Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет134/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   832
Байланысты:
струков патан

Даму
себептері
. Стазды дисциркуляциялық өзгерістер дамытады. Оған 
физикалық (ыстық, суық) және химиялық (қышқыл, сілті) факторлар
инфекциялық (безгек, бөртпе сүзек), инфекциялық, инфекциялық-аллергиялық, 
аутоиммундық аурулар, жүрек пен қан тамырларының аурулары (жүрек 
кемістігі, жүректің ишемиялық ауруы) себеп болады. 
Стаздың
 
маңызы
оның даму мерзіміне ғана емес, мүше (ми) мен тіннің 
гипоксияға сезімталдығына да байланысты. Стаз қайтымды; стаздан кейінгі 
жағдай – 
постстаздық
 
ахуал
 
деп
 
аталады. Қайтымсыз стаз некробиоз бен 
некроз үдерістеріне себеп болады. 
Т
РОМБОЗ
 
Тромбоз
– (грекше: 
thrombosis 
– ұю) – қанның тірі организмнің қан және 
лимфа тамырларында немесе жүрек қуыстарында ұюы. Ұйыған қанның жентегі 
тромб
деп аталады. 
Лимфа ұйыса, оны да тромбоз деп, лимфалық тамырдағы жентек те тромб 
деп аталады. Дегенмен, лимфалық тромбоз бен қанның тромбозының даму 
заңдылықтарында айырмашылық бар. 
Бүгінгі ұғым бойынша, қанның ұю үдерісі төрт кезеңнен өтеді: 
I - протромбокиназа + жандандырғыштар → тромбокиназа (белсенді 
тромбопластин); 
II - протромбин + Са
2+
+ тромбокиназа → тромбин; 
III - фибриноген + тромбин → фибрин-мономер; 
ІV- фибрин-мономер + фибринді жандандыратын фактор → фибрин-полимер. 
Қанның ұюы – қандағы немесе тіндегі жолашар белоктар, яғни 
ұю 
факторлары
біртіндеп жанданып, баспалдақтап жүзеге асатын үдеріс («каскад 
теориясы»). Сондықтан қанды ұйытатын ішкі (қандағы) және сыртқы (тіндегі) 
жүйелер бар. Ішкі және сыртқы жүйелердің әрекеттестігі VIII тәсімде берілген. 
Қанда ұйытатын жүйеден басқа 
ұюға қарсы жүйе 
де бар. Бұл гомеостазды 
реттейтін екі жүйе қанның арнадағы сұйық қалпын қамтамасыз етеді. Олай 
болса, тромбоз – 
гомеостаз дұрыс реттелмегендігінің бейнесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет