87
1. Қоғамды алға жылжытатын басты фактор қандай?
2. Білім беру жүйесіндегі модернизациялау деген не?
3. Кез келген елдің экономикалық жетістігі немен байланысты?
4. Жастардың әлеуетін көтеру үшін қандай міндеттер орындалуы қажет?
5. «Қоғамдық-саяси өмір» деген сөздің мағынасын түсіндіріңіз.
5-тапсырма.
Жаңалықтар сайтынан жақында болған мәдени шараны
тауып оқыңыз. Бұл ақпараттың неліктен ел өмірінде маңызды орын
алатынын түсіндіріңіз.
Грамматика
Көсемшенің қимыл-сын пысықтауыштық қызметі іс- әрекеттің
амалын,
мақсатын, орындалу барысын білдіреді. Мысалы:
Бүгінде білім
саласындағы жаңалықтар қоғамның әлеуметтік-экономикалық,
интеллектуалдық, зайырлы бағдарына ғана емес, елдің болашағына зор
серпін бере алатын, өзгерістер енгізуге бағытталып жасалуда.
Жазылым
6-тапсырма.
Берілген сөздердің баламасын тауып жазыңыз
.
Қимыл-сын
пысықтауыштық қызметіндегі көсемшені қатыстыра отырып, сөйлем
құрастырыңыз.
Айрықша тыныс, ауқымды жоба, ғылыми-техникалық серпін, зияткерлік,
әлеует,
шешуге жұмылдыру, кезек күттірмес мәселе.
7-тапсырма.
Берілген сөйлемнің жалғасын тауып, ойды аяқтаңыз.
1.
Жаңалыққа толы әлемнің айрықша тынысы болып отырған Қазақстан да
тоқтаусыз .... .
2.
Білім саласындағы ақпараттық технологиялар – бүгінгі
заманның негізгі
мәселесінің .... .
3.
Қазіргі ақпараттық қоғам – ақпаратты ғылыми-техникалық серпіннің
қоғамдық-әлеуметтік деңгейдегі ...
Достарыңызбен бөлісу: