кеңістікті танып-білмей Р.Б.)
көшпелілердің өмір сүру үшін жасаған барша əрекет-тірлігі қайда барарын білмей тұрып жолға шыққан
жолаушыға ұқсаған болар еді. Өзі мекен еткен кеңістіктің барша қадір-қасиетін танып-білу, сол
кеңістіктегі құбылыстарды уақытпен шендестіре зерделеуге машықтану – Еуразия көшпелілері үшін өмір
сүрудің кепілі» [4,195].
Көне түркілердің кеңістік туралы аялық білімі - тылсым құбылыстардың құпиясын білуге ұмтылу,
қатал табиғи құбылыстарға бейімделу, кеңістік аясындағы адам өмірін мүмкіндігінше жеңілдету
позицияларымен сабақтаса отырып жинақталғанын аңғаруға болады. Ғаламдық кеңістікті өзара
тұтастықтағы үлкен екі бөліктен тұратын макроқұрылым ретінде таныған көне түркілердің танымында
қалыптасқан жоғарғы əлем Көк пен төменгі əлем – Жер-су адамзатты жаратушы тылсым күш – Тəңірдің
иелігінде. Тəңір түркі халқын жаратушы: teņri teg teņri jaratmïš Bilgeqaγan sabïm (Мал. І, 98) «Тəңірідей
тəңірі жаратқан Білгеқағанның сөзі». Көк те Жер де аралық əлемді құрайтын – адамзат қауымы үшін
ерекше маңызды сакральді мəнге ие. Көк аспанды адамзатты Жаратушы ие – “Тəңірдің мекені”деп қадір
тұтса, қара жер мен оған тіршілік нəрін беруші суды адам баласының өсіп-өркендеуіне, қалыпты өмір
сүруіне жағдай жасайтын “адамзат мекеніне” балап, бірлікте қарайды. Тұтас ғаламның жаратылуын да,
адамның жаратылуын да «Көк (аспан)» пен «Жердің» қалыптасуымен байланыстырады: Üze kök teņri, asra
jaγïž jir qïlïņtuqta ekin ara kisi qïlïnmïs «Жоғарыда көк Тəңірі, Төменде қара жер жаралғанда, екеуінің
арасында адам баласы (кісі) жаралған» (Айд. І, 171) .
Көне түркілер танымында Көк – шексіздік пен мəңгілік символы. Жоғарғы əлемнің шегін
бейнелейтін тілдік бірлік ескерткіштер тілінде кездеспейді. Ол – Тəңір əлемі. Адамзат үшін əрқашан да
жұмбақ, тылсым əлем. Көне түркі жазба ескерткіштері мəтінінде кездесетін Kültegin qoj jïlqa jiti jegirmike
učdï «Күлтегін қой жылы(ның) он жетінші күні өлді (ұшты)» (Айд. І, 183); Bunča qazγanïp qaņïm qaγan (ï)t
jïl onunčï aj altï otuzqa uča bardï «Бұнша иелік еткен Əкем-қаған ит жылы оныншы айдың жиырма
алтысында (о дүниеге) ұшып кетті» (Сартқ. ІІ, 206) тəрізді сөйлемдер «тəн» жерде қалып, Жер-анаға қайта
сіңіп кетеді, «жан» көкке ұшып, Тəңір мекенінде мəңгі жасайды деген таным-түсініктің көрінісі.
Кеңістіктің тік бағыттағы жоғарғы шегі - Аспан əлемінің мəңгілік сапасын, Кеңістіктің тік бағыттағы
төменгі шегі - Жер əлемінің жалғандығын айшықтайтын тілдік бірліктер. Көне түркілер ұғымындағы «
мəңгілік пен жалғандық идеялары uš ↔ qon «ұш – қон» iс-əрекеттiк оппозициясы арқылы нақтыланып,
tirlig ↔ ölüg «өмiр (тiрлiк) - өлiм (өлiк)» жұбымен тиянақталады» [3, 296].
«Көк» объектiсiнiң символдық, əмбебаптық мəнi оның басты атрибуты «Тəңiр мекенi» ұғымымен
байланысты өрбидi. Соның нəтижесiнде «Тəңiр» ұғымының басты белгiлерi – жаратушы құдiрет иесi,
адамзатты желеп-жебеушi, мəңгiлiк мекен, адам тағдырының иесi, қарғысқа ұшыратушы, еркектiк-аталық
негiзбен байланыстылығы т.б. – бəрi көк ұғымының сакральды мəнiн күшейте түскен. Көкке табыну, жер-
суды киелi санау б.з.д. соңғы жүз жылдықта өмiр сүрген хундардың, б.з. жылдықта ғасырында Орталық
жəне Орта Азияны мекен еткен ухуань, сянби, жуань-жуань, хойху, тугю т.б. түркi-монғол тайпаларының
дiни-мифологиялық дүниетанымына тəн екендiгi жайлы деректер қытай жылнамаларында сақталған [5,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж.
13
49]. Бұл зерттеушiлердiң көк культi көне түркiлерге дейiнгi ежелгi дəуiрлерден бастау алатыны туралы
тұжырымдарының
негiздiлiгiн
көрсетіп,
түркілер
дүниетанымының
басты
концептілерінің
тұрақтылығымен ерекшеленетінін айқындайды.
Адам баласы тiршiлiк ететін төменгі əлем - Жердің абсолюттiк шегiн төрт бұлұнды (төрт
бұрышты) кеңiстiк бейнесiнде таныған көне түркiлер алды, арты, оң жақ, сол жақ немесе батыс, шығыс,
оңтүстiк, солтүстiк ұғымдарын қалыптастырып, оны өздерiнiң төменгі əлемнің горизонтальды шегіндегі
орны мен бағыттарын айқындау үшiн қолданды: tört buluņdaqï budunïγ qop baz qïltïm, jaγïsïz qïltïm qon
maņa körtï «Төрт бұрыштағы халықты көп бейбiт еттiм, жаусыз қылдым, бəрi маған бағынды»; tört bulun
qon jaγï ermis «Төрт бұрыштың бəрi жау едi» (Айд. I, 171, 177); Tört buluņdaqï bodunïγ baz qïltïm. Bašlïγïγ
jükündürtim. Tizligig šökürtim. Üze teņri asra jer jarïlqadïq üč(ün) БҚ. 10 «Төрт тараптағы (бұрыштағы)
халықты бейбіт қылдым. Басы барды жүгіндіріп, тізеліні бүктірдім (шөктірдім). Жоғарыда Тəңірі, төменде
Жер жарылқағаны үшін» (Сартқ. ІІ, 207). Қазақ танымындағы жер бетiнiң төрттағынды нүктесi дүниенiң
төрт бұрышы, əлемнiң төрт бұрышы, төрт құбыласы сай тəрiздi тiлдiк элементтер арқылы сипатталады.
Ескерткіштер тілінде Кеңістік концептісінің көлденең бағыттағы тілдік бірліктері berije, jïraja,
batsïq, ilgerü, birgаrü, qurija сөздері арқылы бейнеленеді: Ilteris qaγan bolajïn berije tabγačïγ, öņre qïtanïγ,
jïraja oγuzuγ ök ölürti «/Мен/ Ілтеріс қаған болайын, түстікте табғачты, шығысты қытанды, терістікте
оғызды, көптеп өлтірді» (Айд.І, 105); Qurïja kün batsïqtaqï soγd, Berčerker, Buqaraq ulus bydunta Neņ Seņün
oγul tarqan ktlti «Теріскей күн батыстағы соғд, Бершеркер, Бұхара ұлыстары халқының Нең Сеңүн тарқан
ұлы келді» КТү,52(Айд І, 182); Budunïγ igidejin tijin, jïrγaru oγuz bydun tapa, ilgerü qïtan tatbï, bydun tapa,
birgаrü tabγač tapa uluγ sü eki jegirmi süņüčdim. «Халықты көтерейін деп, терістікте оғыз халқына қарсы,
ілгеріде қытан, татабы халықтарына қарс, бергері табғашқа қарсы үлкен əскермен он екі /рет/ соғыстым»
КТү,28 (Айд І, 180). Қазақ тіліндегі кеңістікке қатысты бағыт-бағдарды білдіретін ілгері «алға, алға қарай»
сөзінің мəні мен тұлғасы көне түркілік ilgerü лексемасымен, бері, беріде, берігеріде «бері, бері қарай»
сөздері көнетүркілік berije сөзімен сəйкес келеді.
Көне
түркі
мұралары
тіліндегі
Кеңістік
концептісінің
тік
бағыттағы тілдік бірліктерін jögerü/joqaru «жоғары», in «төмен» лексемалары береді: … ögim Ilbilge
qatunïγ teņri tepesinte tutïp, jögerü kötermis erinč «...шешем Ілбілге қатынды Тəңірі төбесіне ұстап, жоғары
көтерген екен» КТү,11 (Айд,І,173); …balïqdaqï taγïγmïs, taγdaqï inmis «...қаладағылар таудай болды,
таудағылар төмендеді» КТү,12 (Айд,І,173). Қазіргі қазақ тілінде көнетүркілік jögerü/joqaru «жоғары» сөзі
жоғары лексемасы арқылы берілсе, in «төмен» сөзін ін «аңның, жəндіктердің жерден қазылған тұрағы»
мəнін беретін лексемасының семантикасынан аңғаруға болады.
Көне түркілер танымында адамзаттың биожаратылым ретінде қалыптасуына, Тəңірі жіберген
жанның биоөріс түріндегі көзге көрінбейтін абстрактілі ұғымның формаға айналуына «Жер» ықпал етсе,
«Су» олардың өсіп-өркендеуіне жағдай жасайды. Сондықтан Жер мен Суды қос сөз түрінде қатар
қолданып, айрықша «Адамзат мекені» ретінде қастер тұтқан, бірақ ешқашан Тəңірмен «жалғыз жаратушы
иемен» теңестірген емес. Көк түріктер арғы бабалары тіршілік еткен атамекенді көзінің қарашығындай
сақтап, олар иелік еткен жер-суды иесіз қалдырмауды мақсат еткенi ескерткiштер тiлiндегi Ečümiz-apamïïz
tutmïs jer-sub idisiz bolmasun» - tijin, az budunïγ itip, jaratïp... КТү. 19 «Ата-бабамыз тұтынған жер-су иесіз
болмасын», - деп аз халқын құрап, жаратып (ұйыстырып)...»; «Kögmen jir-sub idisiz qalmazun», - tijin, az
qïrq az budunïγ jaratïp keltimiz, süņüsdimiz, ilin birtimiz» «Көгмен жер-суы иесіз қалмасын», - деп, аз, қырық
аз халықтарын жаратып (құрап) келдік, соғыстық, елін қайта бердік» КТү. 20 (Айд. I, 175) тəрiздi
сөйлемдерден аңғарылады. Ескерткiштер тiлiнде жиi қолданылатын ïduq «қасиеттi»: türk ïduq jir-subï anča
timis «түркiнiң қасиеттi жер-суы былай дептi» КТү. 10 (Айд. I, 173) лексемасы қазақ тiлiндегi жерұйық
сөзi құрамындағы ұйық сөзiмен төркiндес болуы мүмкiн. *ïd, *uj моносиллабтарының теориялық
сəйкестiк түзу мүмкiндiгi бар [3,281], түркi тiлдерi iшiнде d ≈ j, ï ≈ u сəйкестiктерi кеңiнен тараған
құбылыс.
Қазіргі түркілер дəстүрінде туған жердің топырағынан тұмар тағу дəстүрі бар. Белгілі ғалым
А.Сейдімбек «Тұмар тағу ырымы – ислам дінінен ада байырғы түркілер дəстүрi. Тəңірлік наным-сенімдегі
əрісі түркілер, берісі көшпелі – қазақ үшін Күн, көк, от, су сияқты Жер де киелі. …Байырғы көшпелілер
тағатын тұмардың ішінде туған жердің бір шөкім топырағы болған» дей отырып тұмар сөзінің
этимологиясын тума – ер «туған», «жер» сөздерінің кірігуімен байланыстырады [4,272].
Қазақ танымы бойынша да Кеңістік концепциясының тірегі Көк пен Жер ғаламның жоғарғы
жəне, төменгі шегі, екеуінің арасын кеңістік жалғайды. Сондықтан žer жəне kök лексемалары антоним
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г.
14
ретінде қарама-қайшылықты мəнді білдіредi: Жер-көкке сыйғызбады «барынша дəріптеді, əбден
көтермеледі, асыра мақтады»; Жер-көкте жоқ «жұрттан бөлек, жерде кездеспейтін»; «Жер-көкті басына
көтерді (көшірді)», «қатты дүрліктірді, сарыны қатты шықты» т.б.
Көне түркiлер мен қазақ халқының арасындағы ғалам мен кеңiстiкке байланысты əлемдiк
деңгейдегi көзқарастар ортақтығы қазақ тiлiнде фразеологизмдер мен салт-дəстүрге байланысты
сөздерден айқын аңғарылады. Тоникуқ ескерткiшi тiлiндегi Bir atlïγ barmïs tijin «Бiр аттық жүрiс дедiм»
(Айд. II, 108) сөйлемi құрамындағы Bir atlïγ barmïs «Бiр аттық жүрiс» оралымы қазақ тiлiнде ат шаптырым
жер, ат шалдырым жер т.б. өлшемдiк мəндi бiлдiретiн тұрақты тiркестермен сəйкес келетінін байқаймыз.
Жалпытүркілік дүниетанымның негізі құрайтын көне түркі ескерткіштері тіліндегі Кеңістік
концептісінің тілдік бірліктерін kök «көк,аспан», jir «жер», berije « түстік», öņre «шығыс», batsïq«батыс»,
qurija, jïraja «терістік», ilgerü «алда, алға қарай», birgаrü «бері, бері қарай», jögerü/joqaru «жоғары», in
«төмен» тəрізді т.б. лексемалар мен Bir atlïγ barmïs «бiр аттық жүрiс » тəрізді оралымдар құрайды.
1.
Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектісі.- Алматы:Арыс,
2006.
2.
Кенжетай Д. Қожа Ахмет Йасауи дүниетанымы. -Түркiстан: Халықаралық қазақ-
түрiк университетi, 2004.
3.
Ескеева М.Қ. Көне түркі жəне қазіргі қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негізі. –Алматы:
Арыс, 2007.
4.
Сейдімбек А. Қазақ əлемі. - Алматы: Санат,1997.
5.
Бичурин Н. Я. Собрание сведении о народах, обитавших в Средней Азии в древние
времена. –М.-Л., 1960. –С. 49, 60.
Шартты қысқартулар:
Айд. Айдаров Ғ. Күлтегiн ескерткiшi. –Алматы: Ана тiлi, 1995. –232 б.
Аманж. Аманжолов А. Түркi филологиясы жəне жазу тарихы. –Алматы: Санат, 1996. – 127 б.
Кормушин. Кормушин И.В. Тюркские Енисейские эпитафии. Грамматика. Текстология. –М.:
Наука, 2008. -342
Малов. Малов С.Е. Памятник в честь Кюль-Тегина. Памятник в честь Бильге-кагана (хану
Могиляну). Памятник в честь Тоньюкука // Орхонские надписи. –Семей: Дəуiр, 2001. –С. 64-124.
Сартқ. Сартқожа Қ. Орхон мұралары. –Астана: Kultegin, 2003. –392
Резюме
В статье рассматривается концепт Пространства лексических единиц в памятнике Орхона, Енисея
и Таласа. Автор концепта Пространство связывает с тюркским мировоззрением. Языковые факты взяты с
текста древнетюрких памятников.
Summary
In the aricle is cosidered the consept of the Expanse of lexical units in the monuments of Orhon, Yenisey,
Talas. The autor links the consept of the Expanse with the turkic ideology. Language facts were taken from the
text of the old-turkic monuments.
ТУЫСТЫҚҚА ҚАТЫСТЫ КҮРДЕЛІ АТАЛЫМДАРДЫҢ ТІЛДІК ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
Б.Қасым –
Абай атындағы ҚазҰПУ, Мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі,
филол.ғ.д., профессор
Қазіргі қазақ қоғамындағы оянған ұлттық сезім мен ұлттық бірлікті оның рухани дамуын
қамтамасыз ететін, дəлелдейтін күшті құрал – ұлттық тіл екендігі белгілі.
Халқымыздың материалдық өндірістік деңгейі мен рухани өрісін бейнелейтін ана тіліміздің
ұшан-теңіз байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл қазынасы туынды аталымдардың
қыр-сырын анықтау – аталым теориясы арқылы қалыптасу заңдылықтарын тілдік танымдық арқылы
сипаттау. Когнитивтік таным – халықтың этногенезін, тұрмыс-салты мен əдет-ғұрпын, мекен-жайын,
басқа халықтармен тарихи-мəдени байланысын, күнделікті тұрмысын, жалпы адамзатқа тəн танымдық
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж.
15
əрекеттердің ерекшеліктері мен функционалды-семантикалық белгілерін зерттейтін тіл білімінің жаңа
саласы.
Қазақ лингвистикасының таным əрекетіне яғни тіл мен этносқа қатысты мəселелер
А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінен бастау алады. Этностың жекелеген тілтанымдық
қырлары Ə.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, М.Атабаева, Э.Оразалиева, Ғ.Сағидолла т.б. ғалымдардың
зерттеулерінде қарастырылды. Алайда тіл білімінің кейінгі жылдары жаңа қарқынды дамуы, жаңа тілдің
басқа бағыттармен ұштастыра зерттеуді осы саласының міндеті, зерттеу əдісі жəне нысаны, тіл мен
этностың даму тарихын тексерудегі мəні мен маңызын, өзге де қыр-сыры қазіргі кезеңде басқа
қырларынан таныла бастады. Когнитивтік лингвистиканың қазір халқымыздың жалпы рухани өмірін,
салт-дəстүрін, өзіндік қасиеттерін, ұлттық дүниетаныммен қайта қарастыру ерекше мəн-маңызға ие
болды. Оның өзіндік ерекшелігі, мазмұндық сипаты жан-жақты саралана, зерделене бастады. Өйткені
соңғы кезде когнитивтік лингвистикада тілдік аталым бірліктері кешенді мəселелерді алға қойды.
Когнитивтік лингвистика - психолингвистика мен социолингвистика сияқты тіл біліміндегі
жаңа бір бағыт. Бұл үшеуі бір-бірімен байланысты болғанымен, əрқайсысының дара ерекшелігі де жоқ
емес. Когнитивтік лингвистика тілдің этносқа қатысы тұрғысынан алып, ұлттық дүниетаным
тұрғысынан сөз етеді. Когнитивтік лингвистика диалектология, мифология, ауыз əдебиеті, этнология,
мəдениеттану, халықтың танымы сияқты ғылым салаларымен байланысты. Лингвистикалық тұрғыдан бұл
сала этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігінің, дəстүрлі тұрмыс мəдениетінің, əдет-ғұрпының табиғатты
танып білумен байланысты, ұғым түсініктерінің аңыздық бағам-байламдарының тілдегі көрінісін, тілдегі
берілу құралдарын зерделейді.
Когнитивтік лингвистика қазір өз алдына дербес ғылым ретінде басқа ғылым салаларымен өзінің
ара-жігін, нысаны мен зерттейтін дереккөздерін, міндетін атқарып, қалыптасу сəтін бастан кешірді.
Когнитивтік лингвистика өзінің бітім-болмысы, табиғаты жөнінен жалпы тарихи категория болып
табылады. Ал этностың өткені оның тілдік бірліктері, этномəдени лексикаға этнос мекен еткен аймаққа
тəн табиғат құбылыстарының атаулары, заттық мəдениет лексикасы, рухани мəдениет лексикасы жатады.
Мұндай этномəдени лексикасы мəтіндегі зерттеудің бірден-бір ұтымды ғылыми жолы салыстырмалы
тарихи əдіс – этимология. Когнитивтік лингвистика халықтың тұрмыс-салты мен əдеп-ғұрпы,
материалдық жəне рухани мəдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы. Ендеше қай ұлттың болсын
өзіндік мəдениеті қашанда тілде таңбаланады. Тұрмыс-салт лексикасында туыстық атауларға байланысты
күрделі аталымдар көп. Сондықтан да қазақ халқы – халық болып қалыптасқаннан бері жиі қолданылатын
күрделі аталымдар. Мағына жағынан тануға, талдауға келгенде біріккен сөздер (оның ішінде, кіріккен
сөздер) қиынға түседі. Қазақ ұлты өзінің шыққан тегін, кіндік кесіп, кір жуған атажұртын қастерлеп жеті
атасын жадында тұтуды парыз деп санады. «Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі» деген сөзді
салмақтап, қазақ халқы тегін айтпаған болар. «Қырық рулы еліміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де
баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс-берісті, құда-жекжат, жамағайын-жұрағаттығын
аңғартатын сонау іргеміз сөгіліп, қаймағымыз бұзылмаған заманнан жеткен ұғым.
Қазақта туыстық қатнастарды өзара сабақтас үш жұртқа бөліп айтады. Біріншісі – адамның əкесі
жағынан туысатын өз жұрты. Екіншісі - шешесі жағынан туысатын нағашы жұрты. Үшіншісі - əйелі не
күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты. Адамның өз жұртын жеті ұрпаққа таратып айтады.
Ер адамның өзінен тарайтын ұрпақтары:
Адамның өзінің бел баласы – ұлы мен қызы – ұлдан туған – немере, қыздан туған бала – жиен.
Немере мен жиеннен туған балалар шөбере жəне жиеншар. Немене /шөпшек/ - туажат. Немере жəне
шөбере сөзімен тіркескен зат атаулары: немере аға, немере апа, немере іні, немере қарындас, шөбере аға,
шөбере қарындас, əке-шеше.
Осы туыстық атауларға байланысты тілдегі қалыптасқан күрделі зат аталымдарының ең үлкен
тобын құрайтындар – тіркесті күрделі зат аталымдары. Олар: нағашы апа, нағашы ата, нағашы іні,
нағашы аға, қарын бөле, немере бөле, қайын бике, қайын сіңілі, қайын ата т.б. Күлделі зат
аталымдарының ендігі бір тобы қосарлы аталымдар: ағайын-туған, туған-туыс, іні-бауыр, жақын-жуық,
жақын-жақыбай, жақын-жұрағат, ата-баба, үрім-бұтақ, өрен-жаран, ағайын-аймақ, жекжат-жұрат, құда-
жекжат т.б.
Жекжат: жама ағайынды, құда-құдандалас адам. Кіріккен сөз мағанасы алыстаңқыраған, жат
болуға айналған ағайын дегенге келеді. Мысалы: «Ай көрмесең, ағайын жат, жыл көрмесең, жекжат жат»,
- деген халық мəтелі бар. Сөздің бірінші бөлігіндегі «к» екінші сөздің бас дыбысының əсерімен ұяндаған.
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г.
16
Бұл ертеде біріккен көне сөз. Ал екіншісі сыңар «жат» - сын есім, жақындық, туыстық қатысы жоқ бөтен,
бөгде адам дегенді білдіреді. Осы күрделі сөздің негізінде: жекжаттық, жекжат – жұрат, жекжат – жұрағат,
жекжат – жаттас күрделі зат аталымдары пайда болған. «Жат» сөзімен де байланысты бірнеше сөздердің
тіркесі жасалған. Жат есік, жатбауырлық, жатжұрт, жат жер т.б. жатжұрт - өз елі емес, бөгде ел. «Қыз бала
- жатжұртқа жаралған», «жат елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол».
Қарынбөле көне сөз, біріккен түбір. Екі сыңардан тіркескен бұл сөз бір əкенің екі қызынан
туылған балалар бір-біріне «қарынбөле болып келеді» (Бұл тұқымның қарыннан бөлінген). «Сұраса келе
қарынбөле шығады» деген халық мəтелі бар.
Жиеншар: Бұл сыңарлардағы «жиен» күйеуге шыққан қыздың баласы. «Шар» - сөзі түсіндірмелі
сөздікте бірнеше мағынада берілген. Жиен сөзімен бірігуде оның «шұбырған көп із шиыр». Тек жайғана
бірқыдыру түскен із емес, əбден шимайлап қалған шытырман ізді – шар деген. Демек, жиеншар жиеннің
ізі деген мағына білдіреді.
Бəйбіше: бай жəне біше атауы жеке екі сөзден тұрады. В.П.Егоровтың пікірінше, əуелде
«родоначальник», кейіннен «кньяз», «господин» дегенді білдірген. Саха (якут) тілінде «бии» аға
мағынасында қолданылады. Қазақ тілінде «бəй» - сол ұғымда, яғни үлкен, бірінші деген мəнде жұмсалған.
Ал біше – ұйғыр тілінде, Тобыл бойы тұрғындарының тілінде, ноғай, татар тілдерінде əйел \женщина,
жена, супруга\ деген сөз. Сонда бəйбіше есімі үлкен\бірінші түскен əйел деген мағынаны білдіретін екі
сөздің кіріккен атауы. «Бəйбіше» түркі тектес халықтардың тұрмыс-салтында, отбасылық дəстүрінде
қалыптасқан жұбай лауазымы. Бəй - күйеу: отбасының басы, бише - оның жұбайы дəл айтылған, дұрыс
пікір дей қою күмəн келтіреді.
Абысын: абысын-ажын манғол тілінде екеуі де мағыналы сөз. «Абысын» - жена старшего брата по
отношению к жене младшего брата, Ажын – жена младшего брата по отношению в жене старшего брата,
невестка/ ( Монг.-рус. словарь).
Абай ажын сөзін кісі аты негізінде қалдырған. «Ажының жақсы-ақ қызы едім». Абысын – біздіңше
о баста тіліміздегі апа жəне сіңілі сөздерінің қосарлана айтылып, бірігуінен жасалған.
Ағайын – аға жəне іні сөзінен туындауы, апалы - сіңлілі, ағалы - інілі. Абысын сөзінің алғашқы
бөлігі апа/ аба/ сөзінің шығу төркіні туралы (Севортян «этимологический словарь»), ал, сіңілі ХІ ғ. –
сіңіл тұлғасында «младшая сестра мужа», яки қайын сіңілі мағанасында қолданылады /М.Қашқари ІІІ т,
408 бет/. Сонда бұл екі сөздің бірігіп бір мағананы білдіріп, тұлғалық ерекшеліктердің түсуіне былайша
кестелеуге болатын секілді:
Аба/апа мағанасында, сіңіл-/сіңілі мағанасында/, аба-сыңыл
→ абасын/-ыл/ → абасын-абысын.
Сонымен, талай тарихты басынан өткерген осы бір көне сөздер бір кездерде бірі - іні əйелінің ағасының
əйеліне қарата, абысын, ал, екінші аға əйелінің інісінің əйеліне қарата /ажын/ айтылған туыстық атауы
болған деп түйін түюге болады.
Резюме
В статье рассматриваются словообразовательные семантики родственных наименований.
Summary
In this article the cognitive side of the relative nomination of Kazakh language is considered.
Достарыңызбен бөлісу: |