Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет54/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63
Байланысты:
ДЭП-МО-31

41-46 СӨЖ тақырыбы:
Қонақтарды қабылдау рәсімі. 
Өткізу әдісі:
жеке жұмыс. 
Әдістемелік нұсқаулар, үлестірмелі материалдар: 
Келуші елдің сыртқы істер 
министрінің құрметіне арналған қабылдаудағы қонақтарды отырғызу сызбасын 
дайындаңыз.
 
Қабылдауда елшілік тарапынан қатысады: елші (үй иесі), оның зайыбы, 
сауда өкілі зайыбымен бірге, елші кеңесшісі, әскери атташе, елшіліктің бірінші хатшысы, 
елшіліктің екінші хатшысы. Қонақтар тарапынан шақырылған: келуші елдің сыртқы істер 
министрі зайыбымен бірге, СІМ аймақтық басқармасының басшысы зайыбымен бірге, 
СІМ хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Орналастыру тәртібінің сызбасын 
түсіндіріңіз.
47-53 СӨЖ тақырыбы:
Шетелдік қонақтарды шақыру тәртібі 
Өткізу әдісі:
жеке жұмыс. 
Әдістемелік нұсқаулар, үлестірмелі материалдар: 
Қабылдауға шақыру мәтінін 
құрастырыңыз. Орны, уақыты, қабылдау түрі және қабылдаудың басқа да реквизиттері 
көрсетілуі керек. Қабылдауға шақыруға мүмкін боларлық жауап мәтінін дайындаңыз: а) 
шақырту қабылданады б) шақыру қабылданбайды (бас тарту себебін көрсетіңіз)
54-60 СӨЖ тақырыбы:
Түрлі елдердегі этикет ережелері 
Өткізу әдісі:
презентация. 
Әдістемелік нұсқаулар, үлестірмелі материалдар: 
түрлі дереккөздерін басшылыққа ала 
отырып, түрлі елдердегі (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Қытай, Ресей, 
Қазақстан және т.б.) үстел басындағы этикет туралы ақпарат жинаңыз, Шығыс пен Батыс 
елдерінің этикет ережелеріндегі ерекшеліктерді ашып көрсетіңіз.
61-63 СӨЖ тақырыбы:
Келіссөздерге қатысушыларды отырғызу. 
Өткізу әдісі:
презентация. 
Әдістемелік нұсқаулар, үлестірмелі материалдар: 
Келіссөздерге қатысушыларды 
отырғызу сызбасын жасаңыз және отырғызу ерекшеліктерін түсіндіріп беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет