Нуржігіт Алтынбеков
246
басқа жедел лейкоздар сияқты өрши береді: геморрагиялық синдром дамып,
анемия асқынады, инфекциялық аурулар мен басқа да үдерістер қосарланады.
Плазмабластты жедел лейкоз
иммунды глобулиндер түзетін В-
лимфоциттердің ізашар жасушаларынан туындайды. Иммунды глобулин
түзетін қасиет ісіктің плазмабластыларында да сақталады. Бұл жасушалар
қалыпты жағдайда болмайтын иммунды глобулиндер — парапротеиндер түзеді,
сондықтан да лейкоздың бұл түрі
парапротеинді гемобластоздар
тобына
жатқызылады. Плазмабластылар сүйек кемігінде, талақта, лимфалық
түйіндерде, бауырда, теріде, басқа да мүшелерде шоғырланып, қанда да көбейіп
кетеді.
Монобластты (миеломонобластты) жедел лейкоздың
миелобластты жедел
лейкоздан айырмашылығы шамалы.
Эритромиелобластты
жедел
лейкоз
(ди
Гульельмоның
жедел
эритромиелозы)
— сүйек кемігінде эритробластылармен қатар эритропоэздің
басқа да ядролы жасушалары және миелобластылар, монобластылар,
толыспаған бластылар көбейетін сирек лейкоз (бүкіл жедел лейкоздардың 1—
3%-ын ғана қамтиды). Лейкоздың бұл түрінде қанжасам тежеліп, анемия,
лейко- және тромбоцитпения орын алады. Талақ пен бауыр ұлғаяды.
Мегакариобластты жедел лейкоз
— жедел лейкоздардың ең сирек
түрлерінің бірі; оған толыспаған бластылардың, мегакариобластылардың,
құбыжық мегакариоциттердің және тромбоцит шоғырларының қан мен сүйек
кемігінде пайда болуы тән. Қандағы тромбоциттердің саны 1000—І500х10
9
/л
дейін көбейеді.
Туғаннан кейінгі алғашқы айдың ішінде айқындалатын тума лейкоз - өте сирек ауру.
Әдетте, ол миелобластты лейкозға ұқсас болып, өте жедел дамып, сплено-және
гепатомегалия байқалады, лимфалық түйіндер де ұлғаяды. Бірқатар ішкі мүшелер
(бауыр, ұйқы безі, асқазан, бүйрек, тері, сірі қабықшалар) лейкоздық жасушалардың
диффузды және түйінді, шоғырлары түзіледі. Лейкоздық жасушалар кіндік венасы мен
бауырдың қақпалық жолын қуалай жайлап, үдерістің анадан нәрестеге гематогендік
жолмен өрістейтінін дәлелдейді. Дегенмен, тума лейкозбен сырқат балалардың аналары
лейкозға сирек шалдығады. Сырқат балалар көбінесе геморрагиялық синдромның
зардаптарынан өледі.
Достарыңызбен бөлісу: