12 ОСӨЖ тақырыбы: Дипломатиялық қатынастардағы хаттама.
Сағат саны: 2
Мақсаты: 1-8 апталар бойынша білімдерін бағалау.
Өткізу әдісі: жазбаша және ауызша.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1. Дипломатиялық хаттама ережелері қандай
құжаттарға негізделеді? 2. Сыртқы қатынас органдары. 3. Аралық бақылау. 1-8
апталардағы аралық білім бақылауының сұрақтар силаббустың 9- пунктінде көрсетілген.
Әдістемелік нұсқаулар, үлестірмелі материалдар: студент 1-8 аптада дәріс, семинар
және ОСӨЖ сабақтарында өтілген материалдар негізінде берілген сұрақтарға
дайындалып келуі тиіс. Билет әдісі арқылы 2 сұраққа жауап беруі тиіс.
Бағалау критерийлері: әр студенттің сұраққа толық әрі нақты жауап беруі ескеріледі,
жауаптың ғылыми негізділігі есепке алынады.
әдебиеттер: барлық әдебиеттер.
13 ОСӨЖ тақырыбы: Дипломатиялық қабылдауларды өткізу ерекшеліктері.
Сағат саны: 1 Мақсаты: дипломатиялық қабылдау түрлерін анықтау, теориялық білімдерін бекіту.
Өткізу әдісі: топтық жұмыс, рольдік ойын.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1. Қабылдауларды дайындау және өткізу тәртібі. 2. Шақырушылар тізімін жасау. 3.
Дипломатиялық қабылдау мәзірі.
Әдістемелік нұсқаулар, үлестірмелі материалдар: топ студенттері рольдік ойын
арқылы дипломатиялық қабылдаудың өту барысын көрсетуі тиіс.
Бағалау критерийлері: әр студенттің топтағы белсенділігі ескеріледі, мәліметтердің
ғылыми негізділігі, фактілік деректерге сүйенуі есепке алынады, жауап толық әрі нақты
болуы тиіс.
әдебиеттер: 2, 5, 6, 10.
14 ОСӨЖ тақырыбы: Жекелеген оқиғаларға хаттамалық әрекет