Батыс тарих философиясыныњ негізгі



Pdf көрінісі
бет25/42
Дата21.09.2023
өлшемі1,93 Mb.
#109557
түріМонография
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Байланысты:
қazaқtanu-tarih-filos.

тарихи сана
мәселесі пайда болды. Осыдан барып тарих ғылымының методоло-
гиясынан бастау алатын сирек болса да еңбектер гносеологиялық реңге 
ие болады. Осыдан барып «тарихи сана» ұғымының екі мағынасы келіп 
шығады: тарихнамалық көзқарастармен сәйкес келетін тар мағынасын-
дағы және дүниетанымдық парадигма сипатына ие кең мағынада. 
Мұның соңғысы нақты-ғылыми көзқарасты, оның тетігі мен нәтижесін 
білдіреді.
Шындығында, тарихи сананың өзіндік феноменін, оның 
модификацияларын зерттеу келешегі бар міндет болып табылады. 
Тарихи сананың тар шеңберден шығып, тарихнамалық білімдермен 
қатар, күрделі, жүйелі, полифункционалды құбылыс ретінде қарасты-
рылуы, арнаулы білім формасымен қатар, алуан түрлі формаларда өмір 
сүретін 
әлеуметтік-мәдени феномен
ретінде көрінуі, сөз жоқ, бұл 
мәселенің көкжиегін кеңейте түседі.
Алдымен дәстүрлі «қоғамдық сана» сөзімен қатар, ғылыми 
айналымға кейін енгізілген «тарихи сана» терминіне байланысты 
мәселені шешіп алу қажет. Маркстік теорияның негізін қалаушылардың 
мұрасында «қоғамдық» және «тарихи» сөздері «сана» сөзіне предикат 
ретінде қолданылып, көбіне мағынасы жағынан синоним түрінде 
көрінгенімен, олар толық сәйкес деп айтуға болмайды. Керісінше, 
терминдердің мүлдем дерлік ажыратылмастай жақындығы әлеуметтік 
өмірдегі статикалық пен динамикалық, синхронды және диахронды 
бастаулардың өзара тәуелділігі мен сәйкессіздігінің нақты күрделілігін 
жасырып тұрады. Шындығында сана тарихи айқындалған (қоғамдық 
сана), қашанда бар нәрсе, бірақ ол сонымен бірге өткен жолды, оның 
ұзақмерзімділігі мен желісін пайымдайтын рефлексия болғандықтан да 
ол тарихи. Демек, «қоғамдық» және «тарихи» терминдерінің семанти-
калық әрқилылығы маркстік методологияның мазмұндық қырларымен 
анықталады. Бірақ ол бұрын теориялық мәнге ие болған жоқ, ал «тарихи 
сана» ұғымының және соған байланысты тематиканың айрықшалануы – 
потенциалды мәселенің қалыптасқанынан хабар берді.


123 
Тарихи сана – қоғамдық сананың, оның барлық элементтерінің, 
формалары мен жүйелерінің маңызды қыры. Сондықтан оны мейлінше 
көп кездесетін сананың «формасы» арқылы анықтау (А.Ю. Левада, А.И. 
Ракитов) дәл келмейтіндей көрінеді. Шын мәнінде, тарихи өлшем 
адамның қоғамдық болмысының, оның құбылмалылығының шешуші 
сипаттамасы болып табылады. Өткен жолын белгілей отырып, адам 
өзінің әлеуметтік сапасын да, оның нақтылығын да аңғарады. 
Сонысымен ол өзін әлеуметтік үдеріспен бірегейлендіреді және онан 
бөліп айрықшалайды. Тарихи сана 
әлеуметтік субъектті мәдени-
тарихи үдеріске енгізудің
факторларының бірі түрінде көрінеді.
Тарихи сана өзінің антиномияларымен ерекшеленеді. Ең алдымен 
бұл 
«өткен шақ – осы шақ» 
оппозициясы, мұндағы өткен шақ ұзақ 
мерзімділік, үдерістік, орнықтылық, қалыптасқандықты білдірсе, ал осы 
шақ тез ағымдылық, ахуалдылық, қозғалмалылық, беймазалықты 
білдіреді. Мұның шеңберінде барлық сәттері бойынша өзара 
терістеушілік орын алады, қаншалықты мызғымас, маңызды болса да 
өткенге бүгінгі күннің күйкі тіршілігі, мазасыздығы қарсы тұрады. Бұл 
полюстердің арасында түпкі алшақтықты бірте-бірте игеру орын алады, 
өйткені қазіргі заман оған қатынасына қарамастан қашанда жалпы 
қозғалыстың бөлігіне айналады, ал оның рухани бейнелері тәжірибені 
тасымалдау мен бекітудің шартына айналады. Тарихтың күрделі бетте-
рін ескермеуге, ұмытуға ұмтылу әрқашанда болады, бірақ тарихи 
қызығушылық ақыры соңында сананың көкжиегін кеңейтеді. Тарихи 
сананы үнемі құрастыру үдерісі, қазіргіні интеграциялау арқылы 
«ақтаңдақтарды» алып тастау болашаққа жол ашатын және онымен 
сіңісіп кететін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет