122
орталығы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығы
құрылғандығы туралы заң жарияланды.
Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды әскери жаулауы Ақмешіт,
Түркістан, Әулиеата, Шымкент, Ташкент т.б. бекіністердің қорғаушыларына
деген
ерекше
қатыгездікпен
жүзеге
асырылды.
Орыс
әскерлері
мұсылмандардың қасиетті жерлерін (Қожа Ахмет Яссауи, т.б.) қорлап, оларды
қиратты. Ақмешітті 25 күн қатарынан атқылап талқандады, Түркістандағы
Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зеңбіректің 12 снаряды атылып, оның 11-і
кесененің қабырғаларын ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап, қаза
тапқандардың саны 3170-ке дейін жетті, Сайрам қаласы жермен-жексен етіліп
талқандалды. Шоқан Уәлиханов өзінің діндестері мен руластарына орыс
әскерлерінің көрсеткен тағылық әрекеттеріне байланысты одан әрі жорыққа
қатысудан бас тартуға мәжбүр болды. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия
тұрғындары қарсылық көрсеткендері үшін қатыгездікпен, аяусыз басып-
жанышталды. Ресей болса, бұл әрекеттерін үкіметтің, “өзіне бағынышты
территориядағы елдерді көшпенділер шапқыншылығынан қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтің Орталық Азиядағы саясатының
қорғаныстық сипаты” деп мәлімдеді.
Осылайша, ХІХ ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстанды жаулап
алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл территориясы ұзақ уақытқа Ресейдің
отарына айналды. 1867-68 жылдары Түркістан және Далалық өлкені басқару
туралы “Уақытша Ереженің” қабылдануымен Орта Азия және Қазақстан Ресей
империясының отары ретінде заңдастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: