Нуржігіт Алтынбеков
354
тою, дұрыс өңделмеген немесе тәтті тағам, күшті спирттік ішімдіктер ж.т.б.)
және аллергиялық (кейбір тағамдар мен дәрілерге идиосинкразия)
әсерден де
туындайтыны белгілі.
Патологиялық анатомиясы
. Жедел энтерит көбіне катарлы, фибринді,
іріңді, некрозды-ойық жаралы болады.
Ең жиі
кездесетін энтерит
—
катарлы энтерит
. Ішектің кілегейлі қабықшасы
қан толып, су сіңіп ісінеді, бетін ұйымалы, ұйымалы-шырышты немесе
ұйымалы-іріңді экссудат жауып кетеді. Кілегейлі қабықшаның асты да су сіңіп
ісініп, қабынады. Әсіресе бүрлерінің ұшындағы эпителий дистрофияға ұшырап,
сыдырылады (
катарлы десквамациялы энтерит
),
бокалша жасушалар көбейіп
(«бокалшажасушалық трансформация»), ұсақ эрозиялар мен қанды ошақтар
пайда болады.
Энтерит
, әсіресе
илеит
фибринді
болса, кілегейлі қабықша некрозға ұшырап,
фибринді экссудат түзіліп, оның үстін боз немесе бозғылт сұр қабыршық
басады. Некроз үстіртін болса,
крупті
энтерит, ал терең жайылса,
дифтеритті
энтерит дамиды. Кейін дифтеритті қабыршық сыдырылған жерлерде терең
ойық жаралар қалыптасуы да мүмкін.
Іріңді
энтерит
кезінде ішектің бүкіл қабаты іріңдейді (
флегмоналы энтерит
)
немесе лимфалық фолликулдардың маңында іріңдіктер түзіледі (
апостемалы
энтерит
).
Энтерит некрозды-ойық жаралы
болса, деструкциялық үдерістер басым
болады, кейде (мысалы, іш сүзегінде) ішектегі жекелеген және топтасқан
фолликулдар басымырақ зақымдалады,
енді бірде, лимфалық құрылымдар
бүлінбей, үдеріс тек қана кілегейлі қабықшаны қамтиды. Грипп, сепсис сияқты
ауруларда дамыған некрозды аймақтар мен ойық жаралар көбіне көлемді
болып, аллергиялық васкулит, түйіншекті периартериит кезінде шектеліп, ұсақ
ошақты келеді.
Жедел энтериттің барысында ішектің лимфалық құрылымдарындағы
ретикулалық
макрофагтар көбейіп, түрленеді (трансформация). Бұл үдерістің
айқындығы кілегейлі қабықшадағы қабыну үдерісінің сипатына сәйкес
болмайды. Кейде аталған үдерістер тым өрістеп (мысалы, іш сүзегімен
сырқаттарда жекелеген және топтасқан фолликулдар ми тәрізденіп, ісінеді),
ішектің ауыр зақымдалуына себеп болады.
Ішектегі үдерістердің салдарынан
Достарыңызбен бөлісу: